Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Құтқару техникасы және базалық машиналар» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған


Дәріс №11. Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды мобильді радиостанциялар эксплуатациясы Жалпы сұрақтар



бет15/17
Дата09.07.2016
өлшемі9.77 Mb.
#187724
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Дәріс №11. Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды мобильді радиостанциялар эксплуатациясы
Жалпы сұрақтар

  1. Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды мобильді радиостанциялар эксплуатациясы

Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды мобильді радиостанциялар эксплуатациясы. «Гранит Р-23» РАДИОСТАНЦИЯСЫ


МЖ УҚТ алып жүретін «Гранит Р-23» радиостанциясы (6.18-суретке қара) біртипті радиостанциялармен және осы класты радиостанциялармен симплексті байланыс ұйымдастыру үшін арналған.


6.18-сурет. «Гранит Р-23» радиостанциясының сыртқы келбеті

Радиостанция «Пальма», «Сапфир» және т.б. осы типті МЖ УҚТ радиостанциялармен радиотораптарда жұмыс істей алады, алайда «Гранит Р-23» радиостанциясының кейбір функциялары қолданылмайды, өйткені юұлар аталған ардиостанцияларда кездеспейді.

100-каналдық радиостанция 136-174 Мгц диапазонында жұмыс істей алады, сигнализациялық мүмкіндіктері кеңейтілген және сканерлей режимі бар. Радиостанцияның электрмен қоректенуі корпуста минус 12 В қуатты тоқтың үнемі келіп тұруы арқылы жүзеге асырылады.

«Гранит Р-23» радиостанциясының негізгі техникалық сипаттамасы 6.3-кестеде келтірілген.

Радиостанция келесі бөліктерден тұрады: қабылдағышпередатчик, гарнитура және антенна.

Радиостанцияның басқару мүшесі мен индикациясы 6.19-суретте көрсетілген.



6.19-сурет. «Гранит Р-23» радиостанциясының басқару мүшесі мен индикациясы


1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-индикаторлар; 4, 9, 12, 13, 14, 15, 16 – кнопкалар; 10 – тіркеуіш; 11 – қосу қаламы және дауыс реттегіш.
Радиостанцияның іске қосылуы мен ажыратылуы және қабылдау дауысының реттелуі 11 ВЫКЛ қаламымен жүзеге асырылады (6.19-суретке қара). 1 және 6 Р сәулелідиодты индикаторлар передатчиктің бекітілген соңғы МАКС/МИН қуаттылық деңгейін көрсетеді (5 Вт/20Вт). 2 ПРД сәулелідиод хабар беру режимі қосылған кезде жанады. Сканерлеу режимі 3 СКАН сәулелідиодпен көрсетіледі. 4, 9-кнопкалар арқылы байланыс каналдары ауыстырылады. 5-индикатор радиостанция икемделген канал нөмірін көрсетеді. Қабылдау режимі 7 ПРМ сәулелідиодпен көрсетіледі. 8 БЛОК индикаторы арқылы радиостанция клавиатурасының кнопкалары блокадалауға енеді.

12-кнопка арқылы передатчиктің сыртқы қуаттылығы (5 не 20 Вт) орнатылады. ШП 13-кнопкасын басу арқыл (азуақыт басқанда) шуыдыратушы іске қосылады не сөндіріледі. ПШ кнопкасын 2-3с ішінде басып тұратын болса, клавиатура кнопкаларының блокадалануы іске қосылады не керісінше алынып тасталынады. 14ТОН кнопкасы арқылы тондық шақыру жіберу қосылады. Көпфункционалды 15 Ф кнопкасы тондық шақырушы сигналдарды таңдауға, сканерлей режимін қосуға қызмет етеді. 16 СК кнопкасы арқылы қызметтік каналға ауысу жүзеге асырылады. Радиостанцияның беткі панелінде гарнитураны манипулятормен қосуға арналған 10 МКФ тіркеуіші бар.

Радиостанцияны іске қосуға даярлау үшін радиостанцияның электрліқоректенуін 11 ВЫКЛ тұтқасын сағат тілінің бағытымен бұрау арқылы қосу керек. Бұл жағдайда радиостанция кезекші қабылдау режимінде тұрады және 5 КАНАЛ индикаторында радиостанция икемделген канал нөмірі шығады. Сигнал қабылдау кезінде 7 ПРМ сәулелідиод жанып, радиостанция қабылдау режиміне ауысады (қабылдау аяқталғаннан кейін 7 ПРМ сәулелідиод сөнеді). Хабар беру режиміне ауысу тангента гарнитурасын басу жолы арқылы жүзеге асады, сол кезде 2 ПРД сәулелідиод жанады. Радиостанцияны өшіру 11 ВЫКЛ тұтқасы арқылы жүргізіледі.

GМ-300 Радиостанциясы (Motorola)

GМ-300 тасымалдаушы МЖ УҚТ радиостанциясы біртипті радиостанциялармен және біртекті класты радиостанциялармен радиобайланыс ұйымдастыру үшін арналған; сонымен қоса «Пальма», «Сапфир» типті МЖ УҚТ радиостанциялармен радиотораптарда жұмыс істеуі мүмкін, алайда бұл жағдайда GМ-300 радиостанциясының көптеген функциялары қолданылмайды, өйткені аталған радиостанцияларда бұндайлар жоқ.

16-каналдық GМ-300 радиостанциясы біржиілік не екіжиілік симплекстегі 136-174 МГц диапазонында жұмыс істейді, алфавитті-сандық диплейі, сигналдаудың ауқымды мүмкіндіктері, сканерлеу режимі және т.б. функционалды мүмкіндіктері бар.

GМ-300 радиостанциясының негізгі техникалық сипаттамасы 6.3-кестеде келтірілген.

Радиостанция келесі негізгі бөліктерден тұрады: қабылдағыш-передатчиктен, антеннадан және микрофоннан.

6.20-сурет. GМ-300 радиостанциясының сыртқы келбеті

GМ-300 радиостанциясының басқару амалдары және индикациясы 6.21-суретте көрсетілген.

Радиостанцияның іске қосылуы мен ажыратылуы және қабылдау

дауысының реттелуі 1 тұтқасы арқылы жүзеге асырылады (6.21-суретке қара). 1, 8-кнопкалар арқылы байланыс каналдары ауыстырылады. 3 -индикатор каналдарды бақылау кезінде қосылады. 4-индикатор белсенді каналды30 іздеу кезінде қосылады. Радиостанцияның хабар беру режимімен жұмыс барысында 5-индикатор жанады және передатчик басқа радиостанциямен байланыс барысында канал бос болмай қалға жағдайда жымыңдап тұрады. Радиостанцияда дыбыстық сигналдар ішкі дауысзорайтқыш 6 арқылы шығарылады. 9, 10, 11 кнопкалар арқылы каналдарды бақылау режимі, белсенді каналды анықтау, бағдарламаланған менюдің көрсетілуі іске қосылады. Радиостанцияның беткі панелінде микрофон қосуға арналған 7-тіркеуіш бар.


6.21-сурет. GМ-300 радиостанциясының басқару амалдары мен индикациясы

1 – іске қосу тұтқасы мен дауыс реттегіш; 2, 8, 9, 10, 11 – кнопкалар; 3, 4, 5 – индикаторлар; 6 – дауысзорайтқыш; 7- тіркеуіш.

__________________

30 Белсенді канал – дәл сол уақытта радиостанциялардың бірі хабар беру режимінде тұрған радиобайланыс каналы


Радиостанцияны іске қосуға даярлау үшін радиостанцияның электрліқоректенуін 1 -тұтқасын сағат тілінің бағытымен бұрау арқылы қосу керек. Іске қосылғаннан кейін радиостанция жоғары тондық дыбыстық сигналдың берілуі арқылы өзін-өзі басқару жүргізеді. Дисплейда радиостанция икемделген канал нөмірі жанады. Каналды тексеру үшін (тыңдау) 9-кнопканы басу керек немесе ұстауыштан микрофонды алу керек: бақылау режимінде әрдайым 3-индикаторы жанып тұруы тиіс. Радиостанция жұмысқа даяр және қабылдау режимінде тұр.

Радиостанцияны хабар беру режиміне қосу үшін микрофон тангентасын басу керек. Осы арқылы 5-индикатор уақытша тангентаны жібергенге дейін қосылып тұрады, Қабылдау режимінен хабар беру режиміне ауысу немесе керісінше күйге ауысу микрофон тангентасын басу арқылы жүзеге асырылады. Радиостанцияны істен ажырату 1-тұтқаны басу арқылы жүзеге асырылады.

GМ-300 радиостанциясының қабылдау және хабар беру режимдері осындай режимдері жоқ «Сканерлеу», «Шақыру», «Жылдам шақыру», «Сайлапшақыру» және т.б. радиотораптарының түрлері үшін қарастырылған.
GМ-340 Радиостанциясы (Motorola)
GМ-340 алып жүретін МЖ УҚТ радиостанциясы біртипті радиостанциялармен және осы класты радиостанциялармен симплекстік байланыс ұйымдастыру үшін арналған; сонымен қоса «Пальма», «Сапфир» және т.б. типті МЖ УҚТ радиостанциялармен радиотораптарда жұмыс істеуі мүмкін, алайда бұл жағдайда GМ-340 радиостанциясының көптеген функциялары қолданылмайды, өйткені аталған радиостанцияларда бұндайлар жоқ.
6.22-сурет. GМ-340 радиостанциясының сыртқы келбеті
6-каналдық радиостанциясы 136-174 МГц диапазонында жұмыс істейді, сигналдаудың ауқымды мүмкіндіктері, сканерлеу режимі және шудытөмендетуші режимі және т.б. функционалды мүмкіндіктері бар, олар радиостанцияға радиобайланыстың жаңа жүйелерінде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

GМ-340 радиостанциясының негізгі техникалық сипаттамасы 6.3-кестеде келтірілген.

Радиостанция келесі негізгі бөліктерден тұрады: қабылдағыш-передатчиктен, антеннадан және микрофоннан.

Ррадиостанцияның басқару амалдары және индикациясы 6.23-суретте көрсетілген.

Радиостанцияның іске қосылуы мен ажыратылуы және қабылдау дауысының реттелуі 1 тұтқасы арқылы жүзеге асырылады (6.23-суретке қара). Сәулелідиодты индикатор 2 (солдан оңға қарай: жасыл, сары және қызыл) радиостанцияның электроқоректенуін, каналдар күйін, сканерлеу режимін, селективті шақыруды қабылдауды индикациялауға қолданылады. Индикаторлар мынаны көрсетеді: жасыл – радиостанцияның ойдағыдай қосылуын, жасыл жымыңдап тұратыны – радиостанцияның сканерлеу жүргізіп жатқандығын, қызыл – радиостанцияның хабар беру режимінде екендігін, жымыңдап тұратын қызыл – каналдың бос еместігін, сары – радиостанцияға шақырту келіп түскендігін, жымыңдап тұратын сары – шақырту жайында еске түсіру.


6.23-сурет. GМ-340 радиостанциясының басқару амалдары мен индикациясы

1 – іске қосу тұтқасы мен дауыс реттегіш; 2 -индикаторлар; 3, 5 – бағдарламалайтын кнопкалар; 4 – тіркеуіш; 6 – тангента.


3-кнопка (Р1, Р2) және 5-кнопка (1-4) байланыс каналдарын таңдауды, сканерлеу режимін қосуды және т.б. бағдарламалайды . Радиостанцияның сыртқы панеліндегі 4-тіркеуіш микрофонды қосуға қызмет етеді.

Радиостанция пайдаланушыны дыбыстық сигналдар арқылы келіп түскен шақыртулар туралы, функциялардың іске асырылуы мен керісінше істен ажыруы туралы, радиостанцияның электрліқоректенуі жайында мағлұмат береді. Ереже сай, жоғары дыбыстық сигналдар оң белгі болып табылады және олар мысалы, пайдаланушыны келіп түскен шақыртулар туралы, функциялардың іске асырылуы мен туралы, радиостанцияның электрліқоректенуінің нормалық күйде тұрғандығы жайында ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Төмен дыбыстық сигналдар кері әсерін сипаттайды, мысалы, пайдаланушыны сөйлесу уақытының аяқталғаны туралы, функцияның істен шығуы туралы, электрліқоректенудің қалыпты деңгейде тұрмағандығы жайында ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Радиостанцияны іске қосуға даярлау үшін радиостанцияның электрліқоректенуін 1 -тұтқасын бастырмаға дейін басу жолы арқылы іске қосу керек (6.23-суретке қара). Іске қосылғаннан кейін радиостанция өзін-өзі тестілеу жүргізеді. Өзін-өзі тестілеу ойдағыдай аяқталғаннан кейін радиостанция жоғарытонды сигнал береді және 2-жасыл сәулелідиод және қосылған каналдың кнопкалары астындағы индикатор (Р1, Р2, 1-4) жанады. Дауысты 1-тұтқаны бұрау жолымен реттеу керек. Радиостанция жұмысқа даяр және қабылдау режимінде тұр. Хабар беру режиміне ауысу үшін 6-тангентаны басып, микрофонға сөйлеу керек. Хабар беру кезінде тоқтаусыз қызыл индикатор жанады. Қабылдау режимінен хабар беру режиміне ауысу немесе керісінше күйге ауысу 6-тангентасын басу арқылы жүзеге асырылады.

Егер де радиостанция өзін-өзі тестілеуден өтпей қалған жағдайда, жоғары/төмен тондық сигнал естіледі, және де радиостанция сөндірілгенге дейін қызыл сәулелідиод жымыңдап тұратын болады.

Канал таңдау сәйкестендірілген бағдарламаланған кнопкалар (Р1, Р2, 1-4) арқылы жүзеге асырылады, оның салдарынан сол кнопкалар үстінде орналасқан сәулелідиод жануы керек.
.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. «Гранит Р-23» радиостанциясының басқару мүшесі мен индикациясы

  2. GМ-300 радиостанциясының басқару амалдары мен индикациясы

  3. GМ-340 радиостанциясының басқару амалдары мен индикациясы


Дәріс №12. Хабарландыру және байланыс құралдарын басқару жүйесі
Жалпы сұрақтар

  1. Хабарландыру және байланыс құралдарын басқару жүйесі


Радиобаланыс жүргізудің ережелері мен тәртіптері. Радиостанциялардың техникалық қызмет көрсетуі

Байланыс тәртібі – радиотораптарда МӨҚҚ жеке құрамының хабар алмасуды жүргізудің бекітілген тәртіптерін орынды және нақты орындауы болып таболады. Ол хабарласуды жүргізу және оны тіркеу, байланыс құрылғыларын көшіруді белгілейтін талаптарды дұрыс орындауды және белгіленген орны бойынша орындалған бақылауды орнатуды, байланыс орнатудың ережелерін орындауды нақты көрсетеді. Хабар алмасу қысқа болуы шарт.

Байланыс тәртібін бұзуға мыналар жатады: жариялауға жатпайтын мәліметтермен алмасу, жеке сипаттағы хабар алмасу, өз шақырушысын атамаған радиотілшілермен хабар алмасу, шақырушы және жұмыс жиілігін жариялау.

Техникалық құрылғылардың үнемі әрекетке даярлығын тексеру мақсатында радиобайланысты тексеру жүргізіледі. Радиобайланысты тексеру шақыру және шақыруға жауап қайтару жолдары арқылы жүзеге асырылады. Байланыс сапасы бес балдың жүйе арқылы бағаланады. 5 – өте жақсы байланыс (кедергілер естілмейді, сөз анық), 4 – жақсы байланыс (кедергілер естіледі, сөз анық), 3 – қанағаттанарлық байланыс (кедергілер қатты естіледі, сөз анықтылығы жеткіліксіз), 2 – қанағаттанарлықсыз байланыс (кедергілердің жоғарылығы соншама, соның арасында сөздің нақтылау алу қиын), 1 – қабылдау мүмкін емес.

Жаман естілу және естілу анық болмаған жағдайда ауырайтылатын сөздер әріп бойынша жіберіледі, ал әрбір әріп келесі кестеге сәйкес жеке сөздер арқылы жіберіледі:


А

Анна

Л

Леонид

Ц

Цапля

Б

Борис

М

Михаил

Ч

Человек

В

Василий

Н

Николай

Ш

Шура

Г

Григорий

О

Ольга

Щ

Щука

Д

Дмитрий

П

Павел

Э

Эхо

Е

Елена

Р

Роман

Ю

Юрий

Ж

Женя

С

Семен

Я

Яков

З

Зинаида

Т

Татьяна

Ы

Еры

И

Иван

У

Ульяна

Ь

Мягкий знак

Й

Иван краткий

Ф

Федор

Ъ

Твердый знак

К

Константин

Х

Харитон







Радиобайланыс орнату мына форма арқылы жүзеге асырылады: «Ангара! Мен Сокол!Жауап беріңіз», «Сокол! Мен Ангара! Қабылдаңыз!»

Хабар алмасу қажет болған жағдайда шақырушы абонент байланыс орнатылғаннан кейін мына форма арқылы жібереді: «Ангара! Мен Сокол!Хабар қабылдаңыз!»(ары қарай мәтін айтылады), «Мен Сокол! Қабылдаңыз!». Хабарды қабылдау туралы жауап мына форма арқылы жіберіледі: «Сокол! Мен Ангара! (хабар мәтіні қайталанады), Мен Ангара, қабылдаңыз!»

Оператор байланыс аяқталғанын мына сөздермен жеткізеді: «Байланыс аяқталды». Хабар жіберу асықпай, нақты, ұғынықты жүргізілуі тиіс. Ьолық дауыспен сөйлеу қажет, бірақ айғаймен емес, өйткені айғайдан хабар жіберу нақтылығы мен анықтылығы бұзылады.

Барлық радиостанциялар өздеріне қаралатын жиілік каналдарда ғана жұмыс істеулері тиіс. Радиоторап қызметінің тіршілік әрекетін ұзарту мақсатында каналға енуден басқа жағдайларда басқа жиілік каналдарға енуге, олармен жұмыс жасауға тыйым салынады.

Шақыратын радиостанциялар тағайындалады. Зорлықпен шақыруды қолдану үзілді-кесілді тыйым салынады. Радиотілші хабар жіберуді бастамас бұрын өз передатчигінің жиілігінде сол жиілік басқа абонент жүйесімен бос еместігіне тыңдау жолы арқылы көзін жеткізіп алуы тиіс.

Екі радиостанция арасындағы радиоалмасуға тек басты радиостанцияларға және өрт немесе апат орнында қосымша күш шақыру үшін ғана және өрт нөмірінің жоғарылауын жеткізу үшін жұмыс істейтін радиостанцияларға ғана кедергі жасауға болады.

Радиостанцияларға техникалық қызмет көрсету (ТҚ) олардың техникалық және пайдаланымдық сипаттамасын сақтап қалу мақсатында жүргізіледі.

Техникалық қызмет көрсетудің ауқымы мен жиілігін орындау іс-шаралары техникалық қызмет көрсетуге арналған арнайы нұсқаулықтармен анықталады.

Өрт қызметінде техникалық қызмет көрсетудің келесі аралық жиілігі орнатылған: №1 ТҚ – күн сайынғы, №2 ТҚ – әр апта сайынғы, №3 ТҚ – тоқсан сайынғы, №4 ТҚ – мезгілдік.

№1 ТҚ үзіліссіз қызмет ететін немесе бір тәуліктен аспайтын үзіліспен жұмыс істейтін радиостанцияларда кезекшілікті қабылдап алу және өткізу кезінде жеке құрамы арқылы жүргізіледі және келесі негізгі жұмыстардың атқарылуын қарастырады: корпустың жай-күйін тексеруден тұратын ішкі бақылау, яғни онда сызық, тесік, мыжықтың жоқтығы, сырты мен бояуының зақымдалмағандығы тексеріледі; ауыстырғыштардың жай-күйі, жазулар мен белгілердің анықтылығы; тіркеуіштердің, байланыс клемінің, индикаторлардың, гарнитурасының күйі; корпустағы шаң мен ласты корпусты ашпай-ақ тазалау жолы арқылы радиостанцияның тазалануы; барлық бекітілулер мен біріктірулердің беріктілігін тексеру; пайдалану режиміндегі радиостанцияның жұмысқа қабілеттілігін тексеру.

№2 ТҚ үзіліссіз немесе бір тәуліктен артық үзіліспен жұмыс істейтін радиостанцияларда сол радиостанция бекітілген жеке құраммен жүргізіледі.

№2 ТҚ радиостанцияларда келесі негізгі жұмыстардың атқарылуын қарастырады: №1 ТҚ ауқымындағы жұмыстарды; блок пен монтажды ашпай-ақ біріктіруші тіркеуіштердің байланыстарын қажет болған кезде тазалық жүргізілуін тексеру; блоктың ашылуынсыз айналмалы элементтердің майлануын, аппаратураның барлық режимдерде жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру.

№3, №4 ТҚ радиостанцияларда кәсіби техникалық дайындықтарды талап ететін іс-шаралардың орындалуын қарастырады. №3, №4 ТҚ ауқымындағы жұмыстар өрт күзеті байланысы қызметкерлерінің мамандарымен жүргізіледі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Радиобаланыс жүргізудің ережелері мен тәртіптері.

  2. Радиостанциялардың техникалық қызмет көрсетуі


Дәріс №13. ТЖ аймағын материальды техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Жалпы сұрақтар

  1. Материалды-техникалық қамту және транспорт

  2. Шаруашылық қажеттіліктер

  3. Инженерлік учаскелерді байланыс және хабарландыру құралдарымен қамтамасыз ету

Әрекет ету бойынша операциялардың көбі апат аймағына гуманитарлық көмектің, персоналдың және жабдықтың тасымалдануын талап ететіндіктен, материалды-техникалық қамту мен тасымалдауды жоспарлаудың тиімділігі әрекет ету бойынша операцияларда жалпы табыстың шешуші факторларының бірі болып табылады.

Осылайша, жоспарлауда материалды-техникалық қамту мен тасымалдауға қатысты, келесі аспектілерді қарастыру қажет:


  • Апаттың негізгі аймағына және зардап шеккен елді-мекенге көмек жеткізудің жиі бағыттарын анықтау;

  • Пайдалануға болатын теңіз аймақтары мен әуежайларды анықтау;

  • Кәдімгі бюрократиялық процедураларды өту операциялардың өтуін тоқтатуы немесе кідіртуі мүмкін кеденмен және басқа қызметтермен келісім-шартқа қол жеткізу;

  • Материалды-техникалық құралдарды сақтауға арналған сыйымдылықтарды анықтау және оларды қорға қою;

  • Тасымалдау әдістерін, сондай-ақ көліктің бағасын және қолжетімділігін қоса отырып, қажетті шарттарды анықтау;

  • Отынның, гараждардың барын анықтау, оларды резервациялауды қамту және шектеулерді нақтылау;

  • Автотрассаларда, теңіз аймақтарында және әуежайларда тауарлардың кедендік бақылаудан өтуіне жауапты өкіметтік департаментпен немесе министрлікпен серіктестікті анықтау және орнату;

  • Автомобильдерге қандай қосалқы бөлшектер қажеттігін анықтау және барлық алдын ала дайындықтарды жасау;

  • Тыйым салынуларды алу және гуманитарлық көмек енгізілудің шарттарын жасау туралы сәйкесті өкіметтік органдармен келісімділікке қол жеткізу;

  • Материалды-техникалық қамту жүйелеріне ауа-райы жағдайларының ықтималды әсері қандай?

  • ТЖ кезінде материалды-техникалық қамту бойынша операцияларды қамтуға жауапты бөлімдердің немесе тұлғаларды анықтап, оларды оқыту.

Шаруашылық қажеттіліктер. Көмек көрсету бойынша операцияларды жүргізуге арналған құрамдарды жоспарлауда баспанамен, сумен және азық-түліктермен қамту сияқты шаруашылықты қажеттіліктерді ескеру қажет. Сабын сияқты, қажетті, тазалықты ұстау мен аурулардың алдын алуға арналған көрпелер, ыдыс, суға арналған сыйымдылықтар, сіріңке, т.б. заттар. ТЖ-дан зардап шеккен елді мекенге көмек көрсету бойынша операцияларда қажетті болып табылады. Жағдайлар әр жолы әр түрлі болуы мүмкін болғандықтан, қажетті заттар тізімі бұл жағдайға әр заттың сәйкестігі негізінде қамту бойынша агенттілікпен құрылуы тиіс.

Жоспарлауда келесі мәселелерді ескеру қажет:



  • Қандай заттар қажет және ұсынылуы тиіс?

  • Сақтауға қоймалар қажет пе? Сақтауға қандай жергілікті мүмкіндіктер бар?

  • Көрпелер, суға арналған сыйымдылықтар, тамақ дайындауға арналған отындар, пештер, ыдыстар мен киімдер қоры қандай?

  • Қоймалардың күйі қандай?

  • Қажеттіліктерді зерттеу бойынша қызметтерді басқару мен қамтуға кім жауапты?

Инженерлік учаскелерді байланыс және хабарландыру құралдарымен қамтамасыз ету

  • Басқаруды қамтамасыз ету үшін, жағдайдың өзгергенін хабарландыру және түрлі сигналдар мен бұйрықтар беру үшін инженерлік учаскелер байланыс және хабарландыру құралдарымен жабдықталу керек. Байланыспен қамтамасыз ету аудандық байланыс торабы мен АҚ және ТЖ байланыс қызметімен келісіп, телефон байланысының бөлінген каналдарына қосылумен жасалады.

  • Каналға қосылу жақын жердегі бөлгіш құрылғыларға қосылған нөлдік сымды қолдану арқылы жасалады. Учаскеде әрекеттегі телефон тізбегі бар болғанда оның толығымен пайдалануы жобаланады.

  • Хабарландыру жергілікті радиожеліні (объектінің, ауданның, қаланың, облыстың) пайдалану арқылы инженерлік учаскеде қосымша абоненттік дауысты күшейтулер, дабылсоққыш қоңырау және т.б. қосу арқылы жасалады. Сонымен бірге жылжымалы байланыс және хабарландыру құралдары пайдаланады, мысалы, автоинспекция машиналары, автоклубтар мен басқа жылжымалы байланыс құралдары.

  • Әрбір инженерлік учаскеде байланыс және хабарландыру жоспары жасалу керек.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Материалды-техникалық қамту және транспорт

  2. Шаруашылық қажеттіліктер

  3. Инженерлік учаскелерді байланыс және хабарландыру құралдарымен қамтамасыз ету




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет