Пән бойынша бағдарламасының



Дата01.07.2016
өлшемі332.25 Kb.
#170021

Пән бойынша бағдарламасының (SYLLABUS) титул парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті




Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы


PTSMI 5304 Құрылыс материалдары мен бұйымдарының дамыған технологиялары

пӘнІ бойынша бағдарламасы

(SYLLABUS)

Павлодар, 2013 ж.


Пән бойынша бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19




БЕКІТЕМІН


Сәулет-құрылыс

факультетінің деканы

_______ Күдерин М.Қ.

20__ ж. «___»________

Құрастырушы: __________ т.ғ.к., доцент Б.Ч. Кудрышова

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы


6М073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының магистранттарына арналған


PTSMI 5304 Құрылыс материалдары мен бұйымдарының дамыған технологиялары

пӘнІ бойынша БАҒДАРЛАМАсы (Syllabus)

Бағдарлама 20___ ж. «____»__________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20___ ж. «___»___________ кафедра отырысында ұсынылған.

Хаттама № _____


Кафедра меңгерушісі _____________ В.Т. Станевич «___»_________20___ ж.

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20___ ж. «___»_____________ хаттама №_____.

ОӘК төрайымы _______________ Г.А. Жукенова «___»__________20___ ж.



1. Оқу бағдарламасының паспорты
Пәннің атауы «Құрылыс материалдары мен бұйымдарының дамыған технологиялары»
Арнайы мамандық үшін тандау бойынша компонент.
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 4 кредит

Курс: 1

Семестр: 1



Барлығы: аудиториялық сабақтар – 60 сағат

Дәрістер – 45 сағат

Тәжірибелік сабақтар – 15 сағат

МӨЖ – 120 сағат

МОӨЖ– 30 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылық – 180 сағат


Бақылау түрі

Емтихан – 1 семестр


2 Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары:

Кудрышова Баян Чакеновна «Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау.» кафедрасының т.ғ.к., доценті.

«Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы С.Торайғыров атындағы ПМУ Д-302 корпусында, тел. 8-(7182) 67-36-59 орналасқан.

Сабақтарды өткізу орны мен уақыты – аудиториялық сабақтар, межелік бақылау және емтихандық сессия бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.


3. Пререквизиттер, постреквизиттер
Пререквизиттер Осы пәнді меңгеру үшін қажетті пәндерді, меңгеру тізімі жұмыс оқу жоспары бойынша. Берілген пән бірінші жыл үшін стандарттқа сәйкес қарастырылған пәндермен қатар оқылады, физика, химия, құрылыс материалдары бойынша білім қажет.
Постреквизиттер Мамандықтын оқу жоспарымен қарастырылған барлық пәндерді оқу кезінде, пәнді оқу кезінде алынған білім, зейін мен дағды білім алуға жауапты қарауға мүмкіндік береді. Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағдымашықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: «Әр түрлі тағайындаулы бетондар (технология мен есептің құрамы)», «Гидрооқшаулағыш және шатырлы материалдар» және т.б..

4. Мәні, мақсаттары мен міндеттері
Пәннің мәні «Құрылыс материалдары мен бұйымдарының дамыған технологиялары» пәні «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша магистранттарды оқыту жоспарының арнайы мамандық үшін таңдау бойынша компонентіне жатады.
Пәнді оқытудың мақсаты

«Құрылыс материалдары мен бұйымдарының дамыған технологиялары» пәнінің мақсаты – құрылыс материалдары мен бұйымдарының дамыған технологиялары жергілікті шикізат және техногендық қалдықтар пайдаланумен қажетті қасиеттерге ие жаңа тиімді құрылыс материалдарын алудың негіздерін жақсы меңгерген маман дайындау.


Пәнді оқытудың міндеттері

Осы пәнді оқу нәтижесінде мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес магистранттардың:

- экологиялық қауіпсіздікті ескеретін, отын-энергия және басқа материалдық қорларды тиімді пайдаланатын құрылыс материалдары мен бұйымдарының жаңа тиімді технологиялары туралы түсініктері болуы керек;

- кешенді құрылыс-пайдаланушылық қасиеттерге ие бұйымдар мен конструкциялардың түрлерін, материалдар мен бұйымдардың ұзгі мерзімділігін қамтамасыз ететін мәселелердің шешімдерін білуі қажет;

- құрылыс материалдарының ерекшеліктерін анықтап, жобалық шешімдерді материалдар мен бұйымдарды таңдай алуды, конструкциялардағы материалдар сенімділігін және ұзақ мерзімділігін болжай алуды, өндірістің және кұрылыс материалдары мен бұйымдарын пайдаланудағы экономикалық тиімділігі негіздей алуды, өндірісті бақылай алуды меңгеруі керек.

5. Білімге, дағдыға, іскерлікке және біліктілікке талаптар
Осы пәнді игеру нәтижесінде магистранттар:

- әр түрлі құрылыс материалдары дамыған технологиялары негізгі зерттеу әдістері және ғылыми зерттеу негіздері бойынша түсінігі болу керек;

- құрылыс материалдары дамыған технологияларын білу және зерттеудің жалпы және жеке әдістерін білу керек.

Білу керек:

- бастапқы материалдардың сапасын анықтаудың қазіргі әдістемелерін қолдану. Жана дамыған конгломераттық жүйелердің құрамын әртүрлі әдістемелер бойынша анықтау;



- табиғи-климаттық, экологиялық, экономикалық факторлардың әсерін;

- қасиеттердің талап етілетін көрсеткіштермен материалдың қалыптау процесін және қоспалардың қасиеттерін анықтай отырып, бетон қоспасына әсер ету құралдармен және әдістермен баға беру.


Істей білу керек:

  • бастапқы материалдардың сапасын анықтаудың қазіргі әдістемелерін қолдану. Конгломераттық жүйелердің құрамын әртүрлі әдістемелер бойынша анықтау;

  • қасиеттердің талап етілетін көрсеткіштермен материалдың қалыптау процесін және қоспалардың қасиеттерін анықтай отырып, қоспасына әсер ету құралдармен және әдістермен баға беру.

Тәжірибелік дағдылану:

  • құрылыс материалдар мен бұйымдар өндірісіндегі дамыған технологиясындағы қызметті ұйымдастыру негіздері;

  • әртүрлі құрылыс материалдар мен бұйымдардың қасиеттерін бағалау әдістемесі.

Білікті болу керек:

  • әртүрлі материалдар мен бұйымдарын өндірісінде жұмсалатын материалдардың физикалық және химиялық қасиеттерін және олардың талаптарына сәйкестігін; дайындау әдістерін, тасымалдау және шикізат материалдары мен алынған өнемді сақтаудың экономикалық жағдайдарын; бетон мен темірбетон және конструкцияларды өндіру технологиясына байланысты әлеуметтік - экономикалық бағдарламаларды меңгеруі қажет;

  • физикалық, химиялық зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық есептерді дайындау, зерттеу тақырыбы бойынша ақпаратты жүйелеуде, талдауда және жинақтауда.


6. Пәнді оқытудың пәндік жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

р/с

Тақырыптардың

атауы

Аудитория-лық сабақтар

МӨЖ


дәріс

тәж.


бар-лығы

МОӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе.

3

1

-

-

2

Құрғақ құрылыс араласпаларының технологиясы және класиффикациясы

4

2

10

2

3

Құрғақ гипс араласпаларының технологиясы

4

2

10

4

4

Цементтік құрғат араласпалар және олардың технологиясы

6

1

10

4

5

Аз су қажет ететін гипстік байланыстырғыштар

6

2

10

2

6

Цемент негізіндегі аз су қажет ететін байланыстырғыштар

6

2

20

6

7

Бетон бұйымдарын өндірудің жаңа технологиялары

6

2

20

4

8

Керамогранит технологиясы

6

2

20

4

9

Өндіріс қалдықтары негізіндегі құрылыс материалдары

4

1

20

4
Барлығы: 180, (4кредит)

45

15

120

30


7. Дәріс сабақтарының мазмұны

1 тақырып – Кіріспе

Жоспар:

1. Құрылыс материалдарын өндірудің қабылданған технологиялары

2. Құрылыс материалдары саласындағы ғылыми техникалық жетістіктердің қолданылу
Құрылыс материалдары өнеркәсібінде қазір т.рлі химиялық және заттық құрамдағы материалдар мен бұйымдар жасаудың технологиясы едәуір өркендеген. Үйлердің арналуына және пайдаланужағдайына сай келетін табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдарын әр алуан түрде жасау мүмкіншіліг халық шаруашылығының барлық салаларын дамытуда, халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсартуда өзекті рөл атқаратында дау жоқ.

Осы тарапта руда емес тау-тас кендерін және негізгі өнеркәсіптер өалдығын күрделі құрылыста ұқыптылықпен пайдаланудың маңызы ерекше. Өкінішке орай, осы салада әзірше өнеркәсіптік қалдықтар мен қосымша өнімдердің азғана процентін пайдалануда. Бұл өзінше, құрылыс материалдар өнеркәсібін дамытудағы онша мән берілмей келе жатқан маңызды бағыт.

Ұсынылатын әдебиет: [5,10].
2 тақырып – Құрғақ құрылыс араласпаларының технологиясы және классификациясы

Жоспар:

1. Құрылыс материалдары өндірісінің дамыған және заманауи әлемдік отандық тенденциясы

2. Қазақстандағы құрылыс материалдары өндірісіндегі жаңа базалар: жергілікті табиғи шикізат, синтетикалық өнімдер және технотекті шикізат, өндірістің қалдық өнімдері

3. Құрғақ құрылыс араласпаларының технологиясы және классификациясы

3. Құрғақ құрылыс араласпаларының құрамының ерекшеліктері

4. Құрғақ құрылыс араласпаларының негізгі қасиеттері

5. Құрғақ құрылыс араласпаларын өндірудің зауыттық технологиясы
Құрғақ құрылыс араласпаларды тығындау, қалау, тақталау, гидро және жылу оқшаулағыш жұмыстары кезінде және қабырға мен төле жабынын тегістеу кезінде қолданады.

Қолданылу аясына байланысты құрғақ құрылыс араласпаларын келесі түрлерге бөледі:



  • тегістеуші (шпаклевка, гипсті штукатурка, акті штукатурка, цемент-акті штукатурка);

  • қаптаушы (тақталы желім);

  • еденге арналған;

  • жөңдеу жұмыстарына арналған;

  • қорғаныш жабыны;

  • қабырғаларды қалау және араларын тегістеуге арналған;

  • сәндеу жұмыстарына арналған;

  • гидро оқшаулағыш ретінде; жылу оқшаулағыш ретінде;

  • жылу оқшаулағыш ретінде;

  • негіз және жабын арасындағы біріктіру ретінде;

  • дыбыс оқшаулағыш ретінде.

Техникалық талаптар. Құрғақ араласпалардың негізгі қасиеттері: толтырғыштардың ірілігі, ылғалдылық.Қою ерігіш араласпалардың негізгі қасиеттері: қозғалғыштығы, орташа тығыздығы.Қатайған ерітіндінің негізгі қасиеттері: қысуға беріктігі, орташа тығыздығы, аязға төзімділігі. ГОСТ 4.233. сәйкес қосымша көрсеткіштер белгіленуі мүмкін.Құрғақ құрылыс араласпалары үшін толтырғыштар ірілігінің өлшемі, мм: қалаушы- 2,5 мм; штукатурлы, өздігінен түзегіш, қаптағыш, тақталы, жөңдеу жұмыстарында, әрлендіруші – 1,25 мм аспауы керек.

Құрғақ құрылыс араласпаларының ылғалдылығы массасы бойынша 0,1% аспауы керек. Қозғалғыштығына байланысты құрғақ құрылыс араласпаларын келесі маркаларға бөледі: Пк 1, Пк 2, Пк 3, Пк 4.

Құрғақ құрылыс араласпа ерітінділердің су ұстағыш қасиеті 90% аспауы керек. Жаңа дайындалған құрғақ құрылыс араласпаларының қабаттасуы 10% аспауы керек. Құрғақ құрылыс араласпаларының ерітінділерін қолданған кездегі температура ГОСТ 28013 талаптарына сәйкес келуі керек.

Қатайған құрғақ құрылыс араласпалар ерітіндісінің жобаланған жағдайдағы (28 тәу) маркасы: : М4, М10, М25, М50, М75, М100, М150, М200, М250, М300 құрайды. Қатайған ерітінділердің аязға төзімділік маркасы: F 10, F 15, F 25, F 35, F 50, F 75, F 100, F 150, F 200. Қатайған құрғақ құрылыс араласпа ерітінділердің маркасы: М 4, М 10 и М 25 ал аязға төзімділігі бойынша белгіленбейді және бақыланбайды.

Қатайған құрғақ құрылыс араласпалардың D орташа тығыздығы, кг/м3: ауыр 1500 және одан жоғары, жеңіл 1400 және одан төмен.

Құрғақ құрылыс араласпаларын дайындауға арналған материалдарға қойылатын талаптар:

Тұтқырғыш заттар: - гипсті ГОСТ 125 сәйкес келуі керек; - құрылыс әгі ГОСТ 9179; - портландцемент и құм араластырғыш портландцемент - ГОСТ 10178; - пуццоланды и сульфатқа төзімді цемент - ГОСТ 22266; - құрылыс ерітінділеріне арналған цемент - ГОСТ 25328.

Толтырғыштар: құрылыста қолданылатын құм - ГОСТ 8736, ГОСТ 26633; - түйіршікті құм - ГОСТ 9757, ГОСТ 25820;

Химиялық қоспалар - ГОСТ 24211.

Құрғақ арласпаларға қолданылатын су ГОСТ 23732 талаптарына сәйкес келуі керек.

Құрғақ құрылыс араласпаларды дайындайтын кәсіпорын әрбір қорапта не болмаса қапта тауар белгісін, атауын, су мөлшерін, кәсіпорын мекен жайын, ұстасу мерзімін, дайындалған мерзімін, қолданыс температурасын, техникалық жағдайдарын белгілеуі тиіс.

Құрғақ құрылыс араласпалары ГОСТ 28013 талаптарына сәйкес келуі керек.

Ұсынылатын әдебиет: [3,8].
3 тақырып – Құрғақ гипс араласпаларының технологиясы

Жоспар:

1. Құрғақ гипс араласпаларының технологиясы

2. Құрғақ гипс араласпаларының құрамын химиялық қоспалармен түрлендіру

3. Құрғақ гипс араласпаларының сипаттамасы

4. Тұтас сылақтың орнына қолданылушылар: гипскартон (ГКЛ) және гипсталшықты (ГВЛ) парақтарды дайындау технологиясы
Құрылыс гипсін өндіру бірнеше сатыдан тұрады: алдын-ала шикізатты дайындайды, яғни гипс тасын кептіріп майдалайды; оны шахта немесе айналмалы пеште, қазанда қыздыру арқылы дегидратациялайды; гипс тасын дегидратация процесінің алдында немесе соңында ұнтақтайды.

Кейбір жағдайларда алдымен екі сулы гипс тасын кептіріп, майдалап, одан кейін ұнтақтайды. Бұл өндіріс тәртібінің жүйесі гипс тау жынысының дегидратациясын қамтамасыз ету үшін қолданылатын жылу агрегатының түріне байланысты. Қазіргі уақытта гипс байланыстырушыларын өндіріс процестерінің бірнеше схемасы белгілі.

Бірінші әдіс бойынша біркелкі сапалы гипс онша алынбайды. Екінші әдіс – бірыңғай сапалы гипс алуға мүмкіндік береді. Үшінші әдіс – ең жетілген технология, өнімнің сапасы жоғары, бірақ қымбатқа түседі.

Ұсынылатын әдебиет: [6,11].


4 тақырып – Цементтік құрғат араласпалар және олардың технологиясы

Жоспар:

1. Цементтік құрғат араласпалар

2. Цементтің, ұсақ толтырғыштар мен толықтырғыштардың минералдық және түйіршектік құрамының цементтік құрғақ араласпаларының, ерітінділер мен олардың негізіндегі қатайған беттердің қасиеттеріне эсер етуі

3. Цементтік құрғақ араласпаларының қолданылу аясы


Цементтік құрғақ құрылыстық араласпалар технологиясы – ғылым мен технологияның дамуынан және құрылыс материалдарына қойылатын талаптардың өзгеруінен туындаған құрылыс материалдары өндірісіндегі дамушы бағыттардың бірі.

Цементтік құрғақ құрылыстық араласпалар байланыстырғыштан (цемент, гипс, әк, магнезиалды және т.б. байланыстырғыштар), толықтырғыштан (құм, шағыл тас және т.б.) және қолдануға дайын, арнай қасиеттерге ие функционалды қоспалардан құралады. Олар байланыстырғыш түріне, толтырғыштың ұнтақтығына және негізгі тағайындалуы бойынша жіктеледі.

Байланыстырғыш түріне байланысты цементтік және цементсіз деп, ал толтырғыш ұнтақтығына бойынша ірі түйіршікті (толтырғыш ірілігі 2,5 мм-ден жоғары емес) және майда дисперсті (ұсақ түйіршекті – толтырғыштар ірілігі 0,315 мм-ден жоғары емес) деп бөлінеді.

Цементтік құрғақ құрылыстық арласпалар Э.Л.Большаков сиякты және В.И.Песцов бойынша құрамы мен қолданылуында байланысты топтастырылады.

Ұсынылатын әдебиет: [6,9].
5 тақырып – Аз су қажет ететін гипстік байланыстырғыштар

Жоспар:

1. Аз су қажет ететін гипстік байланыстырғыштар

2. Аз су қажет ететін гипстік байланыстырғыштардың технологиясы, қасиеттері жэне қолданылу аясы

3. Аз су қажет ететін гипстік байланыстырғыштардың көбік-, газгипс материалдары мен бұйымдары өндірісінде пайдалану


Бұл байланыстырғыш материалды бетонға 1987 жылдан бастап пайдаланды және мынаны көрсетті, мұнын маркасы 200 - 400 ауыр бетонға қолданғанда цемент шығымын 130 - 200 кг/м3 азайтады немесе 50-75 %, сонымен қатар суды аз қажет ететін байланыстырғыштың шығымы 300 кг/м3 шамасында болғанда жоғарғы беріктілікті 600 маркалы бетон алуға жағдай жасайды. Мұндай байланыстырғыштан алынған бетонның сапалық сипаттамасы айтарлықтай жоғары болады.

Жарияланған деректер бойынша мынаны белгілеуге болады, суды аз қажет ететін байланыстырғышты алу, реттеу жағдайында портландцемент клинкерін, минерал қоспасын, гипс тасын, суды азайтатын қоспаны бірге қосып ұнтақтау арқылы жүргізіледі.

САҚЕБ клинкердің салмағынан пайызбен алынған мөлшері бойынша САҚЕБ - 100 минерал қоспасы жоқ және САҚЕБ-50, САҚЕБ-30 минерал қоспалармен сипатталынады.

Суды азайтатын қоспа есебінде суперпластификаторлар, техникалық лигносульфонаттар сонымен қатар модифицирленгеңдер пайдаланылады. САҚЕБ пайдалану беріктілігі 38 МПа цемент шыгыны 250 кг/м3, қоспаның қозғалысы (ПЖ _ 12 см) майда түйіршікті бетон алуға жағдай жасайды. САҚЕБ-100 қатаю қарқынын 14 тәулік бойы көрсетеді, одан әрі беріктіліктің өсуі баяулайды. САҚЕБ-50 беріктілігінін өсуі 28 тәулік бойы жүре береді. САҚЕБ-100 пайдаланып бастапқы бақылауға алған цементпен салыстырғанда цементтің шығымын 122 кг/м3 азайтуға болады, бетонның маркалық беріктілігі 68,6 МПа дейін немесе 1,4 есе көтеріледі, ал егер цементтің шығымын 194 кг/м3 жұмсаса беріктілік 37,9 МПа жетуі мүмкін.

Гипс байланыстырғыштарын өндіру үшін шикізат ретінде екі сулы табиғи гипс тасын, сусыз ангидритті, сазды гипс тасын және кейбір екі сулы немесе сусыз күкірт қышқылды кальцийден тұратын кейбір өндіріс қалдықтарын, тіпті болмаса олардың араласпаларын (фосфогипс, борогипс) қолданады. дегенмен гипстік байланыстырғыштарын алу үшін екі сулы табиғи гипс тасын басымдау қолданады. мемлекеттік стандарттың талабы бойынша бұл тау жынысында CaSO4*2H2O мөлшері 65%-дан кем болмауы керек.

Ұсынылатын әдебиет: [3,8].


6 тақырып – Цемент негізіндегі аз су қажет ететін байланыстырғыш-тар

Жоспар:

1. Цемент негізіндегі аз су қажет ететін байланыстырғыштар. Цемент байланыстырғышын модификациялау түрлері

2. Қож және басқа толықтырғыштарды пайдалану, жоғары маркалы аз су қажет ететін цемент байланыстырғышын алу

3. Аз су қажет ететін цемент байланыстырғышы негізіндегі қарапайым және жоғары беріктілі бетондардың негізгі физико- механикалық қасиеттері


Портландцементтің суды қажет етуі, оның негізгі құрылыстық техникалық қасиеттерінің бірі болып табылады. Бұл көрсеткіштің төмеңдеуінен цементтің бетонда пайдалану тиімділігі өседі, сонымен қатар бетон құрамаларының беріктілігі, тығыздығы және ұзақ уақыт қызмет етуі әсіресе, ауа райы ауыр жерлерде артады.

Цементтің суды қажет етуі дегеніміз, бұл цемент илемінің қалыпты қоюлығы және сылақтың немесе бетонның судың цементке қатынасы (С/Ц) аркылы бағаланатын көрсеткіш. Бізге белгілі, портландцементтің минералдары толық гидротация жасауы үшін, цементтің салмағынан алғанда 22 % шамасында су қажет. Цемент илемінің қалыпты коюлығы таза клинкерлі цементтерде 2-4 % және активті минерал қоспалары бар цементтерде 5-10 % бұл шама көтеріледі. Ынғайлы жайылымды бетон қоспасын дайындау үшін цементтің салмағынан алғанда 40 %-дан көп су қажет етеді.

Қатайған цемент тасындағы артық, химиялық байланыспаған су жүйеде кеуектермен капиллярлар туғызады, бұл кеуектіліктің артуына, беріктіліктің және аязға төзімділіктің төмендеуіне, сонымен катар басқа да бетоннын құрылыстық қасиеттерінің нашарлауына әкеліп соқтырады.

Цементтің суды қажет етуін анықтайтын факторлар (С3А және сілтілердің мөлшері, түйіршік құрамы) белгілі болғанмен іс жүзінде цемент өндірісінде бұл көрсеткіштерді төмендету қиынға соғады.

Қазіргі кезде цементтің (бетонның) су қажеттілігін төмендету үшін ұнтақтау кезінде (немесе бетон дайындағанда суға ерітіп) аз мөлшерде пластафицирленген қоспа қосады, ең көп тараған лнгносульфонат қышқылдарының тұздарын негізі сульфитті-дрожды (СДБ) және сульфитті-спиртті (ССБ) бражкіден тұрады. Бұл қоспаларды цементтің салмағынан алғанда 0,15 - 0,25 % қосқанда бетондағы және сылақтағы С/Ц 8 - 10 % төмеңдейді. Көп мөлшерде қосқан кезде гидротация реакциясының кідіргеңдігі байқалады, бұл бетонның беріктілігін төмендетуге әкеліп соқтырады.

Соңғы жылдары тиімді пластификатор қоспасына супер-пластификатор пайдаланылып жүр, гидрофиль негізінде сульфометил гетероцикл тұзынан және кейбір органикалық қышқылдарынан, органикалық сульфон қышқылының туындыларынан, смоладан және тағы басқа заттардан тұратын. Суперпластификаторларды негізінен өте берік бетондар және жоғарғы жылжымалы бетон қоспаларын дайындау үшін қолданады.

Суды қажет етуді төмендету жөніндегі ұсынылған тәсіл, майда ұнтақталған клинкерлі гипссіз алынған портландцемент болып табылады. Компоненттердің үйлесімді қатынастарында алынған құрамы композицияның құрамы портландцементтің су кажет етуін қатардағы портландцементпен салыстырғанда 35 - 40 % төмендетеді. Гипсі жоқ портландцементтен жасалған сылақтармен бетондар жоғарғы беріктілікпен төменгі кеуектілікті көрсетеді.

Қалыпты жағдайда қатайған үлгінің беріктілігі 600 марка болды. Гипссіз портландцементтен жасалған сылақпен бетонның беріктілігі ұзақ уақыт қатайғанда тұрақты өсті. Осы цементтен жасалынған буланған үлгінің кеуектілігі жай портландцементтен жасалынған үлгінің кеуектілігінен төмен болғаны анықталды. Жылумен өндегендегі қатаю сипатын мына кестеден көруге болады (кесте 2).

Осыған байланысты С/Ц төмендеуінің салдарынан бұл цементтердің уақыт ұстамдылығының тездетуін қажеттілігін белгілеу керек . С/Ц = 0,29 болатын бетон қоспасы қозғалысын 1 - 1,5 сағат ұстай алады және де жоғарғы тұтқырлығымен ерекшеленеді, бірақта бұл құбылыс сілкіндірудің нәтижесінде жойылады.

Гипссіз цемент С3А құрамымен және әсіресе бос СаО шектеледі, клинкердің жай минералдық құрамында С3S > 55%, С3А < 8 %. Қоспаны цементті ұнтақтау кезінде 0,1 - 0,2 % СДБ қосуды ұсынады, ал күшейткіштермен СДБ қалған бөлігін сумен еріту арқылы қосады.

Ұсынылатын әдебиет: [6,7].
7 тақырып – Бетон бұйымдарын өндірудің жаңа технологиялары

Жоспар:

1. Бетон бұйымдарын өндірудің жаңа технологиялары

2. Әр түсті жэне «жырымдалған тас» фактуралы өңдеулік бетон блоктары

3. Шикізаттық материалдар, пигменттер, дайындау технологиясы, физка-механикалық қасиеттері


Бетон бұйымдарын өндірудің жаңа технологиялары. Әр түсті жэне «жырымдалған тас» фактуралы өңдеулік бетон блоктары. Шикізаттық материалдар, пигменттер, дайындау технологиясы, физка-механикалық қасиеттері.

Құрылыста түрлі қасиеттерімен сипатталынатын әр түрлі бетондар қолданылады. Бетондар мынандай белгілері бойынша жіктелінеді: орташа тығыздығымен, арналу мақсатымен, байланыстырушы және толтырғыштар түрімен. Бетондардың басты жіктелуі цемент тасының тығыздығы мен толтырғыштар түрлеріне байланысты болатын орташа тығыздығы бойынша анықталады.

Бетон араласпасын өндіруді нысандар басындағы бетонараластырғыш түйіндерде, бетон зауыттарында немесе темірбетон бұйымдарын жасайтын зауыттардың бетон араластырғыш цехтарында жүргізеді.

Бетон араласпасын өндіру процесі бастапқы материалдарын даярлаудан, оларды дозалаудан және араластырудан тұрады.

Даярлық операцияларына цементті активтеу, химиялық қоспалар ерітіндісін дайындау, қыс мезгілінде толтырғышты жібіту және жылыту процестері жатады.

Ұсынылатын әдебиет: [1,7].


8 тақырып – Керамогранит технологиясы

Жоспар:

1. Керамогранит технологиясы

2. Шикізаттық материалдардың сипаттамасы

3. Шикізаттық материалдар дайындау, қалыптау массасын дайындау

4. Керамогранитті дайындаудаға бұйымды қалыптау, кептіру және күйдіру ерекшеліктері

5. Керамограніт бұйымдарының негізгі физика-механикалық қасиеттері


Керамика – деп keramike грек сөзі қыш өнері деген мағынаны білдіреді. Керамикалық деп әр алуан ылғалдықтағы көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық біркелкі массадан түрлі тәсілдермен қалыпталып және жоғарғы температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады.

Шикізат құрамына және күйдіру температурасына байланысты керамикалық материалдар 2 топқа бөлінеді: толық күйдірілген, сындырылған жері жылтыр, тығыз структуралы керамика су сіңіруі 2-4% аспайды (фарфор, жол кірпіші, еден плиталары); жарым-жартылай күйдірілген, сондықтан кеуекті керамика су сіңіруі 8-20% дейін (керамикалық тас, черепица, қаптаушы плиталар). Тағы дөрекі (ірі) және жұқа (майда) керамикаға бөлінеді. Дөрекі керамика сынығы біркелкі емес, ірі түйіршікті структурасымен сипатталады, жұқа керамиканікі майда түйіршікті, біртекті және бірыңғай боянған структура (фарфор, фаянс).

Керамогрант материалдары керамиканың ерекше технологиясы бойынша өндіріледі. Жалпы бұндай технологиямен жасалатын материалдар тізімі төменде келтірілген:


  • Жұқа керамикалық бұйымдардың жіктелуі. Қолданылу аймағы. Фарфор және оның түрлері. Фаянс және оның түрлері.

  • Бастапқы шикізаттың негізгі түрлері, олардың ролі және қызметі. Сазды материалдар. Сазды материалдарға қойылатын негізгі талаптар. Жүдетуіш материалдар, балқымалар жәіне арнайы қоспалар. Глазурге арналған шикізат. өндірістің технодогиялық процесінде керамикалық қалақшаның түзілуіндегі негізгі шикізат компоненттерінің ролі.

  • Шикізатты дайындау және жұқа керамикалық масса дайындау.

  • Жұқа керамикалық бұйымдар өндірісінде қолданылатын қалыптау әдістері. Керамикалық массаларды құю. Бұйымдарды иілгіш массадан қалыптау. Ұнтақ тәрізді массадан бұйымдарды престеп қалыптау. Престеу тәсілдері.

  • Жұқа керамикалық бұйымдарды кептіру. Кептіргіш түрін және кептіру әдісін таңдау.

  • Глазурлер және керамикалық бояулар, бұйымдарды глазурлеу және әрлеу.

  • Жұқа керамикалық бұйымдарды күйдіру ерекшеліктері. Күйдіру кезінде болатын ақаулар және олардың алдын-алу.

  • Шаруашылық және сәулеттік фарфор.

  • Электротехникалық фарфор.

  • Еденге арналған плиткалар, фасадты плиткалар, беттік глазурленген плиткалар.

  • Керамогранит.

  • Санитарлы бұйымдар.

  • Жұқа тасты бұйымдар, майолика

Ұсынылатын әдебиет: [2,6].
9 тақырып – Өндіріс қалдықтары негізіндегі құрылыс материалдары

Жоспар:

1. Өндіріс қалдықтары негізіндегі қүрылыс материалдары

2. Өндіріс қалдықтарының классификациясы

3. Металлургия, отын өндіру және энергетика қалдықтарын қолдану: күл жэне қождар негізіндері байланыстырғыш материалдар, қож-күл қалдықтары негізіндегі толтырғыштар күл және қождар негізіндегі балқытылған жэне жасанды тас материалдар


Өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру бойынша көлемі мен технологиялығы жағынан ең ұтымды шара, оларды силикаттық құрылыстық материалдарын және бұйымдарын жасау технологиясында пайдалану. Техногендік өнімдерді технологиялық өндеу процесінде оларды залалды заттардан тазарту әдістерін қолдану арқылы жасалынатын материалдар экологиялық нормаға сәйкестенеді. Осындай өндіріс қалдықтары негізінде жасалынатын силикаттық материалдарды сапаларының жоғарлығымен ерекшелінеді және соған сай құрылыста пайдалану сипаттамасы да айтарықтай жақсы келеді. Дегенмен, техногендік өнімдерді қолданарда ескеретін жағдайлар да жоқ емес. Қазіргі кезде техногендік өнімдерді олардың құрылу процесін, табиғатын, химиялық-минерологиялық құрамын ескере пайдаланып, тиісті құрылыстық композициялық материалдар мен бұйымдарын индустриялық-инновациялық технология бойынша жасау мүмкіншілігі қалыптасқан.

Ұсынылатын әдебиет: [4,6].


8 Практикалық сабақтардың мазмұны – 15 сағат

Практикалық сабақ 1,2

1 ТақырыпКіріспе

Жоспар:

1. Құрылыс материалдарын өндірудің қабылданған технологиялары

2. Құрылыс материалдары саласындағы ғылыми техникалық жетістіктердің қолданылу

Тапсырмалар:

1. Құрылыс материалдарын өндіру саласындағы технологияға енгізілген жаңажетістіктерге шолу

2. Технологиялар дамуының ерекшеліктерін айқындау
Практикалық сабақ 3,4

2 Тақырып – Құрғақ құрылыс араласпаларының технологиясы және классификациясы

Жоспар:

1. Құрылыс материалдары өндірісінің дамыған және заманауи әлемдік отандық тенденциясы

2. Қазақстандағы құрылыс материалдары өндірісіндегі жаңа базалар: жергілікті табиғи шикізат, синтетикалық өнімдер және технотекті шикізат, өндірістің қалдық өнімдері

3. Құрғақ құрылыс араласпаларының технологиясы және классификациясы



Тапсырмалар:

1. Құрғақ құрылыс араласпаларының құрамының ерекшеліктері

2. Құрғақ құрылыс араласпаларының негізгі қасиеттері

3. Құрғақ құрылыс араласпаларын өндірудің зауыттық технологиясы


Практикалық сабақ 5,6

3 тақырып – Құрғақ гипс араласпаларының технологиясы

Жоспар:

1. Құрғақ гипс араласпаларының технологиясы

2. Құрғақ гипс араласпаларының құрамын химиялық қоспалармен түрлендіру.

Тапсырмалар:

1. Құрғақ гипс араласпаларының сипаттамасын жазу

2. Тұтас сылақтың орнына қолданылушылар: гипскартон (ГКЛ) және гипсталшықты (ГВЛ) парақтарды дайындау технологиясы
Практикалық сабақ 7,8

4 тақырып – Цементтік құрғат араласпалар және олардың технологиясы

Жоспар:

1. Цементтік құрғат араласпалар

2. Цементтің, ұсақ толтырғыштар мен толықтырғыштардың минералдық және түйіршектік құрамының цементтік құрғақ араласпаларының, ерітінділер мен олардың негізіндегі қатайған беттердің қасиеттеріне эсер етуі

Тапсырмалар:

1. Цементтік құрғақ араласпаларының қолданылу аясын анықтау


Практикалық сабақ 9,10

5 тақырып – Аз су қажет ететін гипстік байланыстырғыштар

Жоспар:

1. Аз су қажет ететін гипстік байланыстырғыштар

2. Аз су қажет ететін гипстік байланыстырғыштардың технологиясы, қасиеттері жэне қолданылу аясы

Тапсырмалар:

1. Аз су қажет ететін гипстік байланыстырғыштардың көбік-, газгипс материалдары мен бұйымдары өндірісінде пайдалану


Практикалық сабақ 10,11

6 тақырып – Цемент негізіндегі аз су қажет ететін байланыстырғыш-тар

Жоспар:

1. Цемент негізіндегі аз су қажет ететін байланыстырғыштар. Цемент байланыстырғышын модификациялау түрлері

2. Қож және басқа толықтырғыштарды пайдалану, жоғары маркалы аз су қажет ететін цемент байланыстырғышын алу

Тапсырмалар:

1. Аз су қажет ететін цемент байланыстырғышы негізіндегі қарапайым және жоғары беріктілі бетондардың негізгі физико- механикалық қасиеттері


Практикалық сабақ 12,13

7 тақырып – Бетон бұйымдарын өндірудің жаңа технологиялары

Жоспар:

1. Бетон бұйымдарын өндірудің жаңа технологиялары

2. Әр түсті жэне «жырымдалған тас» фактуралы өңдеулік бетон блоктары

Тапсырмалар:

1. Шикізаттық материалдар, пигменттер, дайындау технологиясы, физка-механикалық қасиеттері


Практикалық сабақ 14,15

8 тақырып – Керамогранит технологиясы

Жоспар:

1. Керамогранит технологиясы

2. Шикізаттық материалдардың сипаттамасы

3. Шикізаттық материалдар дайындау, қалыптау массасын дайындау



Тапсырмалар:

1. Керамогранитті дайындаудаға бұйымды қалыптау, кептіру және күйдіру ерекшеліктері

2. Керамограніт бұйымдарының негізгі физика-механикалық қасиеттері
Практикалық сабақ 16-18

9 тақырып – Өндіріс қалдықтары негізіндегі құрылыс материалдары

Жоспар:

1. Өндіріс қалдықтары негізіндегі қүрылыс материалдары

2. Өндіріс қалдықтарының классификациясы

Тапсырмалар:

1. Металлургия, отын өндіру және энергетика қалдықтарын қолдану: күл жэне қождар негізіндері байланыстырғыш материалдар, қож-күл қалдықтары негізіндегі толтырғыштар күл және қождар негізіндегі балқытылған жэне жасанды тас материалдар


9 Өздік жұмысының тапсырмалары

Тақырып 1 – Кіріспе

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- материалдар классификациясының негіздері;

- құрылыс материалдарын өндірудің қабылданған технологиялары;

- құрылыс материалдары саласындағы ғылыми техникалық жетістіктердің қолданылу.

2) Реферат жазу: Құрылыс материалдар технологиясының дамуының алғышарттары тақырыбына қысқаша тарихи очерк.



Тақырып 2 – Құрғақ құрылыс араласпаларының технологиясы және класиффикациясы

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- құрғақ гипс араласпаларының сипаттамасы;

- әдебиетті жинау және жүйелеу;

- әдеби мәліметтердің анализі.

2) Теориялық зерттеулер бойынша дәрістер конспектісін жазып әкелу.



Тақырып 3 – Құрғақ гипс араласпаларының технологиясы

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- цементтің, ұсақ толтырғыштар мен толықтырғыштардың минералдық және түйіршектік құрамының цементтік құрғақ араласпаларының, ерітінділер мен олардың негізіндегі қатайған беттердің қасиеттеріне эсер етуі;

- құрғақ гипс араласпаларының технологиясы;

- құрғақ гипс араласпаларының құрамын химиялық қоспалармен.

2) Реферат жазу: Дамыған технологияларды қолданудың глобальдық (дүниежүзілік) әдістемесі.



Тақырып 4 – Цементтік құрғат араласпалар және олардың технологиясы

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- цементтік құрғат араласпалар;

- цементтің, ұсақ толтырғыштар мен толықтырғыштардың минералдық және түйіршектік құрамының цементтік құрғақ араласпаларының, ерітінділер мен олардың негізіндегі қатайған беттердің қасиеттеріне эсер етуі;

- цементтік құрғақ араласпаларының қолданылу аясы.

Тақырып 5 – Аз су қажет ететін гипстік байланыстырғыштар

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- аз су қажет ететін гипстік байланыстырғыштар;

- аз су қажет ететін гипстік байланыстырғыштардың технологиясы, қасиеттері жэне қолданылу аясы;

- аз су қажет ететін гипстік байланыстырғыштардың көбік-, газгипс материалдары мен бұйымдары өндірісінде пайдалану.

2) Реферат жазу: Цементтің, ұсақ толтырғыштар мен толықтырғыштар-дың минералдық және түйіршектік құрамының цементтік құрғақ араласпалары-ның, ерітінділер мен олардың негізіндегі қатайған беттердің қасиеттеріне әсер етуі.



Тақырып 6 – Цемент негізіндегі аз су қажет ететін байланыстырғыштар

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- қож және басқа толықтырғыштарды пайдалану, жоғары маркалы аз су қажет ететін цемент байланыстырғышын алу;

- цемент негізіндегі аз су қажет ететін байланыстырғыштар. Цемент байланыстырғышын модификациялау түрлері;

- қож және басқа толықтырғыштарды пайдалану, жоғары маркалы аз су қажет ететін цемент байланыстырғышын алу.

2) Реферат жазу: Аз су қажет ететін цемент байланыстырғышы негізіндегі қарапайым және жоғары беріктілі бетондардың негізгі физико- механикалық қасиеттері



Тақырып 7– Бетон бұйымдарын өндірудің жаңа технологиялары

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- шикізаттық материалдар, пигменттер, дайындау технологиясы, физика-механикалық қасиеттері;

- бетон бұйымдарын өндірудің жаңа технологиялары;

- әр түсті жэне «жырымдалған тас» фактуралы өңдеулік бетон блоктары.

Тақырып 8 – Керамогранит технологиясы

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- керамогранитті дайындаудаға бұйымды қалыптау, кептіру және күйдіру ерекшеліктері;

- керамогранитті дайындаудаға бұйымды қалыптау, кептіру және күйдіру ерекшеліктері;

- керамограніт бұйымдарының негізгі физика-механикалық қасиеттері.

2) Реферат жазу: Керамогранит технологиясының дамуының қысқаша тарихы.



Тақырып 9 – Өндіріс қалдықтары негізіндегі құрылыс материалдары

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- металлургия, отын өндіру және энергетика қалдықтарын қолдану: күл жэне қождар негізіндері байланыстырғыш материалдар;

- өндіріс қалдықтары негізіндегі қүрылыс материалдары;

2) Реферат жазу: Өндіріс қалдықтарының классификациясы
10. МӨЖ бойынша кеңес беру графигі (МӨЖ 25% МОӨЖ-дан құрастырылады)

МӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.


Жаңа оқу семестр бойынша МОӨЖ кестесіне сәйкес




Сабақтын түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1

Дәріс бойынша

сұрақтарға

кеңес беру





15:50-17:45




14:45-15:35







2

Тәжірибе сабақтар

бойынша сұрақтарға кеңес беру















16:55-17:45




3

МӨЖ бойынша

сұрақтарға кеңес

беру











11:30-12:20









11. Оқушылардың білімінің тексеріс кестесі

Практика және дәріс сабағына қатысуы (семинарлық, зертханалық, жеке, студиялық сабақтар) 0-100 балмен бағаланады.

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі (оқу сабақтарының кестесі бойынша)
12. Магистранттардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі

Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің оқылған модулі бойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:

- сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу;

- өздік және зертханалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және қорғау;

- курстық жұмыстың/жобаның бөлімдерін уақытында, сапалы орындау;

- сабаққа қатысу және басқа.

Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.

АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша магистанттың рейтингі (Р1 и Р2) анықталады:



Р1(2) = АҮ1(2)*0,7 + МБ1(2)*0,3.

Семестрде пән бойынша магистранттың жіберу рейтингінің бағасы тең:



ЖР= (Р1+Р2)/2

Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) магистранттың оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб):



Қ = ЖР*СҮжр + ҚБ*СҮқб

Жіберу рейтингтің және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4 сәйкес тең болады.

Пән бойынша жіберу рейтингі де, емтихан бағасы да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледіДәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері магистранттарға сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.

Оқу жетістіктері, яғни білім,оқушылардың “Құрылыс материалдары мен бұйымдарының дамыған технологиялары” пәні бойынша дағдылары балды-рейтингті жүйесі бойынша бағаланады:





Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ)

Балдың цифрлық баламасы (Ц)

Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)

95-100

4,0

A

Өте жақсы

90-94

3,67

A-




85-89

3,33

B+




80-84

3,0

B

Жақсы

75-79

2,67

B-




70-74

2,33

C+




65-69

2,0

C

Қанағаттанарлық

60-64

1,67

C-




55-59

1,33

D+




50-54

1,0

D




0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі
«Құрылыс материалдары мен бұйымдарының дамыған технологиялары» пәнін оқу кезінде мына ережелерді ұстануды сұраймын:

1) Сабаққа кешікпеу.

2) Себепсіз сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда анықтама әкелу.

3) Магистранттың міндетіне сабақтың барлық түріне қатысу кіреді.

4) Оқу үрдісінің күнтізбелік кесте бойынша барлық бақылау түрлерін тапсыру.

5) Босатқан тәжірибелік сабақтарды оқытушының айтқан уақытында өтеу.

6) Кафедраның аудиториялық қорына шығын келтірмеу.

7) Жоғарғы оқу орнының талаптарын бұлжытпай орындау.

8) Курстастарыңа және оқытушыға сабырлық, ашықтық және игілікпен қарау.

9) Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілулі болуы тиіс.

10) Оқытушы сабақ түсіндіріп жатқанда дауыстап сөйлеуге болмайды. Екінші ескертуден кейін магистрант аудиториядан шығарылады. Сабақ барысында сабақтан тыс тақырыптар рұқсат етілмейді.

Тапсырманы маңызды себеппен кешігіп тапсырса, айыптық санкциялар болмайды.

Егер сіз белгілі бір маңызды себептермен бақылау шараларды босатсаңыз, сізге оны оқытушының айтқан уақытында (МБ мен ҚБ деканның рұқсатымен ) қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Тапсырмаған жағдайда сіз «0» балл аласыз.

Жұмысты уақытында тапсыру керек. Барлық тапсырмалар ең кеш дегенде емтихан сессия басталуға 3 күн қалғанға дейін тапсырылу қажет.

Барлық тапсырмалар мен ЕГЖ-ді тапсырмаған магистранттар, емтиханға жіберілмейді.

Өткен сабақтағы материалды қайталау мен өңдеу әрбір сабақта болуы міндетті. Магистранттың материалды қаншалықты түсінгені тестілеу мен жазбаша түрде тексеріледі. Тестілеу алдын-ала ескертусіз жүргізілуі мүмкін.

Сіздердің міндеттеріңіз сабаққа дайындалып келу. Бар әдебиетті қолданыңыз және оны кітапханадан алыңыз.

Басқаның жұмысын көшіру мен әдебиет материалдарды өңдеусіз қолдануға тыйым салынады.



Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті. Дәріс бойынша конспект 8-ші және 15-ші апталарда тексеріледі.
14 Әдебиеттер тізімі
Негізгі


  1. Глуховский В.Д. и др. Шлакощелочные легкие бетоны.-Ташкент: Фан.1992

  2. Кулибаев А.А., Нурбатуров К.А., Кудерин М.К., Де И.М. Керамогранит на основе Казахстанского сырья, НИЦ Павлодарского государст-го. унив-та им.С.Торайгырова, 2007 г.

  3. Козлов В.В. Сухие строительные смеси: - М.; ИАСВ, 2000 г.

  4. Нехорошев А.В., Цителаури Г.И. и др.. Ресурсосберегающие технологии керамики, силикатов и бетонов. - М.: Стройиздат, 1991 г.

  5. Филимонов Б.П. Отделочные работы. Современные материалы и новые технологии. Учебное пособие. - М,: ИАСВ, 2004 г.

  6. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары.: Тараз: Сеним, -2007, 1 том-576-бет. 2 том -472-бет.


Қосымша


  1. Баженов Ю.М. Технология бетона. М., ИАСВ, 2002 г.

  2. Безбородов В.А., Белан В.И., Мешков П.И. и др.. Сухие смеси в современнс строительстве, Новосибирск: 1998 г.

  3. Карапузов Е.К., Лутц Г., Герольд X. и др. Сухие строительные смеси:: справочное пособие: - К.: Техника, 2000 г.

  4. Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкций. Справочник. - М.: Высш.шк., 2004 г.

  5. Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос.-М.: ИАСВ, 2004 г.

  6. Садуакасов М.С. Пластифицированные гипсовые вяжущие: Учебное пособие, Алматы: КазГАСА, 1995 г.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет