ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет1/3
Дата20.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#149682
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





СМК 3-дәрежелі құжаты

ПОӘҚ

ПОӘҚ 042-33.1. /01-2015

ПОӘҚ

оқытушыға арналаған пән «Түстану» бойынша бағдарламасы



Баспа №1 11.09.2015


ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Түстану»
5В042100 - « Дизайн» мамандық үшін

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Семей


2015


ОӘК 042-33.1.20/01-2013

№1 басылым 03.09.2013

1



Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырушы ___________ «03» 09 2015 ж. А.Т. Калияуова

«Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы»аға оқытушысы

2 ТАЛҚЫЛАНды

2.1 «Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедра мәжілісінде

Хаттама № 1, «03» қыркүйек 2015 ж.,

Кафедра меңгерушісі __________ Б.К.Әсенова


2.2 Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды

Хаттама № 1, «05» қыркүйек 2015 ж.,

Төраға _____________Т.Ш. Ахметова
3 БЕКІТІЛГЕН

Университетінің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды


Хаттама № 1 «11» қыркүйек 2015 ж.

Төраға ____________________ Г.К. Искакова

АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН


ОӘК 042-Х.1.ХХ/03-2013

№1 басылым 10.01.2013





Мазмұны

1 Глоссарий




2 Дәріс




3 Тәжірибелі сабақ




4 Курстық жоба




5 Студенттердің өздік жұмыстары






УМКД 042-Х.1.ХХ/03-2013

Редакция №1 от 10.01.2013

Страница из



ГЛОССАРИЙ
Ахроматикалық түстер – түс тоны жоқ түстер (сұр, қара, ақ).

Үйлесімді түстер – негізгі түсті таңдауға ықпал етуші түс.

Туыстық-үйлесімді түстер – 90 градус шамасында түс, шеңберіне кіретін түстер.

Туыстық түстер – 30 градус шамасында түс шеңберіне кіретін түстер.

Қанықтылық – түс тазалығын меңзейді.

Жарық – электромагниттік толқын.

Спектр – жеті түстен тұратын толқынның ұзындығына сәйкес орналасқан шкала.

Жылы түстер – от денелі түстер (қызыл, сары).

Суық түстер – судың салқындығын еске түсіретін түстер (көк, көгілдір, күлгін).

Хроматикалық түстер – түстік тоны бар спектрдің барлық түстері.

Түстік шеңбер – бір-біріне біркелкі өтетін спектр түстері.

Түстік параметрлер – түстік тон, жарық, қанықтылық.

Түстік тон – түс атауы.

Жарықтық – түстік жарық немесе қоюлықты көрсетеді.

КІРІСПЕ
«Түстану» курсы студенттің жобалық ойлауға жаңа деңгейді игеруіне ықпал жасайтын кәсіптік даярлықтың негізі болып табылады. Дәріс І семестрде оқылады.

Оқыту мақсаты: Түстердің үйлесімділігі және оларды тәжірибеде игеру теориясының жалпы заңдылығын меңгеру. Түстік-фактурлы композицияны құрудың ережелері мен негізгі заңдарын меңгеру, суретші мен дизайнерге қажетті көркемдік талғамды, шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту.

Оқыту міндеттері: 1) Түстану заңдылықтарының ғылыми құрылымын меңгеру; 2) Түстердің үйлесімділігі жөніндегі тәжірибелік дағдыны игеру; 3) Түстану аясындағы шығармашылық жұмыстарды орындау әдісін меңгеру; 4) Студенттердің көркемдік талғамы мен шығармашылық мүмкіндігін дамыту.

Білімділік: Курс (дәріс) аяғында студент түстер қатынасының үйлесуі жөніндегі негізгі заңдарды меңгеруі тиіс.

Білік: 1) Бейнелеу өнері, дизайн және ДҚӨ аясында түстер қатынасының үйлесімділігі жөніндегі заңдылықты қолдану; 2) Көркемдік шығармашылықтың түрлі бағытында түс композициясының үйлесімділігін құрудың тәсілдері мен құралдарын меңгеру; 3) Өздік білім жетілдіру арқылы түстану бойынша білімін жетілдіру; 4) Шығармашылық қызметте ғылым мен тәжірибенің табыстарын пайдалану.

Дағды: Түстер қатынасының үйлесімділігі бойынша жұмыс дағдысын акварель, гуашь, живописінің, графиканың, декаративті-қолданбалы өнер, сондай-ақ аралас техника арқылы игеру.



Дәріс № 1

Тақырыбы: Түс туралы ғылым

Түстану мәселелері туралы ғылыми, педагогикалық, өнертанымдық әдебиеттерді сараптау әлі де болса, бұл мәселені – бейнелеу өнерін оқыту мазмұнының бір саласы ретінде қарастыру қолға алынбағандығы белгілі болды.

Түстану мәселесін қарастырған кейбір еңбектерде термин сөздерге терең мән беріп, оларға түсіндірме жасаумен шектеліп, анықтамалар мен ережелерін беру, жіктеу олқы соғып жататындығы жасырын емес. Сондықтан түстану заңдылықтарын балаларға оқытуды түстану заңдылықтарынан бастау, түстану мәселелерін жинақтап жүйелеуден бастау орынды.

Түстану – түс туралы ілім жүйесі. Түстер хроматикалық және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге түрлі-түсті түстер жүйесі кіреді. Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер жатады. Барлық хроматикалық түс үш параметрмен ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша – ашық (ашық сұрғылт немесе қара сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Түстік өң бұл «қызыл», «сары» және т.б. сөздермен анықталады. Мысалы қызыл, таза қызыл немесе сұрғылт қызыл. Бұл қызылға қосылған сұрғылт қоспа түстің өңін өзгертпейді қызыл түс қызыл болып қалады. Ахроматикалық қоспадан, хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын, оның қанықтығы арта түседі.

Хроматикалық түстерді шартты түрде жылы түсер және суық түстер деп бөлінеді. Жылы түске түс спектрінің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көгілдір бөлігі жатады, жылы түстерді күн мен оттың түсімен, суық түстерді аспан, су мен мұздың түсімен сиппатауға болады. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайда пайда болады. Бұларды басқа түстермен қатынасына байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызуға болады. Түстік шеңбер  бірге қатар қойылған түстерден құралған шеңбер. Бұл шеңбер, сары, сарғыш қызыл, қызыл, қызғыш қоңыр, жасыл көк, көк, күлгін көк, болып жалғасып отырады. Негізігі түстер сары, қызыл және көк түстер болып табылады. Контраст түстер – бір біріне қарама қарсы түстер. Ақ түске, қара түстер қарсы ақ пен қызыл т.б. түстер конраст сипатын береді.

Түстердің қасиеттерін зерттеу бізге түстердің психологиялық физикалық қасиетін, этнокөркемдік атауларын анықтауға мүмкіндік береді.

Психолог ғалымдар түстің адамға әр түрлі әсер туралы бірқатар зерттеулер жүргізгендігі белгілі. Мысалы қызыл түске көп қарау, немесе қызыл түске боялған бөлме ішінде ұзақ отыру адамның жүйкесіне тиіп, оны әлсірететіндігі анықталған. Сонымен қатар бөлменің қабырғасын түрлі түстермен реңдеудің өзіндік ерекшелігі болады. Мысалы, зерттеу нәтижелері үйдің көлеңке немесе солтүстік жақтағы бөлмелерін жылы түстермен, күн жарығы тікелей түскен бөлмелерді суық түстермен (ашық көк, немесе салат түсті ақшылды жасыл көк түске) безендіру қажеттігін көрсеткен. Сонда жылы түстер адамға жылылық әсерін беріп, бөлменің іші жылына түскендей

сезіледі, ал суық түсті бөлме жаздың күні адамға салқындағандай әсер беретіндігі анықталған.

Сол сияқты заттардың салмағына байланысты болатын түстердің қасиетін мынадан білуге болады. Мысалы қара жасыл көк түске боялған жүк машинасы өте ауыр сияқты болып қабылданса, нақ сондай формадағы машинаның түсі ақшыл көкке боялса оның салмағы жеңіл сияқты болып көрінетіндігі белгілі болған.

Түстерді тану барысында олардың символдық түрде берілуі ерекше назар аударатын құбылыс. Жасыл көк түс жастық шақты білдірсе, аспан көк түс бостандықты, еркіндікті, білдіреді, ақ түс тазалықты, қара түс жамандықты, қызыл түс белгілі бір өзгерісті білдіреді.

Қазақ халқында түстердің белгілі бір атаулары болған. Жылқының түсіне байланысты ақ боз, күрең, қара торы, шабдар, буырыл, құла, ала, т.б. атаулармен атаған.

Картиналардағы түстердің берілуінің өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, таңертеңгі мезгілді бейнелейтін картиналарда көкшіл түстер басым болса, кешкі мезгілді бейнелейтін картиналарда қызғылт түстер басым болып беріледі. Күндізгі мерзімді бейнелейтін картинадағы заттардың түстері өзінің табиғаттағы қалпында бейнеленеді. Ал егер, заттық бетінің фактурасы жылтыр болып келсе, оған сол заттың жан-жағындағы заттардың түстері әсер етіп, өзінің табиғи түстері азғана өзгеріп көрінуі бейнеленеді.

Картиналардағы түстердің өзгеруі мен бейнелеуінің бір ерекшелігі шығарманың идеясына байланысты болып келеді. Суретші Салихаддин Айтбаевтың «Бақыт» атты картинасында көктемгі далада отырған қыз бен жігіт көрінісі бейнеленген. Жастардың үстіндегі киімдері түрлі түсті бояулармен берілген, ал дала, алыстағы тау, жасыл көк түстермен жазылған. Картина композициясында аспанға қарағанда жердің көрінісі толық картина жазықтығын жауып жатыр. Шығармадағы түрлі түстердің арасында жасыл көк түстердің басым берілуі арқылы суретші адам өмірінің жастық кезеңін жасыл реңдермен беру арқылы жастықтың өзіндік ерекшелігіне көңіл аударады. Яғни жасыл түсті жастықтың түсі ретінде символдық түрде береді.

Қазақ бейнелеу өнерінде белгілі суретші Нағымбек Нұрмаханбетовтың

салған «Тоқаш Бокин отряды» атты картинасы бар. Картинада, қазақтың сары даласында атқа мініп келе жатқан Тоқаш Бокиннің отрядының көркем көріністері бейнеленген. Картинаның түстерінің бір ерекшелігі мұндағы қызыл түстердің басым болуы. Табиғатта дала көрінісі ақ, сары немесе жасыл көк болуы, аттардың түсі күрең, ақ боз тағы басқа болуы, адамдардың жылы реңдері басым жасыл көк болуы мүмкін. Бірақ картинада қызыл түстер басым берілген. Бұл шығарманың айтылатын көркемдік ойына байланысты. Картинада қоғамдық өзгеріс, қоғамдық құрылымның өзгеруін көрсетуді мақсат тұтқан. Картинада қызыл армия командирі Т.Бокиннің образы берілген.

Түстану ілімінде колорит деген ұғым кездеседі. Колоритті біз кескіндеме шығармаларындағы түстердің үндестігі мен бірлігі деп танимыз. Картинадағы түстер кейде жылы түстердің құрылымына кейде суық түстердің құрылымына бірігеді. Ал кейбір жағдайда картинада жылы түстер мен қатар суық түстер үйлесімді түрде қолданылады.

Заттың бетіндегі түстер кейбір жағдйда өз түсінен өзгеріп, басқаша түспен көрінуі ықтимал. Мысалы, бір түйір қара көмірдің бір жақ бетіне күннің көзі немесе жасанды жарық тікелей түскенде, ол жері әппақ дақ түрінде қабылдануы мүмкін. Мұны көру кезінде болатын жаңырысу деп танимыз.

Ғылыми-педагогикалық, өнертанымдық әдебиеттерді сараптау негізінде түстану ілімінің негізін құрайтын ұғымдарды мынандай бағыттарға жіктеуге және оны түстанудан білім беру мазмұны ретінде алуға болатындығы анықталады: хроматикалық түстер; ахроматикалық түстер; түстердіңі қанықтығы; түстердің ашықтығы; жылы түстер; суық түстер; түстік шеңбер; негізгі түстер; контраст түстердің бірлігі; түстердің қасиеті; символдық түстер; түстердің қазақша атаулары; колорит; картинадағы түстер; түстердің композициясы; жылы түсті колорит; суық түсті колорит; аралас түсті колорит; түстерді қабылдау ерекшелігі; түстердің бейнелеуінің

ерекшелігі т.б.

Ғылыми педагогикалық еңбектерді талдау мен тәжірбиелік-эксперименттік зерттеу нәтижесін сараптау негізінде түстану ілімін оқытудың мынандай формалары мен әдіс тәсілдері анықталады:

1.түстанудың негізгі мазмұнын құрайтын материалдарын сурет, кескіндеме, композиция пәндерін оқыту бағдарламаларын қосымша ретінде қосылды.

2.түстанудан теориялық материалдар өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында қолдану нұсқаулары жасалады.

Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелерін сараптау бізге түстану теориясын көркемдік білімді беру жүйесінде оқытып үйретудің үш бағытын көрсетті: біріншісі табиғаттағы заттардың, құбылыстардың түстерінің ерекшеліктерін қабылдауға шәкірттерді үйрету табиғаттағы түстердің қатынастарына талдау жасау; түстердің араласуын көрсету; екінші бағыт – табиғат пен бейнелеу өнеріндегі түстердің берілуін талдау, олардың бейнелеу ерекшеліктерімен шәкірттерді таныстыру; үшіншіден – түстерді тікелей нұсқаға қарап сурет салу барысында қабылдау және оны бейнелеу.

Дәріс № 2

Тақырыбы: Түс – форма анықтайтын феномен

Түстің спектрлік табиғаты. Юнг-Гельмгольцтің көрудің үштүстік теория Оствальдтың тұйықталған түстңк денесі. Шугаев, Гете, Ньютонның және басқалардың түстік шеңбері. Негізгі және қосымша түстер. Түстер мен дақтардың (пигменттердің) атауы. Түстік рең, жарықтық, қанықтылық, түстердің негізгі мінездемесі. Түстердің оптикалық және химиялық араласуының заңдылықтары. Жарық. Түс және жарық. Жарықтың түрлі көздері мен жағдайларына байланысты түстердің өзгеруі. Түстерді қабылдауды түзету бойынша жарықты қолдану.


Дәріс № 3

Тақырыбы: Түстің спектрлік табиғаты

Қазақстанның әртүрлі аудандарының табиғи ауа райына байланысты олардың киімдерінде, тұрмыстық заттарда белгілі бір түстерге ерекше басымдылық берілген. Мәселен, оңтүстікте қызыл түс басым болған, ол ыстық күн білдіреді. Орман-көлдер, таулы аймақтар-Шығыс Қазақстан табиғатының көрінісі, ол осы аймақта жасалатын түскіздерде көк және жасыл реңдердің қолданылуын түсіндіреді. Орталық аудандардағы кілемдердегі үйлесім тапқан бес түрлі түстер көрсетеді.

Сонымен, ұлттық әсемдік қолөнерінің қалыптасуына табиғаттың, түрлі құбылыстардың, аңыздық және діни көзқарастардың әсері зор болған.

Түстің ақпараттық қасиеті

Бұл тарауда түстің жарықтануы және тұрақты түстік құбылыстарды қабылдауға негізделген заңдылықтар қарастырылады.

Кейбір көрнекті заңдылықтар:

-         түс бірнеше жазықтықта көрінеді: пленка, көлем, беткі пішін және т.б. жатады.

-         түстің назар аудартқыш қасиетіне байланысты оның айырылуын жеңіл түсіндіруге болады;

-         заттық текстурасын, бөлшектерін, домалақтығын, құрылысын сезінуге көмектеседі, түс реңіне байланысты жақын арада орналасқан заттар жалпағырақ болып, алыстағылар бұлдырап көрінеді;

-         ашықтық әсерлері және түсетін көлеңкелер бейненің пластикасын көрсетуге мүмкіндік береді;

-         толық бейнеленген, ортада тұрған бейненің перспективалық көрінісін бағыттайды;

-         ал қағаз шетінде, бір жартысына ғана бейнеленген, екінші жартысы тасада тұрған, көлемі үлкендеу басқа бейне одан бері орналасқан, жақынырақ болып қабылданады.

-         Таныс бейнелердің нақты көлемдерін білу арқылы кеңістіктегі позициясын тиімді орнатуға болады.

Механикалық қзғалыстарға және тереңдікті қабылдай білу мүмкіндігіне негізделе отыра, адам бейнелер арасындағы арақашықты анықтай алады.

Көздің бұлшық еттері аккомадация әсерінің көмегімен заттың алыста немесе жақында орналасуы жайлы ақпаратты адам миына жеткізеді. Жарықты, қараңғыны, әртүрлі түстерді, ортаны көз арқылы қабылдау, қысқаша айтқанда көру және қабылдау құбылысының ең қызық, ең керемет түрі-түсті кеңістік болып табылады. Дэвид Кау былай деген; жарық түсіп отырған жазықтықтың не заттың түсін бізге көрсететін тәсіл жарық күшіне немесе толқындар ұзындығына ғана тәуелді емес, өзін айқындайтын жарықтану күшті заттың сипаттамасына да тікелей тәуелді.

Түсті әсем-жабдықтау тәсілімен жасалған қоршаған ортаның сипаттамасы оны көзбен қабылданғанға тиімді және көлемдік өзгертуге болады. Жарық беру қызметі бұл жағдайда екі басты жағдайға негізделеді:

а) ғимаратың және қоршаған ортаның жарықтану айырмашылығы;

б) жарықтық конус аймағындағы реңдердің орындарының ауысуы.

Реңдердің полихромиялық жарығының әсерінен болған қозғалыс қандай да бір түстік сипаттама жағынан біркелкі өтеді. Түстік реңдер оптикалық құрылған кеңістік аймағында бір-біріне жақындай түседі немесе түстік спектрдің белгілі нүктесіне ығысады. Бұдан мынадай тұжырым шағаруға болады: көлемдік елес тек қара-ашық контрастінің көмегімен ғана емес, сонымен қатар, үлкен ауқымдағы біріңғай ортаны құруды көмегімен де пайда болады.

Қазіргі кезде Франция сәулетіндетүстің ақпараттық қасиеті кеңінен қолданылады. Мәселен, «этуаль», «Обер» метро станцияларында ұзын дәліздерді түстің, жарықтың көмегімен «қысқартады», тар

Қабырғаларды «кеңейтеді», бұрылыстарды анық көрсетеді, бұл жолаушылардың ортада тез бейімделуіне көрсетеді.

Биіктегі төмен станциялардың төбелері қара түске боялса да, төмен бағытталған күшті жарықтың әсерінен төбенің шекрасы онша байқалмайды.

Жаңа заман критеийлері ахроматикалық түстер қолданылатын сәулетпен қатар, ашық бояуларды да қолдануды талап етеді. Мәселен, сауда және мәдени орталықтар, балабақшалар, бастауыш және орта оқу орындары алуан түрлі бояулармен бояла бастаған. Бұл жағдайда түс бөлек қызметтік топтарды ерекше көрсететін маңызды ақпарат күші болып табылады. Гернобльдің «Арлекин» атты жаңа ауданында каркасты-панельді блоктардан салынған, қаланың жалпы кескіндемелік көрінісін құрайтын (қызыл және көк түстер басым) үйлердің бояулары олардың көлемдік-кеңістік және конструктивтік құрылысын көрсетеді. Панельдің түсі суперграфикамен толықтырыланады, үйлердің нөмірі жазылған көлік аялдамасына және жаяу адамдарға арналған галереяларға бағыттауыштар орнатылған. Көру арқылы қабылданатын суперграфика түріндеге ақпарат бұл жағдайда екі қызметті атқарады: күрделі өтпелі блоктарға және галантереяға бағыттау, сонымен бірге, әсемдік, шрифтік, пластикалық қасиеттерді айқындау. «Арлекин» кварталв қалалық суперграфика кешенімен жақсы үйлесім тауып (оның суреті, түсі және орындалуы), жақыннан және алыстан қабылдау нүктелерінен көрінеді.

Түсті ортаның қалыптасуының маңызды міндетті-түстің ақпараттық қасиетіненегізделе отырып, көзге көрінетін жабдықтар жиынтығын құру болып табылады. Түсті үйлесімді ұйымдастыру ең алдымен тұрақты түс жүйесінің қалыптасуына байланысты. Дұрыс таңдалған түстік шешім қалалық орта кешенінің құрылу маңыздылығына ықпал етіп, адамдардың сәулет ғимараттарының ішінде, айналысында жүру бағытын анықтап, ғимараттардың қызметтерін де тез танымал етеді. Түстердің бұл қызметі әртүрлі орталық дәрежелерде нақты ақпараттық жүйенің ұйымдасуына көмектесе алады. Ғимараттың жалпы түстік шешімінің деңгейінде кішігірім бейнелердің, заттардың түстік белгілену кодына негізделе отырып, қалалық ортаның қызметіне қарай реңін айыруға болады.

Бояу түсінің эмоционалды-психологиялық қасиеті

Түстану білімі физика, физиология, психология, эстетика, т.б. сияқты әртүрлі ғылым салаларымен тығыз байланысты. Осы аталған ғылымдардың зерттеулерімен мәліметтерді дизайнерлер үшін маңызды, өйткені өздерінің шығармашылық қызметтерінде жайлы түсті ортаны құруда олар түстің физикалық және оптикалық қасиеттерімен жиі кездеседі. Сол үшін де көптеген ғалымдар саланы тынбай зерттеуде.

Мысалы; Люшердің психодиагностикаылық тестілері қатарынан көптеген жылдар бойы қолданылып келеді, ол әртүрлі жастағы ондаған мың адамдардың, ұлттардың түске деген жалпы реакциясы және қорытындысының заңдылықтарына негізделген.

Бірақ, әр адамның жеке басының неше түрлі қасиеттеріне байланысты, әркімнің өзіне ғана тән түстер қатары бар, ол ең алдымен ұнату талаптарына құрылған, жүргізілген зерттеулер бойынша мұндай қатарлардың саны өте аз-оннан кем болып шықты.

Жалпылау векторын ескере отырып, мамандар мынадай қорытындыға келеді; түстердің кейбір түрлерін адамдардың көпшілігінің ұнату, деңгейі бірдей болғандығы соншалықты, тіпті жекелеген адам топтары үшін бір бүтін түсті қатар құрылу мүмкін. Оның тізімі мынадай болып келеді: ең сүйікті түстен бастағанда-көк, қызыл, ақ, жасыл, сарғыш, сары.

Мұның бәрі сәулеттік колристикада шынымен де үйреншікті ахроматикалық талаптардан (әр елдердегі сәулет саласында алдыңғы қатарға қойылатын) басқа заңдылықтардың да бар екендігін көрсетеді. Бұл заңдылықтардың да бар екендігін көрсетеді. Бұл заңдылықтарды тиімді қолдануға болады, ол арқылы тұрмыстық орта өзіне қажетті заттарымен қосылады.

Соңғы онжылдықта бүкіл дүние жүзінде әртүрлі сауда фирмаларының сұранысы бойынша жүргізілген зерттеулердің қорытындысы былай болды: ең көп сатылатын заттар-көк түсті қаптамаға оралған нәрселер, ал қызылы түсті қаптамаға оралған заттарға сұраныс одан кішкене азырақ..

1980-1990 жж Еуропа елдерінде іртүрлі түске боялған ғимараттарды жай адамдардың және сәулетшілердің қабылдауын байқау мақсатында зерттеу өткізілген. Сөйтіп, көп түсті бояуларға боялған ғимараттар мен үйлер сәулетшілерге қарағанда, қарапайым адамдарға көбірек ұнайтын болып шықты. Сондықтан болар, сәулетшілер қазіргі кезге дейін Парфенон жайлы бір түсті, ғажайып пропорциялы тамаша ескерткіш деп айтады, ал оның біздің ғасырға дейінгі 447 жылы ашылу кезінде алтын түсті бояумен боялғаны жайлы сөз қозғалмайды.

Британиялық сәулетші және зерттеуші Томас Портер соңғы 40 жыл ішінде қоғамдағы «түстік моданың» дамуын зерттеуі нәтижесінде, оның он жыл сайын өзгеріп тұратындығын айтты.

Батыс қоғамында 60-ж ақ, қара, және «металл» түстердің көбеюімен басталды, ал 60-жылдардың соңында қоғам органикалық бояуларға мойын бұрды, бұл кезде арзан көпшілік саяхаттарына жол ашылады. Басқа елдермен және олардың мәдениетімен танысу өзге көркемдік талғамның, қабылдаудың және шығыс дінінің, философиясының ұлғаюына әкеліп соқты.

70-жылдары батыс елдерінде «ғылыми қиялға» қайта оралу басталады, ол «хай-тек» стилінде көрінді. «Хай-текке» «суперграфика» модасы арқылы өтті. Ғимараттардың жалпақ көлемді жазықтықтары, әсіресе, өндірістік және қоғамдық қызметті атқарушы суретшілерге тән болады. Бұл аймақтағы байқаулар өздерінің алдына заттарды «бұзу», «жасыру» немесе бейнені анықтау деген мақсаттарды қойды.

Сексенінші жылдардың басында «белсенді кезең» туындады. Спектр түстерін нейтрал түстермен араластыра отырып, «жоғарғы танымалдықты» көрсету мақсат етіп қойылады. Әртүрлі түстердің үйлесу топтары өмірге деген қандайда бір көзқарастың белгісі болып, қоғамдық деңгейді іздеу, заттық ортаның колористикасын ұлттық немесе интернацоналдық түрде орындау, сұр, нашар реңді, түссіз модернизмнің орнына пост-модернизмнің пайда болуына себепші болды.

Ортаның көркеюіндегі маңызды қызметті «жасыл» қозғалыс және соған жақын шынайы, табиғи түстер атқарады. «Экологиялық сана-сезімді» меңгеру жылдары сәнді түстерге өзгерісте әкелді. Кең тараған ақ түс енді бәсең, жер түстесе гаммаға орын берді. Ол ағартқыш құрал ретінде хлорды қолданудың қоршаған ортаға тигізетін зиянын білдірген.

Тоқсаныншы жылдары қоғам жаңа жолдары іздеу қажеттігін түсінді, ол «тұрақты даму» терминіне аталып, бояулардың адамға және қоршаған ортаға зияны тимейтін, көбіне суда еритін жаңа түрлері пайда болды. Ал химиялық бояулардың дамуы өзімен бірге «қауіпті» коллерлердің жасалуына алып келді.

Түс таңдау бұдан былай қалай дамитындығы әлі белгісіз. Томас Портердің ойынша, болашақта бәсең қара, сұр, сұр-көгілдір және сұр мен қызыл, көгілдір түстердің үйлесіміне деген қызығушылық қайта жаңғырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет