ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешені



бет1/4
Дата17.06.2016
өлшемі335.5 Kb.
#143365
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Құжат СМК 3 деңгей

ПОӘК

ПОӘК


042-18.1.32/02-2013

ПОӘК

«Музыка өнері теориясы мен әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік құралы


28.08.2013 ж.

редакция № 1


«Музыка өнері теориясы мен әдістемесі»

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы үшін


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

2013 жыл





042-18.1.32/02-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

39-шы беттің 2-ші беті

Мазмұны:





1

1 Глоссарий













2

2 Тәжірибиелік сабақтар













3

3 Студенттің өздік жұмысы














































































042-18.1.32/02-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

39-шы беттің 3-ші беті


1 ГЛОССАРИЙ


  • Музыкалық білім беру тарихы – музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің мәселелерін тарихи аспектіде қарастырытын пән.

  • Музыкалық тәрбие – ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірбиені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру.

  • Музыкалық білім – музыка өнерін танып-білудің негізін музыкалдық білімнің келесі екі негізі құрайды: музыка өнері жөніндегі біртұтас ұғымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін білімдер; нақты музыкалық шығармаларды қабылдауға көмектесетін білімдер.

  • Музыканы оқыту – екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгерту бағытталған оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара әрекеттестігі. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар құрайды.

  • Музыкалық іскерлік – меңгерілген білім мен өмір тәжірбиесі негізінде музыка саласындағы теориялық және практикалық әрекеттерді саналы түрде нақты, дәлме-дәл орындауға даяр болу. Музыуканы оқытуда жалпы іскерліктер музыкалық шығарманы эстетикалық тұрғыдан қабылдауға байланысты анықталды.

  • Музыкалық білім беру – музыкалық тәрбие, оқыту, даму ұғымдарының бірілігінде қарастырылады. Музыкалық білілімділік мазмұнын қрай келе кәсіби сферада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық, музыканы зерттеу және т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бетімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.

  • Музыканы оқыту әдістемесі – болашақ музыка пәні мұғалімінің музыалық білім беру процестерінің әдістерін, құралдарын және ұйымдастыру формаларын зерттеуге, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге үйрететін пән.

  • Музыканы оқыту теориясы – музыкалық білім беру педагогикасының заңдылықтары мен негізгі қағидаларын зерттейтін пән.

  • Музыкант-педагогтың мәдениеті – түрлі педагогикалық көзқарастарды салыстыра білу, пайымдау және өзінің қорытқан пікірін қорғау, оны ғылыми негіздей алу қабілеті.

  • Абстракциялау (дерексіздендіру) – Оның екі түрі бар: Талдап қорыту – көптеген біріңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, ұқсас белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетін бөліп алу процесі.

042-18.1.32/02-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

39-шы беттің 4-ші беті




  • Саралап оқыту – студенттердің топпен, ұжыммен бірлесе отырып, өз беттерінше іздену, талпыну.

  • Шаталовтың тірек сызбалары - көрнекілік арқылы оқушылардың көзбен көріп, қолмен ұстау технологиясы.

  • Музыкалық іскерлік – меңгерілетін білім мен өмір тәжірбиесі негізінде музыка саласындағы теориялық және практикалық әрекеттерді саналы түрде нақты, дәлме-дәл орындауға даяр болу.

  • Музыкалық дағдылар – музыкалық іс-әрекетпен тікелей байланыстағы музыканы орындау тәсілдерінің жиынтығы.

  • Анкета – бұл арнайы сұрыпталған танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының логикалық құрылымы.

  • Реферат – жазбаша түрде немесе көпшілік назарына ұсынылатын, талқыналатын ғылыми жұмыс.

  • Шоқан Уалиханов (1835-1865 ж.ж.) – қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен тәлімдік мәнін тұңғыш зерттеп, ғылыми еңбек жазған, қазақ мәдениетін орыс, Батыс ғалымдарына танытуда ерекше еңбек еткен ғалым.

  • Ансамбль – француз тілінде бірлесу, ұласу деген мағынаны береді. Музыкада екі немесе одан да көп музыанттардың (әншілер немесе музыка аспаптарында орындаушылардың) музыкалық шығарманы қосылып орындауын және сол музыканың бірдей ұласып, әдемі, мәнерлі болып шығуын ансамбль деп атайды.

  • Музыканы немесе әнді екі әнші қосылып орындаса дуэт дейді. Үш кісі айтса – трио, төрт кісі орындаса – квартет, бес кісі айтса – квинтет, алты кісі орындаса – секстет, жеті кісі қосылса – септет, сегіз кісі қосылса – октет дейді. Операда, ораторияда, кантатада бас кейіпкерлер қосылып дуэт, трио, квартет, квинтетпен айтатын жағдайлар өте жиі ұшырайды. Ансамбльге хор мен оркестр де кіреді.

  • Ария – итальян тілінде ән деген сөз. Ария – опералық музыкада әрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесіне байланысты айтылытын әуен. Орыстың классикалық опера музыкасында шығараның идеясын ашып, бас кейіпкерлердің бейнесін беретін тамаша ариялар бар. Мәселен, М. Глинканың «Иван Сусанин» операсынан Сусаниннің ариясы, П. И. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариялары; ал қазақ операларына келетін болсақ, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсынан Абайдың арияларын айтуға болады. Ария тек қана операда емес, оратория мен кантатада да кездеседі. Ал кейде, ария жеке адамның айтуы, аспапта орындау үшін де жазылады.

  • Аспаптық музыка – жеке аспаптар – фортепиано, скрипка, виолончель, кларнет, домбыра, қобыз, гармонь, мандолинаға арналып жазылған концерт,

    042-18.1.32/02-2013

    ОӘКП


    28.08.2013 ж. №1 ред.

    39-шы беттің 5-ші беті

  • вариация, фантазия, этюд, полонез, күй немесе вальс, полька, мазурка сияқты би музыкасы.

  • Балет - көркемөнер жанрларының бір түрі. Балеттің идеялық және эмоциялық мазмұны бидің түрлі пластикалық қимылдары мен оркестрге арналған музыка арқылы ашылады.

  • Би - өнердің бір түрі. Би әр халықта бар. Биді сүйемелдейтін музыка болады. Оны би музыкасы дейді. Би музыкасының әуені мен ырғағы биге лайық болады. Би концерттерде, мерекелерде, жиын- тойларда, сауық кештерінде биленеді.

  • Вальс - Бидің аты. Батыс Еуропа музыкадағы романтизм ағымымен байланысты XIX ғасырда туған жанр. Жұптасып қалықтап немесе үдемелі айналуында өтетін би.

  • Вариация - латын тілінің «variatio» (құбылту, өзгерту, түрлендіру) сөзінен шыққан. Вариацияда алынған негізгі әуен сақталады да, оның өлшемі, ырғағы, екпіні немесе тональдігі өзгеріп, үнемі құбылып отырады. Мысалы: Н. Меңдіғалиевтің фортепианоға арналған «Елім-ай» әнінің тақырыбына жазған вариациясы мен Ғ. Жұбанованың скрипкамен ойнауға арналған «Қор болды жаным» вариацияларын атап айтуға болады.

  • Вокальдық музыка – музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығарма. Вокальдық музыкаға халық әндері, жырлары, әлем классиктері мен қазақ композиторларының ән-хорлары жатады. Вокальдық музыка, негізінде, халық арасынан шыққан. Бұған Біржан сал, Мұхит , Абай, Ақан сері, Жаяу Мұсаның әндері мысал бола алады.

  • Гимн - әнұран, салтанатты ән. Жеке немесе көп дауысты хормен айтылады. Әр елдің өз гимні бар. Гимн елдің музыкалық символы, эмблемасы ретінде қолданылады. Онда елін, жерін, халқын мақтан етеді.

  • Кантата - әдетте көп бөлімді болып келетін, жалғыз орындаушы мен/немесе хор және оркестр сүйемелімен орындалатын шығарма, вокалды музыка негізгі жанрларының бірі. Ораторияға қарағанда көлемі ықшамдау болады.

  • Камералық музыка – кішкене вокальдық немесе бірнеше музыкалық аспаптар ансамбльдері мен жеке аспаптарға немесе дауысқа арналып жазылған музыкалық шығармалар. Камералық музыкаға асапатық дуэт, трио, квартет, квинтет, сексетет, септет, октеттер жатады.

  • Капелла – ешбір музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылытын көп дауысьы хор.

  • Композитор - өз жанынан музыкалық шығарма (опера, балет, ән, күй, т.б.) шығаратын адам.

  • Концерт - 1. алдын-ала жасалған программа бойынша музыкалық, әдеби, хореографиялық және сахналық шығармаларды көпшілік алдында орындау. 2. жеке музыкалық аспап пен оркестр үшін жазылған музыкалық шығарма.

    042-18.1.32/02-2013

    ОӘКП


    28.08.2013 ж. №1 ред.

    39-шы беттің 6-ші беті

  • Күй - қазақ халқының ертеден келе жатқан аспаптық музыкасы. Халық күйші - композиторлары Қорқыт, Құрманғазы, Дина артында көптеген

күйлер қалдырды.



  • Күйді тындағанда оның нәзік дыбыстарына, әуеніне жете көңіл бөлу керек.

  • Марш - мереке шерулері мен мемлекеттік қонақтарын салтанатты түрде қарсы алған кезде, жорықтарда, солдаттар сап түзегенде ойналады. Елдік, ерлік рухтағы ерекше күш- жігермен орындалатын шығарма.

  • Нота - музыка дыбыстарын қағаз бетіне жазатын белгіні атайды. Ән нота арқылы жазылады. Әннің сөзін буынға бөліп, ноталардың астына жазады.

  • Опера - сөз, сахналық көрініс пен музыка синтезіне негізделетін музыкалық-драмалық шығарма, музыкалық-театралды өнердің түрі. 16-17 ғасырлар шеңінде Италияда пайда болған. Түрлері: опера-балет, опера –буффа, опера-водевиль, опера-комик, опера-семисериа, опера-сериа.

  • Оратория - драмалық мазмұны бар және концерттік оррындалуға арналған, жеке әнші, хор, симфониялық оркестр орындаған бірнеше бөлімді, ауқымды музыкалық шығарма. Итальян тілінде «айтамын» деген мағынаны білдіреді.

  • Речитатив – операда, ораторияда және кантатада болайын деп жатқан не болатын оқиғаны сөзбен баяндауды, тақпақтатып айту. Операда речитатив тек тақпақтап айтыла бермейді, кейде ол ойналып жатқан музыкамен жарыса, астарласып, сәл әндетіліп те айтылады. Бірақ речитативтің ән сияқты ойда сақталатын, нақты әуені болмайды.

  • Романс - аспаппен (көбінесе фортепиано) сүйемелденетін дауысқа арналған камералық шығарма. Романс текстері әртүрлі - лирика, сатира, т.б. Әнге қарағанда музыкалық құрылымы өте күрделі. Романстың жанрлық түрлері: баллада, элегия, баркарола.

  • Симфониялық музыка – симфониялық оркестрмен орындау үшін жазылған музыкалық шығарма. Симфониялық оркестрге он бестен астам түрлі музыкалық аспаптар қатысады. Бұл аспаптардың әрқайсысының дыбыс бояуы әр түрлі. Сондықтан суретші суретке әр түрлі бояуды пайдаланған сияқты композитор да симфониялық шығармада бұл аспатардың дауыстарын, оның дыбыс бояуын кеңінен пайдаланады.

  • Симфониялық музыкаға симфония, симфониялық поэма, сюита, фантазия, увертюра жатады. Симфониялық оркестр үшін жазылған музыкада түсіндіріп тұратын сөздер болмаса да, белгілі бір сюжетке – тарихи уақиғаға арналыр жазылады. Сондықтан мұндай шығармаларды программалық музыка дейді. М.Глинканың «Камаринская», Н.Римский-Корсаковтың «Шахерезада» симфониялары осындай шығармалар.

  • Симфониялық поэма – оркестр үшін музыкалық поэтикалық шығарма. Симфониялық поэма көбінесе үш бөлімнен, кейде бір бөлімнен тұрады.

    042-18.1.32/02-2013

    ОӘКП


    28.08.2013 ж. №1 ред.

    39-шы беттің 7-ші беті

  • Бұған П.Чайковскийдің «Ромео мен Джульетта» сифониялық поэмасы мысал бола алады.

  • Увертюра – бастау деген ұғымды білдіреді. Увертюра – симфониялық оркестрмен орындауға арналған музыкалық шығарма. Көлемді музыкалы драмалық шығармалар – опера, оратория немесе драмалық пьеса басталардың алдында алдында орындалады.

  • Операның кіріспесі ретінде орындалатын увертюра сол музыкалық шығарманың қысқыша мазмұнын баяндайды, операдаға болатын оқиғаны қысқыша түсіндіріп береді.

  • Он жетінші – он сегізінші ғасырларда алғашқы увертюраны жазған батыс композиторлары Монтеверди, Люлли, Глюк болды. Бұл жанрды кейін Моцарт, Бетховен, Глинка, Чайковский, Римский-Корсаков классикалық увертюраға дейін жеткізіп, дамыта түсті.

  • Хор – 20-25 немесе одан да көп адамның қосылып ән айтуын немесе хормен орындалу үшін жазылған музыкалық шығарманы хор дейді. Хор бірыңғай балалардан, әйелдерден, кейде бәрі араласып та құрылады. әнді хордағы барлық әншілер қосылып бірыңғай дауыспен айтса, оны бір дауысты хор дейді.

  • Балалар хоры екі дауысты болып бөлінсе, оның бірінші дауыс тобын сопрано, екіншісін альт дейді. Үлкендер хоры екі дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын сопрно, екінші дауыс тобын альт дейді. Үш дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын сопрано, екіншісін альт, үшіншісін тенор дейді. Төрт дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын – сопрано, екіншісін альт, үшіншісін тенор, төртіншісін бас дейді. Хор операда, ораторияда, кантатада үлкен орын алады.

  • Шежіре - қазақ халқының өткені туралы тарихи жазба, эпос, аңыз-әпсана және музыкалық шығармаларда сақталған мәліметгер.

  • Фортепиано (рояль және пианино) - Рояль және пианино клавишалық музыка аспатарына жатады. «Клавиша» деп рояль немесе пианиноның саусақтармен басып ойнайтын тілдерін айтамыз.

  • Фортепиано алғаш рет Италиядағы Флоренция қаласында 1711 жылы шыққан. Әуелі клавикорд деген музыка аспабы шыққан. Бұл да клавишалы музыкалық аспап, бірақ дыбысы өте нәзік. Клавикордты үйде ғана ойнауға қолданған. Мұнан басқа клавицимбал деген музыкалық аспап бар. Клавицимбалдың дыбысы қатты да жағымсыздау болған. Бұл музыкалық аспаптар жетілдіріліп, рояль мен фортепиано болып аталып екі аспап болып тарала бастайды.

  • Скрипка-Ерте заманда Италияда виола деген музыка аспабы пайда болған. Бұл виоланың жетілдірілген түрінен скрипка шығады. Скрипканың қазіргі түрі алғаш 16 ғасырдың орта кезінде Италияның Бреша және Кремона қалаларында жасалып шығады. Скрипканы ысқышпен (смычок) тартып ойнайды. Сондықтан оны ысқышты музыка аспабы дейдй. Ысқышты

    042-18.1.32/02-2013

    ОӘКП


    28.08.2013 ж. №1 ред.

    39-шы беттің 8-ші беті

  • музыкалық аспаптарға скрипкадан басқа альт, виолончель және контрабас жатады. Скрипка жасауда Кремона мектебінің негізін салушы Андреа Амати және Антонио Страдивариус көп еңбек сіңірген.

  • Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.) – қазақтың педагог-ағартушысы, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ғылыми түрде зерттеп, мән-мағынасын ашқан.

  • Абай Құнанбаев (1845-1904 ж.ж.) – қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ғұлама ақын, ағартушы-педагог, композитор, өнерді аса жоғары бағалап, ерекше құдірет тұтқан адам.

  • Ахмет Жұбанов (1906-1968 ж.ж.) – қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі сазгер, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнетану ғылымының докторы (1943), профессор (1948).

  • Мұқан Төлебаев (1913-1960 ж.ж.) - қазақтың аса көрнекті сазгері, қоғам қайраткері, ҚСРО халық артисі (1959), КСРО Мемелкеттік сыйлығының лауреаты (1949), Қазақстан Республикасы әнұраны авторларының бірі.

  • Шәмші Қалдаяқов (1930-1992 ж.ж.) – аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі.

  • Әміре Қашаубаев (1888-1934 ж.ж.) – қазақтың атақты әншісі, өмірінің соңына дейін театрда әнші-артист болған.

  • Жұмат Шанин (1892-1938 ж.ж.) – режиссер, драматург, актер, ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам және театр қайраткері, Қазақ ССР халық артисі (1931).

  • Қалибек Қуанышбаев (1893-1968 ж.ж.) – сахна өнерінің саңлағы, Кеңес Одағының халық артисі, қазақ жас кино өнерінің өсуіне үлес қосты.

  • Елубай Өмірзақов (1899-1974 ж.ж.) – қазақ кеңес актері, домбырашы-әнші, киноактер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР халық артисі.

  • Манарбек Ержанов (1901-1966 ж.ж.) – қазақ кеңес әншісі (тенор), актер, мелодист-сазгер. Қазақ ССР халық артисі. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрын ұйымдастырыушылардың бірі.

  • Жүсіпбеков Елебеков (1904-1977 ж.ж.) – қазақ кеңес әнші-артисі (тенор), қазақ ССР Халық артисі, Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне (1936- 1949, 1958), сондай-ақ концерттік сапармен қытай халық республикасында (1950, 1955), Монғол Халық республикасында (1960), Үндістанда (1967) болды. 1967 жылдан бері қазақ эстрада студиясында (Алматы) педагог.

  • Құрманбек Жандарбеков (1905-1973 ж.ж.) – қазақтың тұңғыш ұлттық музыка театрының (1934 ж.., қазіргі Қазақтың Абай атындағы опера және балет театры) ірге тасын қалаушылардың бірі.




042-18.1.32/02-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

39-шы беттің 9-ші беті

  • Күләш Байсейітова (1912-1957 ж.ж.) – қазақтың әйгілі (лирикалық-коларатуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері.

  • Шара Жиенқұлова (1912-1991 ж.ж.) – биші, педагог, Қазақстанның Халық артисі, сахналық образдардың ішкі жан сұлулығын бидегі пластикалық шешіммен шебер шеңдестіре білді.

  • Шәкен Айманов (1914-1970 ж.ж.) – қазақтың әйгілі актері, режиссері, Қазақстанның Халық артисі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ драматургиясында да, қазақ киноөнерінде де қайталанбас дара жолы бар тума талант.



042-18.1.32/02-2013

ОӘКП


28.08.2013 ж. №1 ред.

39-шы беттің 10-ші беті


2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Тақырыбы 1. Музыканы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттерінің ұстанымдары

Мақсаты: Қазақтың ұлттық музыка өнері сонау ұлттық ауыз әдебиетінен басталған фольклорлық-этнографиялық өнерден бастау алып қанатын кеңге жайған, құлашын шыңға шарықтатқан өнер.Қазақ халқының ұлттық музыкасының өзіндік дәстүрлі, салттық қасиеттері жеткілікті

Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

1.Музыка пәнінің алатын орны

2.Музыканың басқа пәндермен байланысы

3.Көркемдік-шығармашылық қабілеттері



Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Музыка пәнінің алатын орны

  2. Музыканың басқа пәндермен байланысы

  3. Көркемдік-шығармашылық қабілеттері

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Феферкори Р.Я. Музыкальное развитие детей на занятиях.- В кн.: Эстетическое воспитание в детском саду. «Педагогические чтения». М., «Просвещение»,1964,с.29-33

  2. Щенникова В.Н. роль пособий и музыкально – дидактических игр в развитии творческой активности детей.- В. Кн.:Художественное творчество в детском саду. М.,»Просвещение»,1974,с.33-39


Тақырыбы 2 . Музыка өнері түрі және тәрбиелеу пәні ретінде

Мақсаты: Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие құралы емес, оның өзге де сипаттары бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Сондықтан да жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек.

Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

1. Музыка өнері және ерекшеліктері

2. Балалардың музыкалық және эмоциональды дамуының өзара байланысы

3. Бастауыш мектеп балаларға музыкалық тәрбие берудің міндеттері мен негізгі мазмұны




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет