Түзеу: Абзацтар қойылу керек



бет1/10
Дата24.12.2022
өлшемі173.38 Kb.
#467855
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ботагөз диплом толық


ТҮЗЕУ:

  1. Абзацтар қойылу керек. Абзацтардың қойылу тәртібі – 1.25мм. Мен бар абзацтарды сондай өлшемге туралап шықтым.

  2. Сілтемелердің қойылуын реттеу керек. Мысалы: «Тән азығы ішіп - жеу мен басқа да нәпсілік жағдайяттармен байланысты болса, жан азығы - ең алдымен, Ұлы Жаратушыға құлшылық ету. Себебі, адам баласы сенімге мұқтаж [1].» Тура болғаны: Тән азығы ішіп - жеу мен басқа да нәпсілік жағдайяттармен байланысты болса, жан азығы - ең алдымен, Ұлы Жаратушыға құлшылық ету. Себебі, адам баласы сенімге мұқтаж[1]. Яғни, сілтеменің тік жақшасы алдындағы сөзге жабысып тұрады. Арада пробел қойылмайды.

  3. Кестенің бас аяғында бір абзац бөлек тасталады.

  4. Ескерту: Титул, реферат, мазмұнды бөлек документ күйінде сақталды. Өйткені, бет саны КІРІСПЕ бөлімінде 3-тен басталуы керек. Сондықтан, копицентрге барғанда 2 документ етіп жіберу керек. Бірінші: «Ботагөз диплом басы» деп сақталды. Екіншісі: «Ботагөз диплом толық» деп сақталды.

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Шындығында, әрбір дүниеге келген адамның бойында дінге, рухани тазалыққа, тылсым күштерге сену сезімі болады. Бойдағы бұл сезім адамды ерте ме, кешке пе әйтеуір бір жоғары күшке сенуге жетелейді. Адамның ет пен сүйектен жаратылғаны айдан анық болса, тән мен жан да сол адамдық ұғымның қос қанатын құрайды. Тән азығы ішіп - жеу мен басқа да нәпсілік жағдайяттармен байланысты болса, жан азығы - ең алдымен, Ұлы Жаратушыға құлшылық ету. Себебі, адам баласы сенімге мұқтаж[1]. Ал, сенім – индивидтің белгілі бір пікірлер, тұжырымдар, көзқарастар немесе ілімге сенуі немесе илануы. Сенім құбылысы – тұтқыны адам болған құпиялардың бірі. Бұл өмірлік маңызы бар құпия, адамның тіршілік етуі мен өлім арасындағы байланыста болған құбылыс. Адамзат жаратылғалы бері сенім күрделі сипатқа ие болды және түрленіп келеді. Осы орайда адамның сенімі және діни немесе діндарлардың санасымен жұмыс атқаратын дін психологиясы өзекті болып, жарыққа шығады. Тәуелсіздік алғалы бері еліміз саяси, экономикалық, мәдени және діни тұрғыда көптеген өзгерістерді бастан кешірді. Әсіресе, дінмен байланысты үдерістерде кеңінен көрініс орын алды. Сол себепті қоғамда орын алып жатқан діни негіздегі оқиғалар мен жайттарды зерттеу өзекті мәселе. Сонымен қатар, діліміз бен дәстүрімізге жат діни ағымдардың жеке адам мен топтардың санасының өзгеруіне тигізген әсері мен ықпалының себеп-салдарын зерттеу маңызды рөл атқарады. Харизмалы, деструктивті және миссионерлік қызметтің атқарып жатқан істері мен әдіс-тәсілдерін дінтанулық тұрғыда талдап зерттеу ерекше орында тұрады. Адам санасы мен сананы өзгерту және діни тәжерибеде қолданылатын. Ғаламдық өзгерістер күллі елдер мен мемлекеттерді, ұлттар мен ұлыстарды өзінің ағынына еріксіз алып кетіп барады. Ұлт пен мемлекеттің тұрақты дамуын шайқалту процесінде дін үлкен күш екендігін әлемде болып жатқан оқиғалар дәлелдеп отыр. «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес және жалған діни ағымдар мәселесі өткір болып тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат, жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз». Елімізде және әлемде бірқатар жаңа культтер мен діни бірлестіктер пайда болғаны ақиқат. Бұл мәселені ескермей өту мүмкін емес. Олардың кейбіреуі елімізде тіркеуден өтсе, бірнешеуі жасырын жұмыс атқаруда. Олардың алдын алу және қарсы шара қолдану үшін, бірлестіктердің әдіс-тәсілдерін, жұмыс атқару техникасы мен миссионерлік қызмет ерекшеліктерін білу маңызды. Қазақстан Республикасындағы діни мәселелер психологиялық тұрғыдан діни сана мен діндарларды зерттеуді және дінтанушы психолог мамандарын оқытуды талап етеді. Жалпы, жат ағымдардың жаңа ерушілерді қосу үшін қолданылатын психологиялық технологиялар мен сананың өзгертілген жағдайларын зерттеу аса қызығушылық тудырған мәселенің бірі ретінде біршама уақыттан бері өзектілігін жоғалтқан емес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет