Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқаулар



Дата09.06.2016
өлшемі62.08 Kb.
#125948

Әдістемелік нұсқаулардың

титулдық парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Журналистика кафедрасы

Қазақ журналистикасының тарихы пәні бойынша


5В050400- Журналистика мамандығының студенттеріне арналған
пәнді меңгеру бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар



Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ГПФ деканы Ж.Т.Сарбалаев

20__ж. «___»____________

Қ ұрастырушы: т.ғ.д, профессор Алдабергенов Қ.М.

Журналистика кафедрасы
Қазақ журналистикасының тарихы пәні бойынша
5В050400 – Журналистика мамандығының студенттеріне арналған
пәнді меңгеру бойынша
әдістемелік нұсқаулар

Кафедраның отырысында ұсынылды 20__ж. «___»_______, №__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі _____________ Алдабергенов К.М. 20__ж. «____» ________
Гуманитарлық-педагогикалық факультеті ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама


ОӘК төрағасы _______________ Жуманкулова Е.Н. 20__ж. «____» ________


1 тақырып Ұлттық журналистиканың бастау көзі

Ұлттық журналистиканыңілкі белгісі ежелгі түрік руына алфавитімен бәдізделген Орхон, Енисей, Талас өзендері бойынан табылған тас бітіктерден көрініс тапқан.



2 тақырып «Тәржіман газеті»

«Тәржіман газеті» 1883 жылғы көкек айының 10 күнінен бастап 1918 жылдың ортасына дейін Қырымның Бақшасарай қаласында шығып тұрды. Бұл мерзімді баспасөз – Ресей патшалығына қараған түрік тілдес ұлт пен ұлыстардың арасында тұңғыш жарық көрген ізашар газет болуымен құнды.



3 тақырып Қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы және қазақ тіліндегі алғашқы газеттер. Қазақ публицистикасының көш басшылары.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында (1860-1900) Қазақстанда патриархалдық – феодалдық қатынастардың ыдырап, капиталистік қатынастардың ене бастауы – қоғамдық ойдың дамуына айтарлықтай ықпал етті.



4 тақырып Түркістан уалаятының газеті. Дала уалаятының газеті

«Түркістан уалаяты газетінің » (1870-1882 жж) жалпы бағыты. Ресми және бейресми бөлімдеріндегі материалдар. «Дала уалаятының газетінің» (1888-1902) жалпы бағыты. Ресми және бейресми бөлімдеріндегі материалдар.



5 тақырып «Фикир» («Пікір») газеті (1905-1907ж). 1905-1907 жылдардағы қазақ баспасөзі

«Фикир» («Пікір») газеті 1905 жылы 27 қарашада Орал қаласында жарық көрді. Мерзімді баспасөздің редакторы әрі шығарушысы татар халқының аяулы перзенті Кәміл Муттығұлұлы Тухватуллин болды. «Торғай» газеті («Тургайская газеті») 1896-1910 жылдар. Онда жарияланған материалдар.



6 тақырып 1910-1914 жылдардағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы және оның идеялық бағыты

«Қазақстан газеті» (1911-1913жж). Газеттің бағыт-бағдары. Редакция алқасы мен авторлық құрамы. Қазақтың ой ойлаған оқығандарын топтастырып, ұлттың мұң-зарын ортаға салып, қоғамдық пікірдің дамуына желкен болған тұңғыш «Айқап» журналының (1911-1915) тарихи маңызы.



7 тақырып ХХ ғасырдың басындағы қазақ тіліндегі кітаптар

Қазан, Уфа, Орынбор, Санкт-Петербург, Мәскеу, ташкент қалаларында қазақ тіліндегі кітаптардың басылуы. Қоғамдық-саяси әдеби кітаптардың көбеуі.



8 тақырып «Қазақ» газеті. Қолжазба «Садақ» журналы

«Қазақ» газетінің жарыққа шығуына тікелей ықпал еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік – шаруашылық, мәдени-рухани алғышарттар. Б. Майлин мен Ж. Тілепбергенұлының редакторлық публицистік қызметтері.



9 тақырып Қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары (1917-1918ж). «Сарыарқа» газеті

«Сарыарқа» (1917-1919) газетінің жарық көруіне қоғамдық-саяси қажеттіліктің алғышарттары.


10 тақырып «Жас азамат» газеті. «Алаш» газеті

«Жас азамат» газеті – қазақ жастар баспасөзінің қарлығашы. «Алаш» газетінің (1916-1917) саяси-идеялық бағыты, редакция алқасы.



11 тақырып «Ұран» газеті. «Абай» қоғамдық-саяси және әдеби журнал

«Ұран» газетінің шығарушылары мн редакторлары. «Абай» журналының редакция алқасы.



12 тақырып Қазақстандағы алғашқы кеңес басылымдары. Қазақстан аумағының әр тарабында баспасөздің қалыптасуы

«Тіршілік» газеті (1917-1918жж). «Тіршілік» газетінің саяси бағыты, С.Сейфуллаұлының «Тіршілік» газетіндегі мақалалары. Қазақстанның Жетісу өңіріндегі қазақ және басқа да ұлттар тіліндегі мерзімді баспасөз.



13 тақырып Қазақ ССР-і құрылуы кезеңдегі өлкелік мерзімді баспасөз (1919-1920жж.)

1919 жылғы 10 шілдедегі «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі төңкеріс комитеті туралы» декретке байланысты өлкелік газеттер ісінің жүзеге асырылуы.



14 тақырып 1921-1925 жж. Аралығындағы баспасөз

Қазақстанда 1921-1925 жылдары мерзімді баспасөздің жүйеленуі.



15 тақырып Қазақстанда «Кіші Октябрь» орнату немесе ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру мен индустрияландыру жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі

Қазақ мерзімді баспасөзінің одан әрі жүйеленуі. Губерниялық, округтік жаңа газеттердің шығарылуы.



16 тақырып Қазақстандағы «Кіші октябрь» жылдарынан кейінгі қалпына келтіру кезеңіндегі мерзімді баспасөз

1933-1937 жылдардағы қазақ жеріндегі мерзімді баспасөздің даму жолдары. Қазақстанда республикалық салалық газет-журналдардың одан әрі қалыптасуы.



17 тақырып Қазақстандағы жаппай репрессия жылдарындағы және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы мерзімді баспасөз (1937-1941)

1937 жылдың «Жекелеген ауыртпалықтары», алпыс мыңнан астам қазақ зиялыларының Сталиндік репрессияның құрбандығына ұшырап, 1937-1938 жылдар аралығындағы А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабайұлы, Е. Омарұлы, С. Аспандиярұлы, К. Ғаббасұлы, Ж. Аймауытұлы, С. Сәдуәқасұлы, Ә. Ермекұлы, Т. Шонанұлы, Т. Жүргенұлы, О. Жандосұлы, С. Сейфуллаұлы, Б. Майлыұлы, І. Жансүгірұлы, Қ. Жұбанұлы сынды озат ойлы мемлекет және қоғам, әдебиет пен ғылым қайраткерлерінің республикалық қазақша-орысша газет-журналдарда идеологиялық қысыммен нақақтан-нақақ «Ұлтшыл-фашист» деп айыпталуы.



18 тақырып Отан соғысы кезіндегі қазақ мерзімді баспасөзі

Отан соғысының басталуына байланысты мерзімді баспасөз алдына қойған талаптар.



19 тақырып Халық шаруашылығын қалпына келтіру, ұлтшылдық сарынға қарсы күрес және тың игеру жылдарындағы баспасөз (1946-1960 жж.)

1946-1960 жылдар арасындағы қазақ мерзімді баспасөзінің даму жолдары.



20 тақырып Бұрынғы кеңес мемлекетінде (коммунаистік құрылысты өрістету) немесе тоқырау жылдарындағы баспасөз (1960-1980 жж.)

СОКП ХХІ-ХҮІІІ съездері аралығында қазақ мерзімді баспасөзінің өсіп-өркендеуі және тоқырау процестері.



21 тақырып Қайта құрудан өтпелі кезеңге дейінгі аралықтағы қазақ баспасөзі (1985-1991 жж.)

Жариялылық, демократияландырудың негізіндегі бұқаралық ақпарат құралдары жұмысынң қайта құрылуы.



22 тақырып Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың басылымдары (1985-1996 жж.)

1985 жылғы СОКП-ның сәуір Пленумынан соң Қазақстанда да түрлі саяси партиялары мен қозғалыстардың пайда болуы.



23 тақырып Егемен елдің ерікті баспасөзі (1991-1996жж.)

Республикамыздың тәуелсіздік алуына байланысты баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдарының қайта құрылуы.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. Алматы Қазақстан, 1978 ж.

  2. Барманкулов М.К. Телевидение: деньги или власть? – Алматы, 1998 ж.

  3. Ворошилов В.В. Журналистика. СПб., 2005 ж.

  4. Горохов В.М. Основы журналистского мастерства. – М., 1989 ж.

  5. Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. Алматы, 1991 ж.

  6. Қожакеев Т. Сатира негіздері. – Алматы. 1996

  7. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. Алматы, 2004 ж.

  8. Алдабергенов Қ. Қазақ мерзімді баспасөзінің тарихы. – Алматы, 2008 ж.

  9. Шындалиева М. Қазақ очеркінің қалыптасуы, дамуы. – Алматы, 2005 ж.


Қосымша:

  1. Алдабергенов К.М. Көне басылымдар. Құнды деректер. Аяулы естілдер. Алматы, 1997 ж.

  2. Бекниязов Т. Журналистің шығармашылық шеберлігі. Алматы, 2003 ж.

  3. Қамзин К.Михаэлистің журналистік қызметі. Алматы, 2002 ж.

  4. Қожакеев Т. Сара сөздің сардарлары. Алматы, 1995 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет