Орындаған;Тореканова Акерке Мырзахметовна Инклюзивті білім беру үдерісінің заңнамалық негіздері Қазақстан Республикасының Заңдары: «Білім туралы»



бет1/2
Дата05.11.2022
өлшемі27.76 Kb.
#464060
  1   2
1 инклюзив 6-17



Инклюзивті білім беру үдерісінің заңнамалық негіздері Инклюзивтік білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру
Орындаған;Тореканова Акерке Мырзахметовна
Инклюзивті білім беру үдерісінің заңнамалық негіздері Қазақстан Республикасының Заңдары: «Білім туралы», «Балалар құқықтары туралы», «Мүгедектер құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы». Мәселен, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген. Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Нормативті құжаттар мен актілер: «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» (13.01.2014 жылғы өзгертулерімен және толықтыруларымен) ҚР Кодексі, Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметі жөніндегі Типтік ережелер», «Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы . Қазақстан Республикасының заңдамалары, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғауды, осыған қатысты барлық құқықтық ережелерінің сақталуын және осы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, олардың жоғары сапалы білім беру қызметтерін алуын, қол жетімді орта құрылуын қарастырады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру халықаралық құқықтық актілерге бейімделген: олардың арасында адам құқықтары мен кез келген себеппен кемсітушілікке жол бермейтін мәселелерге қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет мәселелері бойынша ұйымының (ЮНЕСКО) басшылығымен қол қойылатын декларациялар мен конвенциялар бар. Олардың арасында Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы (БҰҰ, 1948 ж.), Бала құқықтарының декларациясы (БҰҰ, 1959), БҰҰ-ның «Білім беру саласында кемсітушілікпен күрес туралы» Конвенциясы (1960 ж.), БҰҰ-ның «Ақыл-ойы 7 кешеуілдеген тұлғалардың құқықтары туралы» Декларациясы (1971 ж.), ҚРның Үкіметі 1994 жылы ратифицикациялаған БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясы (1989 ж.), Жалпыға бір білім беру туралы дүниежүзілік декларация, Джомтьен, Тайланд (1990 ж.), Дели декларациясы (1993 ж.),БҰҰның мүгедектерге тең құқықтарды қамтамасыз ету бойынша стандартты ережелері (1993 ж.), Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру саласында қағидалар, саясат пен практикалық әрекеттер және ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру бойынша қызметтердің шеңбері туралы Саламан декларациясы (Саламанка, Испания, 1994 ж.), ҚР 20.02.2015 ж. ратифицикациялаған БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясы (2006 ж.) бар. Осыдан ЮНЕСКО-ның әдістемелік материалдарында көрсетілген инклюзивті білім берудің анықтамасы туындайды: инклюзивті (кіріктіре) білім беру дегеніміз – барлық балалар дене, психикалық, зерде, мәдени-этникалық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру жүйесіне қосылып, тұрғылықты жері бойынша өз құрбыларымен қатар бір жалпы білім беру мектебінде білім алуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастыру. Бұл жағдайда мектептер білім алудағы ерекше қажеттіліктерді ескеріп, өз оқушыларына қажетті арнайы қолдауды жүзеге асырады. Инклюзивті білім беру мынадай нақты құндылықтар мен ұстанымдарға негізделеді: - әр адам білім алуға құқылы; - білім беру туылғаннан басталады. Ерте жаста білім беру ерекше қажет, бірақ ол ересек жаста аяқталмайды, себебі бұл үдеріс өмір бойы жалғасады; - барлық балалар білім алуы керек; - әр адам белгілі бір сала бойынша не белгілі бір уақытта оқыту бойынша қиындықтарға тап болуы мүмкін; 8 - әр адам білім алу барысында көмекке мұқтаж; - мектеп, мұғалім, отбасы бала ғана емес, өзге тұлғаларды да оқытуға ықпал етуге жауапты; - әр түрлі болу табиғи жағдай, ол өте бағалы және қоғамды толықтырып отырады; - біреуді кемсіте қарым-қатынас құру әрі бұндай мінез-құлық таныту сынға түсу керек. Балаларды толеранттылық­ тән және әртүрлілікті қалыпты жағдайда қабылдайтын инклюзивті қоғамда өмір сүруге дайындау керек; - мұғалімдер өздерімен өздері өмір сүрмеу керек, олар да үнемі қолдауға мұқтаж. Кіріктіре оқыту сегіз қағидаға негізделеді: - адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес; - әр адам сезіну мен ойлауға қабілетті; - әр адам қарым-қатынасқа әрі сөзінің тыңдалуына құқылы; - адамдардың барлығы бір-біріне мұқтаж; - білім алу нақты өзара қарым-қатынас мазмұнында болуы мүмкін; - барлық адамдар құрбыларының қолдауы мен достығына мұқтаж; - білім алып отырған тұлғаларға жетістік ретінде өздері жасай алмайтын емес, жасауға қабілетті әрекеттер саналады; - әртүрлілік адам өмірінің барлық жақтарын күшейте түседі [3]. Инклюзивті білім берудің қағидалары мен құндылықтарын терең түсіну және қабылдау Қазақстанның педагогтары қауымдастығы мен жалпы қоғамнан тұжырымдарды және мінез-құлық рөлдерін едәуір қайта бағалау үшін белгілі бір уақыт пен күшті талап етеді. Еліміздің арнайы мектептерінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың 13,9%-ы оқиды (Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің мәліметтері бойынша). Бұл жұмыс елімізде инклюзивті білім беруді дамытудың бағыттарының бірі болуы тиіс. Ол әдетте бөлек қызмет етіп жүрген арнайы және жалпы білім беру жүйелерінің жақындасуын, жалпы білім беру жүйесінің педагогтары мен дефектологтардың ынтымақтастығы, арнайы білім беру ұйымдарына жалпы білім беру жүйесінде инклюзивті үдерістерді дамыту бойынша ресурс орталықтарының қызметін жүктеу сияқты жағдайларды белгілейді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет