Педагогика


Ұғымдардың ішіне қарап бѳлінуі



Pdf көрінісі
бет39/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64
Педагогика

Ұғымдардың ішіне қарап бѳлінуі. Егерде ұғымның бір
ғана сыны болса, ондай ұғым – жабайы ұғым деп аталады.
Мысалы, тәттілік деген ұғым – жабайы ұғым. Ал енді ұғымның
сыны кѳп болса, ондай ұғым күрделі ұғым деп аталады.
Мысалы, ағаш деген ұғымның сыны кѳп, сондықтан ол –
күрделі ұғым. Егер бірнеше ұғымдардың бір яки бірнеше
ортақ сындары болса, мұңдай ұғымдар ұқсас ұғымдар деп
аталады: қасқыр, түлкі сықылды. Егер бір ұғымның сындары
екінші ұғымның сындарына қабысатын болса, мұндай
ұғымдар қабысатын ұғымдар деп аталады: хайуан һәм жануар,
қазақ һәм алаш сықылды. Ортақ сындары болмаған ұғымдар
ұқсамайтын ұғымдар деп аталады. Адам һәм тас сықылды
сындары бір-біріне қарсы болған ұғымдар қарсы ұғымдар деп
аталады: жақсылық, жауыздық сықылды.
Жалаңаштау. Біз жылқы, ағаш, адам сықылды заттар
туралы ғана ойлаймыз. Сол заттардың қаралық, аласалық,
кәрілік, қайырымдылық сықылды сындары туралы да
ойлаймыз. Яғни бір затты жалаңаштап, сынын бѳліп алып, сол
сынды жеке бір зат сықылдандырып ойлаймыз. Заттың сынын
заттан бѳліп алып, сол сынды жеке бір зат қып ойлау
жалаңаштау деп аталады. Осы заттан бѳлініп алынған сын
ұғымы жалаңаш (абстракты) ұғым деп аталады. Қаралық,
алыстық, жақсылық сықылды барлық сындарымен алынған зат
ұғымы киімді (конкретті) ұғым деп аталады: жылқы, ағаш,
мұрын сықылды.
Ұғымдардың қомағына қарап бѳлінуі. Кѳп заттарды
қомағына алатын ұғым жалпы ұғым деп аталады. Қомағына
санаулы заттарды ғана алатын ұғым дербес ұғым деп аталады.
Қомағына бір-ақ затты алатын ұғым жалқы ұғым деп аталады.
Жалпы ұғым дербес ұғымның тұқымы деп аталады. Дербес
ұғым жалпы ұғымның түрі деп аталады. Бір ұғым оны қандай
ұғыммен салыстыруымызға қарап, әрі жалпы, әрі дербес, әрі
92


тұқым ұғым, әрі түр ұғым болуға мүмкін. Мысалы, «адам»
деген ұғым «қазақ» деген ұғымға қарағанда, жалпы һәм тұқым
ұғым. Ал енді сол «адам» ұғымы «жанды зат» деген ұғымға
қарағанда дербес һәм түр ұғым.
Ѳзінің қомағына басқа ұғымдарды алатын ұғым соның
қомағына кіретін ұғымдарға қарағанда бағындырушы ұғым
деп аталады. Ал енді бағындырушы ұғымның қомағына кіретін
ұғымдар бағынушы ұғым деп аталады. Жоғарғы бір ұғымға бір
дәреже бағынатын ұғымдар бірге бағынатын ұғымдар деп
аталады. Мысалы, «ағаш» ұғымы терек, қайың, қарағайға
қарағанда бағындырушы ұғым, терек, қайың, қарағай
бағынушы һәм бірге бағынушы ұғымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет