Сабақтың тақырыбы: «Досымның көңілді сымбаты» Сабақтың мақсаты: білімділік



Дата03.07.2016
өлшемі43 Kb.
#175796
түріСабақ
Қалалық көркемсурет лицейі – ЮНЕСКО Клубы


«Досымның көңілді сымбаты»

тақырыбына бүлдіршіндердің

шығармашылық дамуы

«Радуга» 8 жас «А» тобындағы

ашық сабақтың жоспары

Дайындаған: шығармашылық пәндер

мұғалімі Амитова А.А.

Ақтөбе қаласы

2013ж

Ашық сабақтың жоспары
БШД 8 жас «А» тобы

Сабақтың тақырыбы: «Досымның көңілді сымбаты»
Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларға сымбат жанры жайында

түсінік беру; оларды сымбат салу әдісімен, орындалу

кезеңдерімен таныстыру;

дамытушылық: шынайы бейненің ұқсастығын көре отырып, бет

мүшелерінің (көз, құлақ, мұрын) салыстырмалы көлемін

жеткізе білу дағдыларын дамыту;

тәрбиелілік: балаларды достық қарым-қатынастарға, ұқыптылыққа,

тиянақтылыққа тәрбиелеу, сұлулыққа баулу.



Сабақтың міндеті: оқушылардың шығармашылық ой қабілеттерін

арттыру, эстетикалық тәрбие беру; жұмыс барысында

оқушыларды кезеңмен жұмыс істеуге, жұмысты

соңына жеткізуге үйрету.


Мұғалімнің сабаққа көрнекі құралдары: оқушылардың үздік орындаған

жұмыс үлгілері, сызба нұсқа суреті, Ә.Қастеевтің

«Амангелді» сымбаты, В.Тропининнің «Балам

Арсенийдің сымбаты» шығармалары.


Оқушылардың сабаққа қажетті құрал –жабдықтары:

қатты қатырма қағаз, қатты қағаз, жай қарындаш, өшіргіш,

қосымша материалдар (түрлі-түсті тоқыма жіптер), жүн,

желім қарындаш, мата, дайын қалыптар, ақ қағаз,

қылқаламдар, жылтыр желім, қол сүртетін орамал.

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру бөлімі:

сәлемдесу, құрал-жабдықтарын тексеру, оқушыларды

орналастыру

2. Жаңа сабақты түсіндіру:

а) сымбат жанры, дос, достық туралы әңгіме

ә) тапсырманы орындау кезеңдерін түсіндіру

ә) сергіту жаттығуы (жұмбақтар шешу)

б) бекіту сұрақтары

3. Тәжірибелік жұмыс, оқушылардың жұмыстарын

қарау, қателерін түзету, кеңес беру

д) сабақты қорытындылау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңін өткізу.

2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Балалар, бүгінгі композиция сабағымыздың тақырыбы «Досымның көңілді сымбаты». Алдымен сымбат деген не, оның түрлері туралы қысқаша мәлімет алайық. Сымбат дегеніміз адамның бейнесін, мінез-құлқын, көңіл –күйінің көрінісін беретін туынды немесе сурет. Сымбаттың түрлері - топтық, салтанатты, төлсымбат болып келеді. Топтық сымбатта бірнеше адамның бейнесі беріледі. Салтанатты сымбат адамды салтанатты, әдемі киімммен бейнелейді. Төлсымбат деп суретші өз-өзінің суретін салған туындыны айтады.

Біз бүгін досымыздың көңілді сымбатын жасаймыз. Балалар, өз достарыңыздың бет –бейнесін көз алдарымызға елестетеміз -бас пішінін, көзін, мұрынын, құлағын, шашын, ернін.

Қазір ақын А.Сапыбековтың «Сурет салдым» өлеңін тыңдайық:


Мен досыма қарап алдым,

Қолға қағаз, қалам алдым.

Дөңгелетіп басын салдым,

Екі сызып шашын салдым.

Ұқсатқан жөн түрін енді,

Міне, мынау мұрын енді.

Салынды езу, құлағы енді,

Күлімсіреп шыға келді.

Ең соңынан көзін салдым,

Айнымаған өзін салдым.
Енді біз де сымбат салуды үйренеміз. Балалар, сымбатты жасағанда адамның басынан бастап салады. Адамның басы сопақша, жұмыртқа тәрізді болып келеді. Алдымен мұқият тыңдап алыңыз. Адамның басы симметриялы, сондықтан оң жақ бөлігін сала отырып, сол жағымен салыстыру керек. Екі жақ тең болуы керек. Содан кейін басты үш бөлікке бөлеміз. Құлақ қас пен мұрынның төменгі бөлігінің арасында орналасады. Жоғары бөлігінде маңдай, ортада көз бен мұрын, төменде ауыз бен иек орналасады.

Шаштың да көлемі мен пішіні болады (қысқа, ұзын, қалың, сирек).

Балалар, сымбатта адамның көңіл күйі бет қимылдары арқылы беріледі. Егер де күліп тұрған адам болса көзі қысыңқы,езуі жазыңқы болады. Ашулы адамның қасы жақындасқан болады.

Қазір біз демалыс жасайық, жұмбақтар шешіп, шамалы сергиік.

Жұмбақтар тыңдаңыз:

1) Басында қара таудың қап-қара шөп,

Атаймыз тау демесек әлдене деп,

Ағарып ақырында кете ме екен

Ол таудың әлі шөбі тұрғанда көп.

(Бас пен шаш)

2) Күндіз шайқасады

Түнде айқасады (Кірпік)


3) «Ти» десем тимейді,

«Тиме» десем тиеді (Ерін)


4) Сөз ұққыш –

Қос тұтқыш (Құлақ)


5) Мөлдіреп екі көл жатыр,

Ортада дөңес бел жатыр (Мұрын бен көз)


Жарайсыңдар, балалар. Енді тәжірибелік жұмысымызды бастамас бұрын жаңа тақырыбымызды бекітіп жіберейік.

Сұрақ: Сымбат дегеніміз не? ( Оқушының жауабы)

Сымбаттың қандай түрлері бар екен?

Адамның басы неге ұқсас болып келеді?

Адамның басын неше бөлікке бөлу керек?

Жоғары бөлікте нені орналастырамыз?

Орта бөлікте нені орналастырамыз?

Төменгі бөлікте нені орналастырамыз?


Жақсы балалар, енді осы алған білімдерімізді тәжірибеде орындап үйренейік, досымыздың көңілді сымбатын жасаймыз. Бүгінгі міндетіміз алдымыздағы дайын қалыпта адамның бетін, нақты айтқанда достың көңілді сымбатын кезең бойынша жасаймыз. Оны қосымша материалдармен толықтырамыз. Жұмысты кезеңмен, ұқыпты жасаймыз және соңына дейін жеткіземіз.
3. Тәжірибелік жұмыс. Балалардың жұмыс орындау тәртібін қарап, қателерін түзетемін, кеңес беремін.
4. Сабақты қорытындылау.

Балалар, осымен біз бүгін сабағымызда досымыздың көңілді сымбатын жасадық. Жұмыстарымызды қойып, шағын көрме ұйымдастырайық. (оқушылар кімнің сымбатын жасағанын және оны қалай бейнелегені туралы айтып береді). Жұмыстарды бағалау, алғыс айту. Қоштасу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет