Педагогикалық КӘсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы

бет10/14
Дата27.09.2022
өлшемі166.54 Kb.
#461474
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
лекция 2 (1)

Педагогикалық сөздіктерде педагогикалық іс-әрекет – үлкендердің өскелең ұрпақты экономикалық, саяси, адамгершілік, әлеуметтік, мақсаттарға сай өзіндік белсенді іс-әрекетке дайындаудағы қоғамға пайдалы іс-әрекеттің түрі ретінде қарастырылады.

Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық үдерісте жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, дамытуға, өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет. Педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі –мұғалім. Ал мұғалім іс-әрекетінің объектісі–тұтас педагогикалық үдеріс болып табылады. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы бойынша оның өзара тығыз байланысқан негізгі компоненттері ретінде педагог, оқушы, мақсат, міндет, мазмұн, құрал, форма, әдіс-тәсілдер, тапсырма, нәтиже болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:

    • Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.
    • Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет (мета-іс-әрекет).
    • Іс-әрекет субъект-субъектілік және субъект-объектілік сипатта болады.
    • Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілген педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері болашақта ғана айқындалады.

4.Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері

Педагогикалық іс-әрекет нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып келеді. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар: А.К.Маркова, Л.М.Митина, Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов, Н.Д.Хмель, К.С.Успанов, А.А.Молдажанова т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет