жалқы ойын яғни жалғыз ойнау баланың алаңғасар, еліктегіш
болмай, ѳз ісіне ынталы, тиянақты болуына пайдалы. Бірақ
осы екі түрлі ойынның екеуінің де кемдік жағы бар. Ылғи
жалғыз ойнап үйренген бала тағы,
менменшіл болып, ылғи
кѳппен бірге ойнап үйренген алаңғасар, тиянақсыз, еліктегіш
болып шығуға мүмкін. Сондықтан дұрысы –
ойынның екі
түрін кезекпен ауыстырып отыру.
Осы түрдің қай түрімен болса да ойнап отырған баланың
ойынын бақылауға тәрбиеші міндетті. Бірақ бақылаймын деп
бүлдіріп алма. Бүлдіріп алу былай болады:
былай ойна деп
бұйырсаң, баланың ойыннан ынтасын суытып аласың.
Баланың ойынына үлкен адам кіріссе, балаға ойынның қызығы
бітеді. Ойын – баланың ѳз ісі. Баланың ойынына кірісуші
болма. Баланы бір нәрсені бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла.
Есте болу керек, бақыла деген сѳз қарауылда тұрған солдаттай
қабағыңды түйіп қақиып тұр деген сѳз емес. Олай тұрсаң, бала
ойнай алмайды. Егер енді баланың ойынына қатысқың келсе,
ѳзің бала болып қатыс. Яғни ойындарына бѳгет, оралғы болма.
Балалар сенің жеткен адам
екеніңді сезбейтін дәрежеде
болсын.
Ойыншықтар. Ойыншық деген сѳз – баланың жанындағы
суреттеулердің белгісі деген сѳз. Балаға уқалауына кѳнетін, не
қылса соған жарайтын жабайы ойыншық баланың ішін
пыстырады. Балаға нағыз қолайлы ойыншық бір үйім құм
деген бір педагогтің сѳзі дұрыс сѳз. Базардан алып келген
әшекейлі ойыншығыңнан
бірде құрық болатын, бірде ат
болатын бір шыбық балаға кѳп артық. Әшекейлі жат бір
ойыншықпен бала сүйіп ойнамайды. Алады да, сындырып
тастайды. Және балаға кѳп ойыншық беру жарамайды. Олай
болғанда балада іскерлік болмайды.
88