2-тақырып. Қазақ-өзбек қарым-қатынастары
XVI – XVII ғасырлары қазақтардың шайбанидтармен қарым-қатынасының сипаты. Әскери жанжал, ынтымақтастық кезеңі, неке одақтарын құру. Хақназар ханның Абдалах II ханымен қарым-қатынасы. XVI –XVII ғасырлардың соңында Сырдария маңындағы қалалар үшін қазақтар мен өзбектердің күресі. Шайбанид әулетінің орнына 1598 – 1599 жж. Аштарханид әулетінің келуі. Қазақ билеушілері мен Түркістан және Мәуренахр тұрғындарымен одағын нығайтудағы мұсылман діни қауымының рөлі.
Ұсынылатын әдебиеттер: 3 (4-6), 8(9-12), 16(11-14)
3-тақырып. Қазақ-қырғыз қарым- қатынастары
ХVI-XVII ғғ. қазақ-қырғыз қатынастарының сипаты. Қазақ мемлекеттігінің нығаюы. Қырғыздармен әскери-саяси, сауда-саттық және мәдени қарым-қатынасты белсендіру. XVI-XVII ғғ. саяси жағдай олардың арасындағы байланысты белсендірді. Сонымен қатар XVI ғ. моғол-өзбек одағына қарсы қазақ-қырғыз одағының құрылуы. Қазақ ханы Тақырдың қырғыз Мұхаммедпен қарым-қатынасы. Қазақ хандығының шайбанидтермен күресіне қырғыздардың қатысуы. Қазақ хандығы арасында орын алған өзара қақтығыстарына қырғыздардың қатысуы.
Ұсынылатын әдебиеттер: 5 (17-21), 10(15-23), 19(21-25)
4-тақырып. Қазақ-ойрат қарым-қатынастары
Қазақ және жоңғар халықтарының қатынастары 2-ден аса ғасырды құрайды. Бұл қатынас Орталық Азиядағы тарихи жағдайлардың өту барысына үлкен ықпал етті. XVI ғасырдың басында Қазақ хандығының ойраттармен қарым-қатынасы бейбітшілікте болды. XVI ғасырдың 2-ші ширегінен қазақ-ойрат қақатығыстары басталады. Қазақтар мен қырғыздар бірлескен ойраттардың қоныстарына шабуылы. XVI ғасырдың ортасында Жоңғар мемлекетінің бірлестігі және ойраттардың қазақ қоныстарына жасаған жаңа шабуылдар легі.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1 (18-22), 26(22-28), 21(23-35) 28 (35)
5-тақырып. Қазақ-қарақалпақ қарым-қатынастары
XVI ғасырдың соңында қарақалпақтар өздерінің заманауи атауларымен атала бастайды. XVII ғасырда қарақалпақтар қазақтармен нақты иеленген жерлерге орналасады. Сондықтан қарақалпақтардың негізгі шаруаышылық мәселелері қазақтармен орнаған қарым-қатынасқа тәуелді болды. Қазақ-қарақалпақ қатынастары бойынша тарихи материалдарды хивин хроникасынан байқауға болады, соның ішінде қазақ пен қарақалпақтардың сұлтандары қатысқан Хорезмдегі талас-тартыс.
Ұсынылатын әдебиеттер: 7 (32-41), 15(27-59)
Достарыңызбен бөлісу: |