ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-34.1.64
/02-2013
|
ПОӘК
« Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы » пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
№ 1 басылым
18.09.2013 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы»
5В011600 – «География»мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей
2013
Мазмұны
1
|
Глоссарий
|
3
|
2
|
Дәрістер
|
9
|
3
|
Практикалық сабақтар
|
52
|
4
|
Студенттердің өздік жұмыстары
|
53
|
Глоссарий
Аймақ (лат. Regio - облыс) – бұл термин «аудан» түсінігіне синоним ретінде және нақты шекарасы көрсетілмеген аймақты сипаттау үшін пайдаланылады.
Анклав- (француз.enclave) – жан-жағынан басқа мемлекеттің аумағымен қоршалған бір мемлекет аумағының бөлігі.
Ассимилияция – (лат. Assimilatio-бірігу, ұқсастыру)- бір халықтың басқа халықтың тілін, мәдениетін үйреніп, бірлесуі; өзінің тілін, мәдениетін және ұлттық сана- сезімін жоғалтуы. Табиғи ассимилация халықтардың этникалық топтарының аралас үйленуі барысында жүзеге асады; күштеу арқылы жүретін ассимилация-қысым көрсетудің нәтижесінде жүзеге асады. (мысалы, туған тілінде кітап басып шығаруға және білім алуға тыйым салу, т.б)
Аудан (rayon – тікелей аудармасы шырақ, радиус) – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық әкімшілік белгілі көрсеткіштері негізінде бөлінетін аумақ.
Әкімшілік – аумақтық бөлінуі (лат.adminstratio – басқару, басқарма) – мемлекеттің аумақтық жүйесінің ұйымдастырылуы, соның негізінде мемлекеттік басшылық пен билік жүйесінің жұмыс атқаруы.
Геосаясат – елдің географиялық жағдайы және басқа физикалық, экономикалық, географиялық факторлармен шартталатын мемлекеттің сыртқы саясаты мен халықаралық қатынасты саяси, әскери-стратегиялық, экологиялық, халықаралық байланыстарға тәуелділігін зерттейтін ғылыми бағыт.
Дезурбанизация – урбандалу процесіне белгілі бір қарама- қарсы жағдай, халықтың қаладан тыс жерге шоғырланбауы және қоныстану процесі.
Демография – (грекше demos-халық және grafo - жазу) – халық санының өсуі және халықтың ұдайы өсуі. Демографиялық жарылыс – туудың жоғары қарқынын сақтау арқылы өлімнің шұғыл төмендеуі нәтижесінде, халық саны өсімінің күрт артуы.
Депопуляция – (depopulation- халықтың азаюы) - халық санының төмендеуі, азаюы.
Еңбек өнімділігі - адамның еңбек әрекетінің жемісі, өнімділігі. Бір жұмысшының белгілі уақытта жасап шығарған өнім мөлшері немесе белгілі өнімді жасауға кеткен уақыт бірлігімен есептеледі.
Еңбек ресурстары- еңбек ету үшін білім, ойлау қабілеті, қажетті физикалық дамуы бар ел халқының бір бөлігі.
Иерархия – (грекше – hierarchia-әулие, arche- билік) – тұтастық элементтері және бөліктерінің жоғарыдан төменге қарай орналасу реті.
Импорт (ағыл. Import - әкелу) - басқа мемлекеттерден елге тауар әкелу, тасу.
Индустриалиизация (лат. Industria – ынта, жігер) – шаруашылықтың барлық салаларында, өнеркәсіпте, әсіресе ірі машиналық өндірісті жасау нәтижесінде елдің аграрлықтан индустриялдық құрылымға өтуі.
Инфрақұрылым (лат.infra – төмен және structura - орналасу)- халықтың күнделікті сұранысын қамтамасыз ету үшін қажетті жүйелер мен қызметтер, құрылыстар, ғимараттар, т.б жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылымға: көлік, байланыс, энергетика, сумен қамтамасыз ету; әлеуметтік инфрақұрылымға (қызмет көрсету сферасы)- білім беру, денсаулық сақтау, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, т.б жатқызылады.
Кооперациялау- белгілі бір өнімді дайындауды бірлесіп атқаратын дербес кәсіпорындар мен жекелеген шаруашылық салалары арасындағы тығыз өндірістік байланыс. Ол өндірісті мамандандырудың күшеюі және қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы нәтижесінде өрістеуде. Ол даяр бұйым шығаратын жетекші кәсіпорын тапсырмасымен бірнеше өндіріс орындары бірігіп, оларды түйіндермен тетіктермен, дайындамалармен, сондай-ақ агрегаттармен, шала фабрикаттармен қамтамасыз ету ісін қамтиды. Аумақтық жағынан жақын жатқан кәсіпорындардың өзара байланыс тиімділігінің жетілдіруді ұйымдастыру тұрғысындағы іс- шара.
Мұның да мамандандыру түрлеріне сәйкес 3 түрі бар. Ол аумақтық (аудан іші немесе ауданаралық) немесе салалық (сала ішіндегі немесе салааралық) принцптер бойынша ұйымдастырылады, өнеркәсіптің экономикалық ұтымдылығын арттыруға бағытталған өндірісті ұйымдастырудың аса маңызды формаларының бірі.
Құрамдастыру – бір кәсіпорын аясында әр түрлі өнімдер шығаратын бірнеше өндірісті технологиялық жағынан аумақтық және ұйымдық тұрғыда біріктіретін өндірісті ұйымдастырудың прогресшіл түрі. Ол келесі үш түрде: шикізат өнімдерінсатылап өңдеу; шикізат пен отынды кешенді пайдалану; қалдықтарды қолдану бағытында жүзеге асырылады. Бұл форма-металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп тамақ, ағаш, мұнай өңдеу, т.б. салаларда кеңінен қолданылады. Мысалы: толық циклді металлургия камбинатында бірнеше (шойын, болат, прокат, кокс, химиялық өнім, цемент, т.б.құрылыс материалдарын өндіру)өндіріс түрлері біріктірілген.
Қызметкерлердің тапшылығы (лат. defecit - жетіспеу)-қызметкерлердің жетіспеуі, жұмыс орынының жұмыс істеуге ынталылардан көп болуы.
Мамандану (лат.specialis дара, ерекше)- Ауданның мамандануы-ауданда белгілі өнім өндірісі немесе белгілі қызмет көрсету түрінің шоғырлануы.
Мамандандыру- белгілі бір дайын өнімді, оның жеке бөліктерін даярлау немесе дербес технологиялық операцияларды орындау ісі арнайы бір салаға, оқшауланған кәсіпорныға оның ішіндегі құрылымдарға жүктелуі. Осы тұрғыдағы оның 3 түрі ажыратылады: заттық немесе нақтылы бір дайын өнім шығаруға мамандандыру (станок, автомабиль жасау, аяқкиім, т.б.); тетіктік немесе өнімнің жеке бір тетігін жасауға мамандандыру (поршень, шарик-подшипниктер, реле, т.б.); технологиялық кезеңдерге немесе стадиялық мамандандыру (құрастыру) цех, иіру фабрикасы, құю зауыты, т.б.
Мегалополис (грекше megas-үлкен және polis – қала; бұл атау 35 мекеннің қосылуынан пайда болған ертедегі грек қаласы Мегалоаполь атымен аталған) – бірнеше қала агломерациясының бірігуінің нәтижесінде пайда болған ең ірі қоныстану формасы.
Мигарция (лат. migratio – көшіп - қону)- халықтың аумақтар бойынша көші-қоны (қоныс аудару, мезгілді және тербелмелі көші-қоны).
Миграция сальдосы (итал. saldo өтемақы, есеп, қалдық) – халықтың механикалық өсімі тәріздес белгілі аумаққа қоныс аударып келушілер мен белгілі уақыт аралығында қоныс аударып кетушілер саны (бір жыл ішінде) айырмашылығы.
Нәрестелер өлімі – туған мың нәрестеге шаққандағы бір жасқа дейінгі өлгендердің саны.
Негізгі өндірістік қорлар-материалдық өндірістің машина жасау, құрал-жабдықтар, өндірістік ғимарат, құрылыстар салуда пайдаланылды.
Өнеркәсіп – адамзат қоғамының өндіргіш күштерінің даму денгейіне ықпал етуші шаруашылықтың жетекші саласы. Ол өзі үшін де, шаруашылықтыңбасқа да салалары үшін де әрі адам игілігіне қажетті өзге де материалдық құндылықтарды өндіретін бірегей кешен. Ол шикізат пен материал, отын мен энергия өндірумен бірге өзінің құрамындағы түрлі салалардан алынған немесе ауыл шаруышылығында өндірілген өнімді ары қарай өңдеумен де айналысатын сан мыңдаған арнаулы кәсіпорныдардың жиынтығы. Құрылымы өте күрделі осы кешеннің салаларын атқаратын міндеті мен технологиялық ерекшеліктеріне қарай өндіруші және өнеркәсіп түрлеріне топтастырамыз. Өз кезегінде өндіруші өнеркәсіп өзінің еңбек затын табиғаттан алса, өндіруші өнеркәсіп еңбек өніміне айналған заттарды ғана өңдейді.
Өнеркәсіп орталықтары - өнеркәсіп салаларының шоғырланып орналасуымен ерекшеленетін қала немесе кент аумағы. Өнеркәсіп орталықтары, негізінен, өндірістің ауқымдылығымен және құрамының күрделілігімен ерекшеленеді. Ол индустриялдық мазмұндағы қызметімен қоса әрі көлік қатынасында маңызды рөл атқарады. Әдетте, өндіруші өнеркәсіп орталықтары (шахталар, кеніштер, т.б.) өңдеуші өнеркәсіп орталықтарымен (машина жасау, химия, т.б.) салыстырғанда тар профильді болып келеді. Өйткені өндіруші өнеркәсіп орталықтары белгілі бір шикізат түрін немесе табиғат қорын пайдаға жарату мен ғана шектеледі, ал өндәруші өнеркәсіп орталықтарының өндірістік профилі өзінің жан – жақтылығымен сипатталынады. Өнеркәсіп орталықтары өзі орналасқан аумаққа қатысты үйлесімді ұйымдастырушылық рөл атқара отырып, сол жердегі өндіргіш күштердің қарқынды дамуына да зор ықпал жасайды.
Өнекәсіп торабы – ортақ мүдделі жағдайда бірыңғайлы көліктік географиялық орнымен, өзара өндірістік – технологиялық байланыстармен бірлестірілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың серіктесіп орналасқан аумағы. Өнеркәсіп торабы бірнеше қаалар мен олардың маңында орналасқан кенттерді қамтиды, өте сирек жағдайда бір қаланың аумағымен де шектелуі мүмкін. Атқаратын қызметіне қарай өндіруші өнекәсіп торабы және өңдеуші өнеркәсіп торабы болып бөлінеді. Өндіруші өнеркәсіп торабы: көмір, мұнай, қара металлургия, т.б салаларға, ал өңдеуші өнеркәсіп торабы: машина жасау, химия, тоқыма және басқа да тармақтарға бөлінеді.
Өнеркәсіптің кооперациялануы (лат. cooperatio – ынтымақтастық, әріптестік)-белгілі бір өнімді бірлесіп шығаратын маманданған кәсіпорындардың арасындағы өндірістік байланыс.
Өндіруші өнеркәсіп - минералдық ресурстар, кен байыту, құрылыс материалдарын, басқадай шикізат түрлерін өндіру, балық аулау, ағаш дайындау, т.б. салалары жатады.
Өндірістік ұйымдастыру - сапалы өнім шығару, оның түрлерін көбейту, еңбек өнімділігін арттыру, өндірістік шығындарды азайту, еңбек жағдайын жақсарту және мамандардың біліктілігін көтеру негізінде өндіріс орынының тиімділігін көтеру мақсатындағы еңбек процесі мен өндіріс заттарын уақыт пен кеңістікте ұтымды ұштастыруға бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Ол негізгі, көмекші, қызмет көрсетуші өндірістер мен басқару процестерін қамтиды. Өндірісті ұйымдастыруда түйдекті, дара және партиялық әдістер қолданылады, соңғысында алғашқы екі әдіс ұштастырылады. Өндірісті ұйымдастырудың маңызды формаларына: құрамдастыру, шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау жатады.
Өңдеуші өнеркәсіп – аралық өнімдер мен даяр бұйымдар алумен шұғылданатын: металлургия, химия, машина және құрал-жабдықтар жасау, металл және ағаш өндеу, тоқыма тамақ т.б. өнеркәсіп салаларынан тұрады. Өнеркәсіп өзі шығаратын өнім түрлеріне қарай екі үлкен топқа бөлінеді: 1) «А»тобына немесе ауыр өнеркәсіп бөлігіне өндіріс құрал-жабдықтарын (станок,прокат, минералдық тыңвйтқыш, целлюлоза т.б.) жасап шығаруға; 2) «Б» тобына немесе жеңіл өнеркәсіпке күнделікті тұтыну заттарын (тігін, балық, астық өнімі, тағамдар, үй мүліктері, дәрі-дәрмек, т.б.) жасайтын салалар кіреді. Аталмыш қос салалық топ бірнеше кешенді салаларға бөлінеді, ал олар өз кезегінде тармақталып жекеленген өндіріс түрлеріне жіктеледі. Мысалы, машина жасау өнеркәсіп кешені – ауылшаруашылық, энергетикалық, көліктік машиналар, станок, аспаптар жасау, т.б. салаларға бөлінеді, олардың өзі ары қарай жеке өндіріс түрлеріне (көліктік машина жасау-автомабиль, авиация кеме жасау,т.б.), олар өз кезегінде жеке (автомабиль жасау – автобус, жүк, жеңіл, спорттық,т.б) арнайы бағыттарға тармақталады.
Приватизация (лат. privatus - жеке)- мемлекеттің меншігіне жеке қожайындарға беру, жекешелендіру.
Рекрация (recreatio – қалпына келтіру). Рекрациялық ресурстар – адам денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, жақсы демалыс үшін жасайтын ресурстар.
Субсидия (лат. subsidium –көмек, қолдау)- мемлекеттен әлдебір аймаққа, әлеуметтік топтарға, салаларға бөлінетін ақша қоры.
Терминал (лат. terminus – шектен шығу, соңы) – көлік торабының жекешеленген, маманданған бөлігі (мысалы, теңіз портындағы мұнай айлағы, т.б.).
Урбанизация (лат. urbanus - қалалық)- қала халқының үлес салмағының өсуі, қалалар рөлінің артуы және қалалық өмір салтының таралуы процесі.
Халықтың аймақтарға шоғырлануы (лат. concentratio – жинақталу, үйірілу)-халықтың жеке, орталық, зона, аудандарға шоғырлануы. Шоғырлану процесі халықтың әркелкі орналасуын күшейтеді.
Халықтың табиғи өсімі – туу мен өлім саны аралығындағы айырмашылық.
Шаруашылықтың салалық құрылымы - өнімнің бағасы, негізгі өндірістік қордың бағасы және жұмыс істейтіндердің саны бойынша әр түрлі өнеркәсіп салаларының арасындағы өзара арақатынасы.
Шоғырландыру - өндірісті ірілендіру мақсатында өндіріс құрал-жабдығының, еңбек қорларының және өндірілетін өнімінің барынша іргелі кәсіпорындарға тоғыстырылып жинақталуы. Осындай кәсіпорын аясында – еңбек құралдарын, т.б. жарақатарды жетілдіріп жаңғыртып отыру еңбек және шикізат ресурстарын үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру, тиімді. Олардың ұсақ немесе орта кәсіпорындарға қарағанда техникалық-экономикалық, т.б. артықшылықтарымен қатар пайдасы да мол, бәсекеге қабілеті де зор.
Экономикалық аудан- экономикалық – географиялық жағдайы, табиғи, еңбек ресурстары мамандануы. Өндірістің өзара байланыстылығы бойынша айырмашылығы бар аумақ.
Экологиялық жағдай – белгілі аумақтағы қоршаған ортаның табиғи жағдайы. Адамның тіршілік әрекеті жағдайларымен бағаланады. Экологиялық жағдайдың нашарлауына қарай қанағаттанарлық, дағдарысты, ауыр, апатты және шиеленіскен экологиялық жағдайлар деп бөлінеді.
Экологиялық белсенді халық – жұмыспен қамтылған халық (жұмыс істейтіндер) пен жұмыссыздарды біріктіреді (белсенді түрде жұмыс іздеушілер және еңбекке даярлау).
Экспорт (ағыл. Export – сыртқа шығару)- басқа елдерге тауар шығару.
Этнос (ағыл.ethnos - халық) – адамдардың – тайпа, халық, ұлыс тарихи қалыптасқан тұрақты топтары.
Лекция 1
Тақырыбы: ХХІ ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық саясаты
Осы заманғы Қазақстан Евразияның төріне орналасқан бірегей мемлекет. Оның елбасы және орындаушы өкімет билtушісі Президент болып табылады. Республиканың заң шығаратын жоғарғы органы - қос палаталы (сенат және мәжіліс) Парламент, әкімшілік басқаруды Министрлер Кабинеті жүзеге асырады, ол министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің жұмысына басшылық етеді.
Қазақстанның жер аумағы 2,7 млн. шаршы шақырымнан асады, мұның өзі жер бетінің 2%, Азия аумағының 6,1%, бұрынғы КСРО иемденген жердің 12,1%, батыстан шығысқа дейін 3000 шақырымнан, солтүстіктен оңтүстікке дейін 1700 шақырымнан астам жерді алып жатыр. Республикамыз солтүстік-батыста Еділ, Орал және Батыс Сібірмен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан жене Түркмениямен,' оңтүстік-шығыста Қытаймен шектеседі. Республика шекарасының жалпы ұзыңдығы 15мың шақырымнан астам, оның 12 мыңы - құрғақ, 3 мыңнан астамы Каспий және Арал теңіздері бойынша су жолдары.
Республиканың аймақтары әкімшілік жағынан 14 облысқа, 162 селолық жәпе 30 қалалық аудандарға бөлінеді, мұнда 83 қалада 16,5 млн. адам тұрады, оның 7,8 миллионы қазақтар.
1991 жылы тәуелсіздік алған кезінде Республиканың экономикалық тұжырымдамасы болған жоқ, оның экономикасы әр қилы дамыды. Соның салдарынан Қазақстан терең дағдарыстарды бастан өткерді. Ең алдымен нарықтық экономикаға өту - ұзақ, күрделі және қарама –қайшы үдеріс екенін ескеру керек. Дүниежүзілік тәжірибе бүкіл шаруашылық жүйесін түбегейлі қайта құруға байланысты әлеуметтік – экономикалық реформалар өндіріс деңгейінің, халықтың тұрмыс деңгейінің елеулі төмендеуіне әкеліп соғатынын дәлелдейді. Егемендікке қол жеткеннен кейін Қазақстан алдына республика ерекшелігін және дүниежүзілік тәжірибені ескере экономикалық дамудың дербес жолдын белгілеудің күрделі міндеті қойылды.
Сонымен Қазақстанның экономикасының қазіргі жағдайы ең бастысы әлі алда екенін және алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстанда ықтимал мүмкіндіктердің бәрі бар екенін көрсетеді.
Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасында (1992 жыл) Назарбаев Н.Ә. экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдің шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтулі жалғастыру болатынын атап көрсетті:
- I кезең 1992-1995 жылдарды макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процестерін қамтиды: меншіктің едәуір бөлігін жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру;
- II кезең (1996-2005 жылдар) экономиканын шикізат базасын өзгертуге қадам басу үшін телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту, сонымен бірге дамыған тауар және валюта нарықтары капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар мен интеллектуальды меншік нарықтарын қалыптастыру үшін қажет;
- III кезең (2006-2012 жылдар) экономиканың ашық түрін жедел қарқынмен дамыту, осының негізінде өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға жету және Қазақстанның әлемдік индустриальды елдер катарына кіруі мен әлемлік саудада позициясынын нығайуымен сипатталады. 1997 жылдын қараша айындағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қортындысы шығарылды, тежеуші факторлары айкындалды. 2030 жылға дейін жүзеге асырауға көзделген жеті ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді[ 7].
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мына үш кезенде болуы қажет:
- 1998-2000 жылдар; 2001-2010 жылдар; 2011-2030 жылдар.
Ұзақ мерзімді басылымдықта Қазақстан Республикасы Президенті “ Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік – нарықтық экономика құрудамыз” деп тағы да атап көрсетті. Қабылданатын заңдар мен шешімдер біздің стратегиямыздың жүйесінде болуы керек.
“ Қазақстан – 2030” бағдарламасының біріші кезеңінде 1998-2000 жылдар көздеген мақсаттардың жүзеге асуын қорытындылағанда Қазақстан Республикасы Президенті 2000 жылдың 21 ақпанында Республика Үкіметімен кездескенде осы бағдарлама әрбір басшының столындағы кітап болуы тиіс деді[ 15].
XXI ғасырдың қарсанындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының бес басты бағыттарын айтты:
- әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту;
- басқарудың тиімділігін арттыру;
- өндіріс секторына несие беру;
- экономикалык шикізат бағдарын өзгерту;
- аймақтық диспропорцияларды жою.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының осы бағыттарына кеңінен тоқталайық.
Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп - ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Үкімет қазіргі кезде жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес туралы бағдарламаны дайындауда Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рол берілді.
Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді кеңейтуге, негізделген өндірістерді құруға және дамытуға ат салысуы қажеттігі көздеді. Ел Президенті: «Балтық елдерінде шағын және орта бизнестен әжептәуір дамуында үлкен тәжірибе жинақталғанын көрсетеді. Осы елдерде бюджет кірістерінің жартысынан көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де әлемлік нарықта ауытқуларға төменгі деңгейіне тәуелді болуы[ 3].
Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі басымдығы біздің экономикомыздың шикізаттық бағдарын өзгерту болып табылады. Әзірге осы мәселені шешуге байланысты кешенді құрылымдық саясат жоқ. Отандық шикізаттың жаңа, бірінші, екінші, үшінші және төртінші сатыларын құруда ауыл шаруашылығын оңдеу өнеркәсібін құру мен дамытуда айқын белгіленген стратегиясы, импортты алмастыру бағдарламасы жоқ.
Мұнай өңдеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өңдеу және мұнай өңдіру үшін машина жасау өнеркәсібін дамыту міндеттері қойылды Бұл тек өнеркәсіптің шикізат бағдарын жоюдың бірқатар жолдары. Осы жұмыстың негізгісі - бәсекеге қабілетті баға мен технологиялық сапаны қамтамасыз ету. Сонымен қатар мынадай міндет қойылды. Бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін құру[ 5].
Экономикалық саясаттың тағы бір бағыты аймақтардың дамуындағы диспропорциялар, әсіресе оңтүстік пен солтүстік аудандардағы диспропорциялар оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша, халықтың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорциялардың салдары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің әлі іске жаратылмаған әлеуетінде жаңа жұмыс орындарын құруды, шағын және орта бизнесті дамытуда қарастыратын көшіп-қону саясатын жасау міндеті қойылды Осыған байланысты кәсіпкерліктің өмір сүру мен одан әрі даму мәселесі қойылды. Осы жерде халықты жұмыспен қамту, азаматтық құқ, халықтың табыстары, нарықтың коньюнктурасын жақсарту, нарықтық бәсекені қажетті деңгейде ұстау және дамыту сияқты үлкен мәселелердің бастаулары қиылысады[ 11].
XXI ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық саясатының ең негізгі міндеттері: әлеуметтік ахуалды және кәсіпкерлік қызметтің одан әрі қалыптасуын жақсарту.
1.2. Экономикалық даму мен әлеуметтік ахуалды жақсарту жолдары
Монополия мемлекеттік экономика жагдайында кәсіпкерлік қызметке жүк тек қана мемлекетте болады.Нарықтық экономика кәсіпксрлік қызмет үшін тек қана мемлекетке ғана емес, сонымен бірге әрбір кәсіпорынға, әрбір жеке адамға мүмкіндік ашты, бұл жағдай нарық экономикасының тұтынушылар қажетгіліктері мен ҒТП-ке жедел түрде қарауын қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік қызметті құру өтпелі кезеңде мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Барлык деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым. халықты барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге халықтың өмір деңгейін көтеруге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін кажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті[14].
Нарық жағданында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына түрде бөлуге болады:
- масштабы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;
- кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары - жеке тұлғалар келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ зкономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік. серіктестік. кооперативтер, акционерлік қоғамдар. холдингтер мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.
Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің дамуы кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады[ 6].
Атақты неміс ғалымы. Экономист Йозефа Аиза Шумппетердің (1883-1950 жылдар) пікірі бойынша. кәсіпкерлік жаңа игілікті жасауға немесе осы немесе басқа игіліктің жаңа сапасын жасауға өндірістің жаңа әдісін ендіруге. жаңа өткізу нарығын игеруге, шикізат немесе жартылай фабрикаттардың жаңа көздерін табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге бағытталған.1
Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуелсіздікке өз бетінше жұмыс істеуге негізделген экономикалыкқ ойлаудынң ерекше типі.
Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын — жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады
[ 18].
Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экомомикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.
Атақты ағылшын ғалымы, экономисі Альфред Маршалл атап көрсеткендей, нарық экономикасының негізгі қасиеті -«кәсіпкерлік пен өндірістің еркіндігі». А. Маршаллдың бойынша - кәсіпкер - экономикалық процесстерді жеделдетуші.
Нарық экономикасына өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық мәселелерді шешкен жоқ. Оларды шешу үшін мемлекеттің үйлестіру рөлі қажет[ 4].
Достарыңызбен бөлісу: |