10. Тырнатектестер отряды. Дене тұрќы ірі, тұмсыќтары, мойны, аяќтары ұзын ќұрлыќта жаќсы жүгіретін ќұстар. Олардың 200-ге жуыќ түрі бар. Көпшілігінің кеңірдегі ұзын, олар батпаќты жерлерде, далалы өңірлерде таралған. Нағыз тырналар тұќымдасына – сұр тырна, аќбас тырна, аќ тырна (стрех) т.б. жатады.
Татарлар тұќымдасына дене тұрќы орташа ұсаќ ќұстардың 120 түрі жатады. Көпшілігі су жағалауында, батпаќты жерлерде кездеседі. Далалы жерлерде дуадаќтар тұќымдас тармағына жататын – безгелдек,жорға дуадаќ, кєдімгі даудаќ таралған.
11. Татреңтектестер (ржанкообразные) отряды. Бұл отрядќа дене тұрќы єртүрлі 300 түрлі ќұстар жатады. Көпшілігі су ќұстары. Олар 3 отряд тармағына бөлінеді: а) шағалалар; є) чистиктер; б) балшыќшылар. Шағалалар отряд тармағына су ќұстары жатады. Олардың негізгі тұќымдастары: шағалалар, поморниктер, ќарќылдаќтар. Чистиктер отряд тармағына – балтатұмсыќтылар, кайрлар, чистиктер жатады. Балшыќшылар отряд тармағына – тауќұдыреттер, татреңдер және т.б. жатады.
12. Кептертектестер отряды. Бұл отрядќа дене тұрќы орташа, шағын жаќсы ұшатын ќұстар жатады. Оның 2 отряд тармағы бар: а) кептерлер; є) бұлдырыќтар. Кептерлердің жемсауы жаќсы дамыған. Балапандары ќызылшаќа. Көпшілік түрі ормандарда кездеседі. Ал, бұлдырыќтар далалы, шөлейтті жерлерде таралған. Кең таралған түрлері – аќќұрсаќты және ќараќұрсаќты бұлдырыќтар және кезќұйрыќ (саджа).
13. Тотыќұстектестер отряды. Дене тұрќы орташа, шағын 325 түрлі орман ќұстары, көбіне тропикалыќ, субтропикалыќ аймаќтарда таралған. Тұмсыќтары доғал єрі өткір. Кеңінен тараған түрлері: ара - (Оңтүстік Америкада), айдарлы какаду - (Австралияда), сұр жако - (Африкада), кеа (нестор) тотыќұсы - (Жаңа Зеландияда).
14. Көкектектестер отряды. Ормандар мен бұталы жерлерде 130 түрі кездеседі. Көпшілігі тропикалыќ ормандарда таралған. Көп түрлері ұя салмай жұмыртќаларын басќа ќұстардың ұясына салады. Кеңінен тараған түрлері – кєдімгі көкек, теңбіл көкек, америка көкегі және т.б.
15. Жапалаќтектестер отряды. Ќауырсындары жұмсаќ єрі мамыќты, єрі тығыз, ұшќанда дыбысы білінбейді. Тұмсыќтары иіліп келген єрі өткір. Түнде тіршілік етуге бейімделген. Балапандары ќызылшаќа. Көп аймаќтарда кеңінен таралған түрлері – аќ жапалаќ, үкі, ќұлаќты жапалаќ, байғыз т.б.
16. Ешкіемертектестер (тентекќұстар) отряды. Бұл отрядќа дене тұрќы орташа түнде тіршілік етіп, жєндіктермен ќоректенетін ќұстар жатады. Аузы үлкен, тұмсығы өте кіші, ќауырсындары ұзын єрі үшкір. Кеңінен тараған түрі – кєдімгі ешкіемер, баќаауыз Оңтүстік Азияда, гуахаро - Оңтүстік Америкада таралған.
17. ¦зынќанаттектестер отряды. Сыртќы түрі ќарлығаштарға ұќсас, өте жылдам ұшады. Ќорегін (жєндіктерді) ұшып жүріп ұстайды. Аяќтары өте ќысќа, төрт саусағы да алға ќарай орналасќан, жерде жүре алмайды. Тұмсығы шағын, аузы үлкен. 360-тай түрі 2 отряд тармағына бөлінеді: а) ұзынќанаттар (60 түрі бар) є) колибрилер (300-дей түрі бар). ¦зынќанаттардың кеңінен таралған түрлері – кєдімгі ұзынќанат. саланган және т.б. Колибрилер - дене тұрќы өте кіші (салмағы 1,6 г. 20 граммға дейін) ќұстар. Жылдам ұшады, єрі ќанаттарын өте жылдам ќағады. Ормандарда, бұталар арасында кездеседі. Көбіне өсімдік гүлдерінің шырындарымен (нектармен) ќоректенеді. Тұмсыќтары ұзын єрі сєл иілген. Олар Оңтүстік және Солтүстік Америкада кең таралған.
18. Көгілдір ќұстар отряды. Бұл отрядќа кейбір анатомиялыќ белгілері бір-біріне (таңдайының, мойынының және т.б. ќұрылыстарына) ұќсас ќұстардың 200-дей түрі жатады. Көпшілігі тропикалыќ аймаќтарда таралған. Бірнеше отряд тармаќтарына бөлінеді: а) көгілдір ќұстар; є) зымырандар; б) боздаќтар және т.б. Көгілдір ќұстардан көбірек тараған түрлері – кєдімгі көкќарға, көгілдір зымыран, алтын түсті боздаќ т.б.
19. Бєбісектектестер отряды. Сыртќы түрі мен дене тұрќы басќа ќұстар тобынан ерекше шағын түрлер жатады. Екі отряд тармағы бар: а) бєбісектер; є) мүйізтұмсыќты ќұстар.
Бєбісектер далалы жерлерде таралған денесі шағын ќұстар. Ќауырсындары теңбіл шұбар. Клоака маңындағы безінен жағымсыз иіс шығарады. Кең тараған түрі – кєдімгі бєбісек. Басында ќауарсынды айдары болады.
Мүйізтұмсыќты ќұстардың денесі ірі Азия мен Африканың тропикалыќ ормандарында кездеседі. Жемістермен ќоректеніп, ұясын ағаштардың ќуыстарына салады.
20. Тоќылдаќтектестер отряды. Дене тұрќы ұсаќ, орташа ағаш басында тіршілік етуге бейімделген ќұстар жатады. Тұмсыќтары өте мыќты, соның көмегімен ќорегін ұстайды. Екі отряд тармағына бөлінеді: а) тоќылдаќтар; є) кєдімгі тоќылдаќтар. Тукандар тұќымдасына жататын ќұстар Оңтүстік және Орталыќ Американың тропикалыќ ормандарында таралған.
Нағыз тоќылдаќтардың екі саусағы алға, екі саусағы артќа ќарай орналасќан. Олардың кең тараған түрлері – ќара, үлкен және кіші шұбар тоќылдаќтар, үшсаусаќты және жасыл тоќылдаќтар. Тоќылдаќтар орманды зиянды жєндіктерден ќорғайды. Оңтүстік Африкада жер тоќылдағы таулардың жартасты өңірлерінде таралған.
21. Торғайтектестер отряды. Дене тұрќы және сыртќы түрі єртүрлі 5 мыңнан астам ќұстардың түрлері жатады. Ең кіші түрі – королек (5-6 г.), ең ірі түрі – ќарға (1,5 кг-дай). Көпшілік түрлері бұталарда, орманды жерлерде таралған. Балапандары шираќ, кей түрлері ќызылшаќа балапан шығарады. Олар бірнеше отряд тармағына бөлінеді: а) баќыратындар; є) жалған єнші торғайлар; б) єнші торғайлар және т.б. Кеңінен тараған тұќымдастары – ќараторғайлар, ќарлығаштар, наурызќұстар, бозторғайлар, жұмаќ ќұстар, ќарғалар, сайрауыќтар, тағанаќтар, көкшымшыќтар, сандуғаштар, ќұнаќтар, көктекелер және т.б.
Өзін-өзі тексеру және зертханалық сабақты қорғауға арналған сұрақтар:
-
Құстардың сыртқы құрылысының ерекшеліктері. Айырғыш пен жұмыс.
-
Құстардың қанқасының ерекшеліктері.
-
Құстардың ароморфоздық белгілері.
-
Құстардың тіршілік ету жағдайлары, олардың жалпы географиялық және биотопикалық таралуы
10 Тақырып: Құстардың дамуы және көбеюі.
Сабақтын мақсаты: Құстардың дамуы және көбеюімен танысу.
Зертханалық сабаққа жіберуге руқсат ететін сұрақтар:
-
Құстардың сыртқы құрылысының ерекшеліктері. Айырғыш пен жұмыс.
-
Құстардың қанқасының ерекшеліктері..
Әдістемелік нұсқаулар:
-
Құстардың көбеюі және дамуы.
-
Түрге байланысты ұяларының, жұмыртқаларының, жұмыртқа қабығының құрылысына жалпы сипаттама берініз.
-
Кестені толтырыңыз.
Хордалылар типінің кластары
|
Дөңгелекауыз-дылар
|
Балықтар
|
Қосме-кенділер
|
Бауырмен жорғалаушылар
|
Құстар
|
Көбею мүшелері
|
|
|
|
|
|
Өзін-өзі тексеру және зертханалық сабақты қорғауға арналған сұрақтар:
-
Түрге байланысты ұяларының, жұмыртқаларының, жұмыртқа қабығының құрылысы..
11 Тақырып: Сүтқоректілер класы (Mammalia).
Сабақтын мақсаты: Сүтқоректілер класымен (Mammalia) танысу.
Зертханалық сабаққа жіберуге руқсат ететін сұрақтар:
-
Құстардың түрге байланысты ұяларының, жұмыртқаларының, жұмыртқа қабығының құрылысы..
Әдістемелік нұсқаулар:
-
Кластың жалпы сипаттамасын берініз.
-
Өмір сүру жағдайларына байланысты сүтқоректілердің көпшілігіне жалпы сипаттама беріңіз.
-
Гомоитермияға жалпы сипаттама беріңіз.
-
Аңдардың қоректенуі және қорегін табу тәсілдеріне жалпы сипаттама беріңіз.
-
Кестені толтырыңыз: Омыртқалы жануарлардың көбею және даму ерекшеліктері.
Омыртқалылар класы
|
Ұрықтану типі
|
Даму типі
|
Ұрықтың дамуы қайда жүреді
|
Қосмекенділер
|
|
|
|
Бауырмен жорғалаушылар
|
|
|
|
Сүтқоректілер
|
|
|
|
-
Сүтқоректілердің қандай сезім мүшелері жақсы дамыған? Сұраққа жауап беріңіз.
-
Аңдардың қоректенуі және қорегін табу тәсілдеріне жалпы сипаттама беріңіз.
-
Амниоталарға жалпы сипаттама беріңіз. Амниоталыларға жататын жануарларды жазыныз.
-
Кестені толтырыңыз: Омыртқалы жануарлардың көбею және даму ерекшеліктері.
Омыртқалылар класы
|
Ұрықтану типі
|
Даму типі
|
Ұрықтың дамуы қайда жүреді
|
Қосмекенділер
|
|
|
|
Бауырмен жорғалаушылар
|
|
|
|
Сүтқоректілер
|
|
|
|
Түсініктеме.
Сүтќоректілердің биологиялыќ прогреске жетуінде олардың єртүрлі экологиялыќ орта жағдайларында тіршілік етуі мен Жер шарында кеңінен таралуы басты рөл атќарды. Ќазіргі кезде сүтќоректілер Антарктидадан басќа барлыќ ќұрлыќта кеңінен таралған.
Сүтќоректілердің негізгі экологиялыќ топтары:
1. Ќұрлыќта тіршілік ететін сүтќоректілер. Бұл топќа сүтќоректілердің басым түрлері жатады. Оларды тіршілік ететін орта жағдайларына байланысты негізгі екі топќа бөледі:
а) орманда тіршілік ететін сүтќоректілер. Бұл топќа бұғылар, аюлар, кейбір жыртќыштар (сілеусін, бұлғын т.б.), тиіндер, жалќау аңдар, маймылдар т.б. жатады.
є) ашыќ алаңќай жерлерді мекендейтін сүтќоректілер. Бұл топќа тұяќты сүтќоректілердің басым түрлері, кемірушілер (ќосаяќтар, суырлар, саршұнаќтар, ќалталылар, жыртќыштар) т.б. жатады.
2. Жерастында тіршілік ететін сүтќоректілер. Олар Жер астында ін ќазын тіршілік етеді. Бұл топќа көртышќандар, соќыртышќандар, жертесерлер т.б. Олардың алдыңғы аяќтары, күрек тістері жаќсы дамыған және ін ќазуға бейімделген.
3. Суда тіршілік ететін сүтќоректілер. Бұл топќа жататындардың бір тобы жартылай суда тіршілік етсе, екінші тобының тіршілігі тікелей сумен байланысты. Олардың бєрі де екінші рет суда тіршілік етуге бейімделген. Жартылай суда тіршілік ететіндерге – ќұндыз, ондатра, нутрия, жұпартышќан т.б. жатады.
Тікелей суда тіршілік ететін сүтќоректілерге ескекаяќтылар (түлендер, теңіз мысыќтары), киттектестер, сирендер, дамандар т.б. жатады.
4. ¦шуға бейімделген сүтќоректілер. Бұл топќа ормандарда тіршілік ететін ќалталы ұшар, жүнќанаттылар және жарќанаттар жатады. Олардың төссүйегінде ќыры болады, жарғаќ ќанаттары бүкіл дене бөліктеріне керіліп ұшуына мүмкіндік береді.
Сүтќоректілердің түрлі экологиялыќ орта жағдайларында тіршілік ететіндері єртүрлі ќорекпен ќоректенеді. Кей түрлері тек өсімдіктекті, кей түрлері тек жануартекті ќоректермен ќоректенсе, енді бір тобы өсімдіктермен де, жануарламен де ќоректене береді.
Сүтќоректілердің көбеюінде де өздеріне тєн ќасиеттер ќалыптасќан: а) іштей ұрыќтану; є) тірі туу; б) ұрпағына ќамќорлыќ; в) ұрпағын сүтімен асырау т.б.
Сүтќоректердің тіршілік єрекеттері жыл маусымдарына сєйкес рет-ретімен ауысып отыратын бірнеше кезеңнен тұрады: а) көбеюге дайындалуы; є) ұрпаќ беруі; б) ұрпағын емізу кезеңі; в) топ ќұрып тіршілік етуі; г) жыныстыќ жетілуі т.б.
Сүтќоректілердің кейбір түрлері ќыстап шығуға ерекше дайындалады, кей түрлер ќысќа ұйќыға кетеді. Сүтќоректілердің табиғатта және адам өмірінде маңызы өте зор. Олар ќоректік тізбекті реттеуге ќатысады. Сүтќоректі жануарлардың кейбір түрлерін адам ерте кездерден ќолға үйреткен. ‡й жануарларының (сүтќоректілер) өнімдері тағам, киім, дєрі-дєрмек, тыңайтќыш т.б. ретінде пайдаланылады. Көптеген сүтќоректілердің кєсіптік мєні зор. Олардың терісін, ұлпанын, етін және т.б. өнімдерін адам күнделікті өмірде пайдаланады.
Сүтќоректілердің кейбір сирек кездесетін түрлері ќатаң ќорғалады. Арнайы ќорыќтарда, ќорыќшаларда, ұлттыќ саябаќтарда, зоологиялыќ баќтарда, арнайы тєлімбаќтарда ќорғалады. Кєсіптік мєні бар түрлер жерсіндірілген. Мысалы, ондатра, жанат, ќұндыз, зубр т.б. Ќазаќстанның Ќызыл кітабына (1996) сүтќоректілердің 40 түрі тіркелген. Елімізде сирек кездесетін сүтќоректілердің түрлері 9 мемлекеттік ќорыќтарда (Аќсу-Жабағылы, Алматы, Наурызым, Ќорғалжын, Барсакелмес, Марќакөл, ‡стірт, Батыс Алтай, Алакөл) ќатаң ќорғалады.
Өзін-өзі тексеру және зертханалық сабақты қорғауға арналған сұрақтар:
-
Кластың жалпы сипаттамасы.
-
Өмір сүру жағдайларына байланысты сүтқоректілердің көпшілігі..
-
Гомоитермия дегеніміз не? Оған хордалылардың қай кластары жатады?
-
Сүтқоректілердің қандай сезім мүшелері жақсы дамыған?
-
Аңдардың қоректенуі және қорегін табу тәсілдері.
-
Амниота дегеніміз не? Амниоталыларға қандай жануарлар жатады?
12 Тақырып: Сүтқоректілердің сыртқы терісі.
Сабақтын мақсаты: Сүтқоректілердің сыртқы терісі құрылысымен танысу.
Зертханалық сабаққа жіберуге руқсат ететін сұрақтар:
-
Кластың жалпы сипаттамасы.
-
Өмір сүру жағдайларына байланысты сүтқоректілердің көпшілігі.
Әдістемелік нұсқаулар.
-
Сүтқоректілердің сыртқы терісіне жалпы сипаттама беріңіз.
-
Кестені толтырыңыз: Омыртқалылардың тері жамылғысын салыстыру.
Хордалылар типінің кластары
|
Балықтар
|
Қосмекенділер
|
Бауырмен жорғалаушылар
|
Құстар
|
Сүтқоректілер
|
Тері жамылғысы және оның туындылары
|
|
|
|
|
|
Түсініктеме.
Тері жамылғысы. Сүт қоректілер түрлі ортада тіршілік етуі-не байланысты тері жамылғысының құрылысы басқа омыртқалылармен салыстырғанда анағұрлым күрделі болады.
Омыртқалылардың тері жамылғысы сыртқы — эпидермис-тен, оның астыңғы қабаты.— кутистен немесе нағыз теріден тұрады. Эпидермис өз тарапынан екі қабаттан тұрады. Бірінші — төменгі қабатын — мальпигиев немесе өсу қабаты деп атайды. Ол қабаттың клеткалары цилиндр немесе кубик тәрізді болады. Бұл қабаттың үсті жалпақтау келген клеткалардан тұрады. Олар біртіндеп ішкі қуысына кератогиалиннің толуына байланысты мүйізденген өлі клеткаларға айналады. Бұл қабаттың үстіңгі клеткалары біртіндеп қайызғақ түрінде, немесе кесек (лоскут) қабат түрінде (тюленьдерде) түлеп түсіп отырады.
Сүт қоректілердің — түгі, тырнақтары, тұяқтары, мүйіздері (бұғыдан басқаларында), қабыршақтары және түрлі тері без-дері осы эпидермис қабатынан пайда болады.
Сүт қоректілерде терінің кутис қабаты өте жақсы жетілген. Кутис талшықты дәнекер тканьдерінен қалыптасады. Кутистің астыңғы қабатының ішкі беті жұмсақ талшықты тканьдерден тұрады, оған май жиналады. Бұл қабатты тері астындағы майлы клетчаткалар деп атайды. Кит пен тюлень сияқты суда тіршілік ететін аңдардың жылуды сақтап тұратын түктері болмағандықтан май қабаты жылуды реттеу қызметін ат-қарады. Кейбір қысқы ұйқыға жататын жануарларда (сар-шұнак, суыр, борсық г. б.) май қабаты жақсы жетілген. Май олар үшін қысқы ұйқы кезіндегі қоректік материал болып саналады.
Сүт қоректілердің барлығының дерлік денесінің сыртын қап-тап тұратын түк болады. Кейбір түрлерінде (кит, дельфин т. б.) түк тіпті болмайды. Болса рудимент түрінде ғана сақталған <33-сурет).
Сүт қоректілердің түгінің сырткы бөлімін сабақ, ал теріге еніп тұрған бөлімін түбі деп екіге бөледі. Түк сабағын тікелей жарып микроскоп арқылы қарағанда мына қабаттардан өзек, сірі жәнё сыртқы қабық қабаттарынан тұратынын байқауға бо-лады. Өзегі арасында ауа болатын торлы тканьдерден құралады. Сондықтан түк жылуды нашар өткізеді де, жануар-дың денесіндегі жылудың сақталуына себепші болады. Оның сыртқы сір қабаты өте тығыз болғандықтан түк мықты болады. Ең үстіңгі жұқа қабығы түкті сыртқы механикалық және химия-лық әрекеттерден қорғайды. Түк түйініне қан тамырлары келеді Ол түк түйініндегі клеткалардың жетілуін қамтамасыз етеді. Түктің тері бетіне шығып түрған сабағы өсу қабілетін жойып, мүйізденіп кетеді. Терідегі май бездерінен шығатын майы түкті майлап, оның мықтылық қасиетінің сақталуына жәнё су өтпеуіне себепші болады. Түк жабындысы әр түрлі түктен тұрады. Оның непзгі плеріне: мамық түк немесе түбіт, қылшық, сезгіш түк немесе вибристар т. б.жатады.
33 - с у р е т Терідегі шаштың жарып көрсетілген суреті:
1 — эпидермистің мүйізді қабаты, 2 — мальпигиев қабаты, 3 — нағыз тері, 4 — май безі, 5 — шаш өзегі, 6 — шаштық қабыршақ қабаты, 7 — шаш қабы мен шаш қынабының арасындағы мөлдір қапшығы 8 — шаштың қабыршақ қабы, 9 — шаш қынабы, 10 — шаш емізікшесі, 11— май бездері, 12 — шаш қабының еті
Сүт қоректілердің түктері жаңарып, жылдың белгілі бір маусымында түлеп тұрады. Тиіндер, түлкілер және көртышқандар жылына екі рет (күзде, көктемде) түлейді. Басқа сүт қоректілер жылына бір рет түлейді. Солтүстікті мекендейтін сүт қоректілердің түгінің тығыздығы мен ұзын-дығы жыл маусымына қарай түрліше болады. Тропиктік жануарларда жыл маусымдарындағы температураларының айырмашылығы шамалы болғандықтан көп өзгеріс болмай, олардың түгі әр уақытта бір қалыпты өседі.
С е з г і ш — түктердің атқаратын әрекеті түрліше болады. Оны сезімтал мұртша деп те атайды. Бұлар жануардың бас, мойын және төс бөлімдерінде орналасады. Құрсақ бөлімі ағашқа тиш қозғалатындарында (тиндерде) мұндай түк бауыр жағында болады. Түк қалтасының түбінде және оның керегесінде вибристердің басқа затқа тигенін сезетін нерв талшықтары болады.
Түктің түрі өзгерген түрі — инелер мен қылтанақтар. Эпи-дермистің басқа мүйіз туындыларына қабыршактар, тырнак, тұяқ мүйіз тұмсық және қуыс мүйіздер жатады. Қабыршақ көп-теген тышқан тәрізділердің табанында болады. Сол сияқты көптеген қалталылардың, кемірушілердің насекоммен қорек-тенетіндердің де құйрығында қабыршақ болады.
Мүйізді туындыларға сиырдың, ақбөкеннің, ешкінің, қойдың мүйізі жатады. Ал, бұғының мүйізі мұндай туынды емес, кутис-пайда болатын сүйекті зат.
Тері бездері өзінің құрылысына және атқаратын қызметіне қарай — тер, май, иіс және сүт бездері болып бөлінеді.
Тер бездері — түтік пішінді, астыңғы бөлімі иіріліп барып қошқар мүйізденіп бітеді. Бұлар бірден терінің үстіңгі бетіне немесе түк қалтасына ашылады. Бұл бездің продуктысы тердің құрамында су, еріген мочевина және тұз болады. Бұл продуктыларды тер безі жасап шығармайды, оған қан тамырларынан келеді. Тер безінің қызметі суды буландыру арқылы теріні салқындату және ыдырау өнімдерін бөліп шығару. Сөйтіп жылуды реттеп отыру және зәр шығару қызметін атқаратын болады. Тер бездері барлық сүт қоректілерде дерлік болады, бірақ барлығында бірдей жетілмеген. Мысалы ит пен мысықта өте аз, кемірушілердің көпшілігінің тер безі табанында, шабында және ерінінде болады. Кит тәрізділерде және кесіртке тәрізділерде тер безі болмайды.
Май бездері шоқтанып жатады да әрқашанда түк қалтасына ашылады. Май бездерінің шығарған өнімдері түктерді, эпи-дермистің сыртын майлап, сыртқы зиянды әрекеттерден сақ-
тайды.
Иіс бездері — тер немесе май бездердің түрінің өзгерген түрі болып саналады. Тіпті кейбір кезде сол екі бездің екеуінің де қажеті осы иіс безінен байқалады. Мысалы, сасық күзендердін, артқы тесігінің маңайында өткір иісті, сасық өнім шығаратын бездері болады. Бұл күзенді жауларынан қорғауда маңызды қызмет атқарады. Кейбір сүт қоректілерде мускустық иіс бездері болады. Бұл бездің маңызы әлі толық анықталмаған. Бірақ, без аталған жануарлар үйірге түскенде анық байқалады. Сондықтан оның қызметі жануарлардың көбеюімен байланысты, яғни жыныстық қозуды тудыруы мүмкін.
Сүт бездері — түтік пішінді болады. Клоакалы сүт қоректі-лердің (үйрек тұмсықтардың, ехидналардың) сүт бездері түтік сияқты болады. Олардың ұшы құрсақ жағындағы “безді алаң” деген бөлімдегі түк қалташығына келіп ашылады Балалары осы түктерді сорып, оның түбіндегі тесіктен шыққан сүтпен қоректенеді. Ехидналарда “безді алаң” арнаулы қалтаның ішінде болады. Бұл көбею кезінде дамиды. Мұның ішінде жұмырткасы, одан кейін ехиднаның баласы жатады. Үйрек тұмсықтылардың “безді алаңы” кұрсақ жағына орналасады. Бұлардың емшегі болмайды.
Қалталылар мен плацентарлылардың сүт бездері шоқта-нып орналасады. Олардың түтігі емшекке барып ашылады. Сүт бездері мен емшектердін, орналасуы түрліше болады. Ағаштарда өрмелеп жүретін маймылдар мен балаларын емізгенде басы төмен салбырап тұратын 'жарқанаттардың емшегі кеудесінде орналасқан, тек қана екі емшегі болады. Жер бетінде мекендейтін тұяқтыларда емшегі екі шабының арасына, жыртқыштар мен насеком қоректілерде құрсақ жағына екі қатар болып орналасады. Емшегінің саны балалағыштығына, көпшілік жағдайда туған баласының санына тең болады. Емшек саны маймылда, қойда, ешкіде, пілде, жылқыда екеу болады. Ең көп 10—24 емшек тышқан тәрізді кемірушілерде, насеком қоректілерде, кейбір қалталыларда болады.
Өзін-өзі тексеру және зертханалық сабақты қорғауға арналған сұрақтар:
-
Қасаң қабықтын пайда болуы.
13 Тақырып: Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылысы.
Сабақтын мақсаты: Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.
Зертханалық сабаққа жіберуге руқсат ететін сұрақтар:
-
Қасаң қабықтын пайда болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |