ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Геология» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет6/9
Дата09.06.2016
өлшемі3.71 Mb.
#124621
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мұз шөгінділері. Мұз аккумуляциясы негізінде море­на шөгінділерінен құралады. Олар төрттік кезеңінде солтүстік жартышардағы құрлықтың aумақты өлкелерін бүркеді. Морена шөгінділерне төрт рет «емес» деген сипаттама сай. Олар: 1) жұмырланбаған; 2) ірі-уағына іріктелмеген дөңбектердің, құм-қиыршықтың, құмайт, саз-балшықтың үйіндісінен тұрады; 3) кабаттасу кейпі байкалмайды; 4) жыныстар кесектсрінің құрамы неше түрлі, өйткені мұздықтың жолында тап болған барлық тау жыныстары қиратылып үгіліп, мұзбен бірге көшеді. Оның үстіне дөңбектердің беті қым-қигаш айғыздалған, әжімделген болады. Мореналар жер бетінде көптеген әр бағытта созылған төбешіктер кұрайды. Егер олар мұздықтың жылжыған бағытын бойла­ган ұзын жалдар түзсе, оларды друмлина (ирланд тілінде дөң) дейді, ұзындығы 1-2 км, көлденеңі 400-600 m биіктігі 15—30 m шамасында. Друминалар топталып жайылып, ерте замандарда мұз басқан аумақты аймақты құрды.

Мұз суының ағыны және оның шөгінділері.

Мұз айдынының беті үнемі буланып, еріп отырады да олар мұзбен құрсауланған нағыз өзендерге айналады. Тасқын мұз бетімен де, оның жарықтарын бойлап та, мұз табанымен де ағады. Ағындары жол бойында кездескен морена үйінділерінен құм-лайды ағызып әкетіп, оларды әрі апарып шөктіреді. Осылайша мұз суынан шөккен угінділерді флювиогляциялдық шөгінділер дейді. Олар жер бетінде зандр, оз, кам деп аталған бедерлер түзеді.

Зандрлар (датша «зандр» — құм) деп негізгі моренаның сырт жағында құм, қиыршық, малта үйіндісінен қалыптаскан жайпау бедерді атайды. Мұз астынан жайық жерге шыккан судың ағысы кілт баяулайды да көптеген арналарға бөлініп, жайылып кетеді. Сонда ағызып жеткізген үгінділердің барлығы шөге бастайды. Ақырғы моренаның жиегінде ірі кесектері — малта қиыршық, ірі құм шөгеді, әрі қарай ауқымды өлкеде құм үйіледі, одан әрі ағысы әбден басылғанда құмайт, лай шөгеді. Сонымен зандрлы аймақ негізінде құм шөгінділерден құралады. Бет бедерінің көлбеуі 3—5° шамасында.

Оздар (швед тілінде «азар»— жал) деп мұздың көшу бағытында созылған ұзын, жіңішке жалдарды, қырқаларды атайды. Олардың ұзындығы ондаған жүздеген метрден ондаған километрге, биіктігі 3-5 метрден 50 метрге жетеді. Жал, қырқалары көбінесе тузу бағытта созылады, кейде өзен аңғары секілді иірімделіп отырады. Бұл мұздықтың асты-үстінен, арасынан аққан тасқын суының бағытына байланысты. здар жақсылап шайылған, қабаттасуы айқын құм-қиыршық, малта тастардан тұрады.

Қамдар(немісше — қырқа) деп орташа биіктігі 10—12 м қисық пішінді төбелерді атайды. Олар мореналық дөңбектер араласқұм,құмайт, балшықтардан тұрады. Кейде құм мен балшық жұқа таспадай қаттар түзеді. Қамдар орнынан жылжымаған мұз бетінде ол тезеріген шақта көлшіктер пайда болып, жан-жақтан құйған жылғалардың ірілі-ұсақтығы әр түрлі шайындылар дан құралғанын көреміз. Аталмыш бедерлердің барлығы да Балтық маңындағы, Беларус, Вятка өлкесінде, қысқаша айтсақ, төрттік кезеңінде мұз басқан аймақтарда кездеседі.

Мұздық көлдерінің шөгінділері. Мұз астынан аққан суды жер бетіндегі төбе немесе морена жалдары бөгеп, мұздыктың сыртында көлдер пайда болады. Олардың жағалауы арасында малта және қиыршық аралас құмдар шөгеді, тереңірек тұсында лай тұнады. Маусымға байланысты олар ырғақталып кабаттасады. Жаз кезінде мұздық қатты ериді де су молайып, көлге құм-кұмайт төгеді. Қыс маусымында мұз қатып, көлге су құйылмайды да одан тек лай тұнады. Осындай ретпен қосақталып жұқа қабаттасуды (жаз-қум, кыс-балшық қабат) таспалы қабаттасу дейді. Қос таспа қабатты бір жылға теңеп, мұздықтан туған көлдің жасын қайыруға болады.



Жер тарихындағы мұз басу дәуірлері. Сипатталған мұзарттың, мұз суының шөгінділері және олар құрған жер бедерлері бір кездерде бүкіл аймақты мұздық жапқанын, оның көшіп-қону тарихының дәйекті айғағы. Әсіресе, олар ең ақырғы төрттік кезеңнің тарихын анықтауға керек-ақ. Өткен ғасырда зерттеушілер Еуропаның барлық жазық және тебе-адырлы өлкелерінде жайылған қойдай бытырап жатқан қойтастарды байкаған. Бір қызығы — олардың құрамы төңірегіндегі түпкі жыныстардан тым өзгеше, ал дөңбектері көбіне Карелия мен Скандинав түбегінде opын алған гранит, гнейс жыныстарына ұқсас екен. Осындай эрратикалық қойтастарды зерттеп келе өткен ғасырдың 70-жылдарында орыс ғалымы П.А.Кропоткин (әйгілі анар­хист) мен швед окымыстысы О. Поррел мынадай тұжрымға келеді: кезінде Еуропаның теріскей жағын калың мұзарт баскан, жанағы қойтастар мұздарға ілініп көшіп келген.

Қазіргі төрттік кезеңінде Солтүстік Американың,Еуропаның аумақты өлкелерін мұздық жапқаны айдай анық және таулы өлкелерді де мұз басқан. Мұздық жапқан құрлықтың ауданы қазіргіден үш есе асып, 45 млн км2 жеткен. Фактілік деректерге сүйенсек, мұзарттар дүркін-дүркін еріп жоғалып, мұзаралық дәуірлермен алмасып тұрған.Оның дәлелі - геологиялық қабаттар қимасында мұздық мореналар құрамында жы­лы климатты жағдайдың мақлұқаттары мен өсімдік дүниесі сақталған өзен-көл-батпақ шөгінділерімен алма-кезек қабаттасып жатады.Ендеше,мұздықты кұрастырған суық ауа мезгіл сайын жылы шуақпен алмасып тұрған. Сонда кейінде құрыған мұздың орнында көл-батпақтар жайылып, өзендер ағып, бәрінің жағалауында ірі жапырақты немесе қылқан жапырақты орман-тоғайлар өскен.Осылайша Еуропада да, Орыс жазығында да 4— 5 рет мұз басу және мұзаралық дәуірлер өткен. Өкінішке орай ірі аймақтардағы мұз дәуірлерін бір-бірімен дәлдеп тұтастыру әзірше мүмкін болмай тұр. Күннен ырғақты тәртіппен алыстауы. Жер Күнге ең жақын тұсқа (перигелиге) жеткенде ол қысқа мерзім қызады, ал Күннем Жер алыстаған кезде (афелиде) суық түседі. К. Миланкович есептеп салған ирек сызықтан төрт температуралық минимумы көзге ілінеді де, кейбіреулер төрттік кезеңінде өткен мұздық дәуірін солармен теңейді. 1976 жылы тереңнен көтеріп алған теңіз шөгінділерінін бағанасын зерттей келгенде, расында да, 100, 42—43 және 24 мың жылдарға дәл түскен циклдер анықталды. Дегенмен көптеген оқымыстылар К. Милан­кович болжамын қолдамайды. Өйткені онда атмосфера циркуляциясының әсер-ықпалы мен клинматтың өзгеруіне күшті себептер Жердің ішкі динамикалық процестері есепке кірмеген.

Атмосфера құрамының өзгеруі кейбір ғалымдардың жобалауы бойынша, жер бетінің сууына әкеп соғады. Ауа құрамындағы көмір қышқыл газы күн сәулесін жер үстіне кедергісіз өткізеді де, керісінше, одан шағылған сәулені ұстап қалады, сөйтіп ол жылудың изоляторы болады, осы құбылысты физикада парник эффекті дейд. Ендеше, С02 газы атмосфера құрамында өссе жер беті жылып, азайса —салкындайди. Есеп-қисап бойынша егер көмір кышқыл газдың атмосфера- , дағы мөлшері екі есе азайса, жер бетінің температурасы 4—5°С-ке төмендемек, керісінше, екі есе асса, температура 8--9°С-ке көтерілмек. Академик В. Е. Хайн протерезой эрасындағы мұз басуды осылайша түсіндіреді. Керісінше 1850 жылдан бері көмір қышқыл газының атмосферадағы мөлшеріекі еседен артқан көрінеді; содан келіп қазірде жер бетінің орта жылуы солтүстік жарты шарда 0,6°С-ге өсіпті.

Әйгілі ғалым С. Аррениус жанартаулар атқылауынан атмосферада С02 газы көбейеді деп тапқан болатын. Дегенмен жанартаулар атқылаған кезде аспанға аса мол күл ұшады да ол күн сәулесін Жерге жеткізбей шашыратып және шағылыстырып жібереді. Мысалы, 1883 жылы Иидонезнядағы Кракатау жанартауынын атқылауыман кейін екі жылдай Жер жүзінде салқын болды. 1963 жылы Индонезиядағы Агунг жанартауы атқылағаннан кейін Еуропада, Тынық мұхиттың орта шенінде Күн радиациясы бір жыл бойы едәуір кеміді. Салдарынан 1964, 1965 жылдары ақырғы қара суықтар Мәскеуде 15, 22 күн кешігіп, мойыл әдеттегідей екі апта кеш шешек атты. Осындай мысалдар көп-ақ. Сонымен Жер бетінің суынуын тек көмір қышқыл газының мөлшерімен байланыстырудың қайшылықтары бар, онын үстіне газдан температураның төмендеу мөлшері тым шамалы.

Мұхит деңгейінің өзгеруі. Жер шарының амосферасы мен гидросферасы денедегі қан жүргендей үйлесімді. Тропиктен полюстеpгe қарай бағытталған мұхиттардын ағысы аса мол жылу жеткізеді; керісінше, жоғарғы ендіктерден тропикке қарай жол алған ағын ызғар әкеледі де Жерді суытады, мұздықтар өседі. Ал мұхиттардың ағыс жүйесінін өзгеруіне олардың денгейінің шалқып не болмаса төмендеуі әсер етеді. Жердің эндогендік динамикасын әсері. Жер үстінің климатынын ойсырап өзгеруіне оның бедерінің өзгеруі үлкен әсер етеді, ал рельефтің өзгеруі ішкі күштерге тікелей байланысты. Ксйінгілердін салдарынан тау сілемдері бой көтеріп, құрлықтар өседі, мұхиттардың ауданы кемиді. Қейінгі неоген төрттік кезеңдерінде Альі, Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Гималай, Кордильер тay жүйелері бой түзеп құрлык пен текіздердің ара көлемдері өзгерді. Таулар бөгет болып, атмосфера циркудяциясының бағыттары мен мұхит ағыстары, онан соң климат та өзгерді.Жас таулардың бастарында тау мұздықтары пайда болады. Енді олардың ызғары барлық құрлықтарға жайылп, ақырында төрттік кезеңінде қалын мұзарттар жаралды.

Мұз басудың тектоникалық қозғалыстарға тікелей байланыстылығын Жердін барлық геологиялық тарихынан байқауға болады Жоғарыда кестеде көрсетілген мұздык дәуірлері кезінде жойқын тектоникалық қозғалыстар өтіп, тау сілемдері жаралыл, құрлықтардың аумағы өсті, теңіздер шегінді. Осылайша сонғы палеозой (таскөмір — пермь) мұз басуы герцин қатпарлануына тура келді, жоғарғы ордовик - силур мұз дәуірі каледон қатпарлықтарынын есесіне дәл түсті, сонғы проте-розойдағы мұздықтар байқал қатпарлығымен қатар болды. Осындай біртектестікті кездейсоқ нәрсе деу ақылға сыймайды, қайта ол заңды қүбылыстың нышаны сияқты. Қазірде көтеріп жүрген геологиялық теория- плиталар тектоникасы түсінігіне сүйенсек, құрлық плиталар әр кезеңдерде өздерінің кескін-иінідерін өзгертіп, Жер полюсімен салыстырғанда сеңдей соғылысып, орнынан ауып, көшіп, бөлшектеніп жүреді. Сонда полюстерге жақын орын тепкен материктердің бет температурасы төмендеп, жауған қар еріп үлгірмейді де оны мұз-тоң басады. Кейін құрлык жылжып төмсн ендіктерге ауған тақта мұздығы еріп кетеді. Бірақ осы тұрғыдан қарасақ, айналасы бір миллион жыл шамасындағы төрттік кезеңінде құрлыктардың айтарлықтай ығысып-көшуі байқалмайды.Қорыта келгенде, жоғарыда қысқаша мұз басудың себептері туралы болжамдардың ішіндегі ең нанымдылары эндогендік және астрономиялық факторлар деу абзал. астам.



Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. .


2. Геологиялық кезеңдерді атап беріңдер?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4.
6 дәріс Жердің ішкі (эндогендік) динамикасы.
Мақсаты: Жердің ішкі (эндогендік) динамикасымен танысу.

Жоспар:

1. Эффузифтік магматизм (Вулканизм).

2. Интрузивтік магматизм.

3. Жер сілкіну.


6 дәрістің конспектісі

1. Эффузифтік магматизм (Вулканизм).

Вулкандық процесс үш сатыға бөлінеді: бастапқы (субвулканды), басты (оны жанартау атқылауы дейді) және ақырғы (фумаролды). Субвулканды саты. Жердің жоғарғы мантиясында күшті қызудан балқыған магма жаралады да ол қысым әсерінен жоғары көтеріліп, магмалық ошақты (камераны) толтырады. Кейінірек магма жыныстың жарықтарын бойлап әрі қарай жоғары көтеріледі. Ол кезде магманың құрамы базальтқа тең. Жол-жөнекей магма жапсарындағы тау жыныстарын балқытып, оларды құрамына қосып (ассимиляция) жарықтарды кеңейіеді, содан құрамы қышқылдана түседі. Шамамен жер бетінен 2—3 км тереңдікте магмада еріген газдар мен су буы бөліне бастайды, тасиды. Физикадан білетініміз — бу бөлінгенде оның көлемі 1110 есе артып, мол энергия туғызады. Осы құбылыс салдарынан газдар мен бу уггін басқан тау жыныстарын майыстырып, жарып, сындырып, жер бетіне жетеді. Олардың ізімен магма да жер үстіне жетіп, лава төгіледі. Барлығының жоғары көтерілу қысымынан ол маңда жер сілкінеді. Магма ошағының жер қойнауындағы орны мен көлемін сол сейсмотолқынды зерттеп анықтайды. Осылайша анықталған Клю­чевская жанартауының ошағының көлемі 10—20 мың км3 және оның терендігі 5 км екен.

Вулкандық процестердің басты сатысы жанартаудың атқылауынан басталады. Балқыған және қатты вулкандық жыныстар жанартаудын айналасына жинала келе конус пішінді тау құрайды. Оның төбесі жазык келеді де орта тұсында шұңқыр — кратер пайда болады. Кратердің түбіндегі өзегі (жерло) магманың каналымен ұштасады. Жанартау кратері атқылау саны жиілеген кезде оның жан-жағы опырылып кетіп, үлкен ойыс шұңқыр пайда болады да оны каль­дера деп атайды, оның диаметрі бірнеше километрге жетеді. Кейіннен атқылау қайта басталса кальдераның ортасында өзінің кратері мен өзегі бар жаңа конус түзіледі. Кратердің доғадан иілген үйіндісін сомма дейді.

Жанартау атқылауының классификациясы. Атқылауына және заттарының түріне қарай жанартаулар әрекеті үшке бөлінеді: эффузивтік (төгілмелі) — сұйық лава басым болады; пирокласты (грекше пирос — от, класт — сынық) — қатқан бөлшектер атқылауы басым келеді, исилозивтік — газдар қопарылады да өте күшті дүмпулер сезіледі. Осы үш категорияның әрқайсысы бірнеше типтерге жіктеледі де олар өзіне Tsin жанартаудын атымен аталады. Кейбір жанартаулардың лава құрамы еруінс байланысты бір типтен екіншісіне ауысады. Құрлықтағы қазіргі жанартауларда ішрокласты жәнс газ жарылу типтері басым, мұхиттар мен олардың аралдарында көбінесе төгілу жиі кездеседі. Құрлықтағы эффузивтік атқылау мұхит аралдары мен жағалауларындағы жарықтарды бойлай кездеседі; магмасы негізді базальт құрамды. Гекла жанартауынан шығыс жақта 1873 жылы жер сілкіну кезінде 24 км-ге созылған үңірейген жарықшақ пайда болды. Соны бойлап әуелі жанартаулық күл мен қоқыс атқылады да содан соң лава төгілді. Ол жан-жағына тасып, терендігі 180 м аңғарды 80 км бойында түгел толтырды. Лаваның ауданы 565 км2, көлемі 12 км3-ге жетті. Лава өте сұйық болғандықтан жазық жердің өзінен аса жылдам ағып өткен.




14.1- сурет. Жанартаудың құрылысы

1 — кальдера, 2 —сомма, з —конус, 4 — өзегі (кратер). 5 - шсч, 6 —лава толқыны, 7 — вулкан ошағы

Осындай тасқындар Гавай және Жапон аралдарытда, Камчатка түбегінде болып тұрады, Камчаткада 129 жанартау жер жарығынын бойында мұхит жағасына параллель тізбектеліп тұр. Олардың отызй әлі де әрекетін тоқтатқан жоқ. Камчатка жерінің 40% жанартау жыныстарынан түзілген. Атқылау жайына қарасты көбінесе пирокласты типке жатады. Гавай типінде лава кең өзектен төгіледі. Аралдары түгелдей әуелі су астында, кейін құрлық үстінде атқылаған вулкан жыныстарынан түзілген. Әрекеті әлі де болса бар. Мауна Лоа жанартауының биіктігі 4166 м. Сырт пішіні қалқан тәрізді, сондықтан оларды қалқандық вулкан деп те атайды. Оның оңтүстік-батыс баурайындағы Килауэа диаметрі 5 км кратері үнемі балқыған лаваға толып, көл сияқты көрінеді. Лаваның температурасы 1000°С-тен І300°С-қа жетті. 1924 жылы лава тасып, кемерінен асып төгіле бастады. Өңешіндегі лава қайнап, булығып 10—100 м биіктікке шапшыған. Төскейімен аққан лава тасқынының жылдамдығы сағатына 25 километрге жеткен.

Қазірде гавай типті жанартаулар Жаңа Зеландия. Самоа, Исландия аралдарында және Шығыс Африкада (Нирагонго) бар.

Мұхит суы астындағы эффузивтер өте көп. Олар түптегі жарыктарды бойлап төгіледі де терең тұстарда қопарылыссыз баяу ағады. 2—3 км су астындағы қысым жанартау өзегінің қысымынан артық болады, содан кейін жарылыс-қопарылыс болмайды. Нәтижесінде пирокластар тым шамалы (13%). Лавадан бөлінген газдар суға еріп кетеді де онын үстіне шықпайды. Сондықтан вулкан әрекетін құру қиын. Лаваның құрамы — базальт. Ол су түбінде жан-жакқа жайылады, кейде алысқа созылған тасқын пішінді құйылады. Салқын сумен жанасқан базальт тез қатып, шар және жастық пішінді домаланған жіктерге (пилло — лава) бөлінеді. Тез қатқандықтан сыртқы беті шыны тәрізді болады. Тұтқырлығы басым базальттар мұхит түбінде күмбез, конус пішінді құрылымдар түзеді, Кейде төгілген базальттар арасында, не маңында, же|) жарықтары мен жанартау өзегінде, ыстық сулардың — гидротермалардың кремнийлі шөгінділері орын алады. Олардын құрамында мыс, мырыш, қорғасын, күмістің, т. б. элементтердің сульфид рудалары да түзеді. Осындай кендер Тынық Атлант мұхиттарының және Қызыл теңіз түптерінде зерттелді. Мұхит-теңіздер түбіндегі жанартауларға сан жетпейді.

орнында кальдера ғана калды. Кейін су бетінде Анак-Кракатау аталған жаңа конус пайда болды . Оның дүбірі 4800 км-ден де естілген. 36 мың адам қаза шекті. Көлемі 16 км3 күл 800 мың км2 аймақты жауып, аралдың жұрнағында оның қалындығы 80 метрге жетті. Тенізде биіктігі 30 м цунами туып, соның кеселінен және “күл жауынның” ыстығынан ондаған кемелер апатқа ұшырады. Кракатау типті жанартаулардың атқылауы тұтқырлығы жоғары қышқыл магмаға байланысты.

Mаар типті деп қазірде сөнгенін атайды. Сөнген вулкан орнында жиектері кезінде кратерден лақтырылған үгінділермен қоршалған жалпақ ойыс пайда болады. Оның түбінде диатрема (грекше “диатрем”— тесік, сақылау) дейтін байырғы жанартаудын өзегі яғни жарылу түтігі тұрады. 400—500 м тереңдікте ол базальттік не әсіре негізді жыныстардын туындысымен кептеледі де одан жоғары жанартау жыныстарының үгіндісі мен олардың жаншылып, мыжылғанынан шыққан көгілдір балшық жатады.



Осындай вулкандык брекчияны кимберлит деп атайды. Ол әсіресе Оңтүстік Африкадағы Кимберли өлкесінде, Шығыс Сібір қыратында көп тараған. Кимберлит өте негізді жыныстар мен жол бойында олар жарып шыққан жыныстардың сынық-ұнтақтарынан тұрады да арасында алмас және қызыл гранат пироп кездеседі. Осындай құрамынан кимберлит магмасы тым тереңнен жер мантиясынан көтеріліп келе қопарылған мезетте қысым мен қызудың өте күшті болғанын көреміз. Жарылу түтіктерінің диаметрі бірнеше метрден бірнеше километрге жетеді.

Бандайсан типінде су буы бетiнен тереңге жетеді де, буға айналып, артынан атқылап шығады. Жоғарыда сипатталған нақтылы газ-қопарылысты атқылаудан бұл типтің айырмашылығы — етек-жиегінде жақын арада жаралған атқылау материалдары көрінбейді. Бандайсан түрлері Индонезия, Жапон вулканды аймақтарынан табылады.





Африкадағы Камерун мемлекетінің жерінде ел мекендеген Ниос деген көл бар. Оның түбіндегі кішігірім вулкандық жарықтан газдар шығып, олар көл суын шылықтырды. 1986 жылы тамыздың 21-жұлдызында әбден толысқан көмір қышқыл газы қайнап атқылап, маңайындағы барлық тірі жанды уландырды, 1700 адам дүние кешті. Бу — газды фумаролды сатысында вулкан әсері саябырлайды да магма жер үстіне жете алмайды, Жанартау өзегінен газдар мен су булары көтеріледі, ол сарқылдап қайнап жатқан қазанға ұқсайды. Мұндағы газ-су булары бірнеше түрге бөлінеді. Фумарола (итал.—түтін) деп натрий, калийдің хлоры қосындыларына қанық, температурасы 500°С-тен астам газдар бөлінісін айтады. Құрамында аздап марганецтің, мыстың, фтордың қоспалары да болады. Сольфаталар (итал. «зольфо» - күкірт) деп қызуы 90—300° күкірт және хлорлы сутек қышқылдарына қанық газ қоспаларын атайды. Олардың маңайында газдан тұнған қызыл немесе сары (саф күкірттен) түсті қаспақ-қабыршақтар түзіледі. Салқындау (температурасы І00°С-тен төмен) көмір қышқылды сулы фумароларды моффеттер (итал. — сасық жер) дейді.

Фумаролалар топтанып, не жарық бойында тізбектеліп кездеседі. Газы бірнеше метрге шейін шапшиды да жол-жөнекей жыныс арасындағы жарық, қуыстар арасында әр түрлі мииералдардың қабықшасын қалдырады. Жанартау өзегінен шеттеген сайын бу қоюланып, әсіре минералданған ыстық суға айналады да көптеген арасандар түзеді. Олардан су оқтын-оқтын гүрілдеп атқылағанын гейзерлер (исланд тілінде «саңылау») деп атайды. Олардын атқылау мерзімі өте тұрақты болып, 10 минуттен бірнеше сағатқа жетеді. +94+ 99°С ыстық суы натрий, магний, кальцийдің, кремнийдің тұздарын көптен ерітеді. Арасан шыққан маңда олар судан шөгіп, қуыс-кемікті әкті не кремнийлі туфтар түзеді. Гейзерлер Исландияда, Жаңа Зеландияда, АҚШ-тың Иеллоустон паркінде кездеседі. Камчатка түбегінде олар Гейзерлер аңғарында тараған. Қызығы ол аңғарды 1941 жылға шейін мамандар атымен білмейтін. Бұл өлкеде 22 ірі гейзер бар. Ең үлкені «Алып» аталады да ол 4 миниутте бір атқылайды, су бағанасы ауаға 50 м шапшиды. Тынық күні буы 300—400 метрге көтеріледі.

Гейзерлердің тұрақты түрде атқылауыниң механизмі былайша. Сифонды иінді тесікке салқындаған су бағанасы жиналады да оның астындағы бу жол таппай қызады, қайнайды. Бір мезетте соның қысымынан су бағанасы гуілдеп атып ұшады. Артынан барлық әрекет қайта басталады. Су буы мен газдар кейде лаймен қоса атқылап шығады да оларды лайлы вулкандар дейді, Олардың конустары кішігірім ғана: биіктігі 1 — 2 м (кейде 400 метрге жетеді), кратерінің диаметрі ондаған санти­метр, болмаса бірнеше метр. Лайлы ағыны ондаған метрге жайылады да атқылау кезіндегі қызуы + 80+90С-ке жетеді. Лайлы вулкандардың вулканды процеске ешқандай қатынасы болмауы да мүмкін. Жер қойнауының суы мол, саз-балшықты тұсында көмір-сутек газдар шоғырланса, солардың қысымынан баршасы жоғары атқылап 400 метрге дейін шапшиды. Орнында саздан жанартаудағыдай конус пайда болады. Осындай лайлы вулкандар Апшерон, Керчь түбектерінде, Батыс Туркменстанда, Сахалин аралында орын тепкен. Бұл өлкелерде көптеген мұнай-газ кендері бар, ендеше олар лайлы вулкандармен сыбайлас деген тұжырым да айтылады. Тағы бір айта кететін жай, жер сілкіну алдында лайлы вулкандар әрекеті күшейе түседі.

Жанартаулар атқылауының өнімдері. Жоғарыда сипатталғандай, жанартау әсерінен жер бетіне сұйық лава төгіледі, қатты пирокластар атқылайды, газдар бөлініп шығады. Құрылымы әр түрлі лавалар суып, қатая келе эффузивті (төгілмелі) тау жыныстарына айналады. Химиялық құрамына — алдымен кремний тотығының мөлшеріне қарай магмалық жыныстар бес класқа жіктеледі.

1) Қышқылды жыныстар (риолит не липарит) — Si02>65%.

2) Сілтілі жыныстар (трахит) — К, Na мииералдарына бай.

3) Орта негізді (андезит) SiО2 65—55%

4) Негізді (базальт) — Si02 55—45%.

5) Өте негізді — Si02<45%.

Қышқыл лавалар басқаларынан гөрі өте тұтқыр болғандықтан күмбез немесе қысқа, бірақ қалың тасқын ретінде төгіліп қатаяды. Жанартаулардан көбінесе базальтты лавалар төгіліп, тасқындары ондаған (жүзге шейін) километрге созылады, ені жүздеген метр. Егер құрамындағы газдар жанартау өзегінен бөлініп шықса лава тұтқыр, қатайғанда нығыз. Ал, лава газға қанық болса кеуектеніп, көпіріп қатады. Кеуегіне газ мол жиналса аумағы бірнеше метр қуыстар түзіледі.

Газдар лаваны көбіктеніп толтырған жайда құрылымы кемік пемза пайда болады. Қуыстарын кейінірек кальцит, кварц-халцедон, опал-агат, цеолит, хлорит сияқты минералдар толтырады да олар домаланған тары, бұршақ, без, бадам пішінді агрегаттар құрайды. Осындай эффузив жыныстарды бадамды (мандельштейн) деп атайды. Тасқын кезінде тұтқыр қышқыл лава компоненттері ағысты бойлап иленеді де флюдиальды түзілім жасайды.

Лава тасқынының беті қатқан шақта өзендегі сең секілді шоғырлы бұлдырлар түзеді. Мұндай көрініс беткі қабықтары сынып, үгіліп аққан тұтқыр лаваларда жиі кездеседі. Базальт құрамды сұйық лава тасқынында қоюланып, қатая бастаған лаваның бетіне келесі ағыны құйылады да беті бұйраланып, иірген арқан пішіндес болады. Су астына төгілген лава домаланып жіктеледі, ол шар, немесе жастық пішіндес (пиллоу-лава), кейде бағана кейіпті.

Эффузивтік жыныстардың құрылымы лава тез қатқандықтан шыны, жабық кристалды, шала кристал болып келеді. Нағыз шыныдай эффузивті обсидиан дейді. Жабық кристалды дейтініміз — лаваның кристалды құрылымын тек микроскоп арқылы кересің. Төменнен жоғары көтерілген магманың құрамында жолшыбай жеке кристалдар түзіліп үлгіреді де негізгі массасы шыны түрде қатады. Сонда шала кристалды жыныс пайда болады, вулкан шынысы арасында азды – көпті кристалдар бытырап кездеседі. Осындай құрылымды порфирлі деп атайды.Аққан лаваның беті ұдайы сынып, кесектерге бөлініп женттеледі де ондай жынысты агломерат дейді.

Атқылаудың қатты өнімдері. Көптеген континенталдық жанартаулар лавамен қатар қатқан сынық, кесекті, үгінділерді атқылайды. Кесектерінің көлемі титтей тозаңнан әлденеше метрлерге жетеді де соған қарай былайша жіктеледі: 1) вулкандық күл; 2) вулкандық құм; 3) вулкандық сынықтар — лапилли (итальянша “уақ тас”), 4) вулкандық бомбалар мен кесектер. Лава тасыған кезде біразы көкке ұшады да ұршық пішіндес кесектер құрайды. Оларды вулкандық бомбалар дейді.

Жанартаудың күлі қырлы, сүйір, ширатылған жіп пішіндес пемзаның, шынының, минералдардың тегі тек микроскоп арқылы қарап қана ажыратылатын тозаңдардан тұрады. Түсі сұр, сұрғылт, қызыл да болады. Жанартау кратерінен құм, ұсақ тас, ірі кесектер де атқылайды. Осылардың барлығы кейін шөгіп, тығыздалып, өзара цементтеліп, вулқандық туфтар құрайды. Құрамындағы сынықтардың көлеміне байланысты, шөгінді жыныстар сияқты, оларды да күлді, псаммитті,псефитті деп ажыратады да, құрамына сай қышқыл, орта негізді топтарға жіктейді, Егер әлі қатып үлгірмеген лава үстіне сынықтар жауса екеуінің қосындысынан туфолава жаралады. Әлі де толық қатпаған ыстық күл құйындары артынан өзара иленіп, біріге келе игнимбрит (грекше «игнос» — от, жалын, «имбер» —

Нөсер) жынысын түзейді.

Газ-булы заттар. Әр түрлі газдар мен су буы жанартау атқылауының барлық сатыларында да, түрлі типтерінде де бөлініп шығып отырады. Лаванын беті ұзақ уақыт үнемі бұлттанып мұнарланып тұрады. Газдар құрамына көмір қышқыл газы, азот, күкірт тотықтары, сутек, хлор, аргон және су буы кіреді. Қосымша хлорлы және фторлы сутек, су текті күкірт т. т. кездеседі.

Жанартаулардың жер бетінде таралуы. Құрлықтарда кейінгі 3000 жыл арасында мыңға тарта жанартау болыпты, Жер үстінде олар біркелкі тарамай, басым көпшілігі (90%) мұхиттардың жағалауынан, аралдар доғасынан, мұхит аралдарынан орын алған. Олар жер үстінде үш ірі белдеу құрайды.

Тынық мұхит шеңберінде оның екі жағалауында қазірде де сөнбеген 340 жанартау орын тепкен. Екінші ендік бағытта созылған Жерорта теңізі — Индонезия белдеуінде әрекеті әлсіремеген 117 жанартау бар. Үшінші тағы да бойлық бағытта тіркескен, вулкандар Атлант белдеуін құрып, осы мұхиттың орталық жотасын қуалайды. Олардың көбі су астында, біразы аралдарда атқылайды. Осы үшеуімен қатар қазірде өшкен едәуір жанартаулар белдеуі бойлық бағытта Африка материгінің шығыс тұсын кесіп өтеді. Сондай-ақ сөнген жанартаулар Кавказда (Казбек, Эльбрус, Арарат), Байкалдың о жақ, бұ жағында да бар.

Жанартау әрекеттерінің былайша топтасуында жердің ішкі процестерінің кейбір зандылықтары көзге ілінеді. Тынық мұхит шеңбері жердің жұқа мұхиттық қабығы мен континенталдық қалың қабықтың жапсарын шектейді. Белдеудің мұхит жағында оның ені тар, терең науалары, ал құрлық жағында зәулім тау жоталары (Анды, Кордильер) немесс биік аралдар доғасы орналасқан. Өйткені, мұхит пен құрлық жапсарында терең жер мантиясына жеткен, мұхиттан материкке қарай құлаған жарықтар бар. Материктерді бойлаған терең ошақты жер сілкіну болады да осы жарық белдеулерін Вадати — Заварицкий — Беньоф сілемдері деп атайды. Жарықты бойлап мұхиттық плита төмен қарай конти­нент астына ығысады. Сонда мантияға кірген мұхит қабығы балқып, базальт құрамды магмаға көшеді. Miнe,сол магма қысымынан көтеріліп жанартаулардың тізбегін құрады.

Жерорта теңізі — Индонезия жанартау белдеуі кай­нозой эрасының соңында жойқын қатпарлану әрекеттері өткен Альпі белдеуінде орналасқан. Тау қатпарлану процестері мұнда бәсеңдеген. Дегенмен белдеудің батыс (Везувий, Этна) және шығыс (Кракатау, Тамбора т. б.) тарауларында жанартаулар әлі дс атқылап тұр; орта шенінде (Карпат, Кавказ, Қарақорым таулары) олар сөнген. Атлант белдеуіндегі жанартаулар жер қабығы жұқарып, жарықшақтанған мұхиттың орталық жотасында.Шығыс Африка жанартаулары (қазірде сөнген) контииенталдық рифтер жүйесінің терең жарықтарымен біте қайнасқан. Лавасы сілтілік базальт құрамды.

Вулканизмді зерттеудің практикалық маңызы.Адамзат тіршілігінде вулкандық процестердің орны екі түрлі: бір жағынан, олар адам қауымын дүлей апатқа ұшыратады; сөйте тұра олар әртүрлі қазба байлықтар мен жылу энергиясының сарқылмас көздері. Жанартаулар атқылауы қашанда болсын адам баласының зәресін алып, бұл зұлматты адам «тамұқтың дүлегейі» дейтін. Оның кейбіреуі жайында жоғарыда жол-жөнекей айтып өттік. Құрбандар саны мұндайда аса зор. Кейінгі бес ғасырда жанартаулар атқылауынан 240 мың адам қаза шегіпті, бір-екі мысал. Кракатау жанартауы атқылаған шақта қопарылу зардабынан, жер сілкінуінен, цунами толқынынан 36 мың адам мерт бол­ған. 1915 жылы Индонезиядағы Тамбора вулканының атқылауы кеселінен 90 мың адам қаза тапқан. Қазіргі шақта залалын кеміту үшін лава тасқынының жолына бөгеттер орнатып, оның ағымын бұрады, ағын алдынан су төгіп суытып тоқтатады; тағы басқа шаралар бар.

Жанартаулардың пайдасы әр түрлі. Олардың күлі минералды заттарға, әcipеce калий мен фосфорға бай болғандықтан құнарлы топыраққа жатады. Содан адам қауымы жанартаулардын өзіне тигізетін кесепатын біле тұра әрдайым тау етегін мекендейді.

Жанартаулы өлкелерде өте ыстык су буларының қоры мол. Жер бетіне жақын, күшті қысым кернеген су мен оның буын геотермалды электр стансаларында қолданады. Олар Италияда, Мексикада, Калифорнияда, Жапонияда, Жаңа Зеландияда бар. Камчаткада қуаты жылына 500 квт Паужет ГеоТЭС-Ы 30 жыл энергия береді,

Жанартаулар өзегінен атқылаған су буына, фумароларға еріген металдар шығады да олар, әсіресе күкірт, мыс, сынап қолайлы жағдайларда шоғырланып кен құрайды. Ыстық (термалды) сулар көбінесе шипалы болады. Coңғы 20—30 жыл арасындағы зерттеулерге сүйенсек, қазба байлықтардың шоғырлануында әсіресе мұхит-теңіздер түбіндегі жанартаулардың гидротермаларының маңызы басым көрінеді. Олар мыс, мырыш, қорғасын, күміс, алтынның, күкірттің, кобальт, никельдік темір мен марганецтің бай кендерін түзеді. Жанартау жыныстарының өздері де шаруашылықта, алдымен құрылыс материалдары ретінде кен пайдаға асады. Пемза бетон жасауда, қағаз өнеркәсібінде мол пайдаланылады. Вулкан шынысы (мысалы, Семейтау) жылу, дыбыс өткізбейтін қымбат құрылыс заты. Сөз соңында Күн жүйесіндегі басқа планеталарда да вулкандық процестердің кен өріс алғанын еске салайық. Олардағы жанартаудын барлығы дерлік сөнген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет