Пәннің/мамандықтың оқу-әдістемелік кешені



Дата23.02.2016
өлшемі158.72 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы
Ф.4-58

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы

пәннің/мамандықтың

оқу-әдістемелік кешені
барлық мамандықтар үшін

«Қазақстан тарихы»

Павлодар

Ф.4-63


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы

барлық мамандықтар үшін
«Қазақстан тарихы» пәннің
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Ф.4 – 66
Бекітемін ОӘЖжЖТ жөніндегі проректор

_____________ Ж. Мұқатаева

___________________20__ж.

Құрастырушы: аға оқытушы ___________А.Т. Макишева


Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстан тарихы пәні бойынша
барлық мамандықтар студенттері үшін
Жұмыс бағдарламасы барлық мамандықтарының оқу-жұмыс жоспары мен ҚР БжҒМ 2005 жылдың «11» мамырындағы № 289, 12 шілдедегі №480 бұйрықтарымен бекітілген типтік бағдарлама негізінде жасалды.
20__ жылы «__» ______ № __ хаттамамен кафедра мәжілісінде ұсынылды.
Кафедра меңгерушісі ___________З.Сабданбекова

20__ж. «___» __________ № хаттамамен

Филология және тарих факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.
ОӘК төрағасы__________________

Келісілді

Факультет деканы __________________ Қ.Текжанов ______________ 20_ж.
ОӘБ мақұлданды

ОӘБ бастығы _____________ ______________ 20_ж.



1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу үрдісінде алатын орны

Пән 1 семестр бойы 15 аптаға сай оқытылады. Пәннің жалпы көрсеткіші 135 сағат, оның 45 сағаты аудиториялық сабаққа және 90 сағаты студенттің өздік жұмысына арналған аудиториялық сағаттың сабақ түрлері күнтізбелік жоспарда көрсетілген..



    1. Пәнді оқытудың мақсаты:

Көне дәуірден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихының негізгі оқиғаларын жаңа теориялық-методологиялық ұстанымдар тұрғысынан кешенді зерделеу және егеменді мемлекетіміздің әлемде алатын орны мен рөлі, елдің ішкі, сыртқы саясаты туралы студенттердің жан-жақты көзқарастарын қалыптастыру болып табылады..

1.2 Пәнді оқытудың міндеті:

- қазақ ұлты мен мемлекететтіліктің қалыптасу кезеңдерін қарастыру және халықтар тарихындағы этногенез, мемлекеттілік, көрші халықтармен, мемлекеттермен қатынас, ұлт-азаттық қозғалыстар сияқты маңызды мәселелерді зерделеу;

- Қазақстан жеріндегі ерте және ортағасырлық мемлекеттердің даму ерекшеліктерін анықтау;

- Қазақ хандығының құрылуы мен дамуының тарихи ерекшеліктерін талдау;

- отарлық және кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихының мазмұны мен қайшылықтарын көрсету;

- егеменді мемлекетімізді қалыптастыру мен нығайтудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін көрсету;

- тәуелсіздік жылдарындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени реформалардың іске асырылуы мен кезеңдерін талдау, шекараның бекітілуін көрсету; астананы ауыстыру және Астана қаласының құрылысы мәселелерін қарастыру;

- халықаралық қатынастардың субьектісі ретінде мемлекеттердің аймақтық және әлемдік қауымдастыққа кіру үдерістерін көрсету;

- студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыру, оларды халықаралық қатынастар мен мемлекеттің ішкі өміріндегі оқиғаларға бейімдеу.

1.3 Пәнді меңгергеннен кейін студент білуі керек:


    • әр түрлі діни конфессиялардың пайда болуы мен дамуының тарихи шарттарын оқып білу;

    • сенім-нанымдар мен ғұрыптың мазмұнын талдау;

    • қазіргі әлемде әлемдік діндердің рөлі мен даму болашағын түсіну;

    • әлемдік діндер тарихының терминологиясын құрастыру;

    • дүниежүзілік діндер тарихының басқа тарихи пәндермен байланысын түсіндіру;

    • сенім ілімдерінің мазмұнын талдау.

1.4 Пәнді меңгергеннен кейін студенттер істей білу керек:

  • студент әр түрлі материалдардан өзіне керектісін алып, оған өз көзқарасымен талдап, сараптама жасай білуі керек.

  • сараптама арқылы қорытынды жасап өзіндік ой пікірін дұрыс жеткізе білуін қалытастыру керек.

  • бұл қорытынды жаңа фактілер мен талдауларға ойлауына байланысты өз-өзіне есеп беру керек.

  • теориялық білім мен сүйене отырып өзіндік ой пікірінде тұра білу арқылы дискуссияға қатысу.дүниежүзілік діндер тарихы бойынша әдебиетті сараптап, мазмұны бойынша өз ойларын жеткізе білу.

  • берілген материалдарды пайдалана білу, ғылыми жұмыстың дағдыларын дамыту.

2. Пререквизиттер:

Пәнді оқыту студенттердің мектеп бағдарламасы шеңберіндегі Қазақстан тарихынан алған білімдеріне негізделеді..



Постреквизиттер:

«Қазақстан тарихы» курсын толық игеру әрі қарай «Өлкетану», «Мәдениеттан» пәндерін меңгеруге мүмкіндік жасайды..



Компетенциялар:

Оқып алынған білімдері негізінде өздерінің мамандырылған қызметтерін ұйымдастыруға қабілетті болады — сабақтарды жүргізу, оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, ғылыми жобаларды орындауда жетекшілік ету және т.б.

Ф. 4-70


3. Пәннің мазмұны


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

күндізгі ЖОБ негізінде



п/п

Тақырыптарының атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәжірибе

СӨЖ+

СОӨЖ

1

2

3

4

5




1. Блок. Ерте замандағы Қазақстан










1

Қазақстанның ежелгі тарихы

2

1




2

Қазақстан территориясындағы ерте дәуір

2

1







2. Блок. Қазақстан орта ғасырларда










3

Ортағасырлардағы мемлекеттер (VI-XІІІ ғғ.)

2

1




4

Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (ХІІІ ғ.)

2

1




5

Қазақ халқының құралуы. XV-XVIІІ ғғ. Қазақ хандығы

2

1







3. Блок. Жаңа замандағы Қазақстан (XVIІІ-ХХ ғғ.)










6

XVIІІ ғ. Қазақстан

2

1




7

ХІХ ғ және ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлнуметтік-экономикалық, саяси дамуы

2

1







4 . Блок. Қазіргі замандағы Қазақстан










8

ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстан

2

1




9

Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы отан соғысы дәуірінде

2

1




10

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдары (1946-1953 жж.). Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.)

2

1




11

Қазақстан 1960 ж-1980 жж.

2

1




12

Қазақстандағы «Қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.)

2

1







5 Блок. Тәуелсіз Қазақстан










13

Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.

2

1




14

ҚР мемлекетттік құрылысы. ҚР экономикалық дамуы

2

1




15

ҚР қоғамдық-саяси даму. Рухани даму. ҚР сыртқы саясаты.

2

1




ЖАЛПЫ:

30

15




135


КУРСТЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
3.1 Дәріс сабақтарының тақырыптары
1 тақырып. Қазақстанның ежелгі тарихы

Палеолит. Ерте палеолит. Кейінгі палеолит. Мезолит. Неолит. Энеолит.



2 тақырып. Қазақстан территориясындағы ерте дәуір

Қола дәуірі. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар. Үйсіндер және қаңлылар. Ғұндар.



3 тақырып. Ортағасырлардағы мемлекеттер (VI-XІІІ ғғ.)

Түрік қағанаты (552-603 жж.). Түркеш қағнаты. Қарлұқ мемлекеті. Оғыздар. Қимақ қағанаты. 6-10 ғғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі. Қарахан мемлекеті. Найман және керейт ұлыстары. Қыпшақ хандығы. ХІ ғ. басы мен ХІІ ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуы.



4 тақырып. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (ХІІІ ғ.)

Алтын Орда (1243-15 ғ. ортасы). 14-15 ғғ. ортағасырлық мемлекеттер Көк Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Моғолстан. Көшпелі өзбек мемлекеті. Ноғай ордасы. Сібір хандығы.



5 тақырып. Қазақ халқының құралуы. XV-XVIІІ ғғ. Қазақ хандығы

Қазақ халқының құралуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері. 15-16 ғғ. Қазақ хандығы. 17 және 18 ғ. басындағы Қазақ хандығы. Қазақстанның 14-18 ғ. бас кезіндегі мәдениеті.



6 тақырып. XVIІІ ғ. Қазақстан

18 ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында. Қазақстанда отаршылдық кезеңнің басталуы.



7 тақырып. ХІХ ғ және ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлнуметтік-экономикалық, саяси дамуы

Тарихнамасы мен деректері. Қазақстан территориясы мен мемлекеттілігінің бүтіндігін сақтау үшін күрес. Қазақстанның Ресей империясына біржола бағынуы. Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы. 1905-1907 жж. орыс революциясының Қазақстанға әсері. ХХ ғ. басында Қазақстанда ұлттық-демократиялық қозғалыстардың қайта өрлеуі. 1917 ж. Қазақстан. «Алаш» қозғалысы және партиясы. Қазақстан мәдениеті.



8 тақырып. ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстан

1917 ж. Қазан төңкерісі, оның алғышарттары. Азамат соғысы (1918-1920 жж.) халық трагедиясы. Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы. Қазақстандағы «Соғыс коммунизм» саясаты. Қазақстандағы ЖЭС. Өлкедегі Кеңестік мемлекет құрылысы. ЖЭС-тің әлеуметтік экономикалық қорытындылары. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының трагедиясы. Индустрализациялау: сипаты, қарқыны, маштабы. Қоғамыдық саяси ситуация.



9 тақырып. Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы отан соғысы дәуірінде

Фашистік Германияның КСРО-ға шабуылы. Соғыстың басталуы, оның сипаты. Қазақстан фашистік Германияның жоспарларында. Қазақстандықтар майданда. Қазақстанның адам және экономикалық ресурстарын жауға соққы беруге мобилизациялау. Майданға бүкілхалықтық көмек. Партизандық және Еуропадағы қарсыласу қозғалыстарына қазақстандықтардың қатысуы.



10 тақырып. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдары (1946-1953 жж.). Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.)

Республикадағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ситуация. Экономиканы бейбіт өмірне лайық қайта құру. Қазақстан территориясында ядролық полигондардың салынуы. Саяси репрессияның жалғасуы. Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру. Өнеркәсіп пен транспорттың дамуы. Қоғамдық-саяси өмірдегі «жылымық». Ғылым мен мәдениеттің дамуы.



11 тақырып. Қазақстан 1960 ж-1980 жж.

Әміршіл-әкімшіл жүйенің кемшіліктерінің көбеюі. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының экстенсивті сипаты. Экономиканы реформалаудағы сәтсіздіктер. Одақтық халық шаруашылығы комплексінде Қазақстан ролінің арта түсуі. Өмір сүру сапасын стагнациялау. Экологиялық ситуацияның шиеленісуі. Ғылым, білім, мәдениет.



12 тақырып. Қазақстандағы «Қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.)

Қайт ақұру саясатының негізгі кезеңдері және олардың сипаттамасы. 1986 ж. Алматыдағы желтоқсандағы демонстрация. Формальді емес бірлестіктер құру әрекеттері. КСРО-ның ыдырау қарсаңындағы жүйелі дағдарыстың шиеленісуі. .



13 тақырып. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы

Қазақстан тәуелсіздік жолында. Республикада Президенттік қызмет орнын құру. Қазақ ССР-нің егемендігі туралы Декларация. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Тәуелсіз мемлекеттер достығының құрылуы. .



14 тақырып. ҚР мемлекетттік құрылысы.ҚР экономикалық дамуы

Н.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі стратегиясының қалыптасыу және дамуы» еңбегі. ҚР символдарын: Туын, Гербін, гимнін бекіту. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы. Бүкілхалықтық референдум, ҚР қазіргі Конституциясын қабылдау. Екі палаталы парламентті сайлау. Ел Президентінің Жолдауы. «Қазақстан - 2030». Астананы Алматыдан Астанаға көшіру.ҚР экономикалық дамуы.



15 тақырып. ҚР қоғамдық-саяси даму. Рухани даму. ҚР сыртқы саясаты

Қазақтардың дүниежүзілік тұңғыш құрылтайы. Қазақстан халықтарының форумы. Демократиялық процестердің дамуы. Рухани даму. Білім, ғылым жүйесіндегі реформалар. Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Астанады өткен тұңғыш съезі. ҚР сыртқы саясаты. Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы. Оның БҰҰ-на қабылдануы. Қазақстанның ЮНЕСКО, ЮНИЕСЕФ, ЭКОСОС халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы.



3.2 Тәжірибе сабақтарының тақырыптары мен сұрақтар тізбесі


  1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры.

  2. Қола және ерте көшпелілер дәуірі.

  3. Қазақстан сақ-сармат заманында.

  4. Орта ғасырлардағы Қазақстан.

  5. Қазақстан моңғол дәуірінде.

  6. Жаңа замандағы Қазақстан.

  7. Түріктердің дала өркениеті.

  8. Қазақ халқының тәуелсіздік пен мемлекеттілік дербестік үшін күресінің негізгі кезеңдері.

  9. Қазіргі заманғы Қазақстан.

  10. Тәуелсіз Қазақстан.

  11. Қазақстан Республикасы егемендігінің қалыптасу кезеңдері.

  12. Қазақстанның қазіргі дамуының негізгі маңызды бағыттары.

  13. Қазақстанның сыртқы экономикалық, сыртқы саяси байланыстары мен бастамаларының дамуы.

  14. Қазақстанның қазіргі ішкі және сыртқы саясаты.




    1. Өздік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары (СӨЖ)

1. Андроновтықтар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

2. Сақтар: саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті.

3. Үйсіндер мен қаңлылар. Дипломатияның бастауы.

4. Сюнну, Хунну, ғұндар.

5. Аттила-ғұндардың көсемі.

6. Қазақстанның ортағасырлардағы мәдениеті.

7. Ұлы Жібек жолы және түріктердің дала өркениті.

8. Қазақ хандығының мәдениеті (15-17 ғғ.).

9. Қазақ-жоңғар соғыстары.

10. «Ақтабан шұбырынды».

11. 15-17 ғғ. қазақтардың соғыс өнері.

12. Қазақстан – Ресей империясының отары.

13. Қазақстанның 18 ғ. мәдениеті.

14. Қазақстанның ХІХ ғ. мәдениеті.

15. Қазақстанның ХХ ғ. бас кезіндегі мәдениеті.

16. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы ұлттық-демократиялық, реформаторлық қозғалыстар.

17 . Қазақстанның дәстүрлі құрылымының бұзылуы.

18. Ұжымдастыру жылдарындағы қазақ ауылының трагедиясы.

19. тоталитарлық жүйенің Қазақстанда орнығу ерекшеліктері.

20. Қазақстанға халықтарды депортациялау.

21. Ұлы Отан соғысы: шығуы, қорытындылары, сабақтары.

22. Қазақстанның 1950-1980 жж. әлеуметтік-экономикалық дамуы.

23. Қазақстан М.С.Горбачев реформалары кезеңінде.

24. Қазақстандағы 1986 ж. желтоқсан оқиғасы және оның маңызы.

25. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалпына келуі: мәні мен маңызы.

26. Қазақстан тұңғыш Президентінің сайлаулары.

27. ҚР әлеуметтік-экономикалық реформалары.

28. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

29. Астана – егемен Қазақстан астанасы.

30. Қазақстан-2050 стратегиясы.
4 Әдебиет
Негізгі:


  1. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық / Б.Ғ. Аяғанның жалпы редакциясымен. – Алматы: «Раритет», 2010. – 448 бет.

2. Иллюстрированная история Казахстана: С древнейших времен до наших дней. В 4-х т. / Руководитель проекта, главный редактор Аяған Б.Ғ., доктор исторических наук, профессор. Авт.-сост. Жанайдаров О. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2004-2006.

3. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық. – Алматы: «Кітап», 2012. – 312 б.

4. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін: очерк. - Алматы : «Дәуір» баспасы, 1994. - 446 б.

5. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. – Алматы: «Атамұра», 1996-2010.

6. Қазақ мемлекеттiлiгiнiң тарихы (ежелгi және ортағасырлық кезең) / ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi; Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты.- Алматы: «Адамар» ЖШС, 2007.- 431 б.

7. Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері: Көмекші оқу құралы. - Алматы: «Өнер», 2003. - 551 б.


Қосымша:
8. Абдиров М. Завоевание Казахстана царской Россией (Из истории военно-казачьей колонизации края в конце XVI – начале XX вв.). – Астана: «Елорда», 2000. – 304 с.

9. Абылхожин Ж.Т. Традиционная структура Казахстана. – Алматы: «Ғылым», 1991. – 240 с.

10. Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине 16 века / АН КазССР; Ин-т истории, археологии и этнографии им. Ч.Валиханова.- Алма-Ата: Наука КазССР, 1985.- 104 с.

11. Аманжолова Д.А. На изломе. Алаш в этнополитической истории Казахстана. – Алматы: Издательский дом «Таймас» 2009. -412 с.

12. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. – Алматы: «Ғылым», 1995. – 296 с.

13. Аяган Б.Г. Апогей и закат советского социализма. Казахстанский полигон. Книга 1. Алматы, 1999. – 12 п.л.; Соныкі. Красные и черные. - Алматы, 2005 г. – 15 п.л.

14. Байтанаев Б.А., Потапов С.А., Грищенко А.Н. Боралдайдың петроглифтері /жауап. ред. К.М. Байпақов; Ә.Х.Марғұлан атын. Археология институты.- Алматы, 2007.- Pgtroglyphs of boralday: Петроглифы боралдая.- 112 б.

15. Бекмаханов Е. XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан. – Алма-Ата: «Қазақ университеті», 1992. – 400 б.

16. История Казахстана и Центральной Азии / Абусеитова М.Х., Абылхожин Ж.Б., Кляшторный С.Г. и др. - Алматы: «Білім», 2001. – 612 с.

17. Егемен Қазақстан тарихы: Тәуелсіздікке 20 жыл: Тарихи-құжаттық зерттеу / Құраст.: Б.Ғ. Аяған, Х.М. Әбжанов, Г.Р. Нұрымбетова / Б.Ғ. Аяғанның ред. – Алматы: «Раритет», 2011. – 400 б.

18. Қасымбаев Ж. Кенесары хан: Саясатшы және қолбасшы. - Алматы: «Қазақстан», 1993.- 112 б.

19. Қозыбаев М. Ақтандақтар ақиқаты. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 272 б.14. Соныкі. Қозыбаев М. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). - Алматы: «Дәуір», 1994. – 444 б.; Қозыбаев М.К.; Алдажұманов Қ.С., Əбілқожин Ж.Б. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру: қорлық пен зорлық. – Алматы: «Ғылым», 1992. – 32 б.

20. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. Бірінші том, Өнделіп, толықтырылган екінші басылымы. - Алматы: «Мектеп», 2008. - 480 б.; Соныкі. Сталинизм и репресии в Казахстане 1920-1940-х годов. – Алматы, 2009. – 448 с.

21. Конквест Роберт. Жатва скорби // Новый мир. – 1989. - № 10; Конквест Р. Жатва скорби. – Киев: «Лыбидь», 1993.

22. Құл-Мұхаммед М. Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежiресi. - Алматы: «Атамұра», 2000. - 240 б.

23. Нұрпейіс К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы: «Ататек», 1995. – 256 б.; Соныкі. Нұрпейісұлы К. Алаш ақиқаты.-Алматы: «Ан Арыс», 2010.- 424 б.

24. Мұқаметқанұлы Н. Тарихи зерттеулер: шежірелік деректер.- Алматы: «Жалын», 1994.- 143 б.; Соныкі. XVIІI - XX ғасырлардағы қазақ - қытай байланыстары: (18 ғасырдың 2-жартысы - 20 ғасырдың басы). Көмекші оқу құралы /Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі, Ғылым академиясы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты : жалпы ред. басқ. М. Қозыбаев.- Алматы: «Санат», 1996. - 127 б.

25. Салғараұлы Қ. Ұлы қағанат. - Астана: «Фолиант», 2008. - 549 б.

26. Тойнби, А.Дж. Исследование истории / Арнольд Тойнби; пер. С. анг. К.Я. Кожурина.-М.:АСТ:АСТ МОСКВА,2010.-1119, [1] с.

27. The History of Sovereign Kazakhstan: 20 Years of Independence. Historical and Documentary Survey / Editorial Board: Dr. Burkitbai Ayagan, Madina Anafinova (Ph.D.), Rafis Abazov (Ph.D.). Edited by Burkitbai Ayagan. – Almaty: «Rarity», 2011. - 400 p.



28. 1932-1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты – Правда о голоде 1932-1933 годов / Аяган Б.Ғ., Қыдыралина Ж.Ү., Ауанасова Ә. М., Қашқымбаев А.Н., Анафинова М.Л., Ілиясова К.М. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: ТОО «Литера-М», 2012. -336 б. + 16 б. жапсырма. – қазақша, орысша.
Каталог: kaf -> ikizs -> images -> UMKD
UMKD -> Пәннің/мамандықтың оқу-әдістемелік кешені
UMKD -> Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы «Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша 5В011400
kaf -> Судебник 1550 г. (Перевод В. Б. Цыганова)
kaf -> Гражданский кодекс
kaf -> Приложение Ж. Дюамель
UMKD -> Ф. 4-71 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы 5В011400 – «Тарих» мамандығы студенттеріне арналған «Қазіргі дәстүрлі емес діни ағымдар»
UMKD -> Ф. 4-72 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы «Мұражайтану және діни өнер»
UMKD -> Программа обучения по дисциплине Новая и новейшая история Азии и Африки Для специальности


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет