«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi



Дата19.06.2016
өлшемі110.94 Kb.
#148585

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2014 жылғы 16 шілде №201 қаулысымен бекітілді

«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен (бұдан әрі – лицензия) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не электрондық не қағаз тасымалдағышта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді бастау негізі – «Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 78 қаулысымен бекітілген «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар ұсыну немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратуы болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – отыз минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру және құжаттарды басшылыққа жауапты орындаушыны айқындау үшін жіберу;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады – алпыс минут. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны айқындау;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы лицензияны алған кезде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді – екі жұмыс күні. Нәтижесі – сауалды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – келісуші орган) жібереді немесе өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады. Қайта ресімделген лицензияны алған жағдайда ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді – екі жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын алғанда ұсынылған құжаттардың толықтығын бір жұмыс күні тексереді. Нәтижесі – нәтижені көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қою үшін жіберу;

4) келісуші орган лицензияны алу үшін ұсынылған құжаттарды қарайды – он жұмыс күн. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына өтініш берушінің ұсынылған талаптардың сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы жауап жібереді;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы – ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, лицензияны дайындайды – үш жұмыс күні, лицензияны қайта ресімдеу – бес жұмыс күні, лицензияның телнұсқасы – бір жұмыс күні немесе электрондық немесе қағаз тасымалдағышта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Нәтижесі – нәтижені көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қою үшін жіберу;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады– отыз минут. Нәтижесі – лицензияға, қайта рәсімделген лицензияға, лицензияның телнұсқасына не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;

7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға лицензия, қайта рәсімделген лицензия, лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді – отыз минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қоюы.



3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін

қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

4) келісуші орган.

7. Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсету арқылы, құрылымдық бөлімшелердің (қызметшілердің) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) кезектілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдайды, оларды тіркеуді іске асырады, көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді, құжаттарды басшылыққа бұрыштаманы қою үшін жібереді – отыз минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады, орындау үшін жауапты орындаушыны айқындайды – алпыс минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, сұранымды келісуші органға жібереді – екі жұмыс күн;

4) келісуші орган ұсынылған құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына өтініш берушінің ұсынылған талаптардың сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы жауап жібереді – он жұмыс күн;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, лицензияны дайындайды – үш жұмыс күні, лицензияны қайта ресімдейді – бес жұмыс күні, лицензияның телнұсқасы – бір жұмыс күні, не электрондық немесе қағаз тасымалдағышта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы, басшылыққа қол қою үшін жібереді.

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады, лицензияға, қайта рәсімделген лицензияға, лицензияның телнұсқасына не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – отыз минут;

7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға лицензия, қайта рәсімделген лицензияны, лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді – отыз минут.

8. Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.




4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде порталмен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі өтініш жасау тәртібінің және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролінің (Порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен Порталда тіркеуді жүзеге асырады;

2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызмет алушының Порталда қызметті алу үшін ЖСН/БСН және паролін (авторландыру үдерісі) енгізу үдерісі;

3) 1-шарт – Порталда тіркелген көрсетілген қызмет алушы туралы деректердің телнұсқалығын тексеру;

4) 2-үдеріс – Порталдың көрсетілетін қызмет алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

5) 3-үдеріс – қызмет алушының қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және құрылымдық және форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті беруші нысанын толтыру, деректерді енгізу, сұрату нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген, құжаттардың қажетті көшірмесін қоса беру, сондай-ақ көрсетілетін қызмет алушының сұратуды куәландыруы үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдап алуы;

6) 2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;

7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызмет алушы ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызмет берушінің сұратуды өңдеу үшін «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы (Е-лицензиялаудың мемлекеттік мәліметтер базасы авторландырылған жұмыс орны) көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұратуы) жолдау;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызмет берушінің көрсетілетін қызметті алушының қоса берген Стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және мына қызметтерді көрсету үшін негіздемені тексеру лицензия беру үшін - 9 жұмыс күнінен кешіктірмей, қайта ресімделген лицензия үшін – 6 жұмыс күнінен кешіктірмей, лицензияның телнұсқасын – 1 жұмыс күнінен кешіктірмей, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызмет алушының Порталда қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанында хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысының және басшысының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.

10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттері осы Регламенттің қосымшасына сәйкес диаграммамен келтірілген.

«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау),

пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi

(улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен

қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру,

қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша

«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi



(улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру,

қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы


А. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы









Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады – 60 минут

Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, келісуші органға сауал жолдайды – 2 жұмыс күні

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдайды және тіркейді – 30 минут

Ұсынылған құжаттарды қарайды – 10 жұмыс күні







Лицензияны – 3 жұмыс күні, қайта ресімделген лицензияны - 5 жұмыс күні, лицензия телнұсқасын – 2 жұмыс күні дайындайды




Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті берушіге дайын нәтиже береді – 30 минут




Лицензияға, қайта ресімделген лицензияға, лицензияның телнұсқасына қол қояды - 30 минут








- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-әрекетінің) және (немесе) ҚФБ

атауы;
- келесі рәсімге (іс-әрекетке) өту



Б. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде



Көрсетілетін қызметті алушының деректерін растау және көрсетілетін қызметті таңдау туралы хабарлама құрады


Көрсетілетін қызметті таңдайды және электрондық түрдегі қажетті құжаттарды тіркеп, сауал деректерін құрады және сауалды куәландыру (қол қою) және оның дұрыстығын растау үшін ЭЦҚ таңдау


ЭЦҚ арқылы сауалды куәландыру (қол қою)


Өтінішті тіркеу

(түскен күні – 2 минут)




Көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің қойылған талаптарға сәйкестігін қарау

(лицензия беру үшін – 9 жұмыс күнінен кешіктірмей, лицензияны қайта ресімдеу үшін- 6 жұмыс күніне кешіктірмей, лицензия телнұсқасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауап – 1 жұмыс күнінен кешіктірмей)












Көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарлама құрады




Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі лицензияны, қайта ресімделген лицензияны, лицензияның телнұсқасын беру


Порталда қуаттау


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ЭЦҚ-мен көрсетілген қызмет нәтижесіне қол қояды






Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты бас тарту туралы хабарлама құрады


Көрсетілетін қызметті беруші электрондық құжат түріндегі лицензияны, қайта ресімделген лицензияны, лицензияның телнұсқасын порталға жібереді

(Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қараған соң 4 сағат ішінде).

ішінде).







Шартты белгілер:







- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы






- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-әрекетінің) және (немесе) ҚФБ атауы






- таңдау нұсқасы




- келесі рәсімге (іс-әрекетке) өту





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет