Педагогикалық мамандыққа кіріспе
|
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының мақсаты- болашақ педагогтарды педагог қызметінің әлеуметтік жауапкершілігімен, гуманитарлық маңыздығымен таныстыру және олардың бойында педагогикалық қызметке қажетті педагогикалық бағыттылықты, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру.
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының мазмұны кәсіби-педагогикалық маандықтың мәні мен ерекшелігі, педагогикалық процестің категориялары, типологиясы, әдістері, заңдылықтары туралы білім жүйесін игеруге бағытталған. Бұл пән білім беру саласындағы педагогикалық қызметтің құрылымын, мазмұнын, табыстылық шарттарын зерттейді.
|
Педагогикалық мамандықтың қалыптасуы
|
Курстың негізгі мақсаты - студенттерді педагогикалық мамандықтың қалыптасу тарихы туралы біліммен қаруландыру; оқыту процесінде болашақ педагогтардың кәсіби-маңызды қасиеттерін және болашақ педагогикалық іс-әрекет пен педагогикалық мамандықтың теориялық және практикалық негіздерін меңгеруге қажетті кәсіби-педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру және оның жоғары әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру.
«Педагогикалық кәсіптің қалыптасуы» курсының мазмұны студенттерде жалпы және кәсіби педагогикалық мәдениеттің негіздерін, болашақ педагогтардың жалпы кәсіби құзыреттіліктерін, педагогикалық кәсіптің ерекшеліктері туралы білімнің тұтас жүйесін қалыптастыруға, олардың санасында жасалған кәсіби таңдаудың маңыздылығын түсінуге және нығайтуға бағытталған.
|
Педагогтың кәсіби этикасы
|
«Педагогтың кәсіби этикасы» курсының мақсаты студенттердің жалпы ғылыми және кәсіби педагогикалық этика саласындағы білімдерін тереңдету; болашақ педагогтың этикалық-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету; қазіргі педагогикалық қызметтің негізгі кәсіби-этикалық қағидаттарын білу саласында кәсіби ойлауды дамыту; кәсіби міндеттерді орындау үшін жауапкершілікті қалыптастыру .
«Педагогтің кәсіби этикасы» курсының мазмұны педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің негізгі компоненттерін теориялық және практикалық игеруді қамтиды; болашақ педагогтың білім алушылармен, олардың ата-аналарымен және қызметтес әріптестерімен психологиялық-педагогикалық тұрғыдан адекватты қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жеке қасиеттерін дамыту мен жетілдіруге бағытталған.
|