ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының
ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейдегі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-9.1.03/03-2013
|
ПОӘК
«Метрология» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
|
18.09.2013 ж.
№ 1 басылым
|
ПӘННІҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау»
5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология
(салалар бойынша)»
мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
Мазмұны
1.
|
Лекциялар …..……………………………………………………………..
|
3
|
2.
|
Тәжірибеліе сабақтар ………………………………………………….
|
30
|
3.
|
Зертханалық сабақтар ........................................................................
|
34
|
4.
|
Студенттердің өзіндік жұмыстары
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 Лекциялар
Лекция 1. Сынақ жүйесінің пайда болуы, маңызы, құру ережелері
Лекцияның мазмұны
1 Сынақ жүйесінің пайда болуының себептері
2 Сынақ жүйесінің негізгі ережелері
Лекцияның қысқаша конспекті
Өнімдерді, бұйымдарды сынақтан өткізу олардың сапасына баға беру үшін кеңінен қолданылады. Сынақ жүргізудің қажеттілігі әртүрлі өнімдердің – машиналардың, құрылғылардың, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне кепілдікті растау мақсатымен байланысты туындай бастады. Кейіннен өндірістік және әлеуметтік – экономикалық даму практикасы бұйымдардың кеәбір қасиеттерін растауды талап ететін баолды.
Бірақ, өндіріс жағдайында оны шығаратын кәсіпорында сынақтан өткізілген өнімдер кейбір кездерде алдын ала белгіленген сапа деңгейіне және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін болып шығатын жағдайлар кездесетін болды. Осыған байланысты тұтынушының сынақ нәтижесіне сенбеушілік туындай бастады. Бұл қайшылық тәуелсіз сынақ орталықтары мен зертханаларын ашу арқылы өз шешімін табатын болды. Бұндай орталықтар мен зертханалардың қызметі қазіргі күнде қлттық және халықаралық деңгейде танымал болып отыр.
Сынақ орталықтарының қызметінің бір түрі болып сынақ әдістерін стандарттау, өнімнің сапасын сынау және бақылау табылады. Сонымен бірге олар кейбір жағдайларда өз күшімен жаңа сынақ және өлшеу жабдықтарын жасап шығарады.
Өнімдерді сынақтан өткізу олардың техникалық деңгейіне және жасау сапасына объективті түрде баға беру, сондай-ақ өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде, яғни оны өндіріске қою, өндіру, сертификаттау, сериялап шығаруды тоқтату немесе модернизациялау кезінде тиісті дұрыс шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Сынақ жүргізумен байланыстағы барлық әрекеттердің қазіргі күндегі тенденциясы болып аккредиттеу процедурасымен сынақ әдістерін өзара гармонизациялау табылады. Гармонизациялау өнімнің сапасын бұрынғыдан да объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.
Тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру ісінде соңғы кезде мынадай тенденция қалыптасып келеді: аккредиттеу – сынақтан өткізу – сертификаттау – сапа – бәсекеге қаблеттілік.
Ішкі және сыртқы рынокта сапасы сертификат беру арқылы расталған өнімгі ерекше назар аударылады. Сертификат өнімді сынақтан өткізленнен кейін беріледі. Сынақ аккредиттеуден өткен (аккредиттелген), яғни ұлттық және халықаралық деігейде сенімділік тудыратын (беделді) сынақ зертханаларында (орталықтарында) жүргізіледі.
1 Өнімді сынақтан өткізу жүйесі (сынақ жүйесі)
-
Сынақ жүйесінің негізгі ережелері
Сынақ жүйесін құру принциптерін зерттеп дайындау әртүрлі өнімдерді мемлекеттік сынақтан өткізу барысында жинақталған мол тәжірибеде негізделеді.
Сынақ жүйесі өнімді зерттеп дайындау және өндіріке қою стандарттарының жүйесі (ГОСТ 15.) және тағы басқа стандарттарды енгізу тәжірибесін кеңінен қолдану арқылы құрылады. Бұл стандарттарда алғашқы рет зерттеп дайындалатын кез келген өнімнің тәжірибелік үлгілерін қабылдау мақсатында сынақтан өткізудің, шығарылуы жаңадан көзделген өнімнің алғашқы партиясын өндірістің осы өнімді сериялап немесе жаппай шыңаруға дайындығын анықтау үшін сынақтан өткізудің, шығарылатын өнмнің сапсының тұрақтылығына баға беру үшін периодтық бақылау сынақтарынан өткізудің қажеттілігі белгіленген. Сондай-ақ, сынақ жүйесін құру кезінде ұлттық тәжірибе және басқа мемлекеттердің сынақ жүйелерін енгізу тәжірибесі қолданылады.
Сынақ жүйесін құру ережелері (жағдайлары).
1 Жүргізілген сынақтар өнімнің техникалық деңгейіне жасау сапасына объективті түрде баға беру және өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде: оны өндіріске қою, ары қарай да шығару мүмкіндігін немесе оны сериялап шығаруды тоқтатудың қажеттілігін анықтау кезінде және т.б. кездерде тиісті шешім қабылданылуының негізі болып табылуы керек. Өнімнің сапалық көрсеткіштерінің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін объективті түрде растау осы көрсеткіштердің іс жүзіндегі мәндерін табу, өнімнің ұлттық немесе халықаралық стандарттардың талаптарына сай келетіндігін көрсету, бұйымның сапасы мен аналогтың (баламаның) сапасын салыстыру мүмкіндігін тек санақ жүргізу арқыллы анықтауға болады.
2 Сынақ жүйесі сапаны басқару жүйесінің басқа буындарымен - стандарттау, сертификаттау, мемлекеттік метрологиялық қадағалау жүйелерімен байланыста құрылуы керек. Аталған жүйелер өнімнің техникалық деңгейі мен сапасына баға беру, оның нормативтік құжаттың және технологиялық нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін анықтау кезінде негізгі мәлімет ретінде сынақ нәтижелерін қолдануы керек.
3 Сынақ жүйесінің маңызды бөлігі болып сынақтардың бірегейлігін қамтамасыз ету, қажетті дәлдікке қол жеткізу және сынақ нәтижелерінің ұдайы қайталанылуы сияқты мәселелер табылады. Өйткені сынақтың тиімділігі сапасы төмен өнімдердің айналымға жіберілмеуімен байланысты айқындалады. Бұл жерде сынақ жүргізу кезінде өлшеулерді метрологиялық қамтамасыз ету мәселелерін де ескеру қажет.
4 Сынақ жүйесі өнімді оның өмірлік циклының барлық кезеңдерінде қолданылуы керек
5 Сынақ жүйесі болашақта өнімнің сертификаттаудан өткізілетінің ескере отырып құрылуы керек
Бақылау сұрақтары:
1 Сынақ жүйесінің пайда болуының себептерін атап беріңіз
2 Сынақ жүйесінің негізгі ережелерін айтыңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Испытательная техника: Справочник в 2-х кн. / Под. ред. В.В. Клюева. — М.: Машиностроение, 1982. – Кн. 1. 1982. – 528 с.
2 Испытательная техника: Справочник в 2-х кн. / Под. ред. В.В. Клюева. — М.: Машиностроение, 1982. – Кн. 2. 1982. – 560 с.
3 Костылев Ю.С., Лосицкий О.Г. Испытание продукции. — М.: Изд-во стандартов, 1989. – 248 с.
Лекция 2. Бақылау түрлері
Объетісіне байланысты өнімді, көрсетілетін қызметті, сапа жүйесін (өндірісті) және персоналды бақылау кездеседі. Барлық объектілер шикізатқа, материалдарға, бұйымдарға, жабдықтарға және саймандарға бекітілген нормалардың талаптарына сәйкестікке тексеріледі. Бақылау объектілерінің маңызды сипаттамаларының бірі болып олардың бақылауға жарамдығы, яғни бұйым конструкциясының оны жасау, сынақтан өткізу, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде ыңғайлы және сенімді түрде бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету қасиеті табылады.
Аталған объектілерден басқа сапа жүйесі элементтерін және өндірістік процестің кезеңдерін бақылау жүзеге асырылады.
Станокта, престе жүргізілген кез келген операциядан кейін және ? жинау операциясынан кейін жүргізілетін бақылауды операциялық бақылау деп атайды. Дайын бөлшек, торап жасап шығарылғаннан кейін немесе бұйым дайын өнім ретінде шығарылғаннан кейін қабылдау үшін бақылау жүргізеді. Бұл жерде комплектінің түгелдігі, буып түйілуі өалай (қандай жағдайда) тасымадланғаны және сақталғаны бақыланады. Операциялық бақылау кезінде қандай параметрлері тексерілуі керек және қандай сайман немесе өлшеу құралы қолданылуы керектігі туралы технологиялық процестің картасының «бақылау операциясы» бағанасында жазылады. Қабылдау үшін (қабылдау алдында) бақылау мемлекеттік стандарттар, жалпы техникалық шарттар және тиісті техникалық шарттар бойынша жүргізіледі.
Барлық операциялардың мәні - өндіріс процесінің кезеңдерінің сипаттамаларын, режимдерін және т.б. көрсеткіштерін тексеру болып табылады.
Объектілерді немесе өндіріс процесінің операциясын бақылау мынадай түрде жүзеге асырылуы мүмкін: лезде (летучий) – жүргізу мерзімі регламенттелмейді, кез келген уақытта жүргізілуі мүмкін; периодтық – белгілі уақыт аралығы (сағат, тәулік, ай) өткеннен кейін жүргізіледі; үздіксіз – үздіксіз (тұрақтытүрде) жүргізіледі.
Бақылау құралдарына байланысты бақылаудың мынадай түрлері кездеседі: көзбен бақылау (визуальный) – бақылау объектісі көзбен бақыланады және оның нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі анықталады (барлық операциялардың орындалғаны, маркировкасының, жол құжаттарының (сопроводительные документы) болуы; органолептикалық – сарапшы мамандармен жүргізілетін субъективтік бақылау әдісі (балдар санымен бағалау); аспаптардың көмегімен (инструментальный) бақылау – бақылау-өлшегіш саймандардың, калибрлердің, аспаптардың, стендтардың, сынақ машиналарының және т.б. көмегімен жүзеге асырылады. Бақылаудың соңғы түрі автоматтандырылған және қоломен жүргізілетін деп бөлінеді. Қолмен бақылау кезінде штангенциркуль, микрометр, калибр, индикатор сиақты қол саймандары қолданылады. Бұндай бақылаудың сапасы төмен болады. Барлық бұйымдарды жаппай бақылаған кезде де 2-4 % ақауы бар бөлшектер бақылаудан өтіп кетеді. Автоматтандырылған бақылау арнаулы құрал-жабдыұтарды қолданумен байланысты. Сапасы жоғары болып табылады. Ең прогрессивті болып автоматты тұрде бақылау табылады. Автоматты түрде бақылауда бөлшектер мен тораптарды жасағанда өндірістік желіге автоматты бақылау құралдары ендіріледі. Бұл құралдардың көмегімен үздіксіз бақылау жүзеге асырылады. Бақылаудың бұл түрі подшипник шығаруда кеңінен қолданылады.
Өнімнің көлеміне байланысты бақылау жаппай және таңдамалы деп бөлінеді. Жаппай бақылау кезінде бақыланатын өнімнің сапасы туралы шешім өнімнің әр бірлігін тексеру нәтижесі бойынша шығарылады. Таңдап бақылау кезінде шешім өнім партиясынан, ағыннан алынған бір немесе бірнеше таңдаманы (норамтивтік құжаттардың талаптарына сай) тексеру нәтижесі бойынша шығарылады.
Технологиялық процестің барысына әсер етуіне байланысты активті және пассивті бақылау кездеседі. Активті бақылау технологиялық жабдығға ендірілген құралдың көмегімен жүзеге асырылады. Алынған нәтижелер бұйымды жасау процесін үздіксіз бақылау үшін қолданылады. Пассивті бақылау алынған нәтижелерді тіркеп қана қояды.
Бақылау объектісіне әсер етуі бойынша бұзып бақылау және бұзбай бақылау кездеседі. Бұзып бақылаудан кейін бұйым ары қарай пайдалануға жарамай қалады.
Тексерілетін параметрлердің типі бойынша геометриялық параметрлерді (сызықтық, бұрыштық өлшемдерін, жазықтықтардың, остердің, бөлшектердің, тораптар мен агрегаттардың және т.б. формалары мен орналуын), физикалық қасиеттерді (электрлік, жылутехникалыұ, оптикалық және т.б.), механикалық қасиеттерді (беріктік, қаттылық); микро- және макроқұрылымын (металлографиялық зерттеулер); химиялық қасиеттерін (заттың құрамын химиялық талдау, әртүрлі орталарда химиялық тұрақтылық), сондай-ақ арнаулы бақылау (жарық-, газөткізгіштігі, герметикалығы) кездеседі.
Сәйкестігін растау кезіндегі бақылау процесі ұйымдастырылған жүйе болып табылады. Бақылау процесінің негізгі элементтері: объект, әдістеме және бақылауды орындаушы, сондай-ақ бақылау бойынша нормативтік құжаттар болып табылады.
Бақылау процестерін, ең алдымен техникалық бақылау процесін ұйымдастыру кезінде ГОСТ 14.317-75 стандартын қолдануға болады. Бұл стандартта техникалық бақылау жүргізу кезінде қолданылатын операцияларды әзірлеудің негізгі кезеңдері көрсетілген.
Өнімді сынақтан өткізу (сынау) бақылаудың бір түрі болып табылады, сондықтан оған да жүйылік тәсілдемені қолданады. Сынақ жүргізу жүйесіне төмендегі негізгі элементтер кіреді: объект (бұйым, өнім), сынақ категориясы, сынақ жүргізу және қлшеу үшін қолданылатын құралдар (сынақ жабдықтары және салыстырып тексеру немесе тіркеу құралдары), сынақ жүргізуші, сынақ жүргізу үшін нормативтік құжаттар (бағдарлама, әдістемелер).
Лекция 3. Сынақ түрлері
Суретте сынақтардың негізгі түрлерінің жіктелуі көрсетілген.
Сынақтардың негізгі түрлерінің жіктелуі
Өнімнің өмірлік циклы кезеңдеріне байланысты төмендегі сынақтар жүргізіледі:
зерттеу кезеңінде – зерттеулік сынақтар;
зерттеп дайындау (әзірлеу) кезеңінде – жетілдіру сынақтары, алдын ала сынақтар, қабылдау үшін сынақтар;
өндіру кезеңінде – квалификациялық сынақтар, қабылдау-тапсыру сынақтары, периодтық, типтік, инспекциялық, сертификациялық сынақтар;
пайдалану кезеңінде – бақылау астында пайдалану, пайдалану барысындағы периодтық сынақтар, инспекциялық сынақтар.
Зерттеулік сынақтарды қажет болған жағдайларда өнімнің өмірлік циклының кез келген кезеңінде жүргізе береді. Өнім шығару процесінде сатып алынатын материалдар, комплекттеуші бұйымдар қабылдау үшін бақылау кезінде бақылау сынағынан өткізіледі, ал зауттың өзінде жасап шығарылған құрамдық бөлшектер – операциялық бақылау кезінде сыналады. Зерттеулік сынақтарды объект әртүрлі сыртқы факторлардың әсер етуі кезінде қаландай жағдайда болатынын көру үшін жүргізіледі (қажетті ақпарат толығынан болмаған жағдайда). Бқндай жағдайлар объектжеттік зерттелмегенде, мысалы зерттеу, жобалау жұмыстарын жүргізу үстінде, бұйымды сақтау, тасымалдау, жөндеу және оған техникалық қызмет көрсетудің оптималды әдістерін таңдау кезінде жиі кездеседі.
Тәжірибелік өндіріс цехтарында эскиздер бойынша жиынтық тораптардың немесе бөлшектердің моделдері, макеттері, тәжірибелік үлгілері жасалады және кейіннін сынақтан өткізіледі. Сынақ жүргізу кезінде өнімнің жұмыстық қабілеті, коострукциялық шешімдердің дұрыстығы бағаланады, параметрлерінің өзгеруінің заңдары мен тенденциялары анықталады. Әртүрлі тексерулер арнайы бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бағдарламаны бас конструктор дайындайды.
Зерттеулік сынақтар негізінен типтік үлгілердің үстінен жүргізіледі. Мақсаты – осы типтегі барлық объектілердің жиынтығы бойынша ақпарат алу болып табылады. Сонымен, бұл сынақты объекттің көрсетіштерінің сипаттамаларыны зерттеу ұшін, өнімге бастапқы талаптар қалыптастыру үшін, техникалық шешімдер қабылдау үшін, бұйымның және оның құрамдас бөлшектерінің сипаттамаларын анықтау үшін, бұйымды шығару, пайдалану (қолдану) бақылаудың неғұрлым тиімді әдістерін таңдау үшін; пайдалану жағдайларын анықтау үшін жүргізіледі.
Зерттеулік сынақтар айқындаушы және бағалаушы сынақтар түрінде жиі жүргізіледі.
Айқындаушы сынақтың мақсаты бір немесе бірнеше шаманың мәндерін берілген дәлдік және ақиқаттықпен анықтау. Кейде сынақ жүргізу кезінде тек объекттің жарамдығын, яғни белгілі типтегі өнімдер әшәнен алынған бір данасы тағайындалған талаптарға сәйкес келуі немесе келмеуін анықтау ғана керек болады. Бқндай сынақтарды бағалау сынақтары деп атайды.
Объекттің сапасын бақылау үшін жүргізілетін сынақтар бақылау сынақтары деп аталады. Бақылау сынақтарын комплекттеуші бұйым немесе құрамдық бөлшектердің белгілі даналары оларды жасау кезінде техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру үшін жүргізіледі. Сынақ нәтижесінде алыңған мәліметтерді техникалық шартта тағайындалғандармен салыстырады және сыналатын (бақыланатын) объекттің нормативтәк-техникалық құжатарға сәйкестігі туралы қортынды шығарады.
Лекция 4. Сынақ түрлері (жалғасы)
Жетілдіруші сынақтар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар кезеңінде техникалық құжаттарға өнімнің сапалық көрсеткіштерінің берілген мәндеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін енгізілетін өзгерістердің әсерін бағалау үшін жүргізіледі. Сынақтың қажеттілігін әзірлеп дайындаушы мекеме анықтайды (зерттеп дайындауға техникалық тапсырма дайындағанда немесе зерттеп дайындау барысында); сынақтардың бағдарламасын мен әдістемесін де сол мекеме құрастырады.
Бұйымның тәжірибелік немесе бас үлгісі және оның құрамдық бөлшектері сынақтан өткізіледі.
Алдын ала сынақтардың мақсаты – үлгілерді қабылдау сынақтарына жүберу мүмкіндігін анықтау болып табылады. Сынақтардың стандартқа немесе министрліктің, кәсіпорынның ұйымдық-әдістемелік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Олар болмаған жағдайда сынақтың қажеттілігін бұйымды зерттеп дайындаушы анықтайды. Алдын ала сынақтар бұйымды пайдалану жағдайларына жуық жағдайларда жүргізілуі керек. Сынақты орындау жетілдіру сынақтары сияқты ұйымдастырылады.
Алдын ала сынақты аттестатаудан өткен сынақ бөлімшелері аттестатталған сынақ жабдықтарында жүзеге асырыдады. Бұл ұйымдардың қарамағындағы бүйымдарды сол ұйымдардың қатысуымен немесе олардың бақылауымен сынайды.
Сынақ нәтижелері бойынша акт, есеп қңделеді және бұйымды қабылдау сынағына беру мүмкіндігін анықтайды.
Қабылдау сынағы бұйымды (өнімді) өндіріске қою мүмкіндігін анықтау үшін жүргізіледі. Санаулы дана болып шығарылатын өнімдерді оларды пайдалануға беру жөнінде шешім шығару үшін сынақтан өткізеді.
Бұйымның тәжірибелік немесе бас үлгілері (партиялары) сынақтан өткізіледі. Өндіріске бұйымның типтік-өлшемдік қатарын өндіріске қойған кезде типтік үлгіні сынақтан өткізу нәтижелерін бүкіл өнімге тарату мүмкіндігі бойынша таңдайды. Қабылдау сынағын аттестатталған сынақ бөлімшелері аттестатталған сынақ құралдарын қолдана отырып жүргізеді. Бас ұйымдардың қарамағындағы бұйымдарды сол сол бас ұйымдар сынақтан өткізеді.
Мемлекеттік сынақ жөніндегі бач ұйымдардың қарамағында болып табылмайтын өнімдердің сынақтарын тапсырыс беруші (негізгі тұтынушы) шығарушы ұйымдастырады.
Қабылдау сынағынан өткізу кезінде техникалық тапсырмада көрсетілген барлық көрсеткіштер мен талаптар тексеріледі. Модернизациядан өткен немесе модификацияланған бұйымдарды осы бұйымның үлгілерін шығарылатын қнімдердің үлгілерімен салыстыру арқылы жүргізеді.
Квалификациялық сынақтар төмендегі жағдайларда жүргізіледі:
- кәсіпорынның серилап шығарылатын нақты бқйымды шығаруға дайындығын бағалау кезінде, егер тәжірибелік үлгілер мен сериялық үлгілерді әртүрлі кәсіпорындар шығаратын болса;
- бұйым өндіріске лицензия бойынша қойылатын жағдайда;
- бұйым бұдан бұрын басқа кәсіпорында шығарылатын болғанда.
Басқа жағдайларда квалификациялық сынақтарды жүргізу қажеттілігін қабылдау комиссиясы шешеді.
Сынаққа бірінші өнеркәсіптік партиядан (тағайындау сериясысынан) алынған үлгілер, сондай-ақ лицензия бойынша шығарылған және басқа кәсіпорында шығарылған бұйымдардың бірінші үлгілері жіберіледі.
Қабылдау-тапсыру сынақтарын өнімнің қолдануға жарамдығын анықтау үшін жүргізеді. Өнімнің әр данасын немесе партиясынан алынған сынаманы сынақтан өткізеді. Сынақты шығарушының техникалық бақылау қызметі өткізеді. Қажет болған жағдайда сынаққа тапсырыс берушінің өкілі қатысады. Сынақ жүргізу кезінде бұйымның негізгі параметрлері және жқмысын атұаруға жарамдығы бақылауға алынады. Бұл жеррде бқйымның нормативтік құжатымен белгіленген сенімділік көрсеткіштерін тексеруді жанама әдіспен жүзеге асыруға болады.
Сынақ жүргізу тәртібі мемлекеттік стандартпен немесе техникалық шартпен, ал санаулы дана болып шығарылатын бұйымдар үшін техникалық тапсырмамен белгіленеді.
Периодтық сынақтарды төмендегі мақсаттарда жүргізеді:
- бұйымның сапасын периодтық түрде бақылау;
- технологиялық процестің тұрақтылығын кезек бойынша жүргізілетін сынақтар аралығында бақылау;
- бұйымды ара қарай да осы техникалық құжаттар бойынша шығару мүмкіндігін растау;
- бақылау аралығы ішінде шығарылатын бұйымдардың сапалық деңгейін растау;
- бақылаудан кейін қабылдау кезінде қолданылатын сынақ әдістемелерінің тиімділігін растау.
Лекция 5. Сынақ түрлері (жалғасы)
Периодтық сынақтар тұрақтыланған сериялық (жаппай) өндірістің бұйымдары үшін жүргізіледі. Оларды жүргізу кезінде технологиялық процестің тұрақтылығынан тәуелді болып табылатын және қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізгенде тексерілмейтін көрсеткіштер бақыланады. Сынаққа мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттарға сәйкес таңдап алынған және қабылдау-бақылау сынақтарынан өткен бұйым үлгілері жәберіледі.
Типтік сынақ – конструкциясына немесе технологиялық процесіне өзгерістер енгізудің тиімділігі мен қажеттілігін бағалау мақсатында бір типтік өлшемдегі бірыңғай әдістеме бойынша бақылау.
Шығарылатын, конструкциясына немесе технологиялық процесіне өзгертулер енгізілген бұйымдар үлгілері жіберіледі. Сынақты шығарушы өзі немесе сынақ жүргізу мекемесі жүргізеді. Сынақ бағдарламасын енгізілген өзгертулердің сипатына байланысты тағайындайды.
Инспекциялық сынақтар дайын бұйым және қолданудағы бұйымдардың сапасының тұрақтылығын ішінара бақылау мақсатында жүргізіледі. Оларды арнаулы уәкілетті органдар (мемлекеттік қадағалау органдары және т.б.) жүргізеді. Сынақтар өнімнің нормативтік құжатына сәйкес сынақ жүргізуші ұйыммен тағайындалған немесе онымен келісілген бағдарламаа бойынша жүргізіледі.
Сертификациялық сынақтар өнімнің қауіпсіздігін және қоршаған ортаны сақтау талаптарына сәйкестігін анықтау, ал кейбір жағдайларда өнімнің маңызды сапалық көрсеткіштерін: сенімділігін, тиімділігін және т.б. анықтау үшін жүргізіледі.
Сертификациялық сынақтар өнімнің іс жүзіндегі сипаттамаларының нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін растауға бағытталған шаралар жүйесінің бір элементі болып табылады. Сертификациялық сынақтар өндірушіден тәуелсіз сынақ орталықтарында жүргізіледі. Сынақ нәтижесі бойынша сертификат немесе сәйкестік белгісі беріледі. Сәйкестігін растау өнімді жеткізуші және оны тұтынушы сынақ нәтижелерін өзара мойындағанын көрсетеді. Бұл жағдай әсіресе сыртқы сауда операциялары үшін маңызды болып табылады.
Сынақ бағдарламасы және әдістері сертификациялық құжаттамада жазылады және нақты түрдегі өнімнің сәйкестігін растау Ережсінде көрсетіледі. Ережеде өнімді шығару, сынақтан өткізу және жеткізу ерекшеліктері ескеріледі.