Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. хандардың саяси құрылымы
2. әлеуметтік қоғамның дамуы
14 –тақырып. Қазақстандағы XX ғасырдағы әкімшілік құрылымдық қалыптасуы
1. XX ғасырдағы қазақстанның әлеуметттік құқықтық дамуы
2.қазақ қоғамының саяси интеллегиясы
3.қазақстан ның бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы жылдары
Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси – құқықтық мәселелері. Кіші жүздің ханы Әбілхайыр 1726ж. Ордабасыдағы бүкілқазақтық жиында қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып сайланды. Әбілхайыр хан Ресейге арқа сүйеп өз позициясын нығайтпақ болып Ресей патшасы Анна Иоановнаға жасырын хат жазды. Әбілхайырдың бұл әркетіне жоңғарлардың үздіксіз шабуылы да түрткі болды.
1731ж. 19 ақпанда патша Анна Иоановна Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіргені туралы грамотаға қол қойды. Содан кейін қазақ даласына А.И. Тевкелев бастаған патшаның елшілігі шығып 1732ж. 10 қазанда Әбілхайыр хан және 27 сұлтан, батырлар Кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы заңды актіге қол қойып, ант берді. Осы жылы 21 қарашада тағы да 30 рубасы ант берді.
Қосылудың алғашқы жылдарында Кіші жүз бен Орта жүз Ресеймен протекторлық қарым- қатынаста болды. Бұл қарым –қатынас бойынша Қазақстан сыртқы саясаттан өзге мәселеде егемендігін сақтауы тиіс еді. Ресейдің қол астына кіруі протекторлық қатынастардың шегінен асып, Ресей тарапынан таза отаршылдық сипат алды.
“Игельстром” реформасы деген атпен енген Орынбор генерал – губернаторы Игельстромның әрекеті Сырым Датұлы бастаған көтерілісті өз мақсаты тұрғысында пайдалану еді. Реформа бойынша билік рубасынан старшындарға өтті. Бірақ расправолар да шекаралық сот та қалыпты жұмыс істей алмады. Оған себеп ықпалы мықты сұлтандық топтың әсері болды.
Сөйтіп, Екатерина ІІ патша қайта хан сайлауға келісім берді. Патша өкіметінің Кіші жүзде хандық билікті жою туралы алғашқы қадамы жүзеге аспады.
Ол Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болған соң 1771ж. Абылай хан (1711-1781) болып сайланды. ХУШғ. 50ж. Абылайдың басшылығымен қазақ жерлері жоңғарлардан түгелдей азат етілді. Абылайдың әскерлері Қазақстанға басып кірген қытай басқыншыларының бетін қайтарды. Абылайдың басшылығымен Оңтүстік қазақстан жерлері Қоқан басқыншыларынан азат етілді.
Абылай орталық хан билігін күшейтті. Рубасы сұлтандар мен билердің билігіне шек қойып, өзіне бағындырды. Бағынбаған сұлтандарды, билерді, старшындарды Абылайдың төлеңгіттері талқандап отырды. 1781ж.
Өзінің билігін нығайту үшін Абылай хандықты ұлыстарға бөліп, ұлыстардың басына өз ұлдарын тағайындады. Абылай өз билігінде батырларға, ел ішіндегі беделді билер мен жырауларға арқа сүйеді. Төле би мен Қазыбек би Абылайға елдің бірлігін сақтауда көп жәрдемдесті.
3) Кіші жүздегі ХУШғ. Соңындағы шаруашылық-саяси дағдарысқа, жайылым мәселелерінің күрделеніп кетуіне байланысты қазақтардың көптеген топтары Орал мен Жайық аралығының төменгі бойына көшіп барып 1801ж. Бөкей хандығын құрды. Оған император Павел І келісім берді. 1812ж. Бөкей сұлтан орданың ханы болды. Ол қайтыс болған соң (1815) уақытша регент Шығай болып, 1823ж. патша Жәңгірді хан етіп бекітті және ол соңғы хан болды.
Бөкей хандығы патша өкіметінің әкімшілік бірлігі болып саналды. Хан ішкі мәселелерді Орынбор әкімшілігімен келісіп шешті. Ханның біршама ішкі дербестігі болды. Ол дербестік қаржы- салық, жер бөлу, рулық- территоиялық басқару, халықты шаруашылық жағынан орналастыру түрінде жүзеге асты.
Ордадағы билік негізінен ханның қолында шоғырланды. Ханның жанында 12 биден тұратын хан кеңесі құрылды. Ханның арнаулы тапсырмаларын орындайтын 12 жасауылы болды. Жергілікті басшылық рубасы старшындар қолына өтті. Оларды хан және Орынбор әкімшілігі тағайындады.
Сот билігі ханның, жергілікті билердің, хан депутаттарының қолына шоғырланды.
Патша өкіметі Қазақстанды отарлауды тереңдете түсті. Үкімет алдымен Орта жүздегі хандық билікті жоюды көздеді. Орта жүзде Бөкей (1817) және Уәли хандар (1819) қайтыс болған соң жаңа хан сайлауға Патша өкіметі тұрығысынан жол берілмеді. Батыс Сібір губернаторы М.М. Сперанский “Сібір қырғыздары туралы Устав” атты құжат жасады. Осы Устав негізінде Орта жүзде хандық билік жойылды. Бұрын рулық билік бойынша бөлінетін территория әкімшілік-территориялық принциппен округтерге бөлінді. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Әр округте 15-20 болыстар, әр болыста 10-12 ауылдар, әр ауылда 50-70 үйлер болды. Округті аға сұлтан басқарды. Аға сұлтан сайланбалы қызмет болды. Оны 3 жылға тек сұлтандар сайлады. Ол патша өкіметінің шенеунігі болып саналды. Ауылдық старшындар қазақтар арасынан үш жылға сайланды.
“Устав” бойынша қазақтардың сот ісіне, әдет-ғұрып құқығына өзгерістер енді. Билер сотының, адаттың билігі шектелді. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. 1822ж. “Устав” отаршылдықты тереңдетіп, Орта жүзді одан әрі игеруге бағытталды. Хандық өкімет жойылды. Оның орнына территориялық принципке негізделген округтік, болыстық, ауылдық басқару енді.
Орта жүзден соң патша үкіметі іле –шала кіші жүзде хандық билікті жоюға кірісті. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен “Орынбор қырғыздары туралы Уставын” жасады. Ол 1824ж. азиялық комитетте бекітілді. Кіші жүзде хан билігі жойылды. Кіші жүз үш бөлікке бөлінді: Шығыс, Орта және Батыс. Әр бөлікті сұлтандар басқарды және олар патша өкіметінің шенеунігі болды. Билеуші-сұлтандардың 100-200 адамнан тұратын әскері болды.
1822-1824жж. “Уставтар” бойынша Орта және кіші жүзде хандық жойылып, басқару мен сот жүйесінің жаңа түрлері енді. Рулық құрылым орнына территориялық құрылым енді. Біртіндеп аға-сұлтандар мен болыстық сұлтандардың орнына қатардағы қазақтар сайлана бастады.
Реформа бойынша байлар мен билердің рөлі арта түсті. Төлеңгіттер мен батырлардың саны азайып, олардың әлеуметтік рөлі төмендеуге бағыт алды.
Патша өкіметінің қазақ жеріне тереңдеп еніп ондаған әскери бекіністер салуы, Орта және Кіші жүзде хандық билікті жойып, жаңа басқару жүйесін ендіруі, орыс әскерлерінің озбырлықтары қазақ халқының отарлыққа қарсы күреске шығуына себеп болды. Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-47жж. көтеріліс болды. Көтеріліске шыққан халық Кенесарыны 1841ж. хан көтерді. Мемлекет басшылығы Кенесары ханның қолына жинақталды. Батырлар, билер және ханның туыстары кірген кеңесші орган-хан кеңесі жұмыс істеді.
Хандық ішінде темірдей тәртіп орнатылды. Салық төлемейтіндер мен тәртіп бұзушылар қатаң жазаға тартылды.
Сот реформасын жасауда Кенесары бұрынғы қазақ хандарының үлгісіне сүйенді, қазақтың әдет – ғұрып құқығын одан әрі дамытты. Кенесары ру билерін жойды. Сот билігін өзі тағайындаған билер мен жасауылдарға берді.
Салық жүйесінде жеке феодалдар жинайтын алымдарға тиым салынып, жалпыхандық салықтар өндірілді. Малдан зекет, астықтан ұшыр жиналды.Сонымен қатар, әр ауылдан бөлек салық алынды. Салық негізінен соғыстың қажеттіліктеріне жұмсалды.
Кенесарының хандығы қазақтардың уақытша тәуелсіздігін қалпына келтірген соңғы тәуелсіз мемлекет болды.
-
Қазақстанның отар ретіндегі құыққтық жағдайы
-
1867-1868 және 1886-1891 жылдардағы реформалар
ХІХғ. 60 жылдары Қазақстанның Ресейге қосыла бастағанына бір жарым ғасыр болған еді. Ресей империясы Қазақстанды ресми түрде отар деп есептеді.
1867-1868жж. Реформалардан соң қазақ өкілдері губернаторлық, облыстық, уездік дәрежеде басшылық түгілі, қатардағы шенеуніктікке де жібермеді. Қазақтың жеткен билігі болыстық болды. Олар болыстыққа жету үшін қазақтар орыс өкілдеріне әбден жем болатын.
2) 1867ж. 11 шілдеде “Жетісу және сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже”, 1868ж. 21 қазанда “Орынбор және батыс сібір генерал- губернаторларының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже” бекітілді.
Қазақстан территориясы Орынбор, Батыс –Сібір, Түркістан атты үш генерал- губернаторлықтың құрамына кірді. Оларды патша өкіметі тағайындаған генерал – губернаторлар басқарды. Оларда екі облыстан барлығы алты облыс болды. Облысты әскери губернатор басқарды. Олардың қолында әскери және азаматтық билік толығымен шоғырланды.
Әскери губернаторға бағынышты облыстық басқарманың қолында да билік болды. Өкімші бөлім облыстық әкімшіліктің шекарасын бөлумен, үкіметтің облысқа қатысты өкімдері мен заңдарының орындалуын, лауазымды адамдарды әкімшілік жазаға тартумен немесе оларды қылмысы және тәртіп бұзғаны үшін сотқа берумен және т.б. айналысты. Шаруашылық бөлімі тұрғындар арасында жер бөлу, қазақтардан алым-салық жинау істерін қадағалады. Сот бөлімі облыстық басқарманың сот палатасы ретіндегі азаматтық және қылмыстық істерді тыңдауын дайындады.
Облыстар уезддерге бөлінді және оны әскери губернатордың ұсынуымен генерал – губернатор тағайындаған уезд бастығы басқарды. Уезд бастығы әскери, полициялық, азаматтық билікті қолына шоғырландырды. Уезд бастыңы әскери адам болды. Реформа бойынша басқарудың төменгі жүйесі болыстық және ауылдық жүйе болды. Болысты болыс, ауылды старшын басқарды.
1886ж. 02 маусымда “Түркістан өлкесін басқару туралы ереже”, 1891ж. 25 наурызда “Ақмола, Семей, Жетісу және Орал облыстарын басқару туралы ереже” қабылданды. Батыс –Сібір генерал – губернаторлығы Дала генерал- губернаторлығына деп өзгеріп оған Сырдария облысынан басқа бес облыс түгелдей кірді. Сырдария облысы Түркістан генерал – губернаторлығына қарады. Жетісу облысы 1897ж. қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының құрамына кірді. Қазақстандағы отаршылдық әкімшілік органдары мен “қазақтардың өзін-өзі басқару” деп аталатын болыстық-старшындық жүйе 1917ж. дейін өмір сүрді. Бұл жүйенің мақсаты жергілікті халықты күшпен басқарып, кез келген өкіметке қарсы қозғалысты басып жаншу еді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Қазақстандағы Қазан төңкерісінің жеңісі және Кеңес үкіметінің орнауы.
2.Қазақстанның автономиялық және одақтас республика ретіндегі әкімшілік-саяси және құқықтық жағдайы
3.1950-1990 жылдардағы Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық даму
15-тақырып. Тәуелсіз Қазақстан.
-
Егеменді Қазақстан
-
Кеңестік дәуірдің құлдырауы
Қайта құрудың соңына қарай Кеңес Одағының орталық органдарының билігі әлсіреп, керісінше одақтас республикалардың құқықтары күшейе түсті. Алдымен РФ, Украина КСР өздерінің егемендіктерін жариялады. Одақты реформалауға бағытталған жаңа Одақтық шарттың жобасы жасалып жатты. Осындай жағдайда 1990ж. 25 қазанда республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі туралы декларация қабылдады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, ұлттардың өзін - өзі еркін билеу құқығын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, демократиялық, құқықтық мемлекет құруды негізге алып, ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігін жариялады және осы Декларацияны қабылдады. Декларация 17 баптан тұрды. Онда алған рет ҚазКСР ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданды деп жазылды. Бұрын бұл қызметтер Одақтық органдарға тиесілі еді. Алғаш рет ҚазКСР территориясында, оның өз еркімен одаққа берген мәселелерін қоспағанда , ҚазКСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі орнатылады деп жазылды. Бұл егемендіктің өзекті қағидаларының бірі еді. Осыған орай ҚАзКСР өз егемендігіне қайшы келетін одақ заңдарын тоқтата алды. ҚазКСР халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде БҰҰ мүше болуға құқылы болды. Егемендік Декларациясын қабылдау шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болып, тәуенлсіздікке жету жолындағы соңғы саты болып табылды. Сондықтан да кейінірек егемендік Декларациясын қабылдаған 25 қазан Республика күні мерекесі болып бекітілді. 1991ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР –інің атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.Қазақ халқының ғасырлар бойы тынымсыз тәуелсіздік жолындағы жүргізген күресі жүзеге асты. Осы 1991ж. 16 желтоқсанда “қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заңы қабылданып, онда ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды. Осылай Қазақстан Республикасының тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданып, оны қорғау мен дамытудың да негіздері қаланды.
Ұзамай 1992ж. 3 наурызда Қазақстан БҰҰ, онан кейін т.б. халықаралық ұйымдарға мүше болды. Қазақстанның тәуелсіздігін шет елдер таныды, олардың елімізде дипломатиялық миссиялары ашылды. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туы және елтаңбасы (1992ж. 04 маусым), әнұраны (1992ж 11 желтоқсанда) қабылданды. Қазақстан демократиялық, құқықтық мемлекет және нарықтық қатынастар құруға бет алды.
1991ж. 01 желтоқсанда Н.Ә. Назарбаев бүкілхалықтық дауыс беру арқылы ҚР тұңғыш Президенті болып сайланды. Президенттік биліктің басымдығы тағы да айқындалды.
-
ҚР 1993 жылғы Конституциясы
-
ҚР мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
1) 1993 жылғы Конституция қайшылықты өтпелі кезеңде қабылданды. “Конституциялық құрылыс негіздері” бөлімінің қағидалары мен принциптері Ата Заңның басқа бөлімдеріне негіз болып табылды, оны өзгертудің тәртібі ерекше қиындатылды. Конституцияның бірінші бөлімі (27 бап) азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттеріне арналған. Мемлекет құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік береді, азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тиым салады деп көрсетіледі. Республиканың әрбір адамының азаматтық алуға және оны өзгертуге құқығы бар. “Қоғам, оның құрылыс негіздері” деп аталатын екінші бөлім “Меншік және кәсіпкерлік”, “Отбасы”, “Қоғамдық бірлестіктер” атты үш тараудан тұрды. Ата заңда меншік түрлерінің сан –алуандығы бкітілген. Мемлекет меншіктің барлық түрлерінің және субъектілердің заң алдында теңдігін қамтамасыз етеді. Меншіктің сан алуандығы жарияланғанымен, Конституцияда оның екі түрі (жеке және мемлекет меншігі) аталды. Мемлекеттік билік біртұтас. Заң шығарушы, атқарушы жәнесот биліктері мемлекеттік биліктің үш тармағы болып табылады. 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы Негізгі Заң болды. Ол үлкен тарихи, саяси-құқықтық рол атқарды. Дегенмен, Конституцияны Кеңес дәуірінде сайланған Жоғарғы Кеңестік қабылдауы өз таңбасын қалдырды. Ұзамай ол қайшылықтар өсіп, жаңа Конституция қабылдауға негіз болды.
2) Әлі де көптеген мәселелер шешілмеді. Бірнеше ауқымды мәселелер бойынша елде ұзақ даулар болды. Олардың ішінде: қос азаматтық, тіл мәселесі, ұлттық мемлекет пе азаматтық қоғам құру ма? , әкімшіліктер мен кеңестер арасындағы қайшылықтар, Жоғарғы Кеңес пен Үкімет арасындағы қайшылықтар болды. ҚР “Азаматтық туралы” заңы қабылданып (1991ж. желтоқсан), елде қос азаматтыққа жол берілмеді. Тіл мәселесі 1993 жылғы Конституцияда толық шешімін таба алмағанымен 1995 жылғы Конституцияда және Қазақстан Республикасының жаңа “Тіл жөніндегі заңында” жаңаша шешімін тапты. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде тең қолданылатын болды. Мемлекет барлық халықтар тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы ҚР жаңа Конституциясы қабылданды. Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы құқықтық кедергілер жойылып, еліміздің өркениет жолына түсуіне кең жол ашылды. Қазақстан таза Президенттік Республикаға айналды, қос палатадан тұратын тұрақты Парламент құрылды, Үкіметтің ролі артты. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нығайды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 1997ж. қазан айында өзінің Қазақстан халқына жолдауында “Қазақстан 2030” стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Ұзақ мерзімге арналған бұл стратегия 7 басым бағыттардан тұрады. Оның “Ұлттық қауіпсіздік”, “Кәсіпқой мемлекет” деген басымдықтары түгелдей мемлекеттік – құқықтық сипатта десе болады. Оларда ұлттық қауіпсіздікті , сыртқы байланыстарды нығайту, Үкіметтің жұмысына кәсіпқойлық сипат беру, жаңа типті мемлекеттік қызметшілерді қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, стратегиялық жоспарлар бойынша жұмыс істеу, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеу және қайта қарау сияқты қомақты теориялық және Семинарлық мәселелер көтерілген. Стратегия негізінде негізінде саяси реформалар мен демократияландыруды тереңдету қолға алынды. Оған дәлел Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізіп, партиялық тізім бойынша сайлау арқылы Парламент Мәжілісіне қосымша он депутаттық орын берілді. ҚР Президентінің өкілеттік мерзімі 7 жылға созылды. Парламент палаталары төрағаларының Конституциялық өкілеттіліктері жоғарылатылды. 1999 жылы 10 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев баламалы негізде 7 жыл мерзімге Президенттікке қайта сайланды. 1999 жылдың 10 қазанында Парламент мәжілісі және жергілікті мәслихаттарға сайлау белгіленіп, оларға демократиялық, баламалық негізде депутаттар сайланды. Осы жылы 17 қыркүйекте Парламент Сенатына да депутаттар сайланды. Осылай, Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырға “Қазақстан 2030” стартегиялық бағдарламасын орындау ғасырына жаңа Президентімен және жаңа парламентімен бағыт алды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет ретінде және оның конституциялық-құқықтық дамуы
-
Қазақстан Республикасының 1995 ж Конституциясының тарихи – құқықтық мәні
-
Қазақстан – 2030 бағдарламасы және Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы.
3.Практикалық сабақтар
Тақырып 1 Кіріспе, Ежелгі елдердегі мемлекет және құқық
А) курс пәні және әдісі
Б) Ежелгі Вавилон
В) Ежелгі Индия
Г) Ежелгі Қытай
Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау
Ұсынылатын нормативтік актілер
-
Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.: ЖШС «Нұр-пресс», 2005. 44-66, 330-337 б.
Тақырып 2. Ежелгі греция және Рим мемлекеті және құқығы
А) антикалық полис
Б) Афина және Спарта басқару жүйесі
В) принципат және доминат
Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау
Ұсынылатын нормативтік актілер
-
Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.: ЖШС «Нұр-пресс», 2005. 44-66, 330-337 б.
Тақырып 3. Франк мемлекеті. Англия феодалдық мемлекеті және құқығы
А) ЕРТЕ ФЕОДАЛДЫҚ ФРАНК МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҒЫ
Б) Карл империясы.
В) англосаксондық мемлекеттердің құрылуы
Г) Генрих -2 реформалары
Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау
Ұсынылатын нормативтік актілер
-
Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.: ЖШС «Нұр-пресс», 2005. 44-66, 330-337 б.
Тақырып 4. Франция мемлекеті және құқығы
а) франциядағы феодалдық мемлекеттің құрылуы
б)сословиялық монархияның құрылуы
(X ғ.).Оттан -1 ежелгі феодалдық мемлекет
Тапсырма:
Тақырып 5. Англия буржуазиялық мемлекет. XVII ҒАСЫРДАҒЫ Византия империясы мемлекеті және құқығы .
а ) мемлекеттік құрлым
б) мемлекет, шіркеу феодалдық құқық
в)Англиядағы буржуазиялық мемлекеттің шығуы.
г) XVII – басы XVIII ғасырдағы конституциялық актілер.
Тапсырма:
Тақырып 6. АҚШ тағы Конституция 1787 жыл. 1789 – 1812 жылдардағы Франция мемлекеті
а)солтүстік америкалық колониялық Англия
б) АҚШ Конституция 1787 Ж..
в) Ұлы франция буржуазиялық революция
г) Наполеон Бонапарта және Конституция
Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау
Ұсынылатын нормативтік актілер
-
Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.: ЖШС «Нұр-пресс», 2005. 44-66, 330-337 б.
Тақырып 7. Герман феодалдық мемлекеттінің мемлекеті
а) мемлекеттік құрылысы
б) германиядағы сословиелік өкілетті монархиялық ерекшеліктері
в) Германиядағы абсолютизмнің ерекшеліккктері
в) германиядағы феодалдық құқық
Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау
Ұсынылатын нормативтік актілер
-
Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А.: ЖШС «Нұр-пресс», 2005. 44-66, 330-337 б.
Тақырып 8. Социалистік мемлекет және құқық .
а) 1917 жылығы қазан революция
б) КССР дың конституциялық құрылысы
в) Социализм әлемдік жүйе
Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау
Ұсынылатын нормативтік актілер
-
Ғаппар Маймақов. ҚР саяси құқықтық тарихы. Алматы “Жеті Жарғы” 2003ж
-
С.Зиманов. Қазақ әдет – ғұрып заңдарының шариғаттың әсері. Алматы 2001ж
-
Нурпейсов, А.Котов. Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен президенттік республикаға дейін. Алматы “Жеті Жарғы” 2003
-
Ж.Омари. Қаздауысты Қазбек би. Алматы 2000ж
-
З.Кенжалиев. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы “Жеті Жарғы” 2004ж
-
Қазақтың Ата заңдары. Томдық. Алматы “Жеті Жарғы” 1998
-
Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі қазақстан тарихы. 5 том. Алматы “Жеті Жарғы” 2004ж
-
Е.Әбіл. История государство и право РК. Алматы 2007ж
-
С.Сартаев. История государства и права Казахский ССР. Алматы “Жеті Жарғы” 2003
-
Абил Е. История государства и право Республики Казахстан с древнейших времен до наших дней. Алматы 2000.
-
Абил Е. История государства и право Республики Казахстан с древнейших времен начало XX века: курс лекции. Астана 2002.
-
Артықбаев Ж.О. “Жеті Жарғы” мемлекет және құқық ескерткіштері (Зерттелуі, деректер, тарихы, мәтіні); оқу құралы, Алматы 2003.
-
Қазақтың ата заңдары құжат, деректер және зерттеулер. Древни мир право казахов: 10 томдыҚ (жет. С. Зиманов). Алматы “Жеті Жарғы” 2003.
-
Каняшин Ю.Н. Очерки по истории права в средние века: Алматы 2000.
-
Құл-Мұхаммед М. Алаш Қайраткерлері саяси құқытық қөзқарастарының эволюциясы. А: Атамұра 2000ж
-
Өзбекұлы С. Хан Тауке и правовой памятник “Жеті Жарғы” А. Өркениет 1998.
Тақырып 9. Қазақстан территориясындағы ме млекеті және құқығы
-
Сак тайпа одағы
-
Үйсін және қаңғылы
-
Ғұндар мемлекеті
Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау
Ұсынылатын нормативтік актілер
-
Ғаппар Маймақов. ҚР саяси құқықтық тарихы. Алматы “Жеті Жарғы” 2003ж
-
С.Зиманов. Қазақ әдет – ғұрып заңдарының шариғаттың әсері. Алматы 2001ж
-
Нурпейсов, А.Котов. Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен президенттік республикаға дейін. Алматы “Жеті Жарғы” 2003
-
Ж.Омари. Қаздауысты Қазбек би. Алматы 2000ж
-
З.Кенжалиев. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы “Жеті Жарғы” 2004ж
-
Қазақтың Ата заңдары. Томдық. Алматы “Жеті Жарғы” 1998
-
Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі қазақстан тарихы. 5 том. Алматы “Жеті Жарғы” 2004ж
-
Е.Әбіл. История государство и право РК. Алматы 2007ж
-
С.Сартаев. История государства и права Казахский ССР. Алматы “Жеті Жарғы” 2003
-
Абил Е. История государства и право Республики Казахстан с древнейших времен до наших дней. Алматы 2000.
-
Абил Е. История государства и право Республики Казахстан с древнейших времен начало XX века: курс лекции. Астана 2002.
-
Артықбаев Ж.О. “Жеті Жарғы” мемлекет және құқық ескерткіштері (Зерттелуі, деректер, тарихы, мәтіні); оқу құралы, Алматы 2003.
-
Қазақтың ата заңдары құжат, деректер және зерттеулер. Древни мир право казахов: 10 томдыҚ (жет. С. Зиманов). Алматы “Жеті Жарғы” 2003.
-
Каняшин Ю.Н. Очерки по истории права в средние века: Алматы 2000.
-
Құл-Мұхаммед М. Алаш Қайраткерлері саяси құқытық қөзқарастарының эволюциясы. А: Атамұра 2000ж
-
Өзбекұлы С. Хан Тауке и правовой памятник “Жеті Жарғы” А. Өркениет 1998.
Тақырып 10. VI-XII ғасырдағы мемлекет жіне құқық
1. орта ғасырдағы мемлекет(6-10 ғғ.)
2. 10-12 ғғ.мемлекеттер
Достарыңызбен бөлісу: |