Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер



бет12/33
Дата27.03.2024
өлшемі142.43 Kb.
#496667
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Ереже аттестация ЖОБА

5-тарау. Қорытынды ережелер

91. Комиссия хаттамасының негізінде аттестаттаушы орган біліктілік санатын беру (растау)/атқаратын лауазымына сәйкестік (сәйкессіздік) туралы бұйрық шығарады.


92. Бұйрықтың негізінде білім беру ұйымы осы Қағидалардың 24-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік санатын беру (растау)/атқаратын лауазымына сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы куәлік береді.
93. Біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналында тіркеледі және Платформадағы педагогтің «жеке кабинетінде» жарияланады.
94. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың)) педагогтеріне, бірінші басшыларына, басшысының орынбасарларына берілген (расталған) біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тиісті деңгейдегі Комиссияның шешімі негізінде 1 қыркүйектен бастап жүзеге асырылады.
95. Осы Қағидалар шеңберінде жалпы негізде берілген (расталған) біліктілік санаты үшін педагог қызметкерлерге үстемеақы қолданылады:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пәндер (пән) бойынша;
педагог жұмыс істейтін орта білім беру ұйымында жүргізілетін қосымша білім беру шеңберінде тиісті бейіндегі үйірме сабақтары үшін.
96. Аттестаттау рәсімінде және біліктілік санаттарын беруде бұзушылықтар анықталған жағдайда аттестаттаушы органның Комиссиясы біліктілік санатын беру туралы шешімді дербес өзі немесе бақылау және қадағалау органдарының ұсынуы бойынша бұзушылықтар анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайта қарайды. Комиссия шешімді қайта қарау тәртібін дербес өзі анықтайды.
97. Аттестаттау қорытындысы бойынша Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық бөлімшелері аттестаттау рәсімін өткізуге іріктеп мониторинг жүргізеді.

Педагогтерді


аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына
1-қосымша

Педагогтің/бөлім басшысының (меңгерушісінің) және әдістемелік кабинеті (орталық) әдіскерінің біліктілік санатын беруге (растауға) арналған комиссия отырысының хаттамасы


20____ жылғы «___» __________________


Комиссия төрағасы
____________________________________________________________________
Комиссия мүшелері:
1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет