3 Білімгерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін оқыту негізінде қалыптастырудың құрылымдық – мазмұндық моделі



бет1/2
Дата06.09.2022
өлшемі0.6 Mb.
#460307
  1   2
МАҚАЛА 2


.3 Білімгерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін оқыту негізінде қалыптастырудың құрылымдық – мазмұндық моделі
Заманауи мұғалім қандай кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру керек екені жөнінде нормативтік құжаттар (білім беру стандарттары) бар [70]. Алайда онда мұғалім өзінің кәсіби құзыреттілік деңгейін нақты қалай арттыруға болатындығы айтылмаған. Әрбір педагог өзінің даму траекториясын таңдауға құқылы. Бірақ мұндай жағдайда негізгі қиындықтар байқалады. Қазіргі мұғалім өзінің бос уақытының болмауына байланысты (сабаққа дайындалу, студенттердің тапсырмаларын тексеру, құжаттар толтыру қажет) белгілі бір мақсатқа жету үшін арнайы нұсқаулық бойынша жүрген тиімді.
Кәсіби құзыреттілікті дамытудың нақты әдістерін таңдау үшін «кәсіби құзыреттілік» ұғымына анықтама беру қажет. Білім беру стандарттары мен білім беру туралы заңдары және заманауи ғылыми пәндерді талдау негізінде жасалған мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру моделі тұжырымдалады. Ұсынылған модельді болашақта мұғалімдердің дамыту траекториясын құру үшін оқу орындарда қолдануға болады.
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы бойынша («Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР 2011 жылғы 24 қазандағы №487 – ІV Заңы) [2] мұғалімдер келесі шарттарды орындауы қажет:
– өз қызметін жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асыру, бекітілген жұмыс бағдарламасына сәйкес оқу пәндерін толық көлемде қамту қажет, өзінің кәсіби құзыреттілігін жүйелі түрде арттыру;
– лауазымға сәйкес екенін бақылау мақсатында заңнамаға сәйкес аттестаттаудан өту.
Заңның көрсетілген тармақтары қазіргі заманғы мұғалім өз жоспарында кәсіби даму жолдарын қарастырып бір орында тұрмауы керек екендігі айтылған. Ол үнемі қоғам мен жүйенің даму тенденцияларын ескере отырып (жаңа технологиялар мен әдістерді) өз деңгейін көтеріп отыруы қажет.
Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Қазіргі уақытта педагогика ғылымында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту үдерісі ретінде студенттерді жаңа заманауи түсініктері қалыптасып жатыр. Сол себепті, университет түлегінің құзыреттілік моделі еңбек нарығының талаптары студенттердің оқу нәтижелері негізінде қалыптасады. Университет оқу үдерісінде мұғалімнің кәсіби жетістігінің табыстылығының қамтамасыз етудің маңызды шарты биолог студенттерін кәсіби әдістемелік оқыту жүйесінің барлық компоненттерін қамту. «Модель» ұғымы көп мағыналы сипатқа ие. Сондықтан бұл мәселені стратегиялық талдауға және кейбір модельдеу объектілерінің нақты сипатына қатысты айқындыққа ұмтылуға қажет. Сол себепті, мұнда алдын – ала талдауды қажет ететін модельдеудің белгілі бір ережелерін сақтау қажет, ал бұл негізде объектінің көрінісін, «фактілерді» таңдауды және нәтижелерді түсіндіруді анықтайтын бірқатар жасырын эпистемологиялық жайлар мен болжамдар бар [119].
Болашақ биолог мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық модельдерін құрастыру барысында, ең алдымен педагогикалық оқытуды моделдеуге арналған еңбектерді талдадық. Нәтижесінде біз модельдеу мақсатына байланысты бірнеше типтері бар екенін анықтадық. Мысалы, сипатына қарай модельденетін объектінің деңгейлері әр түрлі болады: пәндік, математикалық, символдық, құрылымдық модельдеу. Қызметіне байланысты: үлгі-модельдер, орын басушы болып ерекшеленеді.
Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында қазіргі уақытта педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша маңызды теориялық база жинақталған. Мәселен, Акопян М.А., Брыксина О.Ф., Китикарь О.В., Остапович О.В., Миллер В.В., Кузьмина И.Е. және т.б. еңбектерінде жазылған [120, 121, 122, 123, 124].
Біздің пікірімізше, тек ұсынылған элементтерді кешенді қолдану болашақ биолог мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар дамытуға мүмкіндік береді. Кәсіби құзыреттіліктің барлық элементтерін мақсатты түрде қалыптастыру педагогикалық университетте білікті кәсіби маман даярлауға ықпал етеді.
Мәселен, Н.Д. Хмель моделдеу біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асырудың маңызды бөлігі, зерттеуші – педагог үшін моделдеу – зерттелетін әрекеттің дұрыс моделін қайта құрау әдісі болатын болса, практик – мұғалім үшін моделдеу – іс – әрекеттің мақсатына байланысты оның құрылымын ауыстырғысы келетін белгілі бір педагогикалық әрекетті болмаса процесті тұтасымен ойша не алдын – ала қайта жасау әдісі деп санаған [125].
Н.В. Кузьминаның моделіне сәйкес педагогтың кәсіби қызметінің ерекшелігі бойынша құрастырылған, сонымен қатар мұғалімнің жеке басы тек құрылымдық компоненттің бір бөлігі ретінде қарастырылған. Кәсіби –педагогикалық құзыреттілік ұғымы автордың пікірінше, мұғалім педагогикалық ықпал ету субъектісі ретінде қарастырылған, ол педагогикалық міндеттерін атқару барысында ғылыми және практикалық білімін ұштастыра отырып дұрыс шешімдер қабылдай білуі қажет [126].
Білім берудің мазмұндық сипатына байланысты В.И. Занвзинский модельдеу жолдарын екіге бөліп айтқан, оның пікірінше танымдық және дамытушылық деп бөлінген [127].
Танымдық моделдеуге толық немесе жекелеген сипаттаушы, құрылымдық, функционалдық құрылымдардан тұрады. Ал, дамытушылық моделдеу эвристикалық модель құрылымы арасындағы жаңа байланыстар құрылымын анықтауға мүмкіндіктудырады сонымен қатар, бірнеше модель кіріктірілген неболмаса аралас болып құралады.
Алдыңғы тарауларда біз талдап өткен теориялық материал және эксперимент барысында алынған нәтижелерді ескере отырып болашақ биолог мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін құрылымдық – мазмұнды модельді ұсындық.
Модель құрастыру барысында әр білім алушының жеке ерекшеліктері ескеріліп, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға арналған жеке білім беру сипатын анықтауға келесі позицияларға ерекше назар аударылды: ғылыми, дидактикалық, пәнаралық, ғылыми, практикалық.
Ғылыми ұстанымға келетін болсақ, мұнда дәрілік өсімдіктерді тереңдетіп оқытуға негізделген жаңа ғылыми теориялық ақпараттармен және жиделер тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу материалдарымен оқыту мазмұнын жетілдіру.
Пәнаралық ұстаным деп базалық және әдістемелік пәндер арасындағы мазмұндық байланысты орнатуды айтамыз.
Тәжірибе жасау мақсаты ол білім алушылардың биологиялық білімдерін жетілдіру және тәжірибе жүргізу арқылы, нәтижеге жетуге негізделген.
Модель құрастыру барысында біз мыналарды ескердік:
– құзыреттілік пен белсенділік негіз болатын процестің ерекшеліктері;
– «құзыреттіліктің» интегративті жеке қасиетін көрсететін университет түлегінің сипаттамасы;
– болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға педагогикалық іс – әрекеттің бағыты мен шарттары.
Модель ерекшеліктері:
1) компоненттердің бірлігі мен әртүрлілігі;
2) ЖОО оқу процесін ұйымдастырудың болашақ оқытушының мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкестігі;
3) болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру шарттары.
Біз болашақ биолог мұғалімінің университеттің оқу процесінде өзін – өзі ұйымдастыра алатын және дамыта алатын күрделі, ашық, жүйе ретінде кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру моделін жасадық. Бұл үлгінің графикалық иллюстрациясы 1 – суретте келтірілген. Әзірленген модельдің негізгі мақсаты болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, оған келесі міндеттерді орындау арқылы қол жеткізіледі:
– болашақ биолог мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің әдіснамалық және теориялық негіздерін қалыптастыру;
– болашақ биолог мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін игеруге деген ынтасын қалыптастыру;
– болашақ биология мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын жасау және енгізу;
– әлеуметтік және кәсіби салаларда өзін – өзі жүзеге асыруға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.



Сурет 1 – Болашақ биолог мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық – мазмұндық моделі

Модельдің мақсаты болашақ биолог маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. Болашақ биолог мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін модельдеу кезінде біз іске асыру шарттары мен принціптерін және компоненттерін анықтадық (сурет 1).


Н.П. Гришин, Н. Е. Костылев [128, 129] және т. б. теориялық тәсілдерді негізге ала отырып, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің құрылымын үш компонентке бөлді ол: іс – әрекеттік компонент (пәндік білім, кәсіби маман болуға деген ұмтылыс, адамдармен жұмыс істеу қабілеті, жаңа жобалар жасауға ұмтылу, кедергілерді жеңуге және нәтижеге жауапкершілік алуға дайын болу, табысқа жету мотивациясы, тәуекелге дайын болу); мотивациялық компонент компонент (өз өмірін құруға деген ұмтылыс, ондағы оқиғаларға жауап беру, басқаларға қолдау көрсету, өзін – өзі дамытуға деген ұмтылыс, эмоционалды жағдайларды бақылау мүмкіндігі); когнитивті мотивациялық компонент (аналитикалық қабілеттілік, оқытудың әдіс – тәсілдерін меңгеру, өзінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ынтасы, дидақтикалық біліктер туралы білімі және жағдыларын іс – тәжірибеде қолдану, қарым – қатынастағы икемділік, белгісіздікке төзімділік, оптимизм, қарым – қатынаста өзін – өзі бақылау дағдыларын дамыту).
«Дәрілік өсімдіктер және олардың қоры», «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» пәндерін оқыту кезінде қалыптасатын білім алушының кәсіби құзыреттіліктері (КҚ):
– ғылыми және кәсіби ақпаратты алудың, сақтаудың, қайта өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдері мен құралдарын қолдануға қабілеті мен дайындығы, әртүрлі көздерден ақпарат алу;
– студенттерге Қазақстан Республикасының аумағында кездесетін дәрілік өсімдіктер флорасы туралы жалпы түсінік беру;
– Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын дәрілік өсімдіктердің негізгі ережелері туралы студенттердің практикалық, құқықтық және коммуникативтік дағдыларын дамыту;
– студенттердің Қазақстан Республикасының дәрілік өсімдіктері туралы негізгі ережелермен таныстыру;
– Қазақстан аумағында кездесетін тұқымдастардың және оларға жататын дәрілік өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері, сипаттамалары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру;
– дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың заманауи озық бағыттарымен таныстыру;
– отандық медициналық пайдалануға жарамды дәрілік өсімдіктер мен олардың шикізаттарын пайдалануды өз бетінше түсіну қабілетін қалыптастыру;
– студеттердің бір – бірімен және оқытушымен қарым – қатынасында, пікірталастарда, өзекті мәселелерді, пікірлерді, дәлелдерді және т. б. талқылауда коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру;
– студенттерді кәсіби қызметпен байланысты нормативтік – құқықтық мәселелермен таныстыру;
– студенттердің өздігінен білім алуына жәрдемдесу, дәрілік өсімдіктер туралы мамандардың біліктілігі мен білімін арттыру.
Студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру әдісі ретінде оқытушының қызмет жүйесі, яғни мақсаттарды, мазмұнын, әдістері мен нысандарын қоса алғанда, оның қызметі элементтерінің жиынтығы алынады.
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру бойынша оқытушының мақсаты – бұл оқу – кәсіби жағдайларды және биологиялық сипаттағы міндеттерді шешудің тұрақты әдістерін дамыту. «Дәрілік өсімдіктер және олардың қоры», «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» пәндері бойынша теориялық түсініктерді қалыптастыру.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа қол жеткізу оқу сабақтарында студенттердің дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеуге қызығушылығын қалыптастыратын жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады.
Педагогикалық ЖОО-да биолог мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың оңтайлы тәсілдерін анықтауға жоспарланған ғылыми зерттеу жұмысының міндетін бекіту әртүрлі деңгейлерден құралады. Мәселен: кіріктіру және жалпылау кезеңі, әдістемелік құрылымды қалыптастыру, яғни жаңа жүйелі дағды қалыптастыру.
Кәсіби құзыреттілігі жеткілікті деңгейде қалыптасқан білікті маман дайындаудың, негізгі компоненттерін қарастыратын болсақ:
Мотивациялық компонент – болашақ биолог мамандарының дәрілік өсімдіктерді қолдануға баулуға белсенділігі мен саналы сезінуі, ғылыми білім алуға құштарлығы, дәрілік өсімдіктерді зерттеуге белсенділігі мен саналы сезінуі, қызығушылығы, жаңашылдыққа белсенді ұмтылу, шығармашылық белсенділікке саналы талаптану, меңгерген білімін құндылық ретінде түсіну.
Когнитивті компонент – бұл білімгерлердің саналығы мен олардың танымдық үдерісін сипаттайды. Яғни, кәсіби білім бағдарламасының талаптарын игеру, аналитикалық қабілеттілік, дәрілік өсімдіктерді қолдану жөніндегі білімі, өзінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ынтасы, дидақтикалық біліктер туралы білімі және жағдыларын іс – тәжірибеде қолдану.
Мазмұндық компонеттің негізгі критерийлері – білімнің деңгейі, жүйесі, беріктігі.
1. Білім көлемі ең алдымен, оқушылардың оқу материалын есте сақтау қабілетіне, яғни олардың жадында сақталған материалдар санына байланысты.
2. Бұл қасиет студенттердің зерттелетін ғылымның теориялық құрылымын дамытудағы білімнің белгілі бір бағытын түсінуімен және бағалауымен тығыз байланысты.
3. Білім беріктігі - білім барлық деңгейде тұрақты және сенімді болуы керек. Білім қалыптасудың бұл кезеңіне барлық деңгейлерден өткеннен кейін ғана қол жеткізуге болады.
Іс – әрекеттік компонент болашақ биолог мамандарының дәрілік өсімдіктерді қолдануға сәйкес іскерлігі, адамның күнделікті жан – жақты әрекетінде қоғамға, өмірге, табиғатқа, еңбекке шынайы қарым – қатынас жүйесін жүзеге асыру, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жоспарын құру, ақпараттық құралмен жұмыс жасау, мәдени түрде диологқа түсе алу.
Зерттеу жұмысымызда модельде көрсетілген ретті ескере отырып болашақ биолог мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдарын, дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін, мазмұнын меңгерудің өлшемдері мен көрсеткіштерін негіздедік.
Өлшемдері: білімгерлердің Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктерге қызығушылығы және оған деген аялы көзқарасы, оның қажеттілігін түсінуі; дәрілік өсімдіктер туралы білімнің болуы; ойлау ережелеріне дағдылануы; ойлау ережелерін қажетті деңгейде еркін игеріп оларды оқу барысында және оқудан тыс іс – шараларда пайдалана білу. Сондықтан оқу процесінің барлық кезеңдерінде болашақ биолог мамандардың ғылыми-зерттеу қызметін қалыптастыруды мақсатты түрде ұйымдастырған жөн [130].
Кәсіби құзыреттілікті оқыту процесінде қалыптастыру сабақта дәрілік өсімдіктердің морфологиялық, анатомиялық, биологиялық және фитохимиялық ерекшеліктер мен практикалық маңыздылықты зерделеу кезінде проблемалық жағдайларды құру, білімгерлердің болжау қабілетін, күрделі тапсырмаларды орындау, эксперименттер, бақылаулар жүргізу, зертханалық, жобалық, зерттеу тапсырмаларын орындау сияқты дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алуды процесін белсенді етіп ұйымдастыру керек.
Университеттен тыс білім беру барысында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, дәрілік өсімдіктердің морфологиялық, анатомиялық, биологиялық және фитохимиялық оқытудың практикалық маңызы. Мысалы, СӨЖ, оқу-далалық тәжірибе, экскурсиялар, далалық бақылау, жаппай жұмыстар барысында. Бұл кезеңде студенттер зерттеу әдістерімен және осы саладағы табиғи нысандармен танысады.
Ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындау арқылы дәрілік өсімдіктердің морфологиялық, анатомиялық, биологиялық және фитохимиялық ерекшеліктерін және практикалық маңызы кәсіби дағдыларды қалыптастыру және білімді тереңдету. Мәселен, студенттердің ғылыми және практикалық конференцияларында мақалалар, дәрістер дайындау, әртүрлі деңгейдегі ғылыми жобаларды іске асыру, халықаралық, республикалық, қалалық, университеттік деңгейдегі конкурстарға қатысу.
Білімгерлердің дәрілік өсімдіктер туралы білімді меңгерудің төмен, орта, жоғары деңгейлері олардың жинақтаған білімдері арқылы арнайы сауалнама, тест, тапсырмалар арқылы анықталады. Мұндағы берілген өлшемдер сипаты төмендегідей:
Төмен: дәрілік өсімдіктер түрлеріне қызығушылық танытпайды, оны қажет деп есептемейді, дәрілік өсімдіктер туралы түсінігі аз [130].
Орта: дәрілік өсімдіктер туралы жалпылама түсінігі бар әйтседе, оларды үйренуге аса мән бергенімен, оған өзінің көзқарасын көрсете бермейді, көпшілік жағдайда нұсқаушының немесе оқытушылардың көмегіне сүйенеді.
Жоғары: дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтерді жетік меңгерген, оған деген қызығушылығы мол; үйрену дағдысын өздігінен дербес ізденіс арқылы толықтыра біледі.
Жоғарыда берілген болашақ биолог мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық – мазмұндық моделі бойынша кәсіби іс – әрекетті меңгерген дәрілік өсімдіктердің материалдарын оңтайлы пайдалануға өз кәсіби әдістемелік даярлығын қалыптастыруға ұмтылысы жоғары маман даярлауға қол жеткізуге болады. Осылайша дәрілік өсімдіктердің зерттеу нәтижелерін пайдалану мүмкіндігінің қажет екендігін дұрыс түсінеді, өздігінен жоғары деңгейде пайдалана алады.
Болашақ биолог мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі сипатында зерттеудің мақсаты анықталды және оқу процесінде заманауи тәсілдерді пайдалану, іскерлік дағдыларды дамыту туралы білімді жақсартуға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмыстарын жүргізуде әртүрлі педагогикалық конкурстарға белсенді қатысу, шығармашылық топтардағы жұмыс, инновациялық технология, жаңа педагогикалық әдістерді игеру, өзінің педагогикалық тәжірибесін талдау маңызды болып табылады.
Бағдарламалық – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуде «Дәрілік өсімдіктер және олардың қоры», «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» пәндері бойынша «Жиделер тұқымдасының емдік қасиеті мен зерттеу әдістері» оқу – әдістемелік нұсқаулығы, «Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер» электронды атлас – анықтамалығы қолданылды. Бұл оқу – әдістемелік нұсқаулық пен электронды атлас – анықтамалығы диссертация тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелерінің негізінде даярланды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет