СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМК 3-дәрежелі құжаты
|
ПОӘҚ
|
ПОӘҚ 042-33.1. /01-2015
|
ПОӘҚ
оқытушыға арналаған пән «Пластикалық анатомия» бойынша бағдарламасы
|
Баспа №1 11.09.2015
|
ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Пластикалық анатомия»
5В042100 - « Дизайн» мамандық үшін
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Семей
2015
ОӘК 042-33.1.20/01-2013
|
№1 басылым 03.09.2013
|
1
|
Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы ___________ «03» 09 2015 ж. А.Т. Калияуова
«Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы»аға оқытушысы
2 ТАЛҚЫЛАНды
2.1 «Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедра мәжілісінде
Хаттама № 1, «03» қыркүйек 2015 ж.,
Кафедра меңгерушісі __________ Б.К.Әсенова
2.2 Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды
Хаттама № 1, «05» қыркүйек 2015 ж.,
Төраға _____________Т.Ш. Ахметова
3 БЕКІТІЛГЕН
Университетінің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама № 1 «11» қыркүйек 2015 ж.
Төраға ____________________ Г.К. Искакова
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
ОӘК 042-Х.1.ХХ/03-2013
|
№1 басылым 10.01.2013
|
|
Мазмұны
1 Глоссарий
|
|
2 Дәріс
|
|
3 Тәжірибелі сабақ
|
|
4 Курстық жоба
|
|
5 Студенттердің өздік жұмыстары
|
|
УМКД 042-Х.1.ХХ/03-2013
|
Редакция №1 от 10.01.2013
|
Страница из
|
ГЛОССАРИЙ
Пластикалық анатомия – адам денесінің құрылымын зерттейтін ғылым болып табылады
Бас сүйектері - адамның бас сүйектері мыналар: маңдай сүйегі, самай сүйегі, төбе сүйегі, мұрын сүйегі, үстіңгі жақ сүйегі, астыңғы жақ сүйегі. Жалпы адам басының қаңқасы екіге бөлінеді, олар: жоғарғы ми сауыты, төменгі(ми, сауыты) бет бөлігі. Бастың негізгі мүшелері: Көз, мұрын, ауыз, құлақ.
Кеуде бөлігі – Бас сүйегінен омыртқа жотасы созылады. Омыртқа жотасының бір бөлігінде кеуде сүйектері орналасады. Онда қабырғалар мен тас сүйегі бар, жауырын, жамбас сүйектері бар. Омыртқа жотасы 33 - 34 омыртқадан тұрады. Адамда 12 жұп қабырға болады.
Қол - аяқ сүйектері – Қол сүйектері: тоқпан жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері. Аяқ сүйектері: ортан жілік, асықты жілік, табан сүйектерінен тұрады. Қол мен аяқтың сүйектері бір - бірімен буын арқыла жалғасады.
Тұлға адам басының биіктігімен өлшенеді. Мөлшермен 8 бөлікке бөлінеді. Кейде адам бойының ауытқуларына байланысты жеті немесе жеті жарым бөлікке бөлінуі де мүмкін. Бірінші сызық - бастың жоғарғы нүктесінен иекке дейін, екіншісі - иектен бастап тас сүйектің ұшына дейін, үшіншісі - тас сүйектің ұшынан кіндікке дейін, төртіншісі - кіндіктен шаттың сызығына дейін, бесіншісі - жамбас сүйектен тізеге дейін, алтыншысы - тізеден сирақ сүйекке дейін, жетіншісі - сирақ сүйектен аяқ басы сүйектеріне дейін.
Лекциялар тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар
Лекция 1.
1.Тақырыбы.Адам денесінің пластикалық анатомиясы, оның суретшілерге деген маңызы.
Жоспар.1.Пластикалық анатомия пәнінің маңызы.
2.Зерттеу методтары мен тәсілдері.
3.Пластикалық анатомияның жеке бөлімдері.Суретшілер үшін әрқашанда адам – бейнелеудің басты объектісі болып келді. Адамды бейнелеу үшін оның дұрыс келбетін беру үшін ең алдымен адам денесі формаларының құрылымын олардың қалыптасу заңдылықтарын айқын білу қажет .Адам тұрқын бейнелеу жұмысында суретшінің сенімді көмекшісі анатомия болып табылады. Бұл шындықты суретшілер баяғыда түсінген болатын. Өткен заманның көптеген аса көрнекті шеберлері хиругиялық операцияларға тікелей қатыса отырып анатомияны зерттеді. Леонарда до Винчи,Микеланджело, Рубенстің анатомиялық суреттері сақталған. Суретшіге қажетті анатомия бөлігі пластикалық анатомия деп аталады. Гректің мүсіндеу немесе кесемін деген сөзінен шыққан .Пластикалық анатомия ішкі органдарды зертттемейді. Оны дененің сыртқы формасын түзетін скелет, бұлшық ет тері жамылғылары ғана қызықтырады. Қазіргі суретшілер плпстикалық анатомиянызерттейді. Тұлыптар , таблица,фотография,кинофилъмдер,рентген көмекке келді.Суретшінің анатомияны оқып үйренуінің негізгі әдісі суреттеме әдісі болып табылады. Тек үнемі сурет сала отырып қана суретші адам денесінің барлық формаларын барлық ерекшеліктерін жақсы игеріп сезіне алады. Пластикалық анатомия ең алдымен сүйек қаңқасын адам денесінің құрылысын көлемі мен пропорциясын зерттейді. Скулъптура»сөзі алғашқыда қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды шекуді мүсін жасауды білдірген. Кейіннен пішіндеу арқылы жалған шығармалар да осы ұғыммен білдірілген. Әлем жазықтықта берілетін бейнелеу өнерінің біз қарастырған барлық түрлерінен айырмашылығы сол скулъптурада басты әсерлік құралы аумақтық форма.Мұның өзі оны жасаған кезде ағаш , метал,тас сияқты ұзақ сақталатын материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.Түрлі халықтар мен дәуірлердің толып жатқан скулъптуралық шығармалары бізге дейін жетті.Ежелгі Мысырдың Үндістан мен Американың статуялары мен барелъефтері кеңінен мәлім. Антикалық Греция аса көрнекті мүсіншілер Фидидің ,Мирон, Поликлеттің мәңгі өшпейтін шығармаларын әлемге тарту етті.Екі мың жыл дерлік бұрын жасалған ежелгі римдік портреттер өзінің реалистік әсерлігімен және рухтандырушылығымен бәлкім өз замандастарын толқытқандай бізді толқытып тебірентеді.Тамаша ежелгі орыс шеберлері бізге ағаш скулъптураның ғажап үлгілерін қалдырды.Живописъте немесе графикада суретші адамды бейнелей отырып, оның тұрған жағдайын қайта жаңғыртады.Ауа,кеңістік қоршаған алуан түрлі заттар суретші жасайтын образды қалыптастыруға қатысады. Скулъптурада бұл мүмкіндіктен суретші түгелдей айрылады бұл арада бәрі де фигураның өзімен оның қимыл-қозғалысымен білдіруге тиіс.Скулъптура «жұмыр»және релъефті болып келеді.Жұмыр скулъптурада адамды бейнелей отырып, скулъптура тек маскамен яғни бетпен шүйдесіз баспен шектеліп қала алады,басты немесе иықтары бар кеудеге дейінгі бюстті беруге болады. Адамды беліне дейін бейнелеу жартылай фигура ал, бүкіл бойымен бейнелеу статуя(мүсін) деп аталады. Көпфигуралы композиция скулъптуралық топ деп аталады.Релъеф тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін жазықтықтың бетіндегі скулъптуралық бейне. Мұнда фигуралар әлде бір бейнелеу фонында орналастырылуы мүмкін.Релъеф екі түрге бөлінеді,фигуралар фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан аз шығып, тұрса ол барелъеф деп аталады.Ал фигуралар жартысынан көбірек шығып тұрса ол горелъеф деп аталады.Скулъптура шығармалары живописътегі сияқты станокті және монументті-сәндік болып бөлінеді. Станокті шығармалар айналадағыларға тәуелсіз өз бетімен өмір сүреді сондықтан түрлі жағдайларда қоюға болады. Монументті сәндік шығармалар әдетте жеке ансамблъдің алаңның немесе парктың архитектуралық композициясының компоненті болып табылады.Әуесқой скулъптор түрлі жанрларда жұмыс жасап, алуан түрлі материалдардан түрлі тақырыптар мен сюжеттерге скулъптура жасай алады. Ол көбіне шағын көлемді скулъптураға ден қояды. Мұның өзі көбінесе үймен жұмыс орнымен материалдың табылуымен байланысты. Сондықтан мүсіншінің жұмыс техникасымен танысуға көшпестен бұрын шағын пластика туралы оның өзіне тән ерекшеліктері туралы арнайы сөз еткен орынды болмақ.Шағын формалы скулъптура өте ерте заманнан бар. Музейлерде мыңдаған жылдар бұрынғы түрлі шағын статуя мен барелъеяті көптеп кездестіруге болады. Мұнда ежелгі Египетте Ежелгі Шығыста Помпейден табылған кішкентай скулъптуралар Қайта Өрлеу дәуірінің әсіресе Бенвенуто Челлини сияқты шебердің шығармалары ұшырасады. Орыс мүсіншілері шағын пластикаға үлес қосты. П.Трубецкии тұңғыш рет шағын пластикада фигуралық портреттер оған дейін тек живопистің ғана игілігі болатын.Даңқты совет шеберлері Мүхина ,Лебедев,Томскии скулъптуралық минатюрамен айналысты.Қазіргі кезде шағын формалар біздің толып жатқан скулътурамыз творчествосының сүйікті түріне айналып отыр. Шағын формалы скулъптура үлкен скулъптураны кішірейте салу емес ол өзінің белгілі бір пластикалық тіліне ие өзінің заңдылықтарына бағындырылған оларды сақтамайынша ол үлкен заттың жәй макетіне немесе эскизіне айналады яғни өзінің дербес маңызын жоғалтады.Шағын скулъптура ерекше қозғалымды ол өзінің орнын жиі немесе төмен тұра алады. Оны қабылдау бұл кезде өзгеріп отырады. Көрерменнің көзімен жоғары орналастырылған кейбір шағын скулъптура кішкентай ескерткіш сияқты асқақ болып қабылданады.Ал ол біздің көздеріміздің деңгейінде тұрса біз бейне бір бейнеленген оқиғаға бірге қатысушыларға айналамыз. Егер мұндай скулъптура жоғарыдан қарасақ ол осы сапаларын жоғалтып ойыншық сияқты бола түседі, жаңа қасиеттерін байқалады. Скулъптура сөзі қашап жасауды немесе шекуді білдіргенімен қазіргі заманғы мүсіншінің жұмысы іс жүзінде
әрдайым пішіндеуден дене күші жағынан біршама жеңіл ең бастысы жасау барысында кез келген түзетулер мен қайта жөндеулер жасауға мүмкіндік береді.Сазбалшық мүсіншінің қиялында пайда болған ойдың нобайын тез жасауға мүмкіндік беретін бірінші материал.Саусақтармен жұмыс істегенде созылымды пластикалық материалды сезіне түйсіне отырып, мүсінші өзі жасап жатқан формаларды қолдарымен бейне бір көріп тұрғандай қабылдайды.
Пайдаланған әдебиеттер.
-
Павлов Г. М. Павлова В. «Пластикалық анатомия» 1984 ж
-
Дловаль М. «Суретшілерге арналған пластикалық анатомия» 1936ж.
-
Тихонов М. «Пластикалық анатомия курсы» 1906 ж
-
Иваницкий М. «Пластикалық анатомиядан бағдарлама»
-
Баряай Ч. «Суретшілерге арналған пластикалық анатомия » Будапешт.
-
Смирнов Г. Б. «Пластикалық анатомия»
-
Ә. Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ» 1977
Лекция 2.
2.Тақырыбы.Бас сүйегі- адам басының негізі
.Жоспар.1.Басты бейнелеудегі білімнің маңызы.
2. Бас сүйегі – адам басының негізі.
3.Бас сүйектерінің түрлері.
Адам басын салу - бұл күрделі жұмыс. Қандай затты болмасын, немесе адамды, жан-жануарды бейнелеген кезде оның ішкі құрылысынан мағлұматымыз болу керек. Бастың құрылысы бас сүйегі - қаңқасынан және бас еттерінен тұрады. Осы бастың пластикалық анатомиясын жете оқып білмейінше біз дұрыс бейнелей алмаймыз. Сонымен, бас сүйегі құрылысы мен - бас еттерін қарастырайық.Бас сүйегі қаңқасы өзінің формасының өте күрделілгімен, әр сүйегінің бір-бірімен ерекше жымдасуымен көзге түседі. Жалпы қаңқа екіге бөлінеді: жоғарғы бөлігін ми сауыты, ал төменгі бөлігін бет бөлігі дейміз.Ми сауытының атқаратын қызметі – миды сыртқы әсерден, соққыдан қорғау, ал төменгі бет бөлігінен тыныс алу, ас қорыту системалары басталады. Сонымен қатар көру, есіту, иіс, дәм сезу мүшелері орналасқан. Бұл екі бөлік маңдай сүйегі мен жоғарғы жақ сүйегінің жігі арқылы бөлінеді.
Жалпы ми сауыты бірнеше сүйектердің жиынтығынан тұрады, олар маңдай, самай, төбе, шүйде, және сына сүйектері.Маңдай сүйегі бастың алдыңғы бөлігін құрайды. Ол екі көз шүңірегі, мұрын және жазық келген қабыршақ бөлігінен тұрады. Көз шүңіректері көз шарасының жоғарғы қабырғасын түзеді, ал мұрын бөлігі мұрынның кеңсірік сүйегімен жалғасады. Маңдай сүйегінің тек адамға тән екі шығыңқы дөңесі болады, одан төменірек қос қас доғасы жатады. Сондай-ақ бұл сүйек артқы жағында қос төбе сүйегімен, екі жанында самай сүйектерімен ирелек бітімді жік арқылы жалғасады.
Самай сүйегі жұп болады. Ол ми сауытының екі жақ сүйір бөктерін құрайды. Самай сүйектері жоғары жағында төбе, арт жағында шүйде, төменгі жағында бас қаңқасының негізі болып табылатын сына және шықшыт сүйектерімен байланысады. Алдыңғы тұсында маңдай сүйегімен жымдасады. Бұл сүйекте негізінен адамның есіту органы орналасады.Төбе сүйегі (темная кост) самай сүйегі сияқты жұп болады. Ми сауытының төбе және екі бүйір бөлігін құрайды. Сүйектің алдыңғы жиегі маңдай,төменгі жиегі самай, артқы жиегі шүйде сүиектермен шектеседі. Төбе сүиегінің жалпы пішіні төртбұрышқа ұқсас келеді. Шүйде сүйегі (затылочная кость ) ми сауытының артқы жағын құрайды. Шүйде сүйегінің үлкен тесігінің айналасында оның төрт бөлігі жатады. Алдыңғы жағында-негізгі, екі жағындабүйір бөлігі, арт жағында қабырошақ бөлігі. Бүйір бөлігіндегі екі сопақша келген дөңес осіндегі ауыз омыртқаның буыны ойыса жалғасады.Қабыршақ бөлігінің ішкі беті жайдақ төрт ойысқа бөлінген , оның жоғарғы екі ойысына мидың шүйде бөлігі сай келсе, төменгі екі ойысына мишық бөліктері сай келеді. Шүйде сүйегі алдында сына, екі жағында самай және төбе сүйектерімен жалғасып жатады.
Сына сүйек (клиновидная кость) – тақ сүйек. Ол ми сауыттың астыңғы жағында барлық сүйектермен жымдасып байланысып бас сүйегінің негізін құрайды. Сол себептен мұны негізгі- түбір сүйек дейді. Сына сүйек өзінің аталуына сай шүйде сүйегі мен маңдай сүйегінің арасында сынылана орналасқан.
Тор сүйек (решетчатая кость) . бұл сүйек мұрын қуысының жоғарғы бөлігін толтыра жатады. Тор сүйек екі бөліктің де құрамына кіреді. Сүйектердің арнаулы арнаулы тесіктері арқылы миға иіс нервтері тартылған. Сондықтанда иіс сезу органдарына бұл сүйектердің үлкен қатысы бар.
Бастың бет бөлімі пішіндер әр түрлі көптетеген сүйектерден тұрады. Ол сүйектер мыналар: жоғарғы жақ, төменгі жақ, шықшыт, көз ойпаты, кеңсірікт.б Мұндағы жоғарғы жақ, шықшыт, мұрын сүйектері және шықшыт доғасы жұп болады.Жоғарғы жақ сүйегі (верхняя челюст) беттің лдыңғы, орталық бөлігін құрайды. Сүйектің жоғарғы жағы маңдай сүйегі сияқты көз ойпатын түзуге қатысып маңдай сүйегімен жүктеседі. Ал екі жанындағы бүйір жүйектері шықшыт сүйектерімен жымдасып бірігіп кетеді. Ортаңғы бөлігі мұрын сүйегімен бірге мұрын қуысын «грушевидное отверстйде» жасауға қатысады. Сыртқы бетінде екі көз асты шұңғылы және екі ойпаңы бар.Шықшыт сүйектері (скуловая кость) беттің екі жақ бүйір бөлімдерін құрайды. Шықшыт сүйегі көз ойпатының сырт жақ қабырғасын түзіп маңдай, жоғарғы жақ сүйектерімен шектеледі. Ал артқа қарай бағытталған самай өсіндісі арқылы самай сүйегімен байланысып шықшыт доғасын түзеді.
Мұрын сүйегі (носовая кость) төрт бұрышты облып келген ұзынша пластинка тәрізді.жұп сүйек. Ол мұрын қуысының алдыңғы тесігінің жоғарғы жиегін түзеді және маңдай, төр, жоғарғы жақ сүйектерімен байланысып жатады.Көз ойпаты сүйкгі (глазичные впадины ). Бұл сүйек формасы пирамидаға ұқсас көз шарасының ішкі қабырғасын құрайды. Көз ойпаты әр сүйектерндің, маңдай, тор, жоғарғы жақ, шықшыт сүйектерінің жиынтық , жымдасуынан пайда болған.Оның төмен қарай мұрын қуысына бағытталған өзекті сайы бар. Бұл сай жас түтігін (селезинк) құрайды.
Төменгі жақ сүйегі (нижняячелюсть) пішіні доға тәрізді бас қаңқасындағы бірден-бір қозғалмалы сүйек. Оның доғаланып келген дене бөлігінен екі өсінді көтеріледі. Оның самай сүйегімен байланысып жақ буынын түзетін өсіндісін буын өсіндісі, ал оның алдыңғы үшкір келген бөлігін тәждік өсіндісі дейді. Денесінің алдына алдына қарай шығыңқы келген жерін иек дейді. Осы иектің жоғарғы жиегінде тістерге арналған тіс ұялары жатады.
Кеңсірік (сошник) жұқа, төртбұрышты пластинка тәрізді тақ сүйек. Ол мұрынқуысын бөліп тұруға қатынасады.
Пайдаланған әдебиеттер.
-
Павлов Г. М. Павлова В. «Пластикалық анатомия» 1984 ж
-
Дловаль М. «Суретшілерге арналған пластикалық анатомия» 1936ж.
3 Тихонов М. «Пластикалық анатомия курсы» 1906 ж
4 Иваницкий М. «Пластикалық анатомиядан бағдарлама»
5 Баряай Ч. «Суретшілерге арналған пластикалық анатомия » Будапешт.
Лекция 3.
3.Тақырыбы. Сүйектер туралы ілім.
Жоспар.
1.Қаңқа туралы жалпы ұғым.
2.Сүйектердің өзара жалғасуы.
Адам басын салу-бұл күрделі жұмыс. Қандай зат болмасын адамды, жан жануарды бейнелеген кезде оның ішкі құрылысыныан хабар болуымыз керек. Бастың құрылысы абс сүйегі қаңқасынан бас еттерінен тұрады. Бастың пластикалық анатомиясын жете оқымай біз дұрыс бейнелей алмаймыз бас сүйегі қаңқасы - өзін формасын өте күрделігімен әр сүйегінің бір – бірімен ерекше жұмдасуымен көре түседі. Жалпы қанқа екіге бөлінеді: жоғары бөлігін ми сауыты, ал төменгі бөлігін бет бөлігі дейміз. Ми суытын атқаратын қырметі – миды сырқы әсерден, соққыдан қорғау, ал төменгі бет бөлігінен тыныс алу, ас қорту системалары басталады. Сонымен қатар көру, есту, иіс, дәм сезу мүшелеті орналасқан. Бұл екі бөлік маңдай сүейгімен жоғары жақ сүйегімен жігі арқылы бөлінеді. Жалпы ми сауытты бірнеше сүйектердін жынтығынан тұрады, олар: маңдай, самай, төбе, шүйде, сына сүйектері.
Маңдай сүегі бастың алдынғы бөлігін құрайды. Ол екі көз шүңрегі, мұрын және жазық немен қабыршақ бөлігімен тұрады. Көз шүнректері көз шарасының жоғары қабырғасын түзеді, ал мұрын бөлігі мұрынның кеңсірік жалғасыды. Маңдай сүйегінің тек адамға тән екі шығынқы дөңесі болады, одан төменірек қос қас доғасы жатады. Сондай ақ бұл сүйек артқы жағында қос төбе сүйегімен, екі жанында самай сүйектерімен ирелек бітіледі жік арқылы жалғасады.
Самай сүйегі жұп болады. Ол ми сауытының екі жақ сүйір бөктерін құрайды. Самай сүйектері жоғары жананда төбе, ар жанында шүйде төменгі жанында бас қаңқасының негізі болып табылады. Сына және шықшық сүйектерімен байланысады. Алдынғы тұсында маңдаймен жымдасады. Бұл сүйекте негізінен адамның есту органы орналасады. Төбе сүйегі самай сүйегі сияқты жұп болады. Ми сауытының төбе және екі бүиір бөлігін құрайды. Сүйектің алдыңғы жиеіг маңдай, төменгіи жиегі самай, артқы жиегі шүиде сүиектерімен шектеседі. Төбе сүйегінің жалпы пішіні төртбұрышқа ұқсас келеді. Шүиде сүцегі ми сауытының артқы жағын құрайды. Шүиде сүйегінің үлкен тесігінің айналасында оның төрт бөлігі жатады. Алдыңғы жағында – негізі, екі жанында бүйір бөлігі, арт жағында – қабыршақ бөлігі. Бүйір бөлігіндегі екі сопақша келген дөңес өсьіндегі ауыз омыртқаның буыны ойыса жалғасады.
Қабыршақ бөлігінің ішкі беті жайдақ төрт ойысқа бөлінген, оның жоғарғы екі ойысына мидың шұйде бөлігі сай келсе, төменгі екі ойысына мишық бөліктері сай келеді. Шүйде сүйегі алдынасына, екі жағында самай және төбе сүйектерімен жалғасып жатады.
Сына сүйек- тақ сүйек. Ол ми сауытының астыңғы жағында барлық сүйектермен жымдасып байланысып бас сүйегінің негізін құрайды. Сол себептен мұны негізгі – түібр сүйек дейді. Сына сүйек өзінің аталуына сай шүйде сүйегімен маңдай сүйегінің арасында сыналана орналасқан.
Тор сүйек- бұл сүйек мұрын қуысының жоғары бөлігін толтыра жатады. Тор сүйек екі бөліктіңде құрамына кіреді. Сүйектің арнаулы тесіктері арқылы миға иіс нерівтері тартылған. Сондықтан иіс сезу органына бұл бұл сүйектің үлкен қатысы бар. Бастың бет бөлімі пішіндер әр түрлі көптеген сүйектерден тұрады. Ол сүйектер мыналар: жоғарғы жақ, төменгі жақ, шықшыт, көз ойпаты, кеіңсірік. Мұндағы жоғарғы жақ , шықшыт мұрын сүйектері және шықшыт доғасы жұп болады.
сүйегімен жіктеседі. Ал екі жанындағы бүйір жиектері шықшыт сүйектеріменг
Пайдаланған әдебиеттер.
-
Павлов Г. М. Павлова В. «Пластикалық анатомия» 1984 ж
2. Дловаль М. «Суретшілерге арналған пластикалық анатомия» 1936ж.
3 Тихонов М. «Пластикалық анатомия курсы» 1906 ж
4 Иваницкий М. «Пластикалық анатомиядан бағдарлама»
5 Баряай Ч. «Суретшілерге арналған пластикалық анатомия » Будапешт.
Лекция 4.
Тақырыбы: Омыртқа жотасы, кеуде, жамбас сүйектері.
Жоспар.1.Кеуде ,жамбас сүйектері.
2.Омыртқа жотасы.
Жоғарғы жақ сүйегі – беттің алдыңғы, орталық бөлігін құрайды. Сүйектің жоғарғы жағы маңдай сүйегі сияқты көз ойпатын тұзуге қатысып маңдай сүйегімен жіктеседі. Ал екі жанындағы бүйір жиектері шықшыт сүйектеріменг жымдасып бірігіп кетеді. Ортаңғы бөлігі мұрын сүйегімен бірге мұрын қуысын «грушевидное отверстие» жасауға қатысады. Сыртқы бетінде екі көз асты шұңығлы және екікөз ойпаты бар.шықшыт сүйектері беттің екі жақ бүйір бөлімдерін құрайды. Шықшыт сүйегі көз ойпатының сырт жақ қабырғасын түзіп маңдай жоғарғы жақ сүйектерімен шектеседі. Ал артқа қарай бағытталған самай өсіндісі арқылы самай сүегімен байланысып шықшыт доғасын түзеді. Мұрын сүйегі төртбұрышты болып келген ұзынша пластинка тәрізді жұп сүйек. Ол мұрын қуысының алдыңғы тесігінің жоғарғы жиегін түзеді және маңдай, төр, жоғарғы жақ сүйектерімен байланысып жатады.Көз ойпаты сүйегі, бұл сүйек формасы пирамидаға ұқсас көз шарасының ішкі қабырғасын құрайды. Көз ойпаты әр сүйектердің , маңдай, тор, жоғарғы жақ, шықшыт сүйектерінің жиынтық жымдасуынан пайда болады.Оның төмен қарай мұрын қуысына бағытталған сай бар. Бұл сай жас түтігін құрайды. Төменгі жақ сүйегі пішіні доға тәрізді бас қаңқасындағы бірден бір қозғалмалы сүйек. Оның доғаланып келген дене бөлігінен екі өсінді көтеріледі. Осы самай сүйегімен байланысып жақ буынын түзетін өсіндісін буын өсіндісі ал оның алдыңғы үшкір бөлігін тәждік өсіндісі дейді. Денесінің алдына қарай шығыңқы келген жеріне иек дейді.Осы иектің жоғарғы жиегінде тістерге арналған тіс ұялары жатады. Кеңсірік жұқа, төртбұрышты пластинка тәрізді тақ сүйек. Ол мұрын қуысына бөліп тұруға қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |