Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы
5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының студенттеріне арналған
IKBP 4303 Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау
ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)
Павлодар, 2013
Пән бағдарламасын
бекіту парағы (Syllabus)
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
БЕКІТЕМІН
Сәулет-құрылыс
факультетінің деканы
________Күдерин М.Қ.
2013 ж. «___»_________
Құрастырушы: __________ аға оқытушы Шахаев Т.Қ.
Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы
5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған
IKBP 4303 Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау
пӘнІНІҢ БАҒДАРЛАМАсы (Syllabus)
Бағдарлама 20___ж. «____»________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
Кафедра отырысында талқыланды 2013 ж. «__»_________
№ __ Хаттама.
Кафедра меңгерушісі________________ В.Т. Станевич 2013 ж. «___»_________
Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылды
2013 ж. «__»_________ № __ Хаттама
ОӘК төрайымы ________________ Г.А. Жүкенова 2013 ж. «___»_________
1. Оқу пәнінің төлқұжаты
Пәннің атауы IKBP 4303 Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау
Міндетті компонент пәні.
Кредиттер саны және оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 4
Семестр: 7
Барлығы: аудиториялық сабақтар – 45 сағат
Дәрістер – 30 сағат
Практикалық/семинарлық сабақтар – 15 сағат
СӨЖ – 90 сағат
соның ішінде ОСӨЖ – 22,5 сағат
Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағат
Бақылау түрі
Емтихан – 7 семестр
Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: математика, физика, химия, өлшеудің жалпы теориясы, стандарттау, метрология, сертификаттау, квалиметрия және т.б.
Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, сапа менеджменті жүйесі
2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу акпараттары
Шахаев Төлеуғазы Құрманбекұлы, аға оқытушы.
«Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы ПМУ-дың Д корпусында (Толстой к-і 99), Д-302 аудиторияда орналасқан.
Байланысу телефоны (8-7182) 67-36-59 (12-33 қосымша).
Email - @mail.ru
3 Пән, мақсаттары мен міндеттері
Пәннің мәні.
«Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау» пәні осы мамандық үшін міндетті болады және өзіне әр көлемде сынаудың, бақылау мен өнім қауіпсіздігінің ережелерін және тарауларын қамтиды.
Пәнді оқыту мақсаттары.
«Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау» пәнін оқытудың мақсаты - сынау мен бақылауды өткізу туралы теориялық білімді алу және сынау мен бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу әдістерінің негізгі ережелері туралы білімді қалыптастыру болады.
Пәнді зерделеудің міндеттері.
Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау пәні мамандықтың арнайы пәндерінің бірі болып саналады және ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық сұрақтарды шешу кезінде қолдану үшін сынау нәтижелерін өңдеу туралы білімді оқу, сынау теориясының негіздерін қарастыру болады.
4. Білімдерге, машықтарға, дағдыларға және құзыретті болуға талаптар.
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің
түсінігі болуы керек:
- өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесінде сынау міндеттері туралы;
- сынауды технологиялық, математикалық, әдістемелік, метрологиялық және ақпараттық қамтамасыз етуді дамытудың қазіргі деңгейі туралы;
- сертификаттау және сынау сапасының жүйелері туралы
білуі керек:
- механикалық, климаттық және биологиялық факторлардың әсер етуіне сынау жүргізу әдістемесі мен технологиясын пайдалануды
дағдыларын иеленуі керек:
- сенімділікке сынау нәтижелерін жоспарлау және өңдеу;
- механикалық, климаттық және биологиялық факторлардың әсер етуіне сынаудың жеке фрагменттерін орындау;
- сынау нәтижелері бойынша бұйымдардың сапасы туралы шешімдерді қабылдау
құзыретті болуы керек:
- сынау мен бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу әдістерінің негізгі ережелерінде;
- сынауды технологиялық, математикалық, метрологиялық және ақпараттық қамтамасыз етуді дамытудың қазіргі деңгейінде.
5. Пәнді зерделеудің тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың бөлінуі
№ р/с
|
Тақырыптардың
атауы
|
Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны
|
СӨЖ
|
дәріс-тер
|
практи-калық
|
барлығы
|
соның ішінде ОСӨЖ
|
1
|
Кіріспе
|
1
|
-
|
2
|
-
|
2
|
Жалпы ережелер
|
9
|
2
|
18
|
3
|
3
|
Механикалық әсерлерге сынау
|
8
|
5
|
18
|
6
|
4
|
Климаттық әсерлерге сынау
|
6
|
5
|
15
|
4
|
5
|
Сенімділікке сынау
|
2
|
1
|
12
|
3
|
6
|
Сынауды автоматтандыру
|
1
|
-
|
10
|
1,5
|
7
|
Сынау нәтижелерін өңдеу және талдау
|
1
|
1
|
10
|
3
|
8
|
Сынау мен бақылауды техникалық қамтамасыз ету
|
2
|
1
|
5
|
2
|
|
Барлығы: 135 (3 кредит)
|
30
|
15
|
90
|
22,5
|
6. Пәннің дәрістер тақырыптарының мазмұны мен тізімі
1тақырып. Кіріспе. Әртүрлі тағайындаудың бетондары. Оның классификациясы және оларға қойылатын негізгі талаптар
Жоспар:
-
Кіріспе. Бетонның түрі. Оның классификациясы және оларға қойылатын негізгі талаптар.
-
Бетонның құрылымы, орташа тығыздығы, байланыстырғыш және толтырғыш түрімен, қатаю шарты бойынша классификациялау.
-
Бетонға арналған материалдар. Бетон технологиясында химиялық қоспалардың мәні.
-
Химиялық қоспалар және олардың қолданудағы негізгі жағдайының жалпы мағлұматтары.
Бетон дегеніміз жасанды тас материалы байланыстырғыш материалды, суды майда және ірі толықтырғыштарды біріктіріп қалыптап және қатайту арқылы пайда болған қоспа. Бұл материалдардың қоспасын қатаюға дейін бетон қоспасы деп аталады. Бетон құрылыстың барлық саласында негізгі құрылыс материалы болып табылады. Қазіргі кезде құрылыс саласында бетонның көптеген түрлері қолданылады. Құрылыста бетондарды қолдану топталуына байланысты болады. Бетондар орташа тығыздығы, байланыстырғыш түріне байланысты топталады.
Көптеген бетондардың құрамы тығыздығына, толтырғыштардың түріне, қандай цемент тасынан жасалғанына және бетон құрылысына байланысты болады. Бетондарды орташа тығыздығына байланысты өте ауыр орташа тығыздығы 2500 кг/м3 жоғары , ауыр 1800 – 2500кг/м3, жеңіл 500 – 1800 кг/м3, өте жеңілдер 500 кг/м3 төмен деп бөледі.
Әртүрлі бетонға қойылатын негізгі талаптар:
-
Қатаю мерзімін анықтағаннан кейінгі берілген беріктігі (марка);
-
Берілген консистенция және жайылымды төселу;
-
Цемент шығынын азайту;
-
Аязға төзімділігін анықтау конструкциясы, суға немесе ауаға төзімділігі;
-
Талаптардың орындалуын қадағалау, материалды дурыс таңдау, нақты құрамын дұрыс таңдау, қоспаның ұқыпты дайындалуы және тағы басқа.
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 14].
2 тақырып. Кәдімгі ауыр бетонның құрамын анықтау
Жоспар:
-
Кәдімгі ауыр бетонның құрамын анықтау. Бетонның құрамын жобалаудың жалпы принциптері.
-
Құм мен ірі толтырғыштың арасындағы қатынасты орнату. Бетонның құрамын анықтау жолы және оның түзетулері.
Ауыр бетон дегеніміз – бетон қоспасы, цементтен, судан, сонымен қатар ірі және майдатолтырғыштардан дайындалады. Ауыр бетонда 1 м3 кететін масса 1800 – 2500 кг. Ауыр бетондағы ірі толтырғыштарға тау жыныстары: гранит, әктас, диабаз, малтатас қолданылады.
Қазіргі кезде кең тарап, көп қолданылатыны ауыр бетондар тығыздығы 2100 - 2500 кг/м3, қолданылатын толтырғыштары тығыз тау жыныстары (гранит, әктас, диабаз және тағы басқа). Ауыр бетонның маркасы М100 ден М1000 дейін болады. Көбіне тараған маркалар М200, М300, М350.
Бетон топтарының негізгі сығылып сынғандағы беріктілігі бойынша мынадай топтарға бөлінеді: В1; В1,5; В2,5; В3,5; В5; В7,5; В10; В12,5; В15; В20; В25; В30; В40; В50; В55; В60. Бетонның беріктілігі цементің түрімен активтілігіне, цементтің суға қатынасының мәніне, толтырғыштың беріктігіне, бетон қоспасының нығыздалу дәрежесіне және қатаю уақытына байланысты болады.
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 5-8].
3 тақырып. Ауыр бетонның ерекше түрлерінің құрамын анықтау
Жоспар:
-
Ауыр бетонның ерекше түрлерінің құрамын анықтау. Ұсақ құмның негзіндегі бетон.
-
Құрамалы темірбетон құрылымдарына арналған бетон. Беріктігі жоғары, тез қататын бетондар.
-
Гидротехникалық үймереттер және жол мен аэродромды жабындыларға арналған бетондар.
Бетон топтарының негізгі сығылып сынғандағы беріктілігі бойынша мынадай топтарға бөлінеді: В1; В1,5; В2,5; В3,5; В5; В7,5; В10; В12,5; В15; В20; В25; В30; В40; В50; В55; В60. Бетонның беріктілігі цементтің түрімен активтілігіне, цементтің суға қатынасының мәніне, толтырғыштың беріктігіне, бетон қоспасының нығыздалу дәрежесіне және қатаю уақытына байланысты болады.
Бетонның 28 тәуліктегі сығылып сынғандағы беріктілігі бетонның тобын немесе маркасын анықтайды. Ауыр бетонның сығылып сынғандағы беріктілігі бойынша мынандай маркалары болады: М50; М75; М100; М150; М200; М250; М300; М350; М400; М450; М500; М600; М700; М800. Ауыр бетонның сығылып сынғандағы беріктілігі бойынша тобымен маркасының қатынасы 1 кестеде көрсетілген.
Ауыр бетонның ерекше түрлерінің құрамын анықтау. Ірі толтырғыштарды ауыр бетонға қолдану кезінде қойылатын негізгі талаптар. Ауыр бетонға қолданылатын табиғи тастан қиыршық тас, малтатас және қиыршық тас малтатастан мынадай бөліктерге бөлінеді: 5 -10 (3 – 10); 10 – 20; 20 – 40; 40 – 70 мм. Ірі толтырғыштың аз мөлшері 1/3 көп болмауы керек
Ауыр бетонға қолданылатын су мөлшері бетон маркасы М300 төмен болса 1,5 еседен кем болмауы керек, ал бетон маркасы М300 жоғары болса 2 есе кем болмайды.
Ауыр бетон түрлері және оларға қойылатын талаптар
Ауыр бетондардың әр түрлері болады: тез қатаятын, гидротехникалық ғимараттарға арналған бетон, жол және аэродромдық жабындар үшін қолданылатын және тағы басқа бетондар.
Тез қатаятын бетондарды дайындау кезінде құрамына қосылатын негізгі шикізаттар цемент, гипс, су, СаСl2 қолданылады. Сапалы тез қатаятын бетон алу үшін алюминатты цемент М500, 3% гипс, су цемент қатынасы С/Ц=0,35, хлорлы кальций қоспасы 2% қосылады.
Гидротехникалық ғимараттарға қолданылатын бетондар негізінен конструкцияның қызмет ету ұзақтылығын қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар бетон беріктілігіне емес, аязға төзімділігіне және су өткізбейтіндігіне байланысты болады.
Жол және аэродромдық жабындар үшін қолданылатын бетондар негізінен көбіне иілуге төзімді болу керек. Сондықтан бетон беріктілігіне үлкен мән беріледі, сонымен қатар аязға төзімділігі, су өткізгіштігі, иілуге және механикалық жүктерге берікті болуы керек. Жол жабындары үшін қолданылатын бетонның беріктілігі осы материалға қолданылатын материалға байланысты иілу кезіндегі: М20,25,30,35,40,45,50,55; қысылу (сығылу) кезіндегі: М100,150,200,300,350,400,500.
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 6-12].
4 тақырып. Керамзитбетон және өзге кеуекті толтырғыштар негізіндегі жеңіл бетондар.
Жоспар:
-
Керамзитбетон және өзге кеуекті толтырғыштар негізіндегі жеңіл бетондар. Жеңіл бетондар қасиеттерінің ерекшеліктері. Керамзитбетонның құрамын жобалау.
-
Кеуектелген жеңіл бетонның құрамын анықтау. Ірі кеуекті жеңіл бетонның құрамын анықтау.
Арнайы бетондар пайдаланудың ерекше нақты шарттары үшiн арнайды және жеке конструкциялардың түрлерiнде шығарылады немесе бүтiн ғимараттарда қолданылады. Арнайы бетондарға жатады: жолға арналған цемент, берiктiгi жоғары, су техникалық, ыстыққа төзiмдi, қышқылға реттеу, ерекше ауыр, күкiрттi, фибро бетондар жатады. Арнайы бетондарды жасау үшiн нақтылы (байланыстырғыш зат, толтырғыштар) шикiзат материалдары және ерекше қасиеттерi бар бетондардың алу қасиеттерге және параметрлерiне беттерiнше қамтамасыз ететiн технологияны таңдайды. Сонымен бiрге бетондар бұл ауалы қышқыл орталарында және үлкен берiктiктер, ыстыққа төзімділігі, табандылық типтi талаптарды және оларға талап теорияның ортақ заңдылықтарына таралады.
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 14,15].
5 тақырып. Ұялы бетондардың құрамын анықтау.
Жоспар:
-
Ұялы бетондардың құрамы және құрылымының ерекшеліктері.
-
Ұялы бетондардың құрамын анықтау.
Ұялы бетондар – ұнталған кремнеземді компонентпен араластырылған портландцемент немесе әктен, оларға газ немесе көбік бөліп шығаратын заттар қосып жасалынады. Сондықтан бұл бетондар араның ұясына ұқсас бүкіл денесіне біркелкі тараған көптеген уақ (макро диаметрі 0,5-2 мм) және өте уақ (микро диаметрі 0,01 мм-ден кіші) саңылаулары (тесіктері) бар құрылымды болып келеді. Макросаңылаулар газ не көбік шығаратын заттардың, ал микросаңылаулар – байланыстырғыш затпен химиялық әрекеттеспеген бос су әсерлерінен түзіледі. Макротесіктердің ішінде газ не ауа болады. Микротесіктер саңылаулары қоршаған цемент тас қаңқаларында, қабықтарында орналасады.
Ұялы бетондар қолданылатын орны мен орташа тығыздығына байланысты 3 топқа бөлінеді: жылу өткізбейтін, тығыздығы 500 кг/м3; конструктивті жылу өткізбейтін, тығыздығы 500-900 кг/м3 және конструктивтік, тығыздығы 900-1200 кг/м3 аралығында. Бұл бетондар тығыздығы бойынша ерекше жеңіл бетондар тобына кіреді.
Кремнеземді компонент ретінде ұнталған кварцті құм, отын күлдері, ұнталған домна шлактары қолданылады. Бұлар байланыстырғыш заттардың шығынын азайтады. Бетонның отырғыштығын (көлемінің қысқаруын) кемітеді, яғни оның сапасын арттырады. Кварцті құмды ылғалды әдіспен 1700-1800 см2/г дейін ұнтайды да, құм шламы түрінде пайдаланады. Бұл компонент ретінде табиғатта кездесетін майда, түйіршіктері 0,01... 0,08 мм маршалит деп аталатын құмды пайдаланған тиімді.
Бетонды ұялау үшін қамырды химиялық не механикалық әдістермен кепіртеді (көтереді). Бірінші жағдайда – қамырға газ түзетін зат қосады, араласпада химиялық реакция жүреді де, газ бөлініп шығады, ал 2-жағдайда қамырға алдын ала бөлек дайындалған көбік қосылады. Осыған байланысты ұялы бетондар газбетон не газсиликат пен көбікбетон не көбіксиликат деп, екі түрге бөлінеді. Ұялы бетон бұйымдарын өндіргенде байланыстырғыш зат ретінде цемент қолданылса, оларды газбетон немесе көбікбетон, ал әк пайдаланылса – оларды газсиликат не көбіксиликат деп атайды. Бұлардың ішінде көп тарағаны – газбетон.
Көбікбетон және көбіксиликат өндірісінде көбік түзетіндер ретінде қарағай шайырын сілтілермен сабындау арқылы алынатын шайырды не сабынды тамырдың су ерітіндісі – смолосапонинді пайдаланады. Көбікті, әсіресе алғашқы кезде, яғни көбікбетон немесе көбіксиликат массасының (араласпасының) беку (ұстасу) процесінің бастапқы уақытында шөкпеуі үшін, оны тұрақтандыру мақсатымен көбіктүзгіштің ерітіндісіне мал желімі не сұйық шыны қосылады.
Ұялы бетондардың қасиеттері. Ұялы бетондар тығыздығы (кг/м3) бойынша D300-D1200 маркалар аралығында, ал жылу өткізгіштігі (Вт/(м°С бойынша 0,05-0,45 аралығында болады; беріктігі бойынша: а маркалары (кгс/см2, үлгілердің ылғалдылығы 102 % кезінде) М5-М200, ә) кластары (МПа) В0,35-В20 аралығында болады. Тұрғын үйлердің, т.б. ғимараттардың сыртқы қабырғалық панельдері үшін қоршаған ауаның ылғалдылығы мен температурасына байланысты аязға төзімділігі FІ5; F25 маркаларымен сипатталынатын ұялы бетондар қолданылады.
Ұялы бетон бұйымдарындағы болат арматураны коррозиядан (қираудан) сақтау үшін оның беті жұқа 0,3-0,5 мм цементбитум не цементполистиролдан дайындалған сылақпен майланады (сыланады).
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 6-10].
6 тақырып. Ұсақұнтақты бетондар.
Жоспар:
-
Ұсақұнтақты бетондар. Қасиеттерінің ерекшеліктері. Кәдімгі ұсақұнтақты бетондардың құрамын анықтау.
-
Армоцемент құрылымдарға арналған бетондардың құрамын анықтау.
-
Жолдық ұсақұнтақты бетондардың құрамын анықтау. Микротолтырғыш негізінде ұсақұнтақты бетон.
Ұсақ түйіршікті бетонның қасиеті кәдімгі бетон мен пара - пар болып келеді. Бірақ та ұсақ түйіршікті цемент – құмды беттонның өзіндік ерекшеліктері де бар. Олар: біртектілігімен, ұсақ түйіршіктілігімен, құрамында цемент тасының жоғары болуымен, қатты тасты скелетің болмауы, жоғары кеуектілік пен қатты фазаның салыстырмалы беттерімен ерекшеленеді.
Жеңіл бетондарды жасау үшін әртүрлі кеуекті толтырғыштарды пайдаланады, олар: жасанды керамзит,аглопарит, перлит, шлакты пемза және т.б., сонымен қатар табиғи – туф, пемза және т.б.
Беріктілігі бойынша өте жеңіл жылу өткізгіш бетон, кепкен күйіндегі тығыздығы 500 кг/м3 кем емес және жеңіл бетон тығыздылығы 500 - 1800 кг/м3. Өте жеңіл бетондардың беріктіліктері дан сирек жағдайларда ғана 1,5 МПа артық болады. Жеңіл бетонның беріктілігі 2,5 тен 30 МПа және одан жағарыға дейін өзгереді.
Структурасы бойынша тығыз және қарапайым деп бөледі, сонымен қатар ауыр және жеңіл құмдардағы ерітінділері ірі толтырғыштардың түйіршік аралық қуыстарын толығымен жабуға арналады.
Құрамына қосылатын қоспалардың ең басым үйлесімділігі күлдің 0,4- 0,6 мөлшері, ал ең азы 0,06 – 0,15 микрокремнезем.
Көптеген эксперименттер негізінде ұсақ түйірішкті бетонның қысу беріктігі тек С/Ц қатынасымен ғана анықталамай, цементтің белсенділік және қоспа сапасы, сонымен қатар көптеген басқа да факторлар, мысалға алсақ, қоспаның ыңғалдылығы, жайылымдылығы, бетон қатаюы, белсенді қоспалардың саны мен сапасы және т.б.
Негізінен жеңіл бетондар конструкционды жылуқткізбейтін, беріктіліг 2,5 – 19 МПа, тығыздығы 500 – 1400 кг/м3 және беріктілігі 10 – 30 МПа, ал тығыздығы 1400 – 1800 кг/м3 болатын конструкционды бетондар.
Шикізат құрамы
Ұсақ түйіршікті бетондарға белсенді минералды қоспалардың ішінде көбіне тәжірибелі орынды алатыны таскөмірлі күл ТЭС.
Құрамына күлдің қосылуы басқа белсенді активті материалдармен салыстырғанда, бетонның қасиетін анағұрлым жақсартады. Сонмен қатар күлдің мөлшері цемент массасымен салыстырғанда 30% шамасында болуы тиіс.
Көптеген тәжіріибелер нәтижесінде, күлдің шар тәріздес формасы қатты шарикті подшибниктар ретінде қызмет атқаратындығын ескереген. Сондықтан эмульгирлі ауа, ауа тартқыш қоспаларды қолданғанда бетон қоспасын пластикалылығын жақсартып, ауалы қылады.
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 4-14].
7 тақырып. Силикатты бетондар.
Жоспар:
-
Силикатты бетондар. Қасиеттерінің ерекшеліктері және құрамының анықтау жолы.
-
Құрамын анықтауының жеңілдетілген жолы.
Автоклавта 175 – 190 оС және 0,8 – 1,3 МПа будың қысымына гидроксид кальциі кремнезем компонентімен қарқынды байланысады. Бұдан гидросиликат кальциі пайда болады, ол жоғарғы беріктілік көрсетеді.
Ауыр бетондардың әр түрлері болады: тез қатаятын, гидротехникалық ғимараттарға арналған бетон, жол және аэродромдық жабындар үшін қолданылатын және тағы басқа бетондар.
Тез қатаятын бетондарды дайындау кезінде құрамына қосылатын негізгі шикізаттар цемент, гипс, су, СаСl2 қолданылады. Сапалы тез қатаятын бетон алу үшін алюминатты цемент М500, 3% гипс, су цемент қатынасы С/Ц=0,35, хлорлы кальций қоспасы 2% қосылады.
Гидротехникалық ғимараттарға қолданылатын бетондар негізінен конструкцияның қызмет ету ұзақтылығын қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар бетон беріктілігіне емес, аязға төзімділігіне және су өткізбейтіндігіне байланысты болады.
Жол және аэродромдық жабындар үшін қолданылатын бетондар негізінен көбіне иілуге төзімді болу керек. Сондықтан бетон беріктілігіне үлкен мән беріледі, сонымен қатар аязға төзімділігі, су өткізгіштігі, иілуге және механикалық жүктерге берікті болуы керек. Жол жабындары үшін қолданылатын бетонның беріктілігі осы материалға қолданылатын материалға байланысты иілу кезіндегі: М20,25,30,35,40,45,50,55; қысылу (сығылу) кезіндегі: М100,150,200,300,350,400,500.
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 10-14].
8 тақырып. Бетонның кейбір ерекше түрлері.
Жоспар:
-
Бетонның кейбір ерекше түрлері. Азқиыршықтасты, ірікеуекті, ыстыққа төзімді бетондар.
-
Полимербетондар. Азқиыршықтасты, ірікеуекті, гидратты, ыстыққа төзімді бетондар. Полимербетондар.
Жеңіл бетондар жоғары кеуектілігімен және үлкен емес 500 – 1800 кг/м3 дейінгі тығыздылығымен ерекшеленеді. Жеңіл бетон қыштың және ауыр бетонның орнына пайдалану жылу қорғау сапасын арттыруға мүмкіншілік береді, бұл ғимараттың қабырғасының қалыңдығы мен салмағын айзайтуға мүмкіншілік жасайды.
Жеңіл бетонда толтырғыштар есебінде құм және пемзаның жарықшақ тасы, вулкан қожы, вулкан туфы, кеуекті әк тасы және доломит, әк тасы ракушка, опока, трепел, диатомит, жылу қождары, керамзит, термозит, перлит, вермикулит және т.б. пайдаланады.
Пайдаланатын кеуекті толтырғыштардың түрлеріне байланысты жеңіл бетондар керамзитті бетондар, аглопоритті бетондар, қожды бетондар, пемза бетондар және т.б. болып бөлінеді.
Қарастырылған бетондар құрылымы бойынша мынандай түрлерге бөлінеді:
- жай жеңіл бетондар цеметтен, ұсақ және ірі толтырғыштардан, судан дайындалынады, ірі толықтырғыш түйіршіктерінің арасындағы кеуіктерді толығымен толтырып тұрады. Бетон қоспасындағы ауаның мөлшері көлемінің 6 %-нан аспайды.
- үлкен кеуікті (құмсыз) жеңіл бетондарда, үлкен толтырғыштардың түйіршіктері цемент илемінің жұка қабығымен жабылған, ал ал түйіршік аралық кеуік бос күйінде қалады. Үлкен кеуікті құрылымда 25 % кеуік ауамен толтырылған.
- кеуіктелінген жеңіл бетондар цемент пен кеуік шығарғыштар негізінде құрылымында ауа ұялары пайда болады. Бұл цемент сылағының кеуіктерін арттырады және сол арқылы бетонның тығыздылығын төмендетеді.
Кеуікті толтырғыштардан жасалған жеңіл бетондар пайдаланатын орнына байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:
- жылу өткізбейтін – орташа тығыздылығы құрғақ 500 кг/м3 төмен, жылу өткізгіштігі 0,25 Вт/(мхоС) жоғары емес, жылу изоляциялы тақталар және т.б. бұйымдар дайындау үшін пайдаланады;
- құрама жылу изоляциялы орташа тығыздылығы 500 – 1400 кг/м3, беріктілігі М35 төмен емес, жылу өткізгіштілігі 0,6 Вт/(мхоС), жоғары емес, қабырға және жабын, бұйымдарында пайдаланады.
Құрама – орташа тығыздылығы 1400 – 1800 кг/м3, беріктілігі М50 төмен емес, аязға төзімділігі F15 және жоғары, тіректі құрамаларда пайдаланады.
Байланыстырғыштардың түрі бойынша жеңіл бетондар мынандай түрлерге бөлінеді: цементті; әкті; гипсті; аралас байланыстырғышты және сұйық шынылы.
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 9-14].
9 тақырып. Бетонның құрамын жобалау барысында технологияның ерекшелік есебі.
Жоспар:
-
Бетонның құрамын жобалау барысында технологияның ерекшелік есебі.
-
Материалдарды мөлшерлеу, қоспаны дайындау және тығыздау. Материалдарды мөлшерлеу, қоспаны дайындау және тығыздау.
Кеуікті толтырғыштардан жасалған жеңіл бетондар пайдаланатын орнына байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:
- жылу өткізбейтін – орташа тығыздылығы құрғақ 500 кг/м3 төмен, жылу өткізгіштігі 0,25 Вт/(мхоС) жоғары емес, жылу изоляциялы тақталар және т.б. бұйымдар дайындау үшін пайдаланады;
- құрама жылу изоляциялы орташа тығыздылығы 500 – 1400 кг/м3, беріктілігі М35 төмен емес, жылу өткізгіштілігі 0,6 Вт/(мхоС), жоғары емес, қабырға және жабын, бұйымдарында пайдаланады.
Құрама – орташа тығыздылығы 1400 – 1800 кг/м3, беріктілігі М50 төмен емес, аязға төзімділігі F15 және жоғары, тіректі құрамаларда пайдаланады.
Байланыстырғыштардың түрі бойынша жеңіл бетондар мынандай түрлерге бөлінеді: цементті; әкті; гипсті; аралас байланыстырғышты және сұйық шынылы.
Жұқа темірбетонның цемент – құмды қоспасының жайылымдығы 7...8 с және қажетті беріктілігі 30МПа болатын бетонның құрамын анықтау.
Метириалдар: портландцемент М 300,
Құрылыс құмы ірілік модулі Мір – 1,5
Шынайы тығыздық 2,63 кг/л.
Және М 250 болған жағдайдағы бетонның құрамын анықтап, алдынғы есеппен салыстыру.
Бетон қоспасы үшін бетондар құрамы келесі жүйелілікпен есептеледі: су – цемент қатынасы, су шығыны, цемент шығыны есептеледі, содан соң бетон қоспасының 1 м3 ірі және ұсақ толтырғыштардың шығындары анықталады.
Су – цемент қатынасын (С/Ц) бетонның қажетті маркасына, цемент белсенділігіне сүйене отырып және бетон құрайтындардың түрі мен сапасын есепке алып келесі формула бойынша есептейді:
-
Су – цемент қатынасы С/Ц ≥ 0,4 бетондар үшін
Rб = АRц(Ц/С + 0,5);
-
Су – цемент қатынасы С/Ц ≤ 0,4 бетондар үшін
Rб = АRц(Ц/С - 0,5);
Мұндағы, Rб – бетон маркасы, МПа (кгк/см2);
Rц – цемент белсенділігі, МПа (кгк/см2);
А және А1 – материалдар сапасын есепке алатын коэффициенттер (төменде 3 – кестеде көрсетілген).
Су шығынын (су қажеттілігін) шамамен толтырғыш түйірлердің түрін және ірілігін есепке алып жасалған 4 – кесте бойынша бетон қоспасының берілген төсеуге қолайлылығына сүйене отырып анықтайды.
Цемент шығыны 1 м3 бетонға мына формула арқылы анықталуы, кг
Ц = С/С/Ц
Толтырғыштардың шығынын (құмның, қиыршықтастың (малтатастың)), (кг/м3), бетонның 1 м3 кг ені жағдайға сүйене отырып есептейді:
-
Бетонның барлық компоненттерінің абсолюттік көлемдерінің сомасы тығыздалған бетон қоспасының 1 м3 тең, яғни
Ц/ pц + Қ/ pқ + ҚТ(МТ) / pқт(мт) + С/ pс = 1,
Мұндағы, Ц, С, Қ, ҚТ (МТ) – цементтің, судың, құмның, қиыршықтастың (малтатастың) шығыны, кг/м3;
pц, pқ, pқт(мт), pс – осы материалдардың шын мәніндегі тығыздығы, кг/ м3;
Ц/ pц, Қ/ pқ, ҚТ(МТ) / pқт(мт), С/ pс – материалдардың абсолюттік көлемдері, м3;
-
Цемент – құм ерітіндісі ірі толтырғыштың қуыстарын түйірлерді ептеп жылжыта отырып толтырады, яғни
Ц/ pц + Қ/ pқ + С/ pс = α Vқ қт(мт)ҚТ(МТ) / pқт(мт) ,
Мұндағы, Vқ қт(мт) – борпылдақ күйіндегі қиыршықтас (малтатас) қуысты;
pқт(мт) – қиыршықтас (малтатас) тығыздығы, кг/м3;
α – қиыршықтас түйірлерінің жылжу коэффициенттері (5–кесте)
алғашқы екі теңдеуді бірге шешу арқылы бетонның 1 м3 кг қиыршықтас шығынын анықтайтын формула анықталады:
ҚТ = 1/ {(α Vқ қт(мт)ҚТ(МТ) / pқт(мт) + 1/ pқт(мт))}
Қиыршықтас шығынын анықтаған соң бетон қоспасының жобалық көлемі мен цемент, су және ірі толтырғыштың абсолюттік көлемдерінің сомасы арасындағы айырым ретінде құм шығыны мына формула бойынша анықталады:
Қ = {1 – (Ц/ pц + ҚТ(МТ) / pқт(мт) + С/ pс)} pқ
Бетон қоспасының 1 м3 Ц, С, Қ, ҚТ (МТ) компоненттерінің шығынын анықтаған соң оның есептік тығыздығын есептейді
Рб.қ = Қ + ҚТ (МТ) + Ц + С, кг/м3
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 11-15].
10 тақырып. Жылыту жолының қолданылуымен бетонның қатаюын жылдамдату.
Жоспар:
-
Жылыту жолының қолданылуымен бетонның қатаюын жылдамдату.
-
Құрылымының құрылу ерекшеліктері және жылыту кезіндегі бетонның қасиеттері.
-
Бетонның жылуылғалдылық өндеуі. Бетон қоспасын алдын – ала жылытуы.
Жылу өткізгіштігі 0,07-ден 0,7 Вт/(м*оС) дейін өзгереді. Оның шамасына бетонның тығыздылығы, кеуіктің сипаты және басқа факторлар айтарлықтар әсерін тигізеді. Тығыздылығы көтерілген сайын бетонның жылу өткізгіштігі артады. Жылу өткізгіштігі 0,2 Вт/(мхоС) аз жылу изоляциясы жеңіл бетонды өте жеңіл толықтырғыштар, мысалы перлитті пайдалану арқылы алады.
Жеңіл бетонның беріктілігі цемент тасының және толықтырғыштың беріктілігіне байланысты болады. Төменгі беріктілікті ірі толықтырғыштан жасалған бетоың бұзылуы цемент тасының беріктілігіне байланыссыз толықтырғыштың бұзылуынан басталуы мүмкін.
Құрамаларды шегендеген жағдайда тығыз құрылымды жеңіл бетон пайдаланады. Мұндай жағдайда бетон қоспасына кететін цемент шығынының мөлшері 1 м3 200 кг аз болмау керек. Мұндай жеңіл бетондардың орташа тығыздылығы 800 кг/м3 төмен емес және бетондағы шеген бетонға жақсы жабысады.
Жеңіл бетонның аязға төзімділігі байланыстырғыштың түрімен мөлшеріне және толықтырғыштың аязға төзімділігіне байланысты болады. Портландцементтен жасалған бетонның аязға төзімділігі жоғары, ол цемент мөлшері көбейген сайын өседі. Аязға төзімді жеңіл толықтырғыштардан пемзадан, керамзиттен, аглопориттен аязға төзімділігі F25 – F100 аралығындағы бетон алуға болады. Мұндай бетонды ғимараттың сыртқы құрамасына пайдаланады.
Ұялы бетон байланыстырғыштан және газ немесе көбік шығаратын қоспалардан алады, мұнда кейде құмда. Ұялы бетон қатайғанда кеуікті біркелкі бөлініп орналасқан жоғарғы кеуікті тас материалды алынады, кеуікті ауамен немесе газбен толтырып жабылған.
Кеуік шығару түріне байланысты газды бетон және көбікті бетон болып бөлінеді. Біріншісінде бетон қоспасының кеуікенуі газ шығарғыштарды қосу арқылы, екіншісінде көбік шығаратындары қосу арқылы жүргізіледі. Пайда болған кеуіктер диаметрлері 1 – 2 мм болып келетін қатайған бетон қоспасын жұқа қабыр,аларымен бөлінген жабық ұялар түрінде болады.
Көбікті бетонды цемент илемі немесе сылақ бөлек дайындалған төзімді көбікпен араластыру арқылы алады. Көбікті бетон қоспасы қатайғаннан кейін ұялы құрылымды бетон пайда болады. Көбікті сумен көбік шығарғышты қарқынды араластыру арқылы дайындалады. Көбік шығарғыш есебінде есебінде канифоль сабының сұйық қоспасы, аң желімі және т.б. пайдаланады. Алынған көбік берік құрылымды болады және цемент илемінен немесе сылақпен жақсы араласады.
Көбікті бетон қоспасы көбікті бетон араластырғышта дайындалынады. Одан кейін металлдан жасалған қалыпқа құйып буландыратын камераға немесе автоклавка жіберіледі.
Автоклавта 175 – 190 оС және 0,8 – 1,3 МПа будың қысымына гидроксид кальциі кремнезем компонентімен қарқынды байланысады. Бұдан гидросиликат кальциі пайда болады, ол жоғарғы беріктілік көрсетеді.
Газды бетонды цемент, кремнезем компоненті және т.б. қосылған газ шығаратын алюминий ұнтағы, педгидрол және т.бб. қосылған қоспаны араластыру арқылы алады. Ең көп тараған газ шығарғыш майда дисперсті алюминий ұнтағы (опа) болып табылады. Газ шығару процесі алюминийдің гидроксид кальциімен химиялық байланысуының нәтижесінде болады.
Бөлініп шыққан сутегі цемент илемін кеуіктендіреді ол қатайып ұялы құрылымын сақтайды.
Газды бетонның компоненттерін цементті, мамық-әкті, ұнтақталған құмды және суды араластырғышта жақсылап араластырады, осы ерітіндіге алюминийдің сулы суспензиясын құяды. Одан әрі қайталап араластырып газды бетон қоспасын металл қалыпқа құяды. Қалыпқа құйғанда есептеу керек, яғни газ шығару біткеннен кейін қалып толығымен жоғарғысына дейін толу қажет.
Ұсынылатын әдебиет: [1-3].
11 тақырып. Қысқы жұмыстарға арналған бетон.
Жоспар:
-
Қысқы жұмыстарға арналған бетон. Төменгі температура кезінде бетон қатаюының ерекшеліктері.
-
Қысқы бетондаудың әдістері. Суық бетон. Қысқы бетондау кезіндегі жылутехникалық есеп.
Қыста бетондау кезінде бетонмен күйзелістік (критический) беріктікті жинауын қамтамасыз ететін мерзім аралығында бетонның қатаюын жылы және ылғалды ортада қамтамасыз ету қажет, ол бетонның құрылымын сақтау және оның қанағаттанарлық қатаюын ерігеннен кейін гарантия жасауы қажет.
Ол екі әдіспен қол жеткізіледі:
1 бетонның ішкі жылу қорын пайдалану;
2 егер ішкі жылу жеткіліксіз болғанда сырттан бетонға қосымша жылу жеткізу.
Бірінші әдіспен жоғары беріктікті және жедел қатаятын портландцемент қолдану, цементтің қатаюын үдеткіштерді пайдалану – кальций хлориді және басқалары, бетон араласпасына иілімділігін арттыратын және ауа тартқыш қосымшаларды енгізе отырып су мөлшерін төмендетеді. Мұның барлығы құрылыс тұрғызғанда бетонның қатаюын жеделдетуге мүмкіндік береді және мұздану алдында жеткілікті беріктікті бетонмен алуға қол жеткізеді. Бетонда ішкі жылу қоры бетон аралсапсының құрамдаушы материалдарды қыздыру жолымен жасайды, онымен бірге, цемент және су (цемент экзотермиясы) арасында жүретін химиялық реакциялар кезінде қатаятын бетонда жылу бөлінеді. Конструкцияның массивтілігі және сыртқы ауаның температурасына байланысты бетон үшін суды (90 °С дейін) немесе су және толтырғыштарды – құм, шағылтас, қиыршықтас (50 °С дейін) қыздырады. Бетон араласпасы бетонараластырғыштан шыққанда 40 °С температурадан жоғары болмауы керек, себебі ол одан жоғары температурада тез арада қоюланады. Массивке құйғанда бетон араласпасының ең төмен температурасы 5 °С жоғары, ал жұқа конструкцияларға құйғанда 20 °С жоғары болуы қажет.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 6, 13].
12 тақырып. Бетондар құрамын жобалау жолдарын жетілдіру.
Жоспар:
-
Бетондар құрамын жобалау жолдарын жетілдіру. Графикалық тәуелсіздіктерінің құрылуының әдістемесі.
-
Математикалық модельдерді қолдану. Цемент композицияларын үнемдеу жолдары. Цемент композицияларын үнемдеу барысында бетонның беріктігін жоғарлауын қолдану.
-
Эталонды материалдар туралы түсінігінің негізінде бетондар құрамын жобалау жолдарын жетілдіру.
Бетонның құрамын анықтауға материалдарды тандау және 1 м3 кететін шығынды есептеу болып табылады. Есептелген бетон қоспасының берілген жайлымдылығы қажет беріктілікті және бетонның басқа қасиеттерін қамтамасыз етеді.
Бетонның құрамын есептеу-тәжірибелік тәсілімен табады Бірінші кезенде судың цементке қатынасын табады. Сосын формула, кесте немесе график бойынша тексеруге алынатын құрамды тауып, тәжірибелік тексерудің нәтижесінде бетонның тиімді құрамын белгілейді. Өндірістік жағдайда бетонның құрамындағы материалдардың ылғалдылығы есепке алынады.
Судың цементке қатынасын анықтау. Бұл шаманы бетонның қажет беріктілігіне байланысты, алдын-ала тәжірибе жүргізу арқылы немесе шамамен формула бойынша анықтайды.
Тез қатаятын және химиялық қоспа қосылған бетондар, сонымен қатар байланыстырғыштардың маркасы бетонның маркасына жақын бетондар үшін, судың цементке қатынасын, сол зауытта пайдалынатын материалдардың қасиеттерін ескере отыра және қалыптау тәсілімен жылумен өңдеуі бойынша таңдайды.
Бетоннын беріктілігінің судың цементке қатынасының шамасын білу үшін, әр құрам бойынша алты кубиктен бетонның бес құрамын дайындайды
Тәжірибені жүргізу үшін, нығыздаудың сапасын катаң бақылап тұру керек. Нығыздау коэффициенті 0,98 төмен болмау керек. Бетонның нығыздалуы жеткіліксіз болса, цементпен судың мөлшерін 5 —10 % көтеру қажет судың цементке қатынасын өзгертпей, сөйтіп тәжірибені қайталайды.
Сол зауытта өніммен бір жағдайда қалыпқа салынған және буландырылған 3 кубиктің және қалыпты жағдайда 28 тәулік қатайған қалған 3 кубиктің нәтижелері бойынша, бетонның берікгілігінің С/Ц қатынасына байланыстылығының графигін тұрғызады. Алынған байланыстылық сол зауытта пайдалынған цементпен толықтырғыштардың бетонның қандайда болмасын маркасына судың цементке қатынасын анықтау үшін қажет болады.
Судың цементке қатынасы (немесе цементтің суға қатынасы) цемент бетондарының қажет беріктілігін қамтамасыз ету үшін, формула бойынша шамамен анықтайды.
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 7, 14].
7 Практикалық сабақтардың мазмұны – 15 сағат
Практикалық сабақтар 1
1 тақырып - Бетонның классификациясы және оларға қойылатын негізгі талаптар.
Жоспар:
-
Бетонның классификациясы.
-
Бетон түрлері және оларға қойылатын негізгі талаптар.
Тапсырмалар:
1 Әр бір бетонның сипаттамаларың анықтау.
2 Оларға қойылатын талаптар мен олардың қасиетін анықтау.
Практикалық сабақтар 2
2 тақырып - Кәдімгі ауыр бетонның құрамын анықтау.
Жоспар:
-
Кәдімгі ауыр бетонның құрамын анықтау.
Тапсырмалар:
1 Бетонның қандай маркаларына қандай цемент пайдаланады
2 Қиыршықтас пен құмның шығынын анықтаудың теңдеулері.
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 5-8].
Практикалық сабақтар 3
3 тақырып. Ауыр бетонның ерекше түрлерінің құрамын анықтау.
Жоспар:
1 Ерекше ауыр және гидратты бетондар.
Тапсырмалар:
1 Ерекше ауыр және гидратты бетондарды қайда пайдаланады?
2 Ерекше ауыр бетонның қорғау қасиетін жақсарту үшін не қосылады?
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 6-12].
Практикалық сабақтар 4
4 тақырып. Керамзитбетон және өзге кеуекті толтырғыштар негізіндегі жеңіл бетондар.
Жоспар:
-
Керамзитбетон және өзге кеуекті толтырғыштар негізіндегі жеңіл бетондар.
Тапсырмалар:
1 Ірі кеуекті бетонда С/Ц қандай болады
2 Ірі кеуекті бетонның құрамын анықтау тәртібі.
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 14,15].
Практикалық сабақтар 5
5 тақырып. Ұялы бетондардың құрамын анықтау.
Жоспар:
-
Ұялы бетондардың құрамын анықтау.
Тапсырмалар:
1 Ұялы бетондар тығыздығы бойынша қалай бөлінеді?
2 Ұялы бетонның тығыздығы мен кеуектілігі неге байланысты?
Ұсынылатын әдебиет: [1-3].
Практикалық сабақтар 6
6 тақырып. Ұсақұнтақты бетондар.
Жоспар:
1 Ұсақ түйіршікті бетонның құрамын есептеу және жобалау
Тапсырмалар:
1 Ұсақ түйіршікті бетонның анықтамасы?
2 Ұсақ түйіршікті бетон құрамының белсенділігін жоғарлататын негізгі қоспа?
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 4-14].
Практикалық сабақтар 7
7 тақырып. Силикатты бетондар.
Жоспар:
-
Силикатты бетондар.
Тапсырмалар:
1 Силикат бетоны дегеніміз не?
2 Силикат бетонның құрамын қандай тәсілдермен есептейді?
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 10-14].
Практикалық сабақтар 8,9
8 тақырып. Бетонның кейбір ерекше түрлері.
Жоспар:
-
Бетонның кейбір ерекше түрлері.
-
Азқиыршықтасты, ірікеуекті, ыстыққа төзімді бетондар.
-
Полимербетондар.
Тапсырмалар:
1 Полимербетондарға қандай майлар пайдаланады?
2 Полимербетондардың құрамын қандай тәсілмен жасайды?
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 9].
Практикалық сабақтар 10
9 тақырып. Бетонның құрамын жобалау барысында технологияның ерекшелік есебі.
Жоспар:
-
Бетонның құрамын жобалау барысында технологияның ерекшелік есебі.
-
Материалдарды мөлшерлеу, қоспаны дайындау және тығыздау.
Тапсырмалар:
1 Бетонның құрамын қандай тәсілдермен жасайды.
2 Бетонның құрамын есептеудің тәртібі.
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 11-15].
Практикалық сабақтар 11,12
10 тақырып. Жылыту жолының қолданылуымен бетонның қатаюын жылдамдату.
Жоспар:
1 Жылыту жолының қолданылуымен бетонның қатаюын жылдамдату. Тапсырмалар:
1 Қалыпты температурада қатайғанда беріктілігін қалай көтеруге болады?
2 Алғашқы уақытта қатайғанда қандай шаралар жасау керек.
Ұсынылатын әдебиет: [1-3].
Практикалық сабақтар 13,14
11 тақырып. Қысқы жұмыстарға арналған бетон.
Жоспар:
1 Қысқы жұмыстарға арналған бетон.
Тапсырмалар:
1 Қыста бетонның қатаюын қалай қамтамасыз етеді?
2 Аязға қарсы қандай қоспалар пайдаланады.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 6, 13].
Практикалық сабақтар 15
12 тақырып. Бетондар құрамын жобалау жолдарын жетілдіру.
Жоспар:
1 Бетондар құрамын жобалау жолдарын жетілдіру.
Тапсырмалар:
1 Бетонның құрамын есептеудің тәртібі.
2 Бетонның жылжымалығы қандай факторларға байланысты болады.
Ұсынылатын әдебиет: [1-3, 7, 14].
8 Өздік жұмысының тапсырмалары
Тақырып 1 Бетонға арналған материадарды таңдау. Бетон технологиясында химиялық қосымшалардың ролі.
Реферат жазу Ұсынылатын әдебиет: [1, 14 – 53 б.].
Тақырып 2 Бетон қоспасының құрылымы. Бетон қоспасының құрылымына әсер ететін факторлар. Цемент тасының микроқұрылымы.
Реферат жазу Ұсынылатын әдебиет: [1, 53 – 88 б.],
Тақырып 3 Қоспаның сусіңіргіштігі – құрамында болатын материалдарының негізгі көрсеткіші және бетонның қасиетіне әсер етеді. Жоғарыберіктікті құрылымды бетонды алу үшін қойылатын шарттар.
Реферат жазу Ұсынылатын әдебиет: [1, 88 – 98 б.].
Тақырып 4 Бетон құрамының үнемдеуі мен техникалық сипаттамаларына беріктіктің, іріліктің, ұнтақ құрамының, ұнтақтың формасы мен жазықтықтың орналасуына тигізетін әсері.
Реферат жазу Ұсынылатын әдебиет: [1, 131– 141 б.].
Тақырып 8 Бетонның техникалық қасиеттерінің көрсеткіштері, бетон қоспасын дайындау технологиясы мен оның құрамы арасындағы өзара байланыстар. Бетон қоспасының шығу коэффициенті.
Реферат жазу Ұсынылатын әдебиет: [1, 196 – 224 б.].
Тақырып 9Құрылыс пен халық шаруашылығына арналған жеңіл бетоннан жасалған құрылыс құрылымдар мен бұйымдар қолданылуының тиімділігі.
Реферат жазу Ұсынылатын әдебиет: [1, 258 – 290 б.].
Тақырып 10 Кеуекті толтырғыштар негізіндегі жеңіл бетонның түрлі түрлерінің негізгі техникалық сипаттамалары.
Реферат жазу Ұсынылатын әдебиет: [1, 258 – 272 б.].
Тақырып 11Жеңіл бетонның қасиеттері мен құрамының арасындағы байланыс. Жеңіл бетонды поризациялау әдістері.
Реферат жазу Ұсынылатын әдебиет: [1, 272 – 286 б.].
12. Магистранттардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің оқылған модулі бойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:
сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу;
өздік және зертханалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және
қорғау;
курстық жұмыстың/жобаның бөлімдерін уақытында, сапалы орындау;
сабаққа қатысу және басқа.
Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.
АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 және Р2) анықталады:
Р1(2) = АҮ1(2)*0,7 + МБ1(2)*0,3.
Семестрде пән бойынша студенттің жіберу рейтингінің бағасы тең:
ЖР= (Р1+Р2)/2
Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) магистранттардың оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб):
Қ = ЖР*СҮжр + ҚБ*СҮқб
Жіберу рейтингтің және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4 сәйкес тең болады.
Пән бойынша жіберу рейтингі де, емтихан бағасы да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері магистранттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.
Оқу жетістіктері, яғни білім, магистранттардың «Әртүрлі тағайындаудық бетондар (технология мен есептің құрамы)» пәні бойынша дағдылары балды-рейтингті жүйесі бойынша бағаланады:
Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ)
|
Балдың цифрлық баламасы (Ц)
|
Әріптік жүйедегі баға (Ә)
|
Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)
|
95-100
|
4,0
|
A
|
Өте жақсы
|
90-94
|
3,67
|
A-
|
|
85-89
|
3,33
|
B+
|
|
80-84
|
3,0
|
B
|
Жақсы
|
75-79
|
2,67
|
B-
|
|
70-74
|
2,33
|
C+
|
|
65-69
|
2,0
|
C
|
Қанағаттанарлық
|
60-64
|
1,67
|
C-
|
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
|
50-54
|
1,0
|
D
|
|
0-49
|
0
|
F
|
Қанағаттанарлықсыз
|
13 Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі
«Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау» пәнін оқу кезінде мына ережелерді ұстануды сұраймын:
1 Сабаққа кешікпеу.
2 Себепсіз сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда анықтама әкелу.
3 Студенттің міндетіне сабақтың барлық түріне қатысу кіреді.
4 Оқу үрдісінің күнтізбелік кесте бойынша барлық бақылау түрлерін тапсыру.
5 Босатқан тәжірибелік сабақтарды оқытушының айтқан уақытында өтеу.
6 Кафедраның аудиториялық қорына шығын келтірмеу.
7 Жоғарғы оқу орнының талаптарын бұлжытпай орындау.
8 Курстастарыңа және оқытушыға сабырлық, ашықтық және игілікпен қарау.
9 Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілулі болуы тиіс.
10 Оқытушы сабақ түсіндіріп жатқанда дауыстап сөйлеуге болмайды. Екінші ескертуден кейін магистрант аудиториядан шығарылады. Сабақ барысында сабақтан тыс тақырыптар рұқсат етілмейді.
Тапсырманы маңызды себеппен кешігіп тапсырса, айыптық санкциялар болмайды.
Егер сіз белгілі бір маңызды себептермен бақылау шараларды босатсаңыз, сізге оны оқытушының айтқан уақытында (МБ мен ҚБ деканның рұқсатымен ) қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Тапсырмаған жағдайда сіз «0» балл аласыз.
Жұмысты уақытында тапсыру керек. Барлық тапсырмалар ең кеш дегенде емтихан сессия басталуға 3 күн қалғанға дейін тапсырылу қажет.
Барлық тапсырмалар мен ЕГЖ-ді тапсырмаған студенттер, емтиханға жіберілмейді.
Өткен сабақтағы материалды қайталау мен өңдеу әрбір сабақта болуы міндетті. Студенттің материалды қаншалықты түсінгені тестілеу мен жазбаша түрде тексеріледі. Тестілеу алдын-ала ескертусіз жүргізілуі мүмкін.
Сіздердің міндеттеріңіз сабаққа дайындалып келу. Бар әдебиетті қолданыңыз және оны кітапханадан алыңыз.
Басқаның жұмысын көшіру мен әдебиет материалдарды өңдеусіз қолдануға тыйым салынады.
Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті. Дәріс бойынша конспект 8-ші және 15-ші апталарда тексеріледі.
14 Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1) Костылев Ю.С., Лосицкий О.Г. Испытания продукции. М.: Издательство стандартов, 1989.
2) Костин П.П. Физико-механические испытания металлов, сплавов и неметаллических материалов. – М.: Машиностроение,:1990.-255с.
3) Степанов М.Н. Статистические методы обработки результатов механических испытаний: Справ. - Машиностроение, 1985. – 232с.
Қосымша
1) Борисов М.В., Павлов И.А., Постников В.И. Ускоренные испытания машин на износостойкость как основа повышения качества.М.: Стандарт, 1976. -352 с.
2) Золотухин Ю.Д. Испытание строительных конструкций: /Учебное пособие для вузов по спец. «Пром. и гражд. стр-во»/. – Мн.: Выш. школа, 1983.
3) Испытательная техника: Справочник в 2-х кн. / Под ред. В.В.Клюева. - М.: Машиностроение, 1982. -Кн. 1. -528 с. и Кн. 2. -560 с.
4) Кальман И.Г. Метрологическое обеспечение испытаний аппаратуры, приборов и элементов на воздействие внешних факторов. 1980 г.
5) Клюева В.В. Неразрушающий контроль и диагностика:справочник 3-е изд., перераб. и доп. – М.: Машиностроение, 2005 г. -656 с.
6) Кудерин М.К. Методы испытаний строительных конструкции. Учебное пособие. Павлодар, 2003.
7) Мироновская Е.А., Синотов А.Г. Проведение испытаний и приемка продукции машиностроения. М.: Изд-во стандартов. 1998.-283с.
8) Набоких В.А. Испытание электрооборудования автомобилей и тракторов: Учебник для студентов высш.учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия». 2003. -256 с.
9) Почтовик Г.Я., Злочевский А.Б., Яковлев А.И. Методы и средства испытания строительных конструкций: Учебное пособие для строительных специальностей вузов. - М.: Высшая школа, 1973. -158 с.
Достарыңызбен бөлісу: |