ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «ТҰЛҒаның дифференциалды психологиясы»



Дата13.07.2016
өлшемі162.5 Kb.
#197268


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.14/01-2014




ПОӘК

«Тұлғаның дифференциалды психологиясы» оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы



18.09.2013ж. басылым №1 орнына 11.09.2014ж. басылым № 2



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ТҰЛҒАНЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯСЫ»

5В050300 - Психология мамандығына арналған




ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ







Семей

2014







Алғы сөз


1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы ____________ А. Бураханова

“__05____” _____09_____ 2014 ж.
2 ҚАРАЛДЫ


    1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында

«_05_»___09_____ 2014 ж. хаттама №_1_____
Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.Сатиева
2.2 ЭҚжГҒФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

«_09_»____09____ 2014 ж. хаттама №_1_____


ОӘБ төрағасы_________ С.Тойкин

3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

«_11_»___09_____ 2014 ж. хаттама №_1_____


ОӘК төрайымы_________ Г.Искакова
4 18.09.2013ж. басылым №1 орнына 05.09.2014ж. басылым № 2

Мазмұны


  1. Қолданыс аймағы

  2. Нормативтік сілтемелер

  3. Жалпы ережелер

  4. Оқу пәнінің мазмұны (молдулдері)

  5. Студенттің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі

  6. Пәнге арналған оқу-әдістемелік картасы

  7. Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету картасы

  8. Әдебиеттер


1 ҚОЛДАНЫС АЙМАҒЫ

«Тұлғаның дифференциалды психологиясы» пәні бойынша оқу әдістемелік кешен 5В050300 - «Психология» мамандығы студенттеріне арналған. Ол студенттерді курс мазмұнымен, оның өзектілігімен, курс саясатымен, оқу процесі барысындағы студенттердің білуге жіне істеуге тиіс білімдерін таныстырады. Оқу - әдістемелік кешен пәнді оқудағы негізгі құрал болып табылады.



2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Тұлғаның дифференциалды психологиясы» пәнінен оқу - әдістемелік кешен төмендегі құжаттардағы барлық талаптар мен ұсыныстар бойынша оқу процесінің ұйымдастыру ретін белгілеп құрастырылған:



  • 5В050300 - «Психология» мамандығы бойынша Мемлекеттік Жалпыға бірдей Оқу Стандарты ҚР МЖМБС 7.09.033-2014 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген және күшіне енгізілген;

  • 5В050300 - Психология мамандығы бойынша типтікоқу бағдарламасы. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ: Алматы, 2014;

  • СТУ 042-ГУ-4-2014 университет стандарты «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін құрастыру мен безендіруге қойылатын жалпы талаптар»;

  • ДП 042-1.01-2014 Құжатталған процедура «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы мен мазмұны».

3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны

«Тұлғаның дифференциалды психологиясы» курсы психология ғылымының фундаменталды негізін құрайтын теориялар мен зерттеу әдістердің мазмұны мен психологиялық құрылымына байланысты қазіргі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді, соңғы жетістіктері мен тұжырымдамаларын негізге алады, сондай-ақ әлемдік психология жетістіктерін адамның индивидуалды-психологиялық айырмашылықтарын талдау негізінде түсіндіреді, психологиялық теорияларды зерттеу және меңгеру процестерін оларды дифференциалды психологияның барлық саласында қолдана білуді оқып үйренеді. Кәсібилік тұрғыдан ғылыми практик психолог ретінде өз білімдерін жетілдіруде жалпы тұлғаның дифференциалды психологиясының негізгі өзегін құрайтын индивидуалды өзгешілітердің әртүрлі заңдылықтары мен критерийлерін меңгеруге байланысты білімдерді алу маңызды және өте қажетті болып табылады. Студенттер үшін осындай негізгі пәндердің бірі «Тұлғаның дифференциалды психологиясы» курсы болып табылады.

Дифференциалды психология адам психикасының жеке-дара құбылыстар заңдарын жалпылайды және кәсіби психологиялық білім беру жүйесіндегі негізгі курстардың бірін құрайды.

Курс студенттерді адамның индивидуалды-психологиялық айырмашылықтар жүйесінің негізгі түсініктерімен және теорияларымен таныстыруға бағытталған.

«Тұлғаның дифференциалды психологиясы» курсы студенттердің ғылыми психологиялық адамның индивидуалды-психологиялық айырмашылықтар жүйесіне қатысты ғылыми теориялар мен кәсіби білімдерін қалыптастырады, білімдері мен эрудицияларының деңгейін көтереді, психологиялық заңдылықтардың негізінде индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерді зерттеутәсілдерін, даму жолдарын анықтайтын жаңа, инновациялық психологиялық теорияларды оқып үйренеді.Осы пән бойынша өткізілетін сабақта студенттер ақпараттық және сол облысты қамтитын білімдердің ең маңызды деген теорияларын алады.

3.2 Пәннің мақсаты психолог-студенттерге тұлғаның индивидуалды айырмашылықтар психологиясы туралы түбегейлі білім беру.

3.3 Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:

Курстың міндеттері:


  • ғылымдар жүйесіндегі индивидуалды-психологиялық айырмашылықтар білімінің алатын орнын анықтау және оларды ескеру;

  • адамныңиндивидуалды-психологиялық ерекшеліктерінің табиғи және жүре пайда болған қырларын ажырату мен талқылай алу;

  • «Тұлғаның дифференциалды психологиясы» пәні бойынша алған білімді практикалық-қолданбалы және ғылыми-зерттеу жұмыстарында өз бетінше пайдалана алу.

  • Курста берілетін білімдер мен ептіліктер психикалық процестердің негізгі теориялық жағдайларын игерудің теориялық негізін құрайды, психологиялық зерттеулерге деген жаңа көзқарастағы зерттеулерді алуға бағытталады. Адамның басты индивидуалды-психологиялық ерекшеліктер мен олардың пайда болу деректер туралы фундаменталды білімдерін дамытады. Курсты оқу кеңейтілген семинар сабақтарымен қамтылады.

3.4 Оқып-зерттеу нәтижесінде студент:

«Тұлғаның дифференциалды психологиясы» курсын меңгергенде студент мыналарды білуі қажет:

адамның басты индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерінің негізі туралы;

индивидуалды-психологиялық айырмашылықтардың ғылыми-психологиялық негіздері туралы;

адамның индивидуалды-психологиялық және жеке-дара ерекшеліктерінің мазмұны туралы фактлерді білу.

Студент мыналарды жасай білуі қажет:

танымдық психикалық процестердің қазіргі жаңа, инновациялық теориялық, практикалық негіздегі әдістерін тиімді қолдана білу ептілігін;

психикалық процестерді жаңа қазіргі психологияда зерттеудің жаңа теорияларын қабылдау мен қолдана алу ептілгін;

танымдық психикалық процестер туралы адекватты ғылыми теориялық білімдерді қолдана алу ептілігі;

курс барысында өткізілетін жоғарғы психикалық процесстердің негізгі теориялары мен концепцияларын талдау икемділігін;

ес, ойлау және сөйлеу, қиял танымдық процесстеріне қатысты негізгі психологиялық фактілерді бағалай білу икемділігі.

Студент мыналарды меңгеруі тиіс:

психикалық процестер мен таным өрісіндегі жоғарғы психикалық функциялар туралы жалпы психология ғылымының теориялық зерттеулерін психологиялық білімдерді жүйелеу негізінде психологиялық білімдердің шынайлығын ғылыми аспектіде бекіту жайлы дағдыларын;

психология ғылымының теориялық әдіснамалық аспектісін;

психикалық процестердің теориялары мен заңдылықтарын талдау тәсілдерін;

психологиялық құбылыстар мен процестердің негізгі заңдылықтары жайлы білімдерді;

теориялық білімдерді кәсіби практикалық және ғылыми әрекетте қолдану іскерлігін;

психологиялық әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын;

эксперименталды зерттеулер жүргізу дағдыларын;

зерттеу жұмыстарында белгілі-бір әдістемелерді қолдана білу дағдысын.

3.5 Курс пререквизиттері:

Студенттер психология бакалавры академиялық дәрежесін алу оның кәсіби бағыттылығының ажырамас бөлігі ретінде ғылыми теориялық зерттеу жұмысына бағдарлану қажет екенін ұйғарады. Студенттер үшін танымдық психикалық процестердің негізгі теориялық жағдайларын оқытатын базалық пәндердің қатарына жататын психологиялық кәсіби білімдері «Зоопсихология», «Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» оның негізінде «Танымдық психикалық процестер» курсымен таныстықтан басталады.Оны сәтті меңгеру үшін «Философия», «Психологияға кіріспе», «Орталық жүйке жүйесі және жоғарғы жүйке жүйесінің іс әрекетінің физиологиясы», «Социология», «Жоғарғы математика» сияқты пәндермен таныс болуы қажет болып саналады.

3.6 Курстың постреквизиті:

«Жалпы психология» («Танымдық психикалық процестер») курсын оқыту уақытында және оны меңгеру үшін келесі пәндер міндетті түрде онымен тікелей байланысты болады. Оларға жататындар; «Психологиялық ғылымдардың методологиясы», «Казақстандағы психологиялық ғылымдар». Бұл пәнді оқуда психолог студенттер алдыңғы өткен барлық пәндерге сүйенеді. Осы пәндерді нақты оқу барысында алынған білімдер студенттерге психология ғылымының барлық базалық теориялары мен концепцияларын зерттеу бағыттарын оқып үйренеді.


3.7 Жұмыс оқу жоспарынан үзінді

Кесте 1


Курс

Семестр

Кредит

саны



ДС

(сағ.)


ТС

(сағ)


ЗС


БОӨЖ

(сағ)


БӨЖ

(сағ)


Барлығы

Қортын.

бақылау


формасы

2

4

3

30

15

-

22,5

67,5

135

емтихан


4ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Кесте 2



Тақырып атауы мен мазмұны

Сағат саны


Дәріс сабақтары

1

Дифференциалды психологияның пәні, оның бастамалары және тарихи даму жолы.

2

2

Дифференциалды психологияның ғылыми-қолданбалы міндеттері және зерттеу әдістері.

2

3

Дифференциалды психологияның табиги және әлеуметтік жақтарының қалыптасуын қарастыратын ғылыми бағыттар мен теориялар.

2

4

Индивидуалдылық дифференциалды психологияның зерттеу өрісі ретінде, оның табиги және әлеуметтік жақтарының психологиялық мазмұны.

2

5

Индивидуалдылық жүйесіндегі жалпы және жекеленген конституциялардың ара-қатынасы. Генотип пен фенотиптің өзара байланысы.

2

6

Дифференциалды психологиядағы жастық даму мен жыныстық ерекшеліну мәселелері. Жыныстық диморфизм құбылысының психологиялық сипаты.

2

7

Дифференциалды психологиядағы нәсіл мен ұлттық ерекшеліну мәселелері. Этно-мәдені типтердің психологиялық сипаты.

2

8

Темперамент ілімінің дамуы, темперамент типтерді негіздеген теориялар. Жоғарғы нерв қызмет қасиеттер мен типтерінің (И.П. Павлов) темпераменттің психологиялық құрылымында айқындалу сипаты (Б.М. Теплов, В.С. Мерлин).

2

9

Жалпы белсенділік, моторика (қозғалғыштық) пен эмоциялық темпераменттің басты компоненттері ретінде (В.Д. Небылицын). Темпераменттін динамикалық сипаты (В.С. Мерлин) және инварианттары (В.В. Белоус).

2

10

Дифференциалды психологиядағы денелік (конституциялық) типтер мәселесі. Анатомиялық типтердің негізінде морфологиялық және психосоматикалық типтердің қалыптасуы (Э. Кречмер, У. Шелдон, В.М. Русалов).

2

11

Дифференциалды психологиядағы мінез мәселесі. Мінез бітістердің табиғи-генетикалық және жүре қалыптасқан қасиеттердің ара-қатынасы.

2

12

Мінездің жүйелі-психологиялық құрылымы. Мінездің симптомокомплекстері, психопатиялық типтер (П.Б. Ганнушкин) мен акцентуациялар (К. Леонгард, А.Е. Личко).

2

13

Дифференциалды психологиядағы қабілет мәселесі. Кабілет пен дарындылықтың табиғи алғы шарттары және дамуының индивидуалды ерекшеліктері. Талант ұғымы (Б.М. Теплов).

2

14

Кабілет пен дарындылықтың дифференциалды-психологиялық құрылымы. Жүріс-тұрыс, әрекет пен қарым-қатынастағы индивидуалды сипат (стиль) мәселесі.

2

15

Дифференциалды психологиядағы тұлға мәселесі. Тұлға типологияларының дифференциалды-психодиагностикалық құндылығы. Адам психотиптерін айқындау жолдары мен ажырату әдістері.

2

Практикалық (семинар) сабақтар

1

Дифференциалды психологияның өзекті мәселелері, оның міндеттері мен әдістері

1

2

Адам психикасы дамуының онтологиялық сипаттамасы

1

3

Оңқайлық пен солақайлық және басым жартышар теориясы

1

4

И.П. Павловтың нерв жүйесінің қасиеттері теориясы

1

5

Б.М. Тепловтың зертханасындағы нерв жүйесі қасиеттерін зерттеулер

1

6

В.Д. Небылицынның тұжырымдамасы: нерв жүйесінің жалпы және жеке қасиеттері; парциалдылық мәселесі

1

7

Нерв жүйесінің қасиеттері және олардың көрінулерінің типологиялық ерекшеліктері туралы жалпы түсініктер

1

8

Темперамент туралы ілім. Темпераментті ажырататын белгілер

1

9

Мінез, мінездің құрылысы. Мінездер типологиясы

1

10

Қабілеттіліктердің орталық және генетикалық детерминанттары

1

11

Жалпы интеллектуалды қабілеттер

1

12

Жалпы және арнайы қабілеттер және олардың табиғи алғышарттары

1

13

Адам конституциясы түсінігі. Конституциялық типтер

1

14

Дене бітімі және жүріс-тұрыс

1

15

Психиканың жыныстық жастық ерекшеліктері

1


5 СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ


  1. Адам бас миының функционалды ассимметриясы мәселесі және ғылым дамуының қазіргі кезеңіндегі оны шешу жолдары (коллоквиум).

  2. Адам психикасы дамуындағы биологиялық пен әлеуметтік (эссе).

  3. Нерв жүйесінің қасиеттері мен олардың психологиялық көрінулері (И.П. Павловтың жұмыстарының негізінде кесте жасау).

  4. Нерв жүйесінің қасиеттері мен олардың психологиялық көрінулері (Б.М. Тепловтың жұмыстарының негізінде кесте жасау).

  5. Нерв жүйесінің қасиеттері мен олардың психологиялық көрінулері (В.Д. Небылицынның жұмыстарының негізінде кесте жасау).

  6. Нерв жүйесінің қасиеттері мен олардың психологиялық көрінулері (В.М. Русаловтың жұмыстарының негізінде кесте жасау).

  7. Нерв жүйесінің қасиеттері мен олардың психологиялық көрінулері (Е.П. Ильиннің жұмыстарының негізінде кесте жасау).

  8. Кесте-реферат – Нышандар (нерв жүйесінің қасиеттері) және жалпы қабілеттер (интеллект, креативтілік, білім алу қабілеті).

  9. Кесте-реферат – Нышандар (нерв жүйесінің қасиеттері) және арнайы қабілеттер.

  10. Кесте-реферат – Нышандар (нерв жүйесінің қасиеттері) және психикалық өмірдің бұзылыстары.

  11. Адам конституциясының түрлі типтерінің психологиялық сипаттамалары (Кречмер, Шелдон жұмыстарының негізінде кесте жасау).

  12. Адам конституциясының түрлі типтерінің психологиялық сипаттамалары (В.М. Русаловтың жұмыстарының негізінде кесте жасау).

  13. Ер адамдар мен әйел адамдардың психологиялық ерекшеліктері (Б.Г.Ананьевтың жұмыстарының негізінде кесте жасау).

  14. Ер адамдар мен әйел адамдардың психологиялық ерекшеліктері (В.Геодакянның жұмыстарының негізінде кесте жасау).

  15. Ер адамдар мен әйел адамдардың психологиялық ерекшеліктері (А.Анастазидің, В.Н. Дружининнің жұмыстарының негізінде кесте жасау).


6 ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

Кесте 3





Тақырыптар

Көрнекіліктер, ТСО, плакаттар, лабораториялық стенд

Өздік оқуға арналған сұрақтар

Бақылау формасы

Дәрістер

Практикалық (семинар) сабақтар










1

2

3

4

5

Дифференциалды психология ғылым ретінде

Дифференциалды психология ғылым ретінде




Дифференциалды психология пәні туралы

Дисскусия

Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері

Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері

Кесте

Индивидуалдылықты зерттеудегі жүйелі бағыт

Реферат

Тұқым қуалаушылық және қоршаған орта арақатынасы

Тұқым қуалаушылық және қоршаған орта арақатынасы

Таратпа материалдар

Тұқым қуалаушылықтың құрылымдық және функционалды мінездемесі

Конспект

Дене құрылымы және әрекет-қылық.

Дене құрылымы және әрекет-қылық.

Сурет

Дене құрылымы мен әрекет-қылықтың өзара байланысының көптүрлілігі.

Конспект

Оқыту және дара айырмашылықтар.

Оқыту және дара айырмашылықтар.

ТСО

Индивид әрекет-қылығының дамуындағы оқытудың ролімен танысу.

Оқып-зерттелінген материалдар бойынша өз ой-тұжырымдарын бекіту

Адамның мінездік ерекшеліктері

Адамның мінездік ерекшеліктері

Таратпа материалдар

Мінез құрылымы

Конспект «Психологиялық типтер (К.Юнг)»

Мінез психопатологиясы

Мінез психопатологиясы

Схема «Акцентуацияларға байланысты теориялар»

К.Леонгардтың акцентуациялар типтері




Жанұялық ұқсастық.

Жанұялық ұқсастық.

Баспа көздері

Ата-текті зерттеудің әдістерімен, эксперименталды зерттеулермен танысу.

“Асыранды балалар” эссе.

Ақыл-ой жетіспеушілігі.

Ақыл-ой жетіспеушілігі.

ТСО

Тақырып сұрақтары бойынша теоретикалық анализ жасау.

Терминологиямен жұмыс.

Дарындылық мәселесі

Дарындылық мәселесі

Схема «Дарындылықты диагностикалау жолдары»

Қабілеттер мен дарындылық байланысы

Конспект

Дифференциалды психологиядағы гендерлік аспектілері

Дифференциалды психологиядағы гендерлік аспектілері

Суреттер

Келесі сұрақтар бойынша торетикалық анализ жасау: 1)қабілеттердегі жыныстық айырмашылықтар; 2) жеке тұлғалықтағы ж. айыр-р; 3) жетістікке жетудегі ж. айыр-р.

Хабарлама даярлау “Психика және әрекет-қылықтағы гендерлік айырмашылықтар мәселесі”

Әлеуметтік-кластық айырмашылықтар.

Әлеуметтік-кластық айырмашылықтар.

Кесте

Тақырып сұрақтары бойынша теоретикалық анализ жасау.

Терминологиямен жұмыс.

Мәдени айырмашылықтар.

Мәдени айырмашылықтар.

ТСО

Адамның даралық дамуына мәдениеттің әсері мәселесін меңгеру.

Реферат “Мәдениет және жеке тұлға”


7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАРТАСЫ

Кесте 4


№ р/с

Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар атауы

Саны

Студенттер саны

Қамтамасызетупайызы


1

Анастази А. Дифференциальная психология. – М , 2001

2

19

10,5

2

Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.

1

19

5,2


  1. ӘДЕБИЕТТЕР

8.1 Негізгі әдебиеттер:

8.1. Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведения. В 2-х т. – М.: Педагогика, 1980.

8.1.2. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. – (Серия «Кафедра психологии»).

8.1.3. Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004.

8.1.4. Леонгард К. Акцентуированные личности. – Киев: Высшая школа, 1981.

8.1.5. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. – Л.: Медицина, 1983.

8.1.6. Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. – М.: Педагогика, 1986.

8.1.7. Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982;

8.1.8. Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология. СПб., 2001.

8.2 Қосымша әдебиеттер тізімі:

8.2.1.Небылицын В.Д. Психофизиологическое исследование индивидуальных различий. – М.: Наука, 1976.

8.2.2. Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.

8.2.4.Немов Р.С. Психология в 3-х томах. Т.2. – М, 1995.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет