ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Жалпы психология І»


-тақырып. Бас миының құрлысы



бет2/3
Дата30.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#167141
1   2   3

5-тақырып. Бас миының құрлысы

  1. Ми қыртысының негізгі өрістері және қызметтері.

  2. Бас миы қабығының қызметі.

  3. Орталық жүйке жүйесіндегі жағдай, ролі және ретикулярлық формацияның қызметі.

Бас миы дистантты рецепторлық мүшелердің эволюциялық дамуының негізінде қалыптасқан ж.ж. өте күрделі бөлімі б.т. Ерекше рольді бас миында оң және сол жақ жартышарлар, сонымен қатар олардың негізгі тарамдары атқарады.

Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметін орындайды. Олардың орналасу деңгейі жоғарлаған сайын, оның қызметі де күрделене түседі. Бәрінен төмен орналасқан арқа миы, оның қызметі - бұлшық ет топтары мен ішкі мүшелер қызметін реттеу.Оның үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан.Сопақша ми дененің қызметтерін орайластыра басқарады (дем алу, қан айналу, ас қорыту және т.б... Бұлардан жоғарыорталық жүйке бөлігі – күрделі қозғалыстар менбүкіл дене қалпын реттеуге қатысатын – орта ми орн-ды. Сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы бөлігін құрайды. О.Ж.Ж. ең жоғары бөліктері бас миының үлкен жартышарларына біріккен.үлкен жартышарлардың құрамына қабық асты түйіндері деп аталатын тереңдегі жүйке клеткаларының тұтас жиынтығы кіреді.Жартышарлардың үстіңгі бетінде жүйке жасушалар қабаты – бас миы қабығы көмкерілген. Бұл қабық қыртыс, сай, қатпар күйінде анықталады. К.Бродман ұсынған классификацияға байланысты, б.м.қ. 11 аймақ., 52 өріске бөлуге болады.

Неғұрлым дамыған өрістерінде жүйке клеткаларының 6-7 қабаттары орналасқан және қабат саны сол бөліктердің ескілігіне байланысты. Ескі қабық бір ғана қабаттан тұрады және қабық астынан толықтай бөлінген. Адамның бүкіл б.м.қ. 95,6 % көлемі жаңа қабықтан, ежелгі қабық – 0,6 %, ескі қабық – 2,6 % аумақты алып жатыр.

Үлкен ми сыңарларының бүкіл бет аймағын бірнеше көлемді бөліктерге жіктеуге болады.Бас миы сыңарларының сырқы бөлігі – желке аймақ(қара құс., ол алдыңғы таратпа төбе (еңбек. аймақтарына жалғасады.Алдыңғы, аумағы жағынан ми сыңарларының ең үлкен бөлігі – маңдай аймағы – адамда ғана жақсы дамыған. Осындай жіктеулерге сәйкес көру әсерлерінің анализі мен синтезі – желке аймағының жоғары бөлігінде (есту зонасы.; сезу және ет-сүйек аппараттарындағы тітіркенушілер – төбе (еңбек. аймағының алдыңғы бөлігінде орналасқан.

Күрделі психикалық процестердің мидағы ұйымдастырылуын жете түсіну үшін адам миы қызметі туралы қазіргі заманғы ғылыми деректерді білу қажет. А.Р.Лурия бойынша бас миы аппараттарының қызыметімен байланысты келесі принциптерді білуіміз қажет.

Ақпаратты қабылдау мен өңдеуді қамтамасыз етуші,өз әрекетінің бағдарламасын түзу, олардың өзара әрекеттес қызметте болуын бақылайтын адамның бас миы құрылымдары әрдайым бүтін бірлікте жұмыс атқарады. Бұл аппарат өте күрделі, сондықтан бұл жете дараланғанбірнеше бөліктерден тұрады. Дегенмен,бір бөлігі зақымдалатын болса, бүкіл аппараттың қызметіне зақым тиеді.

Адам бас миында үш негізгі блок дараланады. Біріншісі – ақпарат қабылдап, өңдеуге, сонымен бірге бағдар түзу процесі мен олардың іске асуын қадағалап, қажетті ми қабығының іс-қуатына жәрдем береді. Екінші блок – адамға сыртқы орта мен өз тәні мүшелерінен жететін ақпараттардың қабылдануы, өңделуі және сақталуына байланысты процестерді жүзеге асырады. Үшінші блок - әрекет жоспарын түзейді, оның орындалуын реттеп , іске асырады және табысты нәтижеге жетуін қамтаамасыз етеді.

Адамныңсанлы іс-әрекетін қалыптастырушы осы үш блок бас миының оқшауланған бөліктерінде орналасып, өзара үйлесімді қызмет атқарады.

Бірінші блокқа сипаттама. Бұл блокты – ми қабығына қуат беру (тонус. блогі немесе энергетикалық болок деп те аталады. Түрлі процестердің өз деңгейінде орындалуы үшін ми қабығының қуатын қажетті дәрежеде тұрақты сақтау қажет.Тек тиісті қуатпен қамтамасыз етілген жағдайда ғана, одан тиісті ақпараттытаңдап,қабылдау; олардың ізін жадыда қалдыру, нақты әрекет мазмұны мен бағытын қалыптастырумүмкін болды, яғни қозу мүмкіншілігі жеткілікті болу қажет.1-ші блок қуаты негізінен екі жағдайға тәуелді. 1-шісі, ми қабығының сергек қалпын сақтау үшін оған сыртқы орта ақпараты ізінүзбестен, легімен келіп жатуы қажет. Болмаса, жануар мүлги бастайды немесе адамның сергектігі төмендейді. 1-шісі, сонымен шеткі аймақтардан түсетін тұрақты тітіркендіргіштер. 2-шісі бұл ағзаның ішкі зат алмасу процестері мен биологиялық қуаттар негізін құрайтын – импульстер. Мысалы, қарын ашқанда, ол туралы хабар ми қабығына ретикулярлы формацияның(мидың белсенділік қуатын көтеруші нейрондар шоғы. көмегімен жеткізіледі. Осыдан организм жағдайының импульстері қабық қуатын төмендетпей, оның сергектігінің кепілі болады.

Екінші блок, сезім органдарының сырттан жеткізген сигналдарының анализі және синтезіне байланысты қызмет атқарып, адамға келіп түсетін ақпаратты қабылдайды, өңдейді, сақтайды.Бұл блок аппараттарын талдағыштың (анализаторлар. орталық бөліктері деп те атауға болады.

Үшінші блок, оның құрамына үлкен ми сыңарларының алғы бөліктеріндегі маңдай аппараттары кіреді. Адамның саналы іс-әрекеті ақпаратты қабылдау мен өңдеуден басталып, тиісті іс жоспарын жасап, қажетті ниет қалыптастыру және түзілген іс-әрекеттік бағдарламаға сай сыртқы (қозғалыс., ішкі (ақыл-ой. қызметін орындаумен аяқталады.

Ми қабығы қуатының тұрақтылығын қолдаушы екінші көз – ағзаның ішкі зат алмасу процестері мен биологиялық қуаттар негізін құрайтын – импульстер. М-ы, аштықтан хабар беруші ағза қалпы жоғары баған мен гипоталамус аппараттарымен реттеледі.Ми қабығына ретикулярлы формацияның көмегімен жеткізілген осы ағза жағдайының импульстері қабық қуатын төмендетпей, оның сергектігінің кепілі болып табылады.Ми қабығында тіл, сөз араласуымен тек адамға ғана қатысты ең жоғары ниеттер мен қажеттерді тудырушы ақпараттарға орай туындайтын әрекет- қылық бағдарламасының қуатын сақтауда маңызға ие болатын үшінші көзі – бәсеңдеуші ретикуляциялық формация болып табылады.


6-тақырып. Адам миы және психи-ка: байланыс принципі және жалпы механизмі.

  1. Писхикалық құбылыстарды ми жұмысымен салыстыру.

  2. Рефлекторлық доға туралы негізгі концепцуалдық моделдер.

  3. Локализация ұғымына қарсы және оны қолдайтын аргументтер.

Психикалық құбылыстар мен адам миының қызметінің өзара байланысы туралы өте ерте кезде айтыла бастаған (Алкмеон Кротонский, Гиппократ).

ХХ ғ. басында адам миында жүзеге асырылатын органикалық процестер мен психикалық құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін арнайы екі ғылым саласы қарастырыла бастады. Олар: жоғары жүйке қызметі физиологиясы және психофизиология.

Біріншілер ағзаның жаңа тәжірибені меңгеруі және дене реакцияларын басқаруға байланысты мида жүріп жатқан органикалық процестерді зерттеді. Ал екінші сала өкілдері психиканың анатомиялық-физиологиялық негіздерін зерттеді. Бірақ ортақ болып, еспен байланысты құбылыстарды енгізетін үйрену (научения) түсінігі. Психологиялық құбылыстар мен әрекет-қылықтың адам организімі және ми жұмысымен байланыстылығын И.М.Сеченев ұсынып, оны И.П.Павлов дамытты. Ол шартты рефлекторлық үйрену құбылысын ашты. Бұл теорияны жалғастырған Н.А.Бернштейн, К.Халл (организм әрекет-қылығының теориясы – тірі организмнің өзін-өзі ерекше әрекет-қылықтық және генетикобиологиялық механгизмдер арқылы реттестіруі), П.К.Анохин (функционалды жүйе моделі).

Жоғарыда айтылған ми құрылымының үш блоктілігімен психикалық функциялардың локализациясы проблемасы п.б.

Бұл б-ша локализационизм және антилокализационизм деп аталатын екі көзқарас бар. Біріншісі бойынша , адамның әрбір психикалық қасиеті немесе қалыпы мидың белгілі бір шектеулі аймағымен байланысты. Демек психикалық құбылыстарды адам миының жоғарғы және төменгі бетіндегі нақты орындарға орналастыруға болады.

Бұдан кейін ми участогінің біреуінің қызыметінің бұзылуы басқа да түрлі функциялардың бұзылуына әкелетіндігі анықталды. Бұл келесі альтернативті білімнің -антилокализационизмге жол ашты.


7-тақырып. Мидағы психикалық процестер және адам жағдайының анатомиялық физиологиялық көріністері.

  1. Таным процестерінің қалыптасуына қатысатын дене органдары, ми құрылымы және физ. механизмдер.

  2. Мотивация мен эмоцияның органикалық негіздері.

Сенсорлы процестердің негізгі құрылымы және олардың анатомиялық-физиологиялық субстраты

Таблица 7



Модальдік

Сезім органы

Түйсіну сапасы

Берілген түйсіктердің жұмысымен байланысты рецепторлар

Көру

Торлар

Қанықтылық

Контраст


Қозғалыс

Ауқым


Түс


Таяқшалар мен колбалар

Есту

Улитка

Жоғарылылығы

Тембр


Тарамша клеткалар

Тепе-теңдік

Вестибулярлы аппарат

Ауыртпалық күші

Айналыс


Макулярлы және вестибулярлы клеткалар

Сезіну

Тері

Қысым

Вибрация



Руфини шектеулері

Меркель дискілері



Дәм

Тіл

Тәтті немесе қышқыл дәм

Ащы немесе тұзды дәм



Тіл ұшындағы дәм бүршіктері

Иіс

Иіс жүйкелері

Гүл, жидек, мускус және пикантты иістер

Иіс рецепторлары

Басқа да мидағы психикалық процестер және адам жағдайының анатомиялық физиологиялық көріністері кесте-суреттер арқылы түсіндіріледі.
8-тақырып. Психика мен әрекет-қылықтың төменгі формаларының қалыптасуы.

  1. Психика туралы түсінік.

  2. Психиканың даму сатылары.

  3. Жануарлар психикасының ерекшеліктері.

Психика – ғылым ретінде психолгоияның зерттейтін көптеген субъективті құбылыстарын біріктіретін жалпы түсінік. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша , психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі жоғары дамудағы тірі материяның ерекшелігі. Ал идеалистік көзқарас бойынша, психиканың түсіндірілуіне бір емес екі бастама. Материалдық және идеалистік. Олар бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін жеке бастамалар. Дамуда байланыс жасай отырып, олар өз заңдары бойынша дамиды.

Материалистік түсінік бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде п.б. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді.

Қазіргі зерттееулер б-ша бір клеткалы қарапайымдардың психикалық құбылыстарына тән ерекшелік,: биологиялық маңызды деген тітіркендіргіштерге сыртқы белсенділік,ішкі жағдайдың өзгеруін реттеуге деген қабілеттілік.Материалистердің айтуынша, психикалық құбылыстар жерде тіршілік болғаннан кейін, көп уақыт өткеннен кейін ғана пайда болған. Алғашқы кезеңде тіршілік иесі биологиялық тітіркенушілік пен өзін-өзі сақтау қасиетіне ие болды.Ол қоршаған ортаменбайланыс механизімін жүзеге асырды, көбейді, ұлғайды. Кейін дамудың келесі сатысында оларға сезімталдық пен үйренуге деген қабілеттілік қосылды.

Жер бетінде алғашқы тіршілік белгісі 2-3 миллиард жыл бұрын химиялық, органикалық қосылулардан, одан кейін қарапайым бір клеткалы тіршілік иелері п.б. Олар биологиялық эволюцияға жол салып, көбею, генетикалық жүре п.б. ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы беруге жол салды.

Кейін тіршілік иелерінің эволюциялық өзін-өзі жетілдіруі арқылы организмдерде ерекше органдар п.б. Бұл – жүйке жүйесі. Оның дамуы мен жетілуіне орай, психикалық өмір сүруге қажетті: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сана, рефлексия қалыптаса бастады. Ж:Ж құрылысының күрделенуі психика дамуының қайнар көзі болды.

Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Ол организм құрлысын өзгертуге әкеледі. Дүниені бейнелеу қабілеттілігі п.б. Психиканың жетілуіне шындық өмір әсерін тигізеді: ол тіршілік иелерінде Ж.Ж.Ж. мен психиканың бейнелеу деңгейлері болуын талап етті.

Психика дамуы мен жан-жанкарларда тәртіп дамуы қалай жүзеге асты?

Психикалық бейнелердің даму деңгейі мен стадиясына байланысты божамдарды А.Н.Леонтьев өзінің “Писихиканың даму проблемасы”еңбегінде ұсынды. Кейін оны толықтырып, нақтылаған К.Э.Фабри болды. ОЛ жануарлар психологиясының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, дәлелдемелер келтірді.


Жануарлар тәртібі мен психикасының даму деңгейінің стадиялары.

(А.Н.Леонтьев, К.Э.Фабри бойынша.)

Кесте 2


Псикалық бейнелеу деңгейі мен стадиясы

Ерекшеліктері

Бұл даму деңгейіне жеткен тіршілік иелері

І.Элементарлы сенсорлы психика стадиясы







І.І. Төменгі деңгей – сезгіштік элементінің примитивтілігі, тітіркенушіліктің дамуы


Ортаның биологиялық мәнді ерекшелігіне байланысты нақты, анық реакцияларды қозғалыс бағыты мен жылдамдықты өзгертуге бағыттау. Қозғалыстың қарапайым формалары. Мәнерлі тәртіптің әлсіздігі, биологиялық бейтарап. Ортаның өмірлік маңызы бар әсерлеріне қалыыптаспаған, қабілеттілік әлсіз, бағытталмаған қимыл-қозғалыс белсенділігі.

Арапайым төменгі, көпклеткалы организмдер.

І.ІІ. жоғары деңгей – түйсіктің болуы, манипуляцияның негізгі органы – жақтың пайда болуы. Қарапайым шартты рефлекстерді қалыптастыруға қабілеттілігі.

Биолог. Бейтарап тітіркендіргіштерге анық реакция, дамыған қимыл-қозғалыс, жағымды тітіркендіргіштерді белсенді іздеу. Индивидуалды тәжірибе үйрену ролі мөлшерінің аздығы. Тәртіпте негізгі мән – қатал туа біткен бағдарламалар.

Сақиналы құрттар, бауырымен жорғалаушы молюскалар және т.б.

ІІ. Перцептивті психика стадиясы.







ІІ.І. Төменгі деңгей – сыртқы әрекетті заттардың формасы, образына қарай бейнелеу. Интеграция зат образын жүйелеуде әсеретуші факторлерді біріктіру.

Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Ригидті, генетикалық бағдарланған компоненттер басымдылық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс қабілеттілігі күрделі және әртүрлі (сүңгу, жүгіру, секіру, өрмелеу,ұшу және т.б.., жағымды тітіркендіргіштерді белсенді іздеу.Жағымсыздардан бас тарту, дамыған қорғаныс тәртібі.

Балықтар және т.б. омырқасыз жәндіктер.

ІІ.ІІ. Жоғары деңгей – ойлаудың элементарлы формалары.

Әрект-қылықтың жоғары дамыған инстинктивті формалары. Үйренуге деген қабілеттілік.

Жоғары омыртқалылар

ІІ.ІІІ. Ең жоғары деңгей – практикалық әрекеттерде ерекше бағдарлама –зерттеушілік, дайындық формаларын анықтау. Бір міндетті түрлі жолдармен шешу қабілеттілігі. Бір рет табылған шешімді жаңа жағдайға тасымалдау. Қарапайым құралдарды әзірлеу, оны іс-әректте қолдану. Биологиялық қажеттіліке байланыссыз қоршаған ортаны танып білу қабілеттілігі.

Арнайы маманданған органдар манипуляциясын анықтау: табан, қол. Әрекет-қылықтың зерттеушілік формаларының дамуы. Олардың бұрын қабылданған іскерлік, білім дағдыларын кеңінен пайдалану.

Маймылдар және кейбір жоғары омыртқалылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет