Дене дайындығы жаттығулары
Жүріс үстіндегі жаттығулар
1. Еркін жүріс, дене қалпын дұрыс ұстап, қолдармен әр түрлі жаттығуларды жасау.
2. Жүрістің әр түрлі тәсілдері: тізені биік көтеріп, аяқтар бүгулі жартылай отырып, тізені бүкпей тік аяқтармен; өкшеден аяқтың ұшына қарай басып, әр түрлі жылдамдықпен жүру.
3. Тапсырманы орындай отырып, кең адымдап жүру (допты кетеріп, қолды екі жаққа созып т.б.).
4. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей жүру; екі колын шапалақтап (белге қойып, артқа ұстап) жүру;
5. Аяқтың ұшымен және өкшемен жүру; бір қатар болып келе жатып, екі қатар жасап жүру;
6. 3-5 м жерге дейін көзін жұмып жүру;
7.Теріс қарап жүру.
Жүгіріс үстіндегі жаттығулар
1. Баяу, орта және жылдам жүгірістермен тапсырмаларды орындай отырып жүгіру.
2. Кедергілерден өтіп жүгіру. Түзу аяқтарды алдыға қарай лақтырып жүгіру.
3. Өкшені артқа қарай лақтырып жүгіру.
4 . Аз дегенде 2 минут орта жылдамдықпен жүгіру.
5. Оң (сол) жанымен және теріс қарап жүру;
6. Екіден келе жатып, бірін-бірі қуалай жүгіру;
7. 3 х 10 м қашықтықты айнала жүгіру; 100 м қашықтықтың 50 м-ін тез жүріп, келесі 50 м-ін жүгіріп өту; 150-200 м жерді жүгіріп өту; кедергісі көп жерден жүгіру; ойлы-қырлы жермен жүгіру; 1,5-2 минутқа дейін тоқтамай жүгіру; 10-30 м қашықтыққа жарыса жүгіру (10 м -2,6-2,8 сек; 20 м - 5,5-5,0 сек; 30 м -8,5-7,5 сек.)
24
Секіріп жасалатын жаттығулар
1. Әр түрлі әдістермен орнында тұрып секіру: аяқты қайшылап, аяқты бір-біріне жақындатып-алшақтатып, оң және сол аяқтармен кезектесіп.
2. Бөренеден немесе орындықтан секіріп түсу (жұмсақ және орнықты қону).
3. Ұзындыққа орнынан және екпіндеп келіп секіру.
4. Батутта және скакалкамен секіру.
5. Екі аяқты бірге ұстап, оң (сол) жақтармен 4-5 м жерге секіру; бір аяғын қолымен ұстап, екіншісімен секіру; екі аяғымен кезек аттап 5-6 м жерге секіру; биіктігі 20 см заттың үстіне қос аяқтап бірнеше рет секіріп шығу; ені 10 см, биіктігі 15-20 см болатын қатар жатқан 5-6 параллоннан оң (сол) жағымен біртіндеп секіріп өту; жүгіріп келіп, 30-40 см биіктікке секіріп өту; жүгіріп келіп, 1 м ұзындыққа секіру; жүресінен отырып, жоғары секіруді 10-12 рет қайталау; бір орында тұрып, қос аяқтап 80 см қашықтыққа секіру.
Достарыңызбен бөлісу: |