ПӘнді оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар мен нұСҚауар



Дата15.06.2016
өлшемі105.06 Kb.
#136818

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

Мамандандыру пәндерін оқыту пәні бойынша

6М060600-Химия мамандығының магистранттары үшін
ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУАР

Павлодар


Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

__________Пфейфер Н.Э.

20__ж.«___»___________




Қ ұрастырушы: __________х.ғ.к., доценті Абдуллина Г.Г.

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

Мамандандыру пәндерін оқыту пәні бойынша

6М060600-Химия мамандығының магистранттары үшін



ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________№__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________ Жапаргазинова К.Х. 20__ж. «____» ________

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің ОӘК мақұлданды 20___ж. «___»______________ №____ хаттама


ОӘК төрайымы _______________ Нургожин Р.Ж. 20__ж. «____» ________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОӘБ бастығы _____________ Варакута А.А. 20__ж. «____» ________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20___ж. «___»______________ №____ хаттама


1. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



Пәнді оқытудың мақсаты – химия оқытушысының бәсекеге қабілеттілігін, әлеуметтік және мәдени дамуын, кәсіптік деңгейін қалыптастыру және дамыту. Болашақ мамандарды кәсіби-әдістемелік даярлауды қамтамасыз ету, пәндік оқытуды кәсіптік деңгейде жүзеге асыру және дәстүрлі, инновациялық мектептерде оқитын оқушыларды тәрбиелеуге даярлау.

Пәнді оқытудың міндеті – магистранттарда ғылым ретінде химияны оқыту әдістемесі туралы көзқарасты, оның дамукы мен жетістіктеріндегі көшбасшы бағыттарды қалыптастыру; әртүрлі оқу орындарындағы білім тәжірибесінде оқытушының басты функцияларын (оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелік) ашу; химияны оқыту заңдылықтарын қарастыру, негізгі дәлелдерді, химиялық заңдарды және теорияны жүйелі түрде меңгере білу.

2. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕР БІЛУГЕ ТИІСТІ:

білуі керек: педагогикалық процестің теориялық негіздерін және әртүрлі химия курсын оқытудың жалпы әдістемесін; оқу үдерісін басқарудың теориялық және психология-педагогикалық негіздерін; оқытудың мазмұнын анықтау мысалдарын және мемлекеттік білім стандарттарының талаптарын; химияны оқыту процесі негізіндегі заңдылықтарды және оқушыларды тәрбиелеуді; химияны оқыту әдістемесінің әртүрлі формаларын; химиялық түзілулердің әртүрлілігінің тенденциясын және оларды шешу жолдарын. істей білуі керек: дидактикалық материалдарға ғылыми-методологиялық талдау жасау; оқытудың сәйкес құралдарын және мазмұнын таңдай білу;оқытудың әдістерін және түрін таңдаған кезде оған сәйкес талапты аргкменттей білу; оқу-тәрбиелік үдерісті моделдеу және өзінің іс әрекетінің нәтижесіне қорытынды жасай білу; алған білімін және жетістіктерін педагогикалық іс тәжірибе барысыныда қолдана білу.
3 ПРЕРЕКВИЗИТТЕР

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: педагогика, психология, негізгі химиялық пәндер (бейорганикалық химия, органикалық химия, физикалық химия, аналитикалық химия және т.б.)




4 ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

1 Тақырып. Кіріспе

«Мамандандыру пәндерін оқыту» курсының мақсаты және міндеттері. Оқытудың қазіргі кездегі мәселелері. Химияны оқытуды жетілдіру жолдары. Педагогикалық пәндердің ішінде химияны оқыту әдістемесінің орны, оның химиямен және басқа ғылымдармен байланысы. Химияны оқыту әдістемесінің даму сатылары. Оқыту принциптері және химияны оқыту әдістемесі.



Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Оқытудың қазіргі кездегі мәселелері.

3. Химияны оқытуды жетілдіру жолдары.

4. Химияны оқыту әдістемесінің даму сатылары.

5. Оқыту принциптері және химияны оқыту әдістемесі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1 стр. 5-13]


2 Тақырып. Химияны оқытудың міндеттері мен мақсаттары Химиялық түзілудің қазіргі кездегі жағдайы, оның функциялары және негізгі компоненттері. Химияны оқыту міндеттері. Оқытудың ішінде таңдалынып алынған міндеттерге химияны оқытудың педагогика-психологиялық ерекшеліктерінің тәуелділігі. Химияны оқытудың білімділік міндеті және оны орындау жолдары.

Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Химияны оқыту міндеттері.

2. Мақсаттары қандай.

3. Химияны оқытудың білімділік міндеті және оны орындау жолдары.

4.Оқытудың ішінде қандай міндеттерге химияны оқытудың педагогика-психологиялық ерекшеліктерінің тәуелділігі.

Ұсынылатын әдебиеттер[1 стр. 16-23]


3 Тақырып. Қазіргі кездегі ЖОО-да химия курсын құру жүйесі, мазмұны және принциптері

Оқыту мазмұнының мақсатына тәуелділігі. Профилді және профилді емес пән ретінде химияны оқытудың ерекшеліктері. Оқыту пәндерінің жүйесі мен құрылымы және курстың мазмұны. ЖОО ұстанымдарының принциптері.



Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Оқыту мазмұнының мақсаты.

2. Химияны оқытудың ерекшеліктері.

3. Жоғары оқу орындарының принциптері.

4. Химияны оқытудың ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1 стр. 25-38]


4 Тақырып. Химияны оқыту әдістемесі

Оқыту әдістемесі, жіктелуі туралы түсінік. Химияны оқытудағы жалпыпедагогикалық әдістер. Көрнекілік құралдар. Химияны оқытудың арнайы әдістері. Оқыту әдістемесі ретінде бақылау, талап қою және шарттардың қарқындылығы және оны оқу үрдісінде қолдана білу. Оқытудың техникалық құралдары, олардың түрлері және оны сабақта қолданудың артықшылығы. Мәселелік оқыту және оның ерекшеліктері.



Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Оқыту әдістері туралы түсінік.

2. Оқыту әдістерінің жіктелуі.

3. Жана технология әдістері.

4. Іздестіру және зерттеудің жалпы әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1 стр. 39-50]


5 Тақырып. Оқытудың ұйымдастырылған түрі

Оқу үрдісінің ұйымдастырылған түрлері туралы түсінік, түрлердің қатынастары және оқыту әдістері. Химияны оқытудың дәрістік-семинарлық жүйесінің ұйымдасқан түрі. Оқытушыны сабаққа даярлау, дәріс конспектісі. Сабақты өзі талдау және талдау. Зертханалық және практикалық сабақтар. Оқытудың мазмұны, әдістемесі және оны ұйымдастыру. Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.



Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Оқу үрдісінің ұйымдастырылған түрлері туралы түсінік.

2. Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының жалпы сипаттамасы.

3. Сабақ туралы түсінік.

4. Химия сабақтарының құрылымы.

5. Химия сабақтарының жіктелуі.

6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1 стр. 134-152]


6 Тақырып. Студенттердің химиялық білімін және жетістіктерін бақылау және бағалау

Оқыту процесі барысындағы бақылаудың қызметі. Меңгерген білімді бақылаудың тәрбиелік, бақылаушылық және білімділік функциясы. Білімді, дағдыларын, істей білу қабілетін тексеру. Оқушылардың білім сапасының сандық және сапалық сипаттамасы. Білімді, дағдыларын және жетістіктерін тексерудің түрлері және әдістемесі. Бағалау критерийлері.



Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Химиялық білімді қорытындылаудың маңызы мен міндеттері.

2. Оқыту барысындағы бақылаудың қызметі.

3. Оқушылардың білім сапасының сипаттамасы.

4. Бағалау әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1 стр. 120-131]


7 Тақырып. Химиялық курстың жеке бөлімдерін оқыту әдістемесі

Химия курсында химиялық реакциялар туралы түсінікті қалыптастыру әдістемесі. Білім және түсінікті дамытуда химиялық эксперименттің ролі. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы түсмінікті қалыптастыру. Д.И. Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйе және зат құрылысын оқыту әдістемесі. Периодтық заңды оқытудағы методикалық ұсыныстардың сипаттамалары. Зат, бейорганикалық және органикалық химия курсындағы химиялық процесстер туралы түсінікті қалыптастыру.



Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Экспериментің орны және шығарту әдістемесі.

2. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорытындылау.

3. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс.

4. Периодтық заң және атом құрылысы-мектеп химия курсының негізі.

5. Органикалық заттардың құрылысы тупалы ұғымды қалыптастыру№

Ұсынылатын әдебиеттер: [1 стр. 167-305; 2 стр. 15-198, 3 стр. 23-241, 4 стр. 4-18]
5 Практикалық сабақтардың мазмұны

1. Химия бойынша оқу-әдістемелік кешен.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1]

2. Химия кабинеті және оның құрал-жабдықтары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1]

3. Химиялық лабораториялардағы жұмыс мысалдары. Шыны түтікшклкрді және тығындырды өңдеу. Қарапайым құралдарды монтаждау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,4]

4. Химия кабинетіндегі электрқұралдары және олармен жұмыс жасау ережелері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,4]

5. Алғашқы химиялық түсінік. Есептерді шығару, химияның стехиометриялық және газ заңдарына тапсырмалар беру.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2]

6. Оттек. Сутек. Эксперменттік есептерді шығару.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]

7. Су және ерітінділер. Еріген заттың белгілі мөлшерін анықтауға, молярлық концентрацияға, молярлық концентрацияның эквивалентіне есептер шығару.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]

8. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Эксперименттік есептерді шығару.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2]

9. Периодтық заң және Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі. Атом құрылысы. Химиялық байланыс. Химиялық есептерді шығару.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2]

10. Галогендер. Тапсырмаларды орындау және есептер шығару.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]

11. Электролиттік диссоциация. Белгілі тұрақтылыққа және диссоциация дәрежесіне есептер шығару.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2]

12. Оттек топшасы. Химиялық реакциялардың негізгі заңдылықтары. Эксперитменттік есептерді шығару.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]

13. Азот топшасы. Көміртек топшасы. Эксперименттік есептерді шығару.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,4]

14. Металдар. «Металдар» бөліміне әдістемелік талдау. Демонстрациялық химиялық талдау. Өздік жұмыстарға тапсырма беру.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,4]

15. Органикалық қосылыстар. Химия оқулықтары және бағдарламалар бойынша өздік жұмыстар. Демонстрациялық тәжірибелер. «Органикалық химия» бөлімінен эксперименталдық есептер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,4]
6 СӨЖ мазмұны

Студенттерге өз бетінше оқуға арнайы ұсынылатын тақырыптар

1. Жоғарғы мектепте химиядан білім процесін регламенттейтін нормативті құжаттармен жұмыс жасау. Тақырып бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер [2,3,4]

2. Әртүрлі деңгейдегі өздік жұмыстарды, оқушылардың білімін бақылау жұмыстарын, тақырыптық және қорытынды бақылау жұмыстарын жасауға қойылатын талаптар.

Ұсынылатын әдебиеттер [3]

3. Оқу процесінде тест тапсырмаларын пайдалану әдістемесі. Әртүрлі деңгейдегі тестерді даярлау.

Ұсынылатын әдебиеттер [3]

4. Атом ядросының құрамы. Қарапйым бөлшектер - протон, нейтрон, электрон. Периодтық заң және Менделеевтің периодтық жүйесі.

Ұсынылатын әдебиеттер [1,2]

5. Қатты, сұйық және газтәрізді заттардың ерігіштігі. Кешенді қосылыстардың номенклатурасы.

Ұсынылатын әдебиеттер [3,4]

6. Аудиториядан тыс уақытта химияны оқыту әдістемесі бойынша практикалық сабақтардағы студенттердің іс әрекетінің мазмұны.

Ұсынылатын әдебиеттер [1,3]



7 Әдебиеттер

Негізгі

1. Нұғыманұлы И., Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемесі. - Алматы.: Print-S, 2005ж.

Аханбаев К.А. Химия. – Алматы.: Білім, 2003ж.

2. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы.: Анна тілі, 2002ж.



3. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. – Алматы.: Бiлiм, 2003ж.

Қосымша

4. Байжуманова Т., Колпек А. Лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұскау «Химия».- Павлодар: ПМУ, 2006ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет