Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)
титулдық парағы
|
|
Нысан ПМУ ҰСН 7.18.4/19
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Менеджмент» кафедрасы
«Макроэкономика» пәнінен
5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне арналған
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Павлодар
Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus)
бекіту парағы
|
|
Нысан ПМУ ҰСН 7.18.4/19
|
БЕКІТЕМІН
Қаржы-экономика факультетінің деканы Эрназаров Т.Я.
_______________
«__»_________200_ж.
Құрастырушы: ___________ аға оқытушы Жанат М.
«Менеджмент» кафедрасы
5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне арналған
«Макроэкономика»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20 ж. «___» ___________ бекітілген, жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жасалған.
Кафедра отырысында ұсынылды 20 ___ ж. «__» ____________ №__ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _________Бейсембаева Г.М. 20___ ж. «__» ____________
(қолы)
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
20 ___ж. «__»_________№___ хаттама
ОӘК төрайымы _______________Темиргалиева А.Б. 20___ ж. «__» __________
(қолы)
-
Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы Макроэкономика
Пән міндетті компонент
Кредиттер саны және оқу кезеңі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 2
Семестр: 4
Аудиториялық сабақтардың барлығы – 45
Дәрістер – 30 сағат
Семинар сабағы – 15 сағат
СӨЖ – 90 сағат
соның ішінде СӨЖМ – 60 сағат
Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағат
Бақылау нысаны
Курстық жұмыс – 4 семестр
Емтихан – 4 семестр
Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: «Экономикалық теория», «Экономикалық ілімдер тарихы», «Микроэкономика».
Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: «Мемлекеттік басқару теориясы», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Экономикалық саясат» «Муниципалды менеджмент» және т.б..
Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары
А.Ж.Т. Жанат Мырзабек
Ғылыми дәрежесі,атағы аға оқытушы
Кафедра « Менеджмент», аудитория _524__,
телефон: __673646______________________,
Е-mail Zh_M.pvl@mail.ru
2. Пәні, мақсаты және міндеттер
Макроэкономика пәні – экономиканың үй шаруашылықтары, кәсіпкерлік, мемлекеттік және сыртқы экономикалық секторлар сияқты макроқұрамдас бөліктерінің өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктерін, ұзақ және қысқа мерзімдегі ұлттық өндірістің көлемі, жұмыспен қамтылу және т.б. макроэкономикалық айнымалылардың ауытқулары заңдылықтарын зерттейді
Пәнді игеру мақсаты студенттерге ұлттық экономикада болып отыратын үрдістерді мемлекеттік басқаруды, баға деңгейі өсуі, ұлттық өндірістің дағдарысқа ұшырауы, жұмыссыздықтың өсуі себептерін және т.с.с. себептерін түсінуге мүмкіндік беру.
Курстың міндеттері:
1) макроэкономиканың негізгі категориялары мен түсініктері туралы білім беру;
2) алған білімдерін тәжірибелік қызметте қолдануды үйрету;
3) нақты экономикалық жағдайды макроэкономикалық тұғырдан талдау дағдысын қалыптастыру.
3 Қалыптастырылатын құзіреттіліктер
Білу мен түсіну:
-
студенттердің үй шаруашылығы, кәсіпкерлік, мемлекеттік және сыртқы экономикалық секторлар секілді макроэкономикалық субъектлердің өзара әрекет ету логикасын түсінуі;
-
ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын білуі;
-
ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды білуі;
-
экономикалық өсудің механизмі мен факторларын білуі;
-
экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің себептерін тұсіне білуі керек;
Білім мен түсініктерді қолдану:
-
аталмыш курсты оқыту нәтижесінде студенттер алған білімдерін макродеңгейде табысты қолданып, тәжірибеде ұштастыра алуы;
-
экономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланыстарға және де осы курста берілетін экономикалық-математикалық үлгілерге сүйеніп, нақты жағдайларды талдаудың негізгі тәсілдерін игеруі;
-
ұлттық экономиканы мемлекеттік басқару механизмдерін қолдануды білуі;
-
макроэкономикалық субъектлер арасындағы қатынастарды мемлекеттік реттеудің негізгі әдістерін қолдана білуі;
-
мемлекеттік басқарудың негізгі құралдарымен жұмыс жасай білуі;
-
ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеуде қолдана білуі;
-
мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдей білуге тиіс.
Көзқарасты қалыптастыру:
Пәнді оқып, зерттеп меңгергеннен соң, студент ұлттық экономиканы мемлекеттік басқару қызметінің ұлттық экономикалық жүйедегі орны мен рөлі, макроэкономикалық элементтердің бір бірімен байланысы, мемлекеттің қызмет етуінің шаруашылық механизмін зерттеу арқылы жақсы нәтижелер алу көзқарасын қалыптастырады.
Коммуникация:
-
Теориялық, ғылыми, әдістемелік әдебиеттермен жұмыс жасау.
Оқудағы машықтардың болуы:
- мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесіне деген жаңа талаптар мемлекеттің басқару жағдайын зерттеу және мемлекеттік басқару жүйесінің, ғылыми негізделген моделін жасау машығын студенттің бойына қалыптастыру;
- макроэкономикалық субъектлер арасындағы қатынастарды мемлекеттік реттеудің тиімді әдістерін анықтау машығын иелену.
4. Пәннің тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу
№
|
Тақырып атауы
|
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттар саны
|
СӨЖ
|
Дәр.
|
Тәж.
|
Бар-лығы
|
Соның ішінде СӨЖМ
|
1
|
Макроэкономикаға кіріспе
|
3
|
1
|
9
|
6
|
2
|
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі
|
3
|
2
|
9
|
6
|
3
|
Өндіріс және еңбек нарығы
|
3
|
1
|
9
|
6
|
4
|
Игіліктер нарығы
|
3
|
1
|
9
|
6
|
5
|
Ақша нарығы
|
3
|
1
|
9
|
6
|
6
|
IS-LM үлгісі
|
3
|
2
|
9
|
6
|
7
|
Макроэкономикалық тұрақсыздық. Жұмыссыздықтың экономикалық циклдары. Инфляция
|
3
|
2
|
9
|
6
|
8
|
Ашық экономика
|
3
|
2
|
9
|
6
|
9
|
Айырбас бағамының түзілімі және жиынтық сұраныс
|
3
|
1
|
9
|
6
|
10
|
Экономикалық өсу
|
3
|
2
|
9
|
6
|
БАРЛЫҒЫ:
|
30
|
15
|
90
|
60
|
5. Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері. Макроэкономикалық көрсеткіштер.
Жоспар
-
Макроэкономика пәні
-
Макроэкономикалық талдау
-
Макроэкономикалық көрсеткіштер
-
Макроэкономика – экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс-әрекеттерді біріктіре отырып, жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалардың дамуын қарастыру ғана емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұратынын айтқанымыз жөн. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштер экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономика дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді.
Макроэкономика ғаламдық мәселелерді де зерттейді. Белгілі бір уақыт аралығында ұлттық экономиканың байлығы өсті ме, әлде кеміді ме? Қарастырып отырған мемлекеттегі халықтың қор жинағының мөлшері қандай? Неге кейбір мемлекеттерде инфляция бар, ал тағы біреулерінде он жоқ? Міне, осындай және тағы басқа да сұрақтарға макроэкономика жауап береді.
Экономикалық өсу халық санының артуы және техникалык прогресс сияқты салыстырмалы тұрақты факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Осы факторлардың ұзақ мерзімдегі динамикасы әлеуетті өндіріс көлемінің динамикасын анықтайды. Ал қысқа мерзімде экономика осы негізгі траекториядан ауытқып отырады. Сол себепті тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін осы циклдік толқуларды басқарып отыру қажет.
Жалпы, экономика ғылымы екі басты бөлімнен тұрады: макроэкономика және микроэкономика. Микроэкономика — фирмалар, үй шаруашылықтары, үкіметтік агенттіктер сияқты шағын бірліктер жасайтын тандауларды зерттейтін экономиканың бөлімі. Макроэкономика - экономиканың инфляция, жұмыссыздык, экономикалық өсу секілді ірі масштабты экономикалық құблыстарын зерттейтін бөлігі.
Макроэкономика экономиканың жалпы проблемаларын зерттейді және жиынтық көрсеткіштер пайдаланады, олар: ЖҰӨ, ЖІӨ, ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жиынтық тұтыну, инвестиция, жалпы баға деңгейі, жұмыссыздық, мемлекеттің қарызы және тағы басқалар.
Макроэкономика зерттейтін негізгі проблемалар:
-
экономиканың өсу қарқыны және факторлары;
-
экономикалық цикл және оның себептері;
-
жұмыспсп қамтылу және жұмыссыздық;
-
инфляция жәнс жалпы баға деңгейі;
-
ақша айналымы және пайыз мөлшерлемесінің деңгейі;
-
мемлекет бюджетінің жағдайы және бюджет тапшылығын қаржыландыру;
-
Валюта бағамы және төлем балансы.
Макроэкономика пәнін оқып үйренудің маңыздылығы:
-
ділігін аныктайды, экономикадағы себеп-салдар байланысын зерттейді; макроэкономикалық үрдістер мен құбылыстарды баяндап қана қоймай, заңдылықтар мен макроэкономикалық көрсеткіштердің бір-біріне тәуелсіз макроэкономикалық тәуелділіктер және бір-бірімен байланыстарын білу экономикадағы қалыптасқан жағдайды, бұл жағдайды жақсарту үшін үкімет қандай шаралар қолдануы қажет, яғни экономикалық саясат қағидаларын жасауы қажет;
-
макроэкономикалық білім экономикалық проблемалар болашақта қалай өзгеретінін анықтауға мүмкіндік береді.
Макроэкономика төрт макроэкономикалық агентті, атап айтқанда - үй шаруашылығын, фирмаларды, мемлекетті, шет мемлекетінің секторын қамтиды.
-
Позитивті және нормативті талдау.Макроэкономика теориясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәні - үй шаруашылықтары мен фирмалардың берілген экономикалық шарттарда шешім қабылдау және сол "берілген" шарттарды өзара қызметтері арқылы қалыптастыру механизмдері болып табылады. Микро талдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әр түрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макро талдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және тағы сол сиякты ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланыста болады. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, макроэкономикалық талдауды үш кезеңге белеміз:
1-кезенде фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешім қабылдауын зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әр түрлі экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;
2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседі. Бұл кезенде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. Мысалы, бір ғана фирманың өнімі емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі;
3-кезеңде макроэкономикалық акпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарасты-рылады. Макроэкономика - макроэкономикалык теория мен агрегатталған акпаратгардың ортасындағы байланысты нысандык тәсілмен зерттеуді карастыратын ерекше ғылым.
Макроэкономикалык талдау және саясат тыгыз байланысты. Өйткені үкіметтің қолында экзогенді айныма-лылардың бірқатары бар. Егер макроэкономика жеке оқигалардын экзогенді оқиғалармен немесе саяси шешімдермен байланыстарын қарастырса, онда ол позитивті экономикалық талдау болады. Позитивті талдауда экономикалык саясаттағы, экономикалық шарттардағы өзгерістерді өндіріс, сауда-саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Осы позитивті экономика аркылы экономист "егер ... болса, онда ... болады" деген секілді тұжырымдар жасайды. Содан кейін бұл тұжырымдар фактілермен және сандармен салыстырылу арқылы расталуы немесе жоққа шығарылуы мүмкін. Позитива талдау нақты фактілермен, сандармен, тәуелділіктермен жұмыс жасайды. Позитивті талдау қорытындының жақсы-жамандығына баға бермейді.
Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы салыстырмалы түрде бағалылырақ екенін білу үшін оларды бағалау қажет. Балама шешімнің негізгі шешіммен салыстырғанда қаншалықты дұрыс не теріс екенін нормативті экономикалық талдау бағалайды. Нормативті талдауды не болуы мүмкін деген сұраққа салыстырмалы түрде дұрыс жауап алу үшін қолдануға болады. Нормативті тұжырымдар тек кеңес береді. Бұл тұжырымдар көбінесе мынадай түрде болады: "мынадай шараларды жүзеге асырған дұрыс", "осындай саясатты жүргізу оңды болады". Мысалға: "Еркін сауданы шектейтін саясат тоқтатылғаны дұрыс" деген тұжырымда еркін сауданың болуының дұрыстығы жайында пікір қорытылады. Нормативті талдаудан шыққан тұжырымдарды фактілермен растау немесе жоққа шығару қиын, себебі олар негізінен болжам түрінде емес, бұйрық түрінде болады. Сонымен нормативті талдау нақты экономикалық шарттардың, экономикалық саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын экономикалық талдау деп айтсақ та болады.
Табиғи ресурстар - өндірісте өңдірусіз табиғи түрде қолданылатынбарлық заттар, мысалы; құнарлы жер, құрылысқа арналған бос орындар , тоғайлар, минералдар және т.б Өндіріс факторлары - тауарды немесе қызметті өндіруде пайдаланылатын еңбектің, капиталдың және табиғи ресурстардың негізгі салымдары. Капитал – өнеркәсіптік құрал-сайман, жабдықтармен инфрақұрылымды қоса алғанда адамның жасаған барлық өндірістік құралдары.
Микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтары, үкіметтік агенттіктер сияқты шағын бірліктер жасайтын тандауларды зерттейтін экономика бөлімі. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секілді ірі масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтін бөлігі. Макроэкономикалық үлгі - әртүрлі экономикалыққұбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама.
Экономикалық айналымдар - әр түрлі мәндерге ие бола алатын өзгеретін өлшемдерді немесе ақша сомаларын айтамыз. Экзогенді айнымалылар - алғашқы ақпараттар, «сырттан» ендіріледі. Эндогенді айналымдар - кейінгі ақпараттар, олар үлгінің өзінде қалыптпсады. Сиректілік - кез-келген адамның қажеттілігін қанағаттандыруға ресурс көлемі жетпейтін жағдай. Өндіріс факторлары - тауарды немесе қызметті өндіруде пайдаланылатын еңбектін, капиталдың және табиғи ресурстардың негізгі салымдары. Экономика - адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шектеулі ресурстарды пайдаланғанда туындайтын таңдауларды зерттейтін қоғамдық ғылым.
-
Экономикалық статистика - бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс - әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін және сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді. Алынған деректер бойынша әр түрлі статистикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономиканы қалпын, жағдайын сипаттайды.
Макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларында пайдаланады. Бұл экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдәстерді жасағанда көмек көрсетеді. Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипатайды.
Жалпы ұлттық өнім. Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген. Жалпы ұлттық өнімді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:
-
Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.
-
өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Жалпы ұлттық өнім экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлттық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін және басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып - үйренуіміз керек.
Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ номиналды және нақты түрге бөлінеді. Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.
ЖҰӨ -ді есептеудің бірнеше әдістері бар:
-
Шығындар бойынша
Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары;
G – мемлекеттің сатып алуы;
І – жалпы инвестициялар,
Х – таза экспорт.
-
Табыстар бойынша
Мұнда: W – жалдамалы жұмысшының жалақысы;
R – ренталық төлемдер;
I – жинақ капиталының пайызы (%);
P – фирма мен корпорацияның пайдасы.
-
ЖҰӨ -ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі – өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.
Жалпы ішкі өнім: мәні мен мағынасы. Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) (ағылшынша: Gross Domestic Product) — мемлекет территориясындағы экономиканың барлық салаларындағы өндіріс факторларының азаматтыққа байланыссыз қолдануға, экспорттауға және жинақтауға бір жыл ішінде өндірілген барлық ақырғы (яки тікелей пайдалануға арналған) тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасы. Номиналды (ағылшынша: nominal GDP) ЖІӨ (абсолютті) және нақты ЖІӨ (ағылшынша: real GDP) ЖІӨ (инфляцияға түзетілген). Нақты ЖІӨ -де қандай дәрежеде ЖІӨ өсімі, баға өсімімен емес, нақты өндіріс өсімімен анықталатындығы есепке алынады.
ЖІӨ - импортты есептемегенде, пайдалану, инвестиция, мемлекеттік шығыс пен экспорттар көлемдерінің қосындысы болып есептеледі. ЖІӨ әр квартал сайын бір есептеледі. ЖІӨ 3 түрлі тәсілмен есептеледі:
-
табыс бойынша
-
шығыс бойынша
-
өндірілген өнімдер қосындысы бойынша .
ЖІӨ ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ орталық банк пен үкіметтің қор индекстеріне және ақша-несиелік саясатына зор ықпал етеді. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.
ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо. Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.
Макроэкономикалық тепе-теңдік. Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі. Негізгі макроэкономикалық тепе –теңдік табыс пен шығынның теңдігін көрсетеді.
Ұлттық есепшот жүйесі (ҰЕЖ) – бұл мемлекеттің экономикасының жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін, жиынтық табыстың және жалпы өнімнің шамасын көрсететін, статистикалық макроэкономикалық көрсеткіштердің жиынтығы. Тұтыну шығындары – үй шаруашылығының қызмет көрсетулер мен тауарлар сатып алуға жұмсайтын шығындары. Инвестициялық шығындар (І) – фирмалардың инвестициялық тауарларды сатып алуға жұмсайтын шығындары, яғни мұндай тауарлар капитал қорын өсіреді. Инвестициялық шығындар – бұл белгілі уақыт аралығында негізгі капиталды қолдауға және капиталдың өсуіне бағытталған өнімдер ағыны.
Тұтыну – бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің жиынтығы. Инвестиция қоры – бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсімі (егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемі теріс мәнге ие болады). Мемлекеттік шығындар - өкімет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы құны. Амортизациялық шығындар – ұлттық есеп жүйесінде капиталдың негізгі тозу құны. Жеке табыс – бұл бір жылда өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің құны.
ЖҰӨ дефляторы – атаулы ЖҰӨ мен нақты ЖҰӨ қатынасы болып табылады. Трансферттің төлемдер – бұл үй шаруашылықтарына төленетін төлемдер, бірақ төлемдер үшін үй шаруашылықтарына ешқандай тауарлар мен қызмет көрсету міндеті қойылмайды. Қолда бар табыс – бұл жеке табыстан, жеке тұлғалардан алынатын, салықты және салықты емес төлемдерді шегергенге тән. Тұтыну баға индексі – бұл Ласпейрес баға индексі болып табылады. Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы – бұл тұратын жаңа үйлер мен жалға беретін үйлерді салудағы шығындар. ЖҰӨ - бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттік шығындардың және таза экспорт көлемдерінің жиынтығы.