ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Техникалық оқыту құралдары»


Мақсаты : Техникалық оқыту құралдарын пайдаланудың теориялық негізі туралы мағлұмат беру Негізгі сұрақтары



бет2/3
Дата08.07.2016
өлшемі0.68 Mb.
#185492
1   2   3

Мақсаты : Техникалық оқыту құралдарын пайдаланудың теориялық негізі туралы мағлұмат беру

Негізгі сұрақтары:

  1. Аудиовизуальды құралдарды қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.

  2. Техникалық оқыту құралдарының жіктелуі.

  3. Көрнекілік ұстанымын жүзеге асыруда аудиовизуальды құралдардың рөлі.

1.Аудиовизуальды құралдарды тиіміді пайдалану үшін оның педагогикалық – психологиялық ерекшеліктерін қатаң бақылауда ұстау керек.

- оқу материалын тұлғаның қабылдау ерекшеліктеріне сай ескеру;

- оқу материалын пайдалану кезінде тұлғаның ойлау қабілетін арттыра қозғау салу.

- электрондық оқу материалын пайдаланудың қалыпты деігейін оқушылардың ойлау жүйесіне күш түсірмейтіндей деңгейде сақтау.

2. ТОҚ жіктеудің негізі әртүрлі:

Оқу үрдісіндегі рөлі және функциясына байланысты, дидактикалық негізі және қолдану принциптері, көріну уақыты, техникалық күрделілігі, адамның есту, көру мүшесніе, т.с.с. әсері.

Н.Аткинсон проективті және проективті емес ТҚ ажыратады. Проективтіге жарық және оптикалық проекцияларды, проективті емеске оқу кестесін, сызба – нұсқа, чертеждер, фотографиялар, телевидение, ЭВМ, магнитофон, т.б. дидактикалық мүмкіндіктері әр түрлі құралдар жатқызылады.

Н.М. Шахмаев және Л.П.Прессман ұсынуы бойынша оқу – тәрбие үрдісіндегі ТОҚ рөлі негізне алынып жіктеледі: 1. Ақпаратты беруші; 2. Оқушылар білімін бақылау; 3. Әртүрлі функцияларды біріктіруші.

С.Г.Шаповаленко білмеуден білуге өтетін жолы негізінде жіктеді:

а) табиғи нәрселер, материалды құбылыстардың нақ көрінісін беретіндер; б) табиғи құбылысты нақты бейнелеуін көрсететіндер; в) нәрселерді және әлемнің құбылыстарын сөзбен, фразалармен, белгілермен суреттетейтіндер.

Аудиовизуальды құралдардың оқу ақпараттарын материалдануына байланысты үш топқа ажыратады:


  1. Дыбыс ажыратын жазу, сақтау, дыбыс беру ТҚ

  2. Көру ақпараттарын сақтау және көрсету ТҚ

  3. Көру және дыбыс ақпараттары бір мезгілде берілетін, сақталатын ТҚ.

Қарым – қатынас құралдарының үш түрін ажыратады: лингвистикалық (жазбаша және ауызша тіл), семиотикалық (белгілеулер, график теңдеулері, т.б.) және паралингвистикалық (жест, мимика). Оқу үрісінде қарым – қатынас оқу үрдісіне қатысушылардың өзара ақпарат алмасуы, бұл әңгіме, талқылау, хабарлама, баяндама, дәріс түрінде жүзеге асырылады.

Көрнекі - құралдар үш түрге жіктеледі:



  1. Көлемді құралдар(модельдер, коллекциялар, құралдар, аппараттар);

  2. Баспа құралдары (картина, плакаттар, портреттер, графика, кестелер);

  3. Проекциялық материалдар (кинофильмдер, видеофильмдер, слайдтар).

Аудиовизуальды құралдар және техникалық құралдар жіктелуін келесі кестеде көрсетеді:

Техникалық және аудиовизуальды құралдар.



Аудиовизуальды құралдар

Техникалық құралдар

Көру (визуальды) құралдар

Экрандағы бейнеленуі

Қозғалатын: дыбыссыз фильмдер

Қозғалмайтын: дмапозитивтер, диафильмер.

Көрінбейтін бейнелер(непрозрочные изображения)



Проектор және экран

Дыбыссыз фильмдерге проектор

Диаскоп, графопроекторлар, эпидоскоп

Магниттік және түкті тақта



Тыңдау (аудиотивті) құралдар

Радиодан берілетіндер

Граможазба

Магиттік таспаға жазба


Радиоқабылдағыштар

Пластинкалы граммофондар

Магинттік таспалы магнитофон


Аудиовизуальды құралдар

Теле көрсетілімдер

Дыбысты фильмдер

Бейнелер және дыбысты жазба


Телевизор

Кинопроектор

Видеомагнитафон, диаскоп, магнитофон.

3.Аудиовизуальды құралдардың көрнекілік ұстанымын жүзеге асырудағы рөлі мен орнын нақтылаудың мәні зор. Жалпы көрнекіліктің оқыту ұстанымы ретіндегі әдіснамалық негізіне таным теориясын қарастырылады.

Оқыту үрдісінде көрнекілік қабылдау, есту, көру, сезіну, есебінен өз қызметін атқарады және таным әрекетін белсендірудің маңызды құралы болып табылады. Көрнекілік тікелей бейнелеу мен оған тірек етумен байланысты.

Жалпы «көрнекілік» ұғымы « бейнесі» мағынасымен де алмастырылып жатады. Аудиовизуальды құралдар материалды бейнелік қабылдауды қамтамасыз етеді және оның көрнекілігін нақтылайды. Аудиовизуальды құралдар бір мезгілде оқушы



Бақылау сұрақтары :

  1. Аудиовизуальды құралдарды қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері неде?.

  2. Техникалық оқыту құралдарын жіктеунегізіне сай ата.

  3. Көрнекілік ұстанымын жүзеге асыруда аудиовизуальды құралдардың рөлі қандай?.

Дәріс № 5,6 Техникалық оқыту құралдарын оқытуда қолданудың дидактикалық негізі

Мақсаты :

Негізгі сұрақтары:

  1. Химияны оқытудың политехникалық бағытындағы ТҚ.

  2. Оқушыларға кәсіптік бағдар берудегі ТҚ қолдану.

  3. Оқушылардың өзіндік дайындықтарында ТҚ рөлі.

  4. Аудиовизуальды құралдардың дидактикалық, гигиеналық, техникалық, ұйымдастырушылық талаптары.




  1. Орта мектептің 50% аудиовизуальды құралдар политехникалық мазмұнда. Оларды екі топқа жіктеуге болады:

1.Химия өндірісінің алғашқы түсініктерін қалыптастыратын құралдар (маңызды химиялық элементтер мен олардың қосылыстарын оқып – үйренуде қолданылады).

2.Политехникалық ұғымдарды қалыптастыратын құралдар (негізгі химиялық өндірістерді оқып – үйрену кезінде қолданылады).

Бірінші тобы оқушыларды теориялық білімді игертуге және жалпы химиялық түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар олар химиялық өндірістер туралы алғашқы түсініктерді береді. Бірнеше мысалдар келтірсек, «Катализ және катализаторлар» диафильмі үш фрагменттен тұрады (каталитикалық реакциялармен танысу, катализаторлар әсерінің ерекшеліктерімен танысу, органикалық химиядағы каталитикалық реакциялар) олар катализ және катализатор түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар олар политехникалық бағытты беруге де бағытталған. Мысалы «катализатордың әсерінің ерекшеліктері» кадрдың көмегімен катализатордың ерекше әдістері, химиялық процесті басқаруға болатындығы жөнінде алғашқы түсініктер қалыптасады.«Әр катализатор реакциялардың белгілі бір типін катализдейді», «Әртүрлі катализатор арқылы әртүрлі өнімдерді алуға болады», «Оттегі», «Қоспаны бөлу және заттарды тазарту» кадрлары оқушыларға қоспаны бөлу принциптерін (заттардың әртүрлі қасиеттеріне негізделуі арқылы) өндіріс жағдайларында қолдануға болатындығы жөнінде түсінік алады. «Ерітінділер» кадры ерітінділердің адамзат әрекетіндегі және тұрмыстағы рөлі туралы түсінік қалыптастырады.

Оқушылар заттың еруін тездеті үшін оларды ұсату керектігін және араластыру қажеттілігін біледі. Зертханада бұл мақсатта әртүрлі үгіткіштер, ал химиялық өнеркәсіпте – әртүрлі аппараттар, агрегаттар (ұсатқыштар, диірмендер, араластырғыштар) қолданылады.

«Сутегі. Қышқылдар. Тұздар» тақырыбын оқып үйреуде, «Сутекті алу және оны қолдану» , «Судың ыдырауы арқылы сутекті алу», «Сутектің тотықсыздандырғыш қасиеті», «сутекті алу әдістері» кадрлары судың қолдануын (табиғи шикізат ретінде), сутекті алу, электролиз (өндірістік тәсілі), оның тотықсыздандырғыш қасиетін металдарды алу өндірісінде пайдалануға болатындығы жөнінде түсінік береді. Екінші тобы химиялық өндірістерді оқып ж үйренуге арналған аудиовизуальді құралдардың политехникалық маңызы жоғары. Оқушылар шикізат түрлері (құрамы, қасиеті, алу, байыту), өндіріс өнімдері туралы (құрамы, қасиеті, қолданылуы), шикізатты химиялық өңдеу ( химизмі және өңдеу технологиясы), өндіріс аппараттары (қондырғылар, жұмыс принциптері), өндірістің дамуы және перспективтері туралы кең және терең түсініктер береді.

Өндірістерді оқып – үйрену кезінде аудиовизуальды құралдарды қолдану:


  • бастапқы шикізат дайын өнімге айналуына әкелетін химиялық реакцияларлдың белгілері мен шарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ТҚ оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастыруға негізгі химиялық және политехникалық ұғымдардың дамуына қызмет етеді.

  • химиялық процестердің мәнін ашады; Бұл жерде ТҚ үйренетін құбылыстарды түсіндіруге жаңа білімнің көзі ретінде қызмет етеді.

  • оқушылардың сезімдік тәжірибесін дамытады. Бұл жағдайда ТҚ оқушыларға қазіргі заманғы химиялық өндірістер туралы жалпы түсініктерін қалыптастыруға ықпал етеді.

  1. Оқу және ғылыми – көпшілік видиофильдердің мазмұны, бейнелігі оқушыларға мамандықтың маңызын, олардың жұмысын көрсетуге мүмкіндік туғызады. Бұл жерде әр түрлі мамандықтардың қызыметі туралы оқушыларға мағлұматтар көрсетуге мүмкіндік туғызады.

Сондай – ақ көрнекі ғылыми химиктердің өмірі олардың химия ғылымын және өндірісті дамытудағы рөлі айтарлықтай орын алады.

Өндірістік тақырыптағы телебағдарламалар мазмұнында оқушылардың еңбекке деген морльдік даярлығы келесі бағыттарда жүзеге асады.



  1. Белгілі бір өндірістің адам өміріндегі және химияның халық шаруашылығындағы ролін ашу.

  2. Оқушыларды халық шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттарымен таныстыру.

  3. Химиялық элементтер және оның қосылыстарының ғылым, техника және онеркәсіптің дамуы үшін ролін сипаттау.

  4. Оқушыларды халық шарушылығына қажетті мамандықтармен таныстыру.

Әрине мүндай бағыттардың жүзеге асуы үшін белгілі бір ұстанымдарды басшылыққа алу керек:



  • Іріктелген материялдар оқу бағдарламасына, кәсіптік бағыт беру мақсатына сәйкес болу.

  • Қазіргі заманғы халық шарушылығының даму тенденцияларын есепке алуы.

  • Іріктелген материялдардың көп салалы экономикамен, шикізатты өндеу, өндіріс қалдықтарын іске асыру қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен байланыстылығы

  • Өлкелік ұстанымдарды ескеру.

  • Кәсіптік бағдар беру жұмыстарында пәнаралық кординацияның жүзеге асырылуы.




  1. Оқу үрдісіне ТҚ енгізу мұғалімге тек онымен жұмыс істей білу біліктілігін ғана емес, сондай – ақ оқушыларды өздігімен жұмыс істей білу дағдыларды қалыптастыруды қәжет етеді. Ондай дағдылар:

  • Аудиовизуальді құралдар арқылы оқу мәліметтерімен жұмыс жасау біліктілігін

  • Тақырыптың жоспарын жазып, тыңдай білу, байқағыштықты, қортындыларды жаза білуін;

  • Дәптерге негізгі идеялар мен қортындыларын жаза білуді;

  • Берілген материялдан негізгісін бөліп алуды;

  • Білімді салыстыра, қортындылай білу;

  • Оқу материялдарын өз іс-әрекетінде қолдана білуге ;

  • Алынған мағлұматтарды жаңа білімді жаңа нысандарға және үрдістерге пайдалана білу;

  • Алынған мағлұматтарға сын көзбен қарап, оны белгілі бір көзқарас тұрғысынан баяндай білуге;

Аудиовизуальді құралдарды жүйклі қолдану арқылы екі міндетті шешуге болады.



  1. Таным қызығушылықтарына қозғау сала отырып, білімді игеруге мативтерін қалыптастырамыз.

  2. Білімді игеру үрдісінде оны менгерту қажеттілігі арқылы оқушының мативтік іс-әрекетін жетілдіре отырып, оқушыларға өздік жұмыс дағдыларын қалыптастырамыз.

4. Дидактикалық шарттар:



  • Сабақтың мазмұны мен формасына байланысты мультимедиалық технологияларды мүмкiндiктерiне қарай алдын ала дайындаудың, кешендеудiң перспективалы жоспарын жасау.

  • Оқу материалдарына әдiстемелiк талдау жасау. Айталық, кейбiр пәндерге қатысты оқу материалдары бiрнеше ондаған жылдар бұрын дайындалған. Мiне сол материалдарды жаңа мәлiметтермен үйлестiрудiң жолдарын қарастыру, пәнге қатысты негiзгi мәлiметтi қосымша мәлiметпен толықтыру. Мультимедиалық технологияларда ұсынылатын оқу материалдары көрнекiлiк ұстанымына негiзделген. Сондықтан да, оны оқытудың ажырамас бөлiгi деп қарастыруымыз қажет.

2. Мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалану үшiн оның психологиялық-педагогикалық шарттарын қатаң бақылауда ұстау керек:

  • Оқу материалдарын тұлғаның қабылдау ерекшелiктерiн ескеру.

  • Экрандық оқу материалдарының студенттер мен оқушылардың эмоциясына әсерiн бақылау.

  • Оқу материалдарын пайдалану кезiнде тұлғаның ойлау қабiлетiн аттыруға қозғау салу.

  • Экрандық оқу материалдарын пайдаланудың қалыпты деңгейiн студенттер мен оқушылардың ойлау жүйесiне күш түсiрмейтiндей деңгейде сақтау.

3. Эргономикалық шарттар мынадай мәселелердi қарастырады:

  • Бөлмедегi ауаның физико-химиялық құрамының төмендеуi студенттердiң, оқушылардың сабаққа қабiлеттiлiгiн төмендетедi. Сондықтан бөлме ауасын ауыстырып отыру.

  • Аудиовизуалдық оқу материалдарын қалыпты жағдайдан артық көрсетуге болмайды.

4. Техникалық шарттар:

  • Ерекшелiктерiне қарай мультимедиалық технологияларды дәрiсханада дұрыс орналастыра бiлу.

  • Құрылғылардың техникалық ақаулығын үнемi тексерiп отыру.

  • DVD, CD дискiлерiндегi, бейнетаспалардағы оқу материалдарын дұрыс сақтай бiлу.

  • Дәрiсхананы оқыту процесiне бейiмдеу жұмыстарын авто-маттандыру.

Ендi, үздiксiз бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру барысында мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде тиiмдi пайдаланудың тұжырымдамалық, психологиялық, педагогикалық, ақпараттық, эргономикалық, технологиялық және техникалық, ұйымдастырушылық аспектiлерiн қарастырайық.

Тұжырымдамалық аспектi:

  • ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау, тарату жүйесi ретiнде жаңа ақпараттық орта құру;

  • әртүрлi деңгейде (республика, аймақ, бiлiм беру мекемелерi) бiрiктiрiлген бiрыңғай оқу-ақпараттық орта құру т.б.

Мұндай оқу-ақпараттық ортаны құрайтын элементтерге мыналар жатады:

  • елiмiздiң және шет елдердiң ақпараттық ресурстарына қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық аппаратты-бағдарламалық жабдықтар;

  • компьютерлiк гипермедиа, мультимедиа жабдықтары;

  • виртуалды бiлiм берудi дамыту үшiн ақпараттандырудың инфрақұрылымдары т.б.

Психо-педагогикалық аспектiлер:

  • оқыту процесiнде мультимедиалық технологияларды пайдалану кезiнде бiлiмдi меңгеру мен интеллектуалдық деңгейдi қалыптас-

тырудың психологиялық механизмдерiн айқындау;

  • мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде пайдалануда оқытушының рөлi мен орнын анықтау;

  • мультимедиалық технологияларды өзiнiң кәсiби iс-әрекетiнде тиiмдi пайдалана бiлуi үшiн мұғалiм кадрларды қайта дайындау;

  • елiмiзде қашықтан оқытуды дамытудағы мультимедианың мүмкіндіктерін дамыту;

  • мультимедиалық оқулықтар жасаудың дидактикалық талаптарын анықтау.

Ақпараттық аспектi оқытудың дидактикалық және әдiстемелiк ұстанымдарына жауап бере алатын мультимедиалық құралдардың ақпараттық жабдықталуын айқындайды.

Эргономикалық аспектi:

  • мультимедиалық оқулықтарды құруда эргономикалық талаптарды ескеру;

  • әртүрлi жас дейгейiндегi пайдаланушылардың мультимедиалық технологиялармен жұмыс кезiндегi сақтауға тиiстi санитарлық-гигиеналық нормаларын анықтау.

Технологиялық және техникалық аспектiлер:

  • технологиялық қатаң талаптарды сақтау – оқыту процесiне арналған лицензиялы мультимедиалық оқулықтарды пайдалану;

  • оқыту мақсатына бағытталған аппараттық және бағдарламалық жабдықтармен білім беру жүйесін қамтамасыз ету;

  • бiлiм беру салаларында локалдық, аймақтық және республикалық желiлер құру.

Ұйымдастырушылық аспектi:

  • бiлiм беру мекемелерiнде электрондық кiтапханалар мен медиа орталықтар, медиатекалар құру;

  • мультимедиалық технологияларды пайдаланудың ұйымдастыру- шылық-құқықтық нормаларын анықтау т.б.

Техникалық талаптар:

- экранға дейінгі қашықтық – 6,8m

- көріну бұрышы соңғы орындар үшін – 600 кіші болмауы керек

- экранның жерден биіктігі -1,2 – 1,5m орналасуы

- диагоналы 470-590mm мм телеэкран үшін экраннан көзге дейінгі қашықтық 3m - 6м

- бейненің анықтығы.

ТОҚ оқу аптасына кіші сыныптарда 3 – 4 рет, ал жоғары сыныптарды 6 – 4 рет қолданамыз. Кестені қоярда ТҚ қолданатын пәндердің бірінен кейін бірі орын алмауын ескеру керек.

Аудиовизуальды құралдар арқылы ақпарат беруде әуелі 10 мин бұрын оларды қабылдауға даярлау, 15 – 20 телебағдарламаларды көрсетуі, 20 – 10 минут тақырыптың бекітілуі жүзеге асырылғаны дұрыс.

Аудиовизуальды құралдарды тиімді қолдану үшін келесі дидактикалық талаптарды ескеру керек:


  1. Оқушыларға танымдық міндеттерін түсіндіру, аудиовизуальды құралдарға қызығушылық;

  2. Бірге талқылау, байқауды қалай жүргізу керек, қандай материалдарға көңіл бөлу қажет;

  3. ТҚ қолдану кезінде сұрақтар қою, сол жерде жауап бере алатындай;

  4. Оқушылар жадына өткен материалдарды есіне түсіру, оларды жаңа материалды меңгертуге қолдануға ықпал ету.

Бақылау сұрақтары :

  1. Химияны оқытудың политехникалық бағытындағы ТҚ орны қандай?

  2. Оқушыларға кәсіптік бағдар берудегі ТҚ қолданудыңролі неде?.

  3. Оқушылардың өзіндік дайындықтарында ТҚ рөлін сипатта.

  4. Аудиовизуальды құралдардың дидактикалық, гигиеналық, техникалық, ұйымдастырушылық талаптарын көрсет


Дәріс № 7,8 Химияны оқытуда аудио-, видео құралдарын қолданудың әдістемелік негізі

Мақсаты :

Негізгі сұрақтары:

  1. Телекөрсетілімдердің оқыту жүйесіндегі орны, мәні және мүмкіндіктері.

  2. Оқу телекөрілімнің жанры және формалары.

  3. Телекөрілімдер арқылы оқу материалдарын баяндауда оқушылардың танымдық әрекеттерін басқару.

  4. Дыбыс және виедожазбаларды химияны оқытуда қолдану, қолданудың бағыттары, тәсілдері және формалары.

  1. Оқу үрдісінің басты мақсаты оқушыларға қоршаған әлемнің нәрселері және құбылыстары туралы білім беру, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру, еңбек әрекеттеріне даярлау. Әс жүзінде білім тікелей нәрселер мен құбылыстарға қатынасы немесе ауызша, жазбаша сөз арқылы қалыптасады. Телекөрілім осы жағдайлардың барлығын ұштастыра алады. Оқу телекөрілімдері орта мектептің дидактикалық жүйесінің бір бөлігі ретінде қарастырылады және оқыту мен тәрбие берудің өзіндік құралы болып табылады.

Оқу телекөрілімдері бойынша жинақталған іс – тәжірибелер олардың көрнекілік ретінде және оқу – тәрбие үрдісін жандандыруда оң нәтижеге жеткізетіндігін көрсетіп отыр.

Телекөрілімдерді кеңінен қолдану, дидактикалық міндеттерді шешуге көмектеседі. Атап айтқанда, телекөрілімдер арқылы химияның неғұрлым күрделі тақырыптарының мазмұнын алуға болады, оқушыларды ғылым мен техниканың жаңалықтарымен, ғылыми жаңалықтардың ашылу тарихымен, әдісімен танысуға, оларды зерттеу әдістерін жақындастыруға, оқушыларға кәсіптік бағдар және еңбек тәжірибесін беруге мүмкіндік жасай аламыз.



  1. Оқу телекөрсетілімдер практикасында түрлі формалары мен жанрлары қолданылады. Дидактикалық функциясына байланысты телекөрілімдерді сабақта қолданылатын және сабақтан тыс уақытта деп ажыратылады. Сабақтағы көрсетілімдер телеәдістер және телекөрсетілімге бөлінеді.

Телекөрсетілім – сабақтың жеке міндеттерін шешуге арналған, құрылымы өзара байланысты қисында элементтердің жүйесінен тұрады.

Мысалы, «Сұйық оттектің қасиеттері», «Сутек қасиеттері күкірт қышқылы өндірісінен кейін» - «Күкірт қышқылын контакт әдісімен өңдеу», т.б. көрсетілімдері қолданылады.

Телеәдістер – ОА сабақтың негізгі мазмұнын ашады. Оның ұзақтығы 25- 30 мин. Теледәріс қорытындылау, жинақтау немесе баяндама, кіріспе дәрістері түрінде болады.

Телекөрілімдер өз кезегінде телеэкскурсия және көрнекі тәжірибелерді көрсетуге арналған болып бөлінеді. Телеэкскурсия – телекөрсетілімдердің ерекше жанры болып есептеледі. Ол экскурсины оқыту әдісі ретінде және телекұлақтандыру жанры ретінде ұштастырған. Телеэкскурсияда оқу – тәрбие үрдісі үшін маңыздылары көрсетіледі.

Телекөрілімдер және дәрістер өзінің психологтың дидактикалық міндеттеріне байланысты:


  1. Қызығушылықты және шығармашылық белсенділікті тудыратын мотивтік (түрткілік);

  2. Деректерді жалпылайтын және оны түсіндіретін ақпараттық;

  3. Әрекет тәсілдері мен дағдылардың қалыптастыратын инструктивті немесе нұсқаушылық түрлеріне ажыратады.

Мотивтік көрсетілісдердің мақсаты оқушының қандай да бір тақырыпөа енгізу, оның мәнін, күрделілігін, мәселелігін көрсету, сол арқылы осы жағдайға қызығушылық ету, өзіндік бағыт сілтеу.

Телекөрілімнің ақпаратыық негізі сөз және бейнелеу. Ол өзінің ерекшелігімен яғни шартты және сызбанұсқалық бейнелеу арқасында кинобейнелерге қарағанда экспозицияны көтеріңкі көлемді – ірі бейнесіндегі сезімді туғызады. Бұл – тәжірибе тапсырмаларды, мультсхемаларды, слайдтарды, кинофрагменттерді, схемалық суреттерді бір – бірімен ұштастыруға мүмкіндік туғызады. Телекөрілім арқылы қандай да бір құралды не оның деталін ірілендірілген көлемде көрсетуге мүмкіндік бар. Бұл әсіресе химиялық экспетиментті көрнекі көрсетуге ыңғайлы. Телекөрілімдердің маңызды табиғи қасиеттерінің бірі – көрсетілетін құбылыстың бір сәттілігі, бұл да телекөрілімдердегі ақпараттарды қабылдауда айтарлықтай маңызды, оны қатыстылық әсері (эффект присутствия) деп атайды. Мұнда мысалы тікелей трансляциядағыдай кеңістік - уақытша құрылымы бұзылмаған. Бір сәттілік оның тағы бір қасиеті – тікелелігімен (непосредсвенностью) байланысты, яғни ол ақпараттың сенімділігі және телебейнелердің документальдылығы.

Оқу телекөрілім хабарлы ақпарат ағынының бір жақтылығымен сипатталады және оқу – тәрбиелік міндеттерді шешудің тездігімен көрінеді. Телекөрілім арқылы бұрынғы да, қазіргі де мәліметтерді көрсете аламыз.

Оқу теле көрілімдеріне байланысты іс – тәжірибелер оның оқытуды жекелендіру мүмкіндігін көрсетіп отыр:



  1. Ақпаратты видеотаспаларға алдын ала жазып алу, оны бірнеше рет қайталауға мүмкіндік беруі мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.

  2. Оқушы материалды өзі қайтадан қарап шығу арқылы меңгеруге мүмкіндік алады.

  3. Әр түрлң деректердегі видеожазбаларды оқушылардың деңгейлеріне байланысты беруге болады.

Ақпараттық телеқойылымдар жаңа мағлұматтардың молдығымен сипатталады, оны еске сақтау және меңгеру қажеттілігінен туындайды. Оның өзі хабарламалық және қорытындылаушы болып бөлінеді.

Хабарламалық бағдарламаның сұрақтарының бір бөлігін қамтиды, не мұғалімнің одан әрі жасайтын жұмысынан түсінік береді. Қорытындылаушыларға: «Еліміздегі химиялық өнеркәсіптердің және химияның дамуы», «Көмірсутектер» карбонилді қосылыстарының және карбон қышқылдардың қасиеті, құрылысы, т.с.с. Теле көрсетілімдерді психологиялық міндетіне сай білімді және біліктілік қалыптастырушы деп ажыратамыз.



  1. ТҚ қолдану тұлғаны дамытуға мақсатты бағытталған үрдісіті басқаруға негізделеді. Басқару мәселесі екі теориялық концепцияға тіреледі. Әрекетті басқару негізі кері байланыс болып табылады. Екінші концепция оқудың негізгі құралы ойлау дегенге тіреледі.

Телекөрсетілімдер арқылы басқаруды оқушының оқу – материалдарын меңгертуіне бағытталған , оның таным әрекеттеріне мұғалімнің мақсатты бағытталған педагогикалық әсерінің жүйесі ретінде қарастырылуы керек. Оқу – теле көрсетілімдерін қолдану үрдісіне басқару мазмұнды түзету (мазмұндық басқару), жалпы еңбектік және интеллектуальдық біліктерді (операциялық басқару), мұғалім жұмысына әдістемелік жетекшілік (әдістемелік басқару) бағыттарында жүзеге асырылады. Мазмұндық басқару жетекшінің оқу үрдісіне бағытталған әсері сөз бен сұрақтар қою, тапсырмалар беру(реакция теңдеуін аяқта, қосылыстағы элементтің тотығу дәрежесін анықта, анықтамадағы мәліметтерді ізде) және бейнелеу құралдарымен (химиялық эксперимент, тәжірибе тапсырмалар, мульти сызба - нұсқалар), т.с.с.

Операционды басқару жалпы еңбектік және интеллектуальды біліктерді қалыптастыру үшін алгоритмдік жазбалар жүйесін қамтиды.

Әдістемелік басқару жекелеген телекөрілімдерді құрудың негізіне жататын дидактикалық ұстанымдар жүйесін қамтиды.

Көптеген іс – тәжірибелерден оқушыларға жиі кездесетін эксперименттік дағдыларындағы кемшіліктер:



  1. «Аммиакты алып, оны жинау керек» тапсырмаларында оқушылар оны алатын бастапқы заттардың формуласын біледі, оларды пробиркада араластырады. Пробирканы қыздырады бірақ одан ештеңе алмайды.

  2. «Оттекті алу және жинау» тапсырмасында оқушылар калий перманганаты мөлшерін пробиркадан тек ауаны ығыстырып шығаруға болатындай етіп салады.

  3. «Сутекті алу және жинау» тапсырмасында оқушылар бастапқы заттардың мөлшерін ойланбастан алады, реактивтерді беталды шығындайды.

  4. Заттарды алғанымен оны қалай танып білуге болатынын білмейді.

  5. Газды су астында жинай отырып, оқушылар онымен ыдысты толтыру және алынған затты тексеру дағдыларын игермеген.




  1. Дыбыстық жазбаларды қолданудың маңызды бағыттары:

  1. Кіріспе сабақтарында мұнда ғылымдар мен ауылшаруашылығы мамандарымен интервью, тәрбиелік мәні бар кейбір тарихи материалдардыдың жазбасы қолданылады.

  2. Оқу ақпаратының көзі ретінде дыбыстық жазбалар көрнекі ғалымдардың өмірі мен жазбалары туралы, мәтіндерге талдау жасау, заттардың физикалық, химиялық қасиеттерін сипаттау, т.б. әңгімелейді.

  3. Мұғалім сөзін иллюстрациялау үшін, яғни мұғалімнің түсіндірмесінен кейін шығатын қорытынды не ережені дыбыстап айту.

  4. Диафильдер мен диапозитив кадрларын иллюстрациялау үшін.

  5. Химиялық диктанттарды жазуда.

  6. Оқушылардың оқу материалдары бойынша білімін бағалау үшін.

Дыбыстық жазбалар проблемалық мәселерді шешу үшін қолданылуы мүмкін. Көрсетілген құралдардың қайсысымен хлорды жинауға болады, егер бастапқы заттар ретінде концентрлі тұз қышқылы және калий перманганатын немесе тұз қышқылы және марганец (IV) оксидін оқушылар бастапқы және соңғы заттардың қасиетін біле отырып, мүғалімге өз ойларын жеткізеді,, оған мұғалім қажет болса түзету енгізіп, немесе оны мақұлдайды.

Сондай – ақ дыбыстық жазбалар химиялық тәжірибелерге, өндірістегі кинотүсірілімдерге түсініктеме бергенде қолданылады. Мұғалім жазбаларды алдын ала қарап шығып қажеттілерін іріктеуге, соған байланысты сабақтың формаларын анықтауға мүмкіндік алады.

Дыбыстық жазбаларды тиімді қолданудың шарттары:


  • Видеожазбаларды оқу құралдары жүйесіне құрамды енгізу.

  • Нақты тақырыптарды оқып – үйрену кезінде видеоматериалдар орнын және рөлін анықтау.

  • Оқушылардың білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыруда видеожазбаларды қолдану тәсілдерін анықтау.

Бақылау сұрақтары :

  1. Телекөрсетілімдердің оқыту жүйесіндегі орны, мәні және мүмкіндіктері қандай?.

  2. Оқу телекөрілімнің жанры және формаларын сипатта.

  3. Телекөрілімдер арқылы оқу материалдарын баяндауда оқушылардың танымдық әрекеттерін басқаруқалай жүзеге асырылады?.

  4. Дыбыс және виедожазбаларды химияны оқытуда қолдану, қолданудың бағыттары, тәсілдері және формаларын сипатта.

21

Дәріс № 9,10 Химияны оқытуда оқу киноларының ролі және әдістемесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет