Пән: Оқытудың конструктивтік әдістері Оқу тобы: х-18-1 п\я Курсы: III күні: 21. 05. 2021 жыл



Дата20.07.2022
өлшемі19.4 Kb.
#459744
Аралық бақылау 2


Жауап парағы
Студенттің аты-жөні: Дайырбек Аружан Алмабекқызы
Институты: Жаратылыстану
Пән: Оқытудың конструктивтік әдістері
Оқу тобы: Х-18-1 п\я
Курсы: III
Күні: 21. 05. 2021 жыл
II Аралық бақылау


Рефлексивті есеп
Оқытудың конуструктивті әдістері түрлі әдіс - тәсілдердің тұтас бір жүйелі ұүрылымы іспетті. Пән әуелі жаңашылдығымен, заманауилығымен ерекшеленеді деп ойлаймын, пәннің атауына үңіліп қарар болсақ та, «Конструкция» - сөзі жобалау, құрастыру деген мағынаны білдіреді. Өтілетін сабақты алдын ала кезең-кезеңмен жоспарлап, әрбір минутты қалт жібермеуге дайындық жасалынады. Психологиялық ахуал тудырудан бастап, сабақ соңындағы рефлексияға дейін ұйымдастырылған, түрлі тәсілдер пайдаланылған, жоспар бойынша жүзеге асқан сабақ тамаша өтетіні сөзсіз.
Педагогикалық практика барысында химия сабақтарын жүйелі жүргізу менің басты мақсатым болды. Ол үшін әдістер мен түрлі білім сайттарын пайдаланатындығым бәріне де белгілі. Оқушыға жеке жұмыстар орындатуда қалыптастырушы бағалауды пайдалану, деңгейлік тапсырмалар орындату, жас ерекшеліктеріне сәйкес болуын қадағалау химия пәнінің өзін ғана емес, методиканы қоса меңгеруге құлшынысымды арттырды. Сол құштарлығым оқытудың конструктивті әдістері пәнінен белсенді түрде сабақтарға септігін тигізуде. Жаңа пәннің бізге берері көп, дарынды балармен жұмыс жасап, оларға сай қуатты сабақтарды ұйымдастыра алуға, жаңашылдыққа бейімдейді. Топпен жұмыстар жасауға, туындаған қиындықтарды дер кезінде шешуге, сыни тұрғыда ойлауға бағыт-бағдар береді. Топтық, жұптық немесе жеке жұмыста үздік оқушылармен ұдайы жұмыс жасап, баса назарды соларға аударған дұрыспа, әлде құзіретті мұғалім ретінде деңгейі төмен оқушыларға да уақыт жұмсаған дұрыс па?
Деңгейлік тапсырмаларды орындауда оқушылар өздерін төмен санауы мүмкін бе?- деген секілдң сұрақтар мен түрлі ситуациялармен бетпе-бет келіп, шешу жолдарын меңгереміз. 9 «Ә» сыныбына «Қарым-қатынас адамгершілік пен ізгілік бастауы» атты алғашқы тәрбие сағатын өткіздім. Тақырып аясында оқушылар өз ойларын ортаға салып, түрлі жағдаят сұрақтарды шешті. Жүрек пішінін қолданып, адамгершілік қасиеттерге сипаттама берді. Көрініс қойып ізгі қасиеттер жайлы тәрбие сағатымыздың сәнін одан әрі аша түсті. 9 «Б» сыныбына «Күкірт қышқылы және оның тұздары» тақырыбында мамандығым бойынша химия пәнінен ашық сабақ өткіздім. Оқушыларға тапсырмаларды орындату барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым.
Жеке тапсырмалар бердім және бағалау критерийлері ретінде бағдаршам түстерін қолданып, көп ұпай жинату арқылы барлық оқушыларды белсенді қатыстыруға тырыстым. Шоллер табақшаларын пайдаланып сабақ соңында оқушылардың меңгергендерін стикерлерге жаздырту арқылы рефлексия жасадым. 9 «Ә» сыныбына кезекті тәрбие сағатын өткіздім. «Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының негізі» атты сабағымыз еркін форматта өтті. Оқушылармен түрлі ойындар ойнап, пайдалы тағамдар жайлы және олардың құрамы жайлы көптеген жаңа мағлұматтар меңгерулеріне, күнделікті өмірде дұрыс тамақтану арқылы иммунитетті күшейтуге болатындығын мәлімдедім.
Мектеп мәдениетіне өзіндік ерекшелік тән. Басқа мәдениеттерді ұштастырып, бүтін бір ұжымды біріктіріп, ынтымақтасқан түрде жұмыс жасайды. Бұл мәдениеті мұғағалім мен оқушыны ғана емес мектеп директорынан бастап қарапайым еден жуушы қызметкерлерді де қамтиды. Мектеп мәдениеті-мектептің беделі, жетер жетістігі. Білімді, дарынды, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеуде мектеп ұжымының мәдениеті өз әсерін тигізбей қоймайды. Ұстазбен сәлемдесу, үлкен кісіге жол беру, дәлізде жүгірмеу сияқты қарапайым әдеттерді оқушылар өз саналарына бастауыштан-ақ сіңіріп алған. Пән мұғалімі, сынып жетекшісі, директор орынбасары, еден жуушы не болмаса күзетші де мектеп мәдениетін сақтап, оқушыға үлгі бола алуы тиіс. Мектеп ұжымы бірлесе бейбіт жұмыс жасаса ерекше атмосфера, тәрбиелі мәдениет қалыптасары сөзсіз.
Оқушыларды ынталандыруда түрлі метеодикалар пайдаланылады. Оны дұрыс пайдалана алу да өнер. Оқытуда оқушыларды сабаққа толық қатыстру арқылы қызықты, білімді, жан-жақты өтілген сабақ-кедергілерді бағындырған нәтижелі сабақ болып есептеледі. Туындаған кез-келген, үлкенді-кішілі қиындықтармен тәжірибелі, кәсіби мұғалім болсын, тәжірибесі аз жаңадан келген мұғалім болсын сабақ барысында бетпе-бет келіп, жеңіп шыға білуі тиіс.
Сыныптаға барлық оқушыны қамтып сабақ өткізе алдың өзі оқу барысындағы қиындықтар қатарында. Оқушылардың оқу деңгейінің әр түрлі болуы әр түрлі арнайы тапсырмаларды дайындай алуды қажет етеді, ал оларды орындатып үлгеру, уақытты тиімді пайдалана алу- нәтижелі сабақ негізі. Оқушылардың назарын өзіңе аударып, тақырыпты ауқымды түрде түсіндіре алу, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану-мұғалімді ізденімпаз, өз ісін жетік білетін мұғалім етіп тәрбиелейді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеруді ұмыт қалдырмау қажет. Жасы кіші немесе жасы үлкен оқушы қатарластарынан өзгеше болып, байқалып тұрады. Олармен жұмыс жасау аса ұқыптылықты жауапкершілікті қажет етеді. Мінез-құлқымен, сабақты қабылдай алуымен ерекшеленіп тұрады. Діттеген мақсат айқын болса, туындаған кедергілерді жеңу қиын іс емес. Сабақ барысында ақпараттық технологияларды пайдалана алу-жаңа деңгейді көрсетуге мүмкіндік береді. АКТ пайдаланып сабақ өткізуді педагогикалық практика барысында өзіме міндеттеп алған болатынмын. Бұл біріншіден, заман талабына сай болу болса, екіншіден, уақытты үнемдеу, ал үшіншіден жоғары деңгейдегі сабақ өту мүмкіндігі. Мұғалім сөйлей беретін сабақ қызықсыз әрі нәтижесіз екені бәріне белгілі. Оқушының өзі талпынып, құлшынысын арттыра алатындай дұрыс бағыт бағдар беру мұғалім үшін жеткілікті болуы тиіс. Химия пәні бойыншы реакция теңдеулерінен түрлі ойын секілді тапсырмалар дайындауға болады немесе ұқсақ есептерді беріп, жарыс ұйымдастыруға болады.
Оқыту барысында жаңа тәсілдерді пайдалану оқушыны сыный тұрғыда ойлай алуына ықпал етеді. Педагогикалық практика барысында «Миға шабуыл» әдістерін пайдаланып сабақ өтуге тырыстым. «Қарлы кесек» әдісімен үй тапсырмасын сұрадым.«Шоллер табақшаларын» пайдаланып сабақтан али ан әсерлелін біліп, рефлексия жасадым. Бағдаршам түстері, ай пішіндерін, смайлик терді қолданып бағалау жүргіздім.
Сабақ мақсатына негізделген тапсырмаларға сай дескриптор құру маңызды. Дискрипторлар оқушының көрсетуі қажет нәтижені анықтап береді және сол нәтижеге жетуіне көмектеседі. Мысалы, күкірт қышқылы және оның қосылыстары тақырыбына бағалау түрлерін жасар болсақ:
Критерийалды бағалауға:

  • Күкірт қышқылының формуласын жазып, бір негізді не екі негізді қышқыл екендігін анықтай алса—10 балл;

  • Күкірт қышқылының химиялық қасиеттерін білуі-40 балл;

  • Күкірт қышқылының физикалық қасиеттерін сипаттап берса-30 балл;

  • Күкірт қышқылымен зетрханалық жағдайда дұрыс жұмыс жасай алуды білуі-10 балл;

  • Күкірт қышқылының қолданылу аясын білуі-10 балл.

Өскелең, жаңа заман ұрпақтарын тәрбиелеуде мұғалімнің рөлі айрықша. Сабақ барысында бес секундтың өзін жоспарсыз қалдырмайтын, әдіс-тәсілдерді жаңашылдыққа бағыттайтын, заман талабына сай мұғалім - бүгінгі жас ұрпаққа үлгі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет