Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика және білім берудегі менеджмент факультеті
Психология және арнайы педагогика кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Факультет деканы
_______________________ Каринов А.К.
«_____»________________202__ ж.
Пән бағдарламасы (SYLLABUS)
КП/ТК ІBB 2202 Инклюзивті білім беру
Модуль 7 Заманауи білім
ББ шифры мен атауы
|
6В01501-Математика, 6В01502-Физика,
6В01503-Информатика
|
Курс/семестр
|
2/4; 1/2
|
Кредит саны (сағат саны):
|
3 (90)
|
- дәрістер
|
15
|
- практикалық сабақтар
|
15
|
- зертханалық сабақтар
|
-
|
- БОӨЖ/БӨЖ
|
15/45
|
Аралық бақылау (емтихан) формасы
|
тест (компьютерлік)
|
Пән оқытушысы: ______________ Жубатырова Б.Т., аға оқытушы
Кафедра мәжілісінде қарастырылды
№ хаттама, «_____» ______________________ 202__ ж.
Кафеда меңгерушісі ________________ Туребаева К.Ж.
Академиялық сапа департаменті _____________
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Оқытушы: (аты-жөні, қызметі, электронды пошта, Zoom конференцияның ID номері)
Жубатырова Ботагоз Танжарбаевна - аға оқытушы, магистр, bzhubatyrova@inbox.ru
Zoom ID 437-020-0555 пароль - 8tQ0n3
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Инклюзивті оқыту – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға теңдік қатынасты қамтамасыз ету идеологиясы жатыр.
Инклюзивті білім беру курсы Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихын; Қазақстан Республикасында ЕББҚ бар балаларды мемлекеттік қолдау жүйесін; есту, көру, сөйлеу, т.б. бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасын; инклюзивті білім берудегі педагогтың ролін; ЕББҚ бар бaлaлaрды әлеуметтендіру мен тәрбиелеуде педагог пен отбaсының байланысын; ЕББҚ бар балалардың жеке оқу траекториясын жоспарлау және инклюзивті ортада оқыту технологияларын; инклюзивті білім беру жағдайында критериалды бағалау жүйесін қарастырады.
Оқыту мақсаты:
студенттерге инклюзивті білім берудің негізгі міндеттерін, ерекшелігін, қағидаларын және қазақстандық, халықаралық тәжірибені игерту.
Оқыту нәтижелері: ОН-5; ОН-7;
1. Оқыту процесін құрастыру технологиясын, оқытудағы инновациялық технологиялардың маңызын түсінеді; Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалар ерекшеліктері мен түзету жұмыстарын біледі және түсінеді;
2. Пәндерді оқытуда заманауи технологияларын меңгереді, жаңартылған білім беру жүйесінің шеңберінде іргелі педагогикалық білімдер мен дағдыларды қолданады; Білім алушылардың әртүрлі мүмкіндіктері ескерілген жаңартылған білім беру жүйесінің шеңберінде және қазіргі қоғамда әлеуметтендіру ме,н кіріктіруді табысты етуге бағытталған іргелі педагогикалық білімдер мен дағдыларды қолдану және білім беру пәндерінің негізгі қағидаттарын қолдану;
3.Дамуында әртүрлі ауытқушылығы бар ерте, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды әлеуметтендіру, білім беру және тәрбиелеу сабақтастығын жүзеге асырады; жұмыстарын талдайды;
4. Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалардың күнделікті өмірдегі әлеуметтік мәнді дағдыларын топтастырады;
5. Түрлі ауытқуы бар тұлғалармен жүргізілетін педагогикалық түзету жұмыстарын бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |