Қызылорда қаласы,
№187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мурынбаева Баян Тыныштыкбаевна
М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің негізінде жазылған сахналық шығарма
(Мектеп сахнасына арналған драмалық шығарма)
І перде
Құрмаштың әкесі:
- Мә,Құрмаш. Жеті күшіктің бесеуінің көзін жойдық.Екеуін тірі
қалдырдық. Біреуінің тілерсегін қидық. Ең кенжесін саған алып келдік. Мә,ала ғой,Құрмаш.
Құрмаш:
- Мұның атын Көксерек қоямын.Енді әжесінің қасына жатпаймын.
Көксеректі қасыма алып жатамын.
Әжесі :
- Мейлің өзің біл. Бұл қасқырдың күшігі – сенің күшігің,балам.
ІІ перде
Жұмаш:
-Кәпір,өскен сайын жота жүні үрпейіп,үдірейіп тұрып алады.Тісі батып,қинап бара жатса да,дыбыссыз ғана езуін ыржитады.
Әкесі:
- Кәпір,қырыс,тағы емес пе! Кеудесін бермейді жасымайды!
Әжесі:
-Ұры,асырасаң да, мал болмайды.Тұқымы жау емес пе?
Жұмаш:
-
Түнде қозының құйрығын иіскелеп жүреді.Қойды үркіте береді.
Иттен қорыққаннан ғана үйде жатады.
Құрмаш:
- Бәрі бір өсектеріңді елемеймін.Көксерек зіңгттей көк шолақ қасқыр
болып шықса да,өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды.Әжем екеуміз шақырсақ келеді.Өскен сайын сызданып,суықтанып келеді.Бірақ Көксеректі ешкімге қимаймын.
Әкесі:
-Енді бұны өлтіріп,терісін алу керек.Осы кәпір түбінде ел болмайды.
Жұмаштың әкесі:
- Өткенде екі қасқыр ауылға шапқанда,солардың артынан
тұмсығын жерге салып тоқтамай,Көксерек те кетті ғой.Келгенде қайта-қайта жер тырнап,жер иіскелеп,тыныштала ала алмағанын көрдік қой өзіміз.
Құрмаштың әкесі:
-Туү,мына кәпірдің көі жап-жасыл болып кетіпті-ау.Тұқымын
сезген екен, мына жүзіқара,қой балам,енді мұны өлтіріп,терісін алайық дедік қой сонда.
Әжесі:
- Ой,Көксерек өзі таңертең сол күннен соң,тағы бір жоғалып кетіп, қайтып келді емес пе! Өлтіруге Құрмаш екеуміздің қимауымыз осыдан.
Құрмаштың әкесі:
- Ой,бұл негізі түбі жат,кетіп тынынады.Көксеректі өлтіріп,терісін алғаннан дұрысы жоқ.
Құрмаш:
-Бүкіл ауыл болып,жазықсыз Көксеректі өлтіргілерің келеді. Бермеймін,Көксерегімді.
Жұмаш:
-Сенің қасқырың негізі ауылда тұрмайды. Қашып кетеді.Болмаса
шақыршы, менің қара ала төбетім талап жесін.
Құрмаш:
- Көксерек! Көксерек!
Жұмаш:
- Айттым ғой,жоқ. Қасқырың қашып кетті. Таба ғой,Көксерегіңді.
Құрмаш:
- Көксерек! Көксерек!
(Барлығы кетеді.)
ІІІ перде
Ақсақал:
- Қараадырды екі қасқыр шулатып-ақ болды. Кісіден қорықпайды.
Әсіресе,бір көк шолақ бар. Сойыл соғым жерде келгенше қашпайды.
Арыстанбек:
- Ауыл қорасына қорықпай түседі.Қасқырмен таласуға жарайтын
ер,сақ иттер де желінді. Мен бәйге жиренмен ізіне түсіп едім,адырға түсіп адастырып кетті.
Құрмаштың әкесі:
- Осы қасқырды құртпасақ болмас.Жаздай жеген қозы,бұзауының саны 50-60 –қа жетті.
Арыстанбек:
- Оның бірін құрттық-ау.Екі рет қуғын болды.Бірақ екеуінде де көлге
түсіп кетіп,судың тап ортасына барып,дүңкиіп жатып алады.Батпақ құтқарып қалып жүр.
Әкесі:
- Осы көк шолақ,әсіресе,жаңбырлы,желді түндерде,ай қараңғысында,ақ
жауындарда қатты құтырады. Ауыл берекесін алып бітірді.
Арыстанбек:
- Бұл топ қасқыр болып,соңғы кезде жалғыз атты шаналы жүргіншіні
де қамады.Атын жеп,адамның өзіне шабуыл жасады. Ауыл адамдары қарсы
шығып,айырып алып қалды.
Ақсақал:
-Анау Бейсенбайлар түйеге мініп,мылтықпен атқан екен,сонда да өлтіре алмапты. Көк шолағын атқан екен,санын қаып тастап,қашып құтылыпты.
Құрмаштың әкесі:
- Тасты құдықтағы ауылдың үш-төрт атын жаралап,көк шолақ атын жеп кетіпті.Ол сол Бейсенбайлар атқан жырынды көк шолақ болу керек,сірә.
Ақсақал:
- Қой,кеш болып қалды.Мал алдынан шығайық.Бұл көк шолақтың жыры
бітпес.Бүгін Құрмашты қойға жіберіп едім.Алыдынан шығайын.
Тарасақ ,тарайық.
ІҮ перде
Әжесі:
- Жалғызым-ай, Құрмашым-ай!
Әкесі:
- Жалғызым-ай! Құрмашым-ай! Қайдасың,Қасен?
Туыстығың рас болса,жалғыз балам,ерке Құрмашымның кегін қайтар.
Әжесі:
- Не жазып еді,құлыным.
Әкесі:
- Сол жалғызымды өлтірген қасқырды қолыма әкеліп беріп,көзін
ойғызбасаң,сен маған туыс емессің.
Қасен:
- Мақұл,ол жауызды іздеп тауып,аққасқаға алдырамын.
Әкесі:
- Бүгін аққасқа не өлсін,не өлтрсін.Осыдан басқа жерге итіңнің керегі жоқ, тіпті.
Қасен:
- Жүріңдер жігіттер! Іздеп табайық,қаңқұйлы көк шолақты.
Бейсенбай:
- Мына жерде үлкен із жатыр.Тастықұдыққа кетіпті.Ақсорадағы
жылқыға қарай тартыпты.Бұл із – соның ізі.
Қасен:
- Жылқышыларға соға кетейік.
Жылқышыларға:
- Өткен түнде көк шолақ жылқыға шауып,бір жабағыны жеп кетті. Жалғыз өзі бір семіз жабағының жарты етіне жақынын жепті.Бұл деген жалмауыз екенін білмейміз?!
Қасен:
- Ол ұзаған жоқ.Ол болса,осы ақсораның айналасынан табылады.
Жылқышылар:
- Соңғы уақытта қасқырдан тыныш едік.Осы жалғыз қасқыр кешеден келіп араласты.Ізі тайдың ізіндей.
Бейсенбай:
- Іздегенімідің өзі сол.Ел мен қосқа кезек тиеді. Бір кәпір сырқынды.
Бәрін істеп жүрген сол.Әттең дүние,соны ғана қолға берсе-ау.
Қасен:
- Ал,жігіттер,тезірек аттанайық.Із көмескіленбей Аққасқаны көк шолақтың ізіне салайық.
Бейсенбай:
- Ана қара,сары жотаның үстінде жотасы күдірейген,құйрығы шоп-
шолақ,бойы тау басында тайдай көрінген,ертегінің көкжалы тұр.
Босат, Аққасқаны!
Қасен:
-А,құдай! А,құдай!
Иә,сәт! Иә,сәт! Иә,аруақ! Иә,ақсарбас!
Арыстанбек:
- Ойпыр-ай! Ойпыр-ай!
Бейсенбай:
- Жарайсың,Аққасқа!
Дұшпанымызды өлтріп,табанға салып бердің.Іздегенімізді қолға бердің. Жарайсың,Аққасқа!
Балалар:
- Қасен аға келе жатыр. Көк шолақты қанжығасына бөктеріпті.
Ақсақал:
- Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр.Мынау – сол ит.
Көксерек.
Әжесі:
- Қуарған-ай,неңді алып ем?! Буырына салып өсіргеннен басқа не қып
менің құлыным. Мә,саған,мына басыңа лағнет айтып тебейін.
Соңы.
Достарыңызбен бөлісу: |