ПӘнді оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар мен нұСҚауар



Дата04.03.2016
өлшемі133.1 Kb.
#38552

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

Пластмасстар технологиясы пәні бойынша

050727 – ОЗХТ мамандығының студенттері үшін
ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУАР

Павлодар


Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

__________Пфейфер Н.Э.

20__ж.«___»___________




Қ ұрастырушы: __________х.ғ.к., доценті Абдуллина Г.Г.

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

Пластмасстар технологиясы пәні бойынша

050727 – ОЗХТ мамандығының студенттері үшін



ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________№__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________ Жапаргазинова К.Х. 20__ж. «____» ________

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің ОӘК мақұлданды 20___ж. «___»______________ №____ хаттама


ОӘК төрайымы _______________ Нургожин Р.Ж. 20__ж. «____» ________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОӘБ бастығы _____________ Варакута А.А. 20__ж. «____» ________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20___ж. «___»______________ №____ хаттама


1. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



Пәнді оқытудың мақсаты – Полимер мен пластмасса технологиясының негіздерін және жаңа полимерлі материалдар өндірісінің дамуының перспективасын игеру.

Пәнді оқытудың міндеті – химия ғылымының аранайы тараулары мен түйінді негізін студенттердің жетік меңгеруі және окулық арнайы әдебиеттермен өз бетімен жүмыс істеу дағдысын жетілдіру; химиялық тәжірибелерді жүргізу дағдысын дамыту; теориялық материалдарды және лабораториялык тәжірибелер жүргізу арқылы, алынған мәліметтерді, сондай-ақ, байкалған кұбылыстарды қарастыру арқылы қорыту дағдысын қалыптастыру.

2. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕР БІЛУГЕ ТИІСТІ:

білуі керек: келесі пәндерді жетік менгеру үшін кажетті жан-жақты білім алу; жаңа химиялық материалдарды қазіргі техникада дұрыс пайдалану; химиялық тәжірибе техникасының негіздерімен таныстыру; қолданбалы химиямен байланысты сұрақтардың мәні мен мағынасын игеру; өндірістің экологиялық проблемаларымен таныстыру, сондай – ақ полимерлі материалдар мен пластамассаларды өндірудің негізгі әдістерін, полимерлерді алудың технологиялық процестерін және олардан бұйымдар жасау әдістерін білу.

істей білуі керек: теориялық және есептемелік сипатты химиялық есептерді шешу; анықтамалык және арнайы әдебиеттерді пайдалану; тәжірибе жүзінде алынған мәліметтерге сүйене отырып, химиялық есеп
шығару техникалық меңгеру; бастапқы компоненттердің мөлшерін есептеу және лабораториялық жағдайда полимерлер алу, алынған өнімдердің негізгі сипаттамаларын анықтау.
3 ПРЕРЕКВИЗИТТЕР

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: органикалық химия, циклді қосылыстар химиясы, физикалық химия, жалпы химиялық технология, полимерлердің химиясы және физикасы, химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары.


4 ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

1 Тақырып. Кіріспе.

Өнеркәсіптік полимерлерді, композициялық материалдарды дамытудың негізгі бағыттары. Жаңа полиерлі композициялы материалдарды өндірудің жаңа технологиялық процестерін құрастыру және меңгеру. Полимерлерді өндіру үшін қажетті шикізат көздері және негізгі түрлері. Пластмассалар – көпқұрауышты жүйелер. Пластмасса құрамы.



Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Полимер дегеніміз не.

2. Пластмасстардың құрамы қандай.

3. Шикізаттың негізгі түрлері.

4. Полимердің өндіру технологиясы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(32-48 бет); 2 (122-159 бет)]


2 Тақырып. Полимерлену реакциялары бойынша алынған полимерлер негізіндегі пластикалық массалар.

Полимерлеуді жүргізудің әдістерін таңдау. Массада, суспензияда және эмульсияда, органикалық еріткіштер ортасында, қатты фазада полимерлеу. Осы әдістерге сипаттама. Полимерлеу процестерін сандық түрде көрсету және процеске әсер ететін факторлар.

Қанықпаған алифаттық көмірсутектердің полимерлері (полиэтилен, полипропилен, полиизобутилен). Бастапқы шикізаттар, оларды алу әдістері және олардың сапасына қойылатын талаптар. Осы түрдегі полимерлерді алудың технологиялық процестерінің ерекшеліктері, полимердің құрылысына технологиялық параметрлер процесінің әсері.

Қанықпаған ароматты көмірсутектердің полимерлері (полистирол, пенополистирол, стиролдың сополимерлері). Стиролдың блоктық полимерленуі. Әдістің артықшылығы және кемшілігі. Молекуалық массаға және полистиролдың молекулалық-массалық таралуына технологиялық параметрлер процесінің әсері. Стиролдың суспензиялы полимерленуі. Эмульсиялы полимеризация. Әртүрлі әдістер арқылы алынған полистиролдың қасиеттері. Престі және прессіз әдістер арқылы алынған пенополистирол. Пенополистирол қасиеттері және оны қолдану аймақтары. Метакрилатпен, акрилатпен, α-метилстиролмен және басқа мономерлермен стиролды сополимерлеу. Стирол негізіндегі үшқұрауышты сополимерлер.

Қанықпаған галогентуындылы көмірсутектердің полимерлері (поливинилхлорид, поливинилиденхлорид, политетрафторэтилен).

Бастапқы шикізаттар. Синтездеудің ерекшеліктері. Массада, блокта және сулы суспензияда полимерленген ПВХ өндіру. Полимерлердің қасиеттері және қолданылуы. Процестердің технологиялық өңделуі.

Акрил, метакрил қышқылдарының полимерлері және олардың туындылары (полиакрилаттар). Полиакрилаттардың сипаттамасы. Өндіруге арналған мономерлер және бастапқы шикізаттар. Акрилаттарды полимерлеу процесінің әртүрлі нұсқалары. Процестердің технологиялық өңделуі. Синтездеудің технологиялық параметрлерімен полимердің құрылысы және қасиеттерінің арасындағы байланыс.

Жай және күрделі винил эфирлерінің полимерлері (поливинилацетат, полиформальдегид және т.б.). Бастапқы шикізаттар және алу әдістері. ПВА алудың өнеркәсіптік әдістері және жай винил эфирлерді сополимерлеу. Формальдегидті полимерлеу әдістері, процестің механизмі.



Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Полистиролдың, пенополистиролдың, стиролдың сополимерлердің сипаттамасы.

2. Пенополистирол қасиеттері және оны қолдану аймақтары.

3. Қандай әдістер арқылы пенополистирол алынады.

4. Полимерлердің қасиеттері және қолданылуы.

5. Қанықпаған галогентуындылы көмірсутектердің полимерлері. Олардың қасиеттері.

6. Бастапқы шикізаттар және алу әдістері көрсетіндер.

7. Формальдегидті полимерлеу әдістері, процестің механизмі туралы айт.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(151-164 бет); 2 (101-112 бет); 3 (55-58 бет)]
3 Тақырып. Поликонденсациялану реакциялары бойынша алынған полимерлер негізіндегі пластикалық массалар

Порликонденсациялану реакцияларының негізгі ерекшеліктері. Поликонденсациялану процесінің сипаттамасы. Гомополиконденсация және гетерополиконденсация. Тепе-теңдіктік және тепе-теңдіксіз поликонденсация.

Фенол-формальдегидті полимерлер және фенол және басқа альдегидтер негізіндегі полимерлер. Өндіру үшін бастапқы шикізаттар. Синтездеу процесінің ерекшеліктері. Үздіксіз және периодты процестер. Мата тәрізді және резолды олигомерлер мен полимерлер.

Фенопластар. Композициядаға байланыстырушы қызмет. Толықтырғыштар түрлері. Өндіріс технологиясы, қасиеттері және қолданылуы.

Аминоальдегидті полимерлер. Бастапқы шикізаттар. Синтездеу процесінің ерекшеліктері. Пресскомпозициялау, желім, мипора. Жұмсақ жіп тәрізді және берік мата тәрізді материалдар.

Күрделі полиэфирлер: полиэтилентерефталат, поликарбонаттар, полиакрилаттар, қанықпаған полиэфирлер. Бастапқы шикізаттар. Оларды синтездеу процесінің технологиялық ерекшеліктері. Оларды өндірудің технологиялық процестерінің негізгі сатылары.

Эпоксидті полимерлер. Полиамидтер. Полиуретандар. Бастапқы шикізаттар. Алу технологиясының ерекшеліктері.

Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Порликонденсациялану реакцияларының негізгі ерекшеліктерің көрсетуі. Осы процесінің сипаттамасы.

2. Фенол-формальдегидті полимерлер және фенол және басқа альдегидтер негізіндегі полимерлерлердің сипаттамасы мен қасиеттері.

3. Фенопластар түрлері. Өндіріс технологиясы, қасиеттері және қолданылуы.

4. Аминоальдегидті полимерлер. Синтездеу процесінің ерекшеліктері.

5. Полиэфирлер: полиэтилентерефталат, поликарбонаттар, полиакрилаттар, қанықпаған полиэфирлер. Оларды синтездеу және өндіру процесінің технологиялық ерекшеліктері мен негізгі сатылары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(174-189 бет); 2 (161-172 бет)]
4 Тақырып. Пластмассаларды өңдеудің негізгі процестері

Пластмассаларды қайта өңдеу процестерінің түрлері және жалпы сипаттамасы.

Экструзия. Жабын өндіру. Түтіктерді өндіру. Профилді бұйымдарды өндіру. Гранулаларды (ұнтақтарды) алу. Едендік бұйымдарды алу. Жоғары қысымда құю. Жоғары қысымда құюға арналған үлгілер. Жоғары қысымда құйылатын бұйымдарды өндіру технологиясы. Ректопластарды жоғары қысымда құю. Престеу. Престер. Таблеткалық машиналар. Пресс-үлгілер. Престеу технологиясы. Данматикалық престеу. Құю арқылы престеу. Щтранг-престеу. Полимерлерді биброүлгілеу. Вакуум- және пневмоүлгілеу. Әйнекшынылардан үлкен формалы бұйымдарды өндіру. Пластамассалардан жасалған бұйымдарды механикалық өңдеу.

Дәнекерлеу және жапсыру. Пластмассаларды өндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі. Материалдық баланстарды құрасытру мысалдары және полимерлерді алу үшін жылуды есептеу және пластмассаларды қайта өңдеу.



Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Экструзия. осы процестің сипаттамасы.

2. Гранулаларды (ұнтақтарды) алу.

3. Ректопластар. Өндіріс технологиясы, қасиеттері және қолданылуы.

4. Таблеткалық машиналарды сипаттамасы.

5. Данматикалық престеу деген не.

6. Материалдық баланстарды құрасытру мысалдары

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(192-210 бет); 2 (164-178 бет)]


5 Тақырып. Техникалық каучуктер және каучуктәрізді полимерлер. Табиғи каучуктер. Каучуктердің құрылымы және қасиеттері. Жалпы бағыттағы синтетикалық каучуктер. Бутадиенді каучуктер (СКБ, СКД).

Изопренді каучуктер: СКИ-3, СКИЛ. Физикалық және технологиялық қасиеттері. Вулканизаттар қасиеттері.

Бутадиен-стиролды, бутадиен-метилстиролды каучуктер. Химиялық құрылымы, физикалық және технологиялық қасиеттері. Жалпы бағыттағы каучук негізіндегі резина сипаттамалары.

Арнайы бағыттағы синтетикалық каучуктер. Бутадиен-нитрилді, хлоропренді каучуктер. Құрылымы, қасиеттері.

Бутилкаучук. Құрылымы, қасиеттері. Этилен-пропиленді каучуктер (СКЭП және СКЭПТ). Вулканизациялау.

Фторкаучуктер (СКФ-26, СКФ-32). Қасиеттері, қолданылуы. Фторланған каучуктердің белгілі ерекшеліктері.

Каучук негізіндегі материалдар. Полиизобутилен. Термоэластопластар. Доңғалақтар өндіруде қолданылатын пластиктер.

Тақырыпқа арналған бақылау сұрақтар:

1. Табиғи каучуктердің құрылымы және қасиеттері.

2. Жалпы бағыттағы синтетикалық каучуктер.

3. Вулканизациялау процесінің сипаттамасы.

4. СКФ-26, СКФ-32 қасиеттері және қолданылуы.

5. Каучук негізіндегі материалдар және өндіруде қолданылатын пластиктер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(255-268 бет); 2 (173-182 бет) ; 6 (106-112 бет)]

5 Зертханалық жұмыстардың мазмұны


р/с


Зертханалық жұмыстардың мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

1

Кіріспе. Техника қаупсіздігі.

[4,5]

2

ПММК деполиеризациялау

[4,5]

3

Полиметилакрилатты алу.

[4]

4

ПММК молекулалық массасын анықтау

[4 ]

5

Сірке ангидридімен поливинил спиртін этерификациялау.

[4]

6

Глифтал шайырларын алу және оның негізінде алкидті лактарды алу.

[4]

7

РФ-12 резорцин-формальдегидті желімді алу.

[4]

8

Құмырсқа-формальдегидті шайырлардың көбіктелген - мипоралары.

[4]



6 Практикалық сабақтардың мазмұны

1. Полиэтиленді алу әдісінің оның қасиетіне әсері. Полипропиленнің кемшіліктерін жою әдістері. Стирол негізіндегі қолжетімді сополимерлер және оларды алу жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2]

2. Амидті альдегидті олигомерлердің түзілу процесінің химизмі. Фенолльдегидті олигомерлердің түзілу процесінің химизмі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3]

3. термопластардың технологиялық қасиеттері. Жоғары қысымда құю. Процестің негізгі заңдылықтары. Жоғары қысымда құюдың технологиялық параметрлері және технологиялық сұлбалары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2]

4. Экструзия: процестің аппаратуралық өңделуі; Экструдер цилиндрінде полимердің қозғалу заңдылықтары. Экструдерлер түрлері. Экструзияның технологиялық параметрлері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,6]

5. Каландрлау. Каландрлар құрылымы және түрлері. Каландрлау технологиясы. Реактопластардың технологиялық қасиеттері. Реактопластарды престеу; негізгі операциялар; құрал-жабдықтар. Престеудің технологиялық процестері. Реактопластарды жоғары қысымда құюдың ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,6]

6. Жалпы бағыттағы синтетикалық каучуктер. Арнайы бағыттағы синтетикалық каучуктер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2]
7 СӨЖ мазмұны

Студенттерге өз бетінше оқуға арнайы ұсынылатын тақырыптар

1. Басқаша механизм бойынша полиэтиленді полимерлеу. Төменгі қысымда жоғары тығыздықтағы полиэтиленді алудың газфазалық әдістері. Пенополистирол. Престі және прессіз әдіс арқылы пенополистиролды алу әдістерінің сипаттамалары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]

2. Қанықпаған полиэфирлер. Полимерлердің сипаттамасы. Бастапқы шикізаттар. Оларды синтездеудегі технологниялық процестердің ерекшеліктері. Оларды синтездеу технологиясының теориялық негіздері және өндіру ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3 ]

3. Құю кезіндегі ориентациялы эффекттер. Олардың қызметі. Резбасы бар және арматурасы бар бұйымдарды құю. Көп түрлі бұйымдарды құю. Экструдирленген беттердің кемшіліктері. Олардың пайда болу себептері және оларды жою әдістері. Көп қабатты беттер. Каландрланған жабынның кемшіліктері, олардың болу себептері және оларды жою жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3,6]

4. Астынанпрестеу жұмыстары, оның маңызы және сипаттамасы. Астынанпрестеу ережесінің көптүрлілігі. Престелген-бұйымдардың кемшіліктері, олардың болу себептері және оларды жою жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2]

5. Жанаспалы үлгілеу. Эластикалы диафрагмамен үлгілеу. Пластмассадан жасалған бұйымдарды дәнекерлеу. Пластмассадан жасалған бұйымджарды желімдеу. Полимерлі желімдер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,6]

6. Жалпы бағыттағы каучук енгізіндегі резинаның және резиналық бұйымдардың сипаттамалары. Вулкандау және арнайы бағыттағы синтеикалық каучуктерді қолдану аймақтары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2]

8 Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер :

1. Ерғожин Е.Е. Жоғары молекулалық қосылыстар. – Алматы.: Print-S, 2008 ж.- 406 б.

2. Қаирбеков Ж.Қ. Жалпы химиялық технология. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 244 б. – ISBN.

3. Асаубек М. Полимер құрылысы. – Алматы: РИК, 1999 ж. - 79 б.

4. Карузина И.А., Тугамбаева Т.Б. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұскаулар «Жоғарымолекулалық қосылыстар химиясы». - Павлодар: ПМУ, 2006 ж.

Қосымша әдебиеттер:

5. Байжуманова Т.С. Лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұскаулар «Жоғарымолекулалық қосылыстар химиясы».- Павлодар: ПМУ, 2006 ж. – 26 б.



6. Баймуханов Н. Полимер адам қызметінде. – Алматы: Казахстан, 1964ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет