Макрос. Арнайы тілде жазылған макрокомандалар жиыны. МҚ жұмыс жасағанда дайын макрокомандаларды қолдану арқылы МҚ жүйелі ету мүмкіндігі бар.
Модуль – ақпаратты өңдеу процедураларының жиынтығы.
Мәліметтер қорын құру.
MS Access МҚ жүктегенде келесі терезе ашылады. Файл – Құру (Создать) – Жаңа МҚ (Новая БД) командасын орындаймыз: (Сурет 1)
Сурет 1. MS Access Негізгі терезесі
MS Access терезесінің жоғарғы жағындағы бірінші жол Тақырып жолы.
Екінші жол Мәзір қатары .
Мәліметтер қоры (База данных) тақтасы.
Веб-торап тақтасы.
Оң жақта Есептер облысы (Область задач) орналасқан.
Мәліметтер қорына қорғаныс орнатуға болады. Ол үшін құрған мәліметтер қорын Файл мәзірі арқылы ашу терезесінде Ашу (Открыть) батырмасының қасындағы бағыттауышқа басып, Монопольно командасын таңдаймыз. МҚ ашқан соң, Сервис – Қорғаныс (Защита) – Пароль құру (Создать пароль) командасын орындаймыз. Парольді осы жерде екі рет тереміз. Енді МҚ жауып қайта ашқанда бізден пароль сұрайды. Бұл қорғанысты қайта алып тастау үшін осы мәзірге қайта барамыз.
Бақылау сұрақтары:
Мәліметтер қоры дегеніміз не?
Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз не?
MSAccess қандай мәліметтер қорына жатады?
Негізгі объектілерін атаңыз.
Қандай тақталар бар?
Зертханалық жұмыс №2 (3 сағат)
Тақырып:“МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ”
Жаттығу: объектінің қалай құрылатынын анықтау, өрістер сипаттамаларын енгізу, өрістер қасиетін анықтау, кестенің құрылу режимімен танысу мақсатында берілген жаттығуларды орындаңыздар.
Есеп беру: Сабақ соңында жаттығулар нәтижесін компьютерде қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |