Әдебиеттер:
1. Селье Г. От мечты к открытию. М. 1987.
2.Феофраст. Психология личности. М.1982
3.Люблинская А.А. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. А.,1981 ж.
4.Немов Р.С. Психология в 3-х книгах. Кн.1. Психология образования. М. Владос,1998 ж.
5.Столяренко Л.Д. Основы психологии. –Ростов-на-Дону, 1996.
6. Джемс У. Многообразие религиозного опыта. М. 1992.
7.Гамезо М.И., Домашенко И.А. Атлас по психологии. – М., 1996.
9 тақырып: Психологиялық мамандық ретінде. Кәсіби ажырату және оның мәнісі тұлғаның өзін реттеуі.
Жоспар:
-
Психологиялық мамандық ретінде
-
Кәсіби ажырату және оның мәнісі тұлғаның өзін реттеуі.
Халыққа білім берудің советтік көрнекті қайраткері А.В.Луначарский қазіргі педагогтардың жеке басына қойылатын жоғары талапқа ерекше көңіл бөле отырып, осы талаптарды жүзеге асыруда мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу ролін атап көрсетеді: «Біз педагогтардың мемлекетіміздегі нағыз бесаспап және нағыз тамаша адам болғаны өте қажет, өйткені ол жас өркендей гүл жарып, шешек атып келе жатқан кішкентай адамдарға шаттық өмір сыйлай білуі тиіс. Педагогтың мәртебелі ісінің өзі, міне, осындай жәнеде ешқандай мамандық адамдарға мұндай талап қоя алмайды. Педагог өзінің адамгершілік мұратты жүзеге асыруы тиіс».
Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу – мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы. Күнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы іргетаста мұғалімнің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіліп, ажарлана түседі.
Адамның күш жігерінің мүмкіндігі ұшан-теңіз екендігі соншалық, тіпті орташа оқитын,жай ғана қабілеті бар студенттің өзі, жеке басын және кәсіптік-педагогикалық қызметтегі талантын жан-жақты өрістете алады. Көрнекті совет педагогы А.С.Макаренко өз шеберлігін жетілдірудегі тәжірибесіне сүйене отырып, былай деп жазғаны тегін емес: «Менің педагогикалық талантым болған емес жәнеде педагогикаға ешбір әуестенбей-ақ кездейсоқ келдім... бірақ мен үйрендім. Мен өз ісімнің шебері болуға тырыстым. Ал әркім-ақ өз ісінің шебері бола алады, ол үшін оған көмектесу керек, ол өзі де жұмыс істеуге ынталы болуы тиіс». Көрнекті педагог бұл сөздерінде өзін тым сыпайы етіп көрсеткен болар. Бірақ бір нәрсе айқын: педагогикалық қабілеттілікті қалыптастыруға болады.
Мұны есте сақтаудың маңызды болатын себебі сол кейбіреулерде фаталистік көзқарас орын алған: мектепті орташа бітіргендер, педагогикалық жоғары оқу орнына түскенде де шамалы студент болады. Келешегі алдында тұрған жастарға мұндай тұжырымның айтылуы, әрине, орынсыз. Негізінде олардың талантының ашылуына – институт коллективінің жұмысы да, жастардың өзін-өзі тәрбиелеуге күш салуы да ықпал ететіні сөзсіз. Мұндайда Альберт Эйнштейннің жас кезін қалай еске түсірмессің, кезінде ол да орташалар, тіпті үлгермеушілер қатарында болған. Альбертке ағасы Якоб: «Оқасы жоқ, Альберт, елдің бәрі профессор болмайды, ал сенен түбінде бір нәрсе шығады»,-деп жұбатқан екен. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Мәселе басқада: адамның қабілеттілігі жас кезінде де едәуір ересек кезінде де қалыптасуы және көрінуі мүмкін. Сондықтан да «қабілетсіз адам» деп күні бұрын топшылауға да, өз қабілетіңе шек қоюға да асықпаған жөн.
Өзін-өзі реттеудің дербес мақсатының да маңызы бар. өйткені деннің саулығы, ақылды, сезім мен ерікті жетілдіру ақырында, педогогикалық мамандық қызметіндегі жетістік көп жағдайда адамның өзіне байланысты, көбінесе оның өз қолында . адам өзімен жұмыс істеу нәтижесінде өзін оптимистік үлгіге икемдейді, өз қызметіндегі практикалық жетістікке талпынады, өзінің ақыл-ойы мен эстетикалық қабілетін жан-жақты дамытады және соның нәтижесінде өмірден адамдардың тамаша туындыларынан, өнерден, әдебиеттен, кескіндеме мен музыкадан барынша ләззат алады, әлемнің қызықты құбылыстарына терең бойлайды.
Өзін-өзі реттеу жолымен әр адам үздік жетістікке жетпегенімен, адамның потенциалдық күшінің зор екендігі соншалық, ол өз мүмкіндігін аша білген жағдайда елеулі өзгеріс жасай алады.
Зерттеудің жеке әдісі болып тест әдісі психологияда ХІХ ғ. аяғында пайда бола бастады және оның пайда болуы ақыл есі жағынан нашар дамыған адамдардың болуымен тығыз байланысты болды.
Кез келген тесть әдісінің ерекшелігі, тест әдісі бізге жеке адамның күрделі сапаларын және өзіне ғана тән қасиеттерін немесе мінезін сандық нәтижеде, яғни балл немесе процент бойынша есептер шығаруға мүмкіндік береді. Мысалы, темпераментінің типін немесе мінезінің ерекшеліктерін білуге. Сондай ақ тест әдісі жеке адамның білім деңгейін білу үшін де қолданылады. Бірақ оларды тәжірибеде өткізуде арнайы талаптар қойылады.
Тест әдісін өткізу көп еңбекті қажет етеді. Сондықтан олар баланың өзін жеке зерттегенде қолданылады. Тест бүкіл сынып оқушыларының немесе жас ерекшеліктері әр түрлі балалардың мінездерін зерттеуде сирек қолданылады.
Тест әдісін іс-тәжірибеде қолданудың негізгі сфералары:
1. Білім
2. Кәсіби дайындық
3. Кадрларды таңдау
4. Психологиялық дайындық
болды. Педагог психологтың кәсібилік деңгейі тестпен жұмыс істеудің барлық үш сатысында көрінді.
Сондай-ақ кейбір тесттерде, әсіресе жобалық тесттерде қорытынды шығару психолог-педагогтың субъективті қарым-қатынасына байланысты. Ал нәтижесін шығару маманның кәсібилік деңгейіне байланысты: психолог-педагог қаншалықты көп білсе, тіпті ең қарапайым тестпен соншалықты көп ақпарат алады.
Тест бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, жетістілікті білу тесті, оқушының нақты білімін, икемділігін және қабілетін білу үшін қолданылады. Интелекттік тест – оқушының ақыл есінің деңгейіне байланысты, ойлау қабілетіне байланысты тапсырмалар беріп қабілеттерін білу. Тесттің арнайы топтары бар, жеке топтың икемділігін білу үшін, мысалы шығармашылық қабілеттерін анықтау үшін. Жеке адамға байланысты тесттер, жеке адамның эмоциясын, айналадағылармен қарым-қатынастағы ерекшеліктерін білу үшін қолданылатың тесттер.
Психологиялық консультированияның әдістері. Осы тараудың бірінші бөлімінде консультированияның ерекшеліктері педагог-психологтың іс әрекетінің түрі ретінде карастырылды, ал енді оны өткізу барысында қолданатың әдістерге тоқталайық.
Педагог-психолог жаттығулардың әдістерін де игеруі керек. Тіпті тренинг психологиялық әдіс бола тұра, оның өзі де жаттығудың бір түрі. Жаттығу – ол бірнеше рет қайталанатын және соның барысында қабілеттер мен икемділіктер қалыптасатын іс-әрекет.
Жаттығуларды тиімді қолдану үшін оған қойылатын педагогикалық талаптарды сақтаған жөн: жаттығуды түрлендіріп отыру, орындалып жатқан іс әрекетке байланысты оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, т.б.
Жұмысы жемісті болу үшін педагог-психолог әртүрлі әдістерді игеруі қажет және соның ішінде өзіне ең қолайлы, нәтижелілерін анықтап, таңдап алып, сол әдістерге сүйене отырып өзінің жеке іс-әрекеттік стильін қалыптастыруы қажет.
Жас маманның кәсіби педагог-психолог болып шығуына оның біртіндеп жинаған іс-тәжрибелері арқылы келетіні, әр-түрлі стильдерді дұрыс игере алуына байланысты екендігін түсіндіру. Сонымен бірге табиғи мінез-құлықтың көрністеріде көрінетіндігі. Іс-әрекет стилінің жеке даралығы және оның құрылуы. Кәсіби дамуда өзің- өзіңді басқару. «Порфолио» әдісі.
Әдебиеттер:
1.Каптерев П.Ф. Детская и педагогическая психология М-Воронеж 1999ж.
2. А.А. Темірбеков, С.Балаубаев Психология Мектеп.1966
3. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Білім.1995
4. Алдамұратов Ә. Жалпы психология Білім.1996.
5. Психология. Словарь. Под ред. А.В.Петровского, М.Г.Ярошевского М.Политиздат 1990ж.
6. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в специальность психология. М., 2003.
7. Карандашев А.Н. Введение в професию: психология. –М . 2003.
10 тақырып: Психолог- маман ретінде өзін реттеуі.
Жоспар:
-
Психолог- маман ретінде өзін реттеуі.
Халқымыздың ғылым-білімнің осы саласындағы рухани мұралары ұшаң –теңіз. Оның ілкі сілемі сонау Орхон Енисей ежелгі түркі жазбаларынан (6-8 ғғ.) басталып, қазан төңкерісіне дейінгі 14 ғасырлық ұзақ мерзімді қамтиды. Бұл жерде ірі-ірі бел-белестерді ғана атап өтетін болсақ, алдымен айтарымыз кезінде Шығыс Арестотелі атанған, қазақ жерінен шыққан энциклопедист ғалым Әбу Нәсір әл-Фараби (10 ғ), тек соңғы кездегі ғана халқына мәлім бола бастаған ғұлама Өтей Бойдық Тілеуқабылұлы (15 ғ). Осы аралықта ғұмыр кешкен Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи,МұхаммедХайдар Дулати; Қадырғали Жалаири, Асанқайғы, Шалкиіз,Бұхар жыраулардың аталмыш мәселеге қосқан үлестері де өз алдына бір төбе.
19- ғасырдың екінші жартысымен 20 ғ. Басында әлемдік озық мәдениетке өлшеусіз үлес қосқан шоқ жұлдыздар; Шоқан,Ыбырай, Абай, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт сияқты біртуар перзенттердің халақымыздың өзіндік ерекшелікке толы жан жүйесі жәйлі толғаныс тебіреністерінің алатын орны ерекше.
20- ғасырдың алғашқы ширегінде туған халқының жарқын болашағы, оның тәуелсіздігі мен бостандығы, рухани өрлеуі жолындағы қалтықсыз қызмет етіп, осы жолда шыбын жанын пида еткендіктері көрнекті ғұлама қоғамдық қайраткерлер қазақ аспанында шоқ жұлдыз жарқырап, рухани-мәдени дамудың жаңа кезеңі қазақ Ренессансының (Қайта өрлеу) іргесін қалаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Н.Құлжанова т.б. еді. Осынау біртуар жандардың ғылымдар саласына сіңгрген тәлім тәрбиелік еңбектері ерекше.
Сөйтіп, өздеріңіз байқап отырғандай, қазақ халқының ғасырлық психологиялық ой-пікірлері Қазан төңкерісіне дейін анықталып, жүйеленіп, мұнысы Батыс пен Шығыстағы өркениетті деген елдердің қай-қайсысынан кем түспейтін дәрежеге жеткен еді.Әттең біздің сорымызға, большевиктер өкімет басына келіп, біздің құнарлы топырақта тамырын терең жайған имандылық пен мейірімділікке инабаттық пен бауырмалдыққа негізделген жайсаң психологияның қасиеттерімізді осыған қалыптасқан ымыздың қай жерде дами түсуіне жағдай жасамақ түгіл, оның түп тамырына балта шаба бастады емес пе? Осындай жағдайда қазақ жерінде ғылыми психологияның, әсіресе, оның эксперименттік саласының дамуына тұсау салынды. Бұлжерде большевиктік ұлт саясатына орналасқан шовинистік, яғниөздерінен басқаның бәрін бұратаналар («инородцы» оларды «бөліп ал да, билей бер») дейтін жексұрын тактикасы да іске қосылды.
Алтынсарин Ыбырай (Ибраһим) /1841-1889/ - қазақ халқының аса көрнекті ағартушы, жаңа үлгідегі демократ тәлімгері, ғылым-этографы, тұңғыш педагогі, ақын-жазушы қоғам қайраткері. Қазақ халқының дарынды перзенті Ы.Алтынсарин аса күрделі тарихи кезеңде, патша үкіметі Шығыс халықтары арасында қатаң отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезеңде өмір сүрді. Ол 19-ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін уағыздаушыларының бірі болды.
Ыбырай Алтынсарин қазіргі Қостанай облысының бұрынғы Обаған /қазіргі Затобол/ ауданында 1841 жылы 20 қазанда туған. Ыбырайдың – жас кезінде әкесі Алтынсарин ерте қайтыс болғандықтан, үлкен әкесі Балғажа бидің тәрбиесінде өседі.Балғожа би прогресшіл адам болған, 1850 жылы тамыздың 22 күні 9 жасар немересі Ыбырайды Орынбор қаласындағы жеті жылдық мектепке оқуға түсіреді. Оны Ыбырай 1957 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.
Жақсы кәсіби маман болып шығу үшін ұлы ұстаздардың іс-тәжірибелерін білу өте қажет.Сонымен қазақ жеріндегі ұлы ұстаздардың шыққан ортасын танып білу үлкен көмегін тигізеді.
Әдебиеттер:
1.Каптерев П.Ф. Детская и педагогическая психология М-Воронеж 1999ж.
2. А.А. Темірбеков, С.Балаубаев Психология Мектеп.1966
3. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Білім.1995
4. Алдамұратов Ә. Жалпы психология Білім.1996.
5. Психология. Словарь. Под ред. А.В.Петровского, М.Г.Ярошевского М.Политиздат 1990ж.
6. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в специальность психология. М., 2003.
7. Карандашев А.Н. Введение в професию: психология. –М . 2003.
3.Практикалық сабақ.
1. Психология ғылымы. Эмпирикалық психология
2. Қазіргі кезеңдегі психология.Практикалық психологияның
3. Парапсихология ұғымы.Эзотерика.Медитация
4. Психологиялық ғылымның дамуы.Спиноза
5. Психология пайда болуы. Педогогиканың қазіргі уақытта жағдайы
6. “Педагогика-психология” мамандығының жалпы мінездемесі.Коррекциялық дамуы.Консультациялар
7. Қазақстан Республикасындағы психология ғылымының дамуы.
8. .Психология.Этнопсихология
9. Психологиялық мамандық ретінде.Кәсіби ажырату және оның мәнісі тұлғаның өзін реттеуі.
10. Психолог- маман ретінде өзін реттеуі.
4.Курстық жұмыс
1.Тақырып.
5. Студенттердің өздік жұмысы.
4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
-
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
-
Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
-
Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
-
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
-
Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
-
Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
-
Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
-
Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
СӨЖ тақырыптарының тізімі
-
«Психология» терминінің мәні мен пайда болуы
-
Психология ғылымының мәнісі мен мағынасы
-
Халықтық білім көлеміндегі психология
-
Клиникалық психология
-
Психология мамандығының таңдаудағы мотивация
-
Профессионалдық іс-әрекетіндегі специфика
-
Психологтың кәсібилігі.
Психоанализ және самоанализ
СОӨЖ тақырыптарының тізімі
Психологиялық ғылымға кіріспе. Психология ғылым ретінде түсінігі.
|
Психологиялық ғылымның негізгі бөлімдері.
|
Психологиядағы ғылыми емес зерттеулер.
|
Психологиялық ғылымның дамуы. Ғылымға дейінгі психология
|
Ғылыми психологияның пайда болуы.
|
Психология мектебі және бағыты.
|
Қазақстан Республикасындағы психология ғылымының дамуы.
|
Қазіргі Қазақстан психологиясының және этнопсихологиясының дамуы.
|
Психологиялық мамандық ретінде. Кәсіби ажырату және оның мәнісі тұлғаның өзін реттеуі.
|
Психолог- маман ретінде өзін реттеуі
|
Достарыңызбен бөлісу: |