Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Педагогтерге оңайлатылған тәртіп бойынша



бет14/34
Дата20.09.2024
өлшемі383 Kb.
#503843
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34
Аттестатция жаңа ереже

3-параграф. Педагогтерге оңайлатылған тәртіп бойынша
біліктілік санатын беру тәртібі

73. Президенттің кадр резервіне кірген тұлғаларға, Nazarbayev University түлектеріне, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмысқа орналасу сәтінде жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін бес жылдан кешіктірілмей біліктілік санатын беру рәсімінсіз Комиссия шешімімен «педагог-модератор» біліктілік санаты беріледі. Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда белгіленген мерзімде өткізіледі.


74. «Педагог-модератор» біліктілік санаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына жұмысқа орналасу сәтінде тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте соңғы бес жылдан кем емес жұмыс өтілі бар адамдарға Біліктілік тестілеу рәсімінен өтпей беріледі.
«Педагог-сарапшы» біліктілік санаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына жұмысқа орналасу сәтінде тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте соңғы он жылдан кем жұмыс өтілі бар адамдарға Біліктілік тестілеу рәсімінен өтпей беріледі.
75. Жеке өтініш және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификат негізінде шет (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне аттестаттау рәсімінен өтпей «педагог-модератор» біліктілік санаты беріледі:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT) – 79-84 балл;
француз тілі: дельф (DELF) – В2;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – В2.
76. Жеке өтініш және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификат негізінде шет (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне «педагог-сарапшы» біліктілік санаты қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өткеннен кейін Біліктілік тестілеу рәсімін әрі қарай өтпей беріледі:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT) – 85-93 балл;
француз тілі: дельф (DELF) – В2;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – В2.
77. Жеке өтініш және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификат негізінде шет (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өткеннен кейін Біліктілік тестілеу рәсімінен әрі қарай өтпей беріледі:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 7 балл; тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT) – 94-101 балл;
TKT (Teaching Knowledge Test) Modules 1-3 (3 модульдің бірі) Band 3-4/4 (нәтиже: 4 ұпайдың 3-4);
француз тілі: дельф (DELF) – С1;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – С1.
«Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults Cambridge) Pass and above сертификаты бар ағылшын тілі мұғалімдеріне жеке өтініш негізінде аттестаттау рәсімінен өтпей беріледі.
78. Жеке өтініш және сертификат негізінде шет (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне шет тілін меңгеру деңгейі бойынша «педагог-шебер» біліктілік санаты бұдан әрі біліктілікті тестілеу рәсімінен өтпей-ақ қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өткеннен кейін беріледі:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 7,5 балл; тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT) – 102-109 балл;
TKT (Teaching Knowledge Test) Modules 1-3 (3 модульдің бірі) Band 3-4/4 (нәтиже: 4 ұпайдың 3-4);
француз тілі: дельф (DELF) – С1;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – С1.
«Педагог-шебер» біліктілік санаты DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above сертификаты бар ағылшын тілі мұғалімдеріне жеке өтініш негізінде аттестаттау рәсімінен өтпей беріледі.
79. Жоғарыда аталған сертификаттары жоқ шет тілдерінің педагогтері біліктілік санатын беру рәсімінен жалпы негізде өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет