ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «ортағасырлар тарихы»


Монғол мемлекетінің саяси құрылымы



бет7/19
Дата23.02.2016
өлшемі1.38 Mb.
#11166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Монғол мемлекетінің саяси құрылымы. Монғол империясын Шыңғыс ұрпақтары биледі. Ең жоғарғы әміршісі Ұлы хан болды. Ұлы хан мемлекет басшысы ретінде әскери заң шығаруға және әкімшілік билік жүргізуге құқылы болды. Монғол империясының саяси өмірінде Шыңғыс ұрпақтарының жалпы империялык жиналысы - құрылтай (хурилтай, хурилта) зор рөл атқарды. Құрылтай ресми түрде жоғарғы өкімет билігінің жоғары органы болды, құрылтайда ірі әскери мөселелер, ішкі саясат, Шыңғыс ұрпақтары арасында өлкелерді бөлу мәселелері шешіліп отырды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатты түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды. Құрылтайды шақыру мерзімі күні бұрын белгіленіп, үлыстарға хабаршы жіберу арқылы жария етілді. Құрылтай көктемде шакырылды. Құрылтай іс жүзінде Шыңғыс ұрпақтары әскербасыларының және азаматтық әкімшілік басшылары қабылдаған шешімдерін бекітті. Империя әміршісінің билігін шектемеді. 1259 жылы Мөңке қаған өлгеннен кейін жалпымонғолдық құрылтайлар шақыру тоқтатылды. Монғол империясында құрылтайдың орнына ақсүйектер кеңесі шақырылып түрған. «Кеңес» сөзінің екінші мағынасы «той» дегенді білдірген. «Тойға» Шыңғысханның ұрпақтары, әскербасылар, билеушілер мен есімі елге белгілі әйелдер де қатысты. Тойдың негізгі мақсаты өзара қырқыстарға жол бермеу болды. 1269 жылы осындай басқосу Талас өңірінде өтті.

Монғол мемлекетінің саяси құрылымы

«Яса» («Жаса») - XIII ғасырдың басында Монғол мемлекеті мемлекет баскару үшін ортақ, жазбаша баянды етілген күкықтық нормалар мен заң ережелерін бекітті. Зандар мен ережелердің жиынтығы Шыңғысханның «Ұлы ясасы» деп аталды. Ясаның талабын орындамаған хан тұқымының мүшелері қатаң жазаланатын болды. Монғол хандары «Ясаны» ел басқаруда үзақ жылдар бойы басшылыққа алып отырды. Алайда «Ясаның» қағидалары жергілікті халықтың әдет-ғұрпы мен құқығына сәйкес келмейтін еді. Осының негізінде «Яса» заңын талап етушілер мен оны орындауға тиіс карапайым халық арасында қақтығыстар болып тұрды.



Шыңғысханның Қазақстан, Орта Азия және Кавказ жерін жаулап алуы

Шыңғысхан Қытайды жаулап алғаннан кейін, батыс елдерге бірнеше рет саудагерлер мен елшілерін жіберіп, барлау жүргізе бастайды. Жетісу өңіріне монғолдар 1211 жылы келіп кіреді. 1216 жылы Жошы бастаған қалың қол керейлерді бағындыру үшін Торғай даласына дейін барады. Осы жорығында монғол әскерлері тұңғыш рет Мұхаммед хорезмшах әскерлерімен соғысады. 1218 жылы Орта Азияға Шыңғысхан сауда керуенін жібереді, олар Отырар қаласына келген кезде Ғайырхан саудагерлерден күмәнданып, олардың бәрін өлтіруге бұйрық береді. Бұл хабарды естіген Шыңғысхан Орта Азияға 200 мың әскермен жорыққа аттанады. 1219 жылы Ертіс өзенінің бойында әскерлерін тынықтырып, Балқаш көлінің оңтүстігі - Жетісу арқылы Отырар каласына жақындай түседі. Қалаға жақындағанда Шыңғысхан әскерлерін бірнеше түменге бөледі. (Он мың әскер бір түмен деп аталған). Отырар қаласын алуға Үгедей мен Шағатайды қалдырады. Жошы қалған түмендерімен Сыр өзенінің төменгі ағысындағы Жент және Янгикент қалаларын алуға аттанады. Шыңғысхан кіші баласы Тулуймен (Төлей) Бұхара қаласына жүріп кетеді. 1219 жылдың күзінде монғол әскерлері Отырар қаласына келеді. Отырар өмірі Ғайырхан 20 мың әскерімен қаланы қорғауға дайындалады. Отырарды қоршап алған монғол әскерлері бірнеше ай бойына қаланы ала алмайды. Алты айға созылған соғыстан кейін Отырар қаласы құлайды. Монғолдар қала халқын қырып, қаланы жермен-жексен етеді.Заманында Отырар қаласы қазақ жеріндегі ең ірі қалалардың бірі болған. Бұл жерде ғұлама ойшыл, данышпан ғалым Әбу Насыр әл-Фараби туған. Қаланың орны күні бүгінге дейін сақталып, Қазақстан ғалымдары жыл сайын археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. «Отырардың күйреуі» атты кинофильм түсірілді. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде ғылыми кітаптар жазылды. Отырар қаласы құлағаннан кейін 1220 жылы Шағатай мен Үгедей Бұхара жолында Шыңғысхан әскерлеріне қосылып, Орта Азия қалаларын жаулап ала бастайды.

Монғол шапқыншылығы басталғанда қазақ даласында, Орта Азия жерінде феодалдык бытыраңқылық күшейіп келе жатқан болатын. Шыңғысхан Хорезм мемлекетін де жеңіп, өзіне бағындырды. Бұхара, Самарқан қалаларының халқы ерлікпен корғанып, қарсылық көрсетті. Хорезм астанасы Үргеніштің түрғындары жеті ай бойына ерлікпен қорғанды. Шыңғысхан бастаған монғол-татар әскерлері 1220 жылдың мамыр айында бүкіл Мауараннахр аймағын өзіне бағындырды. 1221 жылы Мерв, Хорасан қалаларын алып, Орта Азияны өзіне каратты, 1221 жылы көктемде Шыңғысхан Өмудария өзенінен өтіп, Ауғанстан мен Солтүстік Үнді жеріне барады. XIII ғасырда Қазақстан мен Орта Азия жерінде монғол-татар үстемдігі орнайды. Қырғын соғыс пен ұзақ жылдарға созылған езгі жергілікті халықты күйзеліске ұшыратты.

Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғысхан жіберген әскерлер Кавказға аттанады. Солтүстік Ираннан кейін монғол-татар әскерлері Әзірбайжан жеріне кіреді. Жолындағы Марага, Нахичеван, Байлакан қалаларын жаулап алады. Шемаха қаласы қатты қарсылық көрсетеді. Армян-грузин әскерлерін жеңіп, Жебе мен Сүбедей әскерлері Дағыстан арқылы Дербент қаласына келіп, Солтүстік Кавказ жеріне аяқ басады. Осы жерде қыпшақтармен кездеседі. 1223 жылы 31 мамырда Қалқа өзенінің жағасына шығып, орыс даласына жақындайды. Қалқа өзенінің бойында монғолдарға орыс-қыпшақ әскерлері біршама қарсылық көрсетеді. Бірақ орыс жеріндегі феодалдық бытыраңқылық орыс әскерлерінің бірігіп соғысуына кедергі болады. Орыстардың қыпшақтармен келісе алмауы салдарынан Қалқа өзенінің бойында монғол-татар әскері жеңіске жетеді. 1225 жылы Шыңғысхан өзінің астанасы Қарақорымға келеді. 1226 жылы Таңғұт патшалығына жорық жасайды. Бұл жорықта Шыңғысхан ірі жеңіске жетіп, Таңғұт патшасын өзіне бағындырады. Жорықтан қайтып келгеннен кейін аң аулап жүргенде аттан құлап, мертігеді. Сол жығылғаннан тұра алмаған Шыңғысхан 1227 жылы 72 жасында дүние салады. Өзінің көзі тірісінде айтып кеткеніндей, баласы Үгедей таққа отырады. 1235 жылы Қарақорымда болған құрылтай жиналысы ендігі шабуылды батысқа қарай бастауға, жаңа жерлерді бағындыруға шешім қабылдайды. Жорықты бастау Жошының баласы Батуға (Батый) тапсырылады. Көп кешікпей 1236 жылы Батудың Орыс жеріне жорығы басталады.



1227 ж. Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монгол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Оны Жошының ұлы Бату басқаратын болды. Бату хан әскері еріксіз тайпалар өкілдерінен құралды. Басқару қызметтерін монгол феодалдары иеленді. Бату хан әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарды, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жж. орыс жерлеріне келді. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде күшті шайқастар болды.

1239 ж. басында монғолдар Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. 1240 ж. күзде Киев алынды. Монголдар Польша, Венгрия, Чехияны талады. Енді монгол жері батыста -Днестрге, шығыста Ертіске, оңтүстікте Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату хан иеліктері құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік хорезм мен Сырдың төмен жағындағы жерлер енді. Орыс кінәздықтары да Бату ханға тәуелді бодан болды.

Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, орыс жылнамаларында Алтын Орда деп атанды. Алғашында Алтын Орда Монголия империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал 15 ғ. 1460 жж. кейін ол дербес ел болып бөлінді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазарлар, хорезмдіктер тұрды. Ал далалық аймағында қыпшақ, найман, қоңырат т.б. мекендеді.



1377 ж. Мәскеудің ұлы кнәзы Дмитрий мен Суздаль-Нижегород кнәзының әскерлері Қазанға жорық жасады. Рязань кнәздығына шабуыл жасаған татарларды 1378 ж. орыстар Вожа өзені бойында (Оканың оң саласы) талқандады.

1380 ж. Алтын Орда нояны Мамай үлкен әскер күшімен орыстарға қарсы шабуылға шықты. Орыс кнәздықтарының біріккен күштері Непрядва (Донның оң сапасы) өзені жағасында, Куликово даласы деп аталатын жерде 1380 ж. 8 қыркүйекте Мамай әскерінің тас-талқанын шығарды. Бұл Алтын Орданың құлауын тездетті.

Әдебиеттер:

1. История средних веков. Т,1.М., 1997.

2. История средних веков. Т,1.М., 2000.

3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.

4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.

5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.

6. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004
12- лекция Орта ғасырдағы Африка тарихы

1. Орта ғасырдағы Африка халықтарының жер шаруашылығы

және қолөнерлері

А) Батыс және Орталық Суданның тарихы

Б) Гана мемлекеті

В) Мали мемлекеті

Г) ХУІ- ХУІІ ғғ. Орталық Мали

2. Сонгай мемлекеті немесе Гао және оның әлеуметтік-

экономикалық жағдайы

А) Моси тайпасы құрған мемлекет

Б) Хаусандық мемлекеттер

В) Йоруба мемлекеті

Г) Эфиопия

Д) Конго


Ж) Луба

Оңтүстік Сахарадағы Африка елдері біркелкі дамыған жоқ . ХУғ халықтар біраз феодалдық қоғам болып, кең көлемді мемлекет болып құрылса, ал кейбір жерлердің адамдары тайпа құрамынан шыға алмай жатты. Африканың Оңтүстік Сахара жерінде қоғамдық және экономикалық жағдайы жақсарған халықтарды атап айтуға толық болады, өздерінің тұрақтанған жерлеріне тән белгілері болды: Батыс Судан, Шығыс Африка, Батыс Тропиктік Африка және Оңтүстік Африка.

Африка қоғамында қарапайым кедей шаруалардың еңбегі басым болып келеді. Тіпті алғашқы қоғамда құлдарды қолданбаған, құлдар жерге салық төлеп тұрған.

Африканың халықтары металлды өңдеу әдісін меңгерген, әсіресе темірді өңдеген. Африкандықтардан қалған балқытылған пештерден байқауға болады. Олардың халықтары өзбеттерінше еңбек құралдарына металл қосуды меңгерген.

Тропиктік Африка халықтары ежелден жер шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан. Мал шаруашылығымен тек көшпелі халықтар:оңтүстік Сахарада берберлер мен туарегеттер, батыс Африкада фульбехтер, шығыс Африкада масаилер мен галла халықтары айналысты. Осы жерде малшаруашылығы нашар дамығанын жер шаруашылығы түсіндіреді. Дегенмен, орта ғасырда африкалықтардың ауыл шаруашылық мәдениетінің дамуын көрсетеді.

Африкада күнделікті астық мәдениеті және сол сияқты неше түрлі сұлы, күріш, т.б.сияқты дәнді-дақылдарды қолданған. Бобов мәдениетін таратқандарға сиыр бұршағы, т.б. берілді. Маңызды мәдениетте құрма, какос пальмасы, маңызды техникалық мәдениетте мақта, индиго, қант таяқшасы орын алды. Үлкен дамыған жетістікке -әртүрлі бау-бақша мәдениеті, әсіресе африкалық ямса және ХУІ ғ. америкадан әкелінген тағадар болды.

Орта ғасырларды орталық базар алаңдары ашыла бастады. ХІУ-ХУғғ.батыс мемлекеттерде шеберханалар, әртүрлі цехтар ашылды. Ең күрделі өнеркәсіп ол- металл, яғни темір, алтын, күміс, ауылшаруашылық құралдар, тігін бұйымдары, тері өнімдері, қару-жарақ және сәулеткерлік керамикаларды қолөнершілер тобы өңдірді. Африкандықтар керемет ерекше металлдың, пештердің конструкцисы мен технологиясын жақсы меңгерген осы әдіс барлық Тропиктік Африкалықтарға тән. Темір мен мыстың металургиясын кейінірек таратты, ал алтын онша дамыған жоқ.

Тігін текстильі бүкіл Батыс және Орталық Судан, әсіресе Хусан және Йорубуск елдерінде дамыды. Хауса елдері тері өндіруден яғни белбеу, қорамсоптар, сөмкелерді өндірді. Тері текстильімен қатар бояу өндірісі де дамыды. Йоруба, Бенине, Нупе елдерінде сәулеткерлік керамика, күмістен жасалынған мүсіндер, шыныдан істелінген заттар кеңінен дамыды. Сол сияқты ағаштан жасалынған әртүрлі ағаштан жасалынған мүсіндер, ритуалдық маскалар, сүйектер және тоқылған заттар орын алды.



А) Батыс және Орталық Суданның тарихы

Батыс және Орталық Суданның халықтары ежелден бері жершаруашылығымен көршілес елдермен айырбас жүрігізді,соның бірі оңтүстік Сахараның шекарасымен айырбаспен айналысты. Батыс Суданның сахеле зонасында УІІ-УІІІ ғғ.үлкен сауда пунктері болды. Аукар, Мали, кейінен Пимбукту, Уалата, Гао қалалары батыс судандықтардың орталығы болған. Осы аталған үлкен қалалар керуен жолы Батыс Судан аймағымен байланыста болды. Маңызды сауда жолы Нигер өзені, Сенегал, Гамбин, Сокота, Камадугу, т.б.болды.

Айырбас ретінде жер шаруашылығының өнімдері , малшаруашылығы, тұз, алтын, ал Оңтүстік Батыс Суданда алтын және кола жаңғағы жүрді. Нигер мен Сенегала көлінің ортасында орта ғасырда бірінші білім беру жүйесі енгізілді. Гана, Мали, Сонгай ортағасырдағы Солтүстік Батыс аймақтың Чад көлі орта ғасырлық Бориу, Канем,т.б. мемлекеттер пайда болды. Оңтүстік Суданның Гвиней аралында Йоруба, Белин, Фаголия, Амантин орта ғасырлық мемлекеттер пайда болды. Осы аймақтағыхалықтардың этникалық және тілдік қатынасы мемлекетттің, экономикалық жағдайының пайда болуына әкеп соқты.

ХІ-ХУ ғғ. Судан. ХІ-ХУ ғғ. Суданның территориясы Нубия деп аталады. ХІ ғ Нубияда бірнеше тәуелсіз княздіктер өмір сүрді. ХІІ ғ Нубияда ұланғайыр, бай мемлекеттер өмір сүрді. Жекелеген князьдіктер өздерін Догола патшалығының вассалы деп есептеді. Египеттегі орталық биліктің әлсіреуіне байланысты Мукурра нубийлерді Египеттің оңтүстік иеліктеріне шабуыл жасады. Салық жүйесіне өзгерістер әкелді. Мукурра өкіметі Египетке жыл сайын 400 ірі қара, 100 түйе, жабайы аңдар, финник, мата, құралдар жіберіп отыратын болды.

Египит үкіметі Мукурраның үстінен саяси үстемдік те жүрді. өздерінің көңілін таппайтын Мукурра басшысын орнынан алып тастап, қалаған адамдарын тағайындап отырды.



1304-1305жж Мукуррада көтеріліс болды. оны басу үшін Аммий Египеттен көмек сұрады. Үкіметке наразы болған халық жаппай мұсылман дініне кірді. Бұрынғы христиан дініндегі өкімет басшысы орнынан алынып, оның орнына Каире өскен, ислам дінін қабылдаған Бершамбо отырғызылды. Доголдағы кафедралы собор мешітке айналды.

ХІУ-ХУ ғғ. Судан территориясында араб тайпаларының, қоныстануы одан әрі жалғасты. Арб тілі мен діні тез тарай бастады. Араб халықтары ежелден Судан мәдениетін меңгерді. Араб әлеміне жату мақтаныш сезімін туғызатын болды. ХУІ ғ. Көк және Ақ Иілдің қосылатын жерінде Сеннар мемлекеті, Ніл алқабының батысында, Коржофон тауында Дарфут мемлекеті құрылды.

Б.) Гана мемлекеті

Бұл аймақтағы ең ежелгі мемлекет Гагна немесе Аукар. Осыған дәлел УІІІ ғасырдағы деректер Гана мемлекет болып қалыптасқанына көз жеткізеді. Этникалық құрамын сонинке халқы құрады. ІХ ғасырдың ортасына таман Гана Аукар аймағын, Багану, Сахараның Хода және Тоганте облыстарын, батысында Текуре жеріне дейін, шығысында Нигерге дейін, оңтүстігінде Сенегаланың үстіңгі ағысы мен Бауле жерлерін жаулап алды. Гана мемлекетінің астанасы – Кумбм-Сален болды.

Гананың билеушілері ІХ ғасырда бербер тайпаларымен күрес жүргізді.. гана жеріне бара жатқан сауда жолын және Ганадан Магриб жеріне бара жатқан сауда керуенін ұстап алды. Гананың ең қауіпті жаулары берберлер мен лемтуна халқы болды. 919 жылы Лемтін қоғамы толығымен күйрегеннен кейін соғыс 919 жылы Зенага қоғамымен аяқталады. Бұл соғыста Гана жеңіп, зеногтың бас қаласы мен Аудагост сауда орталығын жаулап алады.

Х ғасырдың басынды Гана мемлекеті саяси жағынан күшейе түсті. 1054 жылы Альморавида мароккалық мемлекет Ганадан Аудогасты тартып алды. Бірақ осыдан қарамастан Гана мойын сұнбады. Батыс Суданды сақтап тұрды. Гананың 200 мың әскері, оның ішінде 40 мың мықты отряды болды.

Осыған қоса Гана Батыс Суданның Магриб елімен сауда қатынасты сақтап тұрды. Оның жолымен атақты сауда керуені өтіп отырды. Бірде бір бербердің және арабтардың керуені Ганаға төтеп бере алмады. Сауда айырбасында мыс, тұз, мата, құма жүрді. Гана бүкіл Мавритони, Текрурам, Фалеме, Гангарон жеріндегі саудаларды бақылап, алтын топырақтың орта ғасырдағы болған қалаларды аңдып отырды. Тұз бен алтын Гананың экономикалық гүлденуіне әкеп соқты. Гананың территориясынан өтетін керуендерді кеденнен билеушілер мұқият болды. Арабтардың саяхатшылары мен саудагерлері Гананың билеушілерінің байлығы туралы сөз таратып, тайпалар мен мемлекеттердің бірінші кезекте Альморавидскийдің империясын қаратты. Альморавидскийдің сұлтаны Әбу Бекир ибн-Омар өзіне солтүстік бөліктегі Батыс суданды қаратпақшы болды. Сол сияқты сол өңірге «ислам» дінін таратпақ болды. Қала толығымен тоналып, қирады. 1476 жылы Гана қаласы сұлтанның қолында болды. Гананың сұлтаны Менен Альморавидскийді мойындап, жыл сайын дань беруге міндетті болды. Халықтары еріксіз, күштеп исламға бағынды. Мароккандықтар Бамбук жеріне орнықты.

Мароккандық билік Ганада қысқа болды. 1087 жылы халықтық шу шығып Аурара ауданында, сол кезде Әбу Бекир ибн-Омар өлді. Мароккандықтар Гана жерінен кетуге мәжбүр болды. Бірақ бөтен мемлекет Ганалаықтарға үлкен соққы берді. Мароккандықтады Ганадан қуғынан кейін Гана тек Аукар және Бассицев жерімен шектелді. Батыс Суданның аудандарында тәуелсіз Данин, Каньяга мемлекеттері пайда болды.

ХІІ ғасырда Каньяганың билеушілері қастандық ойлап, Гананың бұрыңғы территориясын (Солтүстік Бемдущ, оңтүстік Багана,Диага бөлігі)

қаратып Сосо мемлекетін құрайды. ХІІ ғ ішінде Сосо мен Мали Ганаға қатер төніп тұрды. Батыс Суданның сауда орталығы болудан қалды.

1203 жылы Сосо Гананың бүкіл жерін иемденді. Астанада қалған бай отбасылары мен саудагерлер қаладан кетті. Осылайша Сосо бүкіл Батыс Суданның маңызды сауда керуенін иемденді. Осылардың келуімен 1224 жылы Уалата қаласы пайда болып, экономикалық орталығы деп есептелді.

Сосоның қарсыласы Мали мемлекеті болды, Суданның сауда орталығында орналасқан бай аймақтардың бірі.

В) Мали мемлекеті

Мали мемлекетінің пайда болуы УІІ ғасыға сай келеді. ІХ ғасырда арабтардың деректерімен дәл келеді. Малидің шекарасы Нигердің алдыңғы ағысы шығысқа қарай, Беледугудың солтүстікке қарай, Бакой өзенінің алдыңғы ағысы батыста. Малидің орталығы солтүстік аймағы болды. ІХ ғасырда ислам дінін қабылдады, кейбіреулері өздерінің алғашқы наным –сенімдеріне сенді. Арабтың және бербердің саудагерлері мен мұсылмандары Малиге келе бастады. Себебі солармен күнделікті сауда-қатынастық жағдайда болу үшін.

Малидің экономикалық және политикалық гүлденуі ХІІ ғасырдың ІІ-ші жартысына сай келеді. Сол кезде Мали Кейта жеріне еніп, бұл жаңа династия болды. Мемлекеттік қайраткер , еңірі представитель ол Сундиата болды (1230-1253жж). Оның қарамағында мықты, тәртіптіәскер болды. Алғашқы жорығы Сангаран және Футо-Джаллон аймағы болды және Мали жеріне қосып алды. Кейінен Сосо патшалығының оңтүстік жерін, және Малиге Сосо территориясының көп бөлігі кірді. 1240 жылы Сундиаттардың басшылығымен Сосо жерінің бәрі Малиге кірді. Сундиаттың билеуімен Малидің жаңа астанасы ретінде –Ниани қаласы болды.

Батыс Судан жеріндегі ең мықты айбатты мемлекет –Мали болды. ХІІғ.ІІ жартысында Мали соғыстарды жалғастыра береді. Ниани астанасы осы уақыттың ішінде Нигердің үстіңгі ағысынан ірі сауда орталығы болды, осыны басып Магрибтан және Ливиуан сауда керунеі өтті. Мали империясына Батыс Судандағы- Уалата және Тимбукту мәдени орталығы болды. Малидің экономикалық жағдайы күннен күнге кеңейе түсті. Египет пен Магриб елімен сауда айырбас қарым-қатынаста болды. Айрбас ретінде Гана еліндегі сияқты мұнда да тұз, алтын, шыныдан жасалған бұйымдар жүрді. Ішкі саяси жағдай жақсара түсті. Марокканың сұлтанымен дипломаттық қарым-қатынаста болды.



ХУІ ғ. ІІ жартысында Малидің ішкі саяси жағдайы құлдырай түсті. Көрші елдер территорияға кіруге мүмкіндік берді. Малидің басты қастары сыпайлық мемлекет және Ятенге мемлекеті болды. Ең негізгі ядросы мандинго тайпасында патриархаттық отбасы болды. Олардың қатарына құлдарда кірді. Осындай бірнеше патриархаттық отбасылар «дугу» деген ауылдық қоғамға бірікті. Бұлардың жеке мүлік теңсіздігі жүріп жатты. Қатардағы қоғамның адамдары жер шаруашылығымен кеңінен айналысты.

Төменгі сатыдағы қоғамда «құлдар қоғамы» тұрды. Олар өздерінің жағдайына қарай бірнеше категорияларға бөлінді. Құлдардың көпшілігі әскери қатарда болды. Құлдық мәңгі болған жоқ, әрбір құлдар келе бері қоғамдағы дүниеге құқылы болды.

Қоғамның жалпы адамдары және құлдар патриархтық отбасының жерлерін жұмасына 5 рет өңдеп отырған, ал қалған 2 күні өздерінің отбасыларына арнап , өз жұмыстарымен айналысқан.

Жерді бөліп беру бұл патриархтық отбасның қолында болды, құлдар еңбегінен бау-бақшаның жартысын алып отырды. Жерді сатып алу құқығы, тұрғын үй құқығын Мали мемлекеті шешті. Халықтың жеке мүлкі және саяси жағдайы құлдардан құралған әскери отряд басқарды. Құлдардан құралған әскери гвардияның бастықтары өздері сияқты құл тобынан шыққан. Ақырындап олар үкен топқа дейін көтерілген. Құлдар гвардиясы мемлекеттік саяси жағдайына үлкен рөл атқарды.

Малидің діни адамдары бірнеше ақсүйектерден құралған. Бұларға құқылы жалпы қоғамдағы адамдар, құлдар, шенеттер жатқан. Жоғарғы феодалданғандар жер иемденуге толықтай құқылы болды. Феодалдық қарым-қатынастар патриархалдық пен құл ұстаушылықпен тығыз байланыста болды. Діни адамдар ішінде өздерінен шыққан адамдар болған жоқ алғашында. Кейінірек олардың ішіне жақын туыстарынан құралды. Мали елінде бірнеше орында жер иеліктерге құқылы Кейта халқы тұрды. Жергілікті тұрғындар осы тайпадан шыққан адамдар мемлектінің көптеген жерлердің бөлігін иемденген.

Орта ғасырлық Малиде шаруашылық өте мықты болды. Малидегі ауылдық қоғамда шаруалар еш қандай айырбаспен айналысқан жоқ. Себебі барлық жерде өнімдер бірдей болды. Жергілікті сауда орындары болды. Дегенмен олар кішігірім аймақтарда орналасқан. Малиде ішкі сауда –саттық дамып келді. Бұл негізгі тұзбен, мыспен, алтынмен , құлдарды сатумен, тері сауда керуені жүрді. Мали мемлекеті Солтүстік Африкамен алтын саудасымен айналысуды қолға алды. Алтын саудасымен ақсүйектер , құлдардың басшылары қатысқан. Алтынға айырбас ретінде шыныдан жасалған заттар, бұлдар, қару-жарақтар,және т.б. Солтүстік Африкадан әкелінген заттар сауда ретінде жүрді. Алтын көбінесе ішкі саудаға тұз айырбасымен жүрді. Батыс Суданда тұз бағалы болды, тұз тек алтын айырбасына жүрді, тұзды айырбасқа жіберу үшін құлдарды қолданған.

Тұз айырбасы үлкен қолданыста жүрді. Тимбуктың және Дженне қалалары сауда орталығы болды. Шаруалар тігін- тоқулармен, тері –жіппен, қайық өңдеумен шұғылданды. Қалаларда Солтүстік Африкандықтардың саудагерлері, проповедтық және мұсылман қорғаушылар мекендеді. Бұлар негізінен жеке аймақтарды өзбеттерінше өмір сөрген.

Г ХУІ- ХУІІ ғғ. Орталық Мали



ХУІ ғасырда Мали мемлекеті құлдырай бастады. Ең бір қас жауы Сонгай патшалығы болды. 1498-1499 жж. Багалудың ірі аймағын, 1500-1501жж. Диара жерін, 1506-1507 жж. Галам аймақтарына шабуыл жасап, өзіне қоршап алды. Согай патшалығының шекарасы Текура жеріне дейін созылды. Соңында Малиге батыс жатқанда шабуыл жасалына бастады. 1530ж. Малидің қарамағында болған Бамбукты жаулады. Малидің патшасы ІІ Мамуди 1534ж шығар жол болмағандықтан партугалдықтардан көмек сұрады. Партугалдық посол Перес Фернандес қарсылас ретінде шықты бірақ Мали үшін бұл кеш болды. Себебі Мали көптеген жерлерінен айырылды. Дегенмен Мали өінің оңтүстік жағын сақтағанымен саяси жағынан құлдырап кетті. Согайлықтар Малидің саяси жағы мен әскер жағдайына қысым көрсетіптұрды.

Солтүстік Суданға басып кіргенде мароккандықтар және сонгайлықтарға қарсы шықты. Осыған қоса Сонгайлықтар Малиден алыстай түсті. ХУІІ ғ.басқа да қас жаулары пайда болды. Олар бомбара халқы болған еді. 1600 жылы Сегу аймағында мемлекетін құрды. өздерінің діні анимистика бола тұра, 1645 жылы Малидің мұсылман патшасына діни соғыс жариялап, оңтүстік аймаққа шабуылдады. 1670ж. Бобара мемлекетіндегі Сегу аймағы ең мықты мемлекеті болып саналды. Сегу Битон патша, Массина және Багома жерлері жаулап алынған еді



2. Сонгай мемлекеті немесе Гао және

оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Мали мемлекеті құлдырағаннан кейін Сонгай мемлекеті пайда болды. Согай мемлекеті Малидің шығыс бөлігінде тұрған. Бұл жағдай ХУ ғ. дейін болды, өйткені Малиден осы кезде тәуелсіз болды. Көршілес елдерді өзіне бағындырып, бүкіл Нигердің орта ағысынан Дженнеге дейін жаулап алды. Мемлекет басында бебрбер тайпасынан шыққан адам тұрды.

Тимбукту районына сауда орталығы, шығысқа көшірілуі Малиді әлсіретіп, ал сонгайлықтардың экономикалық дамуы жақсара түсті. Гүлденуі- ХУ ғ. ортасы Әли Бераның билеуінің кезеңі болды (1461немесе 1465-1492жж). Әли Тимбуктуды жаулап, 7 жылдан кейін Дженне сауда орталығы басып алды. Сонымен қоса өзінің батыстағы және оңтүстік батыста территориясын кеңейтіп, көптеген әскермен кеденшілеі және мемлекет қарым-қатынаста болды. Оның әскерлері Янтенге, Гурма халқын, тонаган халқын, берберлер мен фулбелерді әлсіретті. Мұның мақсаты территориялар мен жер өңдейтін құлдарды жаулап алу еді. Сонгайдың ең жоғарғы дамыған кезеңінің бірі. Нигерия бассейнін және Сахарадан бобо мен моси елдеріне дейін жаулап алу кезеңі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет