Ключевский Василий Осипович (1841–1911) Орыс тарихшысы. Пенза губерниясындағы Вознесенское селосындағ ең төменгі дәрежедегі дін қызметкерінің отбасында дүниеге келген. Тегі жағынан шамасы орыстанған мокша ұлтының өкілі болуы мүмкін. Әкесі ерте қайтыс болып, жасында әрі кедейшілік, әрі жетімдікті көп көрген. Пензадағы діни училищені, діни семинарияны бітіргеннен кейін Москва университетінің тарих-филология факультетіне түседі. 1865 университетті аяқтап, "Сказания иностранцев о Московском государстве" атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. 1871 жылы "Древнерусские жития святых как исторический источник"деп аталатын тақырыпта өзінің магистірлік диссертациясын қорғайды. Осыдан кейін оның әртүрлі оқу орындарында оқытушылық қызметі басталады.1871 жылы ол Москва діни академиясының орыс тарихы кафедрасына оқытушылыққа шақырылады,1872 жылы Александров әскери училищесінде, жоғарғы қыздар курсында сабақ береді. 1879 жылы Москва университетінің орыс тарихы кафедрасының доценті,1882 жылы экстраординарлы, ал 1885 - ординарлы профессор болып сайланады.
1882 жылы ол "Боярская дума Древней Руси" тақырыбында. Докторлық диссертация қорғайды. 1880 жылдары ол Москова археологиялық қоғамының, Ресей тілтану Қоғамының, және де басқа тарихи-мәдени ұйымдардың мүшесі болды. 1889 жылы Ключевский Петербург Ғылымдар Академиясының корреспондент – мүшесі. ал 1900 – академик болып сайланды. 1899 жылы "Краткое пособие по Русской истории" ", ал1904 жылы оның толық курсын жазуға кірісті. Барлығы төрт том болып шықты. Оның еңбектері орыс тарихнамасына қосылған сүбелі үлес болып есептеледі.
Рю́мин Константи́н Никола́евич – орыс тарихшысы, деректану ғылымының негізін қалаушы. 1829 жылы Нижегородской губерниясында дворян отбасында дүниеге келген. Бастауыш білімді Л. Ф. Камбек меншікті пансионында алады.1851жылы Москва универсситетінің заң факультетін бітіреді. Бірақ сол кездегі, Т. Н. Грановского К. Д. Кавелин, С. М. Соловьёва сиқты ірі орыс тарихшыларының әсерінен тарихи зерттеулерге әуестенеді. 1850 жылдардың орта шамасында. К. Н. Бестужев-Рюмин «Московские ведомости» газеті редакторының орынбасары қызыметіне шақырылды. Өзі де «Московское обозрение» журналын шығаруға талпыныс жасады.1859 жылдан «Отечественные записки» журналына өз мақалаларын жариялайды.
1864 жылдан ол Археография комиссиисының және Орыс тарихшылар Қоғамының мүшесі болып сайланды.Осы кезден бастап ол император Үшінші Александру мен оның отбасына орыс тарихынан сабақ бере бастады. «О крещении Руси», «О Владимире Мономахе и его потомках», «О злых временах татарщины», «О том, как росло Московское государство» сияқты көпшілікке арналған еңбектер жазды.
1865 жылы ол Санкт-Петербург университетініңдоценті болып сайланды, үш жылдан кейін «О составе русских летописей до конца XIV в.» атты диссертациясы үшін құрметті доктор дәрежесіне ие болды. 1867-1871жылдары ол в тарих-филология институтында лекция оқыды. Оның лекциясы ойдың тереңдігімен, айқыналған концепцисымен, деректердің молдығымен ерекшеленетін.
Оның алғашқы ірі шығармаларының бірі «О составе русских летописей до конца XIV века». Автор алдына қойған зерттеу міндеттерін толық орындаған. Хронологиялық шегі орыс жылнамаларын көне заманнан бастап ХІҮ ғасырға дейін әкеледі. Оларды талдай отыра ол бірнеше құрамдас бөлімдерге бөліп тастайды. Орыс тарихнамасында алғаш рет деректерді талдаудың үлгісін көрсеткен. Автордың бір ерекшелігі- жылнамалар жөнінде жарық көрген барлық әдебиеттерге талдау жасайды. Ол деректерді бір жүйеге келтіріп, оларды топтуға үлкен мән берген. Кейін ол өзінің «Русская история»кітабінің кіріспе бөлімінде деректерді талдаудың үлгісін береді. Өз шығармаларында ол халықтың күнделікті тұрмысына, материалдық жағыдайына, діни сеніміне,рухани әлеміне үлкен көңіл бөледі.
Ол ерлермен қатар әйелдердің білім алуын армандады.1871 жылдан бастап Владимир әйелдер курсында орыс тарихынан лекция оқыды. Ал1878 жылыЖоғары әйелдер курсының құрылтайшысы әрі директоры қызметін атқарды.Бұл курсты кейін «Бестужев курстары» деп атап кетті.
Әлбетте, Бестужев-Рюминнің орыс ғылымынң алдындағы негізгі зор еңбегі-ол деректану ғылымының ірге тасын қалады. Оның оқушылары өте көп болды, Бірақ ол орыс деректанушылар мектебін қалыптастыра алмады. Мұның бірнеше себептері бар еді. Біріншіден, деректану ғылымы зертттеушіден жан-жақты білімді болуды талап етеді, екіншіден, «ғылыми объктивтілік» ұстанымындағы ғалымның айналасына талантты жастар топтаса қоймады.
1884 жылы денсаулығына байланысты оқытушылық қызметтен бас тартуға мәжбүр болды. 1897 жылдың ақпан айында Константин Николаевич Бестужев-Рюмин ауыр науқастан қайтыс болды.
Достарыңызбен бөлісу: |