УМКД 042-14.1.01/01-2013
|
Ред. № 1 от 03.09.2013
|
Страница из
|
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
|
СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты
|
ПОӘК
|
УМКД 042- 1830-2013
|
«Қазіргі оқыту технологиялары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
(оқу әдістемелік материалдар)
|
№3 – басылым
|
ҚАЗІРГІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
(«Бастапқы әскери даярлық» мамандығына
арналған)
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Cемей – 2013
1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы: 28.08.2013
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1 04.09.2013ж.
Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./
2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № 1 «05» 09.2013ж.
Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./
3. БЕКІТІЛДІ:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1 18.09.2013ж.
ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./
4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның
МАЗМҰНЫ
-
Қазіргі оқыту технологиясы пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).
-
Қазіргі оқыту технологиясы пәні бойынша дәрістер кешені.
-
Қазіргі оқыту технологиясы пәні бойынша семинар тапсырмалары.
4. Студенттердің өздік жұмыстары.
1. ҚАЗІРГІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
(ГЛОССАРИЙ)
Технология – (грек-techne-өнер, шеберлік, іскерлік және логия – ілім, білім) – дайын бұйым алу үшін пайдаланылатын тәсіл.
Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы.(орыс тілінің түсіндірме сөздігі)
Оқыту технологиясы – бұл дидактикалық жүйенің құрамдас,процессуалдық бөлігі (М.Чошанов).
Оқу-тәрбие процесін технологияландыру - білім беру мен тәрбиелеу проблемаларын сапалы жаңа деңгейде шешуге мүмкіндік беретін объективті құбылыс.
Педагогикалық технология - оқу процесін жүзеге асыратын мазмұндық техника (В.П.Беспалько).
Педагогикалық технология – бұл оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету рпоцесін сипаттау (И.П.Волков).
Педагогикалық технология - әр түрлі педагогикалық мәселелерді шешу мақсатында педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың әдістерінің жиынтығын қолдануға байланысты педагогтың іс-қимылдарының өзара байланысқан жүйесі.
Оқыту бірлігі – семантикалық,синтаксистік және прагматикалық тұтастығы бар,бір бүтін ретінде рәсімделген және оның мазмұны мен құрылымын формалдауға қолданылатын электрондық оқу басылымының бөлігі.
Оқыту технологиясының міндеттері оқыту жүйесінің барлық элементтерін зерттеу мен оқыту процесін жобалауда болып табылады,осының арқасында мектептегі (мұғалімнің) оқу тәрбие жұмысы реттелмеген әрекеттер жиынтығынан белгілі бір мақсатты көздейтін процеске айналады.
Оқыту моделі – адам оқыту процесінің негізіне алынған модель.Оқыту моделінің екі типін қарастырады-дескриптивті және нормативті.Оқытудың дескриптивті моделі адам оқитын іс-әрекет рпоцесін сипаттау негізінде құрылады.Оқытудың нормативті моделі алдын-ала жасалып беріледі. Нормативті типтегі оқытуды – мұғалімді оқыту деп атау қабылданған.
Оқыту технологиясы - оқытушының іс қимыл үрдісінің қисындық – тәжірибелік қажеттілігін нәтижеге бағдарлау, оны үнемі ширату.
Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Педагогикалық жүйе - жеке, дара тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдарының жиынтығы.
Инновация педагогикалық (жаңаны енгізу)- білім беру ортасына оның жеке бөліктерін,компоненттерін және тұтастай білім беру жүйесінің сипаттамаларын жақсартуға бағытталған тұрақты элементтерді енгізетін,мақсатты көздейтін өзгеріс.
Инновация - оқу-тәрбие ісін алдыға қарай жылжыту немесе өзгерту.
Деңгейлеп оқыту - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
Дамыта оқыту - жоғары қиындықта оқыту.
Модульдік оқыту технологиясы - оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттегі қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін әрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру.
Модуль - бір ғана оқу пәннің шеңберіндегі ұйымдастыру-әдістемелік құрылымының бірлігі.
Ақпараттық технологиялар - ақпаратты алу,түрлендіру,сақтау,тарату және пайдалану әдістері мен құралдары.
Оқытуды ақпараттандыру - есептеуіш техникамен және оған байланысты ақпараттық технологияларды оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару құралы ретінде пайдалану және оқушы мен мұғалімге білім мазмұнын толықтыратын қажетті мәтіндік және көрнекі ақпараттарды беру.
Педагогикалық технология – оқытуда пайдаланылатын материалдық және идеалдық (білімдер) құралдар жүйесі және осы жүйені қолданысқа енгізу тәсілдері (Е.И.Машбиц).
2. ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ПӘНІ БОЙЫНША
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
1-дәріс. Педагогикалық технология туралы түсінік.
Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттер ғылыми-технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына «жаңа компьютерлік технологияларды» енгізуімен бірге келген «технология» деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт ХХ ғасырдың 60-жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.
педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жасаушылардың «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің ерекшеліктерімен ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешеліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Егер кәсіби іс-әрекетке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін емес. Бұл тағы да «технология» ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.
Бар және жасалынатын жаңа педагогикалық технологияны бағалаудың негізінде: концептуалбдық; Ұстаздық қатысы бар заттық саласының мазмұнын түсіну ұстаздың қатысы бар; ұстаз іс-әрекетінің соңғы парадигмасының нақтылығы; жалпы технология және оның ішінде жеке және педагогикалық технологияның қайда жасалынатынымен және қолданылатындығының саласының ұғымына сипаттама болып отыр.
«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne-өнер, шеберлік, кәсіп және logos-ғылым, білім деген сөзінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестері жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б. Бұл осы термин өндіру процесі барысында жүзеге асырылып шикізатты материалдарды немесе жартылай фабриканттарды өндеуді жасаудың, жағдайларын, қасиеттерін, формаларын өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде бірқатар басқаша анықталады. Технология ғылым ретінде міндеті- практикада өндіріс процестерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және т.б. заңдылықтарды анықтау. Міне осыдан бірқатар өте маңызды айқын анықтамалар туады:
-технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстарымен қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу керек;
-еңбек затын өңдеу тәсілдерін білу;
-еңбек затының жағдайын анықтай білу (диагностика);
-еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін (әрекет тізбегін) жасау.
Негізінен ең алдымен көрсетілген технологияның белгілері педагогикалық еңбектің технологиясы дегеніміз не екенін анықтап береді.
Педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатынасы болады егер білім берудің мақсаты білім жүйелерін меңгеру ретінде анықталса, онда технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін меңгерумен бағаланады. Бірақ әдеттегі білім беру моделінің дағдарысы педагогикалық негізгі категорияларының бірқатар мазмұнын қайта қарауға әкеледі. ХҮ ЮНЕСКОның басты конференциясында білім беру дегеніміз әлеуметтік көлеміне келген және дербес жетілген тұлғаның қабілеттері мен мінез-құлықтарын жетілдірудің нәтижесі мен процесі деп есептеу қабылданады. Бұл анықтамаға басқа білім беру тұлға мен қоғамның мүддесіне байланысты жүргізілетін педагогикалық ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі деген анықтамада қайшы келмейді.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В.П.Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданылған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың лбъективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамаға көрсетілген бір-бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (В.С.Ильин), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек.
Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтама бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П.Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К.Селевко). В.Н.Бордовская мен А.А.Реанның көрсетуінше білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-әрекеттеріне, ол мақсат мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.
Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа-ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен, оқу жоспарымен бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.
В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген, ол қатал ғылыми жоспарлау мен дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету. Педагогикалық процестің белгілі бір принциптердің жүйесі негізінде жасалатындықтан, педагогикалық технология сол принциптерді сыртқы және ішкі іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырылуы олардың объективтік өзара байланысындағы ұстаз тұлғасының тұтасымен көрінетін бірізді жүзеге асыруға бағытталған. Міне, педагогикалық технологияның сабақ беру мен тәрбие жұмысының әдістемесінен айырмашылығы, өзгешелігі осыдан тұрады. Егер «әдістеме» деген ұғым оқыту мен тәрбиелеу әдістерін және оны жүзеге асырушы әрекетінен тыс тұтас комплексті қолдану процедурасын көрсетеді, онда педагогикалық технология оған ұстаз тұлғасының барлық жақтарымен көптеген көріністерімен қосылуын ұйғарады. Сірә осыдан, қандайда болмасын педагогикалық міндет тек қана оған сәй кәсіби маман ұстаздың жүзеге асыратын технологиялар көмегімен тиімді шешілуі мүмкін.
Демек, барлық педагогикалық технологиялардың негізгі мәні туралы пікірлердің қарама-қарсылықтарына қарамастан оны сабақ беру мен ұстаздардың жоспарланған мақсаттары мен оқушылардың іс-әрекеттерінің жетістіктеріне жету процесі ретінде түсіндіруге болады.
Қандайда болмасын технологияның негізгі бөлігі ол соңғы негізгі жетістікті толық анықтауымен оған жетуді дәлме-дәл бақылау болады. Негізінен, (өндіріс пен әлеуметтік аймақты) қарапайым процесс ол алдын ала жобаланған, өнімнің негізгі қасиеттері мен анықтаудың құралдары анықталғанда осы процес процесті жүргізу үшін жағдайлар мақсатта бір қалыптасып және ол «жіберілсе» ғана технология статусын алады.
Жаңа педагогикалық технологияны тиімді меңгеру- мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық қабілетінің қалыптасуына ізгі әсерін тигізіп, өзін- өзі дамытуға көмектеседі. Сабақ біздің заманымызда да оқытудың негізгі түрі ретінде қала береді. Оқыту үрдісінде жаңа технология түрлерін кеңінен ендіру немесе элементерін пайдалану- әрбір мұғалімнің міндеті.
Жаңа технологиялар инновациялық оқудың сүйегі бола отырып, оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын және өзін- өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.
Жаңа технологияны енгізу арқылы оқу үрдісінің деңгейі көтеріліп, оқушының білім мен білігінің артуын интеллектуалды дайындығы мен танымдық қызығушылығын оятуға, денсаулығын сақтауға және жеке тұлғаның адамгершілік- құқықтық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасалады. Осыдан келіп, өзін- өзі көрсетуге қабілетті шығармашылық тұлғадан дамыған, әлеуметтік жеке тұлға қалыптасады.
Жаңа педагогикалық технология төмендегідей бағыттарға бөлінеді:
№
|
Бағыттары
|
Түрлері
|
І
|
Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізіндегі педагогикалық технология
| -
Педагогикалық қарым- қатынас технологиясы
-
Ы.Алтынсариннің
педагогикалық технологиясы
-
Ш. А. Амонашвилидің жеке тұлғалы ізгілік технологиясы.
-
И. Ильин жүйесі.
|
ІІ
|
Оқушының іс- әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі педагогикалық технология
| -
Ойындар түріндегі технология.
-
Проблемалық оқыту технологиясы.
-
Басқа тілдегі мәдениетке коммуникативтік (жан- жақты) оқыту технологиясы. (Е.И. Пассов)
-
Оқыту материалын тірек сызбалар, тірек конспектісі және модельдеу арқылы қарқындатып оқыту технологиясы. (В.Ф. Шаталов)
|
ІІІ
|
Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару негізіндегі педагогикалық технология
| -
Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы.
-
С.И. Лысенкованың түсіндірмелі басқаруда тірек схемаларын пайдалана отырып, перспективті алдыға жылдамдата оқытудың технологиясы.
-
Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы.
-
Деңгейлік дифференциялау технологиясы.
-
Бағдарламалық оқыту технологиясы
-
Ұжымдық оқыту технологиясы. (КСО, А.Г. Ривин, В.К. Дьяченко)
-
Топтық оқыту технологиясы.
-
Қомпьютерлік оқыту технологиясы.
-
Модульдік оқыту технологиясы. (Жанпейісова М.М.)
|
ІҮ
|
Дидактикалық білім көтеру және материалды реконструкциялау негізіндегі педагогикалық технология
| -
«Экология және диалектика» (Л.В.Тарасов)
-
«Мәдениет диалогы» (Б.С. Библер, С.Ю. Курганов)
-
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру. (П.М. Эрдниев)
Ақыл- ой іс- әрекетін сатылай қалыптастыру теориясын игеру технологиясы. (МБ. Волович)
|
Ү
|
Жеке пәндік педагогикалық технология
| -
Сауаттылыққа ерте үйрету және дамыта оқыту технологиясы. (Н.А. Зайцев)
-
Н. Оразақынованың сатылай талдап оқыту технологиясы.
-
Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін жетілдіру технологиясы. (Н.А.Зайцев)
-
Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы.
-
Математикалық есептер шешу негізіндегі оқыту технологиясы (Р.Г.Касаткина)
-
Сабақтың тиімді жүйелік негізіндегі оқыту технологиясы. (А.А. Окунев)
Физиканы сатылай оқыту жүйесі. (Н.Н.Палтышев)
|
ҮІ
|
Альтернативті педагогикалық технологиялар
| -
Вальдорф педагогикасы. (Р. Штайнер)
-
Еркін еңбек технологиясы. (С. Ферт)
-
Ықтималдық білім технологиясы. (А.М. Лобок)
-
Шеберханалық технологиясы.
|
ҮІІ
|
Табиғи байқағыштық технологиясы
| -
Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу технологиясы. (А.М. Кушнир)
2. Өзіндік дамыту технологиясы. (М.Монтессори)
|
ҮІІІ
|
Дамыта оқыту технологиясы
| -
Дамыта оқыту жүйесі. (В.Занков)
-
Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту технологиясы. (И.С. Якиманская)
-
Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.
-
Өзіндік дамыта оқыту технологиясы. (Г.К. Семеко)
|
ІХ
|
Авторлық мектептің педагогикалық технологиясы
| -
Педагогикалық бейімделу мектебі. (Е.Д. Ямбург)
Өзін анықтау мектебінің авторлық технологиясы. (А.Н. Тубельская)
|
2-дәріс. Қазіргі педагогикалық технологиялар - обьективті қажеттілік
Қазіргі заманғы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған педагогикалық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.
Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі қайшылықтарды атауға болады.
-қоғамның педагог мамандарға қойып отырған талабының күшеюі мен кәсіби білім беруді жүзеге асыруда кездесеін қиыншылықтар арасындағы;
-қайта дамып отырған жекелеген педагогикалық жүйелер мен оларды жылдам өзгеріп отырған еңбек шараларына бейімдеу, білім беру жүйесінің консервативтілігі арасындағы;
-ғылымның даму деңгейі мен өндірістің оны іске асыруға мүмкіндік деңгейі арасындағы;
-мұғалімнің әлеуметтік ролі және қоғамдық ақпараттық –коммуникациялық қызметарасындағы;
- педагогикалық жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының мазмұнының әдістемелік құралдары және қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар.
Білім ізгілігі-педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамыту субьектісі болатын,үрдістің мәні мен сипатына деген көзқарасты едәір өзгертетін , педагогикалық ойлаудың басты бөлшегі.
Педагогикалық үрдістің негізгі мәні , мұндай жағдайда , ұлғаның дамуы мен өзін -өзі дамытуы ретінде қалыптасады , олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады.
Теорияларды талдау мен қалыптасқан тәжірибелерді жалпылау білім ізгілігінің негізігі жолдарын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Соның ішінде ең маңыздылары;
-
Ізгілендірілген білім мазмұнында қаралатындар:
-білімділік-бағдарлық әдістен бас тарып , дамытушы тұлғалық бағдарлық әдіске көшу;
- пәндік және жекелік білімнен білім берудің үздіксіз жүйесінің барлық сатыларында терең және көп пәнаралық кіріктіруге , шоғырлануға көшу.
-
Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің тұлғалық бағдарлық технологиясын таңдау ( Ойлаудың ,есте сақтаудың , назар аударудың негізгі типтері бойынша).
-
Мұғалімнің озық игілік дайындығы:
Оның оқушылармен ынтымақтастығын қалыптастыруға оқушылардың дайындығы, педагогикалық үрдістегі шығармашылық, өзін-өзі көрсетудің қажеттігі.
Қоғамдық - тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік –қызметі – білімді жинақтауда емес , бар білімді қайта қалыптастыруда.
Сондықтан қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін кеңінен дамытып білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға , оларды теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде және сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті.
Мұны П.П. Блонскийдің, Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің, А.Л.Леонтевтің, П.Я.Гальпериннің, Ф.Н. Тлызинаның және т.б.зерттеулері дәлелдейді.
Білім берудің сапасын мәнді жоғарылату жолдарын іздестіруде, нақтырақ айтсақ, жоғары білімнің Н.Чебышев пен В.П.Коган пәнаралық байланыстың тұжырымдамасын негіздей отыра оны жоғары білім беру тәжірибесіне енгізудің нақты оқу- әдістемелік механизмін ұсынады.Бұл бағыттағы инновациялық іс-әрекет мәселесі жалпы білім беру мектептерінде шешілуі қажет.
Сондықтан , әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орвй таңдап тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор.
«Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің нтеллектуалдық,кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің, қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі»,- деп көрсетеді С.В.Селевко.
Қоғам өмірінің барлық салаларында яғни экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе.
Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды.Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім.
Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрекеттердің басқа салаларымен де қатарлас алға басуы керек.
Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы еліміздің техникалық прогресске жеткізері мәлім.Ал, техникалық прогресс қоғамдық және жеке бастың өмір сүру деңгейін көтеруші еңбек өнімділігінің жоғарылауына әкеледі.Сонымен, білім беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да егізі деп білуіміз керек.
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама –қайшы , ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.
Шынында, бұл мәселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік шынайы іске асыруға тән сол бір ішкі обьективті қайшылықты анықтаумен байланысты.
Ю.Н.Кулюткин кәсіпкер ұстаздың «мөлшерлік шығармашылық белсенділіктің» ара қатынасы мазмұны мен мәнінен бөлек , абстрактылы түрде қарастырылмайды дейді. Егер « іс-әрекеттің немқұрайлы іс-әрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе , жаңа педагогикалық ойлар және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі.
Педагогикалық жаңалық-жаңа идеялар , әдістер , технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.
Дәстүрлі оқу пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен міндеттер қойылмайды, пәнді меңгерудің басты міндеті болып , ғылыми міндеттерді фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту ( кей кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) деңгейінде ғана қалады .Мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерін зерттеу когнитивті ауқымдағы (Б.Блум) білім беру мақсатының технологиясымен сәйкес, мұғалімнің зейіні мен меңгерілген материалды «Білімділігіне» және «Түсініктілігіне» шоғырланады, ал талдау – жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына , мұғалім іс-әрекетіне аз деңгейде назар аударылатыны көрсетіледі.
Педагогтың кәсіби даярлығындағы технолгиялық принцип болашақ мамандығына бағдар беретін оқытудың мақсат , мазмұн оқыту әдістерінің бірлігі болып табылады.
Оқыту технологиялары теориялық негізде құрылады: Егер Л.В.Занков әдістемесі Л.С.Выготскийдің дамыту теориясына негізделсе, ол өзінің принципін содан іздеп табады.
Оқушылардың теориялық ойлауын дамыту , оқу материалының теориялық күделілігінің жоғары деңгейі , оқу жұмысының жоғары темпі оқушылардағы жеке тұрғыдағы бағдар.
Оқыту технологиясының генетикалық дерекнамасы педагогикалық эвристикадан алынған дейді Д.Пойа. С.ЛРубинштейіннің , А.Н Леонтевтің іс-әрекет теориялары қазіргі оқытудың инновациялық технологияларының әдіснамалық негізі.
Педагогикалық технология үш аспектіде қаралады:
-ғылыми;
- процессуалды - сипаттамалығы;
-процессуалды -әрекеттік.
Осындай жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жлдарын зерттеуші ғылым ретінде қызмететеді,принциптер мен оқытуды зерттеуші қызметін атқарады.
Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады.Философия жалпы реттеуші білім беру технологияларын әдіснамалық қамтамасыз етеді.
Философиялық тұрғыда білім беру мазмұнында , пән мазмұнында басшылыққа алынады. Бірақ, идеологиялық бағдарда бірізділік жоқ, сондықтан мектептегі білім мазмұны әлемнің бүтіндей картинасын бере алмайды. Әдістер мен тәсілдердің философиялық негізін байқау қиын, ал технология белгілі бір философиялық негізді ұстанушы ретінде қызмет ете алады.
Көптеген педагогикалық технологияларда кездесетін философиялық бағыттар:
-
материализм және идеализм;
-
диалектика және метафизика;
-
Гуманизм және антигуманизм;
-
Прагматизм және экзистенциализм.
Педагогикалық технология дерекнамасы педагогика психология және әлеуметтік ғылымдар,
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе , халықтық педагогика отандық және шетел педагогикасының озық идеялар болып табылады.Кез келген қазіргі педагогикалық технологиялар педагогика ғылыми мен практикасының жетістіктері дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені әлеметтік прогрестің жетістіктерін қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы болады.
Бір технологияның өзі әр орындаушыда әр түрлі сипатта болуы мүмкін, өйткені шебердің
тұлғалық компоненттілігі, оқушылар контигенті , сыныптағы психологиялық ахуал, көңіл күйі әр түрлі болуы мүмкін.
Педагогикалық технология М.В.Клариннің анықтауында «Педагогикалық мақсатқа жету үшін
пайдаланылатын барлық, дара , инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді.
Ғалым- академик В.М.Монахов оқыту технологияларының практикадағы қолданыс аясын тереңірек зерттей келіп , оны жаңаша қырынан танытады. Ғалымның пікірінше «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу поцесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекеті жобалаудың жан жақты ойластырылған үлгісі» Педагогикадағы ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде В.П Беспалько « Оқу технологиясы – тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі бір педагогикалықжүйенің жобасы»,-деп көрсетеді.Мұнда ғылым педагогикалық ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған , мақсатты бір-бірімен өзара байланысты әдіс тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырылады.
Педагогикалық технология білім алу іс-әрекетіндегі амалдардың негізінде таңдалған кәсіптік
қызметтің тәсілдерін қабылдаушылардың танымдық іс-әрекеті деген анықтама ереді.
Сонымен, технология белгіленген ақсатты тиімді орындау үшін материалдарды түрлендіру
процестері мен әдістердің жиынтығы және бір ізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады.
3-дәріс. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану
Мектеп мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.
Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тимді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.
Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология - педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады оның мәні мен құрылымы айқындалады, педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін оқып-үйренеді, педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі және педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі.
Ғылыми-педагогикалық зеріттеулерге жасалынған талдау жаңа педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.
Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының "Білім түралы" заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - жеке адамды қалыптастыруға бағытталған рөлі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған.
Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда.
Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес.
Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Бастауыш сатыда "Математика" пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндеп деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға бо-лады.
Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады.
Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.
әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготеский, Л.В.Занков, Д.Б.Элькокин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В.ММонахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және т.б.
Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.Д.Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г.Г.Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ.А.Әбдіғәлиев., Н.Н.Нурахметов), блоктық-модульдық технологиясы (М.Н.Жанпеисова) қолдау табуда. Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол.
Қазіргі ғаламдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үрдісінде өзекті ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.
Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру - жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.
Мектептің бастауыш сатысында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс-әрекетпен мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интератиетік әдісті тиімді пайдалануға болады.
Мұнда негізгі және жетекші үрдіс - іс-әрекеттегі оқытуды ұйымдастыру. Бұл технологияның ерекшелігі - оқушылардың өздері ақпараттар жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп, жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалык, түрде дәлелдейді.
Ол өз пікірін бір-біріне топта, сынып алдыңда айта алады. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс.
Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың жаңа процессуальдық біліктілігіне, ақпаратты алдын-ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді.
Математика сабағында оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы және өзінің сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (анализ, синтез, салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады.
Қазіргі нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканың, өндіріс салаларының дамуына сай жастарды компонентті тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер оқытудың қазіргі технологияларын пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет.
Ұлттық тағам – ұлттың бет бейнесі, тарихы мен шежіресі, ұлттың дара касиеттері сақталынуының асыл нәрі. Сондықтан оны дайындай білуге үйрету әр ата-ана мен ұстаздың міндеті.
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Өйткені тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесі қойылып отыр.
Оқытудың әртүрлі технологиялары, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Жалпы технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы және білімі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III сьезінде: "Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнімен әлдеқайда жоғары болуы керек.
Ол үшін жаңа фармацияның педагогі қажет" деген болатын.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту.
Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы. орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.
4-дәріс. Білім беруде жаңа технология.
Оқыту үрдісіне білім, білік, машықты қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру жаңа инновациялық технологияларды меңгере отырып, оны сабақтарға енгізу мұғалімдер алдындағы өзекті мәселе екені анық. Егеменді еліміздің білім беру саласындағы стратегиялық мақсатын басшылыққа ала отырып, жан дүниесі таза, рухани байлығы мол, ой- өрісі жоғары деңгейде, шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық дарын тұлғаны тәрбиелеуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2001 жылғы 2-ақпанда өткен Білім және Ғылым қызметкерлерінің съезінде: «Баршаға білім беру моделінен таңдауы бойынша білім беру моделіне көшу» деген сөзі, қазіргі заманның мұғалімдеріне нақты міндет қойып отыр. Сондықтан жеке дарын тұлға бойында таным белсенділігін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру қажет, яғни жаңа педагогикалық технологияны меңгеру керек.
Арнайы әдебиеттерде В.Г. Гульчевский, В.П. Беспалько, В.Т. Фоменко, т.б. педагогикалық технологиялардың бірнеше классификациялары берілген.
Педагогикалық технологиялардың философиясы ізгілік, жеке бастың даму теориясына негізделген.
Г.К. Селевко педагогикалық технологияларды мәнділігіне, қолданылуына, ұйымдастырылуына қарай төмендегідей топтарға бөледі:
1) Қолдану деңгейіне қарай: жалпыпедагогикалық, пәндік, жеке әдістемелік, модульдік.
2) Философиялық негізіне қарай: материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизикалық, ізгілікті, ғылыми, прагматикалық т.б.
3) Психикалық дамудың жетекші факторына қарай: биогендік, социогендік, психогендік.
4) Ғылыми тұжырымдамасына қарай: ассоциативті- рефлекторлық, биховиристік, гештальтехнология, дамытушылық.
5) Тұлғалық құрылымдарға бағытталғанына қарай: ақпараттық, әрекеттік, сезімдік, евристикалық, қолданбалы, өзін- өзі дамытушы.
6) Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай: білімдік және тәрбиелік, жалпы және кәсіби бағытты, технокарттық және гумандық.
Бастауыш мектепте қолданылып жүрген технологияларды білімдік өрістеріне қарай төмендегіше топтауға болады:
-
Тілдік өріс. Бұл топ өте жас кезден бастап кубиктер арқылы жылдам оқуға үйретуге арналған Н.А. Зайцевтің: каллиграфияны дұрыс қалыптастыру, сауатты жазуға үйретуге арналған Е.Н. Потапова және басқа да технологиялармен сипатталады.
-
Математикалық өріс. Бұл топқа П.М. Эрдниев және Б.П.Эрдниев т.б. жасаған технологияларды жатқызамыз.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технология негізіне мыналар жатады:
-
Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
-
Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
-
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Енді осы жаңа педагогикалық технологияларға қысқаша сипаттама берейін.
Ынтымақтастық педагогикасы. Оның негізгі мақсаты- талдап ету педагогикасынан қарым- қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі. Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері мына төмендегідей:
-
Мұғалім- оқушы, оқушы- мұғалім, оқушы- оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект;
-
Оқушының жеке басына ізгілік қарым- қатынас;
-
Оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсунішілік, ынтымақтастық қарым- қатынас.
Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты- баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату. [1, 25]
Мәселелік оқыту технологиясының негізгі мақсаты- оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Оның ерекшеліктері:
-
Оқушының белсенділігін арттыру;
-
Оқу материалдарында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;
-
Оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Шаталов болды. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:
-
Білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
-
Барлық баланы оқыту;
-
Оқытуды жеделдету.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
-
Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
-
Жеке бағдарлы қарым- қатынас, ықпал;
-
Ізгілік, еркімен оқыту;
-
Әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
-
Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Жаңашыл ресейлік мұғалім С.Н. Лысенкова оза отырып оқыту технологиясының авторы болып саналады. Бұл технологияның негізгі мақсаты- барлық баланы табысты оқыту. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
-
Оқу материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;
-
Саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;
-
Бағдарламанаың, кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану, сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады;
-
Бірте- бірте дербестіке жету;
-
Сыныпта қалыпты жағыдай қалыптастыру: түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым- қатынас;
-
Оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;
-
Үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі;
-
Білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту;
-
Түсіндіруді қабылдау.
Міндетті нәтижелерге негізделген Ж. Қараевтың деңгейлік саралап оқыту технологиясы. Ол оқушының туа біткен ақыл- ой қабілетінің жеке даму жан- жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағыдай жасайды. Әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бұл әдіс оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне, сөйлеу шеберлігінің артуына бастауыш сынып оқушысының таным белсенділігінің артуына үлкен ықпал етеді.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктерге:
-
Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
-
Оқушыларға берген тапсырманың саралануы: тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт;
-
Білімінң базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте- бірте өрістей дамуына мүмкіндік жасауы тиіс;
-
Оқушыға оқу деңгейін таңдауын ерік беруі;
-
Оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті.
Компьютерлік (жаңа ақпараттық) оқыту технологиясы.
Компьютерлерді кеңінен пайдалана бастағанда «жаңа ақпараттаушы технология» термині пайда болды. Бірақ та педагогикалық технологиялардың бәрі ақпараттаушы технологиялар, өйткені технологиялық үрдіс негізінде ақпарат және оның қозғалысы жатыр. Компьютерлік технология дегеніміз оқушыға компьютерлік техниканың мол мүмкіншілігін пайдалана отырып білім беру.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі- бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқудағы пән аралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағыдай жасауы.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі- бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық әлеуеті әсіресе ән- күйде, ойын үстінде, техника саласында жаңа бір нәрсені ашумен, құрастырумен, білумен байланысты көрінеді.
Сондықтан да менің ойымша, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін компьютердің және соған сәйкес компьютерлік ойындарды (үйрету, жаттықтыру, дамытушы) пайдалану арқылы толықтай қалыптастыра аламыз.
Оған психологтардың, педагогтардың зерттеулері, бұл жастағы оқушылардың компьютерге, компьютерлік ойындарға деген ынталары, қызығушылықтары, сондай- ақ компьютерлік технологияның орасан зор мүмкіндіктері және бастауышта дамытушы компьютерлік ойындардың дидактикалық мүмкіндіктерін зерттеуге арналған ғылыми- зерттеу дәлел бола алады.
Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат- оқушының жеке тұлға ретінде дамуында бұл техника мұғалім мен мектептің біртұтас жүйе ретінде белгілі бағытта дамуына мүмкіндік беруі, оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.
Модульдік оқытудың өзегі- оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс- әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Дамыта оқыту технологиясының авторлары: Л.С. Выготский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов.
Мақсаты:
-
Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар- намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту, баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Дамыта оқыту технологиясы жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас дамытуға бағытталған. Ол дәстүрлі оқытуға балама жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін- өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағыдайлар жасалады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртим С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізгі Ж. Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты- барлық жастағы оқушыларға кез- келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос- Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
Сын тұрғысынан ойлану- сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларынағана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздім.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастарады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Енді осы кезеңдердің мақсат- міндеттеріне тоқталып өтейін.
Достарыңызбен бөлісу: |