Сабақ тақырыбы: Ультрадыбыс датчигі Күні



Дата10.03.2022
өлшемі1.34 Mb.
#456132
түріСабақ
3-ші сабақ Ультрадыбыс датчигі


Пәні:

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»

Мұғалімі:

Үсіпбекова Назерке Дәуренбекқызы

Сынып:

4

Сабақ тақырыбы:

Ультрадыбыс датчигі

Күні:




Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

4.5.1.2 ультрадыбыс датчигін қолдану

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • ультрадыбыс датчигінің негізгі қызметтерін біледі.




Оқушылардың басым бөлігі:

  • ультрадыбыс датчигінің ерекшеліктерімен танысады.

Кейбір оқушылар:

  • ультрадыбыс датчигін қалай қолдануға болатының біледі.

Жоспар

Іс-әрекет реті

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Мағынаны таны



Ультрадыбыс датчигі – дыбыс толқындарын жіберіп, қайтып келген сигналдарды оқитын және нысандарды тауып, оларға дейінгі қашықтықты есептейтін құрылғы. Ультрадыбыс датчигі жоғары жиіліктегі дыбыстық толқынды (ультрадыбыстық) жібереді, нысаннан шағылысқан кері толқынды ұстайды және ультрадыбыстық импульсті қайтару уақытын өлшейді, нысанға дейінгі қашықтықты жоғары дәлдікпен есептейді.
Датчик «көздерінің» айналасындағы қызыл түсті жыпылықтамайтын жарық -оның «Өлшеу» режимінде тұрғанын білдіред.
Ультрадыбыс датчигінің ерекшеліктері:
1-ден бастап, 250 см-ге дейінгі ауқымда қашықтықты өлшеу;
• өлшеу дәлдігі ±1 см-ге дейін;
• қызыл түсті жарық сигналды беру кезінде үнемі жанып және эфирді тыңдау барысында жыпылықтап тұрады;
• егер ультрадыбыстық сигнал анықталса, датчик «Ақиқат» логикалық мәнін береді.



Интернет,
Презентация

«Ақпараттық-коммуникация лық технологиялар» 4сынып, «Арман-ПВ» оқулығы





Жауап бер

Сұрақтар:

  1. Ультрадыбыс датчигі дегеніміз не?

  2. Ультрадыбыс датчигінің қандай ерекшеліктері бар?

  3. Ультрадыбыс датчигі не үшін қажет?

  4. Ультрадыбыс датчигін не себепті роботқа орнатамыз?




Орында

Тапсырма:
Ұяшықтағы әріптердің бірдей түстерін жинап, құрастырып, тақырыпқа қатысты термин сөздерді тап.







Түс датчигі мен ультрадыбыс датчигін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар.



Рефлексия



Мен бүгін ___________ білдім




Мен енді ______________ білемін. (бағалау критерийлеріне сәйкес)




Мұғалімнен кері байланыс (ауызша кері немесе жазбаша ұсыныс)








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет