ПӘнінен оқыту-әдістемелік кешені



бет1/2
Дата25.02.2016
өлшемі0.63 Mb.
#21099
  1   2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16.16.1.44/03-2013

ПОӘК

«Көліктің даму тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар



04.01.2013 ж.

№2 басылым



«Көліктің даму тарихы»



ПӘНІНЕН ОҚЫТУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«5В090100» - «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті қолдану» мамандығына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2013

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттің өздік жұмысы
1. Дәрістер
Дәріс 1, 2 Транспортың мәні және транспорттық процестің негізі. Жалпы терминдер және түсініктер, жаңа транспорттық жүйенің мазмұны және құрамы

Транспорт сөзі латын тілінен аударғанда « transporto » - апарамын, жеткіземін, тасимын деген мағынасында адамдарды немесе жүктерді тасымалдау, қоғамдық материалдық өндірістің ең маңызды бір облысы болып табылады.

Қазіргі кезде транспорт жүйесіне ортақ қолданыстағы транспорт кіреді. Ал, ортақ қолданыстағы транспортқа темір жол транспорты, автокөлік транспорты, теңіз транспорты, өзен транспорты, әуе транспорты, құбыр транспорты жататын болса, ортақ емес қолданыстағы транспортқа өндірістік транспорт кіреді. Ортақ қолданыстағы транспорт еңбек өнімдерін олардың тұтыну орындарына жеткізу арқылы өндірістік процессті жалғастырады.

Азық-түлікті өндіріс орнынан басқа орынға жеткізуден кейін, дайын өнімді өндіріс аясынан қолдану аясына жеткізуге жүзеге асады. Осы орын ауыстыру аяқталғаннан кейін ғана өнім тұтынуға дайын деп есептелінеді. (К.Маркс)

Жүк транспорты өнім санын көбейтпесе де өндірістік процесстің жалғасы болып табылғандықтан материалдық өндіріске жатады. К.Маркстің пайымдауынша өндірістік сфераға жолаушы транспортын да жатқызуға болады. Транспорттың бұл түрі көптеген адамдардың өндірістік, сондай-ақ жеке мақсаттарындағы орын ауыстыруы кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырумен тікелей байланысты болып табылады. Транспорттың бұл түрлерімен қатар жеке қолданыстағы транспорттар (жеңіл автокөліктер, мотоциклдер, велосипедтер, қайықтар және т.б) да бар.

Транспорт – әртүрлі мағынада қолданылады. Оны әдетте:


  • Жүк және жолаушы тасымалдаушы деген мағынасы бар, халық шаруашылық бөлімінде;

  • Материалдық өнімнің және адамдардың орын ауыстыруын қамтамасыз ететін техникалық құралдар комплексінде;

  • Жүк немесе жолаушылардың орын ауыстыруының өзіндік процесінде;

  • Көшелер немесе жол бойынша қозғалатын бірліктер торабында;

  • Белгіленген орынға және нақты мекен-жайға жіберілген жеке жүк партиясында;

  • Адамдық сала түрі немесе мамандық ретінде.

Транспорттық жүйе – тасымалдауды жүргізу кезіндегі өзара байланыста және тәуелділікте болатын әртүрлі транспорттық комплекстер (кешендер). Мемлекетке, аймаққа немесе үлкен қалаға қатысты қолданылады.

Транспорттық бірлік – транспорттың барлық түрлерінің әлеуметтік -экономикалық бірлестігін көрсетеді.

Транспорттық желі (сеть) – елдің барлық мекен-жайларын және жеке аймақтарды байланыстыратын хабарламалардың барлық жолдарының жиынтығы, анықталған территорияның немесе елдің транспорттық қызмет көрсету көрсеткіштерін мазмұндайды.

Жалпы қолдану транспорты – заңға сәйкес барлық жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды іске асыруға міндетті транспорт. Оны мемлекеттік мекеме немесе кәсіпорын, қоғамдық ұйым немесе жеке тұлға ұсынуы мүмкін.

Жеке қолданудағы транспорт – өзінің немесе кәсіпорынның тасымалдауын іске асыратын және барлық басқа клиенттердің талаптарын қанағаттандыруға міндетті емес жеке транспорт.

Магистралді транспорт – негізгі транспорттық министерстволар және ведомстволар: Хабарлама жолдарының Министерствосы, Теңіз флотының Министерствосы, азаматтық авиация Министерствосы , құрылыс және автомобиль жолдарының эксплуатациясының Министерствосы жүргізуге болатын жалпы қолдану транспорты.

Магисралды транспорт - маңызды қалалар мен елдің немесе ірі аймақтардың өндіріс орталықтарын байланыстыратын хабарлама жолдарын белгілеу үшін қолданылады.

Әмбебап транспорт – барлық тасымалдау түрлерін (жүк және жолаушы) жүзеге асыра алатын транспорт.

Дискретті транспорт – тасымалданатын зат (жүк немесе жолаушы) жеке партиялар немесе топтар, тәуелсіз қозғалатын транспорттық бірліктер көмегімен (автомобиль, поезд, ұшақ, кеме) тізбектей тасымалдаушы кез-келген транспорт.

Үзіліссіз транспорт – тасымалдау құралы үзіліссіз ағым түрінде келетін транспорт.

Құбырлық – мұнай тасымалдаушы, өнім тасымалдаушы.
Дәріс 3, 4 Өндіріс бөлімі ретінде транспорттың маңызды спецификасы. Транспорт халық шаруашылық бөлігі ретінде. Транспорттық мемлекеттің дамуы

Транспорттың даму тарихы антикалық және ежелгі заманда, алғашқы шаруашылық және қоғамдық еңбекті бөлісу жаңа туындаған кезде транспорттың қажеттілігі маңызды болған жоқ. Алғашқы хабарлама құралдары қарапайым болды. Оларға тапталған жол, вьюки, аса ауыр жүктер үшін сүйретпелер, жоңылған ағаш бөренелері немесе плоттар, кейінірек челноктарды жатқызуға болады. Одан ертерек уақытқа қайықшалардың пайда болуы жатады. Құлдардың еңбегін эксплуатациялауда құл иеленушілер шаруашылығы кезінде транспорт өзінің дамуында алға қадам жасады. Құл иеленуші мемлекеттер басқа елдерді басып алу, құлдарды тұтқынға алу үшін өзінің сарбаздарын апарды. Әскери талаптар және қажеттіліктер Қытайда, Парсы елінде, Рим Империясында әскери мақсаттар үшін салынған үлкен жолдар транспорттың дамуын қажет етті.

Адамзат өзінің тарихын білуі керек, себебі онсыз ғылымның ары қарай дамуы мүмкін емес. Олардың қалдықтары қазіргі күнге дейін сақталған. Мысалға, мыңдаған километрді алып жатқан римдік әскери жол желісі. Құл, нан, мата айырбастау және сатудың алға өсуі Финикия, Карфаген және т.б. сияқты мемлекет -қалалардың пайда болуына және ескекті, содан кейін желкенді кеме қатынастарының пайда болуына әкелді. Антикалық замандағы Греция, Рим, Египет сияқты мемлекеттерде теңіз кемелері, әсіресе әскери, қарқынды дамыды. Олардың кейбіреулерінде мыңдаған ескіш құлдар болды.

Дегенменде саудагерлер желкенді және желкенді - ескіш кемелерді таңдады, өйткені олардың көлемі кішкентай, көп ескіштерді қажет етпеді және жүкті орналастыру үшін көбірек орындары болды.

Транспорт құралдар өндірісінің бөлігі деп аталса да, құралдық құндылығы жоқ. Үш міндетті элементі бар транспортқа: еңбек құралы (транспорт құралы), еңбек заты (тасымалдау объектілері: жүк, жолаушы) және мақсатқа сәйкес адамдар қызметі. Яғни транспорт өндірістік құралдар, техника өнімі, технология, басқаруды ұйымдастыру саласының тізіміне жатады. Транспорт материалдық өндірістен қарағанда қиынырақ сала.
Дәріс 5, 6 Транспорттық мемлекеттің дамуы

Toyota компаниясы бүгінгі күні өндіріс көлімімен екінші орын алады. Және Жапония мемлекетінде сатылу жағынан бірінші орын алады.

Атақты бренды айтсақ, Жапонияның концерні әлемнің, ең танымалы бренд ондығына кіреді.

Toyota автомобиль компаниясының тарихы 1930 жылдан басталды.




Кличиро Тойода сол уақытта, Toyota Indistries компания негіздеушісінің ұлы, ішкі меншікті жану қозғалтқышының үстінде жұмысты бастады. Ол Еуропа мен құрама штаттарда саяхаттап ерекшеліктерін оқиды. Мысалы: автомобиль жасау сияқты.

Тойоданың басты инженерлер командасы жиналып істі жылдам қабылдады және 1934 жылы бірінші Toyota Type А қозғалтқышы дайын болды. 1935 жылы осы қозғалтқыш арқылы Toyota Model AL атты бірінші жолаушы автомобильі, сонымен қатар кішкентай Toyota C1 шағын жүк машинасы шықты.

Кличиро Тойода 1937 жылы әкесінің кәсіпкерлігінен бас тартып және өзінің меншікті Toyota Motor атты компаниясын тізімге тіркейді.

Жапондықтарда 8 саны – бақытты сан.

ІІ Дүниежүзілік соғыста ауысып жүк машиналарын шығара бастады. Жапондардың армиялары жүк машиналарын өте керек қылды, сондықтан оны оңайлыту үшін, тез бітіру үшін оны қысқартып тез жасады. Мысалы екі фараның орнына, ортасына 1 фара салған болатын.


1947 жылы компания азаматтық автомобильдерін қайта шығара бастады. Компания Toyota Crown үлгісін 1957 жылы АҚШ қа бағыттайды. 1,5-литрлік қозғалтқышымен жапон компаниясынан Американың базарына ең бірінші шыққан автокөлік. Сол уақытта компания Land Cruiser өндірісін бастаған болатын. Компанияның алтын заманы алпысыншы жылдар болды. Toyota 1962 жылы өзінің миллиондық автомобилін шығарды ал сәуір айында Австралияда 1963 жылы конвеерден бірінші автомобиль Жапония шектерінен ары қарай шыққан болатын. Сонымен қатар, компания қымбат емес автомобильдерін шығара бастады.

70 жылдары Toyota «үш китті» Жапон автоиндустриясының бірі болып табылады. Мұнай дағдарысынан 1 жыл бұрын, 1972 ж компания өзінің 10 миллион автомобилін шығарды.

1982 ж Toyota Motor Compfny компанияларымен Toyota Motor Cales, 1950 жылы құрылған, біріңғай гигантты біріктіреді, Toyota Motor Corporafion. Бұл уақытта «Тайота» Жапон компанияларының арасында сатылу жағынан бірінші орынға түсіп, жаңа чToyota Camri табысын бекітіп қояды.

Егер тұтас үнемді автомобильдердің шығу тек қана бұрынғы Тайота атына қауымдасса, онда люксовый Lexus және басқа жаңа ірі үлгілер п.б.

1996 жылы Тайота өзінің 90 миллион автомобилін шығару мерекелерін тойлады және дүниежүзілік автомобильдлік базарда ең ірі ойындарың біреуінде өз статустарын нық қойды. Осы уақытта барлық әлемде Тайота зауыттары ашылады.

1999 жылы компания 100 млн автомобиль шығаруын тойлатты. Бүгін Тайота компаниясы дүниежүзілік автомобиль базарының әлемдік лидері басқа дүниежүзілік гиганттардың жалғыз ғана бәсекелесі болып келеді.
Дәріс 7, 8 Мемлекеттің негізгі даму этаптарындағы транспортың рөлі

Адамзат қоғамының тарихы транспорттың даму тарихынан ажыратылмайды. Адамның физикалық тұрғыда бар болуына транспорттың маңызы өте зор деп айтуға болады. Еңбек құралдарын және заттарын, тіпті адамның өзінің орын ауыстыруынсыз ешқандай қолданылатын өнім өндірісі, ешқандай басқа мақсатқа сәйкес қызметтер орындалуы мүмкін емес.



Алғашқы қоғамдық құрылыста адамдар транспорттық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қарапайым құралдарды қолданған. Еңбек қаруы, жануарлар және астық заттарын, тұрғын үй және киім тігу үшін пайдаланатын материалдарды, алғашқы оқ-дәрілер үшін жанармайды адамдар өздері немесе киізбен тасымалдады. Жануарларды үйрету және асырауға байланысты, оларды тасымалдау құралы ретінде кеңінен қолдануға мүмкіндік берді.

Құл иеленушілік құрылыс шараларында алғашқы рет транспорт құралдарының жетілуі және дамуында әлеуметтік - экономикалық стимулдар пайда болды. Өнімді шабықтау, содан кейін плужды егіншілік және металдарды өңдеуден жоғары дәрежелі құралдар дайындала бастады: қоғамдық өнімді бөлумен қатар өнімділікті өсіру қолданылды. Транспорттың дамуындағы ең қатты дем айырбастың пайда болу нәтижесінде болды.

Жеке меншіктің және адамдардың кластарға бөлінуінің нәтижесінде мемлекет дами бастады, оның шеңберінде транспортқа деген қажеттілік жоғарылады. Адамдарды шоғырландыру, қалалар салу, сауда және айырбастың дамуы, жаулап алу – ежелгі мемлекеттің тарихын зерттеу кезінде көз жеткізуге болады.



    Теңіз флоты барлық ежелгі өркениет прогресі үшін маңызды ролді үлкен өзендік артерия алды. Адамзат қоғамының дамуындағы кезекті маңызды ролді құрлықтағы транспорт алды.

Транспорттардың пайда болу ерте кезеңдерге жатады. Ежелгі Қытайда, Парсы елде, Рим империясында әскери мақсаттарға жүруге арналған жолдардың көп мөлшері салыңғалы жайлы тарихи деректерден белгілі.

Айырбастын өсуімен теңіз көлігі де дамыды: алдымен ескек қайықтар, содан кейін желкенді қайықтар пайда болды. Тауарды құрғақ жолмен тасымалдау үшін құлдар тасушылар қолданылған, сонымен қатар екі және төрт дөнгелекті арбалар пайдаланылған.

Транспорттық құрамдар, басқа да өндірістік құрамдар құл иеленушіліктің қол астында болды. Айырбас сферасында транспорт саудамен айналысып кетті.

Фиодализімнің ерте кезендерінде негізінен сол орында өндірілетін тауар, мысалға алғанда: әшекей заттар тасымалданған.

Венеция, Генуя қалаларында, Ганза қалаларынын одағында сауданын дамуы теңіз транспортының дамуына әкеліп соқты. Ашық теңізде жүзуге мүмкіндік берген компастың ойлап табылуымен теңіз көлігінің техникасы біртендеп жақсарып отырды. XV- ғасырдың аяғында теңіз көлігі ашық мұхитқа шығады. Ұлы географиялық ашылулар дәуірі басталды. Сауданын , айырбасынын өсуіне капитандың жиналуына және қоғамдық жұмыстын бөлінуінің тереңденуіне байланысты транспорттын өзіндік өндірістік салаға бөлінуіне оң жағдайлар жасалынды.

XV-XVII-ғ.ғ. көптеген кеме иелері тасымалдауға ғана маманданады. XVI-XVII-ғ.ғ. ақ теңізде жіне Солтүстік мұзды мұхитта- солтүстік теңіз кеме жолы, сонымен қатар Еділ өзенінде және Каспий теңізінде сауда кеме жолы дамыды. Көптеген елдерде пошта және құрғақ жолдармен жолаушы тасымалдау пайда бола бастады. Францияда, Германияда, Англияда кейінрек XVII- ғасырда жақсарған жолдар салынды.

Ортақ қолданыстағы транспорттың пайда болуы, яғни транспорттын өндірістін ерекше саласына бөлінуі Батыс Еуропада өндірістің төңкеріс дәуірі кезінде болды.

Ірі капиталистік өндірістің дамуы көп мөлшердегі жүктің арзан тасымалдауын талап етті. Сондықтан Ұлыбританияда, Францияда және Германияда каналдар және атты арбамен жүріске келетін темір жолдар салына бастады.

XIX- ғасырдың І- жартысында механикалық транспорттын құалдарға көшу процесі басталды, булы темір жолдар, сондай-ақ булы кемелер пайда болды.

XIX- ғасырдын ортасына қарай ортақ қолданыстағы темір жолдардың салынуы АҚШ-та және Еуропаның барлық елдерінде етек алды, бұл процесті транспорттың басқа түрлерімен салыстырғандағы (үлкен салмақтылық, салыстырмалы арзандылық жоғары жылдамдық және жүкті жеткізу жиелігі) олардын негізгі басымдылығымен түсіндіруге болады. Мысалға, су көлігімен салыстырғандағы басылымдылық ХХ-шы ғасырдың басына қарай әлемнің темір жол жүйесі 1114 мың км. Кеме жүретін өзендердің және каналдардың ұзындығы 318 мың км, темір жолдағы жүк айналымы 753 милрд. км, өзен және теңіз транспортында 1545 мил. км. құраған болатын.

Мемлекеттер арасындағы сыртқы сауданың өсуі теңіз көлігінің тез дамуына үлкен әсерін тигізді.

Автотранспорт XIX ғасырдың аяғында пайда болды. Автотранспорт ХХ ғасырдың 20 вылдарында қысқа қашықтықта жүк тасымалын жүзеге асыруда, әсіресе жолаушы тасымалында темір жолмен және өзен транспортымен бәсекеге түсе бастады.

Автоматтық әуе көлігі ХХ ғасырдың бірінші жартысында пайда болды.

Мемлекет, қала және аймақтар арасындағы маңызды байланыстар олардың дамуына байланыста табиғи керуен жолдары пайда болды. Кейінірек адамдар ауыр затарды тасымалдау үшін ірі жануарлармен қозғалатын сүйретпе түріндегі арбаларды қолдануға болатынын ойлап тапты.

Кейінірек ауыр заттарды қозғалтуда домалатпаларды қолдану жеңілдететіні байқалды. Осы кезде комплексті тасымалдауға бір қадам қалған болатын. Дөңгелек туралы адамзаттың ең ұлы ойы екенін мойындау керек, себебі, біріншіден, дөңгелекке ұқсас табиғатта еш нәрсе жоқ, екіншіден, дөңгелекті жеңіл арба адамзатқа мыңдаған жылдар бойы қызмет етіп келеді және қазіргі жер беті транспортының негізгі түрі болып қала береді.

Құрлықтағы транспортың дамуының келесі қадамы жасанды жолдар болды. Ежелгі және антикалық замандағы хабарламалар жолы, каналдар.

Транспорттың пайда болуы ежелгі уақытқа қатысты. Транспорттың даму тарихы антикалық және ежелгі заманда, алғашқы шаруашылық және қоғамдық еңбекті бөлісу жаңа туындаған кезде транспорттың қажеттілігі маңызды болған жоқ. Алғашқы хабарлама құралдары қарапайым болды. Оларға тапталған жол, вьюки, аса ауыр жүктер үшін сүйретпелер, жоңылған ағаш бөренелері немесе плоттар, кейінірек челноктарды жатқызуға болады. Одан ертерек уақытқа қайықшалардың пайда болуы жатады. Құлдардың еңбегін эксплуатациялауда құл иеленушілер шаруашылығы кезінде транспорт өзінің дамуында алға қадам жасайды. Құл иеленуші мемлекеттер басқа елдерді басып алу , құлдарды тұтқынға алу үшін өзінің сарбаздарын апарды. Әскери талаптар және қажеттіліктер Қытайда, Парсы елінде, Рим Империясында әскери мақсаттар үшін салынған үлкен жолдар транспорттың дамуын қажет етті.

Мыңдаған километрді алып жатқан римдік әскери жол желісі және олардың қалдықтары қазіргі күнге дейін сақталған. Құл, нан, мата айырбастау және сату дамыды. Сауда маңызды роль атқаратын Финикия, Карфаген және т.б. сияқты мемлекет-қалалардың пайда болды. Ескекті, содан кейін желкенді кеме қатынастарының пайда болды. Антикалық замандағы Греция, Рим, Египет сияқты мемлекеттерде теңіз кемелері, әсіресе әскери, үлкен өлшемге жетті, кейбір жағдайларды олардың мыңдаған құл ескекшілері болды.

Дегенменде саудагерлер желкенді және желкенді-ескіш кемелерді таңдады, өйткені олардың көлемі кішкентай, көп ескіштерді қажет етпеді және жүкті орналастыру үшін көбірек орындары болды. Құрлық жола арқылы тауарды транспорттау үшін тасымалдаушы құлдар қызмет етті, теңдеп артылған жүк немесе 2-4 дөңгелекті арбалар қолданылды. Құл иеленушілік шаруашылықта транспорт әлі шаруашылықтың жеке саласы ретінде бөлінген жоқ болатын. Басқа да өндіріс құралдары сияқты транспорт та құл иеленушілердің меншігіне жатты. Айырбас ортасында транспорт саудамен бірге болды. Саудагерлер бір уақытта транспорттық құралдың да иегері болды.

Құл иеленуші құрылысының орнына келген феодализм, материалдық өндірістің дамуы және артынан транспорт үшін жаңа шарттар жасады. Өндіріс күшімен бірге қоғамдық еңбекті бөлісу күшейді және белгіленген этапта үкімет және әкімшілік қамал - қала орнына кәсіптік және сауда орталық қалалары өсе бастады.

Шикізат және минералдар қазылымының кеңеюі , техниканың жақсаруы, өнім кәсібінің көлемі және түрінің ұлғаюы, ауыл шаруашылығының ары қарай дамуы, әсірісе сауда өндірісінің пайда болуы өндірістік қажеттілік және ішкі сауда , сыртқы сауда транспорттың маңызын өсірді. Осымен байланысты, көптеген елдерде тасымалдау көлемі өсе түсті. Бар желіде теңіз және өзендік коммуникацияны кеңейту бойынша, жасанды хабарлама жолдары сияқты жұмыстар жүргізілді.

Наряд шарттарымен феодализмде транспорттың дамуын ынталандыруда бұл процеске кедергі дәлелдер шықты, және олардың ішінде ең бастысы – жерге федералды меншік болды.

Капиталистік қатынастардың пайда болуында Европада сауда жолдарын және жаңа елдерді, ұлы географиялық жаңалықтар ашылумен байланысты.

XVIII ғ. екінші жартысында көптеген елдерде «өндірістік революция» деп аталатын жаулап алған техникалық төңкеріс өндірістің және сауданың өсу қарқынына үлкен әсер етті, әсіресе машинаның көмегімен машинаның өзін өндіру де. Өндіріспен бір уақытта жаңа техника негізінде транспортта дами бастады. Бұл негізге транспорттық өздігінен қозғалатын кез-келген қуат бірлігін құруға мүмкіндік беретін, ауа-райы шарттарынан тәуелсіз бу машинасы жатады. Осылайша параходтар, паровоздар, булық құрлықтық экипаждар, кейінірек бу ұшақтары пайда болды.

Өткен тарихтың барлық кезеңдерінде транспорттық құралдар(кемелер, арбалар, жануарлар және т.б.) тасымалды жүзеге асыратын жүк иелеріне тиесілі болды. Капитализм кезінде кәсіпорындар іріленумен қатар техника және өндіріс технологиялары күрделенді, өнім көлемі ұлғайды, кәсіпорын иесіне бағалы транспорттық шаруашылықты ұстау қиынға түсті. Осыған байланысты транспорт жүк және жолаушыларды белгілі бір бағаға кез-келген клиентті тасымалды жүзеге асыратын жеке сала болып бөлініп шықты. Қазіргі кезде елдерде барлық транспорт түрлері жеке тұлға немесе мемлекет меншігіне айналды. Транспорттың эксплуатациясының міндетті шарттары: транспорттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жолаушылар жағдайын жақсарту, жүк қауіпсіздігінің кепілдігі, транспорттық процесстің қол еңбек шығындарын азайту.
Дәріс 9, 10 Автокөліктік транспорттың пайда болуы және дамуы. Автокөлік компаниясы

Автокөліктік транспортымен жолаушылар тасымалының даму тарихы бу кареталары мен 10-нан 12 км/сағ жылдамдықтағы омнибустардың үлгілері жасала бастаған кезде, 19 ғасырда басталды. 1801 жылы іштен жану дивгателі пайда болғаннан кейін көптеген мүмкіндіктер жасалды – газ немесе сұйық жанар маймен жұмыс істейтін двигатель ойластыруға, 1885-1886 ж.ж. Германияда Готлаб Даймер қазіргі автокөліктердің бастамасы болып саналатын үш дөңгелекті автокөлікке бензинді двигатель орнатты.

Автокөліктердің кең қолданылуына пневматикалық шиналардың пайда болуы әсер етті (1880 ж.). 1886 жылы Ресейде экипаж бен автокөліктерді эксплуатациялау мен құру Акционерлік қоғамымен алғашқы жеңіл автокөлік жасалды. 1902 жылы Ресейде дәл осы фирмамен 8 л.с. қуатты, «Де-Дион-Бутой» двигательді, 8 орынды алғаш автобус шығарылды. 1907 жылдың 1 қыркүйегінде Ресейдің Мәскеу қаласында бірінші таксомотор пайда болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсанында Ресейде 8,8 мың жеңіл автокөлік саналды. Ресейдегі жолаушылар тасымалының даму тарихын 5 кезеңге бөлуге болады.



Бірінші кезең (1918-1929 ж.ж.)1918 жыл басында елде 35 мың автокөлік саналды. 1922 жылы Кеңес үкіметінің шешімімен мемлекеттік мекемелермен жеке тұлғаларға автокөліктерді («Рено», «Фиат», «Лей ланд», «Манн» және т.б..) шетелден алып келуге рұқсат берілді.

Екінші кезең (1929-1940 ж.ж.) отандық автокөлік заводтарының құрылуымен сипатталады. 1929-1930 ж.ж. сериялық өндіріс басталды. Ярославтық және Мәскеулік автокөлік заводтары 19-орындық ЗИС-8 автобусын шығарды(ЗИС-5 жүк автокөлігі негізінде). 1931-1932 ж.ж. АМО (қазіргі ЗИЛ) заводы іске қосылды және Горький қаласындағы – ГАЗ-03-30 (17-орындық) автобус. 1932 ж. - АМО-4 автобустарын, 1938ж. – ЗИС-8, 1938ж. ЗИС-16 (21-26 орынды) шығаруға кірісті. 1 КЕСТЕ Қозғалыс құрамы өндірісінің өсу динамикасы



/№

Жыл

Автобустар

Жеңіл автокөліктер

1

1932

100

30

2

1937

1300

18300

1940 жылы автокөліктік жолаушылар тасымалы 300-ден астам қалаларда ұйымдастырылды. Автобус паркінде 15,6 мың автобус саналды, оның 40% жалпы қолданыста болды. Ұлы Отан соғысы жылдары жолаушылар тасымалы көптеген қалалар мен облыстарда тоқтатылды, себебі қозғалыс құрамы мобильденді.



Үшінші кезең (1947-1960 ж.ж.) 1947 жылдың басында соғысқа дейін болған барлық қалаларда автобустық тасымалдар қайтадан қалпына келтірілді. 1950 ж. автобустық хабарламалар - 459 қалаларда, ал таксомоторлылар елдің 420 қаласында ұйымдастырылды. 1946 - 1950 ж.ж. авобустар паркі 22 мың бірлікке дейін өсті. 1946 ж. ЗИС-156 (дизельді генераторлы автобус), 1949 ж. ЗИС-155, 1950 жылдан бастап ПАЗ-615 Павловсктік автобус заводында ПАЗ-651 автобустары өндірілді. 1956 ж. М-402, 1958 ж. М-407, ГАЗ-20 («Победа»), ЗИС-110, ГАЗ-12, 1960ж. ЗАЗ-965 («Запорожец»), 1965ж. ГАЗ-21 («Волга»).

Төртінші кезең(1960-1990 ж.ж.) автокөліктік жолаушылар тасымалының қарқынды дамуымен белгілі. 1972 ж. КСРО автокөлікті шығару бойынша көптеген шетелдерді асып түсті. Ресейде 1970-1990 ж.ж. автокөліктік жолаушылар тасымалының транспорт көлемі – 1,7 есе, ал жолаушылар айналымы 2,6 есе өсті.

Елдегі автобустар өндірісі 1980 ж.(1960жылмен салыстырғанда) 3,7 есе, ал жеңіл автокөлік өндірісі 9,6 есе өсті. Бұл кезеңде

ЛиАЗ-677, ПАЗ-672, КАВЗ-685, ЛАЗ-695 және т.б. автобустары, ВАЗ-2101 жеңіл автокөліктері шығарыла бастады.

Бесінші кезең( 1990 жылдан қазіргі уақытқа дейін) елдегі жалпы экономикалық жағдаймен сипатталады. 1993 жылға қарай автобустар саны 1,7 есе нормативтен төмендеді, парк тозуы 50 % аса, 3000 жуық автобустық маршруттар тоқтатылды.

1996 жылға қарай (1990 жылмен салыстырғанда) автобустық жолаушылар тасымалының көлемі 19 %-ға, парк саны 27,8 мың бірлікке, автобустық маршруттар саны 7,2 мыңға азайды.


Дәріс 11, 12 Автокөлік компаниясы. BMW

1913 жылы Мюнхеннің солтүстік төңірегінде Карл Рапп және Густо Отто, двигательдің ішкі жануын ойлап тапқан Николаус Августа Оттаның ұлы, екі шағын авиямотор фирмасын жарыққа шығарды. Бірінші бүкіл әлемдік соғысының басталуы бірден көптеген самолеттің двигательдеріне тапсырыс береді. Рапп пен Отто бір авиямоторлық заводта бірге жұмыс істеуін шешеді. Сөйтіп Мюнхенде авияциялық двигательдер заводы ашылады, 1917 жылдын шілде айында Bayerische Moteren Werke (баварлық мотор заводы)- BMW деген атпен тіркеледі. Осы күн BMW- ның жарыққа шыққан күні деп есептеледі, ал Карла Раппа мен Густава Отто оның иелері болады.

1917 жылы ең бірінші қабылданған таным-белгіде айналып тұрған пропеллердің суреті бейнеленген. Бірақ таным белгі өте қын және өте ұсақ болды, сондықтан 1920 жылы пропеллер көп өзгерістерге ұшырады. Пропеллердің шеңберін төрт бөлікке бөлді, ақ және көгілдір кекторлар қара дөңгелектің ішінде кезектесіп орналасты.


Бірінші дүниежүзілік соғысында, Алмания жеңілген. Версаль келісімі бойынша, Алманияға әскери ұшақтарын өңдеуге тыйым салынған. БЬВ ұшақтардың пропеллерлердің өңдеуді тастап теміржолға арналған саймандарды өңдеуге бастады.

1923 жылында БМВ-ның алғашқы мотоциклі өндіріліп шығарылған.

1928 жылынан бастап, БМВ автокөліктерінде өндеуге басталды. Алғашқы моделі BIXI еді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Алмания екіге бөлінді, батыс Алманиясының экономикасы қарқындап дамуға басталды. БМВ – «алман экономикалық ғажабының» нышандарының бірі еді. 1965 жылы шығарылған седанді Алманияның канцлері Конрад Аденауер өзі қатты ұнатқан.

Алғашқы бұйымы – DIXI 1929 жылы шығарылған.

Қуат пен эстетика 5 сериалы седанда іске асырылды. Осы автокөлікті жасаудың негізі – «рульдегі рахат» BMW концепциясын терең меңгеру. Ал қуатты двигательдермен иновациялық седанның женіл салмақ жүру бөлігі демалудың жаңа бір бөлігін ашады. BMW 5 сериясының әр элементі жолдағы автокөлікке деген сенімділік.

BMW-ның 7 сериясы ең қарқынды сондай-ақ премиум классының сәнді автокөлігі. BMW –ның жаңа 7 сериясының сыртқы кескіні таңқаларлық әдемі, ол басқа көліктерден жылдам әрі жеңіл. Бұл көліктің түрі-мексіз қуат көзі. Ол сәнді әрі өзіндік стилімен ерекшеленеді. BMW –ның 7 сериясы 1990-ларда, әсіресе бұрынғы Кеңес одағының республикаларында – Ресей мен ТМД мемлекеттерінде, оның ішінде Қазақстанда да, жаңа байытып кеткен жас кәсіпкерлердің, рэкетирлердің қатты ұнататын автокөлік еді. Жұрт ішінде оны «Бумер» деп атаған.

BMW Х5 моделі бұл таулы тасты жерлерді оңайшылықпен өтетін және спортты автокөліктердің қатарына кіретін автокөлік. Бұл көлікте: қуат, жайлылық, жылдамдық, сапа және беделі жоғары автокөлік. BMW Х5 белсенді демалысқа арналған спорттық автокөлік.


Жаңа 6 сериялы BMW купесі аңызға айналған GT қатарындағы автокөліктерінің салтын жалғастырушы спорттық және жеңіл айдалатын автокөліктерінің бірі, HAMANN MOTORSPORT тюнинг ательесінің мамандары 6 серияны жетілдіріп, таң қалдыратын HAMANN 645 СІ ММ 52 спорттық купесін дүниеге әкелді.

Дәріс 13, 14 Теміржол транспортының даму тарихы


Теміржолдың шығуына арбалары адамдар мен жануарлар көмегімен қозғалатын колейные дороги негіз болды. Уақыт өте келе ағаштарды тозудан сақтау үшін оларды темір жолақтармен немесе бұрыштармен жаба бастады, ал кейінірек ол үшін металл рельстері пайдаланды.

1788 ж. инженер А.С.Ярцев Петрозаводсктегі Александровск пушка заводында Ресейдегі алғашқы шойын рельсті теміржолды салды. Жол жеке бөліктерге бөлінді. Жүктерді транспорттау орташа дөңгелектері бар вагондармен жүзеге асты, олар адам күшімен қозғалтылды.

1806-1809 ж.ж. Колывано-Вознесенс заводтарында тау инженері П.К.Фроловтың жетекшілігімен кендерді тасымалдау үшін 1867 м. Ұзындықтағы шойын рельсті аттық теміржол салынды. Бұл жолда көпір, жол құбыры, выемка, айналу бұрылысы, бункерлік жүктеу жүйесі сияты күрделі құрылыстар жүргізілді.

18 ғ шахталар мен заводтарда көптеген рельс жолдары болды, бірақ олардың өткізгіштік қабілеті аз болды, себебі негізгі қозғалыс күші жануарлар болды. Кейінірек паровоздардың алғаш жобалары мен үлгілері шықты. Дж.Стефенстің «Ракета» моделі эффективті машина болды.

Алғашқы коммерциялық теміржол (26 км) 30.10.1837 ж. Петербург пен Царское Село аралығында ашылды. Оның құрылысы 1836 ж. көктемде басталды, 1836 жылдың қыркүйегінде сынақтан өтті. Поездар паровоз көмегімен қозғалды.

Урал механигі Черепанов 1833 ж. Нижнее-Тагилдегі Демидов заводында шойын рельстерімен 200 пуд (3,3 т) 13-16 км/сағ. жылдамдықтағы паровоз құрастырды. 1835 ж. Черепановтың ұлымен құрылған екінші паровоз 16 т жүк тасыды .

Помещиктер теміржол жобаларына қарсы болды. Мәскеу мен Петербург арасындағы теміржол құрылысы 1843 жылы басталып, 1851 ж аяқталды. Жол жоғарғы техникалық параметрлерімен ерекшеленді: көпірлер, станциялар, бекеттер, деполар, ол үшін отандық паровоздар мен вагондар дайындалды.

Кейінірек бүкіл дүние жүзінде теміржол желісі қарқынды өсе бастады. 1900 жылға қарай теміржолдар барлық индустриалды және әкімшілік орталықтарды өзара байланыстырды, бірақ олар ұзаққа созылмады.

Темір жол транспортының даму тарихы

Ғасырдан астам тарихы бар қазақ темір жолында өшпес із қалдырған асыл азаматтар елімізде көптеп саналады.

Олар сол кездегі қажырлы еңбегімен өзіндік қол таңбасын темір жол саласында қалдырып қана қоймай істеген еңбектері қазіргі таңда өз жалғасын табуда.

Осындай асылдардың қатарына Джакенов Қуаныш Абылқасымұлы ағамызды да қосуға болады.

Бүгінгі таңда нарық заманына бейімделіп, құрылғанына 10 жылға таяу болған «қазкөлікқызмет» Ақ-ның ірі салмақты контейнерлер жүйесінің қалауына алғашқылардың бірі болып өз үлесін қосты.

1990 жылы «қазкөлікқызмет» Ақ-ның ірге тасы қаланғанда Қуаныш ағамызды маман, ардагер темір жолшы ретінде өзімізге шақырып, ақыл кеңесін алуға тура келді.

Қазақ темір жолының сол уақытта барлық станцияларды атап айтқанда, Алматы, Жамбыл, Шу, Ақтөбе, Көкшетау, Өскемен, Ақмола жүк қабылдап жөнелту аландарының іске қосылуында еңбегі зор.

Джекенов Қуаныш Абылқасымұлы 1928 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Ақтекер аулында темір жолшылар әулетінде дүниеге келген. 1936 Отар станциясындағы №29 темір жол мектебіне барып, 7 сыныптық білім алып, темір жолда еңбек жолын бастаған.

Темір жол саласындағы елу жылға таяу еңбек жолында сан қилы мамандықты игеріп, басшылық қызметтерде болды. Еңбек жолында поезд диспетчері, маневр диспетчері, станция қызметшісі Алматы бөлімшесінің жүк бөлігінің бастығы, станция қызметшісі, қозғалыс бөлімінің бастығы, қазақ темір жолының, жүк және коммерция қызметінің бірінші орынбасары, 1972 жылы СССР жол қатынас министрлігінің бұйрығымен Қазақстан Орталық комитетінің келісімімен жаңадан құрылған қазақ темір жолының «Дортрансконтейнер» ұйымына басшылыққа тағайындалады. Осы себепті Қуаныш ағамызды контейнерлік жүк тасымалдаудың негізін қалаушыларының алғашқы көш бастаушысы десе артық болмас еді.

1975-1976 жылдары Қарағанды Жамбыл бөлімшелерінің бастығының орынбасары қызметің атқарады.

1977 жылдан 1989 жылға дейін Батыс Қазақстан темір жолының жүк және коммерциялық контейнерлік тасымалдау қызметін, құрметті демалысқа шыққанша атқарады. Темір жолдағы ұзақ та жемісті еңбегі үшін бірнеше мемлекеттік өнерлермен марапатталды. Атап айтқанда «сталиндік үндеудің үздігі (1953 жыл Сәуір), екі рет құрмет құрмет белгісі орденімен (1966 ж, 1974 ж) Ерен еңбегі үшін ( 1970), Еңбек ардагері, құрметті темір жолшы (1978 ж), халықтар достығы орденімен (1986), қазақ темір жолына 100 ж (2004) медальімен марапатталуы Қуаныш ағайдың. темір жолдағы қажырлы еңбегінің жемісі.

Осымен бірге Қуаныш ағайдың республикалық дәрежедегі зейнеткер, Жезқазған облыстық советінің депутаты болуы (1975) айқын еңбегінің жемісі десе болады.

Осыдан 20-25 жыл бұрын контейнерлік жүк тасымалдауда жаңа бетбұрыс жасау үшін станциялардың техникалық мүмкіншіліктерін арттыру қажет еді. Осы қызметтің ортасында жүрген Қуаныш ағамыз сол кездің өзінде көрегендік танытып, қазақ темір жолының маңызды станцияларының дамуына үлес қоса білді.

Осы еңбегімен ол темір жол тарихына өшпес із қалдырды десе болады.

Темір жол саласында 40 жылдан аса контейнерлік жүк және комерциялық қызметінде ұзақ еңбек еткен, бүгінгі дербес зейнеткер Хлебунова Зинайда Михаиловна былай деп емке алады. 1972 жылы жолдық «Дортрансконтейнер» ұйымы құрылып, баршылығына Джекенов Қуаныш Абдықасымұлы тағайындалады. Ұйымның негізгі міндеті контейнерлік жүк тасымалдаудың маңызын контейнерлердің санымен, сапасын жетілдіру жүк алаңдарын техникалық соңғы үлгісімен жабдықтау еді. 1974 ж Алматы І станциясында алғашқылардың бірі болып ССР одағының қатынас жол көлемінде қалалық жүк станциясы ашылып, жүк қабылдап - жөнелтудің барлық түрлері енгізілді. Жүк көлемі 3 есе ұлғайды. Алматы І станциясының өзінде 21 жол іске қосылып, және бұрмалардың бір орталықтан басқару жүйесі іске қосылды. Өндірістік – транспорттық темір ұйымы ашылды.
Дәріс 15, 16 Су транспортының пайда болуы және дамуы

Ресейдегі мемлекеттік флотының басталуына 1694ж Архангельсктегі Петр 1 кезіндегі желкен негіз болды. 1701 ж. Мәскеуде Петр1 в Москве Петром 1.«Математикалық және навигациялық ғылымдардың алғаш мектебінің» негізі салынды. 18 ғасырдан бастап су құрылысы қарқынды дами бастады. Орыс желкенді флоты тек ішкі мақсаттарда ғана емес, сонымен қатар мұхит кеңістігіне шықты. 18 ғ 1-жартысында В. Беринг басқаруымен екі Камчатка экспедициясы жүргізілді. 18ғ екінші жартысында В.Я.Чичагов екі экспедициясын жүзеге асырды. Басқа да саяхаттар болды.

19ғ 1-жартысында зерттеушілер 39 дүниежүзілік саяхат жпсады және олардың бірі И. Ф. Крузернштерн басқаруымен «Надежда» және «Нева» шлюпкалары болды. Кейінірек екі дүниежүзілік саяхатты М.В. Головнин /1807-1813 жж және 1817-1819 жж/ жасады. Соңғы Жердің алтыншы континенті Антарктида 1820ж Ф.Ф.Белингаузен және М.П.Лазарев теңіз жүзушілерімен ашылды.

Теңіз асуда жолдарының салынуына порттардың салынуы әсер етті. Олардың ең ескісі 16ғ салынған Архангельск порты болып саналады. Кейәнәрек Балтика, Азов және Қара теңіздерде порттар пайда болды.

Бірінші пароход (Елизавета) Петербургтегі Берта(Адмиралтейский) заводында жасалынды. Оның қуаттылығы 4 л.с.болды және 3.11.1815 ж. Петербург-Кронштадт бағыты бойынша жолаушылар тасымалдай бастады. Ол 8,75 км/сағ жылдамдықты құрады.

Шетелдегі алғашқы пароход 1816ж теңізге шықты, ал 1819ж «Саванна» пароходы Америка-Европа бағытымен Атлант мұхитын кесіп өтті, оған 29,5 тәулік жұмсады.20 жылдан кейін Атлантика бойынша хабарлама ашылды.

Әскери интервенция нәтижесінде әскери флот шаруашылығы үзіліп тасталды. 60 шақты кемелер жойылып, 326 кеме шетелге ұрлап әкетілінді. 1924 ж бастап пароходтық қоғамдар ұйымдастырыла басталды, 1927 жылдан алғашқы кемелер эксплуатацияға шығарыла басталды. 1931 ж. «КИМ» теплоходы суға жіберілді, жүк көтергіштігі 7550 т 2700л.с. дизелімен.

Ертедегі тарихи дәуірлерде сумен серуендеуді іске асырған. Ол Қайырлардың білімінде өзен сарқырамаларында рульмен басқаруды мұқтаж етпейді. Ол үшін онда капитан, штурман экипаж болды.

Кішкене кемелердің иелері басым болып,ғ көпшіліктің өмірі теңіз болып «ол серуен емес, ол-спорт» деп атаған.

Кеме азаматқа көне заманнан белгілі. Ол суда немесе су астында жүзе алатын, жүк немесе жолаушылар тасуға және басқа жұмыстарға арналған су транспорты.



Алғашқы кездерде суда жүзу үшін ағаш діңдер, сонан соң, одан кейін ағаш дінінен ойылып жасалған қайықтар пайдаланылды. Бұлар ескекпен қозғалысқа келтірілді. XV ғасырдан бастап ескек орнына желкендер пайдаланыла бастады.

1782 жылы орыс өнер тапқышы И.П. Кулыбин судың қысым күшімен айналдырылатын доңғалағы бар кеме жасады. Доңғалағы бу күшімен айналатын алғашқы кеме Англияда 1802 ж, АҚШ-та 1807 ж, ал Россияда 1810 ж жасалды. 1805 ж Петербург пен Кронштадт аралығында «Елизавета» атты пароход қатынай бастады. Бұл дүние жүзіндегі тұнғыш теңіз пароходы еді. Кемелерде бу двигательдерімен қатар желкен де пайдаланылды. XVIII ғасырдан бастап бу двигательдерінің су ескіш доңғалақтары еспе винттермен алмастырылды.

XIX ғасырдың ІІ жартысынан бері кеме жасауға темір конструкциялар кеңінен пайдаланылуда. Темір корпусты алғашқы кеме 1822 ж Англияда жасалды.

1883 ж Россияда жасалған «Чесма» 1888 ж, жасалған ағылшындық «Нил», «Трафольгар» броненосецтеріне құйма болат пайдаланылды.

1894 ж Англияда бу турбиналы тәжірибелік «Турбиния» кемесі сыннан өтті. Мұндай қуатты кеме Россияда жасалды. 1903 ж Россияда дүние жүзінде тұнғыш рет өзенде жүзуге арналған дизельдік кеме «Вандал» су жолына шықты.

Словутич қаласының «Ақ қанат» атты яхта клубы 90 жылдардың басында басталды. Сол уақытта Толинский четверттонигі яхта клубында пайда болды. Ол кезден көп уақыт өтті.



Яхта 2 атын өзгертті, су қоймаларына және қара теңізге тәжірибелі матростардың басқаруымен және тәжірибелі капитандардың командаларымен өзендермен өте көп жүзді, Ал 90 жылдардың аяғында яхтода экипаж болды, яхта жөнделіп жаңа атымен, «Ақ қанат» атты яхта клубына өз орнына тұрды.

Ал 2003 жылы экипажда бірақ адам қалды, бірақ ұзақ уақытқа емес, маусым айында VLAVITA жаңа экипажымен 3 адам, Киевтік су қоймасына спорттық жарыққа шықты, және жаңадан келгендер бәрін өздері сезіп білді: тымық дымы құрылған қызу, күшті Днепр ағымдары, түнгі су қоймасының күшті желі, V түңгі аспандағы көп жұлдыздар.

Қайық – ескекпен, желкенмен немесе двигатель күшімен қозғалысқа келтірілетін суда жүзуге арналған шағын қатынас құралы. Қайық адамзатқа көне заманнан белгілі. Неолит және қала дәуірлерінде үлкен теңіздер мен мұхит жағалауларын мекендеген халықтар су жануарларының терілермен қапталған ағаш немесе сүйек қаңқалы қайықтарды пайдаланған. Қазіргі кезде қайық тек спорттық және кәсіптік мақсаттарға ғана пайдаланылады. Әскери – теңіз флотының құрамында қайықты канонерлік қайық, сүңгуір қайық деп аталатын түрлері бар.

Елде жалпы ұзындығы 2,5 млн км 100 мыңнан астам өзендер мен 2,5 мың ірі көлдер бар. 500 мың км ұзындықтағы өзендер су жолы және жүзу үшін.

Өзендер хабарламаның ең ескі жолы болып табылды және мемлекеттің дамуында маңызды роль атқарды. Теміржол пайда болғанға дейін өзендер негізгі тасымалдау жұмыстарын қамтамасыз етті. Өзендер су жолы ретінде табиғи жағдайда қолданылды. Су жолдары европалық бөліктің негізгі су жолдарында жиі ұйымдастырылды. Сібір және Орта Азия өзендері аз мөлшерде эксплуатацияланды/6%/. Өзен транспорттары үшін каналдар маңызды роль атқарды.


Дәріс 17, 18 Әуе транспортының пайда болуы мен дамуы туралы тарихи анықтама

Ұшақтардың алғашқы модельдері 19ғ 2-жартысында Ресейде өңделе бастады. 1867 ж. Н.Н.Телешов қазіргі дельта тәріздес қанаты бар ұшақтарға ұқсас «Дельта» ұшағының жобасын жасады. Ұшақтың пайда болуына Орыс теңіз флотының капитаны А.Ф.Можайский көп үлесін қосты. 1876 жылы двигатель ретінде сағаттық пружинасы бар ұшқыш аэроплан моделін құрды, 1877 ж. ол моноплан жобасын ұсынды. Ол қазіргі фюзеляж ұшақтарына ұқсас болды, қозғалыссыз қанаттар, дөңгелекті шасси және күштік құрылымы болды.

1881 ж. Можайский үш моторлы ұшақ құрастырып, бірінші сынақта ол сәтсіздікке ұшырады, осыдан кейін ұшақтарды Франция, Англия. Венгрия, АҚШ-та құрастыра бастады. 1894 ж. аэроплан жобасын К.Э.Циолковский өңдеді.

Шетелде Отто Лилиентал мен Ф.Адерден кейін, Райт ағайындылары 1903 ж. ұшақпен 59секундта 800 м ұшты.

Өнеркәсіптік ұшақ құрылысының басталуы 1908-1909 ж.ж. жатады, ол кезде орыс инженерлері отандық ұшақтарын алғашқы құрылымдарын жасады. 1913 ж. конструктор Сикорский «Большой Балтийский» ұшағын, ал кейін 4,2 т салмақты «Русский Витязь» ұшағын құрастырды. Бұл төрт моторлы ұшақ 7-адамдық және 90 км/сағ жылдамдықта болды, сол жылы «Илья Муромец» (15-16 адам, жылдамдығы – 114 км/сағ) ауырырақ ұшағы құрастырылды, алайда 1920 жылға дейін тұрақты әуе транспорты болған жоқ.

Әуе транспортының даму тарихы.




Вертолет – көтеру күшін бір не бірнеше ауа винті тудыратын, тік көтеріліп, тік қона алатын ауадан ауыр ұшу апараты, алғашқы кезде бұл апаратты «автожир», «геликоптер» деп аталады. Кейіннен ол Н.И. Комов Н.К. Скржинскийдің ұсынысы бойынша «вертолет» деп аталатын болды. Вертолеттың бірден тік көтерілуі, тік қону, бір орында қалықтап тұру, вертикаль осьпені кез келген бағытқа бұрылып ұшу мүмкіндігі бар. Көтергіш винттің реактивті моментін теңестіру тәсіліне қарай вертолет сыңар винтті, қос винтті және көп винтті болып бөлінеді. Бұлардың ішінде сыңар винтті, құйрығында да винті бар, ортақ осьті қос винтті және бойлық схемалы ветолеттер көп тараған.

Вертолет қарулы күштер құрамына кіреді. Ол тактикалық әуе десантын түсіру, әскер және жүк тасу, майдан шебінен жаралыларды және бұзылған техниканы көшіру, жаудың атыс құралдарын жою, сүңгуір қайықтарды іздеу және оларды жою, радиациялық, химиялық, инженерлік барлау жүргізу, майдан шебін бақылау, артилериянің атыс бағытын түзеу, мина тазарту, командалық байланыс орнату және әуе командалық пунк ретінде жүзбе көпір салу, су бөгеттерден өту мақсаттары үшін пайдаланылады.



Самалет. Авиация-қарулы күштердің ең мықты түрі, кеңестер одағының пайда болуының бірінші күнінен бастап әскери әуедегі күштерді дамытуға, жетілдіруге көп жұмыстар жүргізілді.


Содан бері кіші авиациялық отрядтар, жүздеген қару жарақпен қамтамасызданған ұшақтарының ескірген конструкциялары замандас ұшақтармен жабдықталған құдіретті әуедегі әскерге айналды. Бүкіл тарихта осы әскери – авиация дамуына мемлекет үлкен назар бөлді.

Истребитель – биплан №-15 конструкциясы аз уақытына арналған тамаша истребитель болған. Ол тез ұшып көтерілушілікпен биік ептілікпен ие болды.

Двигатель күшімен (бу машинасына орнатылған) ұшатын самолеттің ең алғашқы жобасын 1881 ж А.Ф. Можайский жасады. Сол кезеңге дейін жасалып, саналып жүрген аппараттардың бәрі моторсыз ұшу аппараттары болатын. Самолет ол аэроплан двигатель арқылы атмосферада ұшуға арналған ауадан ауыр ұшу аппараты. Неміс ғалымы О. Лилиенталь 1891-1896 жылдары бірнеше планер жасады. 1894 ж американ конструкторы Х.С. Максим бу машиналы самолет жасаған. 1909-1914 ж ж Ресейде алғашқы самолеттер жасалды. 1923 ж советтік дәуірдегі ең алғашқы самолет жасалып шықты. Ол А.М. Туполевтің спорттық монопланы еді.

Самолеттердің бәрінде қанат, фюзеляж, тіректер, шасси және күш қондырғысы деп аталатын ортақ агрегаттар бар.

Ұшарда және қонарда жол талғамайтын самолеттің түрі амфибия деп аталады. Арналу мақсатына сәйкес самолеттер азаматтық және әскери самолеттерге бөлінеді. Азаматтық самолеттерге:

1. транспорттық, мысалы жолаушылар таситын, жүк таситын;

2. спорттық ;

3. туристік;

жұмысшыларына арналған арнайы мақсаттық самолеттер жатқызылады.

Ал әскери самолеттер: истребитель – бомбылаушы, бомбалаушы, барлау, транспорттық, байланыстық және санитарлық самолеттерге бөлінеді. Самолеттердің ұшу жылдамдығының артуы оның ұшу – қону жолын ұзартады.



Ракета – өз массасын біртіндеп бөліп шығару нәтижесінде пайда болатын реактивті күш әсерінен қозғалатын ұшу аппараты. Жалпы жағдайда ракетаның құрамында ракеталық двигатель, бастапқы энергия көзі жұмыстық дене және пайдалы жүк тараптары болады. Ракетаның ұшуына ешқандай сыртқы ортаның әсері болмайды.

Сондықтан ауасыз кеңістікке, яғни космосқа ұшуға арналған бірден-бір аппарат – осы ракета. Ракетаның энергетикалық және пайдаланылу сипаттамалары ондағы ракеталық двигательдің түріне және отынның қасиеттеріне тәуелді. Осы заманғы ракеталардың барлығына химиялық отындармен жұмыс істейтін двигательдер орнатылған. Ракеталық двигательдің тарту күші мен реактивті солодан сыртқа шапшаң шығу жылдамдығының маңызы үлкен. Ракета әскери іске, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, космостық апараттарды ұшыруда пайдаланылады. Ракетаның басқарылмалы және басқарылмай ұшатын түрлері бар. Жасалу ерекшеліктеріне орай ракета бір сатылы және құрама ракета деген түрлерге бөлінеді. Бір сатылы ракетаның пайдалы жүк орнатқан бөлігі тұмсық, ол басқару жүйелері орналасқан бөлігі приборлық бөлік деп аталады. Ракетада бұлардан басқа отын және двигатель орналасқан бөліктер де болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет