Пән: кедендік бақылау
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
1-Тақырып. Кедендік бақылаудың тәжірибелік маңызы. Кедендік бақылауды жүргізуге қатысты кеден органдарының өкілеттіктері
ЖОСПАР:
1.Кедендік бақылау түсінігі.
2.Кедендік бақылау жүргізудің қағидалары.
3.Кедендік бақылау жүргізудің заңнамалық негіздері
4.Кедендік бақылау жүргізудегі кеден органдарының өкілеттіктері
Кедендік бақылау – бұл заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, тауарларды, көлік құралдарын, валютаны және валюталық құндылықтарды әкелу, әкету және транзит тәртібін реттейтін ережелерді сақталуына бағытталған Қазақстан Республикасының кеден органдарымен құқылы іс-әрекеттерді жүргізу.
Кедендік бақылаудың негізгі мақсаты — өткізілген кедендік операциялар мен кедендік заңнама бойынша іс-әрекеттерді сәйкестігін кедендік бақылаудың әр түрлі нысандарының көмегімен айқындау; белгіленген кедендік ережелер мен рәсімдерді кедендік қызметке қатысатын заңды және жеке тұлғалармен сақтау.
Кедендік бақылаудың негізгі функциялары:
- кедендік заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету;
- кеден ісін жүзеге асыру кезінде азаматтар, ұйымдар мен мекемелердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау бойынша шараларды қабылдау;
- өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды қамтамасыз ету;
- кедендік баждарды, салықтарды және басқа да кедендік төлемдерді алу;
- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарды өткізудің рұқсат тәртібін сақтауын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарға қатысты тарифтік және тарифсіз шараларды құрастыруына және оларды жүзеге асыруына қатысу;
- кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүргізу және жетілдіру, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жетілдіретін шарттарды жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |