ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М070100 – «Биотехнология» 6М073200 – «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандықтарының магистранттарына арналған «Ғылыми зерттеу жұмыстарының методологиясы»



бет1/5
Дата26.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#159406
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042–18-9.1-76/01-2013




ПОӘК

«Ғылыми зерттеу жұмыстарының методологиясы» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар



18.09.2013 ж.

№ 1 басылым


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

6М070100 – «Биотехнология»

6М073200 – «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»

мамандықтарының магистранттарына арналған



«Ғылыми зерттеу жұмыстарының методологиясы»

пәнінен
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей,

2013
Мазмұны



1. Дәрістер

2. Практикалық сабақтар

3. Магистранттардың өздік жұмысы

1 дәріс



Тақырып: Ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістемелері

Жоспар:

1. Ғылым – білімнің жүйесі ретінде.

2. Ғылыми іздестірудің әдіснамасы

3. Ғылыми зерттеу әдістері.




  1. Ғылым – білімнің жүйесі ретінде.

Ғылым – нақты категорияларда көрсетілетін және күрделі құрылымы бар, табиғаттың, ойлаудың, қоғамның объективті заңдылықтар білімінің жүйесі.

«Жүйе» түсінігінің негізіне әлемдегі барлық заттар, процесстер, құбылыстар өзара байланысты және өзара әсер етеді дегенді айтады, сондықтан ғылым жүйе ретінде берілген:



  • Қоғамдық сана түрінде, ол табиғат, қоғам және адамнан тұратын адамзаттық тұрмыстың мәнін көрсетеді;

  • Қоғамдық тәжірибе түрінде, ол әдіснаманы, теорияны, ақпаратты және ғылымдық құрылымды құрайды.

Ғылымды жүйе ретінде ғылыми білімнің сандық және сапалық жиынының бірлігі, олардың арасындағы байланыстың қалыптасу процессі құрайды. Ғылымның жүйелілігі оның жеке әлеуметтік институт ретінде қалыптасуы мен дамуы арқылы жүзеге асады, ол қоғамның интеллектуалдық потенциалын біріктіреді.

Ғылым –барлық адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі, ол қоғамдық тәжірибенің даму мақсаттарына бағынады. Ғылым – бұл қоршаған әлем туралы жай ғана білімнің жиынтығы емес, ол құбылыстар мен олардың өзара байланысы, табиғаттың пен қоғамның заңдары туралы қалыптасқан түсінік, олар нақты ғылыми түсінік пен пікір көмегімен көрсетіледі. Түсінік пен пікір, егер олар ғылыми әдістер көмегімен алынған болса және олардың практикалық тексерілуі процессінде бекітілген болса, ғылыми болып табылады. Осылайша, ғылым – зерттеу қызметінің аймағы, ол табиғат, қоғам және адам туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған.

Ғылым қоғамда мынадай қызметтер атқарады:


  • Әлеуметтік жады - ол алдыңғы дәуірдің сынақтарын «жинау-сақтау-тарату»;

  • Гнесеологиялық (танымдық) - ол қоғамды алға қойылған мәселелерді дұрыс шешу үшін қажетті білімдермен қамтамасыз етеді;

  • Нормативтік - ғылыми құрылымдар арасындағы қатынасты жүйе және норма, әдеп ережесі көмегімен ұйымдастырып, реттейді;

  • Коммуникативтік - ғылыми тіл арқылы түсінікті және маңызды қатынас құрал ретінде жүзеге асады;

  • Аксиологиялық (құндылық) – қоғамды құндылық бағыттарын қалыптастырады, ол ғылыми жаңалықтар нәтижелерін адамзат игілігіне бағыттайды;

  • Креативті (шығармашылық) – адамзаттың мықты, интеллектуалды потенциалын жасау көмегімен жүзеге асады;

  • Тәрбиелік – қоғамда білімділік деңгейін арттыруға әсер етеді.

Мұндай білімдердің жинақталу процессі ғылыми таным деп аталады.

Таным процессінің құрылымын мынадай көрсетуге болады:



  • Таным процессі

  • Ойлау түрі

  • Сергек таным элементі

Ғылымның мақсаты – табиғат пен қоғамның даму заңдарын, олардың заттар мен құбылыстарға әсерін, олардың қасиеттері мен қатынастарын тану, олар логикалық және абстрактілі ойлау арқылы жүзеге асады.

Ғылыми таным процессі ұғымдар, категория, критерий көмегімен жүйеленуге және жалпылауға жататын фактілердің жиынтығын қарастырады. Ұғымдар ойды тудырудың жоғары формасы болып табылады және заттар мен құбылыстарды олардың нақты және жалпы сипаттарында көрсетеді, олардың көмегімен ғылыми білімнің жүйесі пайда болады. Ғылыми білімдер өзара байланысты түсініктер жүйесі болып табылады, олар табиғат пен қоғамның заңдылықты процессін көрсетеді.

Ғылыми білімнің жүйесін дамыту, оны жүзеге асыру, жүйелеу және апробация ғылыми зерттеу көмегімен жүзеге асады.

Оқу, зерттеу,ғылыми ізденіс жүргізу – бұл негізгі рөлде интуиция, зерттеушінің даралығы, сынақ тұратын ашылым. Эмпирикалық фактіге де, ғылыми фактіге де сүйенетін ізденіс ғылыми зерттеудің әртүрлі әдістерін қолануды қарастырады және типологиялық деңгейде жалпылауға әкеледі, ол ғылыми деп аталады.

Кез-келген ғылыми ізденіс айрықша ерекшелікке ие, оларға танудың мақсатты процессі, оған тән реттілік және ұсынылған ережелер, қорытындылар және жалпылауларға негізделген ғылыми ізденістің логикасы жатады.ғылыми ізденіс әрқашанда ғылыми білім деңгейін арттыруға, жаңа шынайы идеялармен байланысты табиғаттың жаңа заңдылықтарын ашуға бағытталады.

Мақсатты тағайындалуы бойынша ғылыми зерттеулердің мынадай түрлерін көрсетеді:



  • Фундаментальды, олар белгісіздіктің жоғары дәрежесіне ие, олардың нәтижесі жаңа құбылыстарды және табиат заңдылықтарын ашу, қоғамның ғылыми білімін кеңейту және оларды практикалық қызметте қолдану;

  • Қолданбалы – олар жаңа ізденіс немесе белгілі құбылыстар мен табиғат заңдылықтарын жетілдіру болып табылады, олардың мақсаты – алынған нәтижелерді адам мен қоғамның практикалық қызметінде қолдану.

Ғылыми зерттеуді шартты түрде сатыларға бөледі:

  • Эмпирикалық;

  • Теориялық.

Ғылыми зерттеудің эмпирикалық сатысы материалды біріншілік өңдеу және алумен, фактілердің жинақталу процессімен байланысты, ғылыми тілмен сипатталған, әртүрлі белгілері бойынша жіктелген және олардың арасындағы негізгі тәуелділікті шығару.

Дәл осындай жұмыс езінде зерттеуші: әрбір фактыны зерттеу шеңберіндегі ғылыми терминдермен сипаттауы тиіс; барлық фактілердің ішінен типтік, кеңінен қолданылатынын іріктеу керек; фактілерді олардың маңыздылығы бойынша жіктеп, іріктелген фактілер арасында байланысты түсіндіру керек.

Зерттеудің ғылыми сатысы – ғылым тілімен тексерілген, танылған және жазылған, оны сапалық және сандық формада қалыптастырумен, іс-әрекет принципін таңдаумен, ғылыми факторды тереңнен сараптаумен байланысты.

Зерттеудің екі сатысының арасында мәселе қою бар, ол дегеніміз:



  • Белгісіз және дәлелді талап ететін нәрсені анықтау;

  • Мәселенің негізгі мазмұнын және оның дұрыстығы мен ғылымға маңыздылығын негіздеуді көрсететін сұрақты қалыптастыру;

  • Осында қолданылатын нақты тапсырмаларды, олардың шешу және әдіс реттілігін бөліп көрсету

Ғылыми зерттеу өзінің әрбір циклінде эмпирикадан теорияға, теориядан – оны тексеретін тәжірибеге жылжиды.бұл процесс белгілі сатылардан және формадан тұрады, оларда ғылыми білім болады және жамиды, оның ішінде фактілерді алу, сипаттау және ғылыми мәселелерді қою, гипотезаларды, жаңа идеяларды, ережелерді ұсыну, теорияларды қалыптастыру және онда дәлелдік ережелерді органикалық қосу.

Теория (грекше theoria – қарастыру, зерттеу) - шындық туралы нақты ғылыми білімнің формасы, ол ұғым, бекіту, дәлелдеу жүйесінен тұрады, қоғамдағы заңдылықтар мен байланыстар туралы толыққанды түсінік береді. Теория таныдық әрекет пен практика нәтижесінде туындайды және шындықты бейнелеудің ойлау процессін көрсетеді. Ғылыми теория жүйе ретінде сипатталады:



  • Заттылығымен;

  • Объективті қызметтің адекваттылығымен;

  • нақтылығымен;

  • шынайылық және нақтылықпен.

Ғылыми теория логикалы болуы тиіс, фактілер мен ғылыми құрылымдарды түсіндіре білуі тиіс. Бар білімдер эксперименттік фактілердің түсініктері қанағаттандырмағанда жаңа теориялар туындайды.

Ғылыми теорияның құрылымы:



  • фактілерден – шындығы дәлелденген объектілер немесе құбылыстар туралы білімдер;

  • категориялар – маңыздырақ, құбылыстардың жалпы сапалары шынайы жалпы және фундаментальды ұғымдарды көрсетеді;

  • аксиомалар (грек.axiota) – логикалық дәлелсіз қабылданатын шынай ережелер;

  • постулаттар (лат.postulatum) – ғылыми теориямен шынайы ретінде қабылданатын бекіту;

  • принциптер (лат.principium) – кез келген теория, оқу, білім немесе әлемге көзқарастыың негізгі ережелері;

  • ұғымдар – заттарды, құбылыстарды белгілі сипаттары бойынша жалпылап, ерекшелейді, олардың маңызды сапасын (жалпы, жеке, нақты, абстарктілі, салыстырмалы, абсолютті және т.б) көрсетеді;

  • пікірлер (сөз) – айтылған ой (нақтылайтын, жалпы, нақты, шартты және т.с.с), бұнда оның мазмұны, шындығы немесе қателілігі көрсетіледі;

  • ойтұжырымдар – екі немесе одан да көп пікірлердің реттілігін қосатын ойлау процессі,нәижесінде жаңа бір пікір;

  • заңдар – құбылыстар арасындағы маңызды және қажетті қатынастар, олар жалпы байланысқа ие және объективті сипатқа ие.

Осылайша, ғылыми теория – маңызды идеялардың, көзқарастардың және логикалық принциптердің жүйесі, оның көмегімен тәжірибе жалпыланып, анық білімдер алынады, табиғаттың, қоғамның,ойлаудың түсінігі арасындағы байланыс негізінде заңдылықты даму көрсетіледі.
2. Ғылыми ізденістің әдіснамасы

Әдіснаманың бірнеше белгілі термині бар.

Әдіснама – ұйымның құрылымы, логикасы туралы, ғылымның әрбір саласындағы әдістер мен құралдар қызметі туралы, оның теориясы мен тәжірибес туралы түсінік. Оқу процессіне сәйкес жоғары мектепте әдіснама ғылыми танымның принцитерінің, құралдарының, әдісері мен фомаларының жиынтығы деп түсіндіріледі.

Әдіснама – таным негіздері туралы оқу – зерттеуші ғылыми таным процессінде сүйенетін философиялық, дүниетаным көзқарастарын сараптап, бағалайды.

Әдіснама – зерттеудің әдістері мен тәсілдері туралы оқу ретінде танымның нақты әдістерінің маңызды сипатын қарастырады, олар зерттеудің жалпы бағытын құрайды. Мұндай әдістерге зерттеудің эмпирикалық және теориялық сатыларының әдістері мен тәсілдерін жатқызуға болады.

Ғылыми таным әдіснамасының мәні – ол ғылыми білімнің барлық көлемін жүйелеуге мүмкіндік береді және зерттеудің келесі тиімді бағыттарын әзірлеуге мүмкіндік береді. Ғылыми таным әдіснамасының негізгі міндеті – ғылымның дамуы жетістіктерін тәжірибелік мақсатта пайдалануға мүмкіндік беретін жинақталған ғылыми білімнің синтезі. Әдіснама әдістерді, құралдарды және тәсілдерді зерттейді, оның көмегі арқылы білімнің әртүрлі жүйесі жинақталып, құрылады.

Әдіснамалық аппарат:


  • ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу принциптері;

  • ғылыми зерттеу әдістері мен оның стратегиясынанықтау әдістері;

  • ғылыми аппарат: ғылыми зерттеудің ұғымдық-категориялық негізі (өзектілігі, ғылыми жаңалығы, эвристикалық құндылығы, практикалық мәні, проблемтикасы, объект, зат, гипотеза, мақсат және міндет).

Таным әдіснамасының негізгі принциптері:

  • өзара келісілген болып табылатын теориялар мен тәжірибелер бірлігінің принципі;

  • осы және басқа құбылыстардың барлық факторларының есебін қажет ететін объективтілік принципі;

  • объективтік процесстер мен нақты тәсілдердің маңызды жағы мен заңдылыықтарын көрсететін нақтылық принципі;

  • ғылыми білімді таным объектісінің айырмашылықтары, сандық және сапалық өзгешеліктерін бейнелейтін ғылыми білімді қалыптастырудан тұратын даму принципі;

  • қатынастар мен олардың арасындағы байланыс есебінен құбылыстың шарттылығын қажет ететін заңдылықтар принципі.

Сонымен қатар әдіснамалық анализдің әртүрлі деңгейі бар, көбінесе:

  • динамикалық деңгей: ғылым нәтижелерінің дүниетанымдық интерпретациясы, ғылыми ойлаудың формалары мен әдістерін, оның категориялық бағытын сараптайды;

  • статистикалық деңгей: жалпы ғылыми сипатқа ие зерттеудің принциптері, бағыттары, формалары;

  • аналитикалық-синтетикалық деңгей, яғни нақты-ғылыми әдіснама – осы және басқа ғылым саласында қолданылатын зерттеудің әдістері мен принциптерінің жиынтығы;

  • Пәндік деңгей, яғни пәндік әдіснама – зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығы тәріздес, ол ғылымның нақты саласында немесе ғылымдар тоғысқан ғылыми пәнде қолданылады; ғылыми пән ғылыми білімді ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады.

  • Пәнаралық деңгей – ғылыми ізденістің логикасына сәйкес әртүрлі ғылымдардың өзара әсерлесу шеңбері болатын пәнаралық кешенді зерттеудің әдіснамасы.

Әдіснамамен бірге ғылыми танымның негізгі элементі – ғылыми зерттеудің логикасы болып табылады, ол яғни ғылыми ізденісте белгілі бір жолды түсінеді. Ғылыми зерттеу белгілі сатылардың логикалық реттілігін қажет етеді, оның негізін рациноалды ойлау құрайды.
3. Ғылыми зерттеу әдістері

Әдістеме - нақты материалды, оны өңдеуге және қажетті нәтижелерді алу үшін қолданылатын зерттеу еңбегінің жүйесі.

Әдіс – теориялық зерттеу немесе құбылыстарды (процесстерді) тәжірибелік іске асыру бағыты (әдіс, құрал).

Ғылыми зерттеуде қолданылатын әдістер тек заттың өзіне ғана емес, сонымен қатар зеттеудің деңгейіне де: эмпирикалық және теориялық деңгейге байланысты.

Зерттеудің эмпирикалық деңгейіне тән әдістер:


  • Бақылау;

  • Эксперимент;

  • Статистика.

  • Зерттеудің теориялық деңгейі үшін сараптама-синтез, индукция-дедукция, аналогия және т.б. әдістері қоланылады. «Ғылыми әдіс» және «ғылым әдіс» деген ұғымдарды бөліп қарастыру керек.

Ғылыми әдістерге қойылатын талаптар:

  • Детерминделген әдіс, яғни объект ретінде де, танымдық қызмет ретінде де заңдылықтармен негізделу;

  • Әдістің зерттеу мақсаты ретінде берілуі, яғни әдістің барлық компоненттерінің зеттеу мақсаттарына сәйкес келуі;

  • Әдістің нәтижелілігі мен сенімділігі, яғни жоғары деңгейдегі анықтылығымен нәтиженің болуы;

  • Тиімділік – мақсатқа аз күш жұмсау арқылы және максималды нәтижеге жету арқылы қол жеткізу;

  • Экономикалылығы, яғни қосымша күш енгізбеу арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізу;

  • Түсіну мен қолдануда қолжетімділігі.

Ғылыми таным әдістерінің әртүрлілігін шартты түрде үш деңгейге бөледі:

  • Эмпирикалық (бақылаулар, салыстырулар, өлшеулер, сауалнама, әңгімелесу, тест және т.с.с);

  • Эксперименталды-теориялық (физика-химиялық, органолептикалық, микробиологиялық), анализ-синтез, индукция-дедукция, модельдеу, гипотезалық, тарихи, логикалық, абстарктілеу, иделаизация, аксиоматика, жалпылау және т.б);

  • Мета-теориялық (диалектикалық әдіс, жүйелік анализ әдісі).

Ғылым әдісі – ғылыми және танымдық қызмет құрылымында танымдық процессті ұйымдастыру, ол нақты ғылыми ізденісті қарастырады: мәселелерді құрастыру, гипотезалар құру, эмпирикалық, гипотезаны теориялық және эксперименталды тексеру, қорытындылар және келесі әзірлемелерді болжау.

Жүйелік-құрылымдық зерттеу әдісі жалпығылымдық мәнгге ие боды және ол:



  1. Кез келген объектілерді күрделі білім деп қарастырамыз, ол белгілі бір құрылымға ие және жалпы жүйелердің бөлігі болып табылады;

  2. Объекті құрылымын тану;

  3. Құрылымдық қатынсатар мен ішкі байланыстар заңын анықтау, олардың құрылуын тек сапалы түрде ғана емес, сонымен қатар сандық түрде анықтау.

Әдіснамалық дайындықты ұйымдастыру мен ғылыми ізденісті меңгеруге қабілеттілік бағалаудың келесідей белгілеріне ие: білім сапасы (толықтығы, тереңдігі, жүйелелігі, оперативтілік, иілгіштік, жалпылық, нақтылық, анықтық); қолданыстағы себеп (тұрақты танымдық қызығушылықтар, құрылымдар); өзіндік білім алудың әртүрлі формаларында білім мен үйренуді өзіндік меңгеру дағдысы (тыңдау, бақылау, эксперимент және т.б); танымдық іс-әрекетті өздігінен ұйымдастыру (өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау); зерделі қызметтің операциясын орындай білу, соның ішінде маңыздыларын сараптау, салыстыру, ерекшелеу, себепті-тергеулі байланыстарды жүйелеу, дәлелдеу, жалпылауға, дәлелдеуге қабілетін көрсету, гипотеза құру және т.б; өзіндік бағаның толықтығы мен критикалық бағалау.

Ғылыми зерттеу кезінде ғылыми зерттеудің бағдарламасы анықталуы тиіс, онда: зерттейтін құбылыс, зерттеудің көрсеткіштері мен сипаттары, қолданылатын әдістер; осы және басқа әдістерді зерттеудің жалпы әдістемесінің құрамы ретінде қолдану реттілігі.

Зерттеу әдістемесі нақты міндетті шешуде өзінің даралығына қарамастан, тұрақты құрылымға ие, оның негізгі компонентері:


  1. Теориялық-әдістемелік бөлім, оның негізінде зерттеу әдістемесі құрылады.

  2. Тарихи-теориялық, құбылыстардың, процесстердің зерттеулерін олардың арасындағы байланыс пен өзара тәуелділік есебінде қарастырады.

  3. Тәжірибелік, яғни зерттеу нәтижелерін ғылыми зерттеудің логикалық аяқталуы ретінде жалыплау, олардың аргументтілігі.

Зерттеу тәсілдері – осы және басқа мәселелерді шешетін құрал, оқылатын құбылыстың заңдылықты байланысы ашылады. Құбылысты зерттеудің сәттілігі әдісті дұрыс таңдауға байланысты. Әдістеме оқылатын зерттеудің нақты тапсырмаларына жауап беру керек және құбылыстың ерекшелігін нақты көрсету керек, ол басқа ғылымдардан механикалық әдістемесін алмау керек. Қойылған мәселені нәтжелі шешу үшін зерттеудің таңдалған тақырыбына жауап беретін нақты әдістемені қолданудың мәні бар.

Осылайша, әдістердің жіктелуі танымдық қызметтің сипаты бойынша келесідей бейнеленуі керек:



  • Танымдық қызмет сипаты бойынша әдістердің жіктелуі;

  • Зерттеуді ұйымдастыру әдісі бойынша әдістердің жіктелуі;

Кешенді зерттеу тәсілдері күрделі бүтіндік объектінің құрылымдық-функционалды байланыстарын ашады.

Эксперттік бағалар әдісі – эксперттер тобының ойларын анықтау және өңдеу негізінде болжамдық ақпаратты алу.

Комиссияның әдісі эксперттердің жеке ойларының жиынтығы негізінде объектиті және негізделгендері таңдалатындығынан тұрады.

«Ми шабуылы» әдісі – жаңа идеялардың шығармашылық генерациясы (эксперттер тобы), олардың анализі, бағасы (аналитик топтары) және ең тиімдісін таңдау.

Эвристикалық болжау әдісі нақты теориялық негіздемемен, сарапшылардың құзіреттілігін анықтаумен және алынған ақпаратты өңдеу алгоритмімен ерекшеленеді.

Тәуелсіз сипаттамаларды, олардың анализі мен синтезін жалпылау әдісі барысында барлық қажетсіздері алынып тасталады.

Эмпирикалық мәліметтерді сапалы өңдеу әдісі – берілген критерийлер негізінде жіктеудің, дифференциацияның, категориялаудың іртүрлі тәсілдері.

Сандық әдіс құбылыстар мен олардың арасындағы байланыстың сандық сипатын көрсетеді.

Зерттеудің эмпирикалық әждістері – бақылау, диагностикалау, эксперимент кезіндегі ғылыми фактіні алу әдістері.

Теориялық зерттеу әдістері оқылатын құбылыстар арасындағы тәуелділікті анықтайды.

Болжау әдісі – зерттеушінің танымдық әрекетін объективті шындықты орнатуға бағытталған ережелердің, талатардың жүйесі.

Ақпараттық әдіс - таңдалған мәселеге қатысты монографиялық баспалардан, мақалалардан, әртүрлі ғылыми көздерден тез және тиімді ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Морфологиялық анализ әдісі – мәселені құрамдарға бөлу, оның әрқайсысында шешудің бірнеше әдісі бар, ал нәтижесі барлық шешімдердің мүмкін варианттарының жиынтығы.

Сұрақтар:


  1. Ғылымға түсінік беріңдер.

  2. Таным процессінің құрылымы қандай?

  3. Ғылыми зерттеу қандай сатыларға бөлінеді?

  4. Ғылым теориясының құрыоымын сипаттап бер.

  5. Әдіснамаға анықтама бер.

  6. Әдіснаманың қандай деңгейлері бар.

  7. Әдіс пен әдістеменің анықтамасы.

2 Дәріс.



Тақырып: Ғылыми білімнің шектеу өлшемі

Маңызды мәселе білімнің ғылымилығын және оның басқа білім түрлерінен шектелуін анықтайды. Қайталап өтеміз, «шынайы» ұғымы «ғылыми» ұғымымен баламалы емес. Ғылымилық белгілерінің жиынтығы бар, оларды қолдана отырып ғылыми білімді ғылымилықтан ажыратуға болады. Осылайша, қазіргі заман физиктері мәңгілік қозғалтқышты құру мүмкіндігін талқыламайды, ал астрономдар астрология бойынша жұмыстарға шындап сенбейді. Оған қоса, теориялық журналдарда ғылыми гипотезалар – құбылыстың байланысы туралы болжамды пікірлер мақаласы көптеп шығарылады. Ғылым әдіснамасы ғылыми білімді ғылыми еместен шектеу мақсатында бірнеше принциптер қолданады. Оның ішінде үшеуі жиі кездеседі: ұтымдылық, верфикация және бұрмалау.

Ұтымдылық принципі білімнің негізделуінің негізгі құралы болып табылады; ол зерттеушіні белгілі бір нормаларға және ғылымилық идеалдарына, сонымен қатар білім эталондарына бағыттайды.

Верификация принципіне сәйкес, егер ол сынаққа немесе ол туралы айтылған сөзге тікелей апарылған болса, кейбір ұғымдар немесе пікір мәнге ие. Бақылау мен эксперименттің мәліметтерін қалыптастыратын тұжырымдарды тікелей жүргізгенде тікелей верификация деп аталады және жанама верификацияланатын ұйғарымдар арасындағы логикалық қатынастар жүргізілгенде жанама верификация болады. Верификация принципін қолдану ғылыми және ғылыми емес білім деп бөлуге мүмкіндік береді, бірақ егер ол көріністердің кейбір жүйелері кез келген бақыланатын фактты оның пайдасына деп түсіндірсе, алдына қойылған тапсырманы нашар орындайды (религия, идеология, астрология және т.б.).

Бұрмалау принципін ХХ.ғ белгілі ғылым әдістемесіші К.Поппер ұсынды; бұл принциптің маңыздылығы – терияның ғылыми статусының критерийі оның өтірікке айналатындығы немесе бұлтартпайтындығы болып табылады, яғни білім егер ол бұлтартпайтындығы принципінде болғанжа ғана ғылыми деңгейге жетеді. Поппердің ұсыныстары бойынша, кейбір теорияны теріске шығару әрекетіне бағытталған эксперименттер оның шынайылығы мен ғылымилығын тиімді растайды. Фальсификация принципінің маңыздылығы келесілерге негізделген. Егер тек растауды іздесе, онда әрбір теория үшін растау немесе терістеуді алу қиын емес. Поппердің ойынша, кейбір тыйымдары бар әрбір «жақсы» ғылыми теория – белгілі бір жағдайлардың туындауына тыйым салады. Теория тыйым салған нарсе одан сайын жақсы. Қандай да мүмкін оқиғамен теріске шығарылатын теория ғылыми емес болып табылады; ал теріске шығарылу теорияның жетістігі емес, ол кемістік болып табылады. Кез келген теорияны нағыз тексеру оны бұрмалаудың әрекеті болып табылады.

Көбінесе ғылыми емес білімді ғылыми деп беруге тырысады және ғылым тәріздес формада көрсетеді. Қазірде қазіргі заман ғылымы кертартпа және шектеулі деген пікір көптеп таралған, себебі дәстүрлі емес, парағылыми концепцияларды – астрологияны, парапсихологияны, уфологияны және т.б. мойындамайды. Бұл концепциялар біздің заманда емес, жүздеген, мыңдаған жыдар бұрын пайда болған, бірақ та әлі күнге дейін сәйкес зерттеулер ғылыми болып саналмайды, себебі нақты, ғылыми бекітілген фактілер берілген жоқ. Ал ғылым негізделмеген зерттеулерді ғылымилық мәртебесіне жатқызбайды.



Сұрақтар:

  1. Әдіснама принциптері

  2. Принциптердің әрбірі туралы айтыңдар.

3 дәріс.



Тема: Ғылыми зерттеу әдістері.

Жоспары:

  1. Ғылыми зерттеудің теориялық әдістері

  2. Эмпирикалық зерттеу тәсілдері



  1. Дедукция термині (лат.dedutio) – кең мағынада алғанда, логика ережелерін сақтау арқылы жаңа ой логикалық жолмен шыққанда ойлау формасын көрсетеді. Дедукция теориясын алғаш рет Аристотель шығарған және осы уақытқа дейін логиканың дамуымен ғылым ретінде жетілген. Дедуктивті пікірлер, егер оның барлық құрамдары шынайы болғанда, шынайы болады. Индукциядан айырмашылығы дедуктивті пікірлерде шынайы сілтемелер болғандықтан теріс қорытынды шығару мүмкін емес.

Дедукция әдісінің көмегімен өзіндік ақыл-ой поцессінің мүмкіндіктері кеңейеді, онда екі негізгі деңгейді бөліп қарастыруға болады:

  • Бірінші деңгейде дәлелдеме пікір ретінде қарастырылады, оның көмегімен біреуінің шындығы екінші шындықтың негізінде орнатылады;

  • Екінші деңгейде - дәлелдеме сипаттауға жататын формаға ие, соның арқасында дәлелдеме анализі, оның құрылымын анықтау, түсінікті болады.

Индукция (лат. inductio) – логикасы нақтыдан жалпыға ауысатын ғылыми таным формасы. Яғни, жалпы ереже жекелеген ережелерден логикалық жолдармен шығару. Индуктивті зерттеу тәсілінде заттардың осы және басқа классы туралы жалпы білімдер алу үшін бұл класстың жеке құрамдарын оқу керек және осы класс заттарына тән маңызды белгілерді табу керек.

Абстракциялау – нақты сипаттар мен объектілер қасиетін оймен анықтаудан тұратын ғылыми таным әдісі. Абстракциялаудың арқасында зерттейтін құбылыстың жалпы және маңызды сипаты мен қасиеттерін бөліп көрсету мүмкін болады.

Модельдеу – көрнекілік, объективтілік принциптері бойынша жауапты-логикалық ойлау негізінде таным объектісінің моделін зерттеуде мәні бар ғылыми таным әдісі.

Модель деп зерттеу процессінде оригиналдың орнын басатын, нәтижесі түпнұсқаға таралған объект. Модельдеу ғылыми оқудың маңызды әдісі болып табылады, ол зерттеу процессін жылдамдатуға және осы арқылы жаңа нәтижелерді енгізу мерзімінің уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Ғылыми зерттеу әдістерінң арасында аргументтеу бөлініп алынады – аса логикалы процесс, оның мәні дәлелдеуге ұмтылған пікірдің шындығы негізделген. Аргументация тек зерттеуші дәлелдеу ережелерін ұстанғанда мақсатқа жетеді және жеке алғанда тезистің құрылымы:


  • Тезис нақты және дұрыс құрастырылады, бұл ретте рұқсат етілмейтіні ойдың екі жақтылығы;

  • Тезис өзгермейтін болып қалу керек, яғни бір ғана ереже дәлелденеді; егер бұл ереже орындалмаған жағдайда, онда ой дәлелденбейді.

Осылайша, барлық процесс барысында техистің бастапқы қалыптасуынан қайтпау керек. Кейде қателер де болады, олар:

  • Біріншімен байланысты екінші тезисті ұсыну, бірақ мәні бойынша жаңа ереженің ұсынылуы болып табылады;

  • Негізгі тезисті сол тәріздес, бірақ мәні бойынша басқадай тезиске алмастыру;

  • Негізгі тезистің жартылай түрін өзгертуі немесе лны дәлелденбейтін етіп жасайтын оның белгілі құрамдастарын жою.

Аргументацияның сенімділігі мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

  • Аргументтер – барлық дәлелдеулер құрылған тек шындығы дәлелденген және фундамент рөлін атқаратын ережелер;

  • Аргументтер автономды ұсынылатын, тезисқа тәуелсіз дәлелденуі тиіс, басқа жағдайда аргументтің өзі соңына дейін жеткізуді талап етеді;

  • Аргументтер өз өзіне қарама-қайшылықта бола алмайды, сондықтан өзіндік жеткілікті болуы тиіс.

Аргументацияға дәлелділік пен сенушілік тән. Дәлелділік – бұл кез келген шынайылығы дәлелденген тезистің анықтылығына негізделген. Кез келген дәлелдеу аргументтелген (дәлелді), бірақ кез келген аргументация (дәлелдеме) дәлелдеу болып табылмайды. Оылайша, аргументация – бұл мақсаты мәселеге өзіндік көзқарасын айтуға болып табылатын дәлелденбеген дәлелдеу. Құрылымы бойынша аргументация мен дәлелдеу сәйкес, себебі олардың құрылымдық сұлбасы бірдей. Айырмашылық тек дәлелдеушілік деңгейінде, себебі дәлелдеу – пікірдің шындығына жету. Жаңа нәтиже тек оны дәлелдеу деңгейінде ғана мойндалуы мүмкін. Кең түсінікте «дәлелдеу» түсінігінде пікірдің шындығын дәлелдеуге болатын кез келген әдісті айтады.

  1. Эмпирикалық зерттеу әдістері ғылыми-зерттеу еңбегінің анықтаушысы болып табылады, олар тәжірибемен, оның ішінде педагогикалық еңбекпен байланысты және бастапқы зерттеу материалдарын қорландыруды, бекітуді және жалпылауды қамтамасыз етеді. Эмпирикалық зерттеу әдістері:

  • Сұхбат;

  • Сауалнама;

  • Эксперимент;

  • Рейтинг;

  • Сарапшы бағасы;

  • Өзін-өзі бағалау;

  • Нәтижелерді талдау.

Бақылау – белгілі мақсаты мен міндеті бар объектіні мақсатты түрде және жүйелі түрде қабылдау.

Эксперимент – объектіні оның бұрын белгісіз қасиеттерін анықтау немесе теориялық ережелердің дұрыстығын тексеруге бағытталған оқу, ол белгілі бір зерттеу идеясымен анықталады және нақты анықталған мақсат. Ғылыми-зерттеу тәжірибесінде эксперименттік зерттеу ерекшелігі келесі сатылардан тұрады:



  • Айғақтайтын;

  • Қалыптастыратын;

  • Түзететін;

  • Бақылау.

Кез келген экспериментті жүргізу үшін:

  • Тексеруге жататын гипотезаны әзірлеу;

  • Гипотезаны эксперименттік тексеру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

  • Экперимент нәтижелерін бекіту әдісін әзірлеу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет