Пәннің сипаттамасы



бет1/11
Дата27.03.2023
өлшемі222 Kb.
#471160
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2 ПАТОПСИХОЛОГИЯ ОБ 2015 2016


ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

БЕКІТЕМІН
ОӘЖ жөніндегі проректор,
т.ғ.к., М.А. Жарқынбеков
_______________________
( қолы)
« » 2016 ж.
5В010500-«Дефектология», 5В010300-«Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған
ПАтопсихология пәнінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Шымкент
2016
Құрастырған: аға оқытушы, магистр Губайдуллин Арман Утегенович
Оқу бағдарламасы «Педагогика және психология» кафедрасының мәжілісінде бекітілді

№ 1 хаттама, « » 2016 ж.


Кафедра меңгерушісі: _________


Оқу бағдарламасы факультет әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қаралып, бекітуге ұсынылды

№ 1 хаттама, « » 2016 ж.


Төрағасы (төрйымы) _________ ________________________


Оқу бағдарламасы университеттің ОӘК мәжілісінде мақұлданып, бекітілді

№ 1 хаттама, « » 2016 ж.



Пәннің сипаттамасы

Патопсихология психикалық іс-әрекеттердің және жеке тұлға қасиеттерінің бұзылу заңдылықтарын психикалық процестердің нормада қалыптасу және жүзеге асу заңдылықтарымен салыстыра отырып зерттейді, психикалық сараптама жүргізу мақсатымен эксперименталды-психикалық зерттеу әдістерін үйретеді. Патопсихология пәні бойынша дәріс курсында жүйелі түрде пәннің теориялық және әдістемелік негіздері ашылуы керек, соның ішінде нейропсихологияның негіздері, бала дизонтогенезі мәселелері, әлеуметтік патология, соматикалық медицинаның психологиялық мәселелері, тұлғаның құбылыс жағдайының, мамандық деонтологиясының психологиялық аспектілері және т.б. Бұл курсқа қазіргі отандық клиникада қолданылмаған патопсихологияның мүмкіншіліктерінің ішінде психикалық, денсаулық мәселелерін талқылау, норма және патология мәселелерінің кросс-мәдениеттік аспектілерін, ғылым жүйесіндегі патопсихологияның орны,оның әлеуметтанумен, философиямен, әлеуметтік саясаттанумен және т.б. әлеуметтік тәжірибе салаларымен өзара байланыстары енуі керек. Осы курста отанымыздың патопсихология теориясы мен тәжірибесі дамуы, қарым-қатынас жемістілігі, сол сияқты, денсаулық сақтаудың тәжірибелік сұрақтардың шешілуіне қолданбалы мәнділігі көрсетілу керек. Патопсихология сараптамаларының нәтижелері бойынша диагноз қойылады, әскерге жарайтындығын не, жарамайтындығын, сот алдында кінәлі ме, әлде кінәлі емес екендігі шешіледі. Сондықтан бұл курста студенттердің ауру адамдарды экспериментті-психологиялық зерттеудің негізгі әдістері және тәсілдерімен, сонымен қоса, психокоррекциялық жұмыс жүргізудің тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінеді.


Курстың мақсаты - студенттерді жалпы бір психикалық аурудың психикалық қызметтің кейбір жақтарының бұзылуы көбінесе оның жалпы бұзылуына әкеліп соғуы туралы білімдерімен қаруландыру, патопсихологиялық түсінігінің кеңеюіне, қазіргі замандағы патопсихологиялық проблемаларына арнаулы маман ретінде көзқарастың қалыптасуына ықпал ету. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мүмкіндіктеріне деген әртүрлі көзқарастар туралы білімдерін қалыптастыру болып табылады.
Курстың міндетгері:

  1. Адамның психикалық жағдайларын зерттеу үшін студенттерде толық бағдарлық негізді қалыптастыру;

  2. Психологиялық білімді қолданудың спецификасын психологтың іс-әрекетінің құрылымында түсіну;

  3. Психиатриялық сараптаманың негізінде жатқан психологиялық себептерді талдау дағдыларын қалыптастыру;

  4. Студенттердің «патогенез», «клиникалық ауру», «патология», «ауытқу» сияқты патопсихологиялық түсінігін қалыптастыру, балалардың психикалық ауытқу ауруларды емдеу, профилактиканы жүргізу ережелерімен таныстыру;

  5. Ересек адамдарда болатын психикалық ауырулар туралы, патопсихологиялық синдромдар туралы, психикалыық бұзылыстар туралы ғылыми негізделген мәліметтер беру;

  6. Патопсихологиялық зерттеу жүргізу, әр түрлі психикалық бұзылыстарға шалдыққан адамдар орындаған әдістемелердің нәтижелерін интерпретациялау іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Мемлекеттік стандартқа сәйкес жоғары кәсіптік білім беруде «Патопсихология» курсын оқыту барысында студенттердің міндетті түрде меңгеретін білімдері:

  • психикалық іс-әрекеттердің және жеке тұлға қасиеттерінің бұзылу заңдылықтарын;

  • патопсихологиялық зерттеудің барлық әдістемелерін;

  • психологиялық білімді психологтың іс-әрекетінің құрылымында қолданудың спецификасын;

  • физикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларына байланысты бейімделудің және өзін-өзі көрсетудің қиыншылықтары бар тұлғаларды анықтау әдістері.

Сонымен қатар студенттер төмендегідей іскерлікті меңгеруі тиіс:

  • эксперименталды-психологиялық зерттеулерді жүргізе білу;

  • психиатриялық сараптама (еңбек, әскери) жүргізу кезінде психиканың бұзылу деңгейі мен құрылымын психикалық талдауды және бағалауды жүргізе білу;

  • психикалық аурулары бар балалар мен жастардың мүгедектікке ұласуының алдын алу мақсатымен, еңбекке және оқуға ұсынуды таңдау және негіздеу үшін олардың интеллектуалдық сферасының ерекшеліктерін психологиялық талдауды жүргізе білу;

  • әртүрлі жағымсыз нәрселердің, уланудың, күйзелістердің әсерлерінен пайда болатын аурулар кезіндегі психикалық іс-әрекеттер құрылымына психологиялық талдау жүргізе білу.

«Патопсихология» пәні «Жалпы психология», «Практикалық психология», «Медициналық психология», «Жас ерекшелік психологиясы», «Психофизиология», «Психогенетика» курсынан бұрын оқытылады.
Берілген курсты әрі терең әрі тиімді меңгеру – «Неврология», «Психиатрия», «Медициналық психология және «Эксперименталды психология» курстарды оқытумен тікелей байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет