«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті



Дата01.04.2024
өлшемі44.91 Kb.
#497233
сөж құқық Аружан Нүрдана


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті

СӨЖ
Тақырыбы: Әкімшілік істерді қарау бойынша шешімдердің түрлері

Орындаған:Серикова Аружан, Мэлс Нұрдана
Тобы: ПИП 21-1
Тараз 2024
Құқықтық реттеудің анықтамасы
Құқықтық реттеу – мемлекеттің қоғамық қатынастарға заң құралдары мен тәсілдері арқылы оларды тұрақтандыру мен реттеуге арнайы бағытталған процесі. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі қарай – ӘРПК) үкіметтік органдар мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы жария құқықтарын жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам
қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;
Әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) – әкімшілік органның, лауазымды адамның жария-құқықтық қатынастардағы, әкімшілік акт болып табылмайтын әрекеті (әрекетсіздігі);
Әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;
Әкімшілік рәсім азаматтардың немесе ұйымның өтінімі, сонымен қоса әкімшілік органның бастамасы бойынша қозғалуы мүмкін (мысалы, жоспардан тыс тексеріс жүргізу).
ҚРӘРПК шағымдану тәртібіне қатысты құрылымы

  1. 91-бап. Шағым жасау тәртібі

  2. 92-бап. Шағым беру мерзімі

13-тарау. ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ. ШАҒЫМ БЕРУ

  1. 93-бап. Шағымның нысаны мен мазмұны

  2. 94-бап. Шағымды қабылдау, тіркеу, қайтару және кері қайтарып алу

  3. 95-бап. Шағымды қараусыз қалдыру

  4. 96-бап. Шағым берудің салдары

14-тарау. ШАҒЫМДЫ ҚАРАУ

  1. 97-бап. Шағымды жеке-дара және алқалы түрде қарау

  2. 98-бап. Шағымды қараудың жалпы қағидалары

  3. 99-бап. Шағымды қарау мерзімі

15-тарау. ШАҒЫМ БОЙЫНША ШЕШІМ

  1. 100-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімдердің түрлері

  2. 101-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімнің мазмұны

Жолданымға қойылатын жалпы талаптар:
Мемлекеттік органға берілген жолданым міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады. Жолданым ӘРПК белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді. Егер арыз иесі жолданымды әкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмесе, әкімшілік орган, лауазымды адам оны қайтарады. Жолданымды қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді. Жолданымды қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен жолданым, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданады. Әкімшілік рәсімді тоқтату ӘРПК 71 бабы негізінде көзделген өзге де негіздер бар болса, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсім кез-келген уақытта тоқтатылуға жатады (мысалы, әкімшілік акт қабылданған болса, арыз кері қайтарылған немесе кері шақырылған ж.т.б жағдайларда).
Жолданымға қойылатын жалпы талаптар:

  • Әкімшілік орган дұрыс маңызы бар құқықтық шешім (әкімшілік акт) қабылдау үшін істің мән- жайын жан-жақты, толыққанды және объективті зерттеуі міндетті болып табылады.

  • Әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға әкімшілік рәсім қатысушысына әкімшілік іс бойынша нақты өздерінің ой- пікірлерін білдіруге мүмкіншілік беруге міндетті.

  • Әкімшілік рәсімге қатысушы өтінішхат берген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік іс бойынша басқа азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың қоғамдық және (немесе) мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында, қатысушы әкімшілік іс бойынша отырыс болатыны туралы алдын-ала хабардар етілуіне қарамастан отырысқа қатысушы келмеген жағдайда тыңдау жүргізілмейді және әкімшілік акті қабылданбайды.

Жолдама хатқа қойылатын талаптар:

  • Әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс қаралағаннан кейін өтінім хат беруі бойынша үш жұмыс күнінен кешіктірмей әкімшілік іс бойынша материалдармен танысуға мүмкіндік беріледі.

  • Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсім өтінім хат түскеннен кейін он бес жұмыс күнін құрайды. Бұл мерзім әкімшілік орган басшысы немесе оның орынбасарымен ұзыртылуы мүмкін (екі айдан аспайтын ойға қонымды мерзімге).

  • ӘРПК орган бастамасы бойынша басталған әкімшілік рәсімге мерзім бекітпейді (мерзім арнайы заңдармен бекітіледі).

Қысқартылған әкімшілік рәсімдерінің бірі – шағымдану. Шағымданудың өз тәртібі бар. Хабар – әкімшілік рәсімге қатысушының Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғаны, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың және олардың лауазымды адамдарының жұмысындағы кемшіліктер туралы хабардар етуі. Ұсыныс – әкімшілік рәсімге қатысушының Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік- экономикалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы. Үн қосу – әкімшілік рәсімге қатысушының мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын білдіруі. Сұрау салу – әкімшілік рәсімге қатысушының жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініші.
Негізгі әкімшілік рәсімнің оңайтылған әкімшілік рәсімнен негізгі айырмашылығы, негізгі өтінімдер мен шағымдарды, оңайлатылған хабар, ұсыныс, сұрау салу, үн қосуды қарайды. Негізгіні барлық әкімшілік органдар қарайды, оңайлатылған 100% мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік орган жергілікті өзін-өзі басқару органы заңды тұлғалары шешім қабылдайды. Оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімді орынбасар немесе субьект басшысы қабылдайды.
Әкімшілік істі оңайлатылған әкімшілік рәсімде қарау қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірі шығарылады :
1)жауап, оның ішінде хабардың, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың мәні бойынша ақпарат беру;
2)назарға алу;
3)оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімдердің бірі шығарылады.
Хабарға, ұсынысқа, үн қосуға, сұрау салуға жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде мазмұны бойынша негiзделген және уәжделген болуға, оның қабылданған шешiмге шағым беру құқықтары түсiндiріле отырып, арыз иесінің дәлелдерiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты фактілерді қамтуға тиiс.
Шағым жасаудың тәртібіне тоқталайық:

  • Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.

  • Егер әкімшілік орган, лауазымды адам осы Кодексте белгіленген мерзімдерде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекет жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекет жасаудан бас тартты деп есептеледі.

  • Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.

Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бағыныстылығына байланысты жоғары әкімшілік органға жібереді. Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Шағымды қабылдау, тіркеу, қайтару және кері қайтарып алу тәртібіне тоқталатын болсақ, кодексте белгіленген тәртіппен берілген шағым міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады Шағымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады. Шағым осы Кодекстің белгілеген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жүгіну қандай талаптарға сай келмейтінін көрсетіп кері қайтару көзделген. Шағымды қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді. Шағымды тіркелгеннен кейін әкімшілік процедура қатысушысына шағымды қарау барысында міндетті түрде оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.
Шағым берудің салдары бар: шағым беру әкімшілік актіні, әкімшілік іс-әрекеттің орындалуын мынадан басқа жағдайларда тоқтатады. Шағымды лауазымды адам – жеке-дара, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда не әкімшілік органның шешімі бойынша алқалы құрам қарайды.
Шағымды қараудың жалпы қағидалары
• Шағымды қарайтын орган шағымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылдауға міндетті.
• Нақты мән-жайларды зерттеудің нысанасы мен шектерін шағымды қарайтын орган айқындайды.
• Шағымды қарайтын орган әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) дау айтылатын лауазымды адамды, осы Кодекстің 74-бабына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдайды (әкімшакті қабылдаудан 3 жұмыс күнінен кем емес мерзімде бұрын, егер алдын—ала шешімге наразылық білдіруді алудан 2 жұмыс күнінен кешіктірмей, егер ауызша болған жағдайда хаттама толтырылады).
ШАҒЫМ БОЙЫНША ШЕШІМ
Шағымды мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін жазбаша нысанда шешім шығарылады, ол әкімшілік рәсімге қатысушыға жіберіледі, ал шешімнің көшірмесі әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға жіберіледі.
Шағымды қанағаттандырудан бас тарту дәлелді болуға тиіс. Шағымды қарайтын органның шешімі орындау үшін міндетті болып табылады.Егер шағымды қарайтын орган осы Кодексте белгіленген мерзімдерде шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап шағымды қарайтын орган шағымды қанағаттандырудан бас тартты деп есептеледі.Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда әкімшілік рәсімге қатысушы шағымды қарайтын басқа органға немесе сотқа әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.
ӘРПК әкімшілік орган (лауазымды адам) мен өзіне қатысты осы Әкімшілік органның заңда белгіленген жария функциялары іске асырылатын адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Осы қатынастарды реттеу сыртқы әкімшілік рәсімдермен, сондай-ақ әкімшілік сот процесімен (егер мемлекет пен адам немесе ұйым арасында жария-құқықтық дау болса) белгіленеді. Бұл ретте ӘРПК-де мемлекеттік органдардың ішкі қызметін ғана реттейтін ішкі Әкімшілік рәсімдер туралы бөлім бар.
Бұл бөлім қазіргі уақытта біздің заңнамада, атап айтқанда 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңда бар нормалардан тұрады. Осыған байланысты мемлекеттік басқару қызметінде бірқатар жаңа талаптарды белгілейтін сыртқы әкімшілік рәсімдерге назар аударған жөн. Бұл ретте Әкімшілік рәсімдер туралы ӘРПК ережелері қолданылмайтын қатынастар тізбесі көзделеді.Аталған тізбе ӘРПК-нің 3-бабының төртінші бөлігінде келтірілген. Сондай-ақ әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетініне назар аударған жөн. ӘРПК Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелмеген бөлігінде реттейді.Қалған жағдайларда әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру бөлігінде әкімшілік органдар үшін бұл салалық (арнайы) заңнамамен реттелмеген бөлігінде әкімшілік іс жүргізу кодексінің талаптарын сақтау міндетті. Мысалы, егер Жер кодексінде жер учаскелерін алу жөніндегі өтініштерді қараудың өз мерзімі көрсетілген болса, онда Жер кодексінің мерзімдерін басшылыққа алу қажет.
Әкімшілік орган
ӘПРК қолданылатын «әкімшілік орган» ұғымының анықтамасы Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения, Латвия, Грузия және басқа да халықаралық стандарттарға сәйкес Әкімшілік рәсімдер туралы заңдар қабылдаған Еуропа елдері мен бірқатар посткеңестік елдердің тәжірибесіне сәйкес келеді.Мәселен, жоғарыда аталған елдердің Әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында әкімшілік орган деп Мемлекеттік орган ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласында өкілеттіктер (жария функциялар) берілген өзге де субъектілер түсініледі.
Бұл тәсіл басқа мемлекеттік емес ұйымдар мен адамдарға мемлекеттік функцияларды беруге мүмкіндік беретін біздің заңдарымыз үшін өте қолайлы. Барлық субъектілердің басты критерийі-әкімшілік актіні қабылдауға өкілеттік.
Мысалы, егер азамат нотариаттық қызметпен айналысу құқығын жүзеге асырғысы келсе, ол лицензия алуы керек.Бұл жағдайда лицензия Әділет министрлігі (әкімшілік орган) беретін Әкімшілік акт болып табылады. Сонымен қатар лицензиядан басқа нотариаттық қызметпен айналысу үшін азамат Республикалық нотариаттық палатаның (РНП) мүшесі болуы тиіс.Бұл жағдайда осы ұйымға мүшелікке қабылдау туралы шешім Әкімшілік акт болып табылады және бұл жағдайда РНП әкімшілік орган болады.
Әкімшілік рәсім
«Әкімшілік рәсім» ұғымына сүйене отырып, бұл әкімшілік актіні қабылдауға немесе әкімшілік әрекетті жасауға байланысты барлық әрекеттер. Әкімшілік рәсімнің нәтижесі әрқашан Әкімшілік акт немесе әкімшілік органның әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әрекеті (әрекетсіздігі) болып табылады. Әкімшілік іс-әрекеттен айырмашылығы, ӘРПК арнайы талаптарды белгілейді.

Сонымен, ӘРПК сәйкес әкімшілік акт ретінде әкімшілік органдардың келесі критерийлерге жататын шешімдерін түсіну керек (жиынтықта):


а) жария-құқықтық қатынастар саласында қабылданады;
б) белгілі бір адамның немесе белгілі бір адамдар тобының заңдарда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады (яғни шешім қабылдаушы үшін қандай да бір құқықтық салдарға әкеп соғады);
в) әкімшілік орган немесе лауазымды адам қабылдайды.
Бұл ретте ӘРПК жобасы шеңберінде әкімшілік акт жазбаша ғана емес, өзге де нысанда (ауызша сөйлеу, ымдау немесе сигнал беру және т.б.) қабылдануы мүмкін, өйткені актіні әкімшілік деп танудың негізгі шарты (оның нысанына қарамастан) өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданған адам үшін құқықтық салдардың туындауы болып табылады. Әкімшілік органдардың өтініштерді қарау тәртібін оңайлату мақсатында әкімшілік акт қолайлы және ауыртпалық түсіретін (теріс) болып бөлінеді. Ауыртпалықты әкімшілік акт деп іске асырудан бас тартатын, әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын шектейтін, тоқтататын немесе оған міндет жүктейтін, сондай-ақ оның жағдайын өзге де түрде нашарлататын акт түсініледі. Өз кезегінде, әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын жүзеге асыратын немесе өзіне жүктелген міндетті тоқтататын, сондай-ақ оның жағдайын басқаша жақсартатын акт қолайлы болып табылады.
Ұсынылып отырған әкімшілік актілердің аражігін ажырату қолайлы әкімшілік актілерді қабылдау кезінде әкімшілік рәсімдерді оңтайландыруға мүмкіндік береді, өйткені бұл жағдайда қабылданатын актінің, өтініш берушіні (әкімшілік актінің адресатын) тыңдаудың міндетті негіздемесі бойынша ӘРПК қойылатын талаптарды сақтаудың қажеті жоқ.. Сонымен қатар, мұндай айырмашылық сенім құқығын қорғау қағидатын іске асыру үшін қажет. Атап айтқанда, қолайлы әкімшілік акт әрдайым жойыла бермейді, тек 84-баптың алтыншы бөлігінде көзделген жағдайларда ғана. ӘРПК барлық әкімшілік органдардың орындауы үшін міндетті жаңа қағидаттарды бекітеді.
3.1. Әкімшілік рәсімдердің негізгі кезеңдері (оның ішінде әкімшілік актілерге немесе іс-әрекеттерге шағымдану) Әкімшілік рәсім өтініш берушінің өтініші негізінде (өтініш немесе шағым бойынша) не әкімшілік органның өзінің бастамасы бойынша басталуы мүмкін. Егер хабарлама, ұсыныс, үн қосу немесе сұрау салу келіп түссе, онда азаматтардың өтінішінің мұндай нысандары оңайлатылған тәртіппен, яғни ӘРПК 12-тарауында белгіленген ерекшеліктермен қаралады. Бұл ерекшеліктерге мыналар жатады:
а) хабарды, ұсынысты, үн қатуды немесе сұрау салуды мемлекет жүз пайыз қатысатын мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар ғана қарайды;
б) хабарламаны, ұсынысты, жауапты немесе сұрау салуды қарау кезінде тыңдау өткізілмейді;
в) хабарламаны, ұсынысты, үн қатуды немесе сұрау салуды қарау қорытындылары бойынша әкімшілік акт шығарылмайды, тек өтініштің мәні бойынша жазбаша жауап беріледі.
Өтініштің, хабардың, ұсыныстың, үн қатудың немесе сұрау салудың барлық түрлеріне қойылатын талаптар ӘРПК-ің 63-бабы). Бұл ретте шағымға қойылатын талаптар ӘРПК-ің 93-бабында белгіленген. Өтініште формальды қателіктер жіберілген кезде әкімшілік органның оларды жою бойынша жәрдем көрсету міндеті көзделеді.Әкімшілік органның қолайсыз әкімшілік актіні қабылдағанға дейін адамға тыңдалу құқығын беру міндеті бекітіледі (мысалы, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту).
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әкімшілік рәсімнің жалпы мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды. Әкімшілік орган әкімшілік актіні әкімшілік рәсімге қатысушылардың және (немесе) өкілдердің назарына жеткізуге міндетті, өйткені акт әкімшілік рәсімге қатысушының назарына тәртіппен жеткізілген кезден бастап қолданысқа енгізіледі. Әкімшілік актіге, әкімшілік органның әрекетіне (әкімшілік актіні шығаруға байланысты емес) немесе оны қабылдаудан бас тартуға өтініш беруші жоғары тұрған әкімшілік органға шағым жасауы мүмкін. Жоғары тұрған органы жоқ әкімшілік органның әкімшілік актісіне (әкімшілік іс-әрекетіне) шағым дереу сотқа берілуі мүмкін. Әкімшілік актіге, әкімшілік органның әрекетіне (әкімшілік актіні шығаруға байланысты емес) немесе оны қабылдаудан бас тартуға өтініш беруші Жоғары тұрған әкімшілік органға шағым жасауы мүмкін. Жоғары тұрған органы жоқ әкімшілік органның әкімшілік актісіне (әкімшілік іс-әрекетіне) шағым дереу сотқа берілуі мүмкін.
ӘРПК-нің 13-тарауы әкімшілік рәсімнің жалпы талаптарынан басқа әкімшілік органдар үшін қосымша талаптарды белгілей отырып, шағымдарды қарау рәсімін егжей-тегжейлі регламенттейді (барлық мүдделі тұлғаларды тыңдау, істің барлық мән-жайларын зерттеу, шағым қанағаттандырылмаған жағдайда жауаптағы негіздемелерді түсіндіру).Осы тұрғыда сотқа жүгіну алдында жоғары тұрған органға шағымдану рәсімінің міндеттілігін енгізу ведомстволық бақылауды жақсарту жөніндегі пәрменді шара болып табылады.
ӘРПК-нің 96-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, адамның әкімшілік актіге шағым беруі әкімшілік актінің орындалуын тиісті шешім қабылданғанға дейін тоқтата тұрады.Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісі, әкімшілік іс-әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы Әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен, яғни жоғары тұрған органда (шағымды қарайтын орган) шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.Бұл ретте жоғары тұрған орган өзге әкімшілік органды, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдарды қарауға уәкілетті лауазымды адамды да түсінуі мүмкін (мысалы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілердің өз құқықтарының бұзылуы туралы шағымдарын қарауға уәкілетті).
Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам болмаған жағдайда әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) сотқа шағым жасалуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік іс бойынша шешім қабылданған кезде әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органның әкімшілік рәсімге қатысушысына хабарланады.
Шағымды қарап, шағымды қарайтын орган мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) әкімшілік актінің күшін жою туралы;
2) әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;
3) әкімшілік әрекеттің жасалғаны туралы;
4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
5) әкімшілік істі әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалып отырған лауазымды адамға жіберілген бұзушылықтар мен оларды жою жөніндегі ұсыныстар көрсетіле отырып, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға жіберу туралы шешімдердің бірін қабылдайды;
6) шағымды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Шағым қанағаттандырылмаған жағдайда адам әкімшілік актіге, әкімшілік органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) әкімшілік сотқа шағым жасауға құқылы. Шағымды қарау мерзімі 20 жұмыс күнін құрайды.
Әкімшілік рәсімдер саласындағы жаңа қағидаттар
4.1. Сенім құқығын қорғау қағидаты (ӘРПК-нің 13-бабы).
Бұл қағидат әкімшілік органның қабылданған әкімшілік актінің заңды және дәйекті болып табылатындығының «кепілі» болып табылады. Әкімшілік орган жіберген қате адамға зиян келтіре алмайды.

Мәселен, егер белгілі бір адамға (немесе адамдар тобына) қатысты қолайлы Әкімшілік акт заңсыз қабылданса, бұл ретте актінің адресатының кінәсі болмаса және осы акт өзге тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзбаса, осы қағидатты қолдануды болдырмайтын жағдайларды қоспағанда, мұндай Әкімшілік акт жойылуға жатпайды (ӘРПК-нің 84-бабының 6-бөлігінде белгіленген).



    1. Мөлшерлестік кағидаты (ӘРПК-нің 10-бабы).

Бұл қағидат әкімшілік қалауды (дискрециялық өкілеттіктерді) жүзеге асыру кезінде ғана қолданылады.

Жеке не заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуді көздейтін шаралар Конституцияда және заңдарда белгіленген мақсаттарға бағытталуға тиіс және мөлшерлес болуға, яғни өзінің мазмұнын, орнын, уақытын және қамтылатын адамдар тобын ескере отырып, олардың мақсаттарына қол жеткізу үшін лайықты, қажетті және барабар болып табылуға тиіс.


Мөлшерлестік кағидатыәкімшілік органның нақты істі қарастырылған мақсат пен қолданылатын құралдар арасындағы ақылға қонымды арақатынаста қарастыруына кепілдік беруге арналған.
Бұл қағидат әкімшілік органға қосымша формальды талаптарды, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген ұйымішілік ережелерді қанағаттандыру мақсатында ғана адамдарға міндеттер жүктеуге немесе оларға қандай да бір құқық беруден бас тартуға тыйым салынатынын білдіреді.
Әкімшілік органдар өздерінің ішкі құқықтық актілерінде өтініш берушілерге қатысты талаптарды алып тастауға не егер олар елеулі болып табылса, оларды НҚА-да көздеуге тиіс.
4.4. Анықтық презумпциясы (ӘРПК-нің 15-бабы)
Әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушылар ұсынған материалдар, объектілер, құжаттар мен мәліметтер (бұдан әрі – құжаттар және өзге де мәліметтер) әкімшілік орган, лауазымды адам өзгеше белгілегенге дейін дұрыс деп есептеледі.
Әкімшілік рәсімге қатысушылар ұсынған құжаттар мен өзге де мәліметтердің түпнұсқалығына негізді күмән болған кезде әкімшілік орган, лауазымды адам олардың түпнұсқалығын дербес және өз есебінен тексеруге міндетті.
4.5. Құқықтар басымдығының қағидаты (ӘРПК-нің 12-бабы)
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасының барлық күмәндері, қайшылықтары мен түсініксіздігі әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндіріледі.
4.6. Әкімшілік қалауды жүзеге асыру шектері (ӘРПК-нің 11-бабы)
ӘРПК әкімшілік қалауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді (принцип ретінде). Бұл ретте «әкімшілік қалау» ұғымы заң жүзінде бекітіледі, бұл ретте Әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде олардың заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдау өкілеттігі түсініледі.
Әкімшілік орган, лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде әкімшілік қалауды жүзеге асыруға міндетті Әкімшілік актілерді қабылдау және әкімшілік әрекеттерді жасау әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде осы өкілеттіктің мақсатына сәйкес келуі керек. Сонымен қатар, әкімшілік қалауды жүзеге асыру пропорционалдылық принципіне сәйкес келуі керек.
Жоғарыда аталған қағидаттарды оның сипаты мен елеулілігіне қарай бұзу әкімшілік актіні немесе сот шешімін заңсыз деп тануға әкеп соғады.
Осылайша, принциптер әкімшілік органдардың шешімдерін жоғары тұрған органның немесе соттың тиімді және толық бақылауының өлшемі болуы керек.

Әкімшілік сот ісін жүргізу


Әкімшілік сот ісін жүргізу моделі жалпы юрисдикция соттарынан, азаматтық істер жөніндегі соттардан және мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардан берілген жария-құқықтық дауларды қарау үшін ірі қалалар мен облыс орталықтарында (барлығы 21 сот) жаңа мамандандырылған әкімшілік соттар құруды көздейді.
Бұл халықаралық тәжірибе, әкімшілік Әділет орын алған елдерде мұндай даулар жеке әкімшілік соттарда қаралады.
Бұл ретте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс бойынша істерді қарайтын жұмыс істеп тұрған әкімшілік соттар – олардың жаңа атауы «Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген соттар» деп қайта аталуға жатады.
Әкімшілік дауларды апелляциялық тәртіппен облыстық және оларға теңестірілген соттар қарайтын болады.
Істерді кассациялық тәртіппен қайта қарауды Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасы жүзеге асырады.
Әкімшілік Әділет енгізу халықты мемлекеттік әкімшілік ету рәсімдеріне бағыну субъектісі ретінде ғана емес, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға қатысты мәжбүрлеу рәсімдерін қоса алғанда, өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін заңды құқықтық құралдар жиынтығына ие тең құқықты әріптес ретінде де кеңінен тартуды көздейді.
Қылмыстық процесте жәбірленуші мен қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған, алайда өлім келтірумен байланысты емес, сондай-ақ адам өліміне немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған адамдар, кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ерлер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан ерлер арасында татуласу мүмкін болады.
Тарап әкімшілік орган болып табылатын әкімшілік сот ісін жүргізуде татуласу барлық жағдайларда мүмкін емес, өйткені әкімшілік орган заңда белгіленген өз өкілеттіктері шегінде ғана әрекет ете алады.
Осыған байланысты, егер заңнамада әкімшілік органның қалауы берілген болса, әзірлеушілерге татуласу мүмкіндігі көрінеді.
Осылайша, ӘРПК тараптар татуласу, медиация туралы, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдер жасай отырып, өзара басқаға беру негізінде дауды толық немесе ішінара реттей алады деп белгілейді. Тараптардың татуласуы даулы жария құқықтық қатынастардың субъектілері ретіндегі олардың құқықтары мен міндеттеріне және талап қою нысанасына ғана қатысты болуы мүмкін және егер Тараптар шешім қабылдауға құқылы болса, даудың нысанасына қатысты билік ету құқығына ие болса.
Бұл ретте татуласу туралы келісім жасасу арқылы дауды реттеу туралы өтінішхат, істерді қоспағанда, сайлауға, республикалық референдумға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы, Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы кез келген іс бойынша мәлімделуі мүмкін.
5.8. Прокурордың әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысуы қысқартылды. Прокурор істердің жекелеген санаттары бойынша (салықтық, кедендік, экологиялық, бюджеттік даулар) қатысатын болады.
5.9. Әкімшілік актімен немесе әкімшілік органның іс-әрекетімен келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талаптарды әкімшілік сот әкімшілік актіге немесе әкімшілік органның іс-әрекетіне дау айту жөніндегі негізгі талқылау шеңберінде де қарайтын болады.
5.10. Апелляциялық шағым үшін екі ай, сондай-ақ кассациялық шағым үшін бір ай мерзім белгіленеді, бұл бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мерзіміне оң әсер етеді.
Қорытындылай келе, сотқа дейінгі шағымдану мен сотқа талап қою көлемін едәуір ұлғайту түрінде ӘРПК-ны қабылдаудан жағымсыз салдарлар болуы мүмкін екенін атап өткен жөн.
Бұл алғашқы рет осындай заңнамалық актілерді қабылдаған барлық елдер тап болатын сөзсіз процестер, бірақ бұл әкімшілік органдарды адамдардың өтініштерін тиісті қарауды және заңды және негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етуге ынталандырды.
Мысал ретінде Латвияның тәжірибесін келтіруге болады, онда 2004 жылы әкімшілік іс жүргізу Заңы қабылданғаннан кейін шағымдар мен талап-арыздардың үлкен ағымы болды, бірақ белгілі бір уақыт өткеннен кейін (шамамен 5 жыл) Латвияның GIZ өкілі сарапшысының ақпараты бойынша әкімшілік соттарға талап қою көлемі 30-40%-ға азайды, өйткені әкімшілік органдар адамдардың өтініштерін сапалы қарауды қамтамасыз етеді, осылайша қоғамның мемлекеттік билікке деген сенімін арттырады.
Тұтастай алғанда, ӘРПК-ның қабылдануы құқықтық мемлекет идеясына сәйкес мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың жаңа сатысына, заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі елеулі қадамға айналады, сондай-ақ елдің инвестициялық климатына қолайлы әсер етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет