Бақылай отырып пайдалану бұйымды қалдану жағдайында оның нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін растау үшін жүргізіледі. Сынақтың бұл түрін бұйымның сенімділігі туралы қосымша мәліметтер алу үшін, кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу үшін, қолдану тиімділігін арттыру үшін, сондай-ақ бұйымде болашақта жақсарту жөнінде мәліметтер алу үшін жүргізеді. Бақылай отырып пайдалануға жіберілетін бұйымдар үшін пайдалану жағдайларына ұқсас жағдайлар жасалады. Сериялап шығарылатын бұйымдар үшін бақылай отырып пайдалануға квалификациялық немесе периодтық сынақтардан өткен үлгілер жіберіледі. Бақылай отырып пайдалану нәтижелері (тоқтаулар, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, запас бөлшектердің жасалуы және т.б. туралы мәліметтер) тұтынушы хабарламаға енгізеді. Хабарлама шығарушыға (зерттеп дайындаушыға ) жіберіледі немесе мәліметтерді журналға енгізіп қояды.
Пайдалану кезіндегі периодтық сынақтарды бұйымды ары қарай да пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін жүргізеді. Сынақтың бұл түрін бұйымның сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі қауіпсіздік, денсаулық, қоршаған ортаға зиян тудыруы немесе бқйымды пайдалану тиімділігін төмендетуі мүмкін болған жағдайда жүргізеді. Сынақтан қолданудағы (пайдаланудағы) бұйымның әр данасын тағайындалған жұмыс істеу интервалы (сағат санымен есептегенде) немесе күн саны (апта, ай, жыл) өткеннен кейін өткізіледі. Сынақты мемлекеттік қадағалау органдары арнайы Ережеге сәйкес немесе тұтынушы жүргізеді. Сынақ жүргізу кезінде өнімнің нормативтік құжатында (стандарттарда, нұсқаулықтарда, ережелерде) көрсетілген бұйымды қолдану тиімділігін айқындаушы және пайдалану құжаттарында келтірілген нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексереді.
Сынақтардың төмендегі категорияларын бірге (біріктрілген түрде) жүргізуге рұқсат етіледі:
-
алдын ала және жетілдіруші сынақтарды;
-
қабылдау және қабылдау-тапсыру сынақтарын – даналап шығарылатын бұйымдар үшін;
-
қабылдау және квалификациялық сынақтарды – бас немесе тәжірибелік үлгілерді (тәжірибелік партияларды) қабылдау сынағынан өткізгенде, осы кезеңге дейін сериялап шығару технологиялық поцесі дайын болған жағдайда;
-
периодтық және типтік сынақтар – тапсырыс беруші (негізгі тұтынушы) келісімін берген жағдайда;
-
сертификациялық, қабылдау және периодтық сынақтар.
Лекция 6. Сынақ түрлері (жалғасы)
Сынақтар төменде көрсетілген деңгейде өткізілуі мүмкін:
-
мемлекеттік – қабылдау, квалификациялық, инспекциялық, сертификациялық және периодтық сынақтар;
-
салааралық деңгейде – қабылдау, квалификациялық және инспекциялық сынақтар;
-
салалық деңгейде - қабылдау, квалификациялық және инспекциялық сынақтар.
Өндірістік-техникалық және мәдени-тұрмыстық бағыттағы бұйымдардың ең маңызды түрлері үшін жүргізілетін сынақтарды мемлекеттік сынақ деп атайды. Мемлекеттік сынаұұа барлық мүдделі министрліктердің (ведомстволардың) өкілдері қатысады.
Салааралық сынақтар, әдетте, қабылдау сынақтарын өткізгенде бңрнеше министрлік (ведомство)-ның өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
Салалық сынақтар – мүдделі министрлік (ведомство)-ның коммиссяисымен жүргізілетін сынақ болып табылады.
Жүргізу орны және жағдайлары бойынша сынақтар төмендегі түрлерге бөлінеді:
- зертханалық сынақтар - зертхана жағдайында жүзеге асырылады;
- стендтік сынақтар – сынақ немесе .ылыми зерртеу бөлімшелерінде сынақ жабдықтарының көмегімен жүргізіледі. Сынақ жабдықтары серилап шығарылатын, мысалы діріл әсеріне сынау үшін қолданылатындіріл стендтері, немесе бұйымның сипаттамаларын (көрсеткіштерін) алу үшін арнап жасалған болуы мүмкін;
- полигондық сынақтар – сынақ полигонында жүргізіледі, мысалы, автомобильдерді сынау;
- табиғи жағдайлардағы сынақтар - бұйымды арналуы бойынша пайдалану жағдайларына сәйкес келетін жағдайларда сынау. Бұл жерде бұйымның құрылымдық бөлшектерін немесе оның моделдерін сынауға болмайды. Жасалған бұйымның өзі тікелей сынақтан өткізіледі. Бұйымның қасиеттерін сипаттаушы көрсеткіштер тікелей анықталады. Сынаудағы объекттің немесе оның физикалық құрылымын білдіретін аналитикалық тәуелділіктерді қолдануға болмайды;
модельдік сынақтар бұйымның немесе оның құрамдық бөліктерінің физикалық кішірейтілген қарапайымдалған моделі үшін жүзеге асырылады.
Жүргізу жылдамдығы немесе жұмсалған уақыты бойынша сынақтар былай бөлінеді:
- қалыпты сынақтар: сынақ жүргізу әдістері мен жағдайлары өнімнің (объекттің) қасиеттері туралы қажетті ақпараттың пайдалану жағдайларында қажетті уақыт ішіндегідей уақыт ішінде алынылуын қамтамасыз етеді;
- жылдамдатылған (жедел) сынақтар: сынақ жүргізу әдістері мен жағдайлары өнімнің (объекттің) қасиеттері туралы қажетті ақпараттың пайдалану жағдайларында қалыпты сынақтарға қажетті уақыттан аз уақыт ішінде алынылуын қамтамасыз етеді. Сынақтарды жылдамдату өнімді шығаруға жұмсалатын қаржыларды және жіберілген уақытты қысқартады. Жылдамдату жүкті биігірек көтеріп тиеу, термиялық сынақтар температурасын жоғарылату және т.б. арқылы жүзеге асырылуы мүмкін;
- қысқартылған сынақтар: қысқартылған бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Әсер ету нәтижесі бойынша сынақтар былай бөлінеді:
- бұзбай сынақ жүргізу – сынаққа түскен объект сынақтан кейін жұмыс істеуге (қолдануға) жарамды күйінде қалады;
- бұзып сынақ жүргізу - сынаққа түскен объект сынақтан кейін жұмыс істеуге (қолдануға) жарамсыз күйге ұшырайды.
Объекттің анықталатын сипаттамалары бойынша сынақтар былай бөлінеді:
- функционалдық сынақтар – объекттің арналуы көрсеткіштерін анықтау мақсатында жүргізіледі:
- - сенімділігін сынау – берілген жағдайдағы сенімділік көрсеткіштерін анықтау үшін жүргізіледі;
- - беріктігін сынау – ісер етуші факторлардың, олардың әсерінен объекттің белгілі сипаттамалары берілген шектен шығып кеткендегі мәндерін аныұтау үшін жүргізеді;
- - тұрақтылығын сынау - өнімнің белгілі факторларлардың (аггресивтік орта, соққы толқыны, электр өрісі, радиация және т.б.) әсер етуі кезінде өз функцияларын іске асыру және пареметрлерінің мәндерін нормативтік құжаттарда берілген нормалар шегінде сақтау қабілетін бақылау мақсатында жүргізіледі;
- - қауіпсіздігін сынау – сынақ объектісіне немесе қызмет көрсететін (оны пайдаланатын) қатынасы бар адамдардың қауіпсіздігін анықтау үшін жүргізіледі;
- - тасымалдауға жарамдылығын сынау – объектті оның өзіндік функцияларын атқару қабілетін жоғалтпай және параметрлерінің мәндерін нормалар шегінде сақтай отырып әртүрлі ыдыста (бумада) тасымалдау мүмкіндігін анықтау мақсатында жүргізіледі;
- шекті жағдайлар сынақтары – объект параметрлерінің шекті жіберілетін мәндерді және пайдалану жағдайлары арасындағы тәуелділікті анықтау үшін жүргізіледі;
- технологиялық сынақтар - өнімді шығару кезінде оның технологиялық қасиеттерін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Лекция 7. Сынақ процесінің элементтері
Сынақ жүргізу процесінің негізгі құрамдық элементтері болып табылады:
1. Сынақ объектісі – сынаққа түсетін өнімдер (бұйымдар). Сынақ объектісінің негізгі сипаттамасы болып сынақ нәтижесі бойынша тура осы объект бойынша: оның жарамдығы немесе жарамсыздығы, келесі сынаққа жіберу мүмкіндігі, сериялап шығару мүмкіндігі және т.б. туралы шешім қабылданатындығы табылады. Объект қасиеттерінің сипаттамаларын (мәндерін) сынақ жүргізу кезінде өлшеу, талдау, диагностикалау, органолептикалық әдістерді қолдану немесе сынақ кезінде орын алған оқиғаларды (тоқтаулар, зақымдалу) тіркеу және т.б. арқылы анықтауға болады.
Сынақ жүргізу кезінде объект қасиеттерінің сипаттамаларын бағалайды немесе бақылайды. Бірінші жағдайда сынақ міндеті болып объект қасиеттеріне сандық немесе сапалық баға беру табылады; екінші жағдайда – тек объект сипаттамаларының берілген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
2. Сынақ жағдайлары - сынақ жүргізген кезде әсер етуші факторлардың және/немесе объекттің жұмыс істеу режимдерінің жиынтығы.
Сынақ жағдайлары:
-
реальный немесе моделированный;
-
объект сипаттамалары объекттің жүмыс істеуі үстінде және жұмыс істемеген жағдайында анықталуын;
-
әсер етілген жағдайда және олардын кейін анықталуын қамтуы мүмкін.
3. Сынақ құралдары – сынақ жүргізу үшін қажетті техникалық құралдар.
Бұларға өлшеу құралдары, сынақ жабдықтары және көмекші техникалыққұрылғылар жатады (төмендегі суретті қара).
4. Сынақ жүргізушілер – сынақ процесіне қатысушы персонал болып табылады. Оның біліктілігіне, біліміне, жұмыстыұ тәжірибесіне және т.б. талаптар қойылады.
Сынақ жүргізу процесінің нормативтік-әдістемелік негізін мыналар құрайды:
- сынақтың ұйымдық-әдістемелік және нормативтік-технологиялық негіздерін регламенттеуші стандарттар комплексі;
- өнімді зерттеп дайындау және өндіріске қою жүйесінің стардарттар комплексі;
- өлшеулердің бірегейлігін қамтамасыз ету жүйесінің стардарттар комплексі;
- өнімге және оны сынақтан өткізу әдістеріне талаптарды регламенттеуші нормативтік-техникалық құжаттама және техникалық құжаттар;
- сынау құралдарына талаптар және оларды қолдану тәртіптерін регламенттеуші нормативтік-техникалық құжаттама.
Сынақ жүргізу процесіннің сапасы оны жүргізу әдістемесінен тәуелді болып табылады. Сынақ әдістемесінің құрамына қойылатын талаптар келесі бөлімде берілген.
Жоғарыда берілгендерді ескере отырып сертификаттаулық сынақ прицесінің құрылымын былайша көрсетуге болады (сурет).
Сертификациялық сынақтардың құрылымы
Көптеген жағдайларда өнімді сертификациялық сынақтан өткізу оның функционалдық көрсеткіштерінің пайдалану жағдайларына, сыртқы факторлардың әсеріне төзімділігіне және сенімділік критерийлеріне сәйкестігін бағалау үшін жүргізіледі. Сыртқы әсер етуші факторлар, әдетте, міндетті сертификаттау шегінде бағаланады. Өйткені олар өнімнің оны қолдану сферасында қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қалыптастырады. Сенімділік өнімнің негізгі тұтыну қасиеті болып табылады және оның нарықтағы бәсекелестікке қаблеттітігін арттыруда негізгі роль атқарады. Осыған орай сенімділік көрсеткіші жиі жағдайларда еркіті сертификаттау кезінде бағаланады.
Лекция 8. Сынақ процесінің негізгі сипаттамалары
Өнімнің түріне байланысты сынақ объектісі болып жеке бұйым немесе бұйымдар партиясы табылады. Сынақ объектісінің бас сипаты болып сынақ нәтижесінде дәл осы объект үшін оның жарамдылығы жарамсыздығы, мемлекеттік сынаққа жіберу мүмкіндігі туралы, сериялап шығару мүмкінді бойынша және т.б. арнаулы шешім қабылданылатыны табылады.
Сынақтың техникалық базасы болып сынақ жүргізу құралдары табылады. Сынақ жүргізу құралдарына техникалық құралдар, сынақ жүргізуге керекті материалдар мен заттар жатады. Техникалық құралдарға сынақ жүргізгенде қолданылатын өлшеу құралдары және сынақ жабдықтары жатады. Сынақ жабдықтары деп сынақ жүргізу жағдайларын ұдайы қайталау үшін қолданылатын құрылғыларды айтады. Сынақ жабдықтары объектке оны сынау мақсатында әсер көрсетеді және объекттің жұмыс істеу режимдерін ұдайы қайталайды. Сынақ жабдықтарына арнаулы стендтер, сынақ жүргізу машиналары, қондырғылары, климаттық камералар сәне әртүрлі сынақ жағдайларын: температура, ылғалдылығ, қысым, электр магниттік немесе радиациялық әсерлердә, механикалық жүктеулерді және т.б. ұдайы қайталайтын құрылғылар жатады.
Сынақтарды жүргізу кезінде сынақ жағдайлары бекітілген дәлдікпен ұдайы қайталанылуы керек. Сынақ жағдайларының нормаланған дәлдікпен ұдайы қайталанылуы ең алдымен сынақ жабдықтарының дәлдік сипаттамаларынан тәуелді болып табылады. Соңғысы бекітілген тәртіп бойынша бақылауға алынуы керек.
Жүргізілген сынақ сапасының маңызды сипаттамалары болып оның нәтижесіне сенімділік, нәтижесінің шындығы және нәтижесінің бірнеше рет қайталап сынаған кезде қдайы қайталанылуы табылады.
Сынақ нәтижесінің дәлдігі анықталатын параметрлердің сынақ жүргізу кезінде алынған мәндері мен олардың іс жүзіндегі жәндерінің бір-біріне жуықтығын сипаттайды.
Сынау кезінде жүргізілген бақылаудың нәтижелерінің шындығы (бақыланатын параметрлер үшін) – параметрлердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін дұрыс анықтау ықтималдығы болып табылады.
Нәтижелердің ұдайы қайталанылуы объектті бірнеше рет қайтара сынақтан өткізу нәтижелерінің бір-біріне жуықтығы болып табылады.
Жоғарыда аталған сынақ сапасының сипаттамалары (дәлдік сипаттамалары деп айтуға да болады) сынақтардың бірегейлігіне қол жеткізудің негізі болып табылады.
Сынақтың дәлдік сипаттамалары негізінде сынақ әдістемесінен тәуеді болып табылады. Сынақ әдістемесі белгілі сынақ әдісін қолдану ережелері болып табылады және онда қажетті сынақ жүргізу құралдары, берілген өлшеу жағдайлары, объекттің бір немесе бірнеше бір-бірімен байланыстағы қасиеттерінің сипаттамаларын анықтау жөніндегі операцияларды орындау алгоритмі, оператордың біліктілігіне талаптар, мәліметтерді көрсету және сынақ нәтижелерінің дәлдігін жіне шынайылығын бағалау формалары, қауіпсірдік техникасы және қоршаған ортаны сақтау талаптары жазылады.
Нәтижелерді бірегей түрде түсіну және дұрыс бағалау үшін өте маңызды болып сынақ мәліметтерін беру және өңдеу формалары және нәтижесінің дәлдігін дұрыс бағалау табылады.
Сынақ мәліметтері деп объекттің оны сынаұтан өткізу кезінде тіркелген қасиеттерінің және сынақ жағдайларының, сондай-ақ жалпы жүмыс істеу уақытының және т.б. параметрлердің сипаттамасының мәндерін айтады. Сынақ мәліметтері кейіннен өңдеуге юататын бастапқы мәліметер болып табылады.
Сынақ нәтижесі – объект қасиеттрінің сипаттамаларының бағасы, объекттің берілген талаптарға сәйкестігін айқындау, объекттің сынақ жүргізу барысында өз жұмысын атқару сапасын талдаудың нәтижесі толып табылады.
Сынақтар жүргізгенде олардың бірегейлігін, яғни сынақ нәтижелерінің қажетті дәлдігінің ұдайы қайталанылуын және ақиқаттығын қамтамасыз ету кажет.
Сынақтардың бірегейлігін қамтамасыз ету жеткізуші және тұтынушыда жүргізілген сынақ нәтижелерінің бірдей болуын, қайта жүргізілетін сынақтардың санын азайтуға мүмкіндік береді. Сынақтың бас мақсаты - өнімнің сапасы туралы ақиқат және толық ақпарат алу болып табылады.
Сынақтардың бірегейлігін қамтамасыз ету жұмыстарын техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның (Мемстандарттың) басқаруымен министрлік (ведомство) ұйымдастырады. Бұл іске өнімді мемлекеттік сынақтан өткізу жөніндегі бас мекеме, стандарттау жөніндегі бас және базалық ұйымдар, бірлестіктер, кәсіпорындар, мекемелердің бақылау-сынау және метрологиялық қызметтері қатысады.
Сынақтардың бірегейлігін қамтамасыз етудің техникалық негізін аттестаттаудан өткен сынақ жабдықтары және салыстырып тексеруден өткен өлшеу құралдары, аттестаттау және салыстырып тексеру құралдары құрайды.
Сынақтардың бірегейлігін қамтамасыз етудің нормативтік-әдістемелік негізі болып мыналар табылады:
- өнімді сынақтан өткізу әдістерінің стандарттары, сондай-ақ нақты өнімнің стандарттарының және техникалық шарттарының сынақ әдістемелеріне арналған бөлімдері;
- өнімдер үшін сынақ бағдарламалары және әдістемелері;
- сынақ жүргізу бөлімшелерінің қызметтік ережелерін тағайындаушы, сынақтан өтетін өнімге жалпы талаптарды реттеуші, сондай-ақ сынақ барысын қадағалауды реттеуші ұйымдық-әдістемелік құжаттар;
- мемлекеттік өлшемдердің бірегейлігін қамтамасыз ету жүйесінің стандарттары.
Лекция 9. Сынақ нәтижесінің дәлдігі және ұдайы қайталанылуы
Сынақ нәтижесінің дәлдігі – сынақтың, объект сипаттамасының бағасының (сипаттамасын бағалаудың) сол сипаттаманың шың мәніне жуықтығын білдіретін қасиеті. Бұл жерде метрологияла қалданылатын өлшуш дәлдігі ұғымымен айырмашылық жоқ деп айтуға болады, бірақ екі мәселені ескеру қажет.
1. Сынақ объектісінің анықталатын сипаттамасы болып партиядан алынған үлгі болып табылатын жалғыз ғана данасының (сынаманың) сипаттамасы да, кез келген статистикалық сипаттама да болуы мүмкін. Соңғы жағдай сынақ объектісі, мысалы, өнімнің үлкен партиясы немесе шектеулі, бірақ көлемі үлкен болған кезде орын алады. Бұл жағдайда сынақ нәтижесі ретінде бүкіл партияға немесе өнімнің көлеміне есептелген математикалық күтім, дисперсия, үлестірілу функциясы және т.с. алынады. Бұндай жағдайда сынақ дулдігі сынақ нәтижесінде алынған статистикалық сипаттамалардың олардың іс жүзіндегі мәндеріне жуықтығы болып анықталады.
2. Сынақ нәтижесі объектіге, ал өлшеу нәтижесі – осы объекттен алынған үлгіге, сынамаға қатысты бағаданатындығынан сынақ нәтижесінің дәлдігі үлгінің сипаттамаларын өлшеу дәлдігімен бірдей болмауы мүмкін. Екі дәлдік бір жерден шықпауы мүмкін. Мысалығ химиялық құрамын өлшеу дәлдігі белгілі зат немесе материалдың партиясынан алынған сынаманың құрамын анықтауға қатысты болып табылады, ал осы зат немесе материалдың құрамын анықтау дәлдігі сынама алу әдісінен, оны сынауға дайындаудан, дайындаудың ұзақтылығынан тәуелді болып табылады.
Сынақ нәтижесінің ұдайы қайталанылуы - сынақ нәтижелерінің қайталап сынау кезінде бір-біріне жуықтығын білдіретін қасиеті болып табылады.
ИСО 5725 «Сынақ әдістерінің дәлдігі, әртүрлі зертханаларда алынған сынақ нәтижелерін салыстыру арқылы олардың ұдайы қайталанылуын анықтау» халықаралық стандарты ұдайы қайталанылуды сынақ сипаттамасы деп таниды. Екінші жағынан ұдайы қайталану қайталап жүргізілетін сынақ үшін анықталғанымен, бұл жерде сынақ жүргізілген орын (елді мекен), жүргізу жағдайлары, қаолданылған сынақ құралдары, сынаққа жұмсалған уақыт, бірдей сынақ әдістерінің қолданылуы сияқты факторлар ескеріледі.
Сипаттамалары уақыт барысында өзгеретін (өзгеріп отыратын) жеке объектілерге қатысты сынақтың ұдайы қайталанылуы аттестацияланған әдістеме бойынша орындалған сынақтың дәлдігімен толық ауқымдалады. Бір ғана ереже: бұл әдістеме қайталап жүргізілген сынақтарда да қолданылуы керек. Сипаттамалары өзгермейтін жеке объектті қайталап сынау нәтижесінің ұдайы қайталануын бағалау үшін әртүрлі әдістемелер бойынша жүргізілген сынақтардың дәлдігін қолдануға болады. Бір жағдай – осы екі әдістеменің екеуі де аттестатталған, яғни сынақтың дәлдік сипаттамалары белгілі сенімділік ықтималдығымен алынған болуы керек.
Егер сынақ объектісі болып бұйымдар партиясы (оны таңдап сынау кезінде) табылса немесе объекттің сипаттамалары біртекті емес немесе тұрақсыз болса (практикада жиі жағдайларда солай болады да), онда сынақ нәтижесінің ұдайы қайталанылуы ұғымының мазмұнын анықтау қиындап кетеді.
Ұдайы қайталанылудың бағасы (ИСО 5725 халықаралық стандарты) белгілі түрдегі объектілерді бір әдіспен әртүрлі жағдайларда (әртүрлі операторлар, әртүрлі сынақ жабдықтары, әртүрлі зертханалар, әртүрлі уақыт) сынақтың кез келген екі нәтижесі арасындағы айырымның абсолют мәндері белгілі сенімділік ықтималдығымен одан төмен жататын ең жоғары мәні деп онықталады.
Бұл анықтаманы объекттің біртекті екендігін немесе сипаттамларының тұрақсыздығын ескерген жағдайда да, әртүрлі әдістемелермен сынағанда да (әр әдістеменің әрқайсысы аттестатталған болса) қолдануға болады.
Әдістемені аттестаттау бір, өзгермейтін объектті сынақтан өткізу нәтижесінің ұдайы қайталанылуын қамтамасыз етеді, егер жағдайлары қайталанылатын болса. Аттестаттау кезінде сынақ нәтижесін бағалау және оның дәлдігіне белгілікепілдік бере алу үшін, мүмкіншілігінше, сынақ объектісінен тәуелді факторларды жоюға тырысады. Тек аттестатталған әдістеменің көмегімен объекттің біртекті еместігін және оның сипаттамаларының тұрақсыздығының әсерін жекешелендіруге болады.
Лекция 10. Мәліметтерді беру және өңдеу
Сынақ нәтижелерінің бір-біріне сәйкес келмеуі, кейбір жағдайларда шынайы болып табылмауы (недостоверность), әдетте, сынақ мәліметтерін әртүрлі тәсілдермен өңдеу және дәлдігін бағалау, нәтижелерді әртүрлі ғылып көрсетудің салдары болып табылады. Сынақ дәлдігін бағалаудың сенімді шегі, тиісті ықтималдықтар, қателіктердің үлестірілу сипаты және т.б. көрсетілмеген сапа көрсеткіштерінің іс жүзіндегі мәндері, бұйымның бақыланатын көрсеткіштерінің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қате қорытынды шығарылуына апарып соғуы мүмкін. Бұндай жағдайда жалпы сынақ нәтижесі бойынша қате шешім шығарылуы мүмкін.
Сынақ жағдайларын, қолданылатын сынақ құралдарының сипаттамаларын дұрыс тіркеу, мәліметтерді өңдеу кезінде оларды дұрыс есепке алу сынақ дәлдігін бағалау үшін өте маңызды болып табылады. Сондықтан сынақ бағасын қамтамасыз етудің маңызды факторлардың бірі болып сынақ мәліметтерін беру әдістерін, оларды өңдеу, дәлдігін бағалау және нәтижелерді көрсетуді унификациялау және стандарттау табылады.
Сынақ әдістерінің нормативтік құжаттарында өнімнің тиісті стандарттары мен техникалық шарттарында , әдетте, сынақ нәтижелерін өңдеу және көрсету әдістері келтіріледі. Сынақ мәліметтерін өңдеу кезінде өлшеу нәтижелері, ақаулардың саны немесе өнімнің оны сынау, бақыланатын параметрдің уақыт барысында өзгеруін бағалау, сапаның кешенді көрсеткіштерін бағалау кезінде өлшенбейтін қасиеттерінің сипаттамаларының бағаланылуы ескеріледі.
Өнімнің нормативтык құжаттардың талаптарына сәйкестігінің (немесе сәйкес еместігінің) ықтималдығын анықтау бақылау мақсатында сынаудың мәліметтерін өңдеу үшін міндетті талап болып табылады.
Дәлдік көрсеткіштерінің стандартталған түрлері тағайындалған. Оларды мәліметтердің дәлдігін және сынақ нәтижелерін бағалау кезінде, сынақ әдістемелерін зерттеп дайындау кезінде және сынақты жүргізу кезінде ескеру қажет.
Дәлдік көрсеткіштері:
-
дәлдуктің сенімділік шектері, ықтималдығын көрсетумен;
-
дәлдіктің орташа квадраттық ауытқуының бағасының сенімділік шектері, ықтималдығын көрсетумен.
Сынақ нәтижелері үшін, сыналатын объекттің сапалық көрсеткіштерінің бағаларынан басқа, жоғарыда аталған дәлдік көрсеткіштерімен қатар сапа көрсеткіштерінің мәндері кіретін интервалдар берілуі мүмкін. Бұл жерде сенімділік ықтималдығы, өнімнің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және осы шешімдерді қабылдау кезіндегі қателіктің ықтималдығы, сараптама бойынша қыртынды, сынаққа түскен бұйымның берілген жағдайларда қалыпты жұмыс істейтіні туралықорытынды келтіріледі.
Өнімді сынақтан өткізуші ұйымдар
Ұйым (сынақ орталығы, сынақ зертханасы) өзі үшін бекітілген өнімдер үшін сынақтың нақты мақсаттарына сәйкес сынақ жүргізеді. Бұл жерде өнімнің стандарттардың және басқа нормативтік құжаттардың талаптарынасәйкестігі анықталады.
Бұндағы мақсаты:
-
өнімнің іс жүзіндегі сапалық көрсеткіштерін анықтау;
-
техникалық жағынан жеткілікті жетілдірілмеген, конструкциясы және технологиясының кемшіліктері бар бұйымдардың өндіріске қойылуына жол бермеу;
-
өнім сапасының оны сериялап шығару және пайдалану кезінде тұрақты болуын бақылап отыру;
-
өнімнің сертификаттаулуы үшін жағдайлар тудыру болып табылады.
Сынақ орталығы, зертханасы өзі үшін бекітілген өнімдерді ғана сынақтан өткізе алады. Жүргізілген сынақтар нәтижесі бойынша қорытындының болуы тиісті коммиссиялармен жаңа өнімді өндіріске қою, сериялап шығару жұмыстарын игеруді аяқтау, өнімді экспорттау үшін шығару мүмкіндігі туралы шешім шығарылуы үшін міндетті болып табылады. Бұл жағдай сынақ жүргізуші ұйымның ең маңызды сипаттамасы болып табылады.
Сынақ жүргізуші ұйымның бас міндеті болып өнімді өндіріске қою, оны өндіру, айналымға қосу және пайдалану кезеңдерінде сынатың барлық бекітілген түрлерін жүргізу табылады.
Бұдан:
-
өнімнің тәжірибелік үлгілерін (тәжірибелік партиясын) сынақтан өткізу;
-
сериялап шығарылатын өнімдерді сынақтан өткізу, оның ішінде бекіту сериясын квалификациялық сынақтан өткізу;
-
Мемстандарт және басқа да бақылау органдарының тапсырмасы бойынша инспекциялық бақылауды өткізу;
-
өнімді шығаратын кәсіпорындағы өндірістің тұрақтылығын бақылау үшін ішін-ара (выборочно) бақылау;
-
экспортталуы көзделген бұйымдарды сынақтан өткізу;
-
импорт бойынша түсетін бұйымдарды сынақтан өткізу жатады.
Бұлардан басқа, ұйым негізгі комплекттеуші бұйымдарды сынақтан өткізе алады.
Негізгі мақсатпен бірге ұйымға жүктеледі:
-
талдауды жүзеге асыру, сынақ нәтижесі және өнімдердің сапасына баға беру бойынша ақпаратты қалыптастыру, тұжырымдау, дайындау және беру;
-
әртүрлі мекемелерде біртекті өнімдер үшін жүргізілген сынақ нәтижелерінің ұдайы қайталанылуын талдау және қажет болған жағдайларда арбитраждық сынақтар жүргізу;
-
сынақ әдістерін жетілдіру және сынақ құралдарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; өзі сынақтан өткізетін өнімдердің техникалық және нормативтік құжаттамаларын сараптауға қатысу, әсіресе оларда жазылған сынақ әдістері мен құралдары бөлігінде;
-
сынақ әдістері мен құралдарына мемлекеттік және халықаралық стандарттарды және басқа нормативтік құжаттардыдайындау және енгізуге қатысу;
-
Қазақстанда және шет елдерде шығарылытын өнімдердің ең үздік үлгілері туралы ақпарат дайындау және үлгілерді көрмеге қою, олар бойынша шолу дайындау арқылы тәжірибе алмасуды ұйымдастыру және т.б.
Өнімді сынақтан өткізу жөніндегі ұйым міндетті түрде аккредиттеуден өткен болуы керек. Ұйымды аккредиттеуден өткізу үшін Мемстандартқа мыналар жіберіледі:
-
сынақтан өткізілуі қйымға жүктелген өнім түрлерінің номенклатурасы;
-
ұйым туралы Ереженің жобасы;
-
алдын ала аккредиттеу жүргізілгені туралы анықтама.
Алдын ала аккредиттеу жүргізудің мақсаты ұйымға сынақ жүргізу функцияларын жүктеудің мүмкіндігін анықтау болып табылады. Бұл мақсатта алдын ала аккредиттеу кезінде ұйымның техникалық базасы (сынақ жүргізу жабдықтары, өлшеу құралдары, тиісті бөлмелер және т.б.), персоналының біліктілігі, қажетті нормативтік құжаттамалардың комплектінің болуы, ұйымның осындац өнімдерді сынақтан өткізу жөніндегі тәжірибесі бағаланады. Сондай-ақ ұйымның сынақ жұргізу жөніндегі әрекеттерін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспарланады.
Аккредиттеу процесінде алынған материалдардың негізінде Мемстандарт органы ұйымға белгілі өнімдер түрлерін сынаұтан өткізу жөніндегі функцияларды жүктеу мүмкіндігі бойынша қорытынды шығарады. Аккредиттеу актісі ұйымға белгілі өнім түрлерін сынақтан өткізу жүктелгені туралы бұйрық шығару үшін негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |