Тақырыбы: Тұтас педагогикалық (процестің) үдерістің мәні және құрылымы 1 . Тұтас педагогикалық үдеріс ұғымының қалыптасу тарихы. 2. Педагогикалық үдерістің мәні, оның құрылымдылық компоненттері 3. Педагогикалық үдерстің қозғаушы күштері. - Оқыту мен тәрбие процесін ажырамас бірлікте қарастыру идеясы XIX ғасырдың ортасында өмірге келді.
- «Педагогикалық процес» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы Петр Федорович Каптерев енгізді.
- «Педагогикалық процес - өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғанын жан-жакты жетілуі».
- Ол педагогикалық процес пен тәрбиені үйлесімдікте, яғни педагогикалық процесті тұлғаның жан-жақты жетілу процесі ретінде карастырды.
- П.Ф. Каптерев педагогикалық процесті әтүрлі кырлар мен құралдардан тұратын біртұтас қүбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезендері болатынын атап көрсетті
- XX ғасырдың 20-жылдарында тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К. Гончаров, А.Г. Калашников).
- Біршама кейін педагогикалык процестің құрамдас бөлігі оқыту процесі зандылықтарын В.И. Загвязинский, Г.И. Щукина, Н.И. Болдырев және т.б. өз еңбектерінде нақты ашып көрсетті.
- XX ғасырдың соңғы жылдарында біртұтас педагогикалық процес заңдылықтарын М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б.Т. Лихачев, В.А. Сластенин сияқты ғапымдар педагогика әдіснамасы жетістіктеріне сүйеніп, зерделеді.
- М.А. Данилов «Педагогикалық процес - көптеген процестердің ішкі байланыскан жиынтығы, оның мәні тәрбие аркылы адамның әлеуметтік құнды сапасына айналатындығы» деген анықтама береді.
- Педагогикалык процестің негізгі сипаттамасы оның бір түтастығында.
- Педагогикалық процестің барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді: білім берушілік, дамытушылык, тәрбиелік.
- Педагогикалық процестің тұтастығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігі мен нақты оқу-тәрбие процесінің барысымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |