ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені "Отандық тарихтың іргелі мәселелерінің қазіргі кезеңдегі теориялық – әдістемелік көзқарас " пәні бойынша «6N0203»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Дәріс 13. Араб жазуындағы қыпшақ-шағатай жазба ескерткіштерінің мәтіндік ерекшеліктері



бет11/12
Дата14.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#134319
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Дәріс 13. Араб жазуындағы қыпшақ-шағатай жазба ескерткіштерінің мәтіндік ерекшеліктері


Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жерінде-гі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыс-тар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мүндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үзді. Көптеген бейбіт халық: егінші, малшы, зергер тағы басқа да кәсіп иелері қырылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті.

Алайда, бүкіл Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге үшырап, Ақ Орда, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Олар сая-си, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы бол-ды. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бүл ру-тайпалардың барлығы кейін қазақ халқының құрамына кірген.

ХІУ-ХУ ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық со-ғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға үмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендері-нің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқша-улануының тарихи қалыптасқан жағдайларына /түрлі тай-палық одақтар мен ертедегі феодалдық мемлекеттерге кіруі/ байланысты этникалық жағынан біртүтастық пен бүтіндікке үмтыла отырып, үш негізгі этникалық - шаруашылық то-пқа бөлінді. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты. Олар: ¥лы, Орта және Кіші жүз. ¥лы жүздің орталығы - Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта жүздің орталығы - Орталық Қазақстанда және Кіші жүздің орта-лығы - Батыс Қазақстанда болды.

Үш жүздің пайда болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал. Қазақтың үш жүзі ешқашанда бір-бірімен жауласып, өзара араздыққа ба-рьш көрмеген. Керісінше, олар қазаққа қауіп тенгенде, казақ халкының тағдыры шешілер сәтте хандары, батырлары, билері, тағы да басқа беделді адамдары арқылы бір жерден табылып, мәселені бірігіп шешіп отырған. Жоңғарларға кар-сы соғыста солай болды. Қазақтар үш жүздің бірлігін қадірлеп, қастерлеп келе жатқан халық. Төле бидің "Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін" - деуі де осыдан.

Мүндай үштіктің шығуына, бір жағынан, Ақ Орда, Но-ғай Ордасы және Әбілхайыр хандығының қүрылуы, Мо-ғолстанның оқшаулануы түрік және түріктенген моңғол тай-паларының қазақ халқы больтп бүрынғыдан да жедел әрі топтасу процесінің күш алуы комектесті. Екінші жағынан, қазақ тайпаларының феодалдык мемлекеттердің бұл жүйесінде үзақ болуы қазақ халқының үш этникалық тар-мақ, үш жүз болып қалыптасуын негіздеді.

Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағы-нан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс-мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Жалпы алғанда, XV ғасыр қар-саңында бүл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек "қазақ" деген этникалық ортақ атауға ие бол-ды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқтал-Ды. Бірақ бүл процесс кейбір себептермен байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этника-лық қүрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет қүра-мына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптаскан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. ХІУ-ХУ ғғ. көптеген жүрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. Мәселен, Темірдің соғыстары кезінде моғол топтары Жетісудан Орта Азияға қоныс аударады. Әбілхайыр түсында оған Моғол-станнан калучи және бүлғашы тайпалары кошіп келеді. Бір кездері керейлер Жетісудан Орта жүзге кетіп қалады, маң-ғыт-ноғайлар батыстан Сырдария бойына ауып келеді.

ХҮ-ғасырдың ІІ-жартысы мен ХҮІ-ғасыр қазақ халқының негізгі этникалық территориясы мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процессінің аяқталуын тездетті.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Оңтүстік Батыс территориясы баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық орталығына айналды.

Дәріс 14.Тарих тақырыбына жазылған ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Хроникалар тілі

XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқыншылығының ауыр зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Бүліншілікке ұшыраған шаруашылықты, қираған қалаларды қалпына келтіруге бағытталған шара-лар жемісін беріп, феодал-байлардың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары біраз жақсарды. Қазақстанның онтүстігі мен оңтүстік-шығысында кала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Өлкенің батыс, орталык, далалық өңірі мен оның оңтүстігі, Жетісу және Орта Азия аймақтарымен сауда байланыстары қалпына келтірілді. Сонымен бірге бүл тұста моңғолдардың қол ас-тында болып келген көптеген үлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан жерінде алғашқы рет жергілікті этникалык негізде пайда болған ірі мемлекет -Ак Орда хандығы. Оның шекарасы Жайық озенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созы-лып жатты. Ақ Орданың мегізгі халқы ерте заманнан осын-да мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ, Алтай-дан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керей-ттер, үйсіндер, қарлүқтар және басқалары. Бүл тайпалар тілі жағынан бірін-бірі түсінетін біртекті түрік тілдес болды. Олар әлеуметтік-экономикалық жағынан, мәдени әдет-ғүрып, салт-дәстүрлері де бір-бірімен үқсас, туыстас тайпалар еді.

Моғолстан мемлекетшің құрамына Шығыс Түркістан, Онтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жер-лері кірді- Мемлекеттін шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қала-сына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ер-тістен онтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймактарына дейін созылып жатты. Сонымен XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір хандық - Моғолстан мемлекеті қүрылды (орта-лығы - Алмалық қаласы). Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бүл мемлекеттің негізін қала-ған жоғарыда айтылғандай монғол әмірлерінің бірінің баласы - Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.). Ол Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу енірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі келемі зор, таулы-тасты, езенді-көлді, ашық дала-лы, орман-тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тай-палардың басын қосты.

ХІ^-Х^ғасырларда Моғолстан қүрамына кірген тайпа-лар: дүғлаттар (дулаттар), каңлылар (бекшіктер), керейт-тер (керейлер), арғьшдар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір тайпалар-дың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардың да осы бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.

Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судьң жоғарғы иесі хан болды. Ақ Ордадағы сияқты мүнда Да бай-феодалдар жерді шартты иеленудің икта, инджу, сойүрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аймақтар-Да жер жалпы қауымның қарауында болған. Бірақ мал ірі ақсүйек байлардың колында шоғырлануьшен байланысты көшпелі аудандарда қоныс - өрістердің бәрі шынында да солардың меншігіне тиді. Хандар мен ел билеуші ақ сүйектердің пайдасына қала мен ауыл түрғындарынан, егінші пен көшпелі халыктан күпшір, зекет, тағар, баж, қарадж Және тағы басқа да салықтар жиналды. Бүқара халық әртүрлі міндеттерді: әскери, кірешілік, еңбек, пошта т. б. Мщдеттерді атқарды. Мемлекетті басқару ісінде ханға үлыстар көмектесті.

XIII ғасырдың ортасынан бастап Жошы ұлы Орда Ежен негізін қалаған Ақ Орданың батыс жағында Шыңғысхан-ның тағы бір немересінің атымен Шайбан ханының үлесті жері даралана бастайды. Ол Боз орда деп те аталған. Тари-хи деректердің көрсетуі бойынша, Шайбан бүл жерлерді Бату ханның батыстағы соғыстарына қатысқаны үшін алса керек. Шайбан ханның Батудан сыйлық ретінде алған үле-сіне алғашқы кезде қосшы, найман, бүйрақ, кдрлүқ тайпа-лары кірген. Шайбани хан Орал бөктеріндегі Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең байтақ жерлерді жа-зғы жайлау қылса, Арал маңын қыстаған.

XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иеліг-індегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің қүра-мында болды. Мүнда Орда-Ежен мен Тоқа Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Дегенмен, осыған қара-мастан Шайбани үрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды. Ал XV ғасырдың 20-жылдарының аяғына карай Шыңғыс үрапақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиянкескі күресінің нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мүрагерлерінен Шайбан үрпақтарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен қүлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бүл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі - Жайықтан және оның батысына қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыс-тарына Шайбани үрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жүмадық ханның үлысы, Шайбани әулетінің екінші бір түқымы Мүстафа хан Атбасарда, үшінші бір түқымы Махмүд-Қожа Тобылда, маңғыт Кепек би мен Адабек Бүркіт Батыс Сібірдегі Тура оңірінде билік еткен. Жазба тарихи деректерде бүл феодалдық иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те ата-лған. Бүл үлыстардың арасында жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі үрыстар үнемі болып түрған. Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан үрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Тюмень) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалдардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған.
Дәріс 15.Түркі жазуы мен әдебиеті ескерткіштері

ХҰІ-ХУІІ ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында "жерді біріктіру" процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен казақ хандарының бірі - Жәнібек ханның үлы Қасым. (Туған Жылы 1445 ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бүрындық кезінде-ақ басқара бастады. Қасым ханның басқаруынан бастап елде билік жүргізу тек Жәнібек үрпақтарының қолыня көшті. Қасым ханның түсында /1511-1523 жж. билік қүрған/ қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түсті. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік қүрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен түрағының негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүс-тік-батыста Сырдың оң бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақ-тардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шы-ғыста оған Жетісудың көп бөлігі /Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері/ қарады. Қасым ханның түсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. Қазақ ханды-ғымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттер-дің бірі - үлы князь III Василий /1505-1533 жж./ билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Осы түста қазақ-тар өз алдына дербес халық ретінде батыс Еуропаға мәлім болды.

Қасым хан алғашқы қазақ заңы - "Қасқа жолды" жа-рыққа шығарады. Бүл заң қазақ арасында бүрыннан қалып-тасқан әдет-ғүрып ережелері негізінде жасалды. Заң сол кезде мүсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген ислам дінінің /шариғат/ заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Соның үшін ол Қасым хан-ның атымен байланыстырылып «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Бүл заңға кірген ережелер:


  1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері)

  2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, үрлык қылмыстарына жаза).

  3. Әскери заң (қосын қүру, аламан міндеті, қара қазан, ердің қүны, түлпар ат).

  4. Елшілік жоралары (майтадмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік)

5. Жүртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, түтқауылдардын
міндеті.)

"Қасым ханның қасқа жолының" қазақ феодалдык қоғамын нығайтуда үлкен маңызы болды. Қазақ хандығының күшеюі және оның территориясы-нын кеңеюі Орта Азиядағы Мәуеренахрды билеген Шай-бани тұқымдарын қатты састырды. Олар қазақтардың Мәу-еренахрға басып кіруінен қорықты. Жергілікті халықтың Шайбани әулетінің билеушілеріне наразылығын пайдаланып, мүндағы өкімет билігін тартып алады деп қауіптенді. Сондықтан Мәуеренахр билеушісі Мұхаммед Шайбани казақтарды барынша әлсірету үшін ең әулі экономикалық қыспаққа алу саясатын жүргізді. Осы саясат бойынша Мүхаммед Шайбани өзінің қарауындағы жерде түратын ха-лықтың қазақ саудагерлерімен сауда жасауына тыйым салып, Мәуеренахрға келген қазақ саудагерлерін тонауға бүйрық берді. Мүхаммед Шайбани Қазақ хандығына эко-номикалық қыспақ жасау мен қатар, оның жеріне бірнеше рет тонаушылық жорықтарын да үйымдастырды.

Шығай ханның ұлы Тәуекел хан өз билігін өзбек билеушілерімен ұзақ күресте бекітті. 1586-жылы ол Баба сұлтан бастаған өз қарсыластарын талқандап шықты. Сол кезеңде қазақ хандағанаң халықаралық жағдайы әлсіреді. Өз билігінің басты мақсаты ретінде Тәуекел хан оңтүстік қалалаларды хандық құрымына қосуды, нығайтуды көздеді.

1598-жылы Бұхар хандығының ішіндегі қайшылықтардфы пайдаланып, Тәуекел хан Орта Азияға жорық жасайды. Соның нәтижесінде өзбек әскерін талқандап, Тәшкент, Самарқант қалаларын алды.Сонымен осы жылы Сырдария қалалары үшін болған ұзақ соғыс аяқталды деп есептеуге болады.Бұқар қаласына жорық жасағанда жараланған Тәуекел хан кешікпей қайтыс болды.

Қазақ хандығының құрамына Орта Азия қалаларын біріктіру Тәуекел ханның қолынан ғана келді. Түркістан аймағы ХІХғ.басына дейін қазақ хандығының құрамында болды.

Есім хан билігі кезінде қазақ сұлтандары оңтүстік қалалар үшін Аштарханидтер әулетімен соғысты.Есім хан мен Тұрсын хан арасында қақтығыстар көп болған.Сонымен, қалмақтардың күшеюі мен қазақтардың этникалық дамуына қауіп төнеді.Осыған қарамастан Есім хан тұсында қазақ хандығын мықты мемлекет деп тануға болады.Кейбір деректерде Тәуекел мен Есім хандарды қазақ қалмақ билеушілері деп атайды. Шығыс деректерінде Есім тұсында қазақтар Шығыс Түркістан үшін саяси күреске араласқан, орыс деректерінде Батыс Сібір үшін қазақтар мен қалмақтар ірі қақтығыстар өткізді. Көшпелі халықтардың күресіне Қытай мен Ресей империялары араласа бастады.

XVII ғ. екінші жартысында Қазақ хандығының жағдайы нашарлап қалған еді. Ірі ақсүйектер мен феодалдардың ара-сындағы кырқысуларды пайдаланып, жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып, осы аймақта көшіп жүрген қазақ-тар мен қырғыздарды бағындырды.

1680 жылы Қазақстан жеріндегі хандықтардың билігі Жәңгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1717 жж.) көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардың, ел силаған билердің қолда-уына сүйене отырып, халықтың, елдің бірлігінің туын жоғары ұстау мақсат болды.



Тәуке хан өкіметтің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолдан-ды. Оның түсында "Жеті жарғы" деген атаумен қазақ коғамындағы әдеттегі қүқық өлшемдерінің жинағы қүрас-тырылды. Мүнда феодалдық қүқық тәртібі мен мемлекеттік күрылымның негізгі шарттары белгіленді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағын ойлап, халықты ру-руға, жүзге бөліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауды шектеу үшін аянбай күресті. Осы максатта ол қазақ мемлекетінің саяси-күкық жүйесін белгілеп, халықты бірлікке, ынтымаққа ша-қырды. Тәуке хан өз төңірегіне ¥лы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз дауысты Қазбекті, Кіші жүзден Әйтеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп, қазақ халқ-ының тарихына ірі қүқықтық өзгерістер енгізді. Бүл оның халыққа кең тараған "Жеті жарғысымен" байланысты еді. Ол тек

3.Практикалық сабақтар

Тақырып 1. Көне Қазақстан тарихының мәселелері

Тас ғасырының зерттеудің шешілмеген мәселелері.

Қола ғасыры тарихын танудың өзекті мәселелері




Тақырып 2. Сақтар мен үйсін-қаңғуй, ғұн-сармат замандарының мәселелері


Көне тайпалардың тарихи, діни-дүниетанымдық және мәдени сабақтары

Тақырып 3. Көшпелі шаруашылықтың шығуы.

Көшпелі мал шаруашылығына өтудің өндірістік алғышарттары

Көшпелі шаруашылыққа өтудегі табиғи-климаттық фактор




Тақырып 4. Көшпелі шаруашылыққа өту уақыты


Көшпелі мал шаруашылығының аймақтық ерекшеліктері

Тақырып 5. Көшпелі қоғамдағы мемлекеттер

Көшпелілер мемлекетінің шығу жағдайлары


.

Тақырып 6. Көшпелілер мемлекеттігінің негізгі түрлері.


Мемлекетаралық байланыстар әсері.

Тақырып 7. Ортағасырлық қазақтардың шаруашылығы

Ортағасырлық қазақстардың мал шаруашылығы




Тақырып 8. Қолөнер мен сауда дамуының ерекшеліктері.

Мал шаруашылығы үстумдік еткен қоғамдағы егіншілік


Отырықшы халықтармен экономикалық байланыс негіздері

Тақырып 9. Қазақ хандығы тарихының мәселелері

Қазақ хандығы сыртқы саясатының негізгі бағыттары және оның жүзеге асу жолдары




Тақырып 10. Сыртқы саясат мақсаттарының үш ғасыр шеңберінде өзгеріске ұшырауы (ХҮІ-ХҮІІІ ғғ.)

ХҮ-ХҮІ ғғ. Қазақ хандығы және қазақ хандары тарихының көмескі тұстары





Тақырып 11. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығы тарихына байланысты мәселелер

Тақырып 12. Ортағасырлық жазба мәдениет

Тақырып 13. Араб жазуындағы қыпшақ-шағатай жазба ескерткіштерінің мәтіндік ерекшеліктері




Тақырып 14. Тарих тақырыбына жазылған ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Хроникалар тілі


Ортағасырлық әдеби шығармалар тілі.



Тақырып 15. Түркі жазуы мен әдебиеті ескерткіштері






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет