Педагогика саласындағы зерттеулер деп педагогика үдерісінің заңдылықтары, оның



Дата02.01.2022
өлшемі14.6 Kb.
#452407
эссе


Эссе

Педагогика саласындағы зерттеулер деп педагогика үдерісінің заңдылықтары, оның


құрылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері және тәсілдері туралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін айтуға болады. Педагогикалық зерттеудің іргелі, қолданбалы және қайта жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды. Іргелі зерттеулер педагогикалық үдерістің заңдылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды. Қолданбалы зерттеулер оқыту, тәрбиелеу әдістері, білім мазмұны, оқытушыларды дайындау мәселелерімен байланысты теориялық және тәжірибелік жеке міндеттерді шешеді.Көптеген жағдайларда қолданбалы зерттеулер іргелі зерттеулерді жалғастырады.
Зерттеу қасиеттерінің теориялық және тәжірибелік бағытталған сипатында төрт жеке фасет ерекшеленеді:\

1) зерттеу міндеттері — ғылыми қызметкерлердің, ғалым-педагогтердің өздерінің


алдына қоятын мақсаттары, жан-жақты жоспарланған нәтижелерге бағытталып жүргізетін жұмысы сипатталады.

2) зерттеу нәтижелері – ғылыми іс-әрекет нәтижесінде алынған өнім, білім түрлерін


көрсетеді.

3) зерттеу нәтижелерін пайдаланушы ұйымның мекен-жайы – ғылыми және


тәжірибелік іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді пайдалануға қызығушылық тудыратын ұйым мен ортаны анықтайды.

4) құжат түрлері – ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері берілген жарияланым типтерін сипаттайды.



Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері.

Педагогика әдіснамасының басты міндеттерінің бірі зерттеу жұмысын әдіснамалық негіздеу болып табылады.

Ғылымда әдіснамалық негіздің келесі түрлерін бөліп қарастырады:

— ғылымның философиялық негізі (әлемнің философиялық бейнесі, философиялық–


дүниетанымдық, логикалық–гносеологиялық, құндылықты–нормативті ұстанымдар,
философияда құрастырылған теориялар мен категориялар);
— теориялық негіз (ғылымның белгілі бір саласының тұжырымдамалық идеялары);
— әдіснамалық негіз (зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары, ғылымилық идеалы мен нормалары);
— логикалық негіз(формалды және диалектикалық логика заңдары, дәлел және аргумент ережесі);
— эмпирикалық негіз (ғылыми айғақтар, эксперимент нәтижелері, тәжірибелік-ізденушілік жұмыс).

Ғылыми-педагогикалық зерттеудің деңгейлері:

1) эмпирикалық (практикалық) – мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, таңдау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау арқылы практикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді.

2) теориялық: негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар ашылады, бұрын зерттеліп
ашылған фактілерді анықтап, болашақтағы фактілерді, жағдайларды алдын ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады.

3) әдіснамалық: эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық


құбылыстың жалпы ұстанымдары, әдістері мен теориясы құрылады. Зерттеудің бұл деңгейі іргелі деп аталады.

Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: зерттеудің өзекті мәселесі, тақырыбы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы.

Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын анықтау.

Зерттеу тақырыбы: зерттеу мәселесі 0ырларының анық, қысқа берілуі. Тақырып сол
қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек.

Зерттеу нысаны – іздену аймағы. Мұндай нысандарға педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады.



Зерттеу пәні – нысанды зерттеу қыры, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі,
элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет